Кәсіпкер және кәсіпкерлік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Кәсіпкер және кәсіпкерлік 3
1.1. Кәсіпкерлердің психологиясы 3
1.2. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері 5
1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары 8
1.4. Кәсіпкерлік басқару 11
2. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы 14
2.1. Нарықтық қатынастарға көшу кезеңдеріндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы
14
2.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорының тарихы 20
2.3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын екінші
деңгейдегі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе

Табысқа кенеліп, жетістікке жеткісі келмейтін жан болмас, сірә. Тіпті
адам баласының әрбір әрекетінің, ұмтылыс-құлшынысының түпкі себебі —
белгілі бір жетістікке жету, ілгерілеу емес пе? Ал кәсіпкер (бизнесмен)
осындай құлшынысы көптен көш ілгері адам. Көп түкірсе көл болады дегендей
кәсіпкерлердің қазіргі кездегі өскелең өміріміздегі ролі күннен күнге артып
келеді.
кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына
орасан роль атқаратыны мәлім. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер
алып келдi. Бүгiнгi күнi бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар
жасалынуда.
Елдiң жаңа экономикалық қатынастарға түсуi, оның жалпы экономикаға
тиiмдi ұштасуы, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине,
кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкiн емес.
Жұмысқа әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасы Президентінің
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жарлығы, ҚР Азаматтық
Кодексі және т.б. заңдар қолданылды.

1. Кәсіпкер және кәсіпкерлік

1.1. Кәсіпкерлердің психологиясы

Бай болу көпшіліктің арманы, бірақ арманмен байлыққа жету мүмкін емес.
Ол үшін ұтымды (есіңізде болсын, көп еңбек емес ұтымды!) еңбек ету керек.
Кәсіпкерлерді біздер ылғи да белгілі шаблонмен көрсетеміз. Олар сараң,
ешқандай аяушылықты білмейтін топастар деп білеміз. Ал олар аз болғандықтан
(әрбір қоғамның тек 3% ғана бай, ал 16% байлықты 50 жасқа дейін ұстап
тұратындар, ал қалған 70% орташалар, ал 10-11% кедейлер мен сіңірі шыққан
кедейлер), көпшілігіміздің мұндай үлкен соманы топтастыра алып оны ұзақ
ұстап тұра алмағандықтан тіпті көре де алмаймыз. Ал олар бұған пысқырып
та қарамайды.
Ақшасы жоқ адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді,
мүмкіндіктерді, өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды.
Адамның ойын мақсатын іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген
өлшемі болмаса, ақшаны қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп
ақшаның құлына айналады да, өз келбетін жоғалтады.
Алғашында кәсіпкерлер ақшаны жинақтаумен шұғылданады. Мысалы,
Аристотель Онасис тіпті ыдыс-аяқ жуып, екі жерде еңбек еткен болатын.
Әлбетте, қазақ айтқандай: жаңа бай болғаннан ақша сұрамаңыз, - деген
сөзде жан бар, өйткені олар бар ақшасын айналымға салады. Тіпті ескі
жабдықтарды сатып алып жұмыс істеп, бірте-бірте ақшаны көбейте береді.
Бұған көп күш-жігер, өзіне деген сенім мен тәртіп керек. Ал көпшілік не
істейді? Олар жалақыны алысымен жаратуды ойлайды: киімге, ойын-күлкіге,
арақ-шарапқа және т.т. Бұл кездері бай болуды таңдап жолына түскен кәсіпкер
ертеден қара кешке дейін талмай еңбек етіп, ал біраздан соң оларды
мультипликациялауға, былайша айтқанда көбейтуге тырысады. Қыбырлаған
қырдан асады, қамсыз отырған қапы қалады дегендей олар барынша еңбек етіп
алға ұмтылумен болады. Олардың барлық ақшалары айналымда болады да, ал
өздері көзге елене бермейтін киімдер, алғашқыда арзанқол материалдар мен
жабдықтарды пайдаланады. Бұл тәуекелді азайтудың бірден бір жолы. Олар өте
үнемшіл, бәрін жіпке тізіп есептеп отырады. Ақшаны қарызға алған кезде де
олар көбінесе арзан кредиттерді алуға күш салады, ал көбісі өздігінен
көбейетін (самогенерирующее) іске ден қояды.
Олар уақытқа да басқа көзқарас қалыптастырады. Әрдайым жылдам тірлік
етіп, үлкен мақсаттарға мейлінше ден қойып, екінші дәрежедегі қосалқы
тірліктерге қалған уақытты бөлуге тырысады.
Кәсіпкер мен қарапайым адамның көзге ұратындай айырмашылығы жоқ.
Кәсіпкерлерге Құдай берген бас, екі қол мен екі аяқ бәрімізде де бар. Бірақ
олардың негізгі басымдылығы екі құлақтың ортасында орналасқан мида жатыр.
Олар қаншалықты ұтылып, өмірден тепкі көріп жатса да мойынсынбайды, өйткені
олар өте рухты жандар. Қайтпас қайсарлық пен тәуекелге бейімділіктері
байларды көпшіліктен оқшауландыра түседі. Әрине бұл күнделікті өмірде
тырбанып еңбек етіп, ақшасын айлықтан айлыққа әрең жеткізіп жүргендерге
ұнай қоймайтыны бесенеден белгілі.
Кәсіпкерлердің біреулері бай болуды мақсат етіп іске кіріссе, енді
біреулері тәуелсіздік пен еркіндікті мақсат тұтып ақшалы болуға тырысады.
Бұлардың барлығы қаражатты көбейтіп, пайда табуды көздейтіні анық, дегенмен
түпкі мақсаттары әрқайсысында әртүрлі.
Айтпақшы, кәсіпкерлер де бірнеше жікке бөлінеді. Мысалы, бай адам мен
дәулетті адамның айырмашылығы жөнінде баса айта кеткен жөн. Дәулетті адам
айналасындағы адамдарға шапағаты тиіп, көпшілікпен араласып, әрдайым беделі
жоғары деңгейде болады. Олар ақшаның ғана қадірін біліп қана қоймай,
адамдар арақатынасына аса көп көңіл бөледі. Дәулеттілер жомарт болады. Алу
үшін беру керек, бермесең ештеңе де ала алмайсың. Эндрю Карнеги: Қайырсыз
байлық – қорлық өліммен тең, - деп өзінің қалған өмірін байлығын
үлестіруге арнады...
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке
келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақша –
бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес,
қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз немесе
ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген арманымыз бар.
Кәсіпкерлер осыны есте сақтап күнделікті күйбең тірлікте өз бағыттарынан
таймай алға жылжып өз діттегеніне жететін жандар.
Кәсіпкерлердің көп болғаны біздің мемлекетіміз үшін өте пайдалы,
өйткені олар көпшілікке жұмыс тауып беріп, адамзатқа пайдалы қызмет
көрсетеді немесе бәріміз тұтынатын өнім шығарады. Табысқа жету жолында
олардың өз ісіне деген сенімі мен барлық күшті сарқа жұмсауы сүйемелдеп
отырады.

1.2. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-
экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды
қамтиды. Мұнда құқықтық психологиялық, тарихи сәтте көрініс алады. Сондай-
ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты
екені рас.
Буржуазиялық экономикалық теорияда "кәсіпкер" ұғымы 18 ғасырда
қолданыла бастады. А Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер — сауда-саттық мақсатты
жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік
иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның
нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.
Ж.В. Сэйдің анықтамасы бойынша, ол — өндіріс факторларының қисынын
келтіріп ұштастыратын экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер деп, иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі
немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды
айтады. Бұлардың қатарына жататындар — шағын кәсіпорындардың иесі,
акционерлік қоғамның басқарушы, кооперативтің жетекшісі.
Капиталистік елдердегі 80 жылдардағы кәсіпкерліктің өсуі экономикалық
өсудің жаңа жағдайына дөп келді және олардың озық нәтижесі көптеген ерекше
факторлар мен себептерге байланысты.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне;
капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз
ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және
ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты болып
табылады.
Жалпы, қазіргі кәсіпкерліктің мәнін Батыс Еуропа және басқа елдердің
алдыңғы қатарлы көрнекті экономистерінің ілімдеріне сүйене отырып анықтау
дұрыс.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты
айтылып жүр. Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз — аталған
субъектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді
өткізуде және т.б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы
керек деген сөз. Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс
құрал-жабдықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты,
инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және
қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен
айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге
қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? — Бұл сұраққа жауап іздестіру барысында
тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен қабілеттілігін және олардың
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сыпаттауға тура келді.
Осы орайда, кәсіпкер — қашанда өз бетінше шешім қабылдайды; белсенді,
жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады; нысаналы нәтижеге
жұмыс істейді; сындарлы сынға және орынды мадаққа ашық, іскер адамдар
арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестеріне қатаң талаппен
қарайды; адамдарды басқарып, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын
үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің, нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы —
өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда
— кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен
баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу қажет.
Акция бойынша, дивиденд, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар
— меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстық көзі — акционерлік
компанияның басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің
меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерде
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында
нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды.
Сонымен кәсіпкер — нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын
белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық (іскерлік) кәсіпкерлердің
бірімен-бірі байланысты төрт қызметтері арқылы сыпатталады: Олар: а)
кәсіпкер — жер, капитал, еңбек ресурстарының, біркелкі өндіріс және қызмет
процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталылық білдіре отырып, оларды өз
қолына алады; б) кәсіпкер — бизнесті ұйымдастыру және жүргізу процесінде
кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын
негізгі шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме алады; в) кәсіпкер — жаңашыл
(өнертапқыш) коммерциялық негізде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология
және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы бар
адамдар; г) кәсіпкер — жоғарыда айтылған оның үш қызметін талдаудан шығатын
қорытынды: ол тәуекелге бел буған адамдар. Кәсіпкер тек өзінің ісіне
жұмылдырылған қаржысымен тәуекелдікке бармайды. Сонымен бірге, ол өз
уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәуекелге барады.
кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты
капиталы — ұшқыр қиял және тұтынушылардың психологиясын сезінуі. Нақ осылар
кәсіпкерге пайда түсіреді.
кәсіпкерлікті менеджменттен және оны басқарушыдан аражігін ажырата
білу қажет. Кәсіпкер — бұл меншік иесі әрі ол шаруашылықпен тікелей
айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге
баратын адам. Ал менеджмент — жалпы өндіріс пен тауар айналымын (бизнесті)
тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының,
әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Менеджер — шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы
кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы. Ол өз әрекетінде мүліктік
жауапкершілікті мойнына алмайды. Яғни оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің
басқару орынан айырылуы деген сөз.

1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары

Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс-жағдайы, мінез-құлқына қарай екі түрге
бөлінеді. Біріншісі - бұрынғы классикалық кәсіпкерлік. шаруашылықтың
(кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып
нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер. Екіншісі — қазіргі өтпелі кезеңде әрекет
жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әр
түрлі (ішкі және сыртқы) мүмкіндікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Олар
пайда көзінің жеткіліксіздігіне қарамастан талмай ізденудің арқасында сол
ортада бар барлық мүмкіндіктерді орынды және ұтымды пайдаланудың баламалы
жолдарын қарастырады. Демек, кәсіпкерліктің бірінші түрі қолда барғa
бағытталынса, ал оның екінші түрі өз мүмкіндігіне бағытталған, яғни олар
жаңашыл ізденімпаз адамдардың қатарына жатады.
Кәсіпкерлік ұйымдастыру-құқықтық жағынан: жеке-дара кәсіпкерлік,
компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жеке-дара кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың біршама шарттары
бар. Бұлар мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың
меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдің және нарықтық қарым-
қатынастардың барлық өкілдеріне заңда ескертілген жәйттерден тыс
жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты
жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның
(биржа, холдинг т. б. жүйелері) қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие,
ақпарат құралының еркін де ашық болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке
қарсы баптарын алып тастау, сондай-ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды
қабылдау тәрізді шарттардан тұрады. Бұл қазіргі заманғы классикалық
кәсіпкерлікті (кең мағынада өркениетті бизнесті) жолға қою шарттары. Әрине,
мәдениетті, өркениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп уақытты, көп
ізденісті, мол тәжірибені қажет етеді. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде
"бизнес дегеніміз — өнер" деген қанатты сөз кеңінен тараған. Мәселен, сіз
өз қабілетіңізді кәсіпкерлікте сынағыңыз келеді делік.
Сонымен, кәсіпкердің өкілі бизнестен түсетін табысты толық иемденетін;
сонымен бірге, оның олқылық-кемшіліктері мен ауыртпалығын, жауапкершілігі
мен тәуекелін өз мойнымен көтеретін жекелеген адам немесе отбасы екені аян.
"Мұндай бизнес іс тағдырының неғайбылдылығы мен беймәлімділігіне қарамай,
тәуекелге бел байлайтын әрі өз ісіне аса сенімді, халықпен қоян-қолтық
байланыс жасай білетін азаматтарға тән.
Компания. Сіз өз белсенділігіңіз арқылы кәсіпкерлік әрекетте табысты
боларыңызды сезіне түстіңіз делік. Енді кәсіпкерлік әрекетіңізді ұлғайтуды
ойластыра бастайсыз. Әрине, ол үшін сізге ғимарат, құрал-жабдықтар, көп
мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет. Тағы да банктен кредит алуға
талаптануға болады. Бірақ банк сізден кепілділік немесе мүліктік салымды
талап етеді. Осы жағдайға байланысты кейбірде кәсіпкерлікпен айналысуға
қабілеті бар басқа адамды шақыруға да болады. Соның нәтижесінде жеке меншік
фирма компанияға айналады, яғни капиталы — бірнеше дербес мүлік иелерінің
бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болады.
Мұндай компаниялардағы капитал — аталған компанияға қатысатын
мүшелерінің қосқан ақшаларынан құралады. Олар: ақшалай, мүліктік,
патенттік, авторлық немесе басқа да құқықтық, және т.б. әр түрлі формада
болуы мүмкін. Олардың барлығында компания мүшелерінің, өзара келісімдері
бойынша ақшалай бағаланады. Сөйтіп компания капиталында оның әрбір
мүшесінің өзіндік үлестері болады.
Серіктестік — үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан шыққан
кезінде сондай алынатын барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке
араласатын шағын компаниялар болып табылады.
Серіктестік дегеніміз — бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың
бірлесе кәсіпшілік жасауы. Серіктестіктің мынадай түрлері бар; а) толық
серіктестік (серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері өздерінің
барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікке болады); ә) коммандитті
серіктестік немесе сенім артқан cepiктестік. Мұнда серіктестік мүшелерінің
бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық
жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде
ғана жауапкершілікте болатындықтан басқару ісіне араласпайды; б) шектелген
жауапкершіліктегі серіктестік. Серіктестіктің, міндеттемелері бойынша, оның
мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана
жауапкершілікте болады; в) қосымша жауапкершіліктегі серіктестік. Яғни, бұл
жерде серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері ең алдымен өз
жарналары көлемінде, ал жарналары жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің
жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады; г) серіктестіктердің
тағы бір ерекше түрі — акционерлік қоғамдар деп аталады. Бұл қаржысы
акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда
есебінен дивиденд беріп отыратын серіктестіктер.
Акционерлік қоғам. Қазіргі таңдағы нарықтық экономикаға көшуге
байланысты жүргізіліп жатқан экономикалық реформаны жүзеге асыру, соның
ішінде меншік формаларын қайта құру ісінде акционерлік қоғам өзекті
проблемалардың біріне айналып отыр.
Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.
Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін әу баста келісілген сол
формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Мәселен, серіктестіктің бір
мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе, ол одан шыққан кезде сол ғимаратты
өзіне қайтаруға талаптанады. Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады.
Міне, осыдан сақтану үшін серіктестікті акционерлік қоғамға айналдыруға
болады. Мұндай қоғамда барлық қосылатын үлес тек ақшалай салынады да, оның
құрамынан шыққанда оның үлесі ақшалай қайтарылады. Сол арқылы қоғамның бір
мүшесінің одан шығуы өндірісті тоқтатудан құтқарады. Тек қана қоғамның ақша
капиталын аз мөлшерінде кемітеді. Бұл — жабық акционерлік қоғам.
Жабық акционерлік қоғамның мүшелері капиталға қосқан өз үлесін
дәлелдейтін акция алады. Және бұл қоғам бұндай әрекеттері бойынша,
жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде жұмыс істейді.
Акция — бұл оңың иесі акционерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын
және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы
бар екенін растайтын бағалы қағаз, Акционердің өз акциясына алып отыратын
табысы дивиденд деп аталады.
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған
пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді. Сонымен бipге акцияның
бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді.

1.4. Кәсіпкерлік басқару

Кәсіпкер мейлі жұмыс істеп тұрған ірі мекеме не өз кәсіпорнын ашып
жатқан жеке адам болсын, бәрібір, кәсіпкерлік баз-баяғы бір ғана
принциптерге негізделеді. Кәсіпкер өндіріс саласында не қызмет көрсету
саласында, мемлекеттік секторда не басқа секторда қарекет жасайтын болса
да, іс жүзінде, мұның ешқандай айырмасы жоқ. Кәсіпкерлік ұйымдар
қарекетінің принциптері мен олардың алдарында тұрған проблемалар көбіне-көп
ұқсас. Нақ осының жаңалықтардың негіздерінің типтері мен олардың ашылу
әдістеріне де қатысы бар.
Мұның бәрі ерекше бір пән бар деп айтуға негіз болады, ал оны
кәсіпкерлік басқару деп атауға келеді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның алдында жеке бір кәсіпкердей емес,
біршама басқа проблемалар тұратынын айту керек: оның алдында тұрған
қиындықтар мен шектеулер де басқаша болады. Оған өз міндетін атқару үшін
қажет болатын мәліметтер де басқаша. Мұндай кәсіпорындардың басшылары
ағымдағы процестерді қалай басқару керек екенін біледі деуге болады, бірақ
кәсіпкерлер мен жаңашылдар үшін олар көп нәрсені үйренулері керек. Қызмет
көрсету саласы мекемелерінің алдында да өз проблемалары мен міндеттері
тұрады. Олар жасап алатын қателердің өздерінің ерекше белгілері болады.
Жаңа кәсіпорындардың басшылары да кәсіпкерлер мен жаңашылдар болуды
"үйреніп алулары керек, бірақ бұдан бұрын олар басқаруды үйренуге тиіс".
Аталған бөлімшелердің әрқайсысы — жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, қызмет
көрсету саласының мекемесі және жаңа кәсіпорын — кәсіпкерліктің өз
практикасы мен әдістемесіне мұқтаж деген қорытынды туындайды. Олар қандай
қарекет жасаулары керек, не нәрсеге назар аударуы керек және не нәрсеге
жоламауға тиіс?
Принципінде біз өз шолуымызды жаңа кәсіпорыннан бастай алар едік.
Мысалы, медицина оқып-үйренуді ұрық пен жаңа туған нәрестеден бастау
қисынды болып көрінбей ме? Алайда медицина жоғары оқу орындарының
студенттері медицинаны оқып-үйренуді ересектердің анатомиясы мен
патологиясынан бастайды. Сондықтан да кәсіпкерліктің практикасы туралы
әңгімені де "ересектерден", яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан және
нақты бір проблемалардан бастаған жақсы. Қазіргі уақытта жұмыс істеп
тұрған, әсіресе ірі кәсіпорындар кәсіпкерлік машықтарға дағдыланбаса,
біздің шапшаң өзгеріп жатқан заманымызда әншейін өмір сүре алмас еді.
Бұл тұрғыдан XX ғасырдың аяғы экономикалық тарихтағы мұның алдындағы
ұлы "кәсіпкерлік" кезеңнен едәуір өзгеше, ал ол кезең 50-60 жылға созылып,
бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда аяқталған болатын. Ол жылдары ірі
және тіпті орташа кәсіпорындар көп емес еді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік
өнеріне үйрету көптеген ірі кәсіпорындардын өз мүдделері шеңберінен асып
жатыр: оларға әлеуметтік жауапкершілік жүктелген, олар қалай да аман
қалудың амалын табуға тиіс. Қазіргі кезеңнің өзіне тән ерекшелігі
мынада: қазір бар, әсіресе ірі кәсіпорындардың жаңалықтардың ықпалымен
жедел бұзылуы, Джозеф Шумпетердің сөзімен айтқанда, "жасампаздық қирауы"
жұмыспен қамту деңгейіне, қаржы жағынан орнықтылыққа, қоғамдық тәртіп пен
үкіметтік институттарға нақты қатер болып табылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға елеулі өзгерістер керек. Шамамен
ширек ғасырдан кейін Батыстың индустриялық жағынан дамыған елдерінде
өндіріс жұмысшыларының саны үштен екіге кемиді, ал осының өзінде өндіріс
көлемі 3-4 есе артуға тиіс, яғни бұл елдердің шаруашылығыңда екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі 25 жыл ішінде болған өзгерістер
секілді өзгерістер күтілуде. Осындай ауқымы кең өзгерістер тұсында
орнықтылықты қамтамасыз етіп, өзгелерден оза жүру үшін қазір жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындарға жаңа жағдайда жан сақтап, қамсыз тіршілік ету өнерін
үйрену қажет. Бұған олардың басшылары пәрменді кәсіпкерлер болғанда ғана
жетуге болады.
Көптеген жағдайларда кәсіпкерліктің негізі қазір жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар ғана бола алады, дегенмен қазіргі алыптардың көбі бұдан
кейінгі жиырма бес жылдық кезеңнің барлық қиындықтарына, әрине, шыдамауы да
мүмкін. Кәсіпкерлік басқаруды енгізе алатындай болса, тегінде нақ орташа
кәсіпорындар табысты кәсіпкерлер мен жаңашылдар болып шығуға әсіресе бейім.
Қазір бар кәсіпорындар, және шағындары емес, біршама ірілері кәсіпкерлік
саласында озық орынға шығуға бәрінен жақсы бейімделген. Мұндай
кәсіпорындарда қажетті ресурстар, әсіресе адам ресурсы бар, белгілі бір
деңгейде басқарушылық біліктілік, қалыптасқан басқарушылық аппарат бар.
Осылайша олардың пәрменді кәсіпкерлік басқаруды енгізе аларлық
мүмкіндіктері де, қабілеттері де бар.
Бұл айтылғанның бәрінің қызмет көрсету саласының мекемелеріне, әсіресе
олардың мемлекеттік болып, бюджеттен қаржыландырылатын не басқадай
болғанына қарамастан, саяси емес міндеттер атқаратын мекемелерге толық
қатысы бар. Олардың қатарында ауруханаларды, мектептер мен
университеттерді, жергілікті басқару органдарының қызметтерін, қоғамдық
органдар мен Қызыл крест секілді ұйымдарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру
Жеке кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлік тәуекел және оның негізгі белгілері
Кәсіпкерліктің мәні формалары мен бағыттары
Кәсіпкерлік пен бизнес
Шағын және орта бизнес дамуы
Кәсіпкерліктің мәні, дамуы
Кәсіпкерлік қызметінің қағидалары
Кәсіпкерлік туралы ұғым
Пәндер