Нарықты реттеу әдістері
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-ТАРАУ. Экономиканы мемлекеттік реттеу 5
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу 5
1.2 Нарықты реттеу әдістері 11
2-ТАРАУ. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат 16
2.1 Инфляцияның себептері 16
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері 20
2.3 Инфляцияның түрлері 21
2.4 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 24
2.5 Инфляцияға қарсы саясат 29
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 33
Кіріспе
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық
мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол
сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда
аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мәжбүрлі салықты төлеуге
түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс
жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл
нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін
қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін,
азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі
ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай
энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен
пайдалануды, жалпы мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше
жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі — іnflatіo —(вздутие)— қампаю, тұңғыш Солтүстік Америкада 1861 —
1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдагы қағаз
акшалардың көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл Англия мен
Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX
ғасырдың басында дүниежүзілік соғыста кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы — айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс
емес. Ол — күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
1-ТАРАУ. Экономиканы мемлекеттік реттеу
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-
шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мынадай сұрақ туындайды мемлекеттік араласу - объективті қажеттілік
пе, әлде ол әрдайым субъективті сипатта бола ма?
Бұл сұраққа дұрыс жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өpіc алған не
оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық
тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бұл тәжірибенің
нарықтық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған
ғылыми талдауы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі
мемлекеттің жүзеге асыратын іс-шараларының объективтілігі туралы тұжырымды
жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді. Тиімді экономиканың шведтік
моделін жасаушы және көрнекті маман Класс Эклунд "таза күйінде мүлдем
реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда, ешқашан болған
емес" - деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық шаруашылықтардың сыртқы-ішкі
әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті болуді қамтамасыз ету
мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білгендігін
атап көрсетеді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажетгілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық
түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселен "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде
болмақ.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік — тауарларды ондірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері" болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер)
өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған
арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді
ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, оз қызметін тек қана сұранысты
қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен
қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе
оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет
қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы
әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің
араласуын талап етеді.
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және
олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде
де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі
мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы
қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Ең соңында халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету
мәселелерін атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатпен икөршілес"
тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл
істегі мемлекет ролі айрықша жоғары болып келеді.
Сонымен, мемлекеттік реттеудің объективті қажсттілігі қандай?
Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық
көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін —
микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер
құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және
микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық
бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-
салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып
келеді.
Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер)
иқозғалысының" қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда
пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық
қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік
беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді
нарықтық механизм әрекетінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Бүкіл
әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті
қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне
қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер мұндай
реттеудің объективтілігі ескерілген болса, алгі тиімділік коэффициентінің
мөлшері жоғарылайды.
Кәсіпкердің мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігімен
шектелетіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой-өрісінен тыс қалатындығы әбден
қисынды да, түсінікті. Бұл нарықтық механизм құрылымына байланысты жүзеге
асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортаның ластануымен, шикізаттардың
қайта өндірілмейтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ
қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады.
Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш
бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:
а) ағымдағы және болашақтағы табиғатты қорғау шараларын
қаржыландырудың орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу;
ә) шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі
алдын ала бекітілген ережелер мен мөлшерден артық кететін болса, оларға
әкімшілік-құқықтық шектеулерді бекіту;
б) табиғатты тиімді пайдалануды ынталандыратын механизмді жасап-
дайындау және бақылау
Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу — мемлекеттің макроэкономикалық
тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек, Бұл — үкіметтің
болжамы емес, оның обьективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік
жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы
тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады. Келесі
жағдайларға байланысты тиімділік бұл жерде барынша күрделі мазмұнға ие
болады:
- өндірістік немесе әлеуметтік сипаттағы нақтылы мәселелердің тиімді
шешімі оны макроэкономикалық деңгейден қарастырғанда, яғни, тек жиынтық
табыстарды жиынтық шығындармен салыстыру жағынан келгенде тиімсіз болып
шығуы әбден мүмкін. Егер жиынтық шығындардың абсолюттік көрсеткіштері
жиынтық табыс бойынша көрсеткіштер деңгейінен жоғары болса, — бұл шешімнің
тиімділігі күмәнді болады;
- халық шаруашылығының тиімді аймақтық-салалық құрылымын құру
жөніндегі мемлекеттік шаралар жекелеген шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, салалар мен аймақтардың тұрғысынан тіпті де тиімді болмай
шығуы мүмкін, өйткені соңғылардың деңгейінде мемлекеттің макроэкономикалық
мүдделері әрдайым қарастырыла бермейді;
- егер экономиканы өсіңкілі ұдайы өндіретін жүйе ретінде қарастыратын
болсақ, онда макроэкономикалық теңгермешіліктің өзі осы жүйенің болашақтағы
даму тиімділігінің факторы ретінде алынады.
Осыларды ескеретін болсақ мемлекеттік реттеу барысы өз кезеңінде
нақтылы бір мерзімге есептелген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
саясатының туындысы болып табылатын тұтастай экономикалық жүйе дамуының
бағдарламалы-мақсатты нұсқауларына бағындырылуы қажет екендігі туындайды..
Тәжірибелер мен әдебиеттерді талдау көрсеткеніндей, мемлекеттік реттеу
барынша "жоғары ранг" мақсаттарын жүзеге асыру жұмысына жақын тұрады.
Бәрінен бүрын, сөз мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру
жөнінде болуы керек. Біздің ойымызша, оны ішкі, сондай-ақ әлемдік деңгейде
де шаруашылық жүргізудің тиімді нәтижелерін қамтамасыз ететін үкімет іс-
әрекетінің ұзақ мерзімдік бағыты, жолы ретінде түсіну керек. Бұл жолдың
бағытын дұрыс таңдау оның сызықтық кескінінде кездесетін сынықтан аулақ
болуға мүмкіндік береді. Бірақ, мұндай таңдау:
- жаңа экономикалық саясатқа өту кезеңіндегі қалыптасқан әлеуметтік
шаруашылық жағдайды терең ғылыми талдауға;
- болашаққа қажетті қоғамның материалдық-техникалық, табиғи-
экономикалық және интеллектуалдық қорларын анықтауға арналған ғылыми көп
вариантты болжамдардың эксперттік бағалауы мен нәтижелеріне;
- халықаралық экономикалық саясаттың мүмкін болатын өзгерісі мен
сыртқы экономикалық байланыстар тиімділігін болжауға негізделген жағдайда
ғана қамтамасыз етіледі.
Тиісті мемлекеттіх органдар ғылыми қызметінің жоғарыда аталған
бағыттары экономикалық саясат қалыптасуының маңызды бөліктерін ақпараттық
қамтамасыз ету банкін құрайды. Бұл бөліктерге, біздің ойымызша, қорларды
тиімді пайдалану саясатын, ішкі шаруашылық және әлеуметтік саясатты, сыртқы
экономикалық саясатты жатқызу жөн сияқты. Құралдар құрамының жүйелілігі
көбінесе экономикалық даму мақсаттарының қандай да бір саяси құрал
өзгерісінің әсерімен мүмкін болатын өзгерісі (сандық өлшемде) қаншалықты
дұрыс бағаланатындығына байланысты болады. Мұндай бағалаудың шапшандығы мен
әділдігі жүргілізіп отырған экономикалық саясаттың тиімділігін
Тиісті әдебиеттердің, ресми құжаттардың талдап-қорытулары мен
мемлекеттік реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, оның келесідей негізгі
қағидаларын атап өтуге болады:
- мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды,
артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;
- халық шаруашылығын басқару иерархиясының барлық деңгейлеріндегі
шаруашылық жүйесінің тиімді шамаластық, сай келушілігі мен теңгермешілігі;
- мемлекеттік реттеу бойынша шешілетін мәселелердің сипаты мен
деңгейіне сай келетін құралдарды таңдай білу;
- реттеу барысында тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайына, оның ішінде макроэкономикалық тұрақтылыққа айтарлықтай әсер
ететін мәселелерді кешенді түрде қарастыру.
1.2 Нарықты реттеу әдістері
Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық
шаруашылық субьектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі,
көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен
байланысты. Енді экономикалық процестерге әсер ету үшін мемлекет осы
әдістердің кейбіреуін қалай қолданады, осыған қысқа тоқтала кетейік:
1-сурет. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
1. Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды.
Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі
қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс
салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар
(субсидия), салық шаралары жатады.
Салықтық реттеу фискалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында
салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет
бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен
еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен
қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар
да өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды
ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу
мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен
табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен
жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы
барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;
о) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудіц тәртібін
өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту
жатады;
6) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салапық
жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға
тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат
беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.
2. Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық
проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін
мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен
тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі
қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:
а) несиенің пайыз нарқының өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту
үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен
болғаны абзал;
о) эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы
(дисконттық) - бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің
қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріп
алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық
банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету немесе
көтеру жеке коммерциялық банктер үшін несие нарқын қайта қарауға түрткі
болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарқының өсуі) несиелік және
инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы, керісінше іскерлік
белсенділікті көтермелейді;
б) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумын арттыру.
Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген
ақша) ерікті ақша салымдарынан (бос резерв) және міндетті ақша
салымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк,
міндетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие
қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің
несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;
в) "ашық нарықтағы операциялар". Бұл жағдайда, мемлекет өзінің
облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке
несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс
процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша
қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.
3. Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискалдық және несие саясаты
көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан
мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы
мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді,
кейде олардың өсуіне тыйым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың
пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.
4. Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар,
мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік) бақылау
шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке
күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау және басқа да осы
секілді істер кіреді.
5. Қысқа мерзімді реттеулер. Оның мақсаты — бірнеше айдың ішінде
нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады.
Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдің ағымдағы кезеңінің қозғалысын
өзгерту, оның ішінде экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу,
бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін
тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып отыр.
Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс
осуімен күрес немесе инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді
реттеудің бұндай бағыты дефляциялық саясат деп аталады.
6. Ұзақ мерзімді реттеу - бірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген
ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Оған
белгілі бір уақыт кезеңі бойынша экономиканың даму қарқынын ұстап тұру,
кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын
өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми-техникалық прогресті дамыту
мақсатында жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.
2-ТАРАУ. Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
2.1 Инфляцияның себептері
Оларды сатып алу қабілетінің күшті валютамен салыстырғанда
күнсызданады, Инфляцияны бұлай түсіндіру яғни ақшының алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалдылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның
көтерілуіне "нақтылы" экономикалық жағдайда әсер етеді. Мысалы, 70-
жылдардагы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы
20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен
байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы — 9%-ке артты.
Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына,
циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық
өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,
салықтың жана ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына жане т. б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне
көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ—ХХ
ғасырдың бас кезіне "классикалық түрі") бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ
апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып
кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс
материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру
барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің иифляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді. Айырбастың сандық тендігін MV - РО еске түсірсек, М мен Р
көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әсксри мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар — олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты, Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген басекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген басекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz