Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3

І. І. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-------------------------- ----5

1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу және даму негіздері-------------------------- -
---------5
1.2 Кәсіпкерліктің формалары, мәні, мазмұны және атқаратын экономикалық
қызметтері------------------------- ----------------------------------- ------
---------------------7
1.3 Кәсіпкерліктің түрлері мен ұйымдық - құқықтық пішіндері ---------------
---13

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ----------------
----------------------------------- -------------------17
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуын талдау -------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------------------17
2.2 Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қазіргі кезеңдегі ахуалына
талдау----------------- ----------------------------------- -----------------
----------------------19

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ-----------
----------------------------------- ---------------------23

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
-----------27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------- -------------------
29

ҚОСЫМША----------------------------------- ----------------------------------
-------------30

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Республика Президенті
Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша
көңіл бөлуде. Оның Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды
күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы осы мәселеге
арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы – материалдық базаны
одан әрі жетілдіріп, жер – жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін
қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық
экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр.
Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы
жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы
мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал
көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші
деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте
несие беру тәртібі баяу енгізілуде.
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - шағын жәие
орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып
табылады. Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп
өндірісінің 50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80
пайыз аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш
секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым
көңіл бөлінуде. Елбасы ұсынған "Қазақстан-2030" стратегиялық даму
бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту болып табылады.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды
міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта
кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді,
тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын және
орта бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық,
экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдарды
жасалуда.
Курстық жұмыстың мақсаты. Кәсіпкерліктің теориялық негіздерін зерттеу,
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын талдау, Қазақстандағы
кәсіпорындардың даму жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері.
- Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу;
- Кәсіпкерліктің экономикалық орнымен әрекетінің әдістемелік
көрсеткіштерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің
қалыптасуының алғы шарттары мен қажеттілігін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың санын, түрлері мен
пішіндерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарының қазіргі кезеңдегі
ахуалына талдау жасау;
- Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуын талдау және т.б.
Курстық жұмыс объектісі. Курстық жұмысқа экономикалық теория
кітаптары, ҚазЭУ хабаршысы журналының экономика сериясы, Н.Назарбаевтың
Қазақстан-2030 Стратегиясы т.б. еңбектер қолданылды.

І. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу және даму негіздері
Жалпы, француз тілінен тарағап "кәсіпкерлік" ұғымын экономика
теориясыиа ХVІІІ тсырда тұңғыш рет ағылшын банкирі әрі экономисі Р.
Кантильон енгізді. Р. Кантильон "кәсіпкер" деп бағаның тұрақсыздығы мен
болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату мен сатып алу
процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін
адамдарды (саудагерлерді, шаруаларды, қолөнершілерді т.б.) атаған. Оның
пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырыл
ады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алгашқы ден қойғандар "саяси экономиканың
ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері
болды. Аталмыш мектептің негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774), өнім өндіруші
фермерлерге әрқашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың
пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші
кәсіпкер-шаруа қоғамдық саудагерлікте басты рөл атқарады. Бұл ғылыми
бағытты француздың мемлекеттік қайраткері әрі экономисі А. Тюрго (1721-
1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді
жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім
өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы
топты А. Тюрго тағы да екіге бөлді:
а) кәсіпкер -мануфактурашылар, фабрика баспалары және қарапайым
қолөнершілер;
ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін
кәсіпкер - капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер.
Кейінірек ағылшын оқымыстысы А.Маршалл (1842-1924) "кәсіпкердің
жаңашылдығын (инновация)", неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) мен
В.Зомбарт (1863-1947) "кәсіпкерлік рухты" дәріптеді. М.Вебер "кәсіпкерлік
дегеніміз - іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсілі" десе,
В.Зомбарт кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін "әр заманның өзіне тән рухын
терең сезініп, дөп баса білу керек", тек осылай өткенде ғана кәсіпкердің
ісі оңға басады деп түсіндірді.
Кәсіпкерлік теориясына аса маңызды үлес қосушылардың бірі - австро-
американдық экономист - социолог И.Шумпетер (1883-1950) екені белгілі.
М.Вебср мен В. Зомбарттың капитализмдегі "адам факторын" зерттеу
дәстүрлерін жалғастыра отырып, ол кәсіпкерлерді теориясының діңгегі етіп
қарастырды да, оларды шаруашылық субъектілеріне жатқызып, олар "өндірістің
негізгі факторларын пайдалана отырып", экономикалық процестерге қатысушылар
деп тұжырымдады. Кәсіпкерлер тұлғасына маңызды мән берген И.Шумпетер "өз
кейіпкерін" әлемдік өркениеттің қозғаушы күші, XX - ғасырдағы экономикалық
өсіп-өркендеу мен ғылыми- техникалық прогрестің көш бастаушысы деп ұғынды.
ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832
жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін
қалыптастырды. Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек.
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында
бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының
шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу
рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты
рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті.
Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс
шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке
дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай
өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: Тауар
өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің
пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды
минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді
әдістерін өндіргенде ғана қол жеткізіледі - деп жазды.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі
Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883 – 1950 жж.)
мән берген. Оның айтқан сөзін эпиграф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу –
басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен
кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан
Батист Сәй (1767-1832 жж.) былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік
шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. Кәсіпкерлік терминін алғашқы
рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға
ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір –
бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін
кезкелген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта
кәсіпкер бола алмайды.

1.2 Кәсіпкерліктің формалары, мәні, мазмұны және атқаратын
экономикалық қызметтері
Республикамызда 1997 жылы қабылданған шағын кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі заңдар мен қаулылар шоғырында экономиканың бұл саласын дамытуға
мемлекеттің шындап кіріскені байқалады. 1997- жылдың 19 маусымында
жарнамаланған "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Заңда шағын
кәсіпкерлік нысандарына жыл бойына орта есеппен жұмыскерлер саны 50 адамнан
аспайтын заңды тұлға немесе заңды тіркелмеген жеке тұлға жататындығы
белгіленген.
Нарық экономикасы жеткілікті дамыған елдердің өзінде соңғы уақытта
кәсіпкерлік белсенділігі артып отыр. Шағын кәсіпкерлікпен айналысуға бел
буған адамдар бизнесті, әдетте, өзінің жекеменшік ісімен бастаған. Айталық
АҚШ - та 1950 жылдары орташа есеппен 130 мың фирма тіркеуден өтсе, оның
мөлшері 60-шы жылдары - 200, 70-ші жылдары - 350, 90-шы жылдары - 600, осы
ғасырдың алғашқы жылдары - 900 мыңға жеткен.
Нарықтың дамуына байланысты тауарлы-ақша қатынастарына негізделгеп
нарық жүйесі шағын кәсіпорындардың дамуы мен толығуын тынымсыз талап етеді.
Былайша айтқанда, нарық экономикасының ең қысқа түсінігін еркін кәсіпкерлік
эконмикасы ретінде қарастыру керек. Сол себепті, кәсіпкерліктің сан алуан
түрлері мен нысандарының дамуынсыз толыққанды экономикалық реформаларды
іске асыру мүмкін емес.
Шағын кәсіпорындарды жіктеудің қатып қалған қағидасы жоқ. Әдетте,
кәсіпорындардағы қызметкерлер санына орай кәсіпкерлікті шағын, орта және
ірі деп шартты түрде үшке бөледі. Әлемнің әр түрлі елдерінде олардағы
қызметкерлер саны әрқалай. Бірақ, шамамен, оиың ортақ белгілері мынадай:
- ірі бизнес: жұмыскерлер саны 500-ден асады;
- орта бизнес: жұмыскерлер 100-ден 500-ге дейін;
- шағын бизнес: жұмыскерлер 800-ге дейін.
Шағын бизнесті колдау мен басқарудың ғылыми-теориялық тұжырымдамасының
мәні мынада - бүгінгі таңдағы озық үлгілері мен әдістерін пайдалану
негізінде түпкі нәтижелерге бағытталған басқарудың тиімді жүйесін жасау.
Тұжырымдаманың мақсаты ретінде шағын кәсіпорынның ұзақ мерзімдер бойы өз
қызметінде ұмтылған негізгі нәтижелеріне қол жеткізудің әдістерін атап айту
керек.
Нарықта шағын кәсіпорын нарықтың жеңімпазы атануға ұмтылуға міндетті.
Бұл мақсатқа "кәсіпкерлік басқару" функцияларын игергенде ғана жетуге
болады.
Шағын бизнесті басқару функцияларына:
а) жоспарлау;
ә) ұйымдастыру;
б) мотивация (сенімділік орнықіыру);
в) бақылау;
г) үйлестіру жатады.
Нарықты орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық,
құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.
Кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері ұлғаяды. Мемлекеттік экономика
жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті тек қана өндірістік қызметпен
тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін
жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі
әлеуметтік – бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет
кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және
тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз – ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін
қажетті тауар мен қызмет өндірісімен байланысты;
− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда
өндіріс іс - әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және
ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
− жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен
айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен, бәсекелестік
орта жағдайымен сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық
ортаның басқа да фактормен есептесуі керек;
− жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы
кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы
қызмет бұрындары және қазіргі кезде же дәстүрлі түрде шағын
бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік
жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес
жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен
байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың
ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да
солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады соған қол жеткізу үшін
ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай
– ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға
басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік
қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі
және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына
басқару қызметі.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары
азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар
арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей алмау
әкеледі.
Нарықтық экономиканың аралас әлеуметтік-бағытталған екі секторлық
ортасы - өзіне мемлекеттік әрі мемлекеттік емес кәсіпорындарды ендіріп,
кәсіпорынның (фирма) шаруашылық қызметінің екі түрін қолға алады:
шаруашылық және коммерциялық есеп.
Шаруашылық есептің принциптері.
Біріншіден, шаруашылық есептің бөлінбейтін бөлшегіне шаруашылықтың өз
бетінше жұмыс жасауы жатады. Қазақстан Республикасы Президенттің
Мемлекеттік кәсіпорын жайлы Жарлығына сай, мемлекеттік кәсіпорынға
шаруашылығын өз бетінше жүргізуге құқық берілген.
Екіншіден, кәсіпорын өзін-өзі сақтау принципін жүзеге асырады.
Үшіншіден, қазіргі кезде мемлекет меншігіндегі кәсіпорын өзін-өзі
қаржыландыру принципін жүзеге асыруы қажет. Бұл мемлекеттік кәсіпорын
ұжымының басты міндеті болып саналады. Нарықтық жағдай ресурстардың
төлемділігін байқатады. Ендігі жерде ұжым өзі тұтынатың нәрсенің барлығына
да төлеу қажет. Тек материал, энергия және ірі жабдықтарға ғана емес, енді
кәсіпорын бұрындары тегін немесе азғана төлем төлеген нәрселерге де: жұмыс
күшіне, жер, су, пайдалы қазбалар және басқада табиғи ресурстарға төлетін
болды.
Төртіншіден, өндірістегі нәтижелер үшін мемлекеттік марапаттауды күтпей-
ақ (бұрын мұны мемлекет атқарған) өзін-өзі марапаттау принципіне көшуде.
Бұл толық шаруашылық есептің коммерциялық жақындасуына алып келеді.

Жедел басқару құқығы арасында құрылатын қазыналық кәсіпорындар
(мемлекеттік бір түрі) толық емес шаруашылық есепте болады, сөйтіп тек өзі
өндірген өнімді ғана өз бетінше өткеруіне рұқсат етіледі, қалғанын мемлекет
анықтайды.
Қазақстан экономикасының әкімшілдік-әміршілдік модельден нарықтық қатынасқа
көшуі шаруашылық есеп сауалын қарастыруға жаңаша көзқарасты талап етті.
Мұндай көзқарасты қысқаша ғана былай тұжырымдауға болады: әртүрлі
меншіктегі кәсіпорынның кәсікерлік қызметі шаруашылық есептің коммерциялық
есепке ауысуын талап етеді. Егер шаруашылық есептегі кәсіпорынның алдында
негізінен өндірістік - өткізу міндеті тұрса, коммерциялық есеп жағдайында
кәсіпорын алдындағы міндет – тек өндірістік өткізу ғана емес, сонымен қатар
қаржылық сатып алу және маркетингтік қызмет көрсету болып табылады.
Коммерциялық есеп жағдайында кәсіпорын қызметінің
құрылымы түбегейлі түрде өзгереді, себебі тұтынушымен қатаң тапсырыс
байланысының үзілуінен өзінің тауар өткізу кепілдігі болмайды және олардың
басқа өндірушілер тауарына бағыт бұруы мүмкін. Демек кәсіпорын өзінің
қызметін жаңа факторды ескере отырып жоспарлауы қажет, ол бүгінгі талаппен
айтар болсақ – нарықтық тәуекел болып табылады. Коммерциялық есеп кәсіпорын
қызметінің жоспарлау мағынасын жаңалай түседі. Бұл процесс коммерциялық
есеп жағдайында бір ғана өндірістік бағытты қамтып алмай, сондай-ақ оның
негізінен төрт аспектісін: өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алуды да
қамтиды.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика
ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып
нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың
индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде,
индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары
көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар
мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі
болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай
орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату
көлемін арттыру болса да.
Жалпы қабылдағандай, фирма басшысы білімді және жан – жақты болса да,
менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері
болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар
сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі
жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис
қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір
шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалауынша кез – келген
фирма үшін кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары
болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті
ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
1. үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгертуге және өнімді
жиі жаңарту қабілеттер болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң
стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез
өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары
төлем төлей алмауға әкеледі;
2. фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа
нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі
екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да
нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі
туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
3. фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі
сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек.
Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп
қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірмен өзгертті.
Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі
сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік
сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау
керек.

1.3 Кәсіпкерліктің түрлері мен ұйымдық - құқықтық пішіндері

Кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық
шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін
тереңнен түсінуге Қазақстан Республикасының шаруашылық қызмет еркіндігімен
кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар
мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін
негізгі құқықтық, экономикалык, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді
анықтап берді. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте
болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен –
кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері
бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құкықтық формасы деп аталады.
Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы
субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық
тәуелсіздігі болуы кажет. Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын:
- ұйымдық-құқықтық құрылысы;
- масштабы;
- қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді.
- Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар
мен түрлерге бөлінеді. Олар:
- шаруашылық серіктестіктері,
- акционерлік қоғамдар,
- өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында -
мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің деңгейіне қарай:
толық, аралас, шектеулі болып бөледі. Акционерлік қоғамдар - бұл жарғылық
капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Олар екі түрге
бөлінеді; ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар.
Бизнес - бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын беруге
ынталандырушы өнер. Бұл өнер коммерция зандарына, кәсіпкерлердің үлкен
еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың яғни
бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық
қызметінің маңызды түрі. Оның ролін Адам Смит былай деп бағаланған болатын:
Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен,
ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді. Қазіргі экономика кәсіпкер-лікті
шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде аыықтайды. Кәсіпкерлердің
экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар
мен жарлық, қаулылар қабылданган. Атап айтқанда, алғашқы құжаттардың бірі
болып Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы Заңы 1992 жылдың
шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың
мәні мен мазмұны, басты мақсаттары бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру,
мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.
Республикада Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту Қоры кұрылып,
Президент Жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында Кәсіпкерлікті қолдау мен
бәсекені дамыту жайындағы мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы
бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы
кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған
бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты - экономикада
жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің
инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің Азаматтар мен
заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі хұқығын
қорғау туралы Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту
мәселесіне зор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Кәсіпорынның пассивтерін басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Кәсіптік оқыту және кадрлар даярлау курстары - бір беиімді
Фирма мәні, түсінігі
Пәндер