ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I. ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 5
1.1 Инвестиция ұғымы және оның мәні 5
1.2 Инвестицияның түрлері 7
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ 11
2.1 Инвестициялық процесстерді реттеуге жүйелік қарау 11
2.2 Қазақстандағы инвестициялық климат 17
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ 19
3.1 Мемлекеттік инвестициялық саясат 19
3.2 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялардың ерекшеліктері
мен проблемалары 22
3.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестің дамуы 26
Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер 32
КІРІСПЕ
XX ғасырдың соңында басқарушы шаруашылықты халықаралық дәрежеде
ұстау жаңа даму деңгейіне өтті – ол әлемдік әкономикалық жаһандану деңгейі.
Бұл жаһандану жағдайында және халықаралық интеграция кезінде әлемнің
кез–келген елі үшін әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстылығы
инвестицияны тиімді пайдалануға байланысты.
Қазақстан өзінің егемендігін алған кезде өте ауыр дағдарыс болды.
Және одан шығу өте қиын болды. Себебі Қазақстандағы жоспарлы экономиканың
қардығы өте көп болды. Еліміздің тұрғындары өз еткен еңбек үшін жалақысын
ала алмады, жұмыссыздық деңгейі өсті, зауыт-фабрикалар жабылды. Барлық
кәсіпорындар тек өндіру саласында қызмет етті, ал дайын өнім шығару және
өңдеу салалары, барлық капиталымен қоса Ресей қайтарып алды. Осы жағдайдан
шығу үшін, еліміздің экономикасын инвестициялауды жүргізу үшін ішкі және
сыртқы шикізат ағымын арттыру керек болды. Енді біздің дағдарыстан
шығуымызға бірден-бір мүмкіндік туды: ол тек ұлттық емес, шетелдік
инвестицияларды да экономикаға тарту болатын. Қазақстан үшін инвестициялар
тек дағдарыстан шығуды, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қайнар көзі
емес еді.
Ол - өз алдында әлемдік экономикаға аяқ басудың алғы шарты еді.
Қазақстан Республикасының президенті өз халқына жолдауында қағамды
дамытудың нігізгі бағыты экономикалық өсуді бөліп көрсетті. Ол ашық
нарықтық экономикадағы шетелдік инвестициялардың және ішкі жинақтауларды
жоғарғы деңгейіне негізделген.
Менің курстық жұмысты жазуға осы тақырыпты алуымның да негізгі себебі
сол: өтпелі экономикадан нарықтық экономикаға өткен кездегі ауыртпалықты
көтеру үшін қабылдаған шешімдерді көрсету, яғни шетелдік және ұлттық
инвестицияларды тартуымыздың себебін көрсету еді. Менің курстық жұмысымда
осы инвестициялау саясатының Қазақстандық үлгісі айқындалған.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы инвестиция сөзінің мағынасы
түсіндірілген және осы инвестицияның әр түрлі экономика саласына
бағытталуына байланысты туындайтын түрлері анықталып, топтарға бөлінген.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде жалпы инвестициялық саясатты
жүргізудегі қажетті шарттарды анықтауға тырысамын: олар Қазақстандағы
инвестициялық климат және осы инвестициялау процесінің жүйелі түрде
реттеудің жолдарын анықтауға тырысады.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың
жүргізілуін талдаймын. Онда шетелдік инвестицияларды тарту және қазіргі
таңдағы Қазақстандағы инвестициялық процестің даму тенденциялары мен алға
қойылған мақсаттары туралы жазамын.
Қазақстанның әлемдік ронокқа шығуы үшін осы елімізге тартылып отырған
инвестицияларды қызмет көрсету саласына салуға тырысуда. Инвестициялық
белсенділік экономиканың дамытудың маңызды шарты болып табылады. Ол
бәсекелестіктің күшейту, жалпы құрылымын өзгертуге мүмкіндік тудырады. Осы
Қазақстандағы тартылған инвестиция мөлшері жағынан бізге Гиннестің
рекордтар кітабына кіруге мүмкіндік бар. Осы тәуелсіздік жылдарында 7млрд
доллар тікелей инвестиция тартылған, оның ішінде АҚШ 1-ші орында.
Әрине, бұл біздің экономикамыз жоғары дәрежеде деген сөз емес.
Қазақстан шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік алды, ол Қазақстанның
геосаяси орналасуы, ауыл шаруашылық потенциялының жеткілікті болуы,
минералды шикізатты байлық қорларына ие болуы. Әрине, мұның бәрі
Қазақстанның инвестициялық саясатты жүргізуіне өз әсерін тигізді.
I. ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Инвестиция ұғымы және оның мәні
Қазіргі кезге дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция сөзі әр
түрлі мағынада қолданылады. Көптеген авторлар капитал салымы мен
инвестицияның арасындағы айырмашылықтарды ажыратпайды; ал басқалар барлық
салымдарды, олардың бағытталған мақсатына қарамастан инвестиция деп
атайды.
Инвестицияға өз заманында Дж.М.Кейнс көңіл бөлді. Ол бойынша,
инвестиция дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық мүліктердің
өндіріс қызметі кезінде құндылығының ағымдық өсуі немесе белгілі бір уақыт
ішінлегі табыстың жұмсалмаған бөлігі. Бірақ инвестицияға берілген бұл
анықтама өте кең мағынада берілген, ол тек инвестиция мен жинақтар арасында
параллель жүргізіп қоймайды, сонымен қатар ол инвестицияның масштабын
түзейтін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) факторларды ескермейді.
Қазіргі жағдайларға сай ең дәл анықтаманы Пол Хейнеберген берген. Ол былай
жазды: Кейнстің жүйесіндегі табыс пен өндіріс жиынтығының тербелісінің
алғашқы себебі, қалаулы инвестициялық шығындардың көлемінің өзгеріп
отыруы. Енді біз инвестиция дегеніміз не екенін анықтаймыз!?
Инвестициялау дегеніміз біз болашақта күтетін табыстарды алу үшін
белгілі бір игіліктерді сатып алу. Мысалы: фирма сатып алған станоктарды
алсақ, ол инвестиция. Егер біз акция сатып алсақ та инвестицияға жатады.
Бірақ, қазіргі экономистер берілген анықтаманы бұрмалап, сатып
алынған игіліктің астарында әр түрлі түсініктерді қалыптастырады. Көбінесе,
инвестиция ретінде негізгі капиталдық салымдар, шикізат, материал және
энергия сатып алуға жұмсалған ағымдағы шығындар қабылданады. Мысалы,
Журавлева Г.П және Малышева И.Ю. былай дейді: Инвестиция дегеніміз
өндірісті кеңейтуге және жаңартуға жұмсалған шығындар, яғни жаңа
технологияларды енгізуге, материал және т.б. құрал-жабдықтар, еңбек
құралдарын жаңартуға жұмсалған шығындар. Бұл жерде негізгі және айналым
қорлары ажыратылмайды және де ғылыми-техникалық прогресте салынған
инвестициялар, адам және т.б. есептелмейді. Осындай ұстанымды кейбір
Қазақстан экономистері ұстанып отыр. Сөйтіп, экономистер бойынша,
инвестиция мен капитал салымдары арасындағы басты айырмашылық –
инвестицияның негізгі капиталды кеңейтуге, айналым құралдарын толықтыру
мүмкін.
Менің ойымша, инвестицияның нақты анықтамасы, толық болмаса да
мыналар болып табылады: Инвестицияның мағынасы ағымдағы өндірістің бір
бөлігі негізгі капиталды кеңейтуге жұмсалғанда болады. Инвестиция
дегеніміз капиталдың ұдайы өсуіне жұмсалған ақша шығындары. Кең мағынада
инвестициялау дегеніміз болашақта үлкен көлемде табыс соммасын алу үшін
бүкіл бар ақшадан айырылу. Негізінде бұл процеспен екі фактор байланысты –
олар уақыт пен тәуекел. Қазіргі белгілі бір мөлшерде ақша беру керек. Сонда
белгілі бір уақыт өткеннен кейін, кеш болса да оған табыс түседі; бірақ
түсетін табыс мөлшерде белгісіз болады. Кейбір жағдайларды басты фактор
болып уақыт есептеледі. Мысалы, Мемлекеттік облигациялар. Ал басқа
жағдайларда тәуекел болып есептеледі (көбінесе жай ақшаларға жай акциялар
сатып алу үшін аукционға салу). Тіпті, кейде осы 2 факторда тең рөл
атқарады (мысалы, жай акциялар).
Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөніндегі заңдарында
инвестицияға жаңа кеңейтілген анықтама беруге тырысқан. Осы анықтама
арқылы инвестиция және капитал салымдары екеуін бөлуге, ажыратуға тырысқан.
Онда былай дейді: Инвестиция – бұл мүліктік және интеллектуалдық
құндылықтар және оларға деген құқық, сонымен қатар интеллектуалды
жекеменшік, яғни инвесторлардың табыс алу үшін кәсіпкерлік қызметтің
объектілеріне салу. Бірақ берілген анықтама анық емес және бірдей мағынада
талқыланбауы мүмкін. Сонымен қатар бұл анықтама тек салымдарды ғана
қамтиды. Олар кәсіпкерлік қызметтің объеектісіне және тек коммерциялық
табыс әкелуге бағытталған. Бірақ,шетел теориялары мен практикасында
инвестицияның тиімділігі тек оның қаржылық (коммерциялық) тиімділікпен
емес, экономикалық тиімділікпен де ажыратылады. Экономикалық тиімділік –
бүкіл қоғаның мақсатын, материялдық емес мінездегі және оларға жұмсалған
шығындарды есептейді. Оған қарап, мен: Қазақстан Респуликасының шетел
инвестициялары туралы заңы инвестицияның барлық түрлерін бейнеленбейді, -
деп айта аламын.
Сонымен, инвестиция немістің inversition деген сөзі және бұл
кәсіпорынға пайда болу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін
көрсетеді. Инвестиция кейбір қаржылық нәтиже алу үшін акция немесе
облигация сатып алуды білдіреді. Мысалы: тауар өндірі немесе сату үшін
қажет машиналар. Ең кең мағынада инвестиция еліміздің экономикасының дамуы
мен өсуін қаржыландыру қажетті механизмді қанағаттандыру болып табылады.
Инвестиция бұл кәсіпкерлік және т.б. қызмет түрлерінің объектілеріне
салынатын құндылықтардың нәтижесінде пайда болатын табыс немесе әлеуметтік
тиімділік.
Инвестицияға жататын объектілерге:
• Ақша құралдары, бағытталған банк салықтары, акция және т.б;
• Жылжымайтын және жыджитын мүлік;
• Авторлық құқық, жер пайдалану құқығы;
• Мүліктік құқықтар, тәжірибе және т.б. интеллектуалдық құндылықтар және
т.б.
Қаржылық анықтама бойынша инвестиция дегеніміздің өзі активтер, олар
шаруашылыққа және өндіріске белгілі бір табыс алу мақсатында салынады.
Экономикалық анықтама бойынша инвестиция – ол айналым капиталын және
негізгі қорларды жаңарту, қайта жөндеу үшін жұмсалған шығындар.
Ивестиция – бұл капил салудың түрлері, ол салынған капиталдың
сақталуын және өсуін қамтамасыз етуі керек және табыстың өсуіне әкелуі
керек.
1.2 Инвестицияның түрлері
Қарапайым сөзбен айиқанда, инвестиция – бұл ақша салатын кез-келген
құрал. Бұл құрал салынған ақшаның сақталуына және көбеюіне немесе табыстың
өсуіне қамтамасыө етеді. Еркін ақша құралдары – инвестиция емес, себебі
ақша инфляцияның әсерінен құнын жоғалтады және онң болғанынан ешқандай
табыс түспейді. Егер де осы ақша соммасын банктегі жинақтау шотына салсақ,
онда банк оның сақталуына жауап береді де, салынған сомманы инвесиция деп
атауға да болады. Себебі шотқа белгілі бір пайыз көлемінде табыс түсіп
отырады. Капитал салудың бірнеше жолдары бар. Оларды факторларға байланысты
бөлуге болады: құнды қағазжәне жылжымайтын мүлік; қарыздық міндеттемелер;
акциялар мен опциондар; аз және көп тәуекелді; ұзақ және қысқа мерзімде;
тікелей және жанама. Бірақ, инвестицияны екі үлкен топқа бөлуге болады,
бұл:
- Шынайы инвестициялар;
- Қоржындық инвестициялар.
Шынайы инвестициялар негізінде ұзақ мерзімді капиталды белгілі бір
жобаға салу, ол негізінен шынайы активтер алумен байланысты. Салымдар
ретінде қарызға алынған капиталда жүруі мүмкін, сонымен қатар банктен
алынған капиталда жүруі мүмкін. Мұнда банктер субъектіге айналады, яғни
шынайы инвестициялауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, шынайы
инвестициялар бұл салымның формасы, және де міндетті түрде өндіріс
процесіне қатысады.
Тікелей инвестициялар – бұл салымның формасы; ол бойынша инвестицияға
құнды қағаз немесе мүлікті жеке меншікте ұстауға құқық беріледі. Мысалы:
инвестор акция, облигация, құнды монета немесе жер уческесін алады, сонда
ол ақшаның құнын сақтап қалады, сөйтіп тікелей инвестиция жүргізіледі.
Тікелей инвестиция – бұл меншік немесе қор құндылықтары түріндегі активке
салынатын, инвесторлар міндеттемелер қоятын капитал салымы. Кейде шынайы
және тікелей инвестициялар атауы тең мағынада қолданылады.
Жанама инвестициялар – бұл қаржыны капитал салу, басқаша айтқанда
құнды қағаздар және мүліктік құндылықтар жинағы. Мысалы: инвестор фондтың
акциясын сатып алады, олар диверсификацияланған серияланған (әртараптанған)
құнды қағаздар болып табылады және оларды әртүрлі фирмалар шығарған. бұл
сатып алуды іске асырған соң, инвестор жеке компанияны активтеріне
міндеттемеге ие болар емес. Енді оның қоржынында (портфельде) пайда болады.
Сонымен қатар мүліктік құндылыққа жанама салымдар салуға болады. Мысалы:
шектелген жауапкершілікпен компанияның пайлық бөлігін сатып алу. Көбінесе
инвесторлар тікелей салымдар салғанды ұнатады, бірақ жанама инвестицияның
өз ұнамды белгілері бар қоржындық инвестициялар салымы кезінде инвестор
тиімді инвестициондық қоржынды қалыптастыруға және басқаруға ұмтылуы тиіс.
Оны қор рыногында құнды қағаздарды сату және сатып алу операциялары арқылы
құрады. Ал қоржын әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бір жерге жиналған
жиыны болып келеді. Қаржылық мүліктер қалыптасуына бағытталған салымдар –
қаржылық инвестициялар деп аталады. Санымен қатар интелектуалды
(материалдық емес) инвестициялар бар, олар патент және лицензия сатып
алуға, ноу-хауға, п2ерсоналды даярлауға ғылыми зерттеу және тәжірибелі –
конструкторлы құрастыруларға, жанама және т.б. жұмсалады. Жоғарыда
аталғандардан басқа нетто инвестициялар, брутто инвестициялар және (валдық)
жалпы инвестициялар болып бөлінеді. Нетто инвестициялар – бұл инвестициялық
жоба (проект) немесе фирма сатып алуға негізделіп жүзеге асырылатын алғашқы
инвестициялар. Ал реинвестициялар мен нетто инвестициялар брутто
инвестицияларды құрайды. Реинвесторлар – бұл қайта босаған инвестициялық
шикізаттар (ресурстар) олар жаңа өндіріс мүліктерін дайындау мен сатып
алуға бағытталған т.б. мақсатқа арналған. Реинвесторлар негізгі қорларды
жаңартуға, технологиялық құрал-жабдықтарды немесе процестерді
модернизациялауға және (рационализациялауға) оңтайландыруға шығаратын өнім
көлемін өзгертуге номенклатуралар өзгеруімен байланысты
диверсификациялауға, жаңа өнім түрлерін шығарып жаңа шығару
рыногтарынұйымдастыруға және т.б. жұмсалады. Валдық немесе жалпы
инвестициялар негізгі капитал көлемін өсіруге және оның модернизациясына
бағытталған жаңа инвестициялар соммасы. Кейде инвестициялар тәуекел
дәрежесіне байланысты бөлінеді. Қаржы облысында тәуекел сөзі астарында
инвестициядан күткен табыстың кем болу мүмкіндігі деген тұжырым жатыр,
басқаша айтқанда тәуекел термині қаламаған қорытынды алу деген мағынаны
білдіреді. Салымдардың, яғин қаржы немесе мүліктердің абсолютті немесе
қатыстық мағыналардың кеңеюіне байланысты қауіп көп болады және керісінше.
Жеке инвестор қауіп дәрежесі жоғары тауарлармен аяқталады. әрбір капиталдың
орналасу типі бойынша өзгеруіне байланысты өздеріне тән базалық қаупі бар,
бірақ әрбір нақты жағдайда тәуекел құралдың нақты ерекшеліктерімен
анықталады. Мысалы: акциялар салымы облигициялар салымымен салыстырғанда
қауіп дәрежесі жоғары деп саналады, бірақ қауіп-қатері жоғары
облигацияларды да табуға болады, олардың қауіптілігі ИБМ және
Макдональдс секілді тәуір компаниялардың акцияларының салымынан жоғары.
әрине, инвесторға байланысты қауіп эмитетінің әділдігіне, делдалдың және
сатушының нақты қаржы құралдарына байланысты қауіп дәрежесі өседі және
кемиді. Қауіп дәрежесі төменинвестициялар белгілі бір табыстың алынуының ең
қауіпсізі деп есептеледі. Қауіп дәрежесі жоғары инвестициялар керісінше
алыпсатарлық болып саналад. Инвестициялау және алыпсатарлық терминдері мен
инвестициялауға деген 2 жақты көзқарас белгіленеді. Инвестициялау сөзінің
астарында құнды қағаз және т.б. активтердің сатып алу процесі жатыр, бұл
жайында толық сенімділікпен былай деуге болады: олардың бағасы тұрақты
болып қалады және бұдан тиімді табыспен қатар анықталмаған табыс алуға
болады. Алыпсату (спекуляция) алдағы активтердің операциялары арқылы
жүргізіледі, бірақ мұнда күткен табыстың бағасы мен деңгейі тұрақты емес.
Әрине алыпсатудың қауіп дәрежесі жоғары болса, олардан күткен табас та
жоғарылайды.
Инвестицияның қызмет ету ұзақтығы бойынша ұзақ және қысқа мерзімді
болып бөлінеді. Қысқа мерзімді инвестицияның қызмет ету уақыты бір жыл
ғана; ал ұзақ мерзімді инвестицияның қызмет ету уақыты бір жылдан көп,
кейде жай акциялардағы секілді уақыты шектелмеген. Мысалы, депозитті
сертификат, уақыты алты ай – бұл қысқа мерзімді салым құралы, ал өтеу
ұзақтығы жиырма жылдық облигациялар – бұл ұзақ мерзімді салым құралдары
болып табылады. Бірақ, ұзақ мерзімді құнды қағаздарды сатып алып, қысқа
мерзім өткеннен соң, мысалы, алты айдан соң оны сатса, ондай инвестор ұзақ
мерзімді құралдарды қысқа мерзімді мақсаттарға қолданады. Егер инвесторда
алты ай ішінде қолданылмайтын сомасы болса, алты айға депозиттік сертификат
сатып алады; егер инвестор қырықта болса, ол зейнетке шығарда ақша сақтау
үшін жиырма жылға компанияның облигациясын сатып алынуы мүмкін. Мерзіміне
байланысты инвестицияларды шектеу пайдасыз және бұл көзқарас салық салымы
жағынан да пайдасыз, яғни тиімсіз.Қазіргі салық заңдары қысқа және ұзақ
мерзімді инвестициялардың шығындары мен пайдалары арасында ешқандай шекара
жүргізілмейді. Көбінесе, инвестициялар қарыз берушінің қалауымен
байланысты, немесе жеке меншік иесінің капиталға қатысу ретінде байланысты
болады.
Сонымен жалпы, инвестицияның динамикасын талдаған, олардың бір текті
емес екендігін және әрбір типтің қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін
екендігін ескерген жөн. Сондықтан оларды ажырату керек:
• шынайы инвестициялар, тікелей салымдар;
• қоржындық инвестициялар, қаржылық құралдар арқылы салынатын
салымдар.
Инвестицияның айналым сферасы және мақсатталған бағытына қарай үш
типке бөлуге болады:
• материалдық активтегі инвестициялар, яғни құралдарды, ғимарат,
құрылыс, машина түрлері және құрал – жабдықтарға салу; қызмет
ету мерзімі бір жылдан аса және материалды қорлар;
• қаржылық активтегі инвестициялар, яғни құнды қағаздар сатып
алуға құрал салымы;
• материалдық емес активтердегі инвестициялар, мұнда патент,
лицензия, ғылыми технологиялық жаңалықтар жасауға,
квалификацияны көтеруге және т.б. қаржы немесе құрал бөлігіне
бағытталған салымдар айтылып отыр. Барлық инвестицияның негізгі
капиталдың ұдайы өндірісіндегі ролі бойынша былай бөлуге болады;
• жалпы инвестициялар немесе жинақтық;
• айналымнан шыққан өтеу инвестициялары.
Таза инвестициялар, яғни негізгі капиталды үлкейтуге бағытталған;
Егер таза инвестициялар өндіріске кеңейтуге бағытталған десек, онда
тұрақты түрдекең өсуіне әсер етеді; яғни оның мультипликативті өсуін
туындатады. Экономикалық теория бұл құбылысты мультипликатор деп атайды.
Мультипликптивті тиімділіктің мәні инвестициялық шығындардың өндіріс
көлеміне өте қатты әсер етуі болып табылады. Қосымша инвестициялау
өндірісті өсіру мен табысты өсіруден басқа, өз кезегінде жинақтауды
көбейтуге әкеледі. Сонымен, мультипликатор концепциясы инвестиция
қозғалысымен өндіріс көлемінің үлкейуінің арасындағы тәуелділікті ғана
емес, оны өте қатаң тұрақтандырады. Бұдан, экономикалық жүйенің тар
жерлерінің өзі инвестициямен деген қорытынды жасауға болады. Олар
экономикалық белсенділіктің деңгейін анықтайтын фактор ғана емес. Олар
деңгейінде анықтайды.
1-сурет инвестицияларды негізгі белгілері бойынша
квалификациялау.
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Инвестициялық процесстерді реттеуге жүйелік қарау
Инвестициялық процесс – бұл ұлттық капиталды өсіруге ұдайы өндіріс
процесіне қатысушылардың жан жақты қызметі. Ол экономикалық жүйе
динамикасымен тікелей қатысқа ие. Инвестициялық процесс – бұл қоғамдық
ұдайы өндірістің құрамдас бөлігі. Ол ұдайы өндіріс процессінің барлық
сатыларын көрсетеді. Оған: өндіріс, бөлу, айырбастау, тұтыну жатады, бірақ
ол оны инвестициялық игіліктердің қозғалысы жағынан көрсетеді.
2-сурет. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі инвестицияның орны.
Нарықтық қатынас жағдайында инвестициялық процесс екі жақтан
көрінеді, яғни динамикалық процеске деген көзқарас жағынан табиғи және
қаржылық шама. Табиғи шама қозғалысының көзқарасы жағынан инвестициялық
процес келесі құбылыстар жағынан тұрады:
- инвестициялық тауарлар жасау (құрылыс объектілері, машиналар және
құрал жабдықтар, технологиялар, патенттер және т.б.);
- жаңа өндірістік қуаттарды игеру процесі (жобаланған өнім шығаруға
соғылған объектілерді тұжырымдау);
- тауар (қызмет) өндіріс мақсатында қауіпті тәртіпте объектілерді
пайдалану (экстлуатация).
Қаржылық шама қозғалысы жағынан инвестициялық процесс – бұл қосымша
табыс түсіру мақсатында белгілі ақша сомасын жұмсау. Бұл процеске
қатысушылар:
- ақша жинақтаушылар, яғни ақшаны не жинаушылардың өзі, не оны
сенімді қолданысқа беретіндер;
- инвесторлар, яғни жобаға ақша салымдарын өздері іске асырады. Не
қаржылық делдалдың қызметін қолданады;
- қаржылық делдалдар (банктер, қаржылық топтар, инвестиция немесе
компаниялар), яғни олар қосымша табыс табу үшін ақша ресурстарын ғана емес
құнды қағаздарды да тауар немесе қызмет өндірісіне бағыттайды.
Тұрақты экономикалық өсу инвестициялық процесті жандандырусыз мүмкін
емес. Бұл күрделі міндетті шешу біздің елімізде баяу, әрі үлкен қиындықпен
жүргізілуде. Нарықтық қайта құрылудың алғашқы сатысында және нарықтың
жедел талықсытпалы ием моделіне көшкенімізде сыртқы инвестицияларға арқа
сүйендік. Ішкі қаржыландыру кездері құнсыздануы құнсызданды, бағаланбады,
оларды қорғау шаралары уақытында орындалмады.
Жүйелі дағдарыстың базисі ретінде инвестициялық дағдарыс танылды. Ол
мемлекеттің отандық және шетелдік инвестицияларды, кәсіпорындарды
қызықтыру және тарту, нарықтық өзгерістер кезінде халықтық жинақтарының
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Ұлттық экономикаға қаражаттарды инвестициялаудың көлемінің үлкеюі
инвестордың жасаған бағдарламасы мен жобаларының экономикалық және
қаржылық-инвестициялық тартымдылығына байланысты, ол институционалдық және
жеке инвесторлардың нарықтық орта табыстан кем емес табыс алуына мүмкіндік
береді. Қазақстанда инвестициялық процесті реттеудегі жүйелік тәсілдеме
негізінде, экономикалық өсудің тиімділігінің арттырылуы үшін барлық
ресурстардың түрлері қолданылуы деген белгілі потенциал бар. Осыған
байланысты Қазақстан экономикасы жаңа мың жылдыққа аяқ басқан кезде,
әсіресе оның алғашқы даму жылдарында экономиканы инвестициялаудың қажетті
көлемін анықтау қажет болды және бұл инвестициялық сұраныстың өсуіне
ғылыми-техникалық және өндірісті реттеудің сақталуына, жергілікті
тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетудің материалдық базасының қалыптасуын
қамтамасыз ету керек. Қазақстанның 1999-2000 жылдары әлеуметтік –
экономикалық дамуының анализі көрсеткендей еліміздің экономикалық
дағдарыстан шығып, инвестициялық дағдарыстан өтуде. 1999 жылы жалпы ішкі
өнім 1,7% өсті, негізгі капиталдағы инвестиция – 3,8%, және де ЖІӨ-гі
инвестицияның үлес салмағы 1998 жылы 12,3% -дан 1999 жыл 14,6% -ға өсті.
ЖІӨ-гі шығын үлесі азайылуда, соңғы тұтыну 1998 жылы 86,7% -дан 1999 жылы
77% -ға қоса азайды, жалпы қор үлесі 18%-дан 24,4%-ға өсті. Жұмсалған ЖІӨ
- нің құрылымы да жеткілікті өзгерді, және негізгі капиталдың өсуі
тенденциясы да байқалды. Инвестициялық қызмет саласында инвестициялық
ақуалдың (климат) жақсаруы байқалуда. Негізгі капиталдағы инвестициялар
1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 29,4%-ға өсті және 519 миллиард
теңгені құрады. Шетелдік тікелей инвестицияның көлемі 2000 жылдың 9 айында
1,8 миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл тартылған инвестицияның 69% мұнай –
газ секторына бағытталады. Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп саласында да
шетелдік капиталдың өсу тенденциясы байқалады (1999 жылы осы уақытымен
салыстырғанда 1,8 есе өсті). Су, газ және электроэнергия өндіру саласында
да капитал өсімі байқалуда. 2000 жылы 11 айында тікелей инвестицияның
құрылымының 37% -АҚШ-тың үлесіне, 19% Ұлыбританияның, 13% Италияның, 7% РФ-
нің және 5% канаданың үлесіне тиесілі болды. Инвестициялық процессті өзара
байланысты және өзара толықтырушы міндеттері шешу арқылы көтеруге болады.
Біріншіден, реттеудің нақты анықтамасы мен оның объектісін анықтау керекҢ
екіншіден, инвестициялық процесте қазіргі – ғылыми негізделген және
объектінің ұстаным ерекшкліктеріне сай концепцияларды қолдану керек.
Экономикалық әдебиеттерде реттеу терминін қолдануын 2 топқа бөлуге
болады. Бірінші топ бойынша реттеу дегеніміз объектінің жағдайы мен
динамикасы, яғни ол қажетті уақытта ьелгілі бір жетістікке жету үшін
қолданылатын тұрақсыз, бірақ жылдам әсер ететін шара. Реттеуге бұлай қарау
механикалық мінез береді және объектіге нақты жағдайларда анықталған
шектеулерді қосады. Екінші топта, реттеу сөзі кең мағынаға ие. Ол өзіне
әсер ететін, келешекте мақсатталған бағытты қамтамасыз ететін тікелей және
жанама инвестициялардың көлемі, қарқыны және құрылымын қосады. Қазіргі
кезде реттеу сөзінің мағынасың; шешімдер кенендік зерттемесі және оны іске
асыруы.
Ол өзіне инвестициялық міндеттердің іске асыруын жақсарту жағдайларын
қосады. Олар жоспарлы және нормативті мінезге ие.
Инвестициялық процесті реттеудің негізінде жүйелік тәсілдеме
концепциясын алған жөн. Экономикалық әдебиеттердегі анықтамаға сәйкес,
жүйелік тәсілдеме – бұл кез-келген объектінің қалыптасуы мен оның жалпы
зерттеу әдістемесі. Олар тұтастық принципін негізге алған жүйе болып
табылады. Жүйені элементтерінің жиыны оның мақсатына тура сәйкес келу
керек және сол арқылы оған жетуге ең жоғарғы әдісті қамтамасыз ету керек.
Реттеу объектісі жүйе түріне келтіру керек, яғни қойылған мақсатқа жетудің
өзара әрекет етуші және өзара байланысты элементтер жиыны.
Инвестициялық процесстің табиғи жүйесі күрделі құрылымға ие, ол
инвестициялық түрлерінен құрылған, олардың көлемдік қатынасы олардың бір-
біріне әсері (өзара байланыс және өзара әрекет) әрбір жағдайда анықталады
және олар жиын ретінде мақсатқа жетудің жалпы және жеке жолдарын
көрсетеді. Инвестициялық процесстің мақсаты – экономикалық өндірістік және
өндірістік емес салалардың даму міндеттерінің инвестициялық жобасының
нақтылануын және қалыптасуын шешеу. Ол инвестициялық процесс кезінде
қажетті әдістерді, құралдарды және тәсілдерді иаңдауға, тәжірибелік
жағдайға және оның ағымын жүктелген параметрлердің максималды
баламалдануына әкеледі.Инвестициялық процесстің элементтерінің тұтастығы
оның өзін - өзі реттеуіне объективті жағдай туғызады. Реттеу жүйесін
құрудың негізінде инструменталды қамтамасыз ету принципі жату керек. Осы
принцип ретінде инвестициялық процестің нақтылығы, тиімділігі және
нақтылығын алуға болады. Нақтылық принцип бойынша – реттеудің қолданылатын
құралдары берілген инвестициялық жобасының жоспарлық көрсеткіштері мен
мазмұны тура сай келу керек. Сонымен қатар, әрбір жобаның тиімді жүзеге
асыру жеке нақты құралдарының жиынтығы қолданылуы мүмкін.
Баламалық принципі – реттеу құралдарының жиынтығын анықтау кезінде
нақты салаларды есепке алуды, оның ағымының функционалды және құрылымды –
ұйымдастырушылық ерекшеліктержағдайын анықтауды талап етеді. Осы
принциптерді жүзеге асыру үшін реттеу құралдары керек (2-сурет) нормативті
– құқықтық құралдар – инвестициялық процесске зор ететін әрекеттер. Ол
қатысушылардың максималды тура және заңды рәсімдеуді құқықтары мен
міндеттерін негізге алған. Олардың инвестициялық процесске әсер етуіне
байланысты екі топқа бөлуге болады. Инвестициялық процесстің заң базасымен
және мемлекеттік нормативпен қамтамасыз етілуі қазіргі таңда ҚР заң базасы
қалыптасу процесін бастан кешіруде. Инвестициялық процестерді реттеудің
қаржылық құралдары және шарттарды ұстану динамикасымен мінездемесіне әсер
етуді өздеріне қосады. Ол қолданыстағы ресурстардың тиімділігін артуын, ал
екінші жағы – оларды тартудың экономикалық орындылығын қамтамасыз етеді.
Бұл құралдар тобы инвестициялық процеске мемлекеттік емес ақша
қаражаттарын тартады. Мемлекеттік нотация немесе субсидия ретіндегі
қаржылық салымдар қатаң шектеуге қабылдау керек, себебі олардың табиғаты (
қайтарымсыз, мерзімсіз беру мінезі ) көп дәрежеде қолдануының өзі тиімсіз
болып табылады. Басқа мемлекеттік қаржыландыру түрімен салыстырса.
Республикалық бюджеттің инвестициялық
жобаларын іске асырудың
барысы туралы мәлімет
Атауы 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.
Есеп Есеп Есеп Қаңтар-қаза
н есеп
1 2 3 4 5
Шағымды негізде 58 187 68 006 140 068 132 790
инвестициялық жобаларды
іске асыру,
Оның ішінде:
Ішкі көздердің есебінен 7 015 5 880 9 347 -
Жобаларды іске ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz