Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны:
Кіріспе
Мазмұны: 1
Инвестициялық саясаттың жалпы сипаты
Мазмұны: 1. 1
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері
Мазмұны: 1. 2
Инвестициялардың жіктелуі
Мазмұны: 1. 3
Инвестициялық институттар мен шетел инвестицияларды тарту ерекшеліктері
Мазмұны: 2
Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу барысындағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың ерекшеліктері
Мазмұны: 2. 1
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Мазмұны: 2. 2
ҚР инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері
Мазмұны: 2. 3
Инвестициялық климат, шетел капиталы мен инвестицияларын тарту факторы ретінде
Мазмұны: 3
Инвестицияларды тартудағы проблемалар және оның шешу жолдары
Мазмұны:
Қорытынды
Мазмұны:
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты - тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.

Осы мақсатқа жету жолында:

  • инвестицияның жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу;
  • инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау;
  • экономикалық саясат либерализациясының ұлғаюымен ынталандырылатын, технологиялық процесс пен бәсекенің қозғаушы күші болатын глобализация кезінде бүгінгі әлемдік инвестициялардың түр-сипатын анықтау;
  • Қазақстан Республикасында инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін анықтау
  • Жағымды инвестициялық саясат жүргізудегі инвестицияларды институттардың жиынтық жұмысына шолу жасау;
  • Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды қарастырып, анализ жасау.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттағы басты мақсаты - ұлттық мүдделерін сақтай отырып шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру мен шетелдік және отандық инвестицияларды экономиканың басым салаларына тарту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсаттан туындайтын Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және «қоржындық» инвестицияларды тарту болып келді. Қазақстан шетелдік инвесторларға күрделі қаржылардың, технологиялардың, басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасалуына жол бермеуге тиіс.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Мұнда негізінен, инвестицияның теориялық мағынасын ашып, оның негізгі түрлеріне және түрлі авторлардың инвестицияға беретін ұғымдарын, классификациясы дифференцияланған. Сонымен қатар инвестициялық іс-әрекетті орындаушы институттардың түрі және олардың негізгі функциялары айтылған. Екінші бөлім де үш тараудан тұрады. Бұл тарауда Қазақстандағы инвестициялардың орнын, саясатының негізгі тұстары ашылған. Жекелегенде Қазақстандағы инвестициялардың қаржылық көздерін анықтап, соның ішінде зор мәнге ие шетел инвестицияларының елге тартылуының ерекшеліктері мен проблемалары қарастырылған.

1 Инвестициялық саясаттың жалпы сипаты

  1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері

«Инвестиция» термині экономикалық сөздіктерде жаңа термин болып саналады. Бұрынғы экономикалық ғылымда негізгі фондтар бойынша жұмсалған біруақыттағы шығындар болып саналған «капитал салымы» ұғымы кең қолданыс тапқан.

«Инвестиция» термині нарықтық экономикаға өту барысында пайда болды, алайда экономиалық әдебиеттерде бірыңғай ұғымын тапқан жоқ.

Инвестициялаудың бір көзі - шетел капиталы болғандықтан, оның түсінігін ашу үшін әртүрлі авторлардың берген анықтамаларына қысқаша тоқталған жөн.

Күнделікті өмірде кез келген салымдар инвестиция ретінде түсініліп келеді. «Приватизациялау және инвестициялаудың портфелі» атты жинақтың авторы былай деп жазады: «Инвестиция ұғымы қысқа немесе ұзақ уақытта пайда табу мақсатында қаржы ресурстарының әртүрлі активтерге салынумен байланысты құбылыстарға қолданылады. Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері болатын активтердің болмысына байланысты инвестициялардың материалды активтерге немесе реалды капитал және материалдық активтерге емес салынатын түрлері ажыратылады».

Шетел авторлары да бұндай нақты емес және жалпы анықтама береді: «Инвестициялар (салымдар) өте кең таралған - деп жазады Й. Ворет және П. Ревентшоу. - Тұрмыстық деңгейде инвестициялар жайлы акция немесе облигациялар сатып алған жағдайда айтылады. Ал кәсіпорындарда қаржы машиналар мен ҒТП-ке инвестицияланады».

«Шетел инвестициялары жайлы» отандық заңда былай делінген: «Инвестициялар - бұл барлық мүліктік игіліктер мен оларға деген құқық, сонымен қатар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілеріне инвесторлардың салатын интеллектуалды меншікке деген құқығы. Алайда, экономикалық көзқараста интеллектуалды меншікке деген құқық материалды байлықты көбейтумен тікелей байланысты емес. Бұл жерде меншікке деген заңды акт жайлы немесе меншіке құқығын беру жайлы сөз етіліп отыр.

Нақтырақ анықтама «Инвестициялық-қаржылық портфель» кітабында берілген: «Инвестициялар - капиталды қайта қалпына келтіруге (қолдауға, кеңейтуге) бағытталған қаржы көздерінің шығыны».

Кейнс инвестициялық процесті былай сипаттайды: «Инвестициялар - бұл белгілі бір уақыттағы өнеркәсіптік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын ағымдағы капитал құндылығының өсімшесі, немесе белгілі уақыттағы табыстың пайдаланылмаған бөлігі.

Фельзенбаумның айтуынша: «Инвестицияларды «капитал салымы» ұғымына жақын реалды инвестициялар деп және «қаржылық» (портфельді) инвестициялар, яғни акция, облигацияларға және де басқа құнды қағаздарға салынған салымдар, деп бөлуге болады».

М. Т. Оспанова мен Т. И. Мухамбетовтардың пікірінше, инвестиция ұғымының анықтамасын белгілеуде олардың тек құрылымдық жағына ғана емес, сонымен қатар, олардың мақсаттылық бағытына назар аудару қажет. Бұл көзқарас бойынша инвестициялар жалпы ұлттық өнімді өндіруге шығындалатын табыстың маңызды бөлігін құрайды және өнеркәсіп тиімділігін жаңа заманауи технологиялар мен материалдар енгізу арқылы кеңейту мен жаңартуға кететін шығындар арқылы сипатталады.

Бұндай көзқарасты В. В. Бочаров та ұстанады: «Инвестицияларды статика да емес, динамикада, яғни меншік формаларының ауысып олардың берілген бір уақыттағы инвестициялық іс-әрекеттің соңғы өніміне айналу процесінде қарастырған жөн». Басқа сөзбен айтқанда, инвестициялар - бұл берілген бір уақыттағы тұтынуға қолданылмайтын табыстың бөлігі. Осындай түсінікте инвестициялар салудан табыс алғанға дейінгі ауысу тізбегін көрсетеді.

Инвестицияларға жататындар:

- қаржы көздері, банктік салымдар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;

- жылжыйтын және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, және басқа да материалды игіліктер) ;

- авторлық құқықтар, жерді қолдану құқығы;

- меншіктік құқытар, тәжірибе және басқа да интеллектуалды игіліктер;

Инвестициялаудың негізгі объектілері:

- жаңа құрылып жатқан, реконструкторланып жатқан және кеңейтіліп жатқан негізгі фондтар және де барлық шаруашылықтағы айналым көздері;

- бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т. б. ) ;

- қаржылық салымдар;

- ғылыми-техникалық өнім және басқа да меншік объектілері;

- меншік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы;

Инвестициялық іс-әрекет заңды және жеке тұлғалардың, ал мемлекет көлемінде инвестицяларды жүзеге асыру және инвестициялық процестің сәтті орындалуына бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы.

Ресурстарды салу мен табыс немесе әлеуметтік эффект алу процестердің неғұрлым тиімді үйлесуі инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі негізінде жүзеге асуы керек (бұл әсіресе нарықтық экономика жағдайында актуальді)

Нарықтық экономикаға дейінгі әкімшіл-әміршіл экономика кезінде инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес болу шартын елемегендіктен, инвестициялық процестің экономикалық тиімділігінің төмендеуіне, шығындарға әкелген бітпеген құрылыс көлемінің өсуі, капитал салымдары көлемінің бекерге жұмсалуын туғызды.

Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық сұраныстың 2 түрі ажыратылады:

  1. потенциалды сұраныс;
  2. нақты сұраныс;

Потенциалды сұраныс, кей кезде оны формальді деп атайды , инвестициондық потенциал, яғни болашақ инвестициялауға ниет болып табылады. Сұраныстың бұл түрі әдетте жеке және заңды тұлғалардың берілген бір уақыт мерзімдегі табысты иелене тұрғандағы оны қорлану мен көбеюге жұмсауға қызығушылығы тумаған жағдайларда пайда болады.

Инвестициялық сұраныстың екінші түрі, нақты сұраныс инвестициялық іс-әрекеттің субъектілерінің нақты реализациясын сипаттайды. Ол инвестициялық тауарлар нарығында капитал ұсынысы формасында әрекет етеді. Инвестициялық ұсынысқа жаңа негізгі фондтарды құру, оларды реконструкциялау, кеңейту және техникалық қайта жабдықтау, айналым көздері, бағалы қағаздар және басқа да меншік түрлері жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері нарықта капиталға деген сұранысты бейнелесе, ал субъектілері инвестициялық сұраныс пен ұсынысты бейнелейді.

Инвестициялық іс-әрекеттің субъектілері мыналар:

- инвесторлар;

- атқарушылар;

- инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін пайдаланушылар;

- қаржыландырушы және несиелендіруші банктер;

- Қазақстанның және сонымен қатар, шетелдердің жеке және заңды тұлғалары;

Инвестициялық іс-әрекеттің субъектілері инвестициялардың практикалық реализациясы жүретін инвестициялық сферада әлдеқайда айқын әрекет етеді.

Инвестициялық сфераның құрамына мыналар кіреді:

  1. Капиталды құрылыс сферасы;
  2. Ғылыми-техникалық өнім мен интеллектуалды потенциал жүзеге асатын инвестициялық сфера;
  3. Қаржы капитал айналымының сферасы;
  4. Инвестициялық іс-әрекеттің субъектілерінің мүліктік құқығы жүзеге асатын сфера;

Инвестициялық іс-әрекеттің барлық қатысушылары ішінен негізгі үшеуін бөліп көрсетуге болады:

  1. Инвесторлар;
  2. Атқарушылар;
  3. Қаржыландырушы және несиелендіруші банк;

Инвесторлар мен атқарушылар арасындағы қарым-қатынас екі жақ арасындағы жасалған келісім-шарт негізінде жүреді. Осы келісім-шартта жақтардың міндеттері айқындалады.

Келісім-шартта көрсетілген шарттарды орындамау мүліктік және басқа да міндеткерліктерді туғызады.

Банктер мен инвестициялық іс-әрекетке қатысушылар арасындағы қарым-қатынас екі жақты қалыптасады:

  1. Егер банк кредитор болса, онда кредиттік келісім-шарт негізінде;
  2. Егер банк кредитор болмай, қызмет көрсету бойынша агент болса, Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік іс-әрекет» Заңы негізінде;

Мемлекеттік секторда инвестициялық іс-әрекеттің қатысушылары арасындағы қарым-қатынас құрылысты қаржыландыру және несиелендіру Ережелері және келісім-шарт Ережелері арқылы реттеледі.

Сурет 1- Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері

1. 2. Инвестициялардың жіктелуі

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  1. инвестициялардың түрлері;
  2. ақша құралдарын салу объектілері;
  3. инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  4. инвестицияландыру кезеңі;
  5. меншік түрлері;
  6. инвестордың қатысу түрлері;
  7. тәуекел дәрежесі;
  8. ұдайы өндіріс түрлері.

1 Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:

- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді падалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау” емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2 Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:

- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;

- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаларға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.

3 Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулеге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарды портфельдік деп те атайды.

4 Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ;

- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтығы бір жылдан көп.

5 Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

6 Инвестордың қатысу түріне байланысты:

- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ;

- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;

- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;

- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

7 Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;

- тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т. б. ) . Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:

  • барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
  • жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
  • барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.

8 Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:

- жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;

- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорныдардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;

- шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;

- техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

1. 3 Инвестициялық институттар мен шетел инвестицияларды тарту ерекшеліктері

Инвестициялық институттар мен олардың негізгі функциялары.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыратын компаниялар, фирмалар, корпорациялар, фондтар, банктар мен басқа да субъектілер инвестициялық институттар деп аталады.

Бұл институттар құрамында салыстырмалы шектелген объектілерге тура инвестициялар салатын 3 топты ажыратып көрсетуге болады:

  1. Холдингтік компаниялар типтес акционерлік қоғамдар;
  2. Қаржылық топтар;
  3. Қаржылық компаниялар.

Акционерлік қоғам өз капитал есебінен басқа субъектілердің акциялық пакетін олардың үстінен заңды және экономикалық бостандықтарын сақтай отырып бақылаушылық, қаржы-несиелік және басқа функцияларды орнату мақсатында сатып алады. Ол әдетте, кәсіпорындардың реттеуші акция пакеттерін иеленген қаржылық топтар үшін бас басқарушы ұйым болып табылады және реттеушілік функциялар бойынша маманданады.

Бұл акционерлік қоғам ұзақ мерзімдегі перспективада өзінің жағдайын тұрақтандыру мақсатын көздей отырып, кейде тіпті қысқамерзімдік пайдадан бас тарта инвестициялауды іске асырады.

Қарастырылып отырған АҚ жүйесі бір орталық басшылығына стратегиялық шешім қабылдауды біріктіреді.

Біріктірудің негізгі міндеттері бүкіл жүйе және жеке салалар іс-әрекетін бағыттау, бақылау және олардың пайдасын оптимизациялауға жету, барлық деңгейлердегі басқару құрылымын жетілдіру болып табылады. Бұлардың барлығы бүкіл өндірістік цикл тиімділігін, соның ішінде инвестициялық процестің үрдісін жетілдіруге ықпал етеді.

Қаржылық топ акционерлік қоғамнан оның бас ұйымының болмауымен, ал қаржылық компаниялар өзі қаржыландыратын корпорациялардың бақылаушы акциялар пакетін иеленбеуімен ерекшеленеді. Ал қалған функциялары бірдей деп айтуға болады.

Аталған үш инвестициялық институттардан басқа инвестициялау объектілерінің қандай да бір айқын (шектелген) жиынтығымен басшылық етпейтін институттар да бар. Оларға өз капиталын соңғы инвесторлар салымдары негізінде құратын инвестициялық компанияларды, инвестициялық зейнетақы, сақтандыру және басқа да қорларды жатқызуға болады.

Жоғарыда аталған инвестициялық компаниялар инвестициялық іс-әрекетін өздерінің қаржы көздері есебінен және бағалы қағазадар шығару, сонымен қатар, оларды орналастыруына кепілдік арқылы жүргізеді.

Инвестициялық институттар ретінде аталған қорлар инвесторлардың қаржылық құралдарының мобилизациялауы, және олардың (қаржылардың) қор атынан бағалы қағаздарға салым салынуы, сонымен қатар, белгілі жағдайларға байлансты банктерге инвестиция салынуы арқылы әрекет етеді.

Бұл қорлар өз алдарына халықтың құралдарымен жұмыс істейді. Осылай олар акционерлік қоғам формасын алады. Қорлардың уставында келесілер көрсетілуі тиіс:

- операциялардың жасалу тәртібі;

- мобилизацияланған құралдар салымдарының нақты бағыттары;

- қордың банктермен қарым-қатынасы

- басқару аппараты мен әкімшіліктің қордың акционерлері алдындағы жауапкершілік шарттары;

- активтер құнының есептеуінің бекітілген ережелері және т. б.

Инвестициялық институттар тек арнайы ицензия алғаннан кейін және келесі талаптар орындалған кезде ғана бағалы қағаздар нарығында өмір сүре алады:

- штатта сәйкес квалификацияланған мамандардың (сәйкес аттестаты бар) болуы;

- инвесторлар алдындағы материалды жауапкершілігін атқару үшінөзіндік капиталдың минималды көлемінің болуы;

- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды дәл және де нақты көрсететін есептеу мен есеп беру жүйесінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

Бұл бөлімнің басында айтылғандай, инвестициялық институттарға инвестициялық жобаларды қаржыландыратын банктер де жатады. Бұлардың ірілерін халықаралық масштабта қарастыруға көшейік. Бұл инвестициялық институттарға жататындар:

- Әлемдік Банк;

- Халықаралық валюта қоры;

- Еуропалық реконструкция және даму банкі;

- Азиалық даму банкі;

Әлемдік банк пен Халықаралық валюта қоры 1944 жылы американдық Беттон-Вудсе қаласында өткен БҰҰ-ның валюталық-қаржылық конференциясының шешімімен ұйымдастырылған болатын. Ал олардың қазіргі кездегі штаб-квартиралары Вашингтонда орналасқан. Олар, негізінен, мүшелері болып табылатын елдердің (олардың қатарында Қазақстан да бар) экономикасын кеңейту мен нығайту сұрақтарына көп көңіл бөледі.

Әлемдік банкті құрудағы басты мақсат екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шеккен елдерге ұзақуақытты инвестициялардың халықаралық ағымын қамтамасыз ету арқылы көмек көрсету болатын. Алайда осыған байланысты инвестор ретінде халықаралық жеке капитал өз орныны ала бастады. Ал Әлемдік банк өзінің алғашқы рөлінен кетіп, дамушы елдерді инвестициялайтын дүниежүзіндегі бірінші банк болды.

Қазіргі кезде Әлемдік банк халықаралық қаржылық-кредиттік ұйым болып табылады және де инвестициялық институт ретінде елдердің экономикалық дамуына қолдау көрсетеді (соның ішінде Қазақстанға) . Оған дәлел, банк 2005 жылдың маусымының санағы бойынша Қазақстан Республикасының экономикасына 1 миллиард 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестициялар бөлінген болатын.

Әлемдік банктің негізгі құрылымдық бөлімдері:

- Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ) ;

- Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) . ХРДБ мен ХДА, өз алдына, заңды және қаржылық қатынаста дербес организациялар болып табылады (Вашингтонда орналасқан) ;

- Қаржылық-заңды дербестігі бар, бірақ Әлемдік банк құрамына кіретін Халықаралық қаржылық корпорациясы дамушы елдердегі жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруын ұйымдастыруымен айналысады.

- Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық;

- Халықаралық инвестициялық кепілдендірілген агенттігі (ХИКА) .

Жалпы алғанда, Әлемдік банктің дүниежүзінде 40-тан астам бөлімшелері бар.

Қазіргі кездегі өзінің іс-әрекетінде Әлемдік банк келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Инвестициялардың экономикалық мәні
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Инвестиция және оны қаржыландыру
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Қалдықты дивиденд саясаты
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz