Мемлекеттің даму институттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Индустриялық–инновация құрылымының сипаттамасы мен даму
институтттары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Инновацияның
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттің даму
институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
2. Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге
асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Қазақстан Республика экономикасының қазіргі жай күйінің талдауы және
инновациялық даму қажеттілігінің негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары12
2.3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
... ... ... ... .14
        3. Индустрия–инновацияны қаржылық ресурстар мен қамтамасыз ету және
ғылыми–техникалық прогрестің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
3.1 Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру
көздері ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Жаңа техникасы мен технологияның техникалық деңгейінің
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.3 Ғылыми–техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
4. Саясат түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
4.1 Инвестициялық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
4.2. Мемлекеттiк
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...29
4.3. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 35

КIРIСПЕ

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7- наурыздағы
№ 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
жоспарына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің
ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік
саясатын қалыптастыру мен жүргiзуге бағытталған.
      "Қазақстан-2030"   стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi
экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты
жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру
және елдің ғылыми-техникалық әлеуметін тиiмді пайдалану негiзiнде
экономикалық өсу болып табылады.
      Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл - бай табиғи
ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi бiлiктi ғылыми-
техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан
арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың
болуы.
      Сонымен бiрге, бiрқатар бөгеушi факторлар да бар. Атап айтқанда,
соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуiнiң деңдеген кезеңi
болды. Қазiргi өндiрiстiң тұқыртылуы, өндiргiш күштердiң индустриясыздануы,
өндiрiстiң абсолюттiк көрсеткiштерiнiң күрт қысқаруы және жанбасылық,
тұтыну мен қордаланудың төмендеуi тегеурiндi экономикалық даму үшiн
республиканың аттаныс жағдайын едәуiр күрделендiредi.
      Бұдан басқа, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейi
бойынша салалар арасындағы едәуiр алшақтық отандық экономикаға тән сипат
болып табылады. Оның үстiне, кадрлар даярлау жүйесiнiң өзi де негiзiнен
экономиканың шикiзат секторын кадрлық қолдауға бейiмделген.
      Экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық
қызметке негiзгi орын берiледi, өйткені елдiң экономикалық қуаты оның
ақырғы нәтижелерiмен - өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, ғылымды қажетсiнетiн
өнiм көлемiн өсiрумен айқындалады.
      Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзiмдi кезеңге
арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды, және жыл сайын ұлттық
әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып, нақтыланатын және
түзетiлетiн болады.

1.Индустриялық–инновация құрылымының сипаттамасы мен даму институтттары

1.1 Инновацияның ұғымы

Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не
қызмет көрсеиуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажырытылады:
• өнімділік;
• үдерістік;
Жаңа өнімді өндіріске негізу инновацияның түбегейлі өнімділігіретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдікпрактикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясын және қызмет
көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп
нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды негізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт арасындағы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік
өткізуденалып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде,
жаңалықтардыпайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны

және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімдерді дайындаә үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және

техниканың үлгілерін енгізу;
• қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық –
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу
үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді
арнайы әдіспен іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, цоу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
• инновацияны жетілдіру ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.

1.2 Мемлекеттің даму институттары
Стратегияның маңызды мiндеттерiнiң бiрi мақсатты инвестициялық және
ғылыми-техникалық стратегияларды iске асыру, инвестициялық белсендiлiктi
реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық
дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр
дәрежеде қайта құруды қажет етедi.
Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк
даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның
инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты
сақтандыру корпорациясын нығайту қажет.
Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi
орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына
негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.
Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау
(қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс
жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы және ақпараттық ресурстарды бiр ғана даму
институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi.
Бұл:
•шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал жүйелi қателердi болдырмауға;
      •бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның нәтижесi ретiнде қолдау
көрсету кезiнде неғұрлым ашық саясат жүргiзуге;
•жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауды жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер перспективалы жоба даму
институттарының бiрiнде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу
мүмкiндiгi сақталады.
Мамандану қағидаты даму институттарының қызметтiң белгiлi бiр
операцияларына жәненемесе түрлерiне мамандануын бiлдiредi. Мысалы,
Қазақстан Даму Банкi жобаларды банктiк кредиттеу арқылы; Қазақстан
инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестiк (бақылаусыз) қатысу арқылы;
Инновациялық қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге
гранттар беру және капиталға үлестiк қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға
маманданады. Мамандану қағидаты даму институттарының мамандану шеңберiнде
операциялармен және қызмет түрлерiмен ғана айналысатынын бiлдiрмейдi. Олар
өздерi үшiн негiзгi болып табылмайтын басқа операцияларды да (қызмет
түрлерiн) жүзеге асыра алады. Бұл үшiн негiзгi емес операциялар мен қызмет
түрлерiн жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi.
Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметiн бәсекелестiк
негiзде жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай қажеттiлiк институттардың
көпшiлiгiнiң дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық институттарға елiктеуге
бейiлдi екенiмен байланысты. Институттардың қызметi нарықтық институттарға
елiктеудi бiлдiретiнiн ескере отырып, әуел бастан олардың қызметiн
нарықтық, яғни бәсекелестiк негiзде құру қажет. Бәсекелестiк қағидаты
қандай да бiр институттың қызметi нәтижелерiн салмақтауға мүмкiндiк бередi.
Ашықтық қағидаты менеджерлердiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн, қаржы
ресурстарын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi бақылауды қамтамасыз
ететiн дамудың мемлекеттiк институттарын корпорациялық басқарудың ашық
жүйесiн құруды бiлдiредi. Мемлекет даму институттарының алдына қойылған
мiндеттердi тиiсiнше iске асыру мақсатында олардың қызметiне қандай да бiр
қысымнан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Осы қағидатты жүзеге асыру үшiн
тәуелсiз директорлар институты (мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк жоғарғы
бiлiктi менеджерлердi тарта отырып), сондай-ақ корпоративтiк басқарудың
қазiргi заманғы құралдары белсендi пайдаланылатын болады.
 1.2.1. Қазақстанның инвестициялық қоры
Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет
елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз
қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы
бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
      ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық
компаниялардың капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке
келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң
болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң
сапалы жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен
және басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы
рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы
институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5
бiрдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн
болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi
талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн
жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар
өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi
өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау
технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс.
Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың
коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
      Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе
импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат
секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс.
      Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат
жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау
пакетiн алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады.
Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн
сатылатыны жөнiнде нақты ереже белгiленуi тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер
құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету
мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi
тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және
капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс.
      Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы
ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық
шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу
бағытында да жүзеге асырылатын болады.
1.2.2 Инновациялық қор
Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде бiрдей толық
дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын
ынталандыруға тиiс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника,
биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру
мен дамыту үшiн ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты
мақсаты Қазақстан Республикасында инновациялық белсендiлiктiң артуына,
жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға
жәрдемдесу болуы тиiс.
Инновациялық қорды құру инновацияларды енгiзудiң тиiмдi және нарықтық
тетiктерiнiң болмауына қатысты кеңес өкiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң
барлық елдерiне тән жүйелi проблеманы шешуi тиiс.
      Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден, бұл әзiрленген
инновацияларды енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды
әзiрлеу үшiн қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарды қаржыландыру.
Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке
сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен
дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс.
Инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы кезеңiнде отандық және шетелдiк
серiктестермен бiрге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын
және венчурлiк қорларды құратын болады.
      Инновациялық қор отандық еншiлес капиталдың құралуы және өсуi бойынша
еншiлес жобаларды қаржыландыру жөнiндегi қызметiн тоқтатып, өз
белсендiлiгiн инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және қолданбалы ғылыми
зерттеулердi қаржыландыруға бағыттайтын болады.
      Қордың негiзгi мiндеттерi:
•инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер мен
технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын және т.б) құруға қатысу;
          •отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен
бiрлесiп еншілес қорларды құру;
 •құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық
капиталдарына жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өнiм
өндiру, жаңа технологияларды әзiрлеу мақсатында қатысу;
          •коммерциялық тиiмдiлiгi мен экономиканы технологиялық дамыту
тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды,
тауарларды, қызмет көрсетулердi жасауға бағытталған жекелеген ғылыми
зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды гранттар беру арқылы
қаржыландыру болып табылады.
Инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешiмi шетелдiк ғалымдарды
тарта отырып, тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзiлгеннен кейiн
ғана жүзеге асырылуы тиiс. Қаржыландыру үшiн таңдалған ғылыми зерттеулер
ҚИҚ және Қазақстанның Даму Банкi арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға
тұтас алғанда сәйкес келуi тиiс.
      Елдегi венчурлiк институттардың кенже қалғанын ескере отырып,
Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде венчурлiк қызметтi көтермелеу
және реттеу үшiн барабар заңнамалық база әзiрленiп, қабылданатын болады.
      Ғылыми зерттеулердiң барлық түрлерiнiң жаңа бiлiмдердi жинақтау
жүйесiнде бiрдей мәнi бар және қолданбалы ғылыми зерттеулерге ғана арнайы
басымдық беру орынсыз екенiн шетелдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұдан өзге,
еңбек пен капиталдың өнiмдiлiгiн арттыру, демек экономиканың бәсекелестiгiн
арттыру, дербес ғылыми-техникалық әлеует құрмай және нығайтпай мүмкiн емес.
Сондықтан да iргелi ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк
бюджеттен жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық қор өз қызметiн мемлекеттiк ғылыми-техникалық және
инновациялық саясат шеңберiнде жүзеге асыратын болады.

2. Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге
асыру жолдары.
2.1 Қазақстан Республика экономикасының қазіргі жай күйінің талдауы және
инновациялық даму қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстанда соңғы он жылдықта республиканың нарықтық тетіктерге
негiзделген экономикалық қарым-қатынастарға көшуiмен байланысты түбегейлi
өзгерiстер болды. Алайда, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
көшудiң және реформаларды тездетiп жүргiзудiң ғылыми және экономикалық
негiзделген моделiнiң жоқтығынан өткiзiлген шаралар елдiң әлеуметтiк-
экономикалық дамуында күткен нәтижелер берген жоқ.
      Шикiзатқа деген бағаның ауытқу кезеңдерiндегi экономиканың шикiзатқа
тәуелдiлiгi шикiзат экспортынан түсетін қатты валютаның едәуiр түсiмдерi
ұлттық валюта құнының өсуiне әкелген кезде танымал макроэкономикалық әсерде
көрiнiс бердi және iшкi өндiрушiлер деңдеп бара жатқан импортпен
бәсекелесуге қабiлетсiз болып қалды.
Қайта өңдеу салаларының (машина жасау, жеңiл, тамақ, электрондық,
қорғаныс және басқа салалар) тұралауы Қазақстан жағдайында жеткiлiктi
ғылыми-техникалық, маркетингтiк және басқарушылық қолдаудың жоқтығынан
шиеленiскен болатын.
Осылайша өнеркәсiпте 1990-1999 жылдарда шикiзаттық емес салалардың
үлесi 3-6 есе қысқарды, сонымен бiрге, орны толмас табиғи ресурстарды -
мұнайды, газды және түстi және қара металл рудаларын өндiру артты.
1999 жылы қол жеткен (1998 жылға 102,2 %) өнеркәсiптiк өндiрiстiң
өсуi негiзiнен қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларына әлемдiк бағаның
көтерiлуi және мұнай мен газды өндiрудi арттыру және қара және түстi
металдарды өндiру есебiнен қамтамасыз етiлген едi.
2000 жылдың iшiнде өткен жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырғанда
өнеркәсiптiк өнiм өндiрудi арттыру үрдiсi сақталып отыр. Алайда, мұндай
өсу, сол сияқты едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының өсуiмен байланысты
әлемдiк рыноктың конъюнктурасына қолайлы ықпал еткен сыртқы жағдайларға
негiзделген болатын.
Елдiң инвестициялық саясатының шикiзаттық бағыты өнеркәсiпте орын
алған сәйкессiздiктi одан әрi тереңдете түстi. Осылайша, мұнай-газ
саласының негiзгi капиталына берiлетiн инвестицияның көлемi 1991 жылы 31 %-
дан 1998 жылы 63 %-ға дейiн өстi. 1999 жылы тiкелей шетелдiк
инвестициялардың түсуi 1998 жылмен салыстырғанда екi есеге жуық көтерiлдi
және 1799 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте олардың жалпы көлемiнiң 87 %-
на жуығы мұнай-газ секторының үлесiне (1524 млн. АҚШ доллары) тидi.
Ауыр жағдай ауыл шаруашылығында қалыптасты. ¤ткен жылдары ауыл
шаруашылығы өнiмiн өндiру 2,3 есеге, егiс алаңдары 1,9 есеге, мал басы 2,7
есеге жуық қысқарды, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен және тұқымдық
материалдармен, техникамен және оларға қосалқы бөлшектермен жабдықтау
нашарлап кеттi. 1999 жылдан бастап көрiнiс берген экономиканың аграрлық
секторындағы белгiлi бiр оң алға жылжушылықтар байқалғанмен, саладағы
дағдарыстық жағдай еңсерiлген жоқ.
      Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы,
кәсiпорындар мен тұрғындардың төлемге қабiлеттi сұранысының төмендеуi
көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң жұмыс iстеуіне теріс әсер етті.
      1990-1999 жылдар кезеңiнде жүктердi барлық көлiк түрлерiмен
тасымалдау көлемi 60%-ға қысқарды. Бұл ретте жүктердi автомобиль көлiгiмен
тасымалдау көлемiнiң құлдырауы 64%-ды, темiржолмен - 55%-ды және теңізбен -
96%-ды құрады. Сол кезде мұнай және газды өндiру мен айдауды арттырудың
нәтижесiнде құбыр көлiгiмен жүк тасымалдау өстi (127,8 %).
Елдiң экспортында, алдыңғы жылдардағы сияқты, шикiзаттық бағытталу
басым болып отыр. 1999 жылы экспорттың 6,6 млрд. АҚШ долларына (ІЖ¤-нiң 29
%-ы), жуық қосынды көлемi жағдайында 60 %-дан астамын орны толмайтын
шикiзат ресурстары, оның ішiнде түстi және қара металдар - 23,9 %-ды, отын
және мұнай өнiмдерi - 35,4 %-ды, сондай-ақ органикалық емес химия өнiмдерi
- 6,4 %-ды құрады.
Экономикасының шикiзаттық бағытталуы елдi дүниежүзiлiк рыноктардың
минералдық шикiзатына, металдар мен мұнайға сұранысына толық тәуелдi еттi.
Бұл ретте өнеркәсiптiң қайта өңдеушi салаларының дамымай қалғандығынан
экспортталатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту үшiн мүмкiндiк мүлдем болмай
отыр.
Проблемалар қара металдардың өнiмдi кен қорларының тозуынан,
Қазақстанның тиiмсiз географиялық жағдайы (көмiрсутегi шикiзатын өндiретін
орынның негiзгi тұтынушылардан алшақтығы) мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң
жоғары тәуекелдiлiгiнен едәуiр дәрежеде күрделенiп отыр.
Әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiсi инновациялық қызметтің экономикалық
өсу қарқынына әсерi өсiп отырғандығын көрсетедi. Әлемдiк рынокта
интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық қызметтiң басқа салаларымен
салыстырғанда неғұрлым жоғары бағаға ие. Рыноктың талаптары жаңалықтарды
енгiзудi кеңiнен пайдалану, инновациялық белсендiлiктi күшейту үшiн
жағдайлар туғызу қажеттiлiгiн мойындатады.
      Тәжiрибе жоғары технологиялық салаларында жаңалықтар енгізуге деген
көтерiңкi бейiмдiлiк байқалып отырғандығын көрсеттi. Сондықтан,
экономиканың құрылымында ғылымды қажетсiнетiн салалар неғұрлым көп болса,
онда инновациялық қызметте соғұрлым дамиды. Керiсiнше заңдылық та бар:
Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына тән бастапқы қайта өңдеудiң
өндiрушi салаларының басымдығы бар экономиканың салалық құрылымы ғылыми-
техникалық инновацияларды тежейдi.
Қазiргi уақытта еңбекке қабiлеттi тұрғындарды еңбекпен қамтуды арттыру
және жаңа табиғи ресурстарды айналымға тарту есебiнен өнiм өндiрудi өсiру
және қызмет көрсетудi дамыту үшiн мүмкiндiктер неғұрлым шектеулi болып
барады. Осыған байланысты экономикалық даму үшін шешушi мәнге қарқынды
факторлар ие болуда. ¤з кезегінде, кадрлар бiлiктiлігi мен еңбек
өнімділігінің өсуi, материалдар мен жабдықтардан қайтарым экономика
салаларында ғылым мен техника жетiстiктерiнiң пайдаланылу дәрежесiмен
анықталады.
Инновациялық қызмет жаңа шаруашылық-аумақтық құрылымдарды
(технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды,
венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектiлер
арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын
дамытуға көмектеседi. Бұл ретте экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң
мазмұны да өзгерiске ұшырайды.
Инновациялық процестер тек өндiрiске ғана емес, шынтуайтында қоғамдық
өмiрдiң барлық жақтарына ықпал етедi. Осының нәтижесiнде материалдық және
материалдық емес жағдайларды пайдалану құрылымы жетiлдiріледі, адамдардың
өмiр сүру қызметiнiң жаңа салалары құрылады. Мысалы, жоғары технологиялар
саласындағы бiр жұмыс орны өнеркәсiп саласында бестен онға дейiнгi жұмыс
орнын құрады.
Жоғары технологиялық өндiрiстер мемлекеттiк бюджеттi толтырудың
негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады. Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық
прогрестiң IЖӨ-ге қосатын үлесi неғұрлым дамыған елдерде, әртүрлi бағалау
бойынша 75-тен 100%-ға дейiнiн құрайды. Инновациялық қызметтiң әлеуеттiк
мүмкiндiктерi индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау жүйесiнде ескерiлуi
тиiс.

2.2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi
және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы
жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн
бiлдiредi.
      Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010
жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген
мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары
қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру
негiздерiн құруы тиіс.
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал
ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың
экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша
айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес
келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
      Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және
секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
• өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн
кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
• өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
• кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты
өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
      • ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа
негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
 • елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
• сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
• дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.
      Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
 •жеке сектормен серiктестiк;
 •инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық
емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк
қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
•өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң
жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк
қаржылық және өзге қолдау көрсету;
•қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға
мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
•тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны
қалыптастыруды қамтамасыз ету;
•қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан
бас тарту;
•индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға
бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi сапалық
өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар
мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге
мүмкiндiк бередi.

2.3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

2.3.1Инновациялық даму стратегиясы мен басымдықтары

Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда мемлекеттiк ғылыми-
техникалық саясатының принциптiк ерекшелiктерi бар. Дамыған елдер үшiн
iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландыру көлемiн арттыру, ғылымды
жеке сектормен өзара байланыстыруды ынталандыру есебiнен жаңалықтарды жедел
игеру, ғылымның корпоративтiк секторын құру мен дамытуға барынша ықпал ету,
ғылыми-техникалық әлеуеттiң экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге
тiкелей бейiмделуi тән.
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жеткiлiктi емес. Шаруашылық
субъектiлердiң ғылым мен инновациялық қызметке жұмсайтын шығындарын
мемлекеттiк ынталандыру жүйесi дамымаған, ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi
өндiрiске енгiзу маңыздылығын бағаламау сақталып отыр.
      Мұндай жағдайда Қазақстан мен дамыған елдердiң ғылыми-техникалық
дамуындағы алшақтық бұдан әрi өсе түсетiн болады.
Осыған байланысты негiзi жоғары және ғылымды қажетсiнетiн
технологияларға көшу және елдiң экспортындағы шикiзаттық құрамының үлесiн
қауiпсiз деңгейге дейiн азайту болуы тиiс мемлекеттiң қоғамның өндiргiш
күштерiн дамыту жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарламасына түзету енгiзу қажет.
Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар
экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және
басқа да факторлар (кесте) ықпал етедi.
Өндiрiстi кең ауқымды жаңарту үшiн қазiргi уақытта республикада
жеткiлiктi мөлшерде жоқ едәуiр капиталдық қаражат талап етiледi. Осыған
байланысты, қойылған мiндеттердi іске асыру үшiн мемлекеттiк
қаржыландырумен қатар несие ресурстарын, инновациялық қызмет
субъектiлерiнiң жеке қаражатын, шетелдiк капиталды және басқаларды тарту
алда тұр. Бұдан басқа, лизинг бойынша жабдықтар мен технологияларды сатып
алуды тәжiрибеге енгiзу қажет, өйткенi бұл бюджетке түсетiн күштi едәуір
азайта алады.
Шетелдiк технологиялар мен техниканың бақылаусыз ағылуы отандық
қолданбалы ғылымды тұншықтырып тастауы, қазақстандық экономиканың шетелдiк
әзiрленімдерден технологиялық тәуелдiлiгiнiң нақты пайда болу қаупiн
туғызуы мүмкiн екендiгiн есте ұстау қажет. Осының нәтижесiнде ондаған
жылдар бойына жинақталған отандық ғылыми әлеуеттiң жоғалып кету қаупi туып
отыр. Осының салдарынан республика жоғары технологиялық өнiмнiң импортын
кеңейтуге мәжбүр болады.

Кесте
Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін
факторлардың салыстырмалы сипаттамасы

Оң факторлар Теріс факторлар
бай табиғи ресурстар; экономиканың шикiзаттық
бос өндiргiш қуаттардың болуы; бағытталуы;
салыстырмалы түрде дамыған дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті
ғылыми-техникалық әлеует; технологиялар салаларының шектелуi;
технологиялық жағдайлардың iшкi қаржы ресурстарының тапшылығы;
қатарында технологиялық
баяндамалардың болуы; инновациялық қызметтiң
жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк- инфра-құрылымының дамымағандығы;
техникалық қызметшi; өндiргiш күштердi керi индустрия-
жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк лансыздандыру материалдық-техникалық
деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс күші;базаның жарақтануы;
елдiң екi құрлықтықтың тоғысында техникалық жағынан әлсiз өндiргiш
географиялық орналасуы; күштердi бөлудегi теңсiздiк;
инженерлiк-техникалық кадрларды ғылыми-техникалық қызметтi ком
даярлаудың қалыптасқан жүйесi. -мерциялау үшiн тетiктер мен нақты
инновациялық қызметтi жеткiлiксiз экономикалық ынталандырудың жоқтығы;
нормативтiк құқықтық реттеу; өндiрiстiң жоғары технологиялық
жаңаформациядағыбасқарушылық салаларының қатарында техникалық
кадрлардың болмауы; және өндiрiстiк кадрлардың жоқтығы;
ішкi рыноктың мардымсыз

сыйымдылығы.

      Осыған байланысты Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң
тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi.
      "Yстемелеу" инновациясы - жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық
әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың
тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен
экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың
барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.
      "Қарыз алу" инновациясы - бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi
тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен
кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы
мүмкiн.
     "Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа
енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып
алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен
байланысты.
      Қазақстан үшiн жақын болашақтағы неғұрлым қолайлы стратегия
"үстемелеу" және "қарыз алу" инновациялары, сондай-ақ олардың ұштастырылуы
болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдаланумен
бiрге, ғылым мен техниканың аралас және жаңа салаларында отандық ғылыми-
техникалық әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Отандық экономиканың даму шамасына қарай дүниежүзiлiк рыноктарда
республика үшiн жаңа инновациялық әзiрленiмдердi экспорттық өнiм
тауашасында өнiмдемелеу және сатуға негiзделген инновациялық дамудың
белсендi (генерациялайтын) тұрпатын, сондай-ақ шетелдiк жаңа
енгiзiлiмдердiң игерiлуi мен бейiмделуiне, олардың бiртiндеп өзiмiздiң
инновациялық жүйемiзге (мысалы, көлiктiк машина жасау) кiрiгуiне
негiзделген елiктемелiк тұрпатының ұштасуы мүмкiн болады.
      Инновациялық дамудың маңыздылығын ескере отырып, қазiргі жағдайда
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы қайта өңдеу мен сақтау, отын-
энергетикалық кешен, химия мен мұнай химиясы, жаңа материалдар өндiрiсi,
коммуникациялар, көлiк және байланыс жүйелерi, биотехнология сияқты
салалардағы инновациялық жобалар айрықша рөлге ие болып отыр.
      Басымдықтарды таңдап алу кезiнде экономиканы әлеуметтiк қайта
бағыттауға, тиiмсiз өндiрiстердi әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын
құруға, бiрiншi кезекте тұтыну рыногына жоғары сапалы өнеркәсiптiк
тауарлар, азық-түлiк шығаруға, олармен өзiн-өзi қамтамасыз ету дәрежесiн
көтеруге қабiлеттi салалар мен өндiрiстерде жүргiзiлуi қажет неғұрлым
жоғары технологиялық жағдайларды игеру мен ресурсты үнемдеуге анықтаушы мән
беру керек.
      Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - тұрмыс техникасын, күнделiктi сұраным
тауарлары мен экологиялық таза өнiмдердi өндiрудi озық дамыту.
      Дамыған елдер, энергетикалық және экологиялық дағдарыстардың
қысымымен, энергия шығынды технологиядан бас тарту және қалдықсызына көшу
есебiнен қайта өндiрудiң ресурсты үнемдеушi тұрпатына көштi. ¤неркәсiптiң
шикiзат саласының төмен технологиялық тұрпатын ескере отырып Қазақстанда
ресурсты үнемдеушi инновациялық жобалар жоғары экономикалық тиiмдiлiкке ие
бола алады.
      Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - минералдық, көмiрсутегiлiк және ауыл
шаруашылық шикізатты қайта өңдеу тереңділігін арттыру, металлургиядағы
ақырғы қайта өңдеудi игеру, техногендiк және қайталанған шикiзатты, ұқсату.

      Неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды айқындау кезiнде елдiң
экономикасы бесiншi технологиялық жағдайды қалыптастыру кезiнде
дүниежүзiлiк техникалық-технологиялық дамудың талаптарына қаншалықты
бейiмделе алатындығын ескеру қажет.
      Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - информатика мен микроэлектроника,
биотехнология және жаңа материалдар.

2.3.2. Бағдарламаны қалыптастыру тәртiбi
Республиканың инновациялық дамуының базалық принципi Бағдарламаның
бiрiнен соң бiрi өзара байланысты үш кезеңiн іске асыру болып табылады.
      Бағдарламаның қысқа мерзiмдi кезеңi (2001-2003 жылдар) екi кiшi
кезеңнен тұрады:
Дайындық (2001-2002 жылдар) - инновациялық қорларды, технопарктердi,
бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, сынамалы өндiрiстердi іске қосу, бақылау
және реттеу жүйесiн өңдеу, басқарушы құрылымдарды қалыптастыру жөнiндегi iс-
шаралар кешенiн қамтиды.
      Негiзгi (2003 жыл) - өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен
байланыстың базалық салаларында шағын және орташа инновациялық
кәсiпорындарды құру және дамыту, тауарлардың сыртқы рыноктарға шығуын
байқап көру, кадрлар құрылымын қалыптастыру, лицензияларды, патенттер мен
технологияларды сатып алу тетiктерiн өңдеу жөнiндегi iс-шаралар кешенiн
қамтиды.
  Бағдарламаның қысқа мерзiмдi кезеңiнiң мiндеттерi:
     • инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту (өндiрiстiк-
технологиялық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттiк сараптау,
сертификаттау, кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесiн құру);
     • ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi ақпараттық қамтамасыз
ету жүйесiн құру;
• заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
     • ақталу мерзiмi 2 жылға дейiнгi аймақтық және салалық инновациялық
кiшi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру.
   Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңi (2003-2008 жылдар) перспективалы
ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi iске асыру, сыртқы рыноктарда бәсекеге
қабiлеттi өнiм шығаруға бағдарланған жоғары технологияларды және ғылымды
қажетсiнетiн өндiрiстердi құру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтиды.
Негiзгi жұмыстар технологияларды өнеркәсiптiк игеруге дайындаудың базалық
ғылыми-технологиялық орталықтарында - технопарктер мен бизнес-
инкубаторларда жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңi отандық ғылымның жетістіктері,
шетелдiк техникалар мен технологияларды қарызға алу, патенттер мен
лицензиялар сатып алу негiзiнде қалыптасатын болады.
 Бағдарламаның ортамерзiмдi кезеңінің мiндеттерi:
     • экспортқа бағдарланған өнiмдердiң шығарылуын қамтамасыз ететiн
технологияларды енгiзу;
     • технологиялық жабдықтар, мұнай-газ, тау-кен өндiру, металлургия
өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, көлiк және байланыс үшiн дүниежүзiлiк
рыноктың талаптарына жауап беретiн жинақталымды бұйымдар мен машиналар
шығаруды ұйымдастыру;
    • iшкi және сыртқы рыноктарда тұрақты сұранымға ие болатын өнімдердi
шығаруға бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi iске қосу;
    • инновациялық сала үшін кадрлар даярлау мен қайта даярлау.
      Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңi (2008-2015 жылдар) орта мерзiмдi
бағдарламаның нәтижелеріне негiзделетiн болады. Ол ұзақ перспективаға
есептелген және тұтыну мен өткiзу рыногының жаңа салаларын қалыптастыруға
қабiлеттi орта және ірi кәсiпорындар құруға, базистiк инновациялар
әзiрлеуге, өндiрiстердi технологиялық қайта құрылымдауға және дүниежүзiлiк
рыноктарға арналған жаңа тауарлар шығаруға бағытталатын болады. Осы кезеңде
алдыңғы қатарлы шетелдiк технологияларды "көшiру" стратегиясы қолданылатын
болады.
      Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңi шеңберiнде отандық ғылыми
мекемелердi басым ғылыми-технологиялық бағыттарға қайта бағдарлау және
республика үшiн жаңа технологиялық жағдайлар жасау жүргiзiлетiн болады.
     Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңiнiң мiндеттерi:
• орта мерзiмдi бағдарламаның неғұрлым талап етiлген жобаларын iске
асыру;
• өнiмдi өткiзудiң тұрақты рыноктарымен iрi өндiрiстердi қалыптастыру;
     • экономика салаларының технологиялық дамуын қамтамасыз ету.
      Бағдарламаның орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерiн iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспарлары Бағдарламаның бұрынғы кезеңдерiн iске
асыруда алынған нәтижелерге сүйене отырып әзiрленетiн және Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң жекелеген қаулыларымен бекiтiлетiн болады.
      Бағдарлама нақты экономикалық көрсеткiштер бөлiгiнде ұлттық
әлеуметтiк-экономикалық басымдықты сүйене отырып жыл сайын нақтыланатын
және түзетiлетiн болады.
  Барлық салаларды олардың әлеуметтiк-экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғам түсінігі мен оның қызметі
Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Қоғамның құқықтық жағдайы
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Пәндер