Мемлекет - Өте ұшқыр
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I-тарау. Инфляция процесіндегі тауар - ақша қатынастарының бұзылуы
және оның экономикалық мәні.
1.1 Тауар - ақша қатынастарының бұзылуы және оның пайда болу
себептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Инфляцияның түрлері және оның әлеуметтік - экономикалық
зардаптары

... ... ... ... ... ... ... ... ..14
II-тарау. Қазақстандағы инфляция процесінің дамуы және оның
ерекшеліктері
2.1 Қазақстандағы инфляция процесінің пайда болу себептері және
оны тежеу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .16
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының құралдары мен инфляцияны
ауыздықтау бойынша қол жеткізген нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 21
III-тарау. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясатты
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .35
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде барлық елдердің экономикасында инфляция феномені аз
немесе көп деңгейде болсада орын алуда. Инфляция жалпы экономика
категориясының жүйесіне қатысты және тауар - ақша қатынасы туындайтын
қоғамдық-экономикалық формацияларында пайда болады. Тауар өндірісі сипаты
инфляцияның пайда болуын және оның әлеуметтік-экономикалық әсерін
көрсетеді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыттан бері өмір сүріп
келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен пайда болды, әрі ақшаның қызметімен
тығыз байланысты деп санаған. Көптеген экономистер бұл құбылыс кез келген
мемлекеттің экономикасы тұрақты өсуіне кері әсерін тигізетін фактор болып
табылатыдығын дәлелдеп отыр. Сондықтан қазіргі кезде инфляция –
дүниежүзіндегі елдерді алаңдатып отырған өзекті мәселелерінің біріне
айналуда.
Инфляция – қоғамдық өндірістің дамуындағы диспропорциясына сәйкес
ақша жүйесінің дағдарыстық жағдайын білдірген. Яғни, XVIII ғасырдың
ортасында көп мөлшерде қағаз ақшаның шығуымен байланысты пайда болды.
Орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға көшер жолында
қоғам тап болатын күрмеуі аса қиын мәселелердің бірі – инфляция мәселесі
болып табылады. Алайда, олар нарықтық экономика бере алатын игіліктердің
жемісін татқысы келсе, инфляцияға байланысты тауқыметі көтеріп алуға
тиіс.
Инфляция – бұл экономикада өндіріліп, сатылатын тауарлар мен қызмет
көрсету түрлерінің орташа бағадан артуын білдіреді. Нарықтық экономика
жағдайында екі себептің бірінен туындайды: өндірушілер тауарлармен және
қызмет көрсету түрлерімен жабдықтауды ұлғайтып үлгергенше, жұрт өзінің
ақшасын жаратып та болады; не тұтынушылар өндірушілерді тауарлармен және
қызмет көрсету түрлерімен жабдықтау қысқарып кетеді, мұның өзі бағаның
өсіуіне алып келеді. Инфляцияға кейде: тауар санының қысқаруын қуып жетпек
болып, ақша санының көбеюі деген де анықтама береді.
Бұл құбылыс әсіресе өтпелі кезеңде тұрған экономикаға ерекше
ауыртпалық артады. Себебі бағаға ырық беруден - мемлекет бағаға бақылау
жасауды қойып, нарықтық экономика жағдайындағы маңызды қадам жасайды.
Бағаға мұндай ырық беруден болатын белгілі нәтижесі мынадай: үнемі тапшы
болып келген тауарлар бағасы қаулап өседі. Өйткені, мемлекет бұл
тауарлардың бағасын жасанды түрде арзан қылып ұстап келген де, соның немесе
үкімет шешімдерінен туындаған басқа бір экономикалық сәйкессіздіктер мен
тиімсіздіктердің салдарынан ұсыныстың сұраныстан үнемі артық болуынан.
Өтпелі кезеңде жұрттың қолында мол ақша жинақталып, инфляцияның
ауыртпалығы тіпті қиын болады.
Кәсіпкерлер мен инвесторлар жаңа экономикалық еркіндікте жаңа бизнес
түрімен айналысуға және тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің ұсынысына
бәсекемен жауап береді де, сол арқылы жұмыс орындарын жасайды, ұсынысты
ұлғайтады, бағаны бірте - бірте қалыпқа түсуіне көмектеседі.
Нарықтық экономика жағдайында жұртты алаңдататын нәрсе инфляцияның
қысқа мерзімде күрт өсуі. Өйткені, егер баға қымбаттаса, кіріс пен байлық
өндіріс көлеміне немесе жұмысшылар мен компаниялардың еңбек өнімділігіне еш
байланыссыз өз бетінше қайта бөлінеді.
Осы себептің салдарынан үкіметтің тұрақтандырғыш саясаты эканомикалық
өсуді ынталандыру қажеттігі мен ифляцияны ұстау талабын теңестіріп отыру
қажет.
Ұзақ уақыттан бері инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келеді. Әліде бір қатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейі артуы ретінде анықтайды. Алайда, инфляция тауар бағасының
өсуінде көрінгенмен оны тек таза ақшалай феноменге жатқыза салуға болмайды.
Сондықтан шетелдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, ақшалай емес
факторларға қатысты болуы да мүмкін.
І-тарау. Инфляция процесіндегі тауар - ақша қатынастарының
бұзылуы және оның экономикалық мәні.
1. Тауар - ақша қатынастарының бұзылуы және оның
пайда
болу себептері.
Тауар мен ақша арасындағы бірлікте, қарама - қарсылықта тұтыну
құны арқылы көрінеді. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық
қатынасын бейнелейді. Яғни, ақша зат емес, адамдардың арасындағы
өндірістік қатынас. Ақша тауарларға жалпы балама ретінде жүретін
ерекше тауар болып табылады. Ол келесідей қызметтерді атқарады: құн
өлшеуіш құралы; төлем құралы; айналыс құралы; қор жинау құралы;
дүниежүзілік ақша және тағыда басқа. Инфляция процесіндегі тауар-ақша
қатынастарының бұзылуы салдарынан қағаз ақшалар жоғарыда көрсетілгендей
қызметтерін жоғалта бастайды.
Егер қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті мөлшерде
шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақты сатып алу қабілеттілігі
олардың номиналды алтын мен қамтамасыз етілу құрамына сәйкес болуы
қажет, ал егер ақша массасы, өндірілген тауар құнынан көп
шығарылса, онда ол құнсызданады, яғни инфляцияға ұшырайды.
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің
бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының
төмендеуінің салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу
мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция – қоғмдық ұдайы өндірістегі
диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығысының
үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген формацияға тән құбылыс.
Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық
құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық
субъектілердің арасында қайта бөлуге алып келеді.
Инфляция термині (латынның Inflatio сөзінен шыққан – қабыну, ісіну
дегенді білдіреді) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде
экономикалық лексионда пайда болды. Шындығында да, қолайсыз
жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығару мен қаржыландыру
ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақша айналыс заңының бұзылуына
әкеліп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан
байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың Бостандық үшін 1775-1783 ж.ж. соғысы
және 1861-1865 ж.ж. Азамат соғысы; 1789-1791 ж.ж. Француз ревалюциясы.
Әсіресе Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция
жоғары қарқынға жетті, 1923 жылы күзінде айналымдағы ақша 496
квиннтилион рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе
құнсызданды. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе
жатқан айрықша құбылыс екенін дәлелдейді.
Ал қазіргі кезде инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар:
• егер бұрын бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция
елдің бүкіл жерін қамтиды;
• егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі
инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
• егер инфляция тек қана монетарлық факторлардың әсерінен
туындаса, қазіргі инфляция көптеген монетарлық емес және
тағыда басқа факторларға байланысты туындайды.
Инфляцияның пайда болуына әсер ететін факторлар. Қазіргі кезде
инфляция тек қана бағаның өсуіне байланысты ақшаның сатып алу
қабілетінің төмендеуінен ғана емес, сонымен қатар өндіріс
процесіндегі қарама - қайшылықтардың, өндіріс пен өнімді шығару
салаларындағы әртүрлі факторларға және ақша айналысындағы несиелер
мен қаржыға байланысты инфляцияның пайда болуының негізгі себебі -
әртүрлі халықшаруашылығы салаларының арасындағы диспропорцияның:
жинақтар және тұтыну; ұсыныс және сұраныс; мемлекеттік табыс пен
шығын; ақша массасының және әртүрлі шаруашылықтардың ақшаға деген
қажеттілігі, несиелік экспанция және тағы басқаларға байланысты
болады (1-ші суретте көрсетілген). Инфляцияның түбегелі себептері тауар
айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси
жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды бөліп
қарастыру қажет.
1. Ішкі факторлар ақшалай және ақшалай емес (монетарлық және
монетарлық емес) болып бөлінеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай факторлар –
ақшаға сұраныстың тауарға деген ұсыныстан жоғары болуының
нәтижесінде ақша айналысы заңының талаптарының бұзылуы, яғни бюджет
тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты
айналыстағы ақша массасының көбеюі; халықшаруашылығындағы несие
ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бір қалыпта ұстап тұру
үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валюта қозғалысын шектеу
және тағы басқа факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалай
емес факторлар жатады. Олар: қоғмдық ұдайы өндіріс құрылымының
үйлеспеуі; шаруашылық механизімінің шығындылығы; мемлекеттің
экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты; сыртқы
экономикалық іс-шаралары және тағы сол сияқты факторлар.
2. Инфляцияға әсер ететін сыртқы факторларға: дүниежүзілік құрылымдық
дағдарыстар (шикізат, энергетикалық, валюта дағдарыстары); басқа елдерге
инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлкеттің валюта саясаты;
алтын мен валютаны елге заңсыз түрде әкелу және тағыда басқалар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір - бірімен тығыз байланысып, тауарлар
мен көрсетілетін қызметтердің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Сондықтан да инфляцияны өндіріс дамуындағы диспропорция нәтижесінде
пайда болатын көп факторлы құбылыс ретінде қарастыруға болады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы
көріністі американдық ғалым және публисцист Дж. Гелбрейт ақшаның тауарды
қууы деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша
массасы сатылуға тиіс тауарлардың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы. Мұндай
үйлесімсіздік, біріншіден - өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден -
айналымдағы тауар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын
өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығарудан болады.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады,
себебі айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ, ол
инфляция әсерін күшейтеді: несиені, өндіріске салынантын инвестицияны
және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі
жақты - тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын және айналым
жылдамдығын өзгертуге әсерін тигізеді. Сөйтіп көп факторлы процесс
ретіндегі инфляция - бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты
болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы үйлесімсіздіктің
көрінісі.
Жалпы бағалардың өсуі бірнеше индекстердің көмегімен бағаланады,
оның негізгісі тұтыну бағаларының индексі (бөлшек) және өндірушілер
бағаларының индексі (көтерме) болып табылады. Ең алғаш рет
инфляцияны өлшеу үшін Ұлы депрессия кезінде баға индексін қолдана
бастады. Жекелеп қарастыратын болсақ, 1931 жылы Шведцарияның Орталық
Банкі (Рисо Банк) апта аралық ТБИ есептей бастады, ал ол өз
кезегінде ақша - несие саясатының мақсаттық бағытын анықтауға
мүмкіндік берді.
2. Инфляцияның түрлері және оның әлеуметтік -
экономикалық
зардаптары.
Дүниежүзілік тәжірбиеде инфляцияны мынандай белгілері бойынша
жіктеуге болады:
• экономикадағы қамтитын аумағына байланысты: жергілікті және
әлемдік инфляция болып бөлінеді;
• инфляциялық процеске байланысты:
а) ашық инфляция – (тек қана нарықтық экономикада) бағаға
кедергі болмайды, еркін өседі;
б) жабық инфляция – (тек қана тоталитарлық
мемлекеттердің
экономикасында) тауар тапшылығы кезінде
бағаға мемлекет
қатаң бақылау жасайды. Бағаны
либеризациялау кезінде
дефляцит пайда болады. Дефляцит –
тауар тапшылығы
комбинациясындағы инфляция.
в) инфляциялық шошыну – белгілі уақыт
аралығында
баға бірден өсіп кетеді.
• Бағаның өсу қарқынына қарай:
1) баға баяу өседі – жылына 5-10% аспайды.1996 жылы АҚШ
ФРЖ-нің Канзас штатында симпозиум өтті. Бұған А. Гриспэн нақты
анықтама берді. Баға тұрақтылығы кезінде бағаның өсуі айтарлықтай
емес болады. Ал оны өз кезегінде нарыққа қатысушылар шешім қабылдау
кезінде есепке алмайды. Тәжірбиеде баға тұрақтылығы шын мәнінде
нөлге тең емес болады, ұзақ мерзім кезеңінде соншалықты тиімді баға
индексінің өсуі 3,5% құрайды.
2) қарқынды (орташа) инфляция, баға жылына 20-200% өседі. 1993
жылы қарқынды инфляция болып көрсетілуін Массачустегі Технологиялық
Институттың халықаралық басқарушысы, экономика ғылымдарының профессоры
(Кембридж АҚШ) мен ХВҚ директорының бірінші орынбасары С. Фишермен
бірлесе отырып анықтаған. 1961-1992 жылдар аралығында 28 мемлекетте
қарқынды инфляцияны қадағалап, бақыланған, ал кейбір мемлекеттерде
бірнеше рет қайталанған. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, кез -
келген елдегі қарқынды инфляция жағдайында бір ғана он жылдық өмір
сүруге болмайтындығын дәлелдеген. Бұған Калумбия мысал болып
табылады. Экономикада қарқынды инфляция болған кезде өсу деңгейіне
қатысты қабілеттіліктің сақталуы жақсы болады. Жекелеп алғанда
Исландияда, Оңтүстік Кореяда, Сирияда, Вэнесуэллада және Филипинде
экономикалық өсу қарқынды инфляцияға қарамастан орташа әлемдік
көрсеткішке сәйкес келді.
3) ұшқыр инфляция – баға жылына 500-1000 % дейін өседі. Ұшқыр
инфляцияны Халықаралық Банктің экономистері М. Бруно мен У. Истерли
1995 жылы анықтап берген. Ұшқыр инфляция мерзімі ретінде 2 жыл
таңдалды. Себебі, ұлттық валютаның девальвациясы немесе ырықтандыруына
байланысты талдаудан біркелкі бағаның өсуін, ұқсас өскендерді
шығарып тастады. 3-ші кестеде 16 мемлекет құрамы кірді. Оның 22-сі
1961-1997 жылдар аралығында ұшқыр инфляцияны бастарынан кешті.
Халықаралық Банктің мамандары инфляцияның 40% жоғары болуы
кездейсоқ жедел қарқынмен өсетін құбылыс екенін дәлелдеді. Бұл
құбылыстың жалғасу мәні 6 жыл тәртібін құрайды. Ал кездейсоқ
жағдайларда ұшқыр инфляция 20 жылға созылуы мүмкін (мыс,
Аргентинада).
Кесте 1 - 1961-1997 жылдар аралығында ұшқыр инфляцияны
бастарынан кешкен мемлекеттер.
Мемлекеттер % түріндегі Жылдар Мемлекеттер % түріндегі Жылдар
жылдық жылдық
инфляция инфляция
деңгейінің деңгейінің
шыңы шыңы
Никарагуа (2) 33 554 1987 Уругвай (3) 113 1990
Боливия 117 50 1985 Турция (1) 110 1980
Перу 7481 1990 Турция (2) 106 1994
Аргентина (2) 3080 1989 Уругвай (2) 97 1973
Бразилия (2) 2800 1990 Коста-Рика 90 1982
Чили 505 1974 Бразилия (1) 87 1964
Аргентина (1) 444 1976 Исландия 84 1983
Израиль 374 1984 Ямайка 77 1992
Мексика 132 1987 Эквадор 76 1989
Уругвай (1) 125 1969 Никарагуа 70 1979
Гана 123 1983 Доминикандық 51 1990
республика
4) ХВҚ баға айына 50% өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі өте
ұшқыр инфляция деп атайды. Ал егер инфляция өндірістің құлдырауымен
ұштасса оны стагфляция деп атайды.
Кесте 2 - ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы өте ұшқыр
инфляцияның (гиперинфляцияның) көріністері.
Мемлекет-Өте ұшқыр Өте ұшқыр Өте ұшқырАҚШ долларына
тер инфляцияның инфляцияның инфляция қатысты валюта
басталуы. аяқталуы. -ның курсы
мерзімі,
айлар
саны
инфляция инфляцияың
-ның аяқталуы
басталуы
Австрия Қазан Тамыз 1922 ж11 4,96 71 428
Ресей 1921 ж Қаңтар 1924 ж26 2,36 2,575*10ₑₑ
Германия Желтоқсан 1921 жҚараша 1923 ж 16 4,2 4,2*10ₑ²
Польша Тамыз 1922 ж Қаңтар 1924 ж13 5,3 9,33*10⁶
Венгрия Қаңтар 1923 ж Ақпан 1924 ж12 4,96 7,7*10⁴
Греция Наурыз 1923 ж Қараша 1944 ж 13 140 5*101⁴
Венгрия Қараша 1943 ж Шілде 1946 ж12 5 4,7*10²¹
Қытай Тамыз 1945 ж Наурыз 1948 ж 6 17,5 1,275*10¹⁵
Қазан 1947 ж
1956 жылы АҚШ экономисті Ф. Каганмен өте ұшқыр инфляция ең
алғаш рет анықталған. Өте ұшқыр инфляция ретінде Каган бағаның айына
50% өскенін түсінген. Оның пікірінше ол осы айдан басталып, баға
индексінің өсуі ең алғаш рет 50% асқанда байқалады және айлық
өсу индексі 50% түскенде аяқталады. Сонымен бірге бір жыл аралығында
белгіленген белгіден төменгі деңгейде болады деген. Каган 1920-1946
жылдар аралығында өте ұшқыр инфляцияны 7 мемлекетті мысал ретінде
зерттеді. Каганның көзқарасына Қытайдағы өте ұшқыр инфляция тысқары
қалды, өйткені ол оған түсініксіз еді. Көрсетілген мысалдардың
көпшілігі алтын стандарт дағдарысымен байланысты. Греция, Венгрия және
Қытайдағы өте ұшқыр инфляция әскери іс-шараларға байланысты
туындады. Венгрия бағаның өсу қарқыны бойынша рекорд қойып,
ерекшеленді - өте ұшқыр ифнляция шыңы айына 41,9*10¹⁵% құрады.
Келтірілген мысалдарды зерттеуі нәтижесінде өте ұшқыр инфляцияның
орташа өсуі 1 жылды қамтиды. Мұны 4-ші кестеден көруге болады. 1947-
1984 жылдар аралығындағы кезеңдерінде инфляциялық тыныштық байқалды.
Дүниежүзінде өте ұшқыр инфляция бір рет болса да болған жоқ.
• әртүрлі факторларға байланысты инфляция екі түрге
бөлінеді: сұраныс және шығын инфляциясы. Мұны 3-ші кестеден
көруге болады.
Шығын және сұраныс инфляциясы бір - бірімен тығыз байланысты
және біріне - бірі себепші. Оларды анық ажырату мүмкін емес. Қазіргі
кез-келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын сұраныс немесе
шығын инфляциясына әсер ететін факторлар болып табылады.
Кесте 3 - Сұраныс және шығын инфляциясының ерекшеліктері
мен пайда болу себептері.
Сұраныс инфляциясы (тұтынушылар). Шығын инфляциясы (өндірушілер).
Е р е к ш е л і к т е р і
1) тауар санының аз болғанындағы 1) таурларды өндіру және көрсетілген
ақшаның көптігі; қызметтерге деген шығындардың
2) тауарлар мен көрсетілген өндірістік даму ерекшелігінің
қызметтерге деген сұраныстың әсерінен қарқынды өседі (мемлекеттің
ұсыныстан асып кетуі; қызметіне, кәсіподақтардың саясатына
3) өндірістің халықты қанағаттандыра байланысты);
алмауы. 2) өндірістегі шығындардың жоғары
болуы бағаның өсуіне алып келеді.
П а й д а б о л у с е б е п т е р і
1) тұтынушылардың шығындары: 1) өндірістегі ішкі факторлардың
тұтынушылардың тұрмыс жағдайы; бағасы:
тұтынушыларға салық салу; жер,
тұтынушылардың күтімдері; еңбек,
2) инвестициялық шығындар: капитал.
проценттік ставка; 2) нарықтағы бәсекелестік;
технологиялар; 3) өндірістің тиімділігі;
қуаттылықты енгізу; 4) мемлекеттік реттеу және құқықтық
фирмаларға салық салу; нормалар;
фирмалардың күтілетін табысы. 5) ішкі экономикалық факторлар:
3) мемлекеттік шығындар; валюта курсы;
4) ішкі экономикалық факторлар: импорт тауарларының бағасы.
валюта курсы;
экспорт тауарларының бағасы;
шетелдердегі ұлттық табыс.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттілігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде
өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданып
жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына алып
келеді.Табысын сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын
көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады:
бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны
көтереді. Бұл жалақы мен бағаның инфляциялық серіппе теориясы деп
аталады.
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық зардаптары.
Инфляцияның зардаптары әр алуан, өзара қайшылықта болады және
мынандай жағдайларға әкеп соқтырады:
( Ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әртүрлі топтарымен,
экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай
және болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол - ақша
басып шығаруға монополиялық құқытың пайда болуына байланысты болады.
Қосымша басылып шыққан банкноталар номиналдарының соммасы мен оларды
басып шығаруға жұмысалған шығындардың айырмасына тең болады және
ол сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін
алатын нақты ресурстарының санына тең болды. Сеньораж халықтың
өздерінің ақша қалдақтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы
инфляциялық салыққа тең болды.
( Экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуін шамамен жоғары
қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Мұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық
көбейеді және тауар өндірушілер азаяды.
( Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс және капиталдың
шетелге кетуі өседі, валюта нарғындағы спекуляция үдей түседі. Осылар
бағаның өсуін жылдамдатады.
( Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты
активтерге сұраныс өседі. Мұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы деңгейінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді. Ақшадан
қашуға жол ашады.
( Мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты
табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансиялық, қазыналық және
монетарлық саясаттарды жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджет тапшылығы
және мемлекеттік қарыз өседі. Осылардың салдарынан ұдайы өндіру
механизімі іске қосылады.
Инфляцияның жоғарыда көрсетілген әлеуметтік – экономикалық
зардаптарын жұмсарту үшін кез – келген елдің үкіметі тиімді
макроэкономикалық саясат жүргізуі қажет.

ерекшеліктері.
2.1 Қазақстандағы инфляция процесінің пайда болу
себептері
және оны тежеу шаралары.
1990 жылдардың басында инфляция процесі отандастарымыздың ойында
айтарлықтай із қалдырды, яғни Қазақстанда жоспарлы экономикадан
нарықтық қатынастарға көшуде терең экономикалық дағдарыстарды жеңумен
қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында
жүріп жатты. Реформаның барлық кезеңінде кейде ұшқыр инфляцияға
айналған экономикадағы орташа инфляция экономикалық дағдарыстардың
дәлелді сипаты еді.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алды және нарықты қайта құруды
жүзеге асыра бастады. Қазақстан 1993 жылға дейін Ресейдің рубльдік
аймағында болып келгені белгілі. Бірақта, сол кезде жұмыс істеген
бірыңғай ақша жүйесі өте тұрақсыз болды. Себебі, жас тәуелсіздігін
алған мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын
немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады, рубль аймағының
ыдырауының басты белгісі болатын. Сондықтан Ресейдің экономикасында
болып жатқан дағдарыстар мен инфляцияны күшейтуші жағдайлар
Қазақстанның экономикасына тікелей ықпалын тигізді. Бұл жылы
еліміздегі инфляцияның орташа жылдық деңгейі - 247,1% құрады. Оның
үстіне, көрші елдердің ұлттық валюталарын енгізгендері, Ресейдің 1961-
1992 жылдар аралығында айналыста жүрген ақша белгісін жаңа, яғни 1993
жылғы ақшаны айырбастауының салдарынан Қазақстанға жан - жақтан
миллиардтаған ескі, айналымда жоқ, Ресейдің ақша белгілері құйыла
бастады. Дәл осы жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей
және Тәжікстан елдері ғана қалған еді. Елімізге кеңестік рубльдің
бақылаусыз көптеп келуі инфляция деңгейін – 3068,9% дейін шарықтап
өсуіне алып келді.
Сөйтіп, 1993 жылы 15 қарашада еліміздің ұлттық ваютасы – теңге
дүниеге келді. Ең бірінші 1 АҚШ долларының бағамы – 4,75 теңге болды.
Әр бір теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен
кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаралардың бірі
болды. Бұл Ұлттық Банктің мойнына жүктелді және оны жүзеге асыру
ақша - несие саясаты арқылы жүргізілді. Осы жыл бойынша орташа
инфляция деңгейі - 2265% құрады, бағаның бір айлық орташа өсу
қарқыны - 87% жетті.
Осындай тұрлаулы бағамды ұлттық ақшаның шығуы инфляцияның өсу
қарқынын төмендетуге үлкен әсер етті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі
қаулысымен әдейі ұлттық ақша енгізу жағдайында бағаны шектеудің
төтенше шараларын бекітті. Оның ішінде, көптеген тұтынуға қажет
тауарлардың бағасына шек белгіленді. Мұндай шаралардың нәтижесінде,
аз уақыт болсада, баға мен инфляцияның өсуі тоқтатылды.
Бірақ та, кең өріс алып кеткен өндірістің құлдырауы, ауыл
шаруашылық өнімдеріне, энергия қуатының көздеріне бағаны босату,
бюджеттің тапшылығы, экономиканы долларландыру және тағыда сол
сияқты жағымсыз жағдайлар үкіметтің инфляцияға қарсы қолданған
шараларын жоққа шығарды.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі екі жыл біздің еліміз
үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы обьективті
қиындықтар шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның
өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың жүргізген өзара
шаруашылық есептесуі сияқты жан сақтықтарын біршама қиындатты.
Енгізілгеннен кейін 7 ай аралығында 8 есе құнсызданды. Осы жылы
инфляция деңгейі – 1258,3% құрады.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз
ету қажет болды. Бұған теңге құлдырап бара жатса, Ұлтық Банк
өзіндегі алтын - валюта қорынан қосымша ақша жұмсап реттеп отыратын.
Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның қалыптасуына жол ашты. Теңгенің
шынайы бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу қажет болды.
Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден
екі есеге сатылап жоғарылап кетті.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша
құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің
бағамы -17,9% болса, 1996 жылы – 15,4% төмендеді. Осы жылы ақша
массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп
төмендеуі көріне бастады.
Бізге мәлім деректерге сүйенсек инфляция деңгейі 1995 – 2002
жылдар аралығында 160,3%-дан 5,9%-ға төмендеуімен ішкі құндылығын
арттырып отыр. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сыртқы
құндылығының тұрақтануы 1999 жылы ұлттық валютаның еркін айырбасқа
жіберілуіне, экономиканың дамуына байланысты болды. Егер 1999 жылға
инфляцияның монетарлық факторы басым болса, одан кейінгі мерзімде
монетарлық емес факторлар әсер етті.
Бірақ монетарлық емес факторлар әлі де өзекті мәселеге айналып
отыр. Соның ішінде негізгісі – ауылшаруашылығындағы қайта өңдеу
салаларының сапасының төмендігінен, шығындылығынан және олардың
айтарлықтай тиімсіз жұмыс істеуінен болып отыр.
Ақша - несие саясатын жүргізудің тиімділігіне Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңның шығуы (1995 ж. наурыз)
ықпал етті, соған сәйкес Ұлттық Банк Президентке есеп береді және
заң актілерімен өзіне берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз
қызмет етеді.
1998 жылы инфляцияның орташа жылдық деңгейі – 101,9% құрады,
ал 1999 жылы сыртқы факторлардың әсерінен -117,8%-ға жетті. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі бастапқы және негізгі мәселесі
инфляцияны төменгі деңгейде ұстап тұру болды. Соңғы жылдары бұл
мәселені шешуге қол жеткізіп отыр. Оған дәлел ретінде 2001 жылы
инфляция тұтыну бағасының индексі негізінде 8,4%-ды құрады және 2000
жылғы 9,8%-бен салыстырғанда төмендеген. Ұлттық Банктің 2003 жылы
талдауларынан 2002 жылы инфляцияның орташа жылдық деңгейі – 5,9%, ал
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz