Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .б ет

I Инфляция: мәні, мазмұны, көріністері, түрлер
... ... ... ... бет

II Инфляцияның қалыптасуы және асқыну себептері ... ... ... ... ... ... .
бет

III Инфляцияға қарсы
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет

IV ҚР-ның инфляцияға қарсы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. бет

Инфляция
сызбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. бет

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. бет

Инфляция – қолтаңба көп ақшамен кедейлену
К. Мигоут.
Кіріспе

Инфляция – айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни барлық тауар
және қызмет көрсету бағасының өсуі салдарынан сатып алу қабілетінің
төмендеуі.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен,ол тек ақшаға ғана тән
ғажайып құбылыс емес.Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны
тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптегене елдердің
экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескеріп, инфляция дейтін экономикалық
құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады. Сондықтан да бүкіл дүние
жүзі инфляциямен күресуде. Нарықтық экономикадағы елдердің бәріне
антиинфляциялық саясат үлкен үлестерін қосты. Мысалы, Кейнс пен Фридменнің
антиинфляциялық саясаттарын көптеген елдерде қолданады.
Менің осы тақырыпты таңдап алуымның басты себебі инфляция
экономикалық құбылыс ретінде экономиканың барлық салаларына (өндірісіне,
қаржы несие жүйесіне,әлеуметтік-экономикалық салаға және тағы басқаға) әсер
етуі.
Инфляция дегеніміз не? Ол қайдан пайда болды? Инфляцияға қарсы
қандай шарлар қолданады? Инфляция Қазақстанда бар ма? Деген сұрақтар туады.
Бұған жауап менің курстық жұмысымның мына бөлімшелерінен табуға болады:
1.Инфляцияның мәнін ашу,оның түрлерін анықтау және пайда болу
себептерін танып білу.
2.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары мен
антиинфляциялық күрестін қазіргі кездегі әдістерін зерттеу.
3.Қазақстандағы инфляциялық процестің дамуы мен оған қарсы
мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты туралы сөз болады.

І. Инфляция:мәні,мазмұны,көріністері,т үрлері.

Эконномикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
“Инфляция” термині (латынның inflation сөзінен шыққан – кебіну,
ісіну) ақша айналысына қатысты 19 ғасырдың орта шенінде пайда болды және
АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) қағаз долларының
(“гринбектерідің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. 19 ғасырда
бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық
Әдебиеттерде инфляция ұғымы 20 ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы
жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лыққа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Мәселен инфляцияның монетарлық
концепциясын американдық экономист И. Фишер құрастырған. Ол айырбас
тендігін шығарған:

M*V=P*Q,
Бұдан:
P=M*VQ,

Мұндағы M – айналымдағы ақшаның массасы;
V – ақша айналымының жылдамдылығы;
P – баға деңгейі;
Q – нақты тауар және қызмет саны.
Жоғарыдағы теңдіктен уақыттың қысқа интервалы үшін қарастырылып
отырған көрсеткіштердің өсу үрдісінің (Т) теңдігі шығады:

T р = T M T V T q
Баға өсуінің қарқыны инфляция қарқынын бейнелейді. Айырбас тендігінен
нақты өнім көлемі мен ақша айналымы жылдамдылығының нақты мәндерінде
инфляция ақша массасының өсу қарқыны арқылы анықталады.
Фишердің айырбас теңдігінің қысқа түрінде сандық ақша теориясы
берілген.
Бірақ, экономикадағы шаруашылық қатынастардың күрделену күшінде
өнімнің нақты көлемі мен ақша айналым жылдамдылығы тұрақты емес, және баға
өсу үрдісі мен ақша массасы арасындағы тығыз байланыс көрінбейді.
Инфляция табиғаты көп қырлы және оны экономикада қарастырғанда ашық
және басылыңқы инфляция деп бөлеміз. Ашық инфляция әр түрлі формаларда
көрінеді: сұраныс инфляциясы, өндіріс шығындары инфляциясы, құрылымды
инфляция.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұранысы жоғарлап, өндіріс әр түрлі
себептерге байланысты сұранысты қамтамасыз ете алмағандықтан тұтыныс
рыногындағы баға өседі.
Өндіріс шығындары инфляциясының пайда болуының бір себебі кез келген
аралық тауарға баға өсуі болуы мүмкін, көбінесе шикізат ресурсына және
энергия тасмалдаушына, ал екіншіден жалақының өсуі. Шығын инфляциясына
алғаш рет теориялық түсінік берген Дж. М. Кейнс.
Шындығында, бұл инфляция түрлерін бөлу қиын. Инфляциялық процестің
генераторы қайсысы екенін анықтау маңызды. Теориялық айырмашылығы
келесілерден тұрады: сұраныс инфляциясы бюджет дефициті мен тауар ақша
диспропорциясы формаларының басқа түрлері бар болғанша болады, ал шығын
инфляциясы көп уақытқа созылмайды.
Қазіргі кезеңде Қазақстанға тән ішкі рыноктағы шектелген бәсеке
шарттарында бағалардың инфляциялық өсу генераторы болып өнім өндірушілер (
сатушылар) болады, теңге курсының өсуінен, салық ауытпалығының қысымынан
және т. б. бағалар өседі.
Көбінесе, инфляция деп баға деңгейінің көп уақыт бойы көтерілуін
айтады. Инфляциялық процестерге сұраныс инфляциясының және өндіріс
шығындары инфляциясының фактогрлары әсер етеді. Сұраныс инфляциясы мен
шығын инфляциясының негізінде ақша айналымының бұзылуы жатыр, бірақ олардың
пайда болу механизмдерінде айырмашылық бар. Сұраныс инфляциясының негізі
және белсенді себебі ретінде ақша массасы алға шығады. Сұраныс инфляциясына
қарсы белсенді әсер ететін ақша массасы мен сұраныстың төлем қабілетін
қысқартуға алып келетін шаралар. Шығын инфляциясында баға өсуіне алғашқы
әсерді ақшалық емес, рыноктық және өндіріс факторлары тигізеді. Бұл
факторлар арқылы баға өсуі ақша массасының ( айналым жылдамдылығын есепке
алғанда) бағаның өскен деңгейіне “тартуын” қажет етеді. Несие – ақшалық
ортасы дамығын және икемді рыноктық экономика жағдайында бұндай
“тартынулар” автоматты түрде болады. Қажетті жағдайдың болмағаны шығын
инфляциясында бағаның өсуіне ғана емес, өндірістің де дағдырыстық
қысқарылуына әкеледі.
Құрылымды инфляция макроэкономикалық салааралық балансыздықты
сипаттайды. Бұл инфляцияның тез жеңуге болмайтын түрі, ол мемлекет
шаруашылығының жаңа жағдайға көшу, әскери өндіріс конверсиясы және т.б. ең
басты ауысу мерзімдерінде еріп жүреді.
Басылыңқы инфляция қолда бар ақшаның өсуімен сипатталады.
Инфляция қоғам өмірінің барлық жағынан теріс әсер етеді. Ол еңбек
қорытындысын, заңды және физикалық тұлғалардың сақталған ақшаларын
құнсыздандырады; ұзақ уақытты инвестицияларға және экономикалық өсуге
кедергі болады. Сондықтан, инфляциямен күресудің әртүрлі тәсілдерні
жасалуда.
Рыноктық дүниежүзілік көзқарас эволюциясы инфляцияға қарсы саясаттың
екі бағытын қорытты:
• Кейнсианстық;
• Монетарлық..
Кейнсианстық инфляцияға қарсы саясат бюджеттік және несиелік жүйені
реттеуге бағытталған.
Монетарлық саясаттың негізгі сұрағы ақша
массасының негізгі көлемі және оны реттеу.

Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көргенімен оны тек таза
ақша феномені жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі
сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкесіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-
экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың
қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары:
• Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының
төмендеуіне ұрындырады;
• Ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының
төмендеуі;
• Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.
Бүгіндегі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әр түрлі факторлар тудырған өндіріс прцесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттік кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет.
Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы – бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштын өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады. Мәселен,
қазірдің өзінде Қазақстанда кредит беру саясаты ұлғаюда, мұның арты
инфляцияның жылдамдығын артуына әкеліп соқтырады (емес пе?). Алматы
қаласының өзінде пәтерді кредитке беру жылдан-жылға көбейіп сол пәтерлердің
құнын қалтадан жоғары асырып жіберді. Мұның өзі нарық жүйесінде ішкі
инфляцияға әкелді. Мысалы, үш бөлмелі пәтер үйі екі жыл бұрын 25000 доллар
болса, қазіргі нарық бағамен есептегенде бұндай пәтерлердің құны үш есе
өсіп шамамен 70000 долларға өтіп жатыр емес пе?! Ал жылдық қорытынды
бойынша, экономистер бұл жылы 7%-тей (шамамен нақ) инфляция болды дейді.
Есептеп көріп шығарсақ экономистеріміздің айтқан сөзіне жақын да келмейді.
Шығарайық:(1)
25000$ - 100% (2001-2002жж)
1750$ - 7 %
бұл шамаларды қоссақ, яғни пәтердің 2001-2002жылдары болған құнға
инфляциялық пайызды:
26750$ - 100% (енді2002-2003жж)
1872,5$ - 7 %
тағы да есепке алсақ 2004 қол созамыз:
28622,5$ болады...
Дүниежүзілік құрылымдық дағдырыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдырыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көп факторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы
заңыны бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құқбылысы мынандай қаржылық фактроларға тәуелді
болып келеді:
• Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
• Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
• Мемлекет бюджетінің тапшылығын жабудың әдістері;
• Мемлкеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте
түседі).
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұрамының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтын көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктегі
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ бойы тапшылықтары (өндірістік емес
шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгеріске ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуі жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келді (1сызбаны
қараңыз). Қаржы инфляциялық процестерінің тездеткіші бола алатын сияқты,
инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және
бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің
шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне,
мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне
ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен
кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан
мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік
берешектің проблемасышиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет
өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары
көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты,
бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді
инвестицияларға деген эконмикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың
құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.т..
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші
пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі
бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеннің бағасы арасындағы
арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былай анықталады.
Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі
шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге
көбейтіледі:

Инфляция қарқыны =

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің
тарифтері былайша өсіп отыр (есе):
1990 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 1 2,5 30,6
22,7 1,6 1,39 1,17 1,07 1,18 1,13 2001 2002 2003 2004
1.7 1.4 1.5 1.2 Дүниежүзілік практикада егер
инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50%
немесе аптасына 11,5% құрса, онда мұңдай деңгей әсіреинфляцияға сәйкес
келеді. Қазақстанда бұл деңгей 2000-2005 жж. Ішінде айтарлықтай асып түсті
.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін
мынандай критерийлер бойынша ажыратады:(2 сызбаны қараңыз)
Бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
• Баяу – баға жылына 10% өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны
сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
• өршімелі – баға 100% шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
• әсіре – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы
алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
- теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция;
теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-
біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде –
олардың бір-біріне арақатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі
үйлесімде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген, болжамды және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталынған және экспортталынған;
сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы
өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі
тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Практикада инфляцияның екі типін бөледі: сұраным инфляциясы
(тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасы өсуімен
байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары
болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа,
материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына,
ақпаратқа және т. т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі
инфляцияны тудырады. Бұл жағдайға байланысты мынандай мысал келтіруге
болады.(1)
Астаналық нан комбинаты және Республика бойынша нанның жалпы бір
нанға кететін шығындар туралы айтылған. Берілген статистикаға жүгінетін
болсақ, онда:
2000жылы – 22теңге 68тиын,
2001жылы – 17теңге 92тиын,
2002жылы – 21теңге 16тиын көлемін құрады. Ал, 2003жылдың бірінші
жартыжылдығы есебінен келсек, 23теңге 10тиын болып тұрып, шілдеде 25теңге
58тиын, қыркүйекте 30теңге 45тиынға көтерілді. Қазірдің өзінде Алматы
қаласында бұл шығын мемлекеттің тежеуімен шығындар өз бағасын ұстап тұр.
Бірақ, бұл жағдай нан комбинаттарын бонкротқа әкелуде. Мәселен, қазірдің
өзінде
Астана ордамыздағы жалғыз нан комбинаты өзінің бонкроттық жағдайда
отрығанын бір жыл бұрын айтқаны мәлім емес пе. Неге онда ұсақ бизнес
осындай хәлде? Өйткені, бұл өімнен пайда табуға ат салысқан бизнесмендер
былай түсіндіреді: басты себептердің бірі болып ол осы нанға жұмсалатын
ашытқы, май, қант, су секілді өзге де өнімдер және жұмыскерлерге жалақы
беру, салық төлеу, жанармай алу, өнім тарату тәрізді толып жатқан
шығындардың артуы деп түсіндіреді.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға
ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл
инфляцияның шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің
тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде
шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді
тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық
шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді
(3сызбаны қараңыз).
Нарықтық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын
немесе кредиттерді жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі
кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын
төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не
іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда
фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокты тура
алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне
мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені
өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды,
жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды.
Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалаумен келісуге мәжбүр болрды
және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз
кезегінде арықарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкілікті
тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен
кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл
импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік
валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан
туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте
депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері
артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны
кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналданылған ақша ауқымының
көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық
бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе
жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық
корпорациялардың – рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын
монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық
опрециялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды.
Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциалық
және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады.
Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауаларға
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар
Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
Мемлекеттік әлеуметтік саясат
Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Ақша нарығындағы шоттар
Нарықтық экономикадағы инфляция жайлы
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Өрісті транзистордың жұмыс істеу принципі және оның негізгі параметрлері
Пәндер