Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1. 1 Инфляция түсінігі мен оның мәні, пайда болу себептері6

1. 1 Инфляция көрінісі, түрлері мен формалары10

1. 1 Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары15

1. 4 Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері19

2 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай23

2. 1 Қазақстан Республикасындағы инфляция себептері және зардаптары23

2. 2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны24

2. 3 Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы күрес саясатына баға беру32

2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның алдын алу шаралары37

ҚОРЫТЫНДЫ44

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ46

КІРІСПЕ

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу уақыты таяған сайын ұлттық экономикалық қауіпсіздікті сақтау еліміз үшін өзекті маңызға ие бола түсуде. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік тиімді де, бәсекеге сай экономикасы бар елдің ғана маңдайына жазылатыны туралы сарапшылар да көп айтады. Ол мемлекеттік және шаруашылық субъектілердің мүддесін ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтай отырып, ұлттық және халықаралық құқықтық нормаға сәйкес қорғауда саяси, құқықтық және экономикалық институттардың қызметіне қатаң талап қоюды қажет етеді. Сонымен бірге сыртқы және ішкі экономикалық қауіпсіздікке төніп келе жатқан қатерді анықтап, оны болдырмауға немесе зардабын азайтуға арналған шараларды қабылдау пәрменіне де тікелей байланысты екенінде дау жоқ.

Өзіміздің сарапшылардың да, халықаралық сарапшылардың да зерттеулері экономикалық қауіпсіздікке төнген қатердің әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты әсер ететін өзіне тән кешенді сипаттамасы болатынын көрсетеді. Cол сипаттамалардың бірі әрі негізгісі болып елдегі инфляция жағдайы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Инфляциялық үдеріс барлық елдерде бар, ал мәселе соның қандай дәлізде жүріп өтеріне байланысты. Әсіресе, елімізде жылдың басында инфляция қарқын алды. Бірақ, соған қарамай Үкімет аталған шаруаны уысында ұстап тұрарын мәлімдеуде. Инфляцияны тоқтатудың екі жолы болса, соның бірі монетарлық тәсіл. Ұлттық банк бұл міндетін жақсы атқарып келеді. Дей тұрғанмен, соңғы кезде әлемде шикізатқа деген сұраныс, тиісінше баға да артып, шикізат сатудан түсетін валюта массасының көбейіп кетуіне алып келді. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер мен жалақының өсуі де кері ықпал етуде.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Инфляция түсінігін анықтау, жалпы сипаттама беру, Қазақстан Республикасындағы инфляцияны бағалау, инфляцияның себептері мен зардаптарын анықтау, оның даму қарқынын бақылау, Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы күрес саясатына баға беру, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның алдын алу шараларын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Зерттеліп отырған курстық жұмыс негізінен: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлім, «Инфляция: себептері, түрлері, салдары» деп аталып, теориялық негізге сүйенген. Онда инфляция ұғымына тоқталып, оның пайда болу себептері мен көрінісі, түрлері мен формалары, сондай-ақ инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары туралы баяндалған. Және де инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері көрсетілген.

Екінші бөлім, «Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай» туралы. Бұл тарауда Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері мен елдегі инфляцияның даму қарқыны мен себептері мен зардаптары жайлы мәліметтер келтірілген. Қазақстан Республикасында антиинфляциялық саясатқа баға берілген, сонымен қатар инфляция жағдайына байланысты статистикалық мағлұматтар көрсетілген.

Үшінші бөлімді, «Қазақстан Республикасындағы инфляцияның алдын алу шараларын зерттеу» деп алып, Қазақстан Республикасында қазіргі кезде нақты жүргізіліп жатқан антиинфляциялық шараларға баға беру.

Курстық жұмыстың пәні:

Баға өсуі және факторлары Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары бағаның қозғалысы көптеген факторлармен айқындалды, олардың басымдары мыналар болды: азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия ресурстарына арналған бағаны ырықтандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы.

Бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс.

Курстық жұмыстың объектісі:

Қазақстан Республикасындағы инфляция қарқыны, оның пайда болу себептері мен алдын алу шаралары. Антиинфляциялық саясат пен инфляцияның әкелетін зардаптарын қарастыру - курстық жұмыстың басты объектілері болып табылады.

Тұтастай алғанда 1995-2006 жылдары инфляция мынадай болды:

1995 жылы - 60, 3 %; 1996 жылы - 28, 7 %; 1997 жылы - 11, 2 %; 1998 жылы - 1, 9 %1999 жылы - 17, 8 %; 2000 жылы - 9, 8 %; 2001 жылы - 6, 4 %; 2002 жылы - 6, 6 %; 2003 жылы - 6, 8 %; 2004 жылы - 6, 7 %; 2005 жылы - 7, 6 %; 2006 жылғы қаңтар-шілдеде - 5, 1 %. 2006 жылғы қаңтар-шілдеде 2005 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге арналған бағалар мен тарифтер 8, 7 %-ға, азық-түлік тауарлары - 9, 4 %, ақылы қызмет көрсетулер - 9, 8 %-ға өскен. [12]

Курстық жұмыстың ақпараттық негіздері:

Жүнісов. Б. А., Мәмбетов. Ұ. Е., Байжомартов. Ү. С. «Нарықтық экономиканың негіздері», Мәуленова С. С., Бекмолдин С. Қ., Құдайбергенов Е. Қ. «Экономикалық теория», Әкімбеков С., Баймұхаметова А. С., Жанайдаров У. А. «Экономикалық теория» атты оқулықтары.

«Қазақстан Республикасындағы 2006 жылғы инфляциялық шолу» (Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) материалдары.

1. Инфляция: себептері, түрлері, салдары

1. 1 Инфляция түсінігі мен оның мәні, пайда болу себептері

Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда «инфляция» (латын сөзінен алғанда inflatio - қампию) деген ұғым капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі - қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789-1794 ж. ж. революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Алғаш рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж. ж. ) орасан зор гривналар) ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60% - ке дейін төмендеді.

Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялық реттеу, соның ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизмі жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайындағы инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезде пайда болды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипат алып, маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың біріне айналады. [1]

Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлар қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. Алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.

Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта та бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфляция кешенде себептерінің негізінде пайда болады және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары (әскери әскери шығындар)

Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмайтын-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер мемелекеттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі артық ақша эмиссиясына (эмиссия-айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару) жағдай жасайды.

Жұмыссыздықпен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп аталады. (ағылшын экономисі А. В. Филипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын) .

Бұл Филипс қисық сызығы график түрінде былай көрінеді:

Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді: Бұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатыннын білдіреді. Және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуін итермелейді. [2]

Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі (салықтар нарқы мен басқа тұтқалар) жасалып шығарылады. Швед экономист-ғалымдары Еста Рен (1913 ж. туған) және Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50-жылдпры жұмыссыздыққа қарсы әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта «Рен-Мейднер моделі» деген атпен белгілі. Бірақ Филипс қисық сызығындағы қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбекпен қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес. [1]

1. 1 Инфляция көрінісі, түрлері мен формалары

Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияны үш түрге бөледі:

  1. Баяу немесе сұлама инфляция;
  2. Қарқынды немесе секірмелі инфляция;
  3. Ұшқыр инфляция немемсе гиперинфляция.

Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20 %-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3 % деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептелінеді. Мысалы, 1992 жылы % Францияда - 2, 7 %, Германия мен АҚШ-та - 3, 8 % құрады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 %-тен 200-300 %-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000 %-тен жоғары) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалдарын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда - 3400 %, 1990 жылы Аргентинада - 2000 % құрады. [2]

Инфляция процестің сипатына қарай бөлінуі:

  1. Ашық инфляция;
  2. Жабық инфляция;
  3. Инфляциялық шок.

Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен, әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді. Яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады.

Жасырын немесе жабық инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Жабық инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр. Немемсе басқаша айтқанда, тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады.

Зерттеу объектісіне байланысты инфляция:

  1. Ұлттық;
  2. Аймақтық;
  3. Әлемдік болып бөлінеді.

Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты:

  1. Импортталған;
  2. Экспортталған.

Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.

Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты инфляция:

  1. Балансталған (теңестірілген) ;
  2. Баланстандырылмаған (теңдестірілмеген) .

Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.

Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция:

  1. Бақылаудан шықпаған;
  2. Бақылауға көнбейтін.

ЖҮӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында:

  1. Ақиқат инфляция;
  2. Жалған инфляция.

Бағананың болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты:

  1. болжауға болатын инфляция;
  2. болжауға келмейтін инфляция;

Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты:

  1. «сұраныс» инфляциясы;
  2. «шығын» инфляциясы;

Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады: «Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды». «Сұраныс» инфляциясынарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің ұсақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады. Олар айрықша нысан сипатында болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталды. Оған табыссыз жұмыс жасайтын бірталай кәсіпорындардың санын және артық жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті, ал ол еңбек өнімділігіне кері әсер етті. Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа айналуы, оны «сұраныс» инфляциясына айналдырады, бағаны өсіреді. [5]

Сұраным инфляциясын график түрінде 1 - суретте көрсетілген.

Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD 1 - AD 2 ) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р 1 - Р 2 ), яғни инфляция қалыптасады.

«Шығын» инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін. «Шығын» инфляциясының екі түрі бар:

  1. жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция;
  2. ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын инфляция.

Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген:

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жилжыды (AS 2 - AS 1 ), баға даңгейі өседі (Р 1 2 ) өндіріс көлемі қысқарады (Q 2 - Q 1 ), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. [1]

1. 1 Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары

Қазіргі кезде инфляция мынадай факторларға байланысты:

  1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
  2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның «сұраныс» инфляция және «шығын» инфляция түрлерін қарастырайық.

«Сұраныс» инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:

  • әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
  • мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
  • несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
  • импортталған инфляция, яғни валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
  • ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

«Шығын» инфляциясы мынандай факторлардың болуымен сипатталады:

  • еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
  • көрсетілген қызметтің маңызының артуы;
  • бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
  • энергетикалық дағдарыс.

Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналады. [5]

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соғады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан) мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол - ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.

Процент ставкасы өзгермеген болса, күтпеген инфляцияның нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз процентінің ставкасын жоғарылатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қатер-қауіп өсе түседі. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың «ашық» секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған нақты жинақтың құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан «қашуға» жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығындар жасауға мәжбүр болады.

Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске кіріседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат туралы
Қр-дағы экономикалық өсу түрлері,себептері және факторлары
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Экономикалық теория қалыптасу кезеңі
Инфляция жағдайы
Инфляция және оның экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz