Өндірісті кеңейту инвестициясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Курстық жұмыс
Тақырып:
Орындаған:
Тексерген:
Алматы - 2005
Жоспар:
Кіріспе
Кіріспе 4
1. Инвестициялық қызметтің мәні, түрлері, принциптері және жобасы. 6
2 Қазақстандағы инвестициялық климат 20
3 Кәсіпорындардың шетел инвестициясымен қызмет жасауы. 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер: 29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына
да, он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса
жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде тындырған
ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа
Жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр.
Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы
азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың
басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамыздың кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар,
зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке
негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын
тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік
кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар
жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.
Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық
серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып,
әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі
бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін
беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық
әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға
кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Сондықтан да кәсіпорындар жауыннан
кейінгі қыр құлақтай қаптап өсіп келеді. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде
тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай,
мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер
атқаруда.
Жалпы инвестиция деп – экономиканың әртүрлі сфераларына сақталу
және оның артуы мақсатымен салынатын ұзақ мерзімді капитал қоры. Яғни осы
салынатын капитал қоры кәсіпорында қандай қызмет атқарады, қандай орын
алады деген сұрақтар елді мазалайтын сұрақтардың бірі деуге болады. Ал енді
жалпы кәсіпорын дегеніміз – белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа
қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің
нәтижелілігі – өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана
емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемімен (негізгі және өндірістік
айналым қорлары), басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік
саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.
Енді өзіміз оқитын Қаржы пәнде осы курстық жұмыстың тақырыбының
қандай маңызы бар деген сұраққа келсек, онда осы кәсіпорында қаржы қандай
орын алады, қаржы болмайтын болса онда кәсіпорынның ашылуы мүмкін емес,
яғни өнім өндірілмейді, себебі оны өндіретін шикізат жоқ. Ал шикізат алу
үшін қаражат керек. Сондықтан, қаржының алатын орны ерекше, орасан зор.
Сол себептен мен жалпы Кәсіпорынның инвестициялық қызметі туралы
бұл курстық жұмысты таңдадым. Яғни бұл курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі
экономиканың өсуімен тікелей байланысты деп айтып кетсе де болады. Мен бұл
курстық жұмысты үш бөлімге бөліп қарастырдым, бірінші бөлімде –
инвестициялық қызметтің мәнін, түрлерін, приинциптерін, жобасын ашып
көрсеттім, екінші бөлімде – Қазақстандағы инвестициялық климат, ал үшінші
бөлімде – шетел тәжірибесінен алған көріністері. Курстық жұмысты осы үш
бөлімге бөлу арқылы сан-қырлы түсініктерін ашуға тырыстым.
1. Инвестициялық қызметтің мәні, түрлері, принциптері және жобасы.
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы
қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу
мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция
деп атайды.
Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады.
Материалдық-заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және
өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және тағы басқалар,
сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге,
материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған,
ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-
заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге
жұмсалады.
Инвестиция - алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік
және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-
материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға,
тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым
немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) – бұл қарапайым және өндіріс
қаражаттарын қалпына келтіру ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры,
машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды,
олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның
дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі
техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтануға
және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестициясы деп атайды. Ол –
негізгі капиталдың (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталған. Жалпы
инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі –
амортизация. Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын
өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдың қаржы жұмсау
негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру,
қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске
асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар,
олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім,
денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы
салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген
техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің
ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында
инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді
факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс
істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс
қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын
арттыратын және нарықта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал
салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық
стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны
үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға
келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, жалпы түрде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік
салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар,
жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген
басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және
әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында
шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал
экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға, кеңейтуге,
қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруғы, сол сияқты
айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығындар
деп түсінуге болады. Шынын айтқанда, тауар – материалдық босалқы қорлардың
өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын
түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау
процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге
жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге
жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі
жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни
инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ
мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың
түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және
аннуитеттік болып бөлінеді:
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік каитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімдігі есебінде өз
өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы
капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне
және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға
капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты
(түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол
сиқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
капитал салымын қаржыландыру;
инвестициялау объектілерін анықтау;
аталғандардың орындалуын бақылау.
Нақты инвестиция – қайта құру немесе барлық кәсіпорындарды техникамен
қамтамасыз етілуі және де акция сатып алуға және мемлекеттің, басқа
кәсіпорынның, инвестициялық қордың бағалы қағаздарына қаржылық
(портфельдік) қор жұмсау. Бірінші жағдайда қаржы салатын кәсіпорын-
инвестор, өзінің өндірістік капиталын арттырады, яғни негізгі өндірістік
қорларын және қызметі үшін қажет өндірістік қаржыларын. Екінші жағдайда
инвестор дивидент алу арқылы - бағалы қағаздардан түсім алып, өзінің
қаржылық капиталын арттырады. Жаңа өндіріс құру үшін салған қаражаттары
арқасында, олардың инвестициялық жобасына қаржы құралдарын қатыстыру үшін
акция шығаратын жаңа кәсіпорындар мен ұйымдар пайда болады.
Тура және жанама инвестициялар – ҚР-ң Мемлекеттің тура
инвистицияларын қолдауы туралы Заңында тура инвестициялар – ҚР-ң егемендік
кепілдік беруіне байланысты және ҚР қамтамасыз ететін грант немесе ресми
техникалық көмектерге кіретін барлық инвестициялар. Жанама инвестициялар –
портфельдік қор, басқаша айтқанда, бағалы қағаздардың немесе бағалы
мүліктер жиынтығы. Мысалы, инвестор әр фирма шығарған диверсификацияланған
бағалы қағаздар жиынтығын көрсететін қайтарым қорынан акция сатып алуы
мүмкін. Инвестор компаниядан бөлек алынған активтерге емес, бағалы
қағаздардың қарыз портфелінің талаптарына көнеді.
Инвестицияның басқа формасы болып: мүлік құқығы, жер учаскілерінің
пайда болуы, лицензияны өндірістік жеке меншік құқығына беру, өндірістік
секторлар, жаңа технологияларға куәлік, пайдалы модельдер және өндірістік
үлгілер, тауар белгілері фирмалардың аттары, өндірістік технологияларға
және өнімге сертификаттар, жерді пайдалану құқығы және тағы да басқалар
болып табылады.
Инвестицияның негізгі түрлері. Фирманың ең негізгі қызмет ету сферасы
инвестициялық операциялар болып табылады, яғни бір жылдық периодты
өсіретін, фирманың пайдасын қамтамасыз ететін, қаржы қорларының жобасын
іске асыратын операция.
Коммерциялық тұрғыда инвестицияның келесідей түрлерін ажыратады:
физикалық активтегі инвестициялар;
ақша активіндегі инвестициялар;
материалдық емес активтегі инвестициялар.
Физикалық активтер: өндірістік мекемелер мен ғимараттар, сонымен қатар
мерзімі бір жылдан жоғары жабдықтар және машиналар, өндірісте қолданылатын
немесе өтімділігі бар әр түрлі мүліктер жатады.
Ақша активтер басқа физикалық және заңды тұлғалардан ақша сомасын алу
құқығы. Олар банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, кепіл
және тағы да басқалар.
Материалдық емес активтер қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату,
тауар белгілерін жасау, қажетті модельдерге және өндірістік үлгілерге
куәлік, өндірістік жеке меншікке лицензия құқығын беру, өндірістің
технологиясына және өніміне сертификаттар, сонымен қатар жерді пайдалану
құқығы және тағы да басқа бағдарламаларды фирманың жүргізуі арқылы алынған
бағалылығы болып табылады.
Нақты активтегі инвестиция біліктілігі. Нақты активтегі инвестицияның
анализі және дайындығы - оның қай жерден екенін білу, яғни олардың
көмегімен кәсіпорын алдында тұрған қандай тапсырманы орындауға болады. Осы
айқындамалармен барлық инвестицияны келесі түрлерге бөлуге болады:
Тиімділіктің өсу инвестициясы. Олардың мақсаты – қызметкерлерді оқыту
немесе өндірістік күштерді қолайлы өндірістік талаптары бар аймақтарға
көшіру, жабдықтарды ауыстыру кезіндегі фирманың шығындарын төмендету болып
табылады.
Өндірісті кеңейту инвестициясы. Бұл инвестицияның тапсырмасы, бар
өндірістің аймағындағы нарықтың қалыптасуы үшін тауарды шығару
мүмкіндіктерін кеңейту.
Жаңа өндіріс құру инвестициясы. Мұндай инвестициялар жаңа
кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді. Басқа кәсіпорындарда жоқ
тауарларды өндіреді (немесе жаңа қызмет көрсетеді).
Мемлекеттік органдарының басқармаларын қанағаттандыру мақсатындағы
инвестиция. Бұл инвестицияның әртүрлілігі, егер кәсіпорын өкіметтің
экологиялық стандарттары, өнімдерінің қауіпсіздігі, тек менеджментті
жетілдіру кезіндегі басқа да қызметтерінің шарты қамтамасыз етілмеген
жағдайда керек болады.
Инвестицияның осындай топтарға бөлінуі тәуекелдік деңгейіне себеп
болады. Инвестицияның түрлері және тәуекелдік деңгейінің байланысын келесі
кестемен көрсетуге болады:
3 түрі 2 түрі 1 түрі 4 түрі
Жаңа өндіріс құру Өндіріс Мемлекеттік
инвестициясы шешімдерінің Тиімділікті өсіру органдарның
инвестициясы инвестициясы талаптарын
қанағаттандыру
мақсатындағы
инвестиция
Тәуекелдіктің жоғары деңгейі
Тәуекелдіктің
төмен деңгейі
Бұл инвестиция түрлері және тәуекелдік деңгейінің байланысы мынамен
анықталады: инвестиция аяқталғаннан кейінгі кәсіпорын жұмысының нәтижесінің
өзгеруіндегі нарық әсерінің қауіпсіздік деңгейімен.
Толық ғылыми-техникалық және өндірістік айналымдар (ғылым – техника -
өндіріс) және олардың элементтері (кезеңдері): ғылыми зерттеулер, жобалық-
құрылымдық жұмыстар, жұмыс істейтін кәсіпорындардың кеңеюі және қайта
құрылуы, жаңа өндірістің өнімі немесе жаңа өнім шығару және тағы басқалар
сияқты инвестициялауға;
жаңа техника мен озық технологияны пайдаланудың нақты көрсеткіштері;
нарық өзгерістері, баға, валюта курсы;
- өндіріске табиғи жағдайлардың әсері (климат, ауа райы,
жердің байлығы және т.б.).
Инвестицияның объектілері:
жобаның масштабы (мегожоба, мультижоба, моножоба);
жобаның бағытталуы (коммерциялық, әлеуметтік, мемлекет
қызығушылықтарымен байланысты және т.б);
инвестициялық айналымдардың сипаты және мазмұны (барлық өмірлік
циклдың кезеңдері немесе тек қана бөлек кезеңдері);
мемлекет қатысуының сипаты және деңгейі (мемлекеттік капитал қорлары,
акция пакеті, салық жеңілдіктері, кепілдік берулер, қатысудың басқа да
түрлері).
Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара
байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын
мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады
және басқарылады.
Мысалы:
халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;
нарыққа өту және нарық үлгілерін жасау;
сондай-ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту
бағдарламалары.
Бағдарламалар:
халықаралық;
салалық;
салааралық;
аймақтық болуы мүмкін.
Мегожобалар мына ерекшеліктермен қамтамасыз етілген:
жоғары бағалылықпен – 1 млрд доллар және одан жоғары;
капитал сыйымдылығымен – осындай жобадағы қаржы құралдарын
пайдаланушылар, кәсіпорынның консорциум күшімен қаржыландырудың дәстүрлі
емес (акционелік, аралас) формаларын талап етеді.
еңбек сыйымдылығы – сағатына жобалауға 25 млн. адам, сағатына
құрылысқа 15-20 млн. адам;
іске асыру ұзақтығы – 5-7 және одан да жоғары жыл;
басқа мемлекеттердің араласу қажеттілігі; іске асыру аймағының
алшақтауы, соның ізімен инфрақұрылымға қосымша шығындар;
әлеуметтік және экономикалық ортаға аймақтың әсері, тіпті мемлкет
толығымен.
Мультижоба – ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын
жоба.
Моножоба – бұл нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
техникалық;
ұйымдық;
экологиялық;
әлеуметтік жобалар.
Кәсіпорынның өндіріс-шаруашылық қызметінің негізгі бір жағы өзінің
өндіріс-экономикалық потенциалының сақталуы және дамуы болып табылады.
Осындай бағыттағы кәсіпорынның қызметі инвестициялық қызмет деп аталады. ҚР-
ң Тура инвестицияны мемлекеттің қолдауы туралы Заңында инвестициялық
қызмет дегеніміз - инвестицияның құрылу процесімен байланысты кәсіпкердің
қызметі.
Инвестициялық қызметтердің субъектісі болып инвестор (инвестициялық
қызметтерді тудыратын заңды тұлға), тапсырыс берушілер, жұмысты
орындаушылар, инвестициялық қызметтің объектісін қолданушылар, сонымен
қатар жеткізіп берушілер және де инвестициялық процеске қатысатын тұлғалар.
Инвестициялық қызметтердің субъектісі жеке және заңды тұлға, соның ішінде
шетелдік, сонымен қатар мемлекеттік және халықаралық ұйымдар бола алады.
Инвестициялық қызметтің объектісін қолданушылары инвесторлар, сонымен
қатар басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық
органдар, инвестициялық қызметтің объектісі құрылатын шетел мелекеттері
және халықаралық ұйымдар болып табылады.
Инвестициялық қызметтің субъектісі, инвестицияның практикалық қайта
құрылуы кезіндегі инвестициялық сферада қызмет жасайды.
Инвестициялық сфералар өзіне мыналарды кіріктіреді:
капитал құрылысының сферасы, яғни негізгі және айналым өндірістік
қорларының салаларына инвестицияны салу;
инновациялық сфера, яғни ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалдық
потенциал құрылады;
қаржылық капиталының қатысу сферасы (әр түрлі формадағы ақшалық,
ссудалық және қаржы міндеттемелері).
ҚР-ң кәсіпорынның инвестициялық қызметі мына Заңдармен реттеледі:
Тура инвестицияны мемлкеттің қолдауы туралы, Заңды күші бар ҚР-ң
Президентінің Жарлығына толықтырулар және өзгерістер туралы, Бюджеттегі
салықтық және басқа да міндетті төлемдер туралы, Шетел инвестициялары
туралы, сонымен қатар Банкроттық туралы, Бағалы қағаздар нарығы
туралы, ҚР-ғы инвестициялық қорлары туралы және басқа да нормативті
актілермен.
Дисконттау коэффициенті. Бүгінгі ақша бірлігі болашақтаға құнына
енгізіледі, ол мына формула бойынша анықталады:
Kд=1(1+k)п
К – ақша құнының өзгеру қарқыны;
П – инвестициялау процесі басталған жыл;
к – несиенің проценттік ставкасы, ставка 10 проценттен аспауы қажет.
Инвестициялық принциптер:
салым қаржысын әрбір бірлігіне келетін пайданың артып отыруы;
инвестициялау тәуекелін (төмендету) азайту;
шығынды өтеу мерзімін есепке алу.
Инвестициялық шығынның өтелуі - бұл салынған қаржыны қайтару мерзімі.
Қаржы салымдарының шығынды өтеу мерзімі мемлекеттің инвестициялық саясатына
тікелей байланысты.
Инвестициялық саясат – бұл халық шаруашылығын дамыту мақсатында
қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін экономика
өрістерінде капитал салымдарын пайдаланудың негізгі бағыттарын сипаттайтын
ұстаным.
Шығынды өтеу мерзімі – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz