Алтын өндірісіне инновациялық технологиялар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Инновация
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 5
1.1.Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және
әлеуметтік
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 6
ІІ. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытудың
нарықтық механиздері ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2.1. Франчайзингтің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Оффшорлық бизнес
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.3.
Лизинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 17
ІІІ. Қазақстандағы өндірісті өркендету экономикамыздың
негізі бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ..
... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . 21
3.1.Алтын өндірісіне инновациялық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... . 21
ІV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 25
V. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Кіріспе
КСРО экономикасы әр республикаға, нақты қажеттіліктерді ескерместен,
өз рөлі мен даму стратегиясы берілетіндей түзілген болатын. Украинада –
технологиялық өндіріс, Белоруссияда машина жасау шоғырланды, Өзбекстан
мақта өндірді. Қазақстанға аграрлық-шикізаттық шылау рөлі берілді. Бұл оның
орасан табиғи ресурстарымен айқындалған еді.
Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті
шығармады, онда 4 және 5 қайта бөлісулер болмады. Жерімізде ресурстардың
барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Совет Одағы ыдырап, тәуелсіздік
алған республикалар, басқа да бұрын социалистік әлемді құрайтын жалпы саны
30-ға жуық мемлекеттер өз елдерінде күрделі экономикалық реформалар жасау
ісіне кірісті. Мақсаттары - әлем елдеріндегі шаруашылық саланың ең озық
үлгісі – нарық экономикасына көшу болатын. Мақсат ортақ болды, ал аталмыш
елдердің әрқайсысының осы нарық жүйесін түсініп-пайымдауы, оған көшу
дайындығы әртүрлі болатын. Мысалы, Польша Чехия, Словакия, Словения, басқа
да Шығыс Еуропа елдерінде нарық жүйесі социалистік кезеңнен бұрын да
қолданылған, олардың халықтарының тарихи санасында сақталған болса, Орталық
Азия елдерінде, оның ішінде қазақ халқының шаруашылық жүйесінде ешқашан да
қолданылып көрмеп еді. Сондықтан да тыңнан соқпақ іздеп, жол салуға тура
келді. Бірінші қиындық осында болды.
Екіншіден, феодалдық экономикадан капиталистік шаруашылық
жүйесіне, одан социалистік жүйеге өту тәжірибесі көптеген елдерде бар еді.
Ал керісінше, социалистік экономикалық жүйеден нарық жүйесіне өту
тәжірибесі бұдан бұрын адам баласының тарихында болған жоқ. Барлық әлем
елдері біздерге күдікпен де, үмітпен де қарады.
Міне осындай үрдіс басталғалы 15 жылдай уақыт өтті.Бұл тарихтың
жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі
болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті – тәуелсіз
мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және
тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі
туындады.
Еуропадағы дамыған елдерде бұл үрдістің әрқасысына ғасырлар
кетіп еді. Сондықтан да осы реформаларды қатар жүргізу біздерге оңай түскен
жоқ. Дегенмен, нәтижесіз емеспіз. Жай ғана нәтиже емес, айтып ауыз
толтырарлық нәтижелерге жеттік.
Міне, соның арқасында бүгін жаңа асуларды нысанаға алып
отырмыз. Бүгінгі нысанамыз – тек қана нарық экономикасы емес, жоғары
технология һәм ғылыми негізде құрылған, сондықтан да тиімділігі артық жаңа
экономика. Бүгінгі нысанамыз – тек ешкімнен қалып қоймай немесе өзің сияқты
елдердің ғана қатарында болу емес, дүние жүзінде бәсекеге қабілеттілігі
жағынан ең жақсы нәтижеге жеткен 50 елдің санатына қосылу.
Тәуелсіздіктің он бес жылында жүргізілген реформалар
экономиканың жедел де сапалы дамуын іске асыру мүмкіндіктерін туғызды. Оның
басты құрамдасы елдің индустриялық-инновациялық дамуы болып табылады.
І. Инновация ұғымы
1.1. Жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің
көрсеткіштері
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жалпы ұлттық өнімнің 80 пайызы
инновацияның есебінен өркендейді. Инновацияны өндіріске енгізу бүгінгі күн
талабы. Әуелі инновация деген не сұрағына жауап беруден бастайық.
Инновация ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу,
жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік процесті, өнімді
немесе қызметті игеру, қазіргі тілмен түсіндіргенде жаңалықты инвестициялау
дегенге саяды. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінде жаңару, өзгеру
сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктерді береді.
Өнеркәсіптік өнімдерді жаңа технологиялық деңгейге
көтеру инновациялық үдерімді дамытпайынша мүмкін емес. Сондықтан
инновациялық үдерім тегершінін жасақтау қажет. Инновациялық құрылымдарды –
технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды
дамыту өзекті мәселеге айналады. Жолдауда мұның маңызы барынша ашып
көрсетілген.
Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп
қалыптасып келед, сондықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай
экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп
отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын
дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілмек.
Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра
отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің
бірегей тәжірибесі болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық және
сараптамалық орталықтар мен инженеринг, технологиялық трансфертті ғылыми
қор құру жайында шешім қабылданды.
Инновациялық саясат саласында Қазақстан Республикасындағы
венчурлік индустрияны дамытудың тұжырымдамасы әзірленді және ол Қазақстан
Республикасының Үкіметіне енгізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасын тиімді түрде іске асыратын ғылыми-технологиялық орталық
ретінде Оңтүстік Қазақстанда технопарк құрудың қажеттілігі пісіп жетілді.
Технопарк мақта, шиналық, металлургиялық, аграрлық, құрылыс, туризм және
басқа да кластерлерді құруда уақытты үнемдейді. Сонымен бірге жасалымнан
ендіруге дейінгі техникалық құжаттарды ұсынуға кететін шығындарды мейлінше
азайтады.
Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту
негізінде арнаулы технопарк құрылып, жұмыстар жүргізілуде.
Құрылып жатқан технологиялық парктерде инновациялық үрдістерді
жолға қоюда шетелдік әріптестерге айрықша орын бөлінеді. Осы орайда Елбасы
Қазақстанның салық заңнамаларының осындай басым бағыттағы жобаларға
қатысуды табыстаған сәттен бастап 5 жыл мерзімге корпоративтік және жер
салығынан босататынын атап көрсетті.
1.1. Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың
шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландырылуын тереңдетуге,
өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновация –
негізгі қозғаушы күш болмақ.
Отандық өнімдердің халықаралық рыноктардағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің
маңыздылығы зор. Яғни, шығарылатын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай
келуіне баса назар аударуымыз қажет.
Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі
атқарылуға тиісті міндеттер:
елдегі индустриялық-инновациялық күштерді қалыптастыру және
нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның даму банкі мен Қазақстандық
инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған
жұмыстарды қаржыландыратын болады;
мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық
дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы
фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау,
мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін
қалыптастыру.
Сонымен, өнеркәсіптің инновациялық дамуын табысты жүзеге асыру
экономиканың ұзақ мерзімде тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, бәсекеге
қабілетті өнім өндірісі мен экспорттың өсуіне қолайлы жағдай туғызбақ.
ҒТП - өндірістік процестердің тиімділігін, сапасын арттыру,
халық сұранысымен толығырақ қанағанттандыру мақсатымен ғылым мен
техниканың, технологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін шаруашылық пен
өндірісте кеңінен қолдану үрдісі.
ҒТ төңкеріс – түбімен өзгерту, революция.
Инновация – жаңа бұйымдарды, тезнологияларды, ұйымдық формаларды
жасауға, өндіруге, дамытыға және сапа жағынан жетілдіруге бағытталған
процесс.
Инновация – жаңалық енгізу, ғылыми жетістіктерді, озат тәжірибені
пайдалана отырып жаңа бұйымдарды, техника және сапа жағынан жетілдіруге
бағытталған жаңалық енгізу процессі.
Инновация 3 негізгі кезеңдерді қамтиды.
1) Зерттеу бастаудан өнеркәсіпте алғаш рет игеруге дейінгі кезең, яғни
ғылыми зерттеу жұмыстарын орындап, алдымен өнеркәсіпті қолдау.
2) Алғашқы игеруден бастап, бұйымды немесе тауарды тұтынушының қажеттілігін
қанағаттандыру үшін қажетті мөлшерде шығаруға дейінгі кезең.
3) Тауарды немесе бұйымдарды тұтынушы кең мөлшерде пайдаланады, сонымен
бірге күтім жасалып, кәдеге жаратылады.
ҒТП-ң негізгі көрсеткіштері:
1) Өндірістің өркендеуі, ЖҰӨ-ң артуы.
2) Өнімділік.
3) Еңбек өнімділігі.
4) Капитал өнімділігі.
5) Өндірістік потенциялдың артуы.
6) Еңбек сыйымдылығы және т.б.
Нарықтық жағдайдағы ғылым және ҒТ саясат:
Мыс: АҚШ-та ҒТ саясаттың негізгі принциптері:
1) Ғылыми зерттеулер мен тәжірибе конструкторлық жұмыстар, бағдарламаларды
бөлу және орындау кезіндегі бәсекелестік.
2) Өндірілген жаңалықты жан-жақты оптималдандыру (жетілдіру).
3) ҒТ жаңалықтарды енгізуге тұтынушылардың әзір тұруы үшін нарықты
ынталандыру.
4) Академиялық еркіндікті жария ету, ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдаудағы
қоғамдықтардың дербестігін қамтамасыз ету.
5) Меншік түрлерінің сан алуандығы негізінде ҒТ меншікті ұйымдастыру
түрлерінің көп қырлы болуы.
6) ҒТ қызметті жан-жақты жетілдірілген заңмен қамтамасыз ету.
Өндіріс потенциалы - өсу мүмкіндігі.
ҒТП-ң бағыттары:
1) Ғылыми зерттеу институттары, ғылыми орталықтардың, университеттің ғылыми
орталықтарының тарапынан қызмет көрсету, ақылы негізде, бәсекелестік
негізде, таңдау негізінде, сондықтан ҒТ мекемелердің материалдық базасын
өркендету керек, яғни оларға компьютер, бизнес-инкубатор, технопарк т.б.
2) Веньчурлық кәсіпорындар, веньчурлық қорлар тарапынан жаңалықтарды
дамытуға қызмет көрсету.
Веньчурлық капитал – тәуекелді жобамен жасалған жаңа техниканы,
тауарларды, бұйымдарды игеру үшін бөлінген ұзақ мерзімді қаржы не
инвестиция. Оның ерекшеліктері пайыз төленбейді, қаржы міндетті түрде
қайтарылу талап етілмейді.
Веньчурлық кәсіпорындар – қолданбалы ғылыми зеттеулер жүргізіп, жоба
конструкторлық қызметтер орындап, техникалық, технологиялық жаңалықтар
енгізумен шұғылданатын шағын кәсіпорындар мен фирмалар.
“Веньчур” ― пайдалы, бірақ келешек нәтижесі белгісіз іс-әрекетке
тәуекел жасау. Әдетте мәселені шешу мақсатында ғылыми-конструкторлық
мекемелер ұйымдастырылады. Қатерлі іс-әрекетке жасау кәсіпкерлер мен
ұйымдастырушының пайдасын молайтып, пайда табу үшін жаңалықтардың тәуекелді
жобасын дайындайды.
Веньчурдың 2 түрі бар: Сыртқы және ішкі.
Сыртқы веньчур (“пікір”, “идея”) пікір иесі және веньчур кәсіпорын
қожасы веньчур капиталын зейнетақы қорларын, сақтандыру бірлестіктерін,
мемлекеттің қаржысын, шетел инвесторларын қатыстырып құрған дербес, шағын
ғылыми фирма.
Мұндай фирмаларда қызметкерлер саны 100-ден аспайды және олар әрі
ұйымдастырушы, әрі жетекші қызметкер болып саналады.
Ішкі веньчур – ірі корпарациялар ішінде пайда көлемін, көзін молайту
үшін бәсекелестіктерімен, не өз қызметкерлерінен түскен тәуекелді пікірлер
мен жобаларды таңдап алу, қаржыландыру мақсатымен, проблемалық
лабараториялық атымен құрылатын кәсіпорындар ішкі веньчур деп аталады.
ІІ. Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытудың нарықтық
механизмдері
2.1. Франчайзингтің қалыптасуы
Тауар сатудағы және қызмет көрсетудегі әдістермен франчайзинг
бизнесінің ерекшеліктерін қолдану арқылы айналысуға болады. Көптеген
елдерде франчайзинг бизнестің прогрессивті әдісі болып табылады және
табысқа жету үшін тәуекелге дайын кәсіпкерлер үшін өте тиімді.
Франчайзинг - француздың "franchize" деген сөзінен шыққан, аударғанда
жеңілдік, арнайы құқықтық мағынасын білдіреді.
Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті береді: кәсіпкер жаңа техника
мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде
үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік алады. Бір жақ екінші
жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін -франчайзингілік
лицензия деп атайды.
Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайын ұсына
отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан франчайзинг атаулы
бизнес, ақпарат пен тәжірибені қолдануға онтайлы жағдайларды туғыза отырып,
техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын азайту арқылы
шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын
төмендетуге мүмкіншілік береді. Бұл жүйені күнделікті өмірде қолдана білу
бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады. Мысалы, франчайзингілік
жүйені "Макдональдс" немесе "Дока-пицца" (Ресей) "Coca Cola" (АҚШ) және
көптеген фирмалардын қол жеткізген оң нәтижелі еңбектерін ауызға тиек қылып
айтуға болады. Білімнің, тәжірибенің, қаржылық қорлардын және сақтандыру
жүйелерінің деңгейінің төмен болуына қарамай, Қазақстанда франчайзингтің
тәжірибесін қолдануға тырысатын кәсіпкерлер саны көптеп саналады. Сондықтан
франчайзинг Қазақстанда тек бөлек фирмалар қолданып, басқалармен өз
тәжірибесін бөлісуге дайын емес. Сонымен қатар франчайзинг заңдылық базасын
және лицензиялауды қажет етеді. Республикада осы жаңа дүниелерді үйрету
үшін рұқсат алуға мүмкіншілік жоқ. Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі
ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады.
Үлкен фирмалар (франчайзерлердің) технологияның, "ноу-хау"-дың
иелерінің өзінің әріптестеріне көмек (франчайзи) көрсетуді ұйымдастыруда
қолданылған іс-қимыл - франчайзинг деп аталады. Мысалы, франчайзинг сауда
және қызмет көрсету сферасында қазіргі кезде кең құлаш жайып отыр.
Франчайзиді жеңілдік көмек ретінде алу үшін төмендегі талаптар шешімін
табуы қажет:
Берілетін тауарлар мен қызметтерге мүмкін болатын
зияндылықтардан қорғау үшін сақтандыру әдістері қолданылуы қажет, яғни
кепілдік керек.
Франчайзердің сауда маркасын қолдану белгілі бір ережелер мен нормалардың
талаптарына сай жүргізілуі қажет.
Франчайзер (сатушы) өзінің сауда маркасын белгілі бір келісілген
территорияның аумағында ғана жүргізуге рұқсат етеді.
Франчайзингтің мынадай түрлері болады:
1. Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық
маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.
2. Франчайзердің өндіретін өнімге қолданатын технологияны пайдаланып,
тауардың маркалық аталуын пайдалану - өндірістік франчайзинг деп аталады.
3. Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсетуге болатын
мүмкіншілікті пайдалану - іскерлік франчайзинг деп аталады.
Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп
тарағандары:
а) аймақтық франчайзинг;
б) дамушы франчайзинг.
Жоғарыда көрсетілген франчайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен
айырмашылығы - франчайзинг келісім-шарттың ұзақтығымен, қарым-қатынастардың
деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде
қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің
жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді
аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзерден көмек сұрайды.
Негізгі франчайзи аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдастыру барысында
франчайзерлерден болашақ табыстан роялти негізінде өз үлесін келісім-шартта
көрсетіп алуы қажет. Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен
шектелген қарым-қатынаста болады. Мысалы: Дока-пицца фирмасының жаңа
қондырғысы мен технологиясын немесе TV сервистік қызмет көрсету аймақтық
франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылын отырады.
Авторлық құқы бар тұлға қодданудан пайда болған табыстан емес
франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар
франчайзингтен табылған табыстар келісімдегі өлшемдерге сәйкес
франчайзингке қатысатын субъектілерге бөлікіп беріледі. Франчайзингтің
негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке
қатысушылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымек анықталады және олардың
қарым-қатынастары келісім-шарт негізінде құрылуы қажет. Бизнестің басқа
компаниямен әріптестік қатынаста бола отырып, табыс табу жолы қиындайды.
Белсенділігімен, өзінділігімен, шынайылығымен көзге көрінетін кәсіпкерлер
үшін бұл үрдіс ауыр тиеді. Сондықтан франчайзингтегі өзара келісімді
қалыптастыру өте қиын жұмыс. Қазақстандағы көптеген кәсіпкерлер Шығыстың
рухында тәрбиеленгендіктен, бұл үрдіс одан да қиынға түседі. Әсіресе, елдің
қылмыс деңгейінің жоғарылығы және экономикалық жағдайының нашарлығы
республика кәспкерлеріне шын және шынайы қарым-қатынас құруға мүмкіндік
бермейді. Өйткені франчайзинг экономикалық мазмүнына сәйкес корпорациялық
және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.
Франчайзингілік жұмыс жасау үшін төмендегідей қадамдарды
жасаған дұрыс:
-белгілі нарықтық кеңістіктегі бәсекенің деңгейін анықтап
талдау; -тауардың ерекшелігін табу;
-сұраныс пен ұсынысты анықтау;
-нарықтың сыйымдылығын нақты белгілеу;
-инвесторлар түрінде франчайзерлердің тарту
мүмкіншілігі.
Осыларға жауап тапқан кезде ғана франчайзер де, сол сияқты франчизада
келісім-шартқа отыруға бслады. Франчайзинг жаңа техниканы пайдалануға,
бухгалтерлік қызметтерді көрсетуге, жүкті тасымалдауда және тағы сол сияқты
жүмыстарда өте ынуайлы болып табылады. АҚШ-та франчайзинг, әсіресе,
сауданы, көпшілікті тамақтандыруда, ұйымдастыру мәселерінде тиімді болып
есептеледі.
Егер де франчайзер тауардың жабдықтаушысы болса, онда франчайзи
ұсынатын негізгі жеңілдіктер:
-күшті жарнама
-қоғамдық мойындау
-бастапқы кезенде үйрету, көмектесу
-орталықтандырылған сауда
-франчайзингілік кәсіпорынды дайындау және оның орналасу жерін таңдау
-бухгалтерлік есепшот ұйымдастырудағы көмек.
Бұл тізімнің қатары өзара келісім-шартта толықтырылуы мүмкін. Көптеген
жағдайда франчайзи жаңа жабдықты немесе оны қолдануды сатып алса,
техникалық көмек пен қызмет керсетуді талап етуге мүмкіншілігі болады.
Франчайзи бірнеше жылдан кейін бұл бизнес туралы франчайзерлермен тең
дәрежеде меңгеріп, қарым-қатынастарда кайшылықтар мен келіспеушілікпен
қатар, бәсекелестік пайда болуы мүмкін.
Сонымен Қазақстан Республикасында франчайзерлер өз атымен, бөгде
маркалы тауарды және қызметті пайдалана отырып дами алады. Франчайзингілік
бизнесте үлкен және шағын бизнестің артықшылықтарының қосылуы орын алады.
Бұл елдегі кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Өз сауда маркасы атынан шығатын франчайзерлер төмендегідей
артықшылықтарға ие:
-сауда есебінің экономикасының есебінен өндіріс масштабын жоғарылату
мүмкіндігі
- ұсақ кәсіпорындардан келетін шығынға кеткен экономика есебінен
жеке бизнесін кеңейту үшін қаржының өсуі.
-бөгде марканы пайдаланатын франчайзерлердің негізгі компания
тарапынан маман дайындау, жарнама, маркетинг, қаржы және т.б. саладағы
қажетті көмек көрсету артықшылығы бар.
Республика франчайзерлердің лицензиялануын және баска да құкықтарын
қорғауға, жаңадан келе жатқан монополистерге - барлығына тең, қатал
шешімдер қабылданып, олар жүзеге асырылуы керек. Әрине, франчайзингтік
келісім негізіңде ерекше заңдарды кабылдамай-ақ, тиісті заңдардың талабымен
өзара қарым-қатынастарды рәсімдеп, қолдануға болады. Жоғарыда айтылған
ерекшеліктер франчайзингілік бизнеспен айналысатын фирмалардың Қазақстан
нарығында жаңа, дәстүрлі емес кәсіпкерлік түрімен айналысып, өзінің бай
тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
2.2. Оффшорлық бизнес қажеттілігі
Нарықтық экономикаға көшу және дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің
интеграциялануы оффшорлық бизнесті құру мен дамыту қажеттілігімен
қамтамасыз етіледі. Іс-әрекеттің белгілі бір түрі ретінде оффшорлық бизнес
батыс елдерінде өте көп, ал ТМД елдерінде аз таралған. Оффшорлық бизнестің
сипаты мен маңызы ТМД ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz