Инновация теориясы туралы түсінік
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1. Инновация теориясы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Инновация теориясын қалыптастыру және
дамыту ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Жаңа техниканы, технологияны қолдану
қажеттігі ... ... ... ... ... ... .1 0
1.3 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі ... ... ..12
2. Компанияның инновациялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Кәсіпорынның индустриялық – инновациялық даму
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14
2.2 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... 1 7
2.3 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың
инновациялық қызметін реттеу
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылы
халыққа жасаған жолдамасында түпкі мақсат ретінде экономиканың
бәсекелестігін арттыру негізінде экономикалық өсудің қалыпты және жоғарғы
қарқынына жету деп белгіледі. 1999 – 2000 жылдардан бастап еліміздің
экономикалық дағдарыстан шығып, экономикалық өсуге минералды
ресурстарды, қазба байлығымызды белсенді пайдалану арқасында жетіп отырғаны
белгілі, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің
мәліметтеріне қарағанда 2003 жылы Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) 9,2% өсуі
өнеркәсібі салаларының өндіріс қаркыны 8,8%, ауыл шаруашылығында - 1,4
құрылыста 12,4% артуымен түсіндіруге болады. 2003 жылы негізгі қорларға
жұмсалған инвестициялардың 57,9% өнеркәсіп салаларында жұмсалса, соның
ішінде 44,9% тек кен өндіру өнеркәсібінде пайдаланылды. Өнеркәсіптің
өңдейтін салалары бұл мәселе бойынша әлі де болса көлеңкеде қалып отар.
Осыған қарамастан өнеркәсіптің шикізат салаларына шетел инвестицияларын
тарту аркылы және қаржы саласында құрылымдық - институционалды
өзгерістерді енгізу нәтижесінде халықтың өмір деңгейі бірте - бірте өсіп,
қаржы ресурстары жинақталып, келешекте еліміздің постиндустриалды қызметті
- технологиялық даму сатысына жетудің негізі қаланып жатыр.
Әлемдік тәжіриебеге байланысты кейбір шикізат ресурстары мол дамушы
елдер қалыпты экокомикалық дамуға жете алмай дүниежүзілік тауар рыногының
коньюктура өзгерістеріне тәуелді болып қалады. Бұл елдерде ертелі-кеш
табиғи байлықтары сарқылып, экономиканын қалыпты дамуында белгілі
қайшылықтар туындайды. Керісінше табиғи қазба байлықтары кем болғанымен
кейбір елдер әрдайым экономиканың жана, ғылыми - техникалық прогресс
талаптарына сәйкес салаларын дамытуға ұмтылып, керемет жағдайларға жетіп
жатқандарын көріп отырмыз. Дамыған елдердің тәжіриебесіне сүйенетін болсақ
өнеркәсіп өндірісінің 75-100% өсімшесіне инновацияларды қолдану арқасында
жетуге болады екен. Бүгінгі таңда әлемдік экономика шеңберінде ғылыми
сыйымды өнім өндірісін бар болғаны 50-55 макротехнологиялары қамтамасыз
етіп отыр. Жеті дамыған елдер осы макротехнологиялардың 46-сын иемденіп
жоғарғы технология рыногының 80% қолдарында ұстап, соның нәтижесінде әр
жылы осы өнімді экспорттау арқылы АҚШ - 700, Германия - 530, Жапония - 400
млрд АҚШ доллар көлемінде пайда көріп отыр. Осыған байланысты еліміздің
болашағын ішкі түрлі мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, ғылыми сыйымдылығы
мол өндіріс салаларын дамытумен байланыстырамыз. Стратегиялық даму мүддеге
сәйкес Қазақстан Республикасы шикізат секторының даму деңгейінің
тәуелділігінен алыстап, жоғарғы технологиялық тауарлармен қызметтерді
экспортқа бағыттау жүйесіне ауысуы қажет.
Әлемдік экономиканың ғаламдану сатысында еліміздің экономикасында
өзінің шешімін күтіп тұрған бірнеше мәселелерді атап көрсетуге болады.
Оларға экономиканың шикізатқа бағыттануы; әлемдік экономика жүйесінде,
еліміздің ішіндегі салааралық және регионаралық интеграцияның әлсіздігі;
ішкі нарықтағы тауарлармен қызметке деген тұтынушылар сұранымының кемдігі;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы
техникалық және технологиялық деңгейде артта калуы; ғылым мен өндірістің
тиімді өзара байланыстарының үзілуі; ғылыми-зерттеу және тәжірибе -
конструкторлық жұмыстарға қажетті көлемде қаржының бөлінбеуі тағы с.с.
жатады. Аталған мәселелерді шешу жолдарының негізі ретінде Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдары индустриялды - инновациялық даму
стратегиясын іске асыру нәтижесінде ұлттық инновациялық жүйе құру болып
табылады. Бұл жүйенің негізгі элементтеріне ғылыми-техникалық саласы,
кәсіпорындардың инновациялық қызметі және инновациялық инфрақұрылым жатады.
Әр элементтің атқаратын рөлі өте маңызды, дегенмен бұл мақалада ұлттық
инновациялық жүйеде бастапқы элемент ретінде кәсіпорындардың инновациялық
қызметін сипаттап, жеңіл және тамак өнеркәсібі кәсіпорындардың аталған
қызметінде кездесетін мәселелерді зерттеп, оларды шешу бағыттарын
анықтаймыз.
Жалпы алғанда аталған кәсіпорындардың инновациялық қызметіне:
➢ зерттеу мен өндірісті жаңа технологиялық деңгейде дайындау;
➢ ұйымдастыру, жаңа өнімдерді жобалау;
➢ оларды өндіру алдындағы жұмыстарын жүргізу;
➢ жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін мамандарды қайта оқытып
үйрету;
➢ нарық коньюктурасын алдын-ала сараптау;
➢ жаңа өнімнің өміршеңдік цикл ұзақтығын анықтау мақсатымен
маркетингтік зерттеулер жүргізу;
➢ өндірісті қайта жарақтандыру үшін алдыңғы қатарлы машиналар,
жабдықтар, технологиялық желістерді сатып алу;
➢ лицензиялар, ноу-хау, патент бойынша құқықтарды иемдену тағы с.с.
жатады.
1. Инновация теориясы туралы түсінік
1.1 Инновация теориясын қалыптастыру және дамыту
Дамыған елдер экономикасының қайта құрылуының тарихи тәжірибесі
ең алдымен - инновация және оның жіктелуі, инновациялық үрдіс, оны құраушы,
инновациялық қызмет және оның сипаттамасы сияқты инновацияның негізгі
категорияларын білуді қажет етеді. Экономикалық категорияларға жасалған
талдаудың мәліметтері, зерттеудің анықталған ерекшеліктері мен жаңа
технологияны пайдалану шаруашылық тұлғалардың инновациялық дамуының қазіргі
замаңғы тұжырымдамасын айқындайды.
Іргелі және қолданбалы ғылымдар, технологиялар, ғылыми-техникалық
зерттеулердің дамуы мен ғылыми-техникалық революцияның қол жеткізген
жетістіктерін пайдалану ғылым мен техниканың болашағын жүйелі, түбегейлі
болжамайынша іске асуы мүмкін емес. Әрине, инновациялық экономиканың барлық
саланы қамтуы жағдайына орай бұл процесс белгілі дәрежеде дамыған
мемлекетге немесе корпорацияда ғана жүзеге асуы мүмкін.
Бұл - индустриалдық дәуірдің электрондық-технологиялық дәуірге ауысуы.
Сондықтан бұл инновациялық экономиканың мазмұнын негізгінен базалық
түсініктемеден бастағанымыз дұрыс.
Тура мағынасында инновация (ағылшынның - innovasion) қазақ тілінде
жаңаны енгізу, жаңа нәрсені пайдалану үрдісі немесе ойлап табу мағынасын
береді. Жаңа идея немесе инновация (ағылшынның - іnnovasion) жаппай
қолдануға қабылданған сәттен бастап жаңа сапаға ие болады. Бұндай өзгеріс
инновациялық үрдіс деп аталады, ал инновацияны нарыққа енгізу -
коммерциалау деп аталады. Жаңа идея тек ғылыми-тактикалық жаңалығы болған
кезде, өндірістік сатылым және экономикалық тиімді болған кезде ғана жаңа
технология түріне немесе жаңа өнім түріне көше алады.
Инновация XIX ғасырда пайда болды деп саналады. Бастапқы кезеңінде ол
кейбір элементтердің бір жүйеден екінші жүйеге енуі түрінде болды.
Инновация заңдылықтарын үйрену тек XX ғасырдың басында ғана қолға алынды.
1911 жылы австрия, кейін американ ғалымы болған Йозеф Шумпетер
"Экономика теориясының дамуы" еңбегінде инновация туралы ұғымды ғылыми
айналымға енгізді. Ол инновация үрдістері туралы былай дейді: жаңа
технологияны қолдану кезінде пайда болатын жаңа өнімдер өндіріске
жіберіледі, жаңа сатылым нарықтары, жаңа шикізат пайда болады және жаңа
комбинациялық үрдістер ғылыми айналымға енеді.
И. Шумпетер инновация дамуының бес белгісін көрсетеді:
1) Өндірісті жана техникамен, технологиялық үрдіспен немесе жаңа
нарықпен қамтамасыз етуде пайдалану;
2) Жаңа қасиеттері бар өнімдер өндіру;
3) Жаңа шикізатты қолдану;
4) Жаңа нарық сатылымдарьь нын пайда болуы.
И. Шумпетер өзінің кәсіпкерлік туралы түсінігінде ең алдымен бұл
саланың экономикалық прогрестерге маңыз беруі инновация рөлін жоғары
бағалаудан басталады дейді: "Өндіріске өзгерістер енгізудегі кәсіпкердің
қызметі жаңа тауар шығару, ескі тауарды жаңа әдіспен өңдеу, жаңа шикізат
көздерін ашқанда, материалдарды пайдаланғанда немесе жана нарық, саланы
қайта құруда, т.б. өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді
пайдалану.
Бүкіл дүниежүзі соғысы алдындағы темір жол құрылысының басталуы,
электроқуатты өндіру, бу қуаты мен құрылым, автомобиль, колониялдық
кәсіпорындар - бұлардың бәрі тіпті шұжықтың жаңа түрі мен ерекше тіс жуғыш
щеткасын шығаратын сансыз көп өкілдері бар үлкен құбылыстың көрсеткіштері.
Міне, тура осындай қызмет - экономикалық организмнің қозғаушы күші болып,
оның анда - санда "көтеріліп" немесе "құлдырап" отыруының басты себебі
болып табылады. Өйткені оның салдары жаңа тауар өндіруде немесе жаңа
әдістерді пайдалануда тұрақтылықтың бұзылуына әкеледі.
Жаңа нәрсені ойлап табу, жасау әркашанда қиын және жаңа затты сату ісі
өзіндік ерекшелігі бар экономикалық қызметті көрсетеді, сондықтан да,
барлық жаңа зат күнделікті үйреншікті құбылыстардан айрықша болуы себепті
ол кез келген ортада өз бағасын, өзіне лайықты орнын алуы қажет".
Берілген И. Шумпетер сілтемесінде инновациялық (инновация) теориясының
шеңбері анық көрсетілтен: инновациялық қызмет кәсіпкердің басты міндеті;
инновация-өнімдер мен инновация үрдістердің айырмашылығы, радикалдық
(базистік) және жақсартушы, технологиялық, экономикалық инновациялар;
Циклды экономикалық тербелістердің инновациялық орны; ортаның қарсылығы
және оған төтеп беру қажеттілігі.
Кейбір жағдайларда И. Шумпетер өз теориясын жасауда ресей экономисі Н.
Кондратьевтің еңбектеріне сүйенген. Н. Кондратьев экономикалық өмірдің
тарихи кезеңдерін ұзақ толқында (цикл) 50 жылдық ұзақтықпен алуды ұстанған.
Үлкен кезеңдерді дәлелдеуде Н. Кондратьев тауар бағасы индексінің
қозғалысын, кейбір бағалы қағаздар бағамын, депозиттерді, салалық еңбекақы,
ішкі тауар айналымдарын, көмір өндіру мен пайдалану және шойын, қорғасын
өндірістерін зерттеген. (Ағылшын, Франция, Германия, АҚШ материалдары
негізінде).
Н. Кондратьев 50-60 жылдар аралығындағы кезеңдіктің грендін жасады. Ол
оған әлемдік экономикалық тербелістің келесі кезеңдерін анықтауға
мүмкіндік берді:
ХVІІІ ғ. 80-ші жылдар аяғы - XIX ғ. 40-ы жылдары.
XIX ғ. 40-шы жыл ортасы - XIX ғ. аяғы
XIX ғ. - 1920 ж. (асып кететін фаза).
И. Шумпетер Н, Кондратьевтің әдісін қабылдал, инновация табиғатының
ұзақ кезендігін қабылдауды ұсынады.
Бүгінде И. Шумпетер теориясының бірқатар элементтерін қолдануға негіз
бар. Ол Н. Кондратьев гипотезасын дамытты, кесілген таралымдағы сәйкес
кластерлердегі жаңатанымдардың өзара байланысындағы экономикалық дамудың
серпінді қарқыны болатынын түсінді. Бұл үрдіске өзін-өзі реттеуші және
толқын формасындағы сипаттама тән.
Питирим Сорокин инновация теориясын кен ауқымда түсініп, оған өнер,
мәдениет, әлеуметтік және саяси қатынастарды кіргізумен қатар, ғылыми
жетістіктер мен зерделімдерді, мемлекетаралық және азаматтық соғыстарды да
жатқызды. Ол техникалық зерделімдердің динамикасын 5 мын жылдық қоғам
тарихында зерттеді. Өте ірі жаңа танымдарға талдау жасап, олардың рухани
өмірдегі мәнін қарастырды.
Питирим Сорокиннің Н. Кондратьевтан ерекшелігі, оның тарихтың жалпы -
даму тренін жоққа шығаруында. Ол тербелістерді (флуктуация) мәнсіз,
мағынасыз деп санаған және инновация толқындарының рухани саладағы саңдылық
бағасын береді.
Сонымен XX ғасырдың үш онжылдығында әсіресе, технологиялық және
әлеуметтік-мәдени салаларда инновация теориясының іргетасы қаланды.
Кондратьевтің пікірі бойынша инновация теориясы дамуының екінші кезеңі
- 40-ыншы жылдар мен 70-жылдардың арасында іргелі жетістіктер болмаған.
Оның себебі, Екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі жаппай
қаруланумен байланысты. Ол кездегі ғылыми зерттеулер қолданбалы,
практикалық мәнде болатын. Дегенмен инновация теориясында ілгері жылжу бар.
Инновация жананы енгізуші ғылым ретінде жаңа әдістердің теориялық
негізін қалайтын маңыздылығы Дж. Бернал еңбектерінде былайша айтылады:
ғылым кезеңдері негізінен экономикалық белсенділік пен техникалық прогресс
кезеңдеріне сәйкес келеді. Технологиялық жаңалықтар қоғамның басқа
саласындағы жаңа енгізулермен өзара байланысты болды. Олардың әлеуметтік
нәтижелері С. Кузнец еңбектерінде былайша аталып өтеді: технологиялық
жаңалықтардың үнемі пайда болып отыруы қазіргі уақыттағы экономикалық
дамуға тән және оларға ілесе жүретін әлеуметтік жаңа енгізулер, бейімделуді
жеңілдететін қажетгіліктер қоғам мен экономиканың құрылымына әсер етуші
негізгі фактор болып саналады, және құқық саласына, институттық
құрылымдарға, тіпті идеологияға да жана танымдар әкеледі.
Қазіргі заманның өндіріс күштерінің даму үрдісіне заман өзгеруі келіп
қосылды: индустриаландыру процесі аяқталуға жақын, ал оның орнына электрлі
технология келе жатыр.
Бұл жерде сөз жоққа шығарудың (Гегель бойынша) диалектілік түрі жайында
қозғалып отыр, яғни ауысу кезеңінде өзгеріске түскен форма ескіден калған
жақсылықтардың бәрін жаңа формада сақтайды.
XX ғасырдың 70-ші жылдарында бесінші технологиялық укладттың меңгерілуі
және таралуына қарай жаңа теориялық ұмтылыс пайда болды. Дәуірлік және
қондырғылық инновациялардың өндіріс құралдарының жаңаруына тигізген
ықпалын, ғылыми еңбектердін, ақпараттың, сандық технологияның
макроэкономика өлшемдерінің маңыздылығын арттырудағы әсерін бағалауға
ұмтылыс жасалды. Жоғары технология - бұл әр мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық дамуында кез-келтен күрделі мәселелерді шешетін сала. Жоғары
технологияның құлдырауынан шығып құрылымдық қайта құрулармен бәсекелестікке
қабілетті тауар шығару және қызмет көрсетудің құралы. Инновациялы үрдіс,
инновациялық қызмет, жаңалық енгізу, инновация, инновациялық белсенділік
бұл контексте, бүгінгі экономиканы жетілдіруде негізгі шарт, сонымен бірге
кең ауқымда қайта өндіруде ғылыми білімдердің материалдануындағы басты
жағдай болып табылады.
1.2 Жаңа техниканы, технологияны қолдану қажеттігі
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін
талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші
кезеңінде — жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникәлың деңгейдегі жеке керсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техниканың-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру
көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлга айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,
айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның әкономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табы-лады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау
техникалық - ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру
шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы
қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық қайтарымның үстелуі, материалдық ресурстардың
шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі
(қор сиымдылығының төмендеуі), негізгі өндірістік қорлардың
салыстырмалы ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу
немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын
тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының
көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі
өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық
деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық
қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-
ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.
1.3. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен
тұрады:
Бірінші кезең — бұл инновациялық шараларды жүзеге асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
Екінші кезең - бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең— бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі
зкономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең — бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Өндіріс жағдайында экономикалың тиімділікті анықтау кезінде мыналар
пайдаланылады:
• өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда,
бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
• қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар
(өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
• қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және
орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары
ұйымдардың мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
• банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау
жөніндегі кәсіпорынның тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
• валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.
Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің
бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік - бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы
өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік - бұл кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу:
материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік - бұл жаңа техника мен технологияның, ашу,
өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа
енгізілімнің пайда болуы.
2. Компанияның инновациялық қызметі
2.1. Кәсіпорынның индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы
Индустриялық – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз
экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның
индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіптік
жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі
қозғаушы күш болмақ.
Отандық өнімдердің халықаралық рыноктардағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің
маңыздылығы зор.
Индустриалық – инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі
атқарылуға тиісті міндеттер:
− елдегі индустриялық – инновациялық күштерді қалыптастыру және
нығайту. Бұл саладағы іс – шаралар Қазақстанның даму банкі мен
Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан
жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады;
− мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриалық – инновациялық
дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы
фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді.
Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың
индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;
− индустриялық – инновациялық дамуды халық арасында насихаттау,
мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін
қалыптастыру.
Осындай игі шараларды орындау мақсатында Индустрия және сауда
министрлігі мемлекетіміздің индустриялық – инновациялық даму
стратегиясын жүзеге асыруда отандық инновациялық әлеуеттің белсенділігін
арттыру және тікелей тарту мақсатында үстіміздегі жылғы 20 ақпаннан 20
сәуірге дейін өтетін Инновациялық Қазақстан акциясын жариялауы құптарлық
жағдай.
Жолдауда айтылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру болашағымызды
жарқын ете түседі. Әрине, бұған қол жеткізу үшін баршаның жігерлі еңбек
етуі қажет.
Қазіргі күнде Қазақстан экономикасының дамуы, ел Президентінің
белгіленген дамудың орта мерзімдік агро азық – түліктік және индустриалдық
– инновациялық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуда. Ауылдық
аймақтардағы жағдайды түзету мақсатында Президенттің 2003 – 2005 ж.ж.
ауылды дамыту жылдары ретінде жариялау туралы шешімі қабылданды және осы
жылдар аралығындағы мақсатты түрде жүргізілетін аграрлық саясат ауылды
дамытуға және депрессивті, экологиялық және экономикалық болашағы жоқ
территориялардағы тұрғындарды қолайлы аймақтарға көшіру мен оларды
жұмыспен қамтуға бағытталған. 2003 – 2005 ж.ж. ауылды дамыту жылдары деп
жарияланғанына байланысты ауылдық аймақтарды дамыту Бағдарламасы аясында
ауыл экономикасында 150 миллиардтан астам теңге салу көзделіп отыр. Тек
осы мақсаттарға 2004 – 2005 ж.ж. мемлекеттік бюджеттен әр жылға 15 миллиард
теңгеден ауылдық білім беру мекемелеріне, денсаулық сақтау мен сумен
қамту объектілеріне қаржы бөліну көзделген. Аграрлық саясаттың
жүргізілінуі тұрғындардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz