Өндірістік істің қорытындысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
курстық жұмыс
Пәні: Экономикалық теория
Мамандығы: Қаржы
Тақырыбы: « Кәсіпкерлік - нарықтық экономика дамуындағы негізі ретінде».
Курстық жұмыстың қорғалған бағасы
«___» 200__ж.
Комиссия мүшелері Жетекшісі : Райымқұлов С. (аты-жөні, қолы)
(аты-жөні, қолы)
(аты-жөні, қолы)
Шымкент 2007
Ф. 4. 7-006-03
«Экономикалық теория» кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
«» 2007ж.
пәнінен курс жұмысына тапсырма
№ тапсырма
СТУДЕНТ ТОБЫ
(аты-жөні, фамилиясы)
Жұмыстың тақырыбы
Алғашқы деректер
Әдебиеттер: 1
2
3
Тапсырманың берілген күні , жұмыстың қорғалу күні
Жұмыстың жетекшісі .
(қызметі, аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдадым
(аты-жөні, қолы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Экономика және қаржы» факультеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
Бекітемін
кафедра меңгерушісі
«___» 2007
Курстық жұмысты қорғауға
N_ ХАТТАМА
пәні бойынша
тобының студенті
Курстық жұмыстың тақырыбы
Қорғау барысында келесідей сұрақтарға жауап алынды
Курстық жұмыс орындау барысында жинаған балы /60 балдан/, қорғау бағаланады (40балдан) балға. Қосынды балы
Жобаның бағасы
Курстық жұмыстың жетекшісі
Комиссия мүшесі
Комиссия мүшесі
Қорғалған күні2007ж.
Аннотация
Курстық жұмыста кәсiпкерлiк нарықтық экномиканың дамуындағы негiзi ретiнде, кәсiпкерлiктiң ұйымдастыру экономикалық түрлерi және нарықтық экономиканың дамуындағы алатын орны, Қазақстанда кәсiпкерлiктiң даму ерекшелiктерi қарастырылған. Кәсiпкерлiк iс тек қана өндiрiстен емес, сонымен бiрге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш болып табылатындығы, шағын, орта, жеке кәсiпкерлiктiң дамуы жайлы айтылған.
Курстық жұмыс 30 бет, компьютерлiк тексте берiлген, 4 сурет пен кесте, 3 слайд, 13 түрлi әдебиет қолданылған.
Мазмұны
Кiрiспе 5
І Кәсiпкерлiк мазмұны мен ұйымдастыру экономикалық түрлерi………. 7
ІІ кәсiпкерлiктiң нарықтық экономиканың дамуындағы орны…… . . . …18
ІІІ Қазақстанда кәсiпкерлiктiң даму ерекшелiктерi21
Қорытынды. 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . …. 30
Қосымша а. Кәсіпкерлік істің түрлері . . . . . . . 31
Қосымша Б. Кәсіпкерлік формасы. . . . …32
Қосымша в. Жеке кәсіпкерліктің даму салалары . . . 33
Кiрiспе
Кәсiпкерлiк - азаматтар мен олардың бiрлестiктерiнiң пайда немесе өзiндiк табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметi болып табылады. Нарықтық шаруашылық жүйесiне көшу -ол, экономиканы кәсiпкерлiк жолмен жүргiзедi. Нарықтық экономикада кәсiпкерлiк орталық орынға ие және ол әлеуметтiк экономикалық құбылыс ретiнде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Жалпы өркениеттi елдердiң қай-қайсысын алсақ та өздерiн экономикалық және әлеуметтiк шешуге кәсiпкерлiкке арқа сүйедi. Себебi кәсiпкерлiк халықтық әл-ауқатын арттыру мен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебiн тигезедi. Кәсiпкерлiктiң түрлi формаларының өзара тиiмдi ынтықмақтастық құрылуы келешегi зор бағыт. Кәсiпкерлiк-бизнестiң неғұрлым жекеше жағдайы. Бизнес - бұл адамдарды. Яғни тұтынушыларды өз қаржысын сiзге беруге ынталандырылатын өнер. Бұл өнер-кәсiпкерлердiң үлкен еңбегi мен тәжiрибесiне негiзделедi. Бизнес - кәсiпкерлiк өндiрiстiң, нарықтың бүкiл қоғамның дамуына ықпал етедi. Ол жаңа iстi қолға алады, тәуекелдiлiкке бас тiгедi. Шағын және орта бинестiң дамуына қолайлы жағдай туғызу үшiн отандық кәсiпкерлердi ынталандыру, оның бейнесiне көбiрек көңiл бөлу және кәсiпкерлердi қолдаудың инфрақұрылымын жандандыру қажет. Кәсiпкерлiк iстi дамыту мен жандандыруға байланысты Елбасы Н. Ә. назарбаев 2006 жылы 1 наурыздағы халыққа Жолдауынан:
Кәсiпкерлiкке кең ауқымды мемлекеттiк қолдауды iске асыру шағын және орта бизнестiң тұғырын кеңейту мен нығайту.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры халықтың кәсiпкерлiк әлеуетi мен бастамашылығын iске асыруға тырысан түрлi топтары үшiн қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиiс. Қордың өкiлдiк желiсiн кеңейту өңiрлердегi кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң халықаралық стандарттарын енгiзу.
Қазақстандық бизнес қазiрдiң өзiнде аяғынан тiк тұрды. Өзiнiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн пайымдай бастады және өз қызметiн соған сәкес құруда. Бұл iстi ұлттық компаниялар мен iрi инвесторлар қайырымдылық шараларына, бiлiм, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу, әлеуметтiк жағынан қорғаусыз азаматтарға нақты қолдау жұмсау арқылы үлгi көрсетуде. Мұндай тәжiрибе дамыған елдердегi сияқты бизнес-орта үшiн қалыпты жағдайға айналуы керек. Бiзге бизнестiң әлеуметтiк есептiлiгiнiң жалпыға ортақ ережесiн әзiрлеп, жалпы ұлттық мiндеттердi шешуде осы саладағы халықаралық озық тәжiрибелерге сүйене отырып, оның әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыратын уақыт келдi деп ойлаймын.
І Кәсiпкерлiк мазмұны мен ұйымдастыру экономикалық түрлерi
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсiпкерлiк шаруашылық қызметiнiң маңызды түрi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң мағынасын, белгiлерiн, заңдылықтарын, түрлерiн дұрыс түсiну қажет.
Сонымен кәсiпкерлiк не? Кәсiпкер-кiм?
бұл жөнiнде экономикалық әдебиеттерде әр мағынада анықтамалар берiлiп жүр. Буржуазиялық, экономикалық теорияда «Кәсiпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолдана бастады.
А. Смит: Кәсiпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсiру үшiн экономикалық тәуекелге баратын меншiк иесi болып табылады.
Ж. Б. Сэйдiң : Кәсiпкер -өндiрiс факторларының қисынын келтiрiп, ұштастыратын, экономикалық қызмет көрсететiн адам.
«Кәсiпкерлiк» терминi алғаш рет ағылшын экономисi Ричард Контильон XVIII ғасырда ендiрдi. Капиталистiк елдердегi 80-жылдардағы «Кәсiпкерлiк шуы» экономикалық өсудiң жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесi көптеген ерекше факторлар мен себептерге байланысты.
Бүгiнгi таңдағы капиталистiк елдердегi кәсiпкерлiк ҒТП-тiң нәтижесiне капиталистiк экономикалық жүйенiң өсiңкiлеу дамуына икемдiлiгiн қамтамасыз ететiн, құралдарға, жұмыскерлерiнiң қалың топтарының творчествалық және ұйымдастыру қабiлетiн жүзеге асыратын фомаларға тығыз байланысты. Жалпы, қарiзгi кәсiпкерлiктiң мiнiн Батыс Европа және басқа едердiң алдыңғы қатарлы көрнектi экономистерiнiң iлiмдерiне сүйене отырып анықтау дұрыс. Экономикалық әдебиеттерде кәсiпкерлiктi ұйымдастырдуың үш шарты айтылып жүр. Бiрiншiден, кәсiпкерлiкпен айланысу дегенiмiз аталған субъектiнiң /кәсiпкердiң/ шаруашылық әрекен түрiн, оны жоспарлару; өнiмдi өткiзуде және т. б. таңдауда олардың жинытқы бостандығы мен құқығы болу кере деген сөз. Екiншiден, кәсiпкерлiпен айналысатын адамдардың өндiрiс құрал-жабдықтарына, өнiмге және табысқа иелiк құқығы болуы маңызды шарт. Үшiншiден, өзiн-өзi басқару мен шаруашылықты таңдауд бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететiн белгiлi бiр экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгiлi бiр кәсiперлiкпен айналысу үшiн-нарықтық бәсекелестiк тәртiп бойынша, шаруашылық жүргiзуге қолайлы жағдай туғызу. Сонымен, кәсiпкер болу үшiн капиталдың иесi болудың қажетi жоқ. Оның басты капиталы-ұшқыр қиял және тұтынуышылардың психологиясын сезiнуi. Нақ осылар кәсiпкерге пайда түсiредi.
Кәсiпкерлiк екi мағынада пайдаланылады:
1) белгiлi бiр iстiң түрi.
2) Сол iспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсiпкерлiк - дегенiмiз белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Iсті iстеу адамның белсендiлiгi және iскерлiгi. Белсендiлiк, iскерлiк, адамдардың мiнез-құлқы типтерiмен байланысты болады. «Кәсiпкерлiк» деген өмiрде экономикалық белсендiлiкке қолданылады. Экономикалық белсендiлiк бұл-энергетикалық процесс тауар өндiрiсiнен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндiрiсте, айырбас та шектелген белсендiлiгiн емес, ол адамдардың жан-жаөты белсендiлiгiн талап етедi. Сондықтан экономикалық белсендiлiк iскерлiк еркiнсiз немесе еркiн болуы керек. Кәсiпкерлiк-ежелден келе жатқан амадардың iскерлiк белсендiлiгi, қабiлетi. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнер қызметкерлерi т. б. ал ендi, кәсiпкерлiк субъектiлерiне келетiн болсақ,
1-сурет. Кәсiпкерлiк субъектiлерi
Кәсiпкерлiк белгiлерi :
-белсендiлiгi
-iскерлiгi
-коммерциялық тәуекелшiлдiлiк пен жауапкершiлiк
-жаңашылдық (инновация)
-инициативалылығы
-өндiрiс факторларын комбинациялау
инициативалылығы - барлық уақытта жаңалыққа бейiмдiлiгi, өндiрiсте жаңалық енгiзiп, оны iске қосу, пайда табу барысында нарықтарды зерттеу т. с. с.
коммерциялық тәуекелшiлдiлiк пен жауапкершiлiк -өзiнiң iс-әректеiн бағынышты бағдарлы талдауының негiзiнде және одан келетiн кейбiр зияндарын да есепке ала отырып, сол iс әрекетiнен табыс үшiн тәуекелге баруы.
өндiрiс факторларын комбинациялау - кәсiпкер ресурстадың тапшылығын арттыру мақсатында, оның ұтымды пайдалануын iздестiредi. Ресурстардың тиiмдiлiгiнiң басты жолдарының бiрi, олардың нарығын ауыстыру.
Кәсiпкерлiк түрлерi :
1. атқаратын қызметiне қарай:
- өндiрiстiк
- коммерциялық
- финанстық
- консультациялық (Кесте 2)
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар ендіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат, материалдар, энергия т. б. жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.
3. Келесі кезең өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және пайдалану мерзімімен бөлінеді.
4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі жеке қасиеттері т. б. ескерілуі керек.
6. Қажетті информация - ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу.
7. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау. Жалпы ақшаның қажеттік көлемін мынандай формуламен шығаруға болады:
А ж - А, + А 2 + А 3 + А 4 + . . . + А
А ж - жалпы керекті қаражаттар;
А 1 - жалақы қоры;
А 2 - айналым қоры;
А 3 - құрал жабдықтар;
А 3 - ақпаратқа, т. б. интеллектуалды қызметке төлем;
А 4 - басқа мекемелердің атқарған жұмысына төлем т. б.
8. Бастапқы капитал:
1) жиналған қор;
2) несиеге ақша алу
9. Өндірістік істің қорытындысы
Сатудан - түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады.
Жалпы пайда = жалпы түсім алу өндіріс және коммерциялық шығындар яғни,
Ж пайда = Ж түсім - толық шығын
Жалпы пайда бүл салық төленгенге дейінгі пайда
10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды, төлегеннен кейін қалған пайда - таза пайда деп аталады.
Коммерциялық кәсіпкерлік
Коммерциялық кәсіпкерліктің Іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс iстейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұндай шарттар бойынша толемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдап кейін астығынды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- сауда-саттық келісім жасауда делдалдық қызмет атқарады;
- тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді;
баға туралы, оидіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымьшың көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойыніла сату, болашақта тауарлармен тұтынушьшарды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу - сату операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, бiрiнiшiсi тауар ендірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады. (Кесте 1)
Сауда фирмасындағы маркетинг жұмысы туралы модель-бағдарлама.
1. Маркетинг ақпаратын жинау және маліметтер банкасын жасақтау
2. Ішкі және сыртқы факторларды зерттеу
З. Тауардың етімділігін және оның даму тенденцияларын зерттеу.
4. Ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін мәліметтер жинау және оны талдау.
5. Тауардың сапасы бойынша қойылған талапқа сай тауарлар түрін анықтау.
б. Тауар жабдықтаушыларымен іскер және тұрақты байланыстар жасау
7. Сауда-технологиялық процестерді ұйымдастыру
8. Жарнамалық қамту
9. Фирманың имиджін жасау
Маркетингалык басқару шешімдерін қабылдау
Өзіңнің реалды мүмкіндігіңді бағалай білу, елестету
Тауар (қандай тауар) өндіру жөнінде шешім қабылдау
Өткізу және баға саясатын жасақтау
Тұтынушылардын қажетін қанағаттандыру
Тауармен жабдықтаудың транзиттік және қойма түрлерін ұйымдастыру
Тауардың тұрақты өндірілуін қамтамасыз ету
Сатылатын тауарларға назар аударту
Дүкендерге жскс сыртқы бейне
беру
1. -кесте. Сауда фирмасында маркетингалық жұмыстың бағдарлама - моделі.
Финанстық кәсіпкерлік
Финанс кәсіпкерлігіне негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер - бұл финанс -кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық Кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайызставкасымен берген несиесін қайырады. Банкіде активті және пассивті операциялар болады. Қор биржалары - бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Консультациялық кәсіпкерлік
Консультациялық кәсiпкерлік - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынандай жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т. б. көрсетіледі. Консультация (кеңес беру) әдістері:
1) эксперттық консультация - мұнда маман өз бетімен диагаоз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2) процесстік консультация - фирманың маманы клиентпен белсенді түрде қарым-қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді.
3) оқулық консультация- лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын асақтау т. б. Практикада бұл үш түрі де аралас болуы мүмкін.
Кәсіпкерліктің түрлері
Тауарларды, қызметтерді өндірістік тұтыну
Информациялық
2. Кесте. Кәсіпкерлік істің түрлері
2. меншiк түрлерi бойынша:
- мемлекеттiк
- жеке меншiк
- ұжымдық
- мемлекет аралық
- аралас (бiрiккен т. б. )
3. салалық қызметi бойынша:
- өнеркәсiп
- сауда
- көлiкпен байланыс
- мәдениет
- бiлiм
- ғылым
- ауылшаруашылығы т. б.
4. Кәсiпкерлiк формасы бойынша 2-ге бөлiнедi:
1) Ұжымдық-құқықтық
2) Ұжымдық-экономикалық
1) Ұжымдық-құқықтық кәсiпкерлiктер.
1. Жеке-дара кәсiпкерлiк.
Кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың бiршама шарттары бар. Бұл мемлекет тарыпнан барлық шаруашылық салаларына олардың меншiгiнiң сақталуына кепiлдiк және нақырықтық қарым-қатынастардың барлық өкiлдерiне заңда ескертiлген жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркiндiк беру. Шаруашылықты жүргiзудiң нарықтық бәскеге тәртiбiне көшу т. б.
2. Серiктестер - кәсiпкерлiк қызметке қатысуышлар мен олардың әрiптесертерiнiң бiрiгуi «серiктестiк» және әрбiр мүше өзiнiнiң капиталымен жеке жауап бередi (2. сурет) .
2-сурет.
1) Аралас серiктестiкте бiр немесе бiрнеше қатысушылар несие берушiлер алдында бүкiл мүлiктерiмен жауап бередi. Бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң жауапкершiлiгi олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесi бойынша шектеледi. Бүкiл мүлiктерiмен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың толық серiктестер деп аталады.
2) Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер - алдын ала белгiленген пайшылар үлестерiнiң негiзiнде құрылған бiрлестiк. Оның мүшелерiнiң қоғамның мiндеттемелерiнiң орындауда жауапкершiлiктерi жоқ, ол тек өз үлестерiнiң мөлшерiнде ғана тәуекелдiлiк жасай алады. Шетелдiк фирмаларда (қазiр қысқаша ltd) «Шектеулi серiктестiк» деген ұғымды бiлдiредi.
3) Акционерлiк қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзiндiк жарғысы бар бiрлестiк. Акционерлер болуға жеке адам да заңды тұлғалар да құқықыл. Акционерлiк қоғам құру үшiн нотариус куәландырған серiктестiк келiсiм шарты жасалды, ол қоғамның жарғысы деп аталады. Акционерлiк қоғамның негiзгi капиталы акцияларға бөлiнедi: акцияның ақшалай саласы негiзгi капитал көлемiне сай келу шарт.
Акционерлiк қоғам екiге бөлiнедi:
1. ашық
2. жабық.
Ашық акционерлiк қоғам дегенiмiз-ашық қоғамның акциалары еркiн сату жолымен таратылады, оны кәсiпорындарда жеке адамдар да сатып ала алады.
Жабық акционерлiк қоғам дегенiмiз-акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын - ала белгiленген адамдар арасында ғана болады.
2. Кәсiпкерлiктiң ұжымдық-экономикалық формалары.
1. Концерн- көп салалы акционерлiк қоғам, әртүрлi компаниялардың бақылау пакеттерiн сатып алады.
2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсiпорындардың ерiктi бiрлестiгi. Маманданған кәсiпорынның негiзгi мақсаты ғылыми-теникалық, өндiрiстiк, экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi бiрiгiп шешу.
3 . Картель -тауар қыземет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндiрiс мөлшерi жөнiндегi келiсiм.
4. Синдикат -бiр саланың кәсiпкерлерiн тауар сатуға бiрiктiру.
5. Кансорциум -ол iрi финанс операцияларын iстеу үшiн бiрiккен кәсiпкерлердiң бiрлестiгi (2 -сурет) .
ІІ кәсiпкерлiктiң нарықтық экономиканың дамуындағы орны
Кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың негiзi деймiз, ал нарықтық экономика дегенiмiз не? Нарықтық экономика ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргiзу құралы, оның дамуының өзiндiк бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлiсiнiң дамуымен байлагысты. Кәсiпкерлiк iс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшiн қызмет етедi. Нарықтық жүйеде толымды кәсiпкерлiк қызметке жол ашылды және ол мемлекеттiк меншiктi қоса, меншiктiң барлық нысандарына тән. Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу, кәсiпорындарды жекешелендiру кәсiпкерлiк үшiн қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерiстер болып табылады. Кәсiпкердiң мәртебесi мемлекеттiк алу арқылы қуатталады, онсыз кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады. Кәсiпкердiң еңбегiне ақы төлеу нысаны, тәртiбi мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиiс. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуiмен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсiпкерлер табы өмiрге келе бастады. Елдiң тағдыры осы күштiң iске қосылып, табысты етуiне байланысты. Нарықтық экономикада кәсiпкердiң басты мiндетi барлық экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиiмдi пайдалану. Осы арқылы жұмыссыздық жойыладыв, инфляция тежеледi, баға тұрақтанады. Нарықтық экономикада кәсiпкерлiктiң алатын орны ерекше. Себебi кәсiпкерлiк дамыған сайын, экономика да көтерiледi.
Нарықтық экономикада кәсiпкерлiктi дамыту, қолдау, оларға жағдай жасау барынша қолға алынуы тиiс. Осыған байланысты көптеген азаматтардың ойларын, ұсыныстарын, зеттеулерiн қарастырайық.
Владимир Ермаков,
Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының бас директоры.
Кәсiпкерлердi қолдау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz