Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Инвестицияның жiктелуi және оның есебінің міндеті 5
1.1. Инвестиция ұғымы 5
1.2. Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі 6
2-тарау. Инвестиция және оның функционалдық белгілері. 15
2.1. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар. 15
2.2. Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат 22
2.3. Инвесторлар кеңесiнiң кезектi мәжiлiсi 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық
ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері
қоғамның алға дамуының анықтаушы факторы болып есептелiнедi. Сонымен қатар
еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының
Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау
механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы
тапшылығын жауып отыр.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Бүгінгі күні, Республикада Мемлекеттік шектеулік саясаты нәтижесінде
макроэкономикалық тепе-теңдікке жетеміз, - деп айтуға болады. Мемлекеттің
экономикалық саясатының белгіленген деңгейіне жету барысында реформалардың
келесі кезеңі ұсынылып отыр. Бұл – экономикалық өсудің және құрылымдық
өзгерістердің кезеңі болмақ. Осы кезең Қазақстан халқына жіберілген
Мемлекет Президентінің жолдауында 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді ең маңызды
мақсаты болып белгіленген, яғни “Экономикалық өсудің” іске асатын тұрақты
және өсімді қарқындарына жету ретінде (Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан – 2030)
үлкен маңыз беріліп отыр. "Қазақстан — 2030" Стратегиясында мемлекеттің
ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі ретінде шетелдік инвестициялары мен ішкі
салымдар деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өрлеу жатқызылған. Шетелдік инвестицияларды тартудың ең мықты қозғаушы күші
— әділ әкімшілікпен жүзеге асырылатын анық, тиімді және қатал сақталатын
заңдары бар ашық та либералды инвестициялық саясат екені құжатта ерекше
көрсетілген. Мұндай саясатты қалыптастыру негізгі мақсат болу керек,
өйткені тез арада экономикалық өсу мен жаңартуға (модернизацияға) шетелдік
капиталдар, технологиялар және тәжірибе болмаса Қазақстанның қол жеткізуі
мүмкін емес. Бұған Республикамыздың сыртқы саяси мақсаттарының бірі ретінде
әлем шаруашылығы жүйесіне үйлесімді түрде ену, әлемдік экономика жүйесінде
өзіне лайықты орнын табу және оны басу болып табылатынын қоса айтып кету
керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында шетелдік инвестицияларды
тартудың орны ерекше. Сонымен, Республикамыздың экономикалық өсуі шетелдік
инвестицияларға тікелей байланысты. Сондықтан дұрыс қалыптастырылған
инвестициялық саясат, оның бағдарларын нақты айқындау және тиесілі құқықтық
қамсыздандыру мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.
Менің курстық жұмысым инвестициялар туралы. Осы жұмыста инвестициялар
ұғымы, оның мәні мен маңызы, Қазақстанда қалыптасып отырған инвестициялық
саясат, инвестициялық климат және т.б. экономикалық тұрғыдағы тұжырымдар
қарастырылады. Және бір айта кететін жағдай ол менің назарымның көбінесе
шетелдік инвестицияларға ауғаны болып отыр. Себебіә шетелдік
инвестициялардың жалпы көлемі отандық инвестициялардан көп жоғары болып
отыр. Тек өткен жылы ғана ішкі инвестициялар көлемі жағынан шетелдік
инвестициядан асып түсті. Соған байланысты көбінесе шетелдік инвестицияға
жоғары мән бердім.
1-тарау. Инвестицияның жiктелуi және оның есебінің міндеті
1.1. Инвестиция ұғымы
Инвестициялар ретінде, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарына және экономиканың басқа салаларына капиталды салу нысанында
жүзеге асатын шығындардың жиынтығы деп түсінуге болады. Инвестициялық
қызметтің негізгі мақсаты кәсіпкерлік табыс немесе пайыз (%) алу болып
табылады.
Инвестициялардың көзі жаңадан жасалған құн немесе, басқаша айтқанда,
таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар)
оны өзінің табысынан (яғни өзін-өзі қаржыландару) және капиталдар нарығынан
(тартылған қаражаттар) шоғырландырады. Негізгі капиталды жаңартуға
инвестициялардың көзі амортизациялық аударымдар болып танылады.
Басқаша айтар болсақ инвестиция (лат.investio — киіндіремін) кез
келген сөздікте капиталды экономиканың салаларына өз елінде немесе шетелде
салуын айтады. Осыған орай инвестицияларды шетелдік (сыртқы) және отандық
(ішкі) деп те жіктейді.
Инвестициялар – экономика дамуының жоғары және тұрақты қарқынын
қамтамасыз етудің, ғылыми–техникалық прогрестің жетістіктерін енгізудің,
инфрақұрылымның дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономика салаларын көтеру және дамытуда
шетелдік инвестициялардың маңызы зор.
1.2. Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі
"Инвестициялар" деген ұғым ағылшын тілінен аударғанда "капитал салу"
деген мағына береді. Көп авторлардың. айтуы бойынша бұл терминдер орыс
тілінде синоним ретінде (яғни бір мағынадағы сөздер ретінде) қарастырылады.
Қазақ тілінде де, дәл осындай түсінік қалыптасқан.
Экономикалық әдебиеттерде "капитал салу" (капиталдық шығындар) ұғымы
жаңа кәсіпорындарды құру, істеп тұрған кәсіпорындардың қайта құрылуына,
кеңейтілуіне және техникалық қайта жабдықталуына (өндірістік капиталдық
шығындар), тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық шығындар) жұмсалатын қаржы құралдары ретінде
айқындалады".
"Инвестициялар" ұғымының кеңірек түсінігі "Қазақстан Республикасындағы
шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу" монографиясында берілген. Бірақ,
біздің ойымызша, "инвестициялар" мен "капитал салу" ұғымдарының нақты
түсінігін ресейлік ғалым В.М.Шумилов анықтаған. Бұл түсінік осы ұғымдарды
нақты айыруға мүмкіндік береді. В.М. Шумиловтың айтуы бойынша "капитал
салу" ұғымы өндірістің негізгі құралдарына ғана салым жасау (негізгі
капиталға салым), ал "инвестициялар" - кез келген экономикалық объектілер
мен процестерге, яғни өндіріс құралдарына, запастарға, резервтерге,
ақпараттық ресурстарға, құнды қағаздарға және т.б. салым жасау ретінде
түсіндіріледі.
Сонымен, доктринадағы (ғылымдағы) осы анықтамаға сүйенсек
"инвестициялар" ұғымы өз көлемі бойынша "капитал салу" ұғымына қарағанда
кеңірек деген нәтижеге келеміз, өйткені капитал салудың өзі
инвестициялардың бір түрі. Бұл тұжырымға қосымша дәлелді 1997 жылға дейін
әрекет еткен ҚазКСР-дағы инвестициялық қызмет туралы заңның 1 бабынан да (1
тармақ) таба аламыз. Осы бапта "негізгі қорларды қайта өндіруге жіберілетін
инвестициялар капитал салу нысанында жүзеге асырыла алады" делінген.
Қазақстанның заңдары бойынша шетелдік инвестициялар түсінігі келесі
актілерде берілген - 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы Шетелдік инвестициялар
туралы ҚР Заңында, 1997 жылдың 28 ақпанындағы Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы ҚР Заңында, 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы
Валюталық реттеу туралы ҚР Заңында. ҚР шетелдік инвестициялар туралы
Заңының 1-ші бабында "инвестицияларды" "табыс табу мақсатында кәсіпкерлік
қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллеклуалдық құндылықтардың
барлық түрлері" (оның ішінде жылжыйтын және жылжымайтын мүлік пен мүліктік
құқықтар, затты ұстап қалу құқы және импортталатын және өңделместен
өткізілуге арналған тауарлардан басқаларын есептемегенде өзгелері де,
акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа түрлері;
инвестицияларға қатысты шарттар бойынша ақша сомаларын, тауарларды, қызмет
көрсету түрлері мен кез келген басқа да орындау актілерін талап ету;
интеллектуалдық қызмет нәтижелерін иелену құқы, оның ішінде авторлық
құқықтар, патенттер, тауарлық белгілер, өндірістік белгілер, технологиялық
процестер, ноу-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, құрастырушылық және
технологиялық жобалау құжаттамаларын иелену құқы; лицензияға негізделген
немесе басқа нысанда мемлекеттік органмен берілген қызметті жүзеге асыруға
кез келген құқық) деп анықтаған. Осы ережеге сүйеніп заңда шетелдік
инвестициялар "Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жарғылық қорына
қатысу сондай-ақ қабылданатын шешімдерін шетелдік инвесторлар айқындай
алатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қарыз (несие) беру, және
Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында белгіленген шарттар
бойынша лизинг затын беру нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар"
ретінде анықталады. Келтіріліп отырған анықтамада шетелдік инвестицияларды
жүзеге асырудың нысандары нақты айқындалған - 1) Қазақстан Республикасы
заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу; 2) қабылданатын шешімдерін
шетелдік инвесторлар айқындай алатын Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына қарыз (несие) беру; 3) лизинг туралы заңдарға сәйкес лизинг
заттарын беру.
Сонымен шетелдік инвестициялар дегеніміз - пайда (табыс) табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне инвесторлар салатын, заттың-
мүліктің барлық түрі мен оларға құқығы, сондай-ақ интеллектуалдық меншіктік
құқықтар.
Қазақстанның экономикалық-құқықтық болмысында жаңа құбылыс ретінде
лизинг, ең алдымен, қазақстандық кәсіпорындардың техникалық құралдарын және
жабдықтарын шетелдік ғылым және техниканың алдыңғы қатардағы
жетістіктерімен жаңартуға арналған.
Сонымен, лизинг институты арқылы Қазақстанның инвестициялық заңдары
әрі қарай дамуға тағы бір мүмкіндік алды.
Шетелдік инвестициялар туралы Заң мұндай инвестициялардың екі түрін
белгілейді - тікелей инвестициялар, яғни "Қазақстан Республикасының жаңадан
құрылған және әрекет ету үстіндегі заңды тұлғаларға шетелдік инвестормен
жасалатын ннвестициялар, егер де шетелдік инвесторлар мұндай заңды
тұлғалармен қабылданатын шешімдерге әсерін тигізе алатын болса" және
портфельдік инвестициялар - шетелдік инвесторлармен жүзеге асырылатын
инвестициялардың барлық басқа түрлері.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Занда тікелей
инвестициялардың анықтамасы нақтыланады. Осы Заңның 2-ші бабына сәйкес
тікелей инвестициялар дегеніміз "Қазақстан Республикасының мемлекетінің
кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан Республикасына ресми техникалық
көмек немесе гранттар ретінде берілген инвестицияларды есептемегенде
қазақстандық заңды тұлғаның негізгі құралдарына (негізгі капиталына)
инвестормен (заңның мағынасы бойынша ол - шетелдік, те отандықта инвестор
болуы мүмкін) жасалатын салымдардың барлық түрлері".
Егер жоғарырақ көрсетілген ережелерге сүйенсек, тікелей инвестициялар
деп "тар" мағынадағы (тек экономикалық мағынадағы) капитал салуды
түсінуіміз керек. Яғни, мұндай жағдайда тікелей инвестицияларға
кәсіпорындардың айналымдағы құралдарына салынатын салымдар жатпайды. Ал,
шетелдік инвестициялардың негізгі капиталға айналымдағы капиталға да
салыыуы мүмкін екенін ескерсек бұл анықтаманы әлі де жетілдіру қажеттігі
сөзсіз түсінікті болады.
Сонымен, Республикамыздың экономикалық өсімі шетелдік
инвестициялардың, оның ішінде тікелей инвестициялардың, тартылуына
байланыстырылып отырған кезде, негізгі ұғымның нақты болмауы құқық
тұрғысынан теріс салдарға әкеліп соғуы мүмкін.
Шетелдік инвестициялар туралы Заңда "инвестициялау" деп "табыс (пайда)
табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне шетелдік инвестициялар
салуды жүзеге асыруға байланысты қызмет" түсініледі (1 бап).
Бұған қоса, Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңда
"инвестициялық қызмет" түсінігі қолданылады және ол "инвестицияларды жүзеге
асыру процесіне байланысты кәсіпкерлік қызмет" ретінде түсіндіріледі
(Заңның 2-ші бабы). Соңында, "инвестор" түсінігі туралы айтып кетейік.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заң "инвестор" ұғымын
инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке не заңды тұлға ретінде
айқындайды.
Шетелдік инвестицияларды тарту кезінде инвестициядардың құқықтық
режиміне байланысты сауалдар және осыған қатысты инвестициялық климат
түсінігі ерекше маңызды болып табылады. "Инвестициялық климат" түсінігі
құқық категориясы болмаса да, құқықтық әдебиеттерде, баспасөзде және
мемлекетгің бағдарламалык құжаттарында жиі пайдаланылатын ұғым.
Инвестициялық климат дегеніміз "капиталды салу кезіндегі нақты шарттар
(жайттар) жиынтығы, осы шарттардың шетелдік инвесторлармен қабылдануы, яғни
инвестордың белгілі бір елде капитал салу кезінде есепке алатын жағдайдың
жағымдылық деңгейіне қатысты барлық нәрсе". Инвестициялық климатқа әсер
ететін факторларды - саяси, экономикалық және әлеуметтік - деп бөлуге
болады. Саяси фахторларға шетелдік инвестицияларға қатысты мемлекеттік
саясатгы, халықаралық келісім-шарттарды сақтау дәстүрін, шетелдік мүлікті
мемлекет меншігіне айналдыру тәжірибесін, мемлекеттік институттардың
тұрақтылығын, саяси биліктің мирасқорлығын, экономикаға мемлекеттің араласу
деңгейін, экономикалық саясаттың тәжірибеге жақын болуын, мемлекеттік
аппараттың жұмыс тиімділігін жатқызуға болады.
Инвестициялық климатқа әсерін тигізетін экономикалық факторларға
экономиканың жалпы жағдайын, елдің валюталық, несиелік және қаржылық
жүйелеріндегі жағдайды, кеден режимін, жұмыс күшін пайдалану режимін (оның
құнын, біліктілік деңгейін, жұмыс жасау өнімділігін) жатқызуға болар еді.
Әлеуметтік факторлар қатарына қоғамның жеке меншік пен шетелдік
инвестицияларға көзқарасын, қоғамда ел дамуының негізгі әлеуметтік-
экономикалық сауалдары бойынша әлеуметтік және саяси келісімділіктің болуын
жатқызамыз.
Қазақстандық экономистердің мәліметтері бойынша, Салық пен
инвестициялардың Халықаралық орталығы батыс инвесторлары арасында өткізген
әлеуметтік сұрау кезінде қазақстандық нарыққа (рынокқа) деген олардың
қызығушылығы белгілі болды. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға
әсер ететін стратегиялық факторлар арасында бірінші орында тұрғандары — ірі
нарықтық, потенциал мен табиғи ресурстар екені анықталды.
Инвестициялардың келуіне үлкен кедергі жасайтын жайттар арасында
шетелдік инвесторлар бюрократияны, қаржылық қауіпті, салықтық режимді және
құқық саласындағы өзгерістер жылдамдығын атайды.
Шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі мемлекеттің стратегиялық
ресурстарын меңгеру саласына салынып жатыр, ал бұл ресурстар болса, әсіресе
мұнай мен газ, жәй ғана қаржылық-экономикалық фактор емес, себебі олар
үлкен саясат өрісіне айналып отыр. Сондықтанда, әлемдегі саяси жағдай
өзгерген сайын мемлекеттің инвестициялық саясаты да өзгерістерге ұшырап
отырады.
Инвестициялық климатты инвестицияларға ықпал ететін әртүрлі
факторлардың жиынтығы деп тапсақ, инвестициялық режимді шетелдік
инвестицияларды жүзеге асырудың құқықтық жайттар жиынтығы деп анықтасақ
болады. Осы жайттардың мазмұнына байланысты шетелдік инвсстицияларға
берілетін режимдердің бірнеше түрін бөледі: ұлттық режим (шетелдік
инвесторлардың қызмет жағдайын ұлттық инвестормен теңестіру), ең қолайлы
жағдай жасау режимі (кемсітпеу негізінде әртүрлі елдерден келген
инвесторлардың құқықтары мен міндеттері теңдігін қамтамасыз ету),
преференциалды (жеңілдетілген) режим (белгілі бір кызмет аясында, экономика
секторында не географиялық аймақта белгілі бір шетелдік инвесторларға
әртүрлі жеңілдіктер беру).
Ішкі, сондай-ақ сыртқы инвестицияларда инвесторлар үшін қаржы
инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты болатынын есте сақтау
керек. Бұл тәуекел, есеп пен бақылаудың нашар ұйымдастырылуы, валюта
бағамдарының өзгеруі, қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелерді тарту
қиындығы және т.б. себепші болады. Сондай–ақ, саяси тәуекел мен стихиялық
апат тәуекелділігін инвесторлар ескеруі керек.
Қазақстан Республикасының заңнамасы экономика саласындағы инвестицияны
қолдауға бағытталған. Республикада, инвестициялық өнімдерді тиімді жүзегі
асыруға бағытталған, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі жасалған.
Инвестициялармен байланысты қызмет, бiрлескен және шетелдік
кәсіпорындарды, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру,
бақылау, қызмет етуі, келісім шарттарға отыру және орындау; әр түрлі
мүлікті интеллектуалдық меншікке құқықты қосқанда, сатып алу, қолдану және
пайдаланудан; басқадай мүліктік құқықтарды алу; зайымдарды, несиелерді,
мақсатты банктің және қаржылық салымдарды ұсыну; Қазақстан Республикасының
заңдарына қайшы келмейтін, инвестициялар мен байланысты басқадай қызметтен
тұрады.
Қазақстан Республикасының шетелдік инвесторы ретінде келесілер болады:
шетелдік заңды тұлғалар; азаматтығы жоқ тұлғалар; шетелдік азаматтары;
шетелде тұрақты орны бар, Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік
мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.
Қазақстан Республикасының территориясында келесілер құрылуы мүмкін:
- шетелдік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес құрылған, толық шетелдік инвесторға жататын, шетелдік
қатысуы бар кәсіпорын.
- бірлескен кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес құрылған, мүліктің бір бөлігі шетелдік инвесторға
жататын, шетелдік қатысуы бар кәсіпорын.
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін кез-келген
шетелдік инвестициялар нысаны мен және олармен байланысты қызмет аса
ыңғайлы емес, шарттарында жүргізіледі.
Шетелдік инвесторлар өзінің қызметі барысында алған табыстарын
Қазақстан Республикасында қайта инвестициялау үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тауарларды алуға және басқа да
мақсаттар үшін, өздерінің ұйымдары бойынша қолдана алады.
Заңнамадағы өзгерістер және (немесе) халықаралық келісім – шарттардың
өзгеруі, күшке енуінің нәтижесінде, шетелдік инвестордың жағдайы нашарласа,
шетелдік инвестицияларға 10 (оң) жыл ішінде, инвестициялар жүргізілген
кездегі заңнамалар қолданылады, ал өкілетті мемлекеттік қоғамдармен ұзақ
мерзімді келісім – шарттарымен (10 жылдан көп) көзделмесе, келісім–шарт
мерзімі аяқталғанға дейін жүреді.

өзгеруі күшіне енуінің нәтижесінде, шетелдік инвестордың жағдайы нашарласа,
шетелдік инвестор мен республиканың атынан өкілетті мемлекеттік орган
арасындағы келісімшарттың жекелеген шарттары экономикасының мүдделердің
балансына жету мақсатында екі жақты келісімімен өзгеруі мүмкін.
2-тарау. Инвестиция және оның функционалдық белгілері.
2.1. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар.
Таза шығынның тұтынудан кейінгі компоненті - инвестиция. Инвестиция -
бұл табыс алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ
мерзімге мемлекеттік және капитал салымдарын айтады.
Инвестиция бағыттары:
- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
- жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;
- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;
- әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:
- негізгі капитал инвестициясы;
- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;
- адам капиталы инвестициясы бөлінеді.
Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар - ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар
(амортизация) + өндірісті үлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.
Инвестициялардың соңғы мақсаты болып: жаңа технологияларды, алдыңғы
қатарлы техника мен ноу-хауды өндіру; отандық тауар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz