Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

І. Кәсіпорынның даму кезеңдері, қызметінің мәні мен мазмұны
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны
1.2. Кәсіпорынның дамуына сипаттама
1.3. Кәсіпорынның коммерциялық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

ІІ. Кәсіпорынның қызметтерін ұйымдастыруды бағалау
2.1. Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
2.2. Кәсіпорын қызметтерін ұйымдастыру жолдары
2.3. Ұйымдағы ұйымдастыру кезінде кездесетін қайшылықтар

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды ұйымдастырудың
функциясын жетілдіру
3.1. Қазақстандағы кәсіпорындағы ұйымдастыру процесінде кездесетін
проблемалар және шешу жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігін былай қарастыруға болады: Республикамызда
нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі –
шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық
қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді.
Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті
ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың
алғашқы қадамдарды жасалуда.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар
құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты
шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтардың, әкімшіл
басқару шығындары кіреді. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді
болмайды.
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан
басқа шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар
құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық
орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика
ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып
нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың
индустриалдыға дейінгі деңгейінен индустриалды дәуірге өтуде,
индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін
кезкелген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш.
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан
басқа шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар
құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың территориялық
орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға болады.
Зерттеліп отырған курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
- фирманың атқаратын қызметтерінің мәнін ашу;
- фирманың экономикалық орнымен әрекетінің әдістемелік көрсеткіштерін
қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы фирмалардың қалыптасуының алғы
шарттары мен қажеттілігін талдау
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың санын, түрлері мен
пішіндерін зерттеу
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарының қазіргі кезеңдегі
ахуалына талдау жасау
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден үш тараудан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. Кәсіпорынның даму кезеңдері, қызметтеріне мәні мен мазмұны
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы
экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы,
екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы
жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен
зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке
кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз
байланысты. Макроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни
жекелеген экономикалың құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір
бөлігі. Осы салалардағы тауарлар жане қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі
фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді.
Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін
қалай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ
ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді. Ол
кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де
зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтық негізі,
фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы
үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау
әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын
есептеу, т.б.
Микрозкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен
бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын
деңгейіндегі экономиканы және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып
табылады.
Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және
сұраныс пен ұсыныстың жиынтық проценттерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда
сұраныс — белгілі баға бойынша тұтынушылар сатын алудағы дайын тауар саны,
ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.
Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді,
үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы
дамытуға ықпалық инфляцияны, жұмыссыздыкқ деңгейін және т.б. талдайды.
Макрозкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың
құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды
зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және
халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге
өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың
макроэкономикасы аралас экономика болып табылады. Аралас экономикада
экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес
кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде
ұйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі зкономикалық механизмін кеңінен
пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім
көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай
және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.
Кәсіпорын экономикасы пәні Кәсіпкерлік экономикасы, Менеджмент,
Маркетинг, Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау, Қаржы,
Статистика және т.б. пәндермен тығыз байланысты.
Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке
алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік
құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерілеу, халық табысының өзгеруі,
ғылыми-техникалық жетістіктер және т.б. кәсіпорынның жағдайын өзгертуге
әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі,
мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан
да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалың пән болып табылады,
пәннің мән - мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін, әзірлеу процесін
және шаруашылық шешімдерін қабылдау.
Кәсіпорын белгілі бір кәсіпкерлік ортада қызмет атқарып оның барлық іс-
әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және
саяси-ахуалды, құқықтық, әлеуметтік-мәдени, технологиялық, гео-графиялық
ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге институционалдық және ақпарат
жүйелерін сипаттайды.

1.2 Кәсіпорынның дамуына сипаттама
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі — кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті талдай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға:
біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді
білуге;
екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық
танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
мыналар бола алады:
• Қазақстанның азаматтары;
• шетел мемлекетінің азаматтары;
• адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы). Кәсіпкердің мәртебесі
заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне
енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық
заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
• кәсіпкерлік қызметінен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру
және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
• барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
• меншік түрлеріне және ұйымдастыру - құқыңтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
• кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
• кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
• нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің түрлеріне, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктеріне тоқталатын болсақ, кәсіпкерліктің экономикалық
формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға
алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке — тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті
өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, Рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске
асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде
қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру
және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке — қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы — мұнда өнім өндіруге
— байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.
Технологияның бастапқы қатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және
қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен
тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі
жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болгандықтан оның сатып алу, сату объектісі айырмашылығы — тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік
— бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкердің технологиялық
мәмілесі коммердиялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар-қаржы активі болып саналады.

1.3. Кәсіпорынның коммерциялық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтың жағдайдағы
ең маңызды мақсаты — өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана
қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе
емес.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе
және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай
кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде
жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына
сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды
ұқыпты пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті
ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының
өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін
арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды
жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз
ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды
іске асыру.
Қорыта айтқанда, ен маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары
межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына
жетуге бағытталғаны жөн.
Қазіргі заман жағдайында көптеген отандың кәсіпорындардың алдында
кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында
болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі
мақсаттары олар үшін — өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне
жалақыларын уақтылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада
бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықты
экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді,
үнемелі қоғамның өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда,
кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және
құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.

ІІ. Кәсіпорынның қызметтерін ұйымдастыруды бағалау
2.1. Фирма қызметтерін ұйымдастыру қызметтері
Нарықты орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық,
құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.
Кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері ұлғаяды. Мемлекеттік экономика
жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті тек қана өндірістік қызметпен
тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін
жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі
әлеуметтік – бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет
кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және
тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз – ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін
қажетті тауар мен қызмет өндірісімен байланысты;
− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда
өндіріс іс - әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және
ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
− жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен
айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен, бәсекелестік
орта жағдайымен сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық
ортаның басқа да фактормен есептесуі керек;
− жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы
кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы
қызмет бұрындары және қазіргі кезде же дәстүрлі түрде шағын
бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік
жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес
жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен
байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың
ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да
солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдарды соған қол жеткізу үшін
ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай
– ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға
басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік
қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі
және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына
басқару қызметі.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары
азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар
арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей алмау
әкеледі.

2.2. Кәсіпорын қызметтерін ұйымдастыру жолдары
Қазақстанда Меншік туралы Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік,
жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы түрінде құралады және
іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар — мұнда негізгі құралдар мемлекеттің
меншігінде болады. Мемлекетік органдардың қарамағында болатын
кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг-компаниясы — Холдинг деп үлкен корпорациялардың
ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай
бақылау жасасуды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік
акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген
холдингтер көріне бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден
тұрады:
• жеке кәсіпкерлік;
• толық серіктестік;
• коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
• жауапкершілікті шектеулі қоғам;
• қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам;
• ашық акционерлік қоғам;
• жабық акционерлік қоғам;
• өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарды тарату әдістері
Монополияға қарсы заңдар
“Алси” фирмасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы
Менеджмент теориясы. Менеджмент және фирма
Менеджмент фирманың басқару теориясы
Монополия ұғымы және оның жетілмеген бәсекелі рыноктағы орны
Фирманың теориялық аспектілері
Маркетинг мәні және қызметтері
БТА Банк» акционерлік қоғамының персонал басқару жүйесін талдау
Фирманың ұйымдастыру құрылуымен басқару нормасы
Пәндер