Алтын ақшаның айналыстан шығуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
S

ЖОСПАР

Кіріспе 2
1-бөлім. Ақша жүйесінің элементтері және олардың типтері 3
1.1Ақша жүйесінің негізгі элементтері 3
1.2 Ақша жүйесінің негізгі типтері 5
2-бөлім. Металл ақша айналысындағы ақша жүйесінің түрлері 7
2.1 Биметаллизм жүйесі 7
2.2 Монометаллизм жүйесі 8
3-бөлім. Қазақстан Республикасының ақша жүйесi және басқа елдердің ақша
жүйесі (АҚШ,Ресей) 11
3.1 Қазақстан Республикасының эмиссия жүйесi 11
3.2 Ақша жүйесінің нақты және нақты ақшасыз айналымы 22
3.3 Басқа елдердің ақша жүйесінің ерекшелігі (АҚШ, Ресей) 23
Қорытынды 26
Қолданылынған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі – ол тарихи
қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша
айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. капиталисттік өндірісі
қалыптаса бастағанда пайда болған. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері
одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталисттік өндірістің және тауар-
ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Жалпы мемелекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 ж. 30 наурыздағы “Қазақстан
Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң
күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру
негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша
белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша
айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

1-бөлім. Ақша жүйесінің элементтері және олардың типтері

1.1Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның
ішінде:
Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүру бастаған
кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі
мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да
доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол, Американың Америка
болғанынан бері, ұлттық ақша бірлігі болып келеді.
Ресей ХVІІІ ғ., кейбір княздықтар қолданылған күміс құймалар “рубль”
деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлттық
ақша бірлігі болып жарияланды. Содан бері талай ақша реформалары болып
жатса да, оның сыртқы түрі де, ішкі мазмұны да өзгергенмен аты өзгерген
жоқ.
Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін, 1993 ж. 15 қазанында шығарылған
ақша “Теңге” ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13 желтоқсанында
қабылданған “Қазақстан Республикасының ақша жүйесі” деген заңмен бекітілді.
Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы [5; 48].
Ақша белгілерін қамтамасыз етудің тәртібі. Қазақстанда жоғарыда
айтылған заңның 9-шы бабында көрсетілгендей банкноттар мен монеталар Ұлттық
банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің
барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып
алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынадай:
1. қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан
шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие
берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал
несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып
есептеледі;
2. қолма-қол ақшаны шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық
банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер
мен есеп кассалық орталықтары – РКЦ).
Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады.
Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынастары
қаралады. Дүние жүзілік экономикада бұл көрсеткіш 13 болып, қолма-қол емес
ақшаның пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазыналық
билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш КСРО тұсында ½ болатын,
яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банктік (10, 25,
50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазыналық билеттерінен тұратын (1, 3, 5,
сомдық). Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып жатқан жоқ.
Металл монеталары айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билеттер қисым-
сиқымға айналып барады.
Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің
әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай
және оның алдына қандай мақсат қойылды т.с.с.
Ақшаның құқын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа
елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, ұлттық ақшаның
(валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда ұлттық валютаның бағамын
анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту
және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе
(1976 ж. дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғанда құнымен тең болатын.
КСРО да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 ж. Ресей
Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, ұлттық валютаның бағамын, оның
сатып алуға жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына ұсыным мен
сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде
Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістермен пайдаланып, өз
валютасының бағамын қорғап отырды. Қазақстан 1999 ж. 5 сәуірінен бастап осы
режимнен бас тартып, валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл
режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта
нарығында анықталады [5; 49].
Сонымен, валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне
қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы [7; 47].

1.2 Ақша жүйесінің негізгі типтері

Ақша – ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент
болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады.
Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
• металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауарды, яғни толық құнды
ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін
орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
• несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып,
айналыста тек ақша белгілері жүреді [6; 57].

2-бөлім. Металл ақша айналысындағы ақша жүйесінің түрлері

2.1 Биметаллизм жүйесі

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған
металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып
бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (ХVІ – ХVІІ ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі
пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар
қамтамасыз етті.
Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін
алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі.
Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда
екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар
жүрген.
Биметаллизмнің 3 түрі бар:
1. қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың
арақатынасы стихиялық түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.
2. қос валюта жүйесі – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет
бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. “қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды
төлем құралы деп саналғанмен, іс жүзінде күміс монета алтынның
белгісі ретінде жүрді [6; 58].
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХVІ – ХVІІ ғғ. Пайда
болып, тіпті ХІХ ғ. аяғында дейін кең қолданылды. Ақша ретінде екі металл
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж.
Франция, Бельгия, Швейцария және Италия биметаллизмді сақтап қалу
мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Биметаллизм жүйесі өскелең
капиталисттік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн
өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді.
Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не
алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. Аяқ шенінде күміс шығарудың арзандауына
байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің
нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен
күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар
айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Коперник-Грешем заңында айтылған “жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан
ығыстырады” деген қағиданың өмірдегі көрінісі [6, 58-59].
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни
жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына
монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

2.2 Монометаллизм жүйесі

Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл (не
алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен
монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм
Үндістанда 1852 – 1893 жж., Голландия 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 – 1852
жж. қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша
реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар
айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды.
Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын түбегейлі
ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық ыдырап,
мемлекет бюджеті мен сыртқы сауда балансының тапшылығы елде жүргізілген
ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған
Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары
шығарылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс
монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХVІІІ ғ. Аяғында
Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінен ХІХ ғ. соңғы үштігінде: яғни Германияда –
1871–1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) -
1873 ж., Францияда - 1876 – 1878 жж., Австрияда - 1892 ж., Ресей және
Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та – 1900 ж. енгізілді [8; 131].
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын
монометаллизмінің 3 түрі бар.
Алтын монеталы стандарт – оған негізгі төмендегідей белгілер тән:
• елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның
барлық қызметтерін атқарады;
• алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
• айналымдағы несие ақшалары көрсетілген құнымен еркін және
шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
• алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығуға және елге
әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат
берілген [6; 60].
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы
бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын
құймалы стандартта банкнотаның белгілі-бір сомасы алтын құймасының белгілі-
бір салмағы айырбасталды. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты
құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 21,5 кг мың франкке теңгерілді
[9; 69].
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге
айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйеде Австрия, Германия, Дания, Норвегия
және басқа да елдерде жүрді. Бұл алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол
айналыстан да алынып тасталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын бірқалыпта
сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының
төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу
немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде
бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.

3-бөлім. Қазақстан Республикасының ақша жүйесi және басқа елдердің ақша
жүйесі (АҚШ, Ресей)

3.1 Қазақстан Республикасының эмиссия жүйесi

Қазақстанда ақша белгісі теңге. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин,
Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловеж келісімі)
Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін
жариялады. Дегенмен Ресей рублі Қазақстанда қолданыла берді. Өтпелі
экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей өз қаржы саясатына байланысты
жаңа ақша белгісін шығаруы Қазақстанның экономикалық жағдайын қиындата
түсті. Себебі, ақша айналымында Кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп
құнсызданды. Осы себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақшасын 1993
жылы қараша айында енгізуге мәжбүр болды.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының
бойында, біздің ғасырымыздан бұрын, ірі орталық сауда орындары бар болғаны
белгілі. Әрине, ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің
болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета
теңгелер жасалды, алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен
жасалған) құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-
қатынасқа жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
Қазақстан Республикасының тәуелсiз мемлекетi ретiндегi ұлттық ақша
жүйесiнiң қалыптасуы 12 қараша 1993 жылғы Қазақстан Республикасының
Президентiнiң “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгiзу туралы”
Жарлығы қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылды.
Қазiргi кезде ақша жүйесiн ұйымдастыруға байланысты мәселелер Ұлттық
Банк туралы және Банктер және банкiлiк қызмет туралы Қазақстан
Республикасының Заңдарымен реттеледi.
Мемлекетiмiзде ақша бiрлiгi теңге болып табылады. Оның iшкi құрылысы
бар, ол 100 тиыннан тұрады. Теңге Қазақстан Республикасындағы жалғыз төлем
құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған
банкноталар мен монеталар бүкiл Қазақстан территориясында қабылдануға
тиiстi. Тек Ұлттық Банк қана оларды жарамсыз деп таниды. Ал ақша бiрлiгiнiң
басқа ақша бiрлiгiне ауыстырылуы Қазақстан Республикасының Президентiмен
жргiзiледi. Ол мемлекетiмiздiң ақша жүйесiнiң қалыптасуының және жұмыс
жасауының тәртiбiн, мерзiмдерiн, шарттарын анықтайды.[1]
Айналымдағы ақша белгiлерi - банкноталармен монеталар. Рсепубликадағы
жалғыз эмитент Ұлттық Банк. Айналымдағы ұлттық валюталар Ұлттық Банктiң
активтерiмен қамтамасыз етiлуi керек. Олардың белгiлi бiр номиналдары,
нысандары, графикасы болады. Оны Ұлттық Банк ҚР Президентi бекiткен
концепция негiзiнде белгiлейдi. Сосын ол мәлiметтер баспасөз құралдарында
жариялануға тиiстi.
Алғашқы кезде, ұлттық валюта енгiзiлгенде тиындар қағаз түрiнде
болған. Сосын айналымдағы әрекет ету мерзiмi ұзағырақ монеталар енгiзiлдi.
Монеталардың алдыңғы бетi аверс, артқы бетi реверс, жаны гурт деп аталады.
Монеталар латуннан жасалынған. Ал банкноталардың номиналдары ретiнде
1,3,5,10,20,50,100 теңгелер болды. Кейiнiрек үлкенiрек банкноталар – 200,
500, 1000, 2000, 5000 теңгелiк банкноталар енгiзiлдi. Соңғы уақытта 1, 3,
5, 10, 20, 50 теңгелер металл монеталар түрiнде шығарылып жатыр, себебi,
олардың айналымда жүру, қызмет ету мерзiмi қағаз ақшаларға қарағанда
ұзағырақ - 50 жыл. Қағаз ақшалардың жұмыс жасау мерзiмi – 1 жылдан аспайды.
Оларды жиiрек дайындауға қаражат көп кетедi, сондықтан металл монеталар
түрiндегi ақшалар дайындалуда.
Қазақстан Республикасындағы белгiлi бiр атаулы мерекелерге байланысты
қымбат металлдардан ескерткiш монеталар шығарылады. Бiрақ, олар айналымда
жүрмейдi, себебi олардың бағасы, оларды дайындауға кеткен шығын
номиналындағы бағадан әлдеқайда көп, Олар тек сувенир ретiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесiне келесiдей белгiлер тән:
1. Мемлекеттiң ақша жүйесi ақша тауары болып табылатын ақшаға
негiзделмеген;
2. Жалғыз эмитент ҚР Ұлттық Банкi;
3. Эмиссиялық орталық банк болғандықтан қағаз ақшалардың құрылысы тек
банкноталардан тұрады.
4. Қағаз ақшалар қымбат бағалы металлдарға айырбасталмайды, олар жәй
ғана қағаз. Тек мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлген.
5. Қазақстандық теңгеде баға масштабы жоқ;
6. Қазақстандық теңге республика территориясында жалғыз төлем құралы
болып табылады.[2]
7. Өзiнiң режимi бойынша ұлттық валюта жартылай айналатынға, жартылай
айналымға түсетiнге жатады,
8. Мемлекет территориясында iшкi және сыртқы рынокта бағалы
металдармен қымбат тастармен мәмiлелер жасауда белгiлi бiр
шектеулер бар;
9. Валютаның ресми курсы белгiленбейдi. Валюта курсы қор биржаларында
сұраныспен ұсынысқа байланысты анықталады. Ұлттық Банк анықтаған
курс кедендiк төлемдерде және сыртқы экономикалық операцияларда,
сондай-ақ, шетел валютасан сатуда, сатып алуда бағдар ретiнде
болады [10; 165-166].
10. Ақша айналымының тәртiбi мемлекетпен қатаң реттелiп отырады,
әсiресе қолда бар ақшамен есеп айырысуда.
1929-1933 жж. дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыстың нәтижесiнде алтын
монометаллизмнiң барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын
несиелiк ақшалардың жүйесi бекiтiлдi. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз
етiлуi және оны алтынға айырбастау капиталистiк елдердiң барлығында
тоқтатылды. Сөйтiп, 1972 ж. шетел орталық банктерi үшiн АҚШ долларын
алтынға айырбастау да тоқтатылды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуiнiң негiзi
мемлекеттiң бағалы қағаздары болды.
Алтын айнылысынан айырбасталмайтын несиелiк ақшалар жүйесi, ақша
бiрлiгi құндарының қалыптасу механизмiне қарай айырбасталды. Несиелiк
ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан бiршама асып тұрады.
Эмиссиялық жүйенi реттеу ашық нарықтағы операциялар, мiндеттi резервтер
нормасы, пайыз мөлшерлемесi, ақша-несиенiң басқа да әдiстерi арқылы, қаржы
және валюта саясатының көмегiмен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелiк ақшаларға өту ақша жүйесiнiң iргетастық
қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтiк қажеттiлiгiнен артық
айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкелiп соқты.
Нарқы жағдайында шаруашылық айналымында ақша қолданылды және әрi қарай
қолданылады. Жаңа ақша несиелiк операциялар жүргiзу арқасында банктерден
шығарылып, айналымға түседi. Сондықтан да, ақша эмиссиясының несиелiк
мiнездемесi негiзгi принциптерiнiң бiрi болып саналады. Эмиссия –
айналымдағы ақша массасын көбейтуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және элементтері
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Ақшаның айналысының заңы ақша массасы
Батыс Еуропа елдерінің монеталары
Ақша жүйесінің түсінігі және оның типтері
Қазақстанның ақша жүйесі
Ақша жүйесі және оның тарихи типтік дамуы
Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Ақшаның мәні, эканомикалық мазмұны мен қызметтірі
Пәндер