Шағын кәсіпорындар - нарық қатынастарының негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Кәсіпорындар: мәні және мазмұны. Олардың ұйымдастыру-экономикалық
формалары 4
2. Кәсіпорын түрлері. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың жаңа
формалары 9
3. Шағын кәсіпорындар — нарық қатынастарының негізі 16
4. Тәуелсiздiк жылдарындағы даму 24
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол
мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті
таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі
көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың
жөн сілтеуімен емес, контрагенттігі (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер,
банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне
іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар
негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай
жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк
және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдан асып барады.
Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға
ену үшін нақты қадамдар жасау үстiнде. Кәсіпкерліктің сан алуан түрлері
өркендеп олар қоғамымызда елеулі роль атқаруда. Ал кәсіпкерлердің қызметі
кәсіпорын құрудан басталады деуге болады. Яғни бұл екі ұғым тығыз
байланысты да. Бірақ біздің жұмысымызда негізгі сөз болатын мәселе
кәсіпорын туралы болмақшы. Менің алған тақырыбым: Кәсіпорын рыноктық
экономиканың объектісі ретінде деп аталады.

1. Кәсіпорындар: мәні және мазмұны. Олардың ұйымдастыру-экономикалық
формалары

Кәсіпорын — өндіріс-шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы
болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекеленген дербес
бөлім. Кәсіпорын қоғамның негізгі өндірістік буыны ретінде әрбір әлеуметтік-
экономикалық формацияға тән және өздерінің ерекше белгілерімен сыпатталады.
Олар әу баста алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленуші, латифундиялар,
феодалдық, имениелер мен шаруа қожалығы, капиталистік кәсіпорындар, ал
бүгін таңда ірі фабрика, зауыттар мен бірлестіктер ретінде ерекше орын
алатыны белгілі.
Сондай-ақ кәсіпорын — қоғамдық меншік қатынастары жүйесіндегі өндіріс
құрал-жабдықтары мен жұмыскерлердің іс-әрекетін өзара ұштастыратын буын
екені анық. Кәсіпорын атаулыға фабрика, зауытпен бірге, өндірістік және
ғылыми-өндірістік бірлестіктер, сондай-ақ өте ірі және күрделі кәсіпорындар
да жатады.
Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен кәсіпорындардың экономикалық жағынан
дербестігіне байланысты олардың өндіретін өнімдері тауарға айналады. Ендігі
жерде тауар айырбастау және оны сату, сатып алу процестері басталып, бұл
әрекеттер қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан кәсіпорындар
тауар өндіруші ретінде бейнеленеді.
Кәсіпорын экономикалық категория ретінде өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны болып табылады.
Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқтары бар дара шаруашылық субъектісі,
өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді,
жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық
формалары пайдаланылады, оны әр елдің ұлттық заң шығарушы органдары
анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады,
міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар
азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз
мүдделерін қорғайды.
Біздің республикамызда бүкіл шаруашылық механизміндегі өзгерістердің
іргетасын қалайтын, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор құжат Қазақстан
Республикасының "Кәсіпорындар туралы" Заңы. Бұл Заңның мәнділігі — халық
шаруашылығаның негізгі буындары ретіндегі кәсіпорындардың қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі релі мен орнына байланысты көрініс береді. Мұнда басқарудың
бүкіл жүйелері астасып жатады.
Аталған заңда кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарының әрекеті де
көрсетіліп, әрі мақсаты да нақты тұжырымдалған. Бұл мақсаттың мазмұны —
халықтық әл-ауқатын жақсартып, рухани байлығын молайта түсуге саяды.
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын тұтынушылардың (халықтық және басқа
кәсіпорындардың) сұранымын ойдағыдай қанағаттандыратын өнімдер өндіріп және
сол деңгейде қызмет көрсетулері өзекті мәселе. Кәсіпорындардың мақсатты
қызметі тұтынушылардың қажеттілігін толығырақ қамтамасыз етуге негізделуі
қажет. Мұндай мақсат пайданы барынша арттыра отырып, сонымен қатар, нарықта
қолайлы жағдайға ие болу үшін ұқсас өнімдер өндіретін кәсіпорындардың
бәсекелестік жағдайында ғана жүзеге асырылады. Дегенмен, пайданы барынша
арттыру ұзақ мерзімді мақсат, осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар кейбір
жағдайларды нарықтық тактикаға сүйене отырып, қысқа мерзімде өндіріс
көлемін арттыруы мүмкін немесе қайта құру бағдарламасын жүзеге асыру үшін
өндірісті кемітеді
Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай
ұйымдық-құқықтық формалары бар:
— мемлекеттік кәсіпорын;
— серіктестік: толық жауапкершілікпен (толық серіктестік); аралас
жауапкершілікпен (аралас серіктестік); шектеулі жауапкершілікпен (шектеулі
серіктестік);
— акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).
Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен
кәсіпорын, "кооператив", бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын
бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді.
Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай
берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті
мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар.
Бірлескен кәсіпорын — бұл да экономикалық түсінік, әңгіме оны кім
құрағаны жөнінде болып отыр. Біздің елімізде бұл форманың орын алғанымен
оның заңды статусы толық анықталмаған. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей,
бірлескен кәсіпорындардың 90 проценті шектеулі жауапкершілігі бар қоғамдар.
Қазір республикамызда, ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындар осы статусты
қабылдаған. Заң бірлескен кәсіпорындарды басқалай ұйымдастыруға да рұқсат
етеді. Енді кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формаларына толығырақ сипаттама
берейік.
Кәсіпорындардың түрлері. Барлық кәсіпорындарды төрт топқа бөлуге
болады: 1) жекешелік (жеке меншік); 2) серіктестік; 3) корпорациялар
(акционерлік қоғам); 4) мемлекеттік кәсіпорындар.
Ұжымдық-кәсіпорындар және кооперативтер — серіктестіктің ерекше
формалары.
Жеке кәсіпорындар — бір ғана иесі және жалдамалы жұмыскерлерінің саны
шектеусіз кәсіпорындар.
Серіктестік кәсіпорындар — белгілі бір пропорция бойынша, өз
капиталдарын еңбек ресурстарын жұмылдырып және кәсіпорынның пайдасынан өз
үлесін алып тұруға келісім жасап, осы кәсіпорынның иесіне айналатын бірнеше
кәсіпкерлердің бірлестігі. Ұжымдық кәсіпорындардың меншігі олардың
жұмысшылары мен қызметкерлерінің иелігінде болады. Олар кәсіпорын мүлігінің
белгілі бір үлесіне ғана ие болып қалмай, сонымен қатар, басқаруға және
кәсіпорынның жұмысына қатынасады. Серіктестіктің өзі аралас (командиттік)
серіктестік және толық серіктестік деп екіге бөлінеді. Толық серіктестік —
жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік
міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұның мәні мынада.
Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде
енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында)
қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина,
саяжай, мебель, картина, зергерлік бұйымдар т, б. бағалы мүліктерді тізімге
алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы
мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты
болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар (ірі кәсіпорындар)
құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай
серіктестікті құрудың негізі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда
серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды.
Аралас (командиттік) серіктестік толық серіктестіктің өзгерген
формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл
мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің
немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамга қосқан үлесі бойынша шектеледі.
Бүкіл мүліктерімен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі
мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде
тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командистер деп аталады.
Корпорациялар — ол адам осы кәсіпорынға өз қаржысын орналастырған жәие
кәсіпорын әрекетіне байланысты мәселелерді шешуге араласуға құқығы барлығын
білдіретін акция иесі және корпорациялардың барлық әрекеттеріне белгілі бір
үлес қоса алатыны негізінде кәсіпорынды ұжымдық иеленуге атсалысады. Әрбір
акция оның иесіне бір дауыс құқығын береді. Акция иесінің оны нарық
багасымен сатып жіберуге де құқығы бар;
Мемлекеттік кәсіпорын — акция пакетіне үкімет иелік ететін немесе
әкімшіл-әміршіл экономикада үкімет балансындағы кәсіпорындар иелік жасайтын
корпорациялар. Мәселен, Австрияда үкіметтің үлесі 50 проценттен кем емес
кәсіпорындар мемлекеттік меншікке жатады. АҚШ-қа қарағанда, Батыс Еуропа
елдерінде мемлекеттік кәсіпорындар көбірек тараған.

2. Кәсіпорын түрлері. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың жаңа
формалары

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Меншік туралы" 1991
ж. , "Кәсіпорындар наурыз 1991 ж. туралы" Заңдары нарықты экономикаға
көшудің аса маңызды құжаттары болып табылатынын біз жоғарыда атап өткен
болатынбыз.
Экономиканың әр түрлі салаларында оның әрбір кезеңіндегі нарық
қажеттілігіне, тұтынушылар сұранымына және осы саланың ерекшелігіне сәйкес
әр түрлі меншікке жататын кәсіпорындардың көптеген формалары қызмет етуі
керек. Тұтынушылар талабын барынша қанағаттандыру үшін олардың арасында
бәсекелестік дамуы тиіс.
Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде
меншік пен кәсіпорындардың алуан түрлері мен формаларының барлығы бірдей
заң жүзінде орнықпағанымен дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен
мемлекеттік меншікке негізделетін және төмендегідей формаларда әрекет
жасайтын түрлері бар:
а) мемлекеттік бюджетте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар — несие
негізінде коммерциялық қызметпен айналыспайтын мемлекеттік-бюджеттік
кәсіпорындар;
ә) шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін өзі басқару
негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар.
Бұлар жалпы бұрынғы әміршіл-әкімшіл экономикада қалыптасқан. Әрине, жаңа
жағдайда (нарыққа көшуге байланысты) көптеген өзгерістер болуда.
б) мемлекеттік-жалгерлік кәсіпорын — мемлекеттік кәсіпорынды, оның бір
бөлімшесін немесе басқа мүліктерін сондағы еңбек ұжымының өзі жалға алған
жағдайда құрылады. Жалға беру — мүліктерді (құрал-жабдықтарды) шарт бойынша
белгілі бір төлем үшін уақытша басқа субъектілерге (кәсіпорындар, ұжымдар,
жеке адамдар) пайдалануға беру. Бұл жағдайда мүлікті жалға беруші және
жалға алушы екі жақ өзара шарт жасасады. Және екеуінің экономикалық
қатынастары жалгер төлемі арқылы реттеледі. Мұнда жалға берушілер
(мемлекет, өкімет органдары) жалға берілген мүліктің меншік иесі құқығын
сақтап қалады. Сол сияқты жалгерлер жалгерлік өтемнен тыс өз еңбегі мен өз
табысының нәтижесіне меншіктік құқыққа ие болады.
г) кооперативтік кәсіпорындар — бұл жаңа түрлі кооперативтер. Олар
жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланып,
тауар (өнім өндіру, әр түрлі жұмыстар орындау және қызмет көрсету)
шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде
бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін өзі басқару және өзін
өзі қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.
Кооператив — ең алдымен бір топ адам — кооперативтік мүшелері болады.
Жалпы ереже бойынша, ол үш адамнан кем болмауы керек. Егер кооператив
әрекеті процесінде бұл сан азайса, оның жұмысы тоқтатылады.
Кооператив — сондай-ақ, кәсіпорын белгілі бір жағдайда қоғамдық қарым-
қатынастар жүйесінде жекелеген ұйым, не бөлім болып келеді. Кооперативтің,
қызметшілер құрамы өзгерсе де, ол біркелкі ұйым ретінде өз әрекетін
жалғастыра береді.
Сөз болып отырған кооператив — мемлекеттік кәсіпорындар сияқты
шаруашылықтың бастапқы буыны екені рас. Kooпepaтивтің әрекеті, олардың
ортақ кооперативтік меншігі, не жалға алған немесе тегін пайдалануға
берілген құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы әрекеттің
нәтижесінде өндірілген қосымша өнім мемлекет пен кооперативтер арасында
бөлінеді, ал оның қалған бір бөлігі осы кооперативтің дамуына бағытталады
және кооператив мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады.
Бұдан шығатын қорытынды: кооперативтің әрекеті адамды адам қанауға
негізделмеген және біреудің (жалдама жұмысшының) ақы төленбеген еңбегін
иемденбейді.
Кооперативтің негізгі принциптері; кооперативке өз еркімен кіру және
одан шығу; кооператив мүшелерінің өндіріс процесінде олардың ісін басқаруға
қатысуы; кооперативтік шаруашылық жүргізуде және белгілі бір шешім
қабылдауда дербестігі; кооператив мүшелерінің еңбек етуге құқығы бар және
олардың кооперативке қосқан үлесіне сәйкес табыс алуы, әлеуметтік
әділеттілік пен әлеуметтік тепе-теңдікті сақтауы қамтамасыз етіледі.
Кооперативтік кәсіпорындар өздерінің мақсаты және әрекет ету мазмұны
шегінде әр түрлі болып бір-біріне ұқсамай ерекшеленеді. Олардың:
өндірістік, тұтыну, аралас, өндірісті және тұтынуды үйлестіретін
кооперативтер деп аталатын формалары бар.
д) мемлекеттік-акционерлік қоғам немесе холдингтер[1]. Бұл мәселені
Республика Президентінің Материалдық өндіріс салаларында меншікті мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіру жөніндегі жұмысты жандандыру шаралары
туралы жарлығы негізінде қарастыру қажет. Жарлық ең алдымен материалдық
өндіріс саладарындағы меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді
жандандыруға бағытталған. Ендігі жерде мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендрудің ақаионерлік формасы басым дамытылатын болады. Бұл орайда,
ұлттық мемлекеттік және салалық акционерлік компаниялардың бірнеше түрін
құру көзделуде. Мәселен, өтпелі кезеңде республикамызда холдинг түріндегі
акционерлік компаниялар көптеп қалыптасуы тиіс.
Классикалық, холдинг компаниядары әдетте басты (тектес) және олардың
бірнеше кішігірім фирмаларынан тұрады. Олардың көбісінің дербес құқылық
мәртебесі бар, тектес компаниялар өздері қоныстанған орнына қарамастан, тек
сол елдің заңына ғана байланысты тіркелінеді. Бұл компаниялар шектелген
жауапкершілікті қоғам түрінде ұйымдастырылады, яғни олар дәрменсіздікке
ұшыраған немесе төлем қабілеттілігінен айрылған жағдайда өз
міндеттемелерінде көрсетілген баптар бойынша, өз компанияларының
мүліктерімен жауап береді.
Холдинг компаниялары: таза холдинг — бұл тек бақылау басқару қаржы
қызметін атқарса, ал — аралас холдингтер деп аталатын екінші бір түрі,
сонымен бірге, өнеркәсіптік, сауда, көлік, несие қаржының және т. б,
кәсіпкерлікпен де айналысады.
Сонымен, холдинг компаниялары — бұл өзіне басқа корпорацияларға
бақылау жасауға дауыс құқығын беретін, олардың акцияларының бақылау пакетін
иемденетін корпорация екені анықталды.
Холдингтер бүкіл әлемде халық шаруашылығының барлық салаларында —
өнеркәсіп, банк әрекеттерінде, қаржы операцияларында, сауда, көлік және т.
б. қызмет жасайды. Қазақстан Республикасында бұл мүлдем жаңа ешқандай
тәжірибенің жоқ жағдайында жүзеге асырылуда. Холдингтердің жұмысы
мемлекеттік басқару құрамына салық министрліктері мен ынта білдірген
мемлекеттік ұйымдар өкілдері кіретін холдингтердің бақылау кеңесі арқылы
жүргізіледі
Холдингтерді құру белгісінің негізі — бәсекелестік, аймақтық және
салалық болсын холдинг құруда міндетті болып табылатын диверсификациялық,
әрекет болып табылады. Сонымен бірге, салааралық холдинг ұйымдастыру да
жоспарлануда. Өйткені өтпелі кезеңде мемлекеттің экономикасын басқару
тізгінін үзіп алмау өте маңызды.
Бүгінгі таңдағы құрылып жатқан холдингтер, біріншіден өтпелі кезеңге
арналған уақытша құрылымдар, екіншіден холдинг құрамындағы акционерлік
қоғамдар акцияларының 45 процентінен астамы сатылатын болады.
е) мемлекеттік бірлескен кәсіпорындар. сол кәсіпорынды құрушылардың
мүліктерін біріктіру жолымен құрылады. Оларға заңдылық құқығы бар тұлғалар,
шетел мекемелері мен азаматтары киюді.
Халықаралық шаруашылық қатынастың, басқа түрлерінен оның айырмашылығы
сол, жалпы мүлік бірлескен кәсіпорын иелігінде болады, ал шетелдік
әріптестер республикалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысумен құрылған
ішкі республикалық кәсіпорынға қатысты болады.
Бірлескен кәсіпорынға қатысушылар республика тарапынан заңды қолдағы
бар жақ болып табылады. Олар мыналар; мемлекеттік кәсіпорындар мен
бірлестіктер, ұйымдар; кәсіпорындар мен ұйымдарға жататын қоғамдық ұйымдар
(олардың одақтары); өндірістік кооперативтер (олардың одақтары), олар
құрған кәсіпорындар мен ұйымдар; жалгерлік кәсіпорындар; концерндер,
консорциумдар, салааралық, мемлекеттік бірлестіктер, ассоциациялар, сондай-
ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүйесіне кірмейтін басқа да
ұйымдар.
Мемлекеттік бірлескен кәсіпорындардың, жарғылық қоры оған
қатысушылардың тікелей қаржысынан құралады, ал жоғарғы органы — басқарма
болып табылады. Олар қатысушы жақтар тағайындаған адамдардан құралады.
Басқарманың шешім қабылдау тәртібі құрылтай құжаттарымен белгіленеді. Міне,
бұл аралас кәсіпорындардың бір түрі.
Қазіргі таңдағы мемлекеттік бірлескен кәсіпорындардың сыпаты мүлде
ерекше. Мұнда акциялардың бақылау пакеті (немесе басқару жөніндегі нақты
билік) Қазақстан Республикасы өкіметінің қолында болса, олар мемлекеттік
бірлескен кәсіпорындар мәртебесіне ие болады. Ал басқа жағдайда бұл жай
ғана жеке меншік кәсіпорындар болып саналады. Мысалы, "Теңіз-Шеврон"
бірлескен кәсіпорны мемлекеттің бірлескен кәсіпорындар қатарына жатады.
Мұнда екі жақ капиталының тең үлесімен бірге, шикізат біздің тарапымыздан
болғандықтан оның қызметінен түсетін пайданың 80 проценті Қазақстанның
мемлекеттік меншігіне, ал 20 проценті американдықтардың үлесіне тиіп отыр.
Шетел инвестицияларымен (қаржысымен) жұмыс істейтін кәсіпорын -
ішінара (бірлескен кәсіпорын) немесе түгелдей шетел қаржысын пайдаланатын
кәсіпорын. Ол жаңа заңды құқығы бар жақ немесе республикада жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындағы шетел инвестициясын иелену арқылы өзі ұйымдасқан
территориядағы халық депутаттары кеңесімен құрылады. Ол өзінің көмекші
кәсіпорындары мен филиалдарын құра алады.
Бұл шетелдік инвестицияларды тарту жолымен аралас кәсіпорындарды
ұйымдастырудың маңызды және тиімді жолдарының бірі. Мұның өзі бүгінгі таңда
мемлекетіміздің шектеулі қаржы ресурсына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі және шағын кәсіпорындар-нарық қатынастарының негізі
Меншік теориясының экономикалық негіздері
Меншік субъектілері мен объектілерінің өзара байланысы
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
ҚР-ның ақшалай-қаржы жүйесінің құрылуы және дамуын талдау
Пәндер