Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Мазмұны
Кіріспе 2
I бөлім. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні
және құрылымы 5
1.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 5
1.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 9
1.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 12
II бөлім. Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары.
Инвестицияны жүргізу тәртібі және есебі 15
2.1. Банктің инвестициялық қызметі мен саясаты 15
2.2. Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері 16
2.3. Еншілес ассоциациаланған компаниялардың капиталына салынған
инвестициялар есебі 19
III бөлім. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың даму
перспективасы 21
3.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 21
3.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі
тенденциялары 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында болатын қатал бәсекелестік күресте,
табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың
мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне
тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті кейде бизнестің
қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету,
көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен
қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға,
нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл
және анық болуына жауапты болып келеді.
Инвестицияны дамытуда ерекше рольді кәсіпорындарды қаржыландыруға және
ұзақ мерзімге несие беруге мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік
пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен
айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың
экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың
кұйылуына жағдай жасайды.
Қаржылык инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валюта курсының
проценттік ставкаларының өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тартудың қиындықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен
байланысты болып келеді. Сонымен қатар табиғат зілзалалары мен саяси
тәуекелдіктер болатынын да инвесторлардың ескергені абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланылатын объектіні кажет зерделенулерден өткізгеннен кейін барып
жүзеге асуы керек. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы
тәуекелдіктерді төмендете алады
Қазіргі кезде ішкі институционалды инвесторлардың инвестициялық
әлеуметінің тұрақты өсуімен шартталған құнды қағаздар нарығының тартымды
құралдардың аса үлкен тапшылығы байқалып отыр. Институционалды инвесторлар
үшін тартымды құралдардың тапшылығын тудырушы факторлардың бірі болып А
категориясы бойынша, әсіресе эмитенттері болып көп жағдайда банк танылатын
акциялар бойынша, Қазақстандық қор биржасының ресми тізімінің негізгі
эмитенттерімен бірге қаржы нарығының қатысушыларының жоғары аффиляция
деңгейі табылады. Маңызды мәселе болып Қазақстандық акциялар мен
облигациялардың инвестициялық тартымдылығын көтеру табылады. Оның
шеңберінде ұжымдық басқару нормаларының сақталуына, шағын акционерлердің
құқықтары мен мүдделерін қорғау ұстанымдарын нығайтуға, акционерлік
қоғамдардағы төлеу тәртібін нығайтуға, құнды қағаздар бойынша салық салуды
жетілдіруге үлкен көңіл бөлінеді.
Тақырыптың өзектілігі – Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңде
болғандықтан, көптеген мамандардың айтуынша мемлекеттік реттеуді
қазіргі кезеңге қарағанда күшейтуден туындайды. Инвестиция – экономикалық
дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейді.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының инвестициялық
жағдайын бағалау және Қазақстан Республикасының инвестициялық
саясатына баға беру.
Берілген тақырыптың өзектілігіне қатысты келесіде берілген
міндеттер анықталды:
- соңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
үрдістерді мемлекеттік реттеуден өткізу;
- соңғы кезең бойынша Қазақстан Республикасына келген инвестициялық
ағымдарға талдау жасау;
- инвестициялық жобаларды мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша
себептері мен болашағын зерттеу.
Жұмыстың құрылымы – негізгі қойылған мақсат пен одан барып
шыққан міндеттерге негізделіп берілген жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Бірінші бөлімде шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу
бойынша Қазақстан Республикасының заң шығарушы актілері, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің бағдарламалары және басқа да бірқатар құжаттар
қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасына келген инвестициялық
ағымдарға, Қазақстан Республикасына келіп түскен шетел инвестицияларын
реттеуге талдау жасалған.
Үшінші бөлімде инвестиция саласындағы мәселелер мен
оларды шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі – жұмыстың негізгі дерек
көзі ретінде Қазақстан Республикасының заң шығару актілері,
статистикалық материалдар, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері, оқу-
әдістемелік құралдары пайдаланылды.

және құрылымы
1.1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері
Инвестициялар – мүліктің барлық түрі (жеке сұранысты
қанағаттандыратын тауарлардан басқа). Оның ішіне лизинг нысандары,
сонымен бірге заңды тұлғаның жарғылық капиталына құюшы инвестордың
құқықтары және де кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді өсіру
құқықтары кіреді.
Инвестициялық қызмет деп – заңды және жеке тұлғалардың коммерциялық
жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген
активтерді өсіруге қатысу бойынша қызметтерін атаймыз. Инвестициялық
преференция Қазақстан Республикасының заң шығаруына сәйкес инвестициялық
жобаны іске асырушы ҚР заңды тұлғаларына берілетін мекен-жайлық
сипаттағы жеңілдіктер болып табылады.
Инвестициялық жоба деп – істегі өндірістерді кеңейту мен жаңартуға
және жаңаларды құруға инвестицияларды қарастыратын шаралар кешенін
атаймыз.
Инвестициялар мемлекеттік грант түрінде болуы да мүмкін. Мемлекеттік
грант деп біз Қазақстан Республикасының жеке меншігі болып, Қазақстан
Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін
жерді пайдалануға берілетін мүлікті айтамыз.
Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заң шығаруы
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да нормативтік құжаттарға
негізделеді. Атаулы заң келесіде берілгендермен байланысты қатынастарды
реттемейді:
– мемлекеттік бюджеттен алынған қаражаттармен инвестицияны іске
асыру;
– коммерциялық емес ұйымдарға, соның ішінде білім беру,
қайырылымдық, ғылыми және діни ұйымдарға, капиталды енгізу.
Инвестиция бұл кем дегенде екі жақтың: кәсіпкер (жобаны іске
ұсынушы) және инвестор (жобаны қаржыландырушы) арасындағы қарым-қатынас
болып табылады. Жобаның нәтижелі және жемісті болуы екі жақтың неғұрлым
тіл табысуына байланысты. Экономикалық жүйелері терең дамыған елдердің
инвестицияны жоспарлау мен талдауда айтарлықтай тәжірибелерін есепке
ала отырып, оған немқұрайлы қарау дұрыс болмас еді. Бүгінгі таңда барлық
елдерге ортақ қолданылып келе жатқан инвестициялық жобаларының тиімділігін
бағалау критерийлері мен жоспарлау әдістері әр түрлі мемлекеттердің
инвесторлары мен кәсіпкерлері арасындағы түсіністікті қамтамасыз ету
құралы болып табылады. Ондайларға UNIDO, Дүниежүзілік банк немесе
Қайта құру және дамудың Европалық банкі сияқты беделді халықаралық
ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін
жатқызуға болады. Олардың барлығының да ортақ ерекшелігі ретінде ақша
ағымдарын талдау әдісі негізінде құрылған инвестициялық анализдің
классикалық ұстанымдарына негізделетінін танимыз. Сонымен бірге қоршаған
экономикалық ортаны сипаттайтын факторлардың ықпал етулерінің нәтижесі
болып табылатын ақша ағымдарын қалыптастыру ерекшеліктері ескерілуі
тиіс.
Барлық инвестицияларды негізгі екі топқа бөлуге болады:
– портфельдік
– капитал құрушы (нақты)
Портфельдік инвестициялар – жобалар тобына (мысалы түрлі
кәсіпорындардың құнды қағаздарын сатып алу) капитал салу. Портфельдік
инвестициялар жасау кезінде инвестордың негізгі міндеті, әдетте, қор
нарығындағы құнды қағаздарды сатып алу және сату операциялары арқылы
жүргізілетін инвестициялық портфельді қалыптастру мен оны басқару болып
табылады. Сонымен, портфельдік инвестициялар қысқа мерзімді қаржы
операциялары болып табылады.
Нақты инвестициялар ұзақ мерзімді жобаға құйылып, нақты активтерді
сатып алумен байланысты болып келеді. Инвестицияларды топтауда түрлі әдіс-
тәсілдерді қарастыруға болады.
Мүлік инвестициясы (материалдық инвестиция).
Атаулы инвестициялар ретінде өндірістік үрдіске тікелей қатысатын
инвестицияларды атаймыз. Мысалы, құрал-жабдық инвестициясы, ғимарат
инвестициясы, материалдар қоры инвестициясы т.б.
Қаржы инвестициялары.
Атаулы инвестициялар қаржы мүлігіне ақша салынымын, басқа фирманың
ісіне араласу құқықтары мен қарыз құқықтарын иеленуді қарастырады.
Материалдық емес инвестициялар.
Аталған инвестиция материалдық емес құндылықтарға жасалады.
Ондайларға кадрларды даярлау, зерттеулер мен жасап шығаруларға жасалған,
жарнамаларға жасалған инвестицияларды жатқызамыз. Сонымен бірге оған
жобаны негіздеуге жасалған инвестициялар (бастапқы инвестициялар) немесе
кәсіпорынды сатып алу немесе құру кезінде жасалатын нетто-
инвестициялар және де кеңейту мақсаттағы өндірістік әлеуетті өсіруге
бағытталатын инвестициялар жатқызылады.
Реинвестициялар, яғни бос инвестициялық қаражаттарды қайта
байластыру. Оларға келесілерді жатқызуға болады:
– ауыстыру инвестициясы нәтижесінде қолдағы немесе істегі нысаналар
қайтадан жаңаға ауыстырылады;
– технологиялық құрал-жабдықтарды немесе үрдістерді жаңалауға
бағытталған инвестициялар;
– шығару бағдарламаларын өзгертуге бағытталған инвестициялар;
– өнім номенклатурасының өзгеруімен, өнімнің жаңа түрлерін жасап
шығару мен өткізудің жаңа нарығын ұйымдастыруымен байланысты
диверсификацияға жасалатын инвестициялар;
– болашақта кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында
НИОКР-ге, кадрларды дайындауға, жарнамаға, қоршаған ортаны
қорғауға бағытталатын инвестициялар. Нетто-инвестиция мен
реинвестициядан тұратын брутто-инвестициялар.
Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің
ресурстарын орналастыруға бағытталған актив операцияларының жиынтығы.
Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу
мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп – негізгі капиталға жүмсаған
қаражаттарды да айтуға болады.
Банктің инвестициялық қызметі, инвестициялық саясат көмегімен жүзеге
асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін
біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне
инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Инвестициялар туралы шешім қабылдау басқару міндеттерінің бірден-бір
маңызды және күрделісі болып табылады. Сонымен бірге инвестор
мүдделері саласында қоршаған әлеуметтік-экономикалық ортадан бастап,
инфляция көрсеткіштері, салық жағдайлары, нарықтың даму қарқыны
мен болашағы, өндірістік қуаттардың, материалдық қорлардың бар болуы
және жобаны қаржыландыру стратегиясымен аяқтап, кәсіпорынның экономикалық
қызметінің барлық аспектілері кіреді.
1.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі
Шетел инвестициялары капиталдың халықаралық қозғалыс нысандары ішінде
басты рөл атқаруда. Тауарлық өндірістің әлемдік нарық деңгейінен әлемдік
шаруашылық деңгейіне өту кезеңінде тауардың халықаралық айналымы ғана
жүрмей, сонымен бірге сол тауарды өндіру факторларының айналымы, яғни
капиталдың инвестициялар түріндегі айналымы жүреді. Егер капиталдың импорты
туралы мәліметтерді қабылдайтын елдер бойынша оны тарату көрсеткіштерімен
үйлестірсе, онда тікелей шетел инвестицияларының үш полюсті глобалды
құрылымы пайда болады: Америка Құрама Штаттары, Еуропа бірлестігі және
Жапония. Бұл үштік бүкіл инвестициялардың импорт және экспорттың көлемінің
45 құрайды.
АҚШ капиталдың ең ірі импортері болып саналады. Ал еуропалық
Бірлестікте интеграция деңгейі ішкі аймақтық тікелей инвестициялар
негізінде ұлғайды, ал бүкіл аймақ бойынша капиталдың ең ірі экспортері
ретінде жұмыс атқара бастады. Жапонияның инвестицияларды шығарудың жоғары
ұлғаю деңгейі байқалуда, сәйкесінше ол әлемде сыртқы экономика саласына
жағымды әсер етеді. Сол уақытта бар мәліметтерге сәйкес Азия елдері
(Жапониядан басқа). Жақын жылдарда батыс еуропа елдерін тікелей шетел
инвестицияларын ынталандыру көлемі бойынша бір қадам алдыда жүруде.
Эксперттердің көз қарасы бойынша шетелдерге капиталды салудың ең
перспективті әдістерінің бірі болып өндірістік шығындарды азайту емес,
шетел нарығына енуді ұлғайту саналады.
Бұл үштіктің ішінде капиталдың белсенді қиылысуы жүреді. Екі жақтың
келісімімен жүргізілетін сауда әлемдік саудаға қарағанда белсенді
жүргізілуде. Аталған әдістерге қарамастан, дамыған елдер, соның ішінде
индустриалды елдер шетел инвестицияларын енгізу үшін жақсы жерлер болып
саналмайды. Бірақ олардың рөлі маңызды және салмақты болып келеді жәңе де
ол біршама дамуда. 34 салынған инвестициялар көлемі өндірісі дамыған
елдерде жүреді, ал 14 – дамыған елдерде. Ал жаңа инвестициялар ағымының
қатынасы келесідей: өндірісі дамыған елдерде 35 ал дамыған елдерде 25.
Қазақстанға тоқталсақ тікелей шетел инвестициялардың орташа соммасы 4
млрд. құрайды. Ал ол әлемдік деңгейде жылдық ағымның 0,25 % құрайды.
Тікелей шетел инвестицияларға шет елде меншікті бастапқы сатып алу, сонымен
бірге кәсіпорын мен инвестор арасындағы жүргізілетін мәмілелер жатады.
Тікелей инвестиция құрамына келесілер кіреді:
• компаниялардың шет елге меншікті капиталын салу – филиалдардың
капиталы және еншілес және ассоциацияланған компаниялардың
акцияларының бөлігі;
• пайданы қайта инвестициялау – тікелей инвестордың кәсіпорынның кірісі
мен шетел инвестициялардан бөлік, ал ол дивиденттер түрінде
таратылмаған және тікелей инвесторға аударылмаған;
• капиталдың ішкі корпорациялық аударудың несие және қарыз нысанында бір
жағынан тікелей инвестордың болуы, ал екінші жағынан – еншілес,
ассоциацияланған компаниялар және филиалдардың болуы.
Бірақ елдердің барлығы өзінің статистикасында тікелей инвестицияларды
осылай жіктемейді. Мысалға, Жапония пайданы қайта инвестициялауды тікелей
инвестиция деп қарамайды.
Негізінен капиталды экспорттау субъектілері болып шетел
инвестициялары бар кәсіпорындар және де тікелей инвесторлар табылады. Шетел
инвестициялары бар кәсіпорын акционерлік немесе акционерлік қоғам табылады.
Бұл жағдайда тікелей инвестордың – басқа елдің резидентіне 10 % дан жоғары
қарапайым акциялар мен дауыстары (акционерлік қоғамда) немесе олардың
эквивалиенті (акционерлік емес қоғамда) болуы керек.
Шетел инвестициалары бар кәсіпорын келесідей нысандарда болады:
▪ еншілес компания – бұл жағдайда кәсіпорында резидент емес инвестор
50 % дан жоғары капиталға ие болады;
▪ ассоциацияланған компания – бұл жағдайда кәсіпорында резидент емес
инвестор 50 % дан төмен капиталға ие болады;
▪ филиал – тікелей инвестордың кәсіпорынның түгелімен ие болуы.
Тікелей инвесторлард санына қаржылық мекемелер тобы кіреді (банктер,
инвестициялық, сақтандыру және басқа да өндірістік емес компаниялар). Олар
қаржылық нарықта делдалдар ретінде жұмыс атқарады және тікелей
инвестициялар жүргізеді. Сонымен қатар олар ұзақ мерзімді қарыз
міндеттемелерінің пайда болуымен және шетел компанияларының негізгі
капиталының бөлігін және акцияларды сатып алумен байланысты банктердің
мәмілелері саналатын тікелей инвестицияларды жүргізуге құқығы бар.Банктік
аядағы депозиттер және бақа да қарапайым активті және пассивті операциялар
портфельді немесе басқадай инвестицияларды айтуға болады.Егер белгілі бір
кезең ішінде инвестор шетел кәсіпорында капиталдың өзінің бөлігін ұлғайтты,
мысалы, портфельді инвестиция болып саналатын 5 % пайыздан 10 % пайызға
дейін өсуі. Бұл кезде шет елден капиталдың жаңа ағымы ғана тікелей
инвестиция саналады.
Елдер тобы бойынша жылдық тікелей шетел инвестициялар статистикасы
(млрд. доллар)
1995 1998 2001 2004
Барлығы Экспорт 137 238.5 188 205.5
Импорт 126.9 206.3 173.3 197.3
Дамыған Экспорт 133.9 228.3 179.9 210.3
елдер
Импорт 113.2 174.6 103.2 156.6
Даму Экспорт 3.1 10.2 8.1 7.2
үстіндегі
елдер
Импорт 13.7 31.7 70.1 81.9
1.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі
Экономикалық инвестиция саласындағы мемлекеттің рөлі бірқатар
факторлармен анықталады. Оларға біз келесіні жатқыза аламыз: нарықтық
қатынастардың деңгейі, экономикалық жағдайдың ерекшеліктері, ұлттық
дамуға қатысты қойылған мақсаттардың сипаты және т.б.
Қазіргі кездегі экономикалық саясаттың негізгі мақсатын іске
асыру – қазақстандық экономиканың тұрақты өсуіне көшіру – инвестициялық
белсенділікті ынталандаруды алғы мәселелердің қатарына қойып отыр.
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикадағы инвестициялық қызметті
белсендіру тек жан-жақты, тиімді жасалып шығарылған мемлекеттің
инвестициялық саясаттың нәтижесінде ғана болуы мүмкін.
Қазақстан экономикасының инвестиция саласындағы мәселелер
айтарлықтай деңгейде қалыптаспаған нарық механизмі, дамудағы мемлекеттің
маңызының төмендету жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің
нашарлануымен байланысты. Нақты секторды көтеруді қамтамасыз ету үшін
сыртқы және ішкі ақша ағымдарын тиімді нарықтық басқарудың болмауы
қазіргі кезде инвестициялық қызметке қатысты мемлекеттік реттеуді
күшейтуді қажет етеді.
Сонымен бірге экономиканың қалыптасқан жағдайларын есепке ала
отырудың негізінде қалыптасқан нарық талаптарына пайдалануға
шығарылған мемлекеттік экономикалық тұжырымдамаларының ұсыныстарын
қолдану саралауды қажет етеді.
Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу, белгілі теориялық
тұжырымдарға сүйенеді. Батыстың экономикалық тәжірибесінде негізгі
экономикалық реттеу тұжырымдамалар ретінде инвестициялық үрдісті
мемлекеттік реттеудің түрлі әдістерін қамтитын кейнсиандық пен монетаризм
қолданылады. Сонымен қатар кейнсиандық теорияны жақтаушылар басты
назарын экономикалық өсу мақсаттарына жетіге қойса, монетаризмді
қолдаушылар ақша айналымының, баға деңгейінің және валюта
бағыттарының тұрақталуына аударады.
Кейнсиандық доктринаға сәйкес инвестициялық сұраныс жалпы ұлттық
өнімнің динамикасын анықтайтын басты құраушы болып табылады. Жеке меншік
инвестициялық сұраныс үнемі өзгерісте болып тұрады. Ол келесі
факторлармен шартталады:
1) жиналым және инвестиция субъектілері түрлі негізде жиналым және
инвестиция туралы шешімдер қабылдаушы топтар ретінде болуы;
2) инвестицияны қаржыландарудың негізгі көзі болып тек қана ағымдағы
жиналымдар емес, сонымен бірге жеке қожалықтардағы жеке жиналымдар,
несиелік ұйымдардың ақша қаражаттарының эмиссиясы да болуы мүмкін.
Осыған орай кейнсиандық тұжырымдама жеке қожалықтардағы жеке
жиналымдары мен коммерциялық банктердің несиелерінің өзгеруі жағдайында
инвестициялар мен жиналым көлемдері арсындағы үзілуді қарастырады.
Жеке сұраныстың өзгермелілігі экономикалық тұрақсыздығын тудырады да,
мемлекеттің іске араласуын қажет етеді.
Кейнсиандық тұжырымдама моделінің логикасы келесіден тұрады. Ең
алдымен, жорамалданып отырған ақша көлемінде, айналымда, несиелік
мөлшерлеме бекітілді делік. Кейнсиандық ұсыныс хаттарына сәйкес
инвестицияны ынталандыру мақсатында мемлекет ақша ұсыныстарын
көбейтеді. Сақталып отырған ақшаға деген сұраныс кезінде нарық
атаулы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz