Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Инфляция түсінігі және оның пайда болуы
1.1Инфляцияның альтернативті көздері
1.2Инфляцияның түрлері
1.3Дамыған шет елдердегі инфляцияның саясаты
2 Инфляция салдары
2.1Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
2.2Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
2.3Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері
3 ҚР инфляцияға қарсы саясатын жүргізу
3.1Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
3.2Қазақстандағы инфляция үрдістерінің реттелуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Инфляция (латынның inflatio – қампиған деген сөз) – қағаз ақшаның
құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік – экономикалық процестер жиынтығы.
Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық
бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді. Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс
пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар нарығында сұраным
ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай
жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл
нарықтардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің
бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляция – кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы
мынылар басып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу
үшін қағаз ақшалар шығарылады; мемлекеттің өндірістік емес шығындар
деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және адам
еңбегі шығынымен тікелей байланысты; тауар тапшылығы, оның сұранымды
ұсыныммен алшақтауға алып келуі және осының негізінде – бағаның өсуі;
бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінің өніміне
тұтыну сапасын арттырмай – ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен
жүзеге асырылуы; жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және
басқада бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты
ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының пайда болуына көмектеседі.
Инфляция сонымен қатар жұмыссыздыққа да ықпал етеді. Жұмыссыздық қазіргі
кездегі экономикадағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жұмыссыздықтың білінуінде бірнеше формалар бар:
- экономикалық теорияда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген ұғымды
пайдалану қалыптасқан. Оның мөлшері тапжылмастай емес. Әр елде оның мөлшері
2-ден 7 пайызға дейін әртүрлі деңгейге жетеді.
- мемлекеттің міндеті жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи
деңгейден асып кетпеуін бақылау болып табылады.
Жалпы, мен осы тақырыпты таңдағанымның себебі, инфляция қазіргі
таңда ең қауіпті экономикалық құбылыс болып табылады. Инфляцияның әсері
елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайына өте ауыр қиындықтар әкеледі.
Бұны біз Қазақстанда 1993-1999 жылдар аралығында болған қиындықтары арқылы
дәлелдеуге болады. Сондай оқиғаларды болдырмау үшін, біз инфляцияның барлық
қыр-сырын білуге тиіспіз.
Қоғамдық қатынастардың дамуымен, нарықтың дамуымен, олардың
күрделенуімен инфляция да, экономиканың әр түрлі тарихи кезеңдерде жаңа
формаларға ие болып өзгерді.
Инфляцияның экономикалық субъектілеріне экономикалық жағдайларына
ықпалы қарама – қайшылықты болып келеді. Жоғары қарқынды инфляция бизнеске
қауіп төндіреді. Әдетте, инфляция тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз.
Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз
салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Инфляция, сондай – ақ, мемлекетке
пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата
басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық салық алады.
Инфляцияның проблематикасы үйреншіксіз кең және қарама – қайшылықты.
Бұл феноменға тереңдеу еңгенде оның көпжақтылығы және бір текті еместігі
айқындалады. Инфляция дегеніміз не? Оның әр түрлі жағдайлардағы көрінісі
қандай? Инфляцияның әлеуметтік рөлі? Бұл курстық жұмыс осы сұрақтарға жауап
ретінде арналып жазылды.
Осы жұмысты жазғанда алдыма қойған мақсаттарым, жоғарыда айтылған
инфляцияның тигізетін зардаптары мен қыр сырларын толығырақ ашу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы керек:
Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін көрсету.
Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және де
Қазақстандағы ерекшеліктерін көрсету
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау.

1 Инфляцияның түсінігі және оның пайда болуы

1.1 Инфляцияның альтернативті көздері

Батыс экономистері жасаған теорияларында, инфляцияның қайнар көздері
ретінде – сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл
концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының бұзылуын,
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер мемлекеттік тапсырыстың
ұлғаюы, толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал – жабдықтарына
сұраныстың өсуі, жалақының өсуі тағы басқа. Осының салдарынан айналымға
тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі.
Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін өндіріс шығындарының ұлғаюымен
түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатынан, шикізат
бағасының өсуінен болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен
айыру оңай емес, олар бір – бірімен тығыз байланысты. Соңғы кездерге дейін
дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты
пайда болатын еді. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін,
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналады.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-дан
аспайды. Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-
дан – 200 пайызға жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ.Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен
тауар бағасының деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді.
Мысалы, Никаракгуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі
3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті
қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді.
Гиперинфляцияны басынан өткізген елдерде, бағалардың өсу қарқыны,
айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Шаруашылық субъектілері, ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде,
қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады. Нәтижесінде айналымдағы
ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға
қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық
күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Мұндайда, ең алдымен
ұлттық шаруашылық бүлінеді.
Инфляцияның балансталған тепе – теңдікті болуы мүмкін яғни, бағаның
өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерде бірдей өседі. Болжамды
күткен инфляцияны, кенеттен болатын инфляциядан ажырату білу керек. Күткен
инфляцияның мерзімін анықтауға болады. Үкімет оны жоспарлайды. Кенет
болатын инфляция болатын бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады.
Басыңқы (придавленная) инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
Бағаның ұлғаюы тауардың сұранысының ұсынысынан артуымен байланысты
болуы мүмкін, бірақ та сұраныс пен ұсыныстың арасындағы диспропорциясы
инфляция болып есептелмейді. Мысалы – 70 жылдары Америка Құрама Штаттарында
болған энергетикалық кризисте мұнай өндіретін мемлекеттер мұнай бағасын 10
есе көтеріп, ал басқа тауарлардың бағасы 7 – 9% - ға артты. Ақша сферасының
жағдайынан тыс тауар құны еңбек өнімділігінің артуынан, циклдік жіне
маусымдық тербелістер салдарынан, қайта жаңғырту жүйесіндегі құрылымдық
өзгерістерден, нарықтың монополизациясы себебінен, экономиканың мемлекеттік
реттелуінен, салықтың жаңа ставкаларынан, ақшалай бірліктің девальвациясы
мен ревальвациясынан, нарықтың ақшалай конъюктурасының өзгеруінен, сыртқы
экономикалық байланыстарының әсерінен, зілзала нәубетінен және т. б.
салдарынан өзгере алады. Бағаның өсуінің барлық себептері инфляция бола
бермейді, сондықтан инфляцияның себептерін бөліп айтқанның маңыздылығы
ақиқат.

1.2 Инфляцияның түрлері

Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі – үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер
ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден
– бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция
саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес
бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономиканы
көңілдендіруге әсерін тигізеді және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп,
жұмыссыздар армиясын жоя бастайды. Американ экономисі А.Манның айтуынша,
бағаның қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және
тұтыну қабілеттілігін арттырады. Шынында да инфляцияның бірінші кезеңінде,
қағаз ақша қарқынын қамтамасыз ету олардың эмиссия қарқынынан (сұлама
инфляция) қалған кезінде, арнайы инфляциялық конъюктура пайда болып, тауар
бағасының өсуі уақытша өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын ынталандырады.
Алайда ақшаның құнсыздануының деңгейіне қарай инфляция өндіріс пен айналым
процесін ұйымдастыруды тезірек бұзатын әсерлерге (қарқынды инфляция) тап
болады. Сөйтіп, несие – қаржы және валюта жүйесінің (гиперинфляция) толық
бұзылуына алып барады.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20% - 200%-ке дейін өсу түрі) –
экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан
жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді.
Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін
шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті MV = PQ қолдана отырып осыны
қалай түсіндіруге болады? Егер М – n есе өскен болса, баға деңгейі сонша
есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V – көрсеткішін де есепке алу
қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған
жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде
ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша
көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы
ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын
қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір
себебі ретінде қарастыру болады.
Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция
жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми
түрде есепке алынады. Бірақ бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да
құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі тауар
тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланасты оларды ақшаға
сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі
(ставкасы) да өседі. Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес,
әртүрлі қарқынмен өседі.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы
мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез
өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
инфляциялық тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына
қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның
уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама
оның құлдырып түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт
қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Бұл жерде біз қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағайында
пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын Пигу әсері,
немесе нақты касалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылыс суреттелген.
Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар мен икемді
процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады. Бірақ
батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты болатын
жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
Нарықтық инфлациялық тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдануына
байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз. Ашық
инфляция еркін баға құрлымы экономикасына тән және тауар мен қызмет
көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-
теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса,
онда бұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында
бағаның кезеңмен төменденуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда
олардың өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизімін кәдімгідей
өзгертіп, оны аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол
бағаны реттейтін (жалақыда болуыда мүмкін) экономикаға тән, яғни жалпылама
мемлкеттің бағаны бақылаумен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар
тапшылығы, өнім сапасының төмендеуіне, ақшаның қорлану мәжбүрлігінеде,
көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-
теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама
сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды
тоқтады.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым
болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр
инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260%құрса, 1994-те
– 1258, ал 1995-тің аяғында теңге тұрақтана бастап, инфляция төмендеді
және 63,3% қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7%-тың маңында болса, 1997-ші
жылы – 11,2%, 1998-ші жылы – 1,9%, 1999-шы жылы – 17,8%, 2000-ші жылы –
9,8% құрса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9%-ға тұрақтады.
Шетел экономистері сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке жіктейді: а) сұраным инфляциясы; ә) өндіріс шығынының өсуімен немесе
жинтық ұсынымның азаюымен юолатын ұсыным инфляциясы. Сұраным инфляциясының
мәнін бір сөзбен былай деуге болады: Тауардың өте аз мөлшеріне өте көп
ақшал жұмсалмақ. Сондай-ақ, сұраным инфляциясын нарықтық байланыстық
монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік-әміршілдік басқарудың ұзақ билеуі
кезінде болады. Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді қабылдайды. Мысалы,
біздің экономиканы алатын болсақ, ұзақ жылдар бойы табиғи емес ең төменгі
жұмыссыздықты жүзеге асырып келеді. Бұны көптеген рентабелді емес
кәсіпорындар және артық жұмыс орынын сақтау, еңбекті көп қажет ететін
өндірісті консервациялау арқылы жол жеткізіліп, ол еңбек өнімділігіне теріс
әсер етті. Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен келмесе, онда ол
сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға итереді.
Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным нарығының өзгеруі нәтижесінде пайда
болуы мүмкін.
Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жектейміз:
а) баланстанған инфляция;
ә) баланстанбаған инфляция.
Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне
қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауар мен
қызмет көрсетудің бағасы бір – бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі
пропорцияда өзгереді. ТМД елдерінде әзірше баланстанбаған инфляция барынша
белең алуда, ол шағын және орта бизнестің дамуына белгілі кедергілер
жасауда. Баланстанған инфляцияны алатын болсақ, кәсіпкерлік қызметтің
дамуына аса қауіпті емес.
Инфляция философиясы мынаған саяды: оның тереңдеуінің арқасында
экономиканы уақытша қозғалту факторынан ұдайы өндіріс процесін тежеуге
айналады. Өндіріс қарқыны төмендеп, экономикалық өсу пропорциясы бұзылады,
ақша – несие, қаржы және валюта механизмі бұзыла бастап, елдегі әлеуметтік
– экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық
қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып,
экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика және тағы басқа белсенділігін
арттырады.

1.3 Дамыған шет елдердегі инфляцияның саясаты

Батыс Еуропа елдерінің экономикасының тез дамуы жаһандық экономикада
өз позицияларын орнықтыра бастады. Ол кезде интенсивті экономикалық даму
түріне көшу аяқталған кезі еді. Баптыс Еуропа өз позицияларын ғылыми-
зерттеу жұмыстары жағынан нығайтты және өз ғылыми технологиялық өнімдерін
шығара бастаған. Құрылықта интеграциялық үрдістердің кеңейтілуі мен орнығуы
айтарлықтай көрініс тапты. Батыс Еуропаның экономикасының көтерілуінің
ерекшілігі болып, оның тұрақтылығы мен үйлесімділігі болады. Экономиканың
алға қарай жылжуының макроэкономикалық параметрлері: ЖІӨ және өнім
өндірісінің өсуі, жұмыссыздықтың азаюы, инфляция қарқынының төмендеуі,
ұлттық валюта курсының тұрақтылығы, экспорттың өсуі, салық жеңілдіктері.
1998-2006 жж. Женева қаласында БҰҰ-ның Еуропалық экономика комиссиясы
өткізген жиналысында мамандар Батыс Еуропа елдерінің экономикасының тез
өсуін таңғаларлықтай баяндаған. Олардың шешімдері күтілген және
болжанғаннан да асып түскен.
Егер ақша массасы және инфляция қарқыны өсуінің төмендеген кезңінде
елдер бойынша баға қарқыны өсуіне тұрақтандыру үрдістері жүргізіледі. 1999
жылдың бас кезінде баға дисперсиясы дамыған елдер ішінде 8% құрады, ал 2003
жылы бұл көрсеткіш 3% азайған. ЕО елдері ішінде де бағаның өсуі 4,1%-дан
2,6%-ға дейін азайған. Бұл жалпы еуропалық экономикалық кеңістікке
шығуға бірден-бір жолы.
Батыс Еуропа экономикасының айтарлықтай дамуына айтарлықтай әсер еткен
Германияның бірігуі болды. Германияның бірігуі қаржы ресурстарының көп
бөлігін қайта қарап, өзгертуге алып келді. Ол өзгертулердің мақсаты
нарықтық трансформацияға көмек жасау.
Германияның бірігуі өзіне де Батыс Еуропаға да қымбаттқа түсті:
бюджет дефицитінің көтерілуі, экспорттың азаюы, жұмыссыздық пен инфляция
өсті, төлем балансының әл-ахулы нашарлады. Бірақ бұның бәрі қысқа мерзімді
жоспарда болды. Ұзақ мерзімді жоспарда Германияның экономикасы айтарлықтай
нығайған.
Жыларалық Батыс Еуропаның негізгі елдерінің макроэкономикалық
көрсеткіштерінің маңызды өзгерістері 1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 1- Батыс Еуропа елдерінің 1995-2003жж. негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштері (%)
Көрсеткіштің атауы
ЖІӨ
ЖІӨ

ЖІӨ 2,1 1,7 1,1 1,9 1,4 3,2 3,8 2,1 1,2 Капитал 1,5 2,0 - -
0,1 7,0 2,3 7,7 2,3 -0,6 Жұмысбастылық 0,1 0,9 0,4 0,4 0,4
1,5 1,0 2,6 1,8 Жұмыссыздық нормасы 11,8 11,3 11,9 11,8 11,4
10,7 9,3 8,3 8,8 Инфляция 1,7 1,8 2,0 1,2 0,8 0,5 1,7 1,6
1,9
Батыс Еуропа елдерінің ішінде өзіне назар аударған Германия еді.Бұл
елде ЖІӨ өсімі және капитал өсімі азайған. Жұмыссыздық нормасы да өскен,
бірақ инфляция көрсеткішітөмен деңгейде қала берді. Германия экономикасын
қаржы трансферті көмегімен қолайлы емес экономиканы қайта құру немесе
тазарту арқылы инфляция өсімін азайтқан. Бүкіл әлемдегі постсоциалисттік
елдер ішінде қолайлы емес экономикадан тазартуды бұрын еш ел жүргізбеген.
Осындай әдісті қолданып Ұлыбритания мен Франция өз экономикаларын жақсартып
алған.

2 Инфляция салдары

2.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ,
уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды
Инфляцияның зардаптары күрделі және әр түрлі. Әлеуметтік термині
бекерге алдында тұрған жоқ. Инфляцияның басты теріс зардабы – ол кіріс пен
байлықты қайта реттеу. Бұл процесс кіріс кіріс индекстелмеген болса, ал
несиелер күтілетін инфляциялық деңгейінсіз берілсе болуы мүмкін. Ол ұлттық
кірістің қайта реттеуіне әр түрлі бағыттармен әкеледі.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да,
кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция
кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес
болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер
күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де
кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық
сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным
құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін – нарықтың объективті
өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырыды, бұл процесс
қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор
жинау мүддесі жойылады, ақша – несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер
етеді, экономикада Танзи – Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады.
Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып
зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады.
Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы
жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында
бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері
азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры
құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта
бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың
өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан
нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі
әлеуметтік топтар үшін ауыр болады:
- өндірістің әр түрлі сфералары мен региондары арасындағы бағаның
құнының өсімінің бірқалыпсыздығынан;
- халық пен мемлекет арасында, өйткені мемлекет қосымша кіріс ретінде
артық керексіз ақша эмиссиясын қолданады. Мемлекет тауармен
қамтамасыздандырылмаған қағаздай ақша шығарып, азаматтарды инфляциялық
салықтандыру эффектісі арқылы көрсетілмейтіндей салық салады. Ол табыс
салығы салынатын прогрессивті жүйесінде іс әрекет ететін экономикада
көрініс табады;
- халықтың класстары мен қабаттары арасында. Әлеуметтік қабатының тез
бұзылуы, мүліктік теңдестірілуінің тереңделуі – инфляцияның серіктестері,
олар халықтың жағдайын екі негативті бағытпен әсер етеді – қор жинау және
ағымдағы тұтыну арқылы.

2.2 Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік
саясаты

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату
және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы
бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы,
тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала
бойынша, кәсіби – біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің
құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ – тағы еңбек нарығында айқын
көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады: ауыл
шаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет
көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол
қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады.
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ – да 1955-ші жылы 6,5млн.
адамнан 1990-шы жылы 3,2млн. адамға қысқарды, ал қызмет көрсету саласында
1955-ші жылы 30,1млн. адамнан 1990-шы жылы 85,3млн. адамға артып, жалпы
жұмыспен қамтылғандардың 75% құрады. Кәсіби құрылымда ой еңбегімен
айналысатын жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991-ші жылы барлық жұмыспен
қамтылған жұмыс күшінің 51% құрады.
Біліктілік құрылымында жұмыс күші білім деңгейінің өскендігін
байқатады. АҚШ – да 1970-пен 1992-ші жылдардың аралығында орташа білім
алған адамдардың саны өсті және жұмыс күшінің жоғарғы білім алғандар мен
толық алмағандар 21%-дан 38%-ға үлесі артты. Демографиялық құрылым бойынша
әйелдерді жұмыс күші құрылымына тезірек тарту байқалады. АҚШ-да әйелдердің
экономикалық деңгейге қатысуы 1980-шы жылы 34-дан 1992-ші жылы 60%-ға
артты.
Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ.
Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы
– бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық
қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы
біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орынының бағасы
өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте
қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі.
Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол
еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты
ынталандырады.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты
еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай
тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен
шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің
еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.
Мысалы, көмір және тау – кен өндіру, мұнай өндеу аудандарында ерлер еңбегі
басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар
дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер
құрайды.
Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер
етеді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің
жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін
сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек нарығын мойындау үшін жұмыс
күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал –
жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс күшінің өндіріс
құрал – жабдығымен қосылуы нарықтық әдіспен – сатып алу – сату жолы арқылы
жүзеге асады.
Егер жұмыс күшін – тауар десек, онда оның құны жайлы әңгіме туындайды.
Қазіргі кезде оның құны қандай және қалай анықталады? Шын мәнінде, жұмыс
күші құнын өмір сүру жабдықтары қажеттіліктер құнына теңестіруге болады,
яғни жұмыскер мен оның отбасының өмір сүруі осы қажеттіліктер құнына пара –
пар болады.
Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстырғанда
адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі
Швецарияда – 15,5, АҚШ – 12,8, Швецияда – 12,8, Францияда – 11,5, Италияда
– 11,4, Канадада – 10,9, Японияда – 10,3, Англияда – 7,3, Гонконгта – 1,8,
Тайванда – 1,7, Оңтүстік Кореяда – 1,4, Мексикада – 0,6, Ресейде – 0,2
доллар құрайды. Біздің есептеуімізше, Қазақстан Республикасында жұмысшы мен
мемлекеттік сектордағы қызметкердің бір сағат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция - пайда болу себептері және онымен күресу жолдары
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Инфляцияның теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Пәндер