Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары 7
2. Кәсіпорындардың түрлері 15
3. Кәсіпкерліктің түрлері 17
Қорытынды 21
Әдебиеттер тізімі: 23

Кіріспе

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай
ерекшеліктердің бірі – кәсіпкерліктің жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы
екі жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта
бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл үрдістер мемлекеттік еңбек
бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық
экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық құрылымдардың
жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан
көрінеді.
Әрине, аталған үрдістер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі,
қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы үрдістер. Халықаралық
экомикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің
экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген
ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығаюы ұлттық
экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамуды, жаңа, тиімді арналардың пайда
болуы-осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық
қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың
субъектісі болуына оңан ешкім мүмкіндік те берген жоқ.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында
халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқыту ды
жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

ІІ Негізгі бөлім

Кәсіпкерлік қаракет тиісті басқару әдістерін талап етеді. Ерекшелік
қасиеттері бола тұра, бұл әдістер кәсіпорындарда ендігі қолданылып
қолданылып жүрген әдістер секілді жүйеленген, ұйымдастырылған және мақсатқа
бағдарланған болуы керек. Әрбір кәсіпкерлік ұйым сол бір ғана базалық
принциптермен сипатталатын болса да, қазіргі бар өндірістік
кәсіпорындардың, қызмет көрсету саласы мекемелердің және жаңадан құрылған
кәсіпорындардың мақсаттары әр түрлі, олардың алдарында әр түрлі проблемалар
тұр, жеңіп жатқан қиыншылықтары да әр басқа. Әрбір жеке кәсіпкер өзінің
жағдайы мен қабылданған міндеттемелеріне орайлас оңтайлы шешімдер таба
білуі керек.
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми
тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас
элементі екендігі дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай
ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің
қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономикада ,,кәсіпкерлік,, түсінігі XVІІІ
ғасырда пайда болды да, ,,меншік иесі,, деген түсінікпен қатар орын алды.
Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу
мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік деп сипаттады. Ол
өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иеләк етеді. Алайда, меншік
иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді.
Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете
алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына ғана таралады, ал оның
көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші
капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс
берді. Сондықтан 18-ғасырдың аяғы 19-ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі
француз экономисі Ж.Б. Сэй кәсіпкерлікті А. Смитпен салыстырғанда кеңінен
сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен
өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама
берді. К. Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық
айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.
Кәсіпкерліктің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық
көрініс алды. Акционерлік кооперативтік экономика жағдайында меншік заңды
факт ретінде өзінің бөлу қызметінен айрылады. Өндірістегі өкімет меншіктен
ұйымдастыруға ауысады, сөйтіп меншік пассивті роль атқаратын болады.
Дәстүрлі меншік түсінігімен қатынасты нақты физикалық заттар орнына,
акционер қағаз бумасымен, меншіктің титулымен шектеледі. Акция иесі
кәсіпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады.
Кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір
дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын
таңдау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзін таңдау,
өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б.
Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан
оқшауланған субъектісі болуы керек.
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік
болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету
болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Кәсіпкерліктің
қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді табыс пен жоғары
жалақыға есеп жасайды. Алайда кәсіпкерлік және рыноктың дамуы тек жоғарғы
табыс пен жалақыдан тұрмайтыны, оның көлеңкелі жақтары да аз емес екендігі
белгілі. Осыдан да болар ауыз екі сөзде тәуекел тас жарады, тас жармаса бас
жарады деген де бар.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда
табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті рыноктық құрылымын
орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірбиеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан-
жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік –
экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік
кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім-кімге де түсінікті. Олар
бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені
ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші- құн заңынсыз, қозғаушы
күші бәсекесіз олар дами алмайды.Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы
формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз
кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет
көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қазіргі әлемде дәрежесі мен сипаты
бойынша әр қилы өндіргіш күштердің, таңғажайып қабысуын байқауға болады.
Қоғамдық, жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын өндіргіш күштер бар,
сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданылатын өндіргіш
күштер де бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары
даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын
көп субъектілі нақты экономиаклық қатынастар орын алды. Кәсіпкерлік
қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және
тәртіптің типі, жинақтап айтқанда үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді
іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік. Белгілі Австриялық
экономист И. Шумпетер айтқандай, кәсіпкерлік-жұмыстың бір түрі емес, тұнып
тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет. Ерекше бір көріпкелдік қасиет болуы
рутина қысымына әрдайым қарсылық жасай білуі шартты мәселе. Жаңалықты таба
білетін, оның нәтижесін пайдалана білуі керек. Хас тәуекелге бел байлап,
қорқуды, үрейді жеңе білу, болып жатқан құбылыстарға еш байланыссыз өз
шешімін анықтау.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық
искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық
жанашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т. б. мұның бәрі пайда
әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі мүмкіндік-искусствосы.
Оның үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың тууымен байланысты
өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың
бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды роль атқарады. Бұған қосарымыз
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен
жауапкершілігі туралы алғашқы қабылдаған заң актілерінің бірі Кәсіпорындар
және кәсіпкерлік қызмет туралы болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен
бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын
көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп
анықтама берілген.

1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары

Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.
Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын
заңдық құқықтары дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген
мүліктерді пайдалана отырып өнәмдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі
қызмет түрлерін көрсетеді.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық
формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды.
Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге
сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте,
сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай
ұйымдық-құқықтық формалары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- серіктестік: толық жауапкершілікпен (толық серіктестік); аралас
жауапкершілікпен (аралас серіктестік); шектеулі жауапкершілікпен
(шектеулі серіктестік);
- акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).
Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен
кәсіпорын, ,,кооператив,,, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын
бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді.
Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай
берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті
мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер
берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірі, екінші жылы
жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы қалыптасу
кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй емес.
БК-бұл да экономикалық түсінік, әңгіме оны кім құрағаны жөнінде
болып отыр. Біздің елімізде бұл форманың орын алғанымен оның заңды статусы
толық анықталмаған. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, бірлескен
кәсіпорындардың 90 проценті шектеулі жауапкершілігі бар қоғамдар. Қазір
республикамызда, ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындар осы статусты
қабылдаған. Заң бірлескен кәсіпорындарды басқалай ұйымдастыруға да рұқсат
етеді. Енді кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формаларына толығырақ сипаттама
берейік.
Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.
Қалғандары жалдамалы қызметкерлер. Толық серіктестік- жеке адам және заңды
тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша
қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұның мәні мынада. Егер толық
серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса,
белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті
күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай,
мебель, картина, зергерлік бұйымдар т.б. бағалы мүліктерді тізімге алады.
Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен
қатар енгенге дейінге қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады.
Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар (ірі кәсіпорындар) құрайды.
Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай
серіктестікті құрудың негізі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда
серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды.
Аралас (командиттік) серіктестік толық серіктестіктің өзгерген
формасы. Мұның негізгі ерекшілігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл
мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің
немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі.
Бүкіл мүліктермен тәуекелдік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі
немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел
етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командистер деп аталады. Оқырмандардың
көпшілігіне тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі аттар ,,Джонсон-
Джонсон,, және ,,М.Иванов, балалары және КО,, т.б. Міне командитті
серіктестік деген осылар. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және
ел өкілеттік қызмет атқарады. Фирманың ішкі өзара қызметін командистер
келісім арқылы жүзеге асырады. Әдетте мұндай келісім құқын ірі командитті
компаниялар шеңберінде командистерден тұратын кеңеске беріп отырады. Қоғам
сыртқы қатысушылардың қосқан үлес сомасына акциялар шығарады. Мұндай
қатысушыларды - акционерлік командистер, ал қоғамды акционерлік командит
деп атайды.
Командитті серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі
жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі
бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу
тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз
жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті
шектеуі арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас формасы әзірге дами
қойған жоқ, кей жағдайда оған деген қажеттіліктің туындауы әбден мүмкін.
Мысалы идеяға қосылған жеке басты адам бар, осы идеяға сенім білдіріп
мақұлдайтын кәсіпорын да бар. Осы идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат
екеуінде де жоқ. Осыдан аралас серіктестік құралады, жеке адам оған
шектеулі жауапкершілікпен, ал кәсіпорын толық мүшелікке енеді. Бұл жағдайда
кәсіпорын банк несиесінің кепілі, кәсіпорынның, бақылауымен оған жеке адам
жарлық етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (шектеулі серіктестік қоғам) алдын
ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның
мүшелері (физикалық және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындау
жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды.
Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Шетелдік фирмалардың, ал қазір
бізде де жиі кездесетін сөз ,,Лимитед,, (қысқаша Лтд), ,,шектеулі
серіктестік,, деген ұғымды береді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі
шектеулі қоғамда компаньондар арасында берік өзара байланыс бар. Осы
себептермен ол семьялық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер
қоғамның бүкіл мүлкі бір адамның қол астында болса, онда ол ,,бір адам
қоғамы,, болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім
шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен жайы, кәсіпорынның қызмет
түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі.
Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық
заттар формасында заттық үлестері болуы да мүмкін (автомобиль, жер
учаскелері, лицензия т. б.).
Қоғам мүшелерінің құқы жылына бір немесе екі рет өткізілетін қоғам
мүшелерінің жиналысында анықталады, одан әрі даму алады. Жиналыстың маңызды
шешімдер қабылдау құқы бар, атап айтқанда, жылдық балансты бекітеді,
пайданы мақсатты, орынды пайдалануды анықтайды, шығындарды қысқартады,
қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды, оған әр қилы мәселелер
бойынша тапсырмалар жүктейді. Қоғамның жұмысына бақылауды бақылау
комиссиясы (батыс елдерінде бақылау кеңесі) жүргізеді, оның мүшелерін жалпы
жиналыспен тағайындайды.
Акционерлік қоғам - бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету
жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір
бөлшектелген негізгі капиталы бар. Жеке адам және заңды ұйымдар
акционерлер бола алады. Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім
шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды, оны нотариус
куәләндіруі керек. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушыларға шек қойылмайды.
Ұйымдастырушының бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық
қорының мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.
Австралияда, ол кем дегенде бір миллион шиллинг, ФРГ-де – 100 мың марка,
Швейцарияда – 50 мың шв. маркасы, Ресейде жабық қоғам – 10 мың сом, ал ашық
қоғамға – 100 мың сом болып белгіленген. Акционерлік қоғамның негізгі
капиталы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал
көлеміне сай келуі керек. Экономикалық көзқарас тұрғысынан акция деп
отырғанымыз бағалы қағаз, онда қоғам мүліктері белгілі бір мөлшерде есепке
алынған. Акциялардың жай, тартымды, атаулы және ұсынушыға арналған түрлері
болады. Биржаларда сатылатын және сатып алынатын акцияларды курс бағасын
көрсетіп биржа котировкасында жариялайды. Акционерлер құқы жылына бір-екі
рет жиналатын акционерлердің жалпы жиналысы арқылы шешіледі. Жалпы жиналыс
жылдық баланс бойынша, пайданы пайдалану жөнінде, басқарма мүшелерін өз
міндеттерінен босату, қоғамның негізгі капиталын көбейту немесе азайту
туралы шешім қабылдайды. Акционерлік қоғам екі типте болады. Жабық және
ашық. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таралады. Оны кәсіпорында
жеке адам да сатып ала алады. Мұндай қоғам көп көлемді капиталды қажет
еткен жағдайда құрылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамның бірден-бір
үлгісіне РИНАКО жатады.
Жабық типтегі акционерлік қоғам іс жүзінде жауапкершілігі шектеулі
серіктестік десе де болғандай. Республикамыздың ,,Кәсіпорындар және
кәсіпкерлік қызмет туралы,, заңында жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен
жабық типтегі акционерлік қоғамға бірдей анықтама берілген. Жабық қоғам
ашық типтегі акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше әдісімен
өзгеше. Оның мәні мынада. Акционерлік қоғамның акциясын сатып алуда
акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады. Жабық типтегі
акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі қоғамды бірдей қарағанда,
ұйымдық-құқықтық фирманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлердің құқықтары
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерлік туралы мәлімет
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні
Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару
Еңбек құқығының әдісі
Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер