Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті
Микроэкономика кафедрасы

КУРС ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ___________________________________ ___
___________________________________ ___

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар

Кіріспе 3
І ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДIРIСТIҢ ӨСУ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1. Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар 5
1.2 Өндiрiстiң тиiмдi көлемiнiң анықтыудың негiзгi факторы 9
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨНДIРIСТIҢ ӨСУІ – ҚОҒАМДЫҚ ИГIЛIКТЕРДIҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТIЛУI
13
2.1 Өндіріс тиімділігі – экономикалық өсу мен қоғамның дамуының негізі 13
2.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық 23
жағдайы 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Экономикалық өсу қоғамдық игiлiктердi қамтамассыз етiп мәселелерді
шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген
мемлекет халқыныңтұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық
экономиканың, әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан – 2030
Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кономикалық дамуында
тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға,
халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу
мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы
рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары,
әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары
индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрдің жоғары
деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы
қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары,
экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы
арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды. Яғни бағдарламада
көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өтү үшін экономикалық тұрақты
дамуды қамтамасыз ету қажет.
Тұрақты даму жағдайындағы экономикалық өсу – бұл энергияны және
ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының,
табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында
жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп
жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу өндiрiстiң тиiмдi көлемiн
анықтау мақсаттарына жетуде халық өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді
қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып,
экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады. Көрсетілгендерді Батыс
экономистерінің М.П. Тодаро мен С. Кузнецтің дамыған елдерге тән
экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады: халықтың
жоғарғы өсу қарқыны, халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуі, ЖҰӨ-ң
өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс факторларының
өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс, т.б.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің
экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде
дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.
Экономикалық процестер мен құбылыстар бір-бірімен тізбектес байланыста
болғандықтан, өндірістің тиімділігін көтеру ұлттық табыстың, жалпы ішкі
өнімнің өсуіне әкеледі, ал ол өз кезегінде ұлттық экономиканың приоритетті
салаларына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан 2030 Даму бағдарламасында жеті негізгі ұзақ мерзімді
приоритетті мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиялары көрсетілген. Оларды
ата өтетін болсақ, олар келесідей: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси
тұрақтылық; ішкі жинақтар ме шетел инвестицияларына негізделген
экономикалық өсу; қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және амандығы;
инфрақұрылымды дамыту және кәсіпқой мемлекетті қалыптастыру. Қазіргі кезде
экономикалық өсу сапасы деген ұғым бар. Ол халықтың материалдық әл
ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытта
көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына
инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізі құраушылармен
сипатталады. Осыдан жоғары индустриалды қоғам болу үшін, алдымен адам
капиталын, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту, яғни адам маңызының күнен
күнге артуын байқауға болады.

І ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДIРIСТIҢ ӨСУ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Экономикалық өсу және әсер етуші факторлар

Кез-келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін
қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан
экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық
параметрлердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын көрсететін,
қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады. Яғни экономикалық өсу барасында
экономикалық бір тепе-теңдік деңгейден екіншіге ауысуына талдау жасау.
Сонымен экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі және
сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы
ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты
ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша,
экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа прогрессивті
пропорциялардың қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір
формасы болып табылады. Экономикалық дамуға оң және теріс экономикалық
динамикалар жатады. Ал экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасын
сипаттайды.
Оны графиктік түрде де көрсетуге болады (1.1-сурет).

ЖҰӨ

экономикалық
бумы
өсу

бум
жандану

құлдыр. тоқырау

t
(жылдар)
40-60 жыл

1.1-сурет

Экономикалық даму циклы 40-60 ж аралығында жүреді. Экономикалық циклдың
сипаты халық шаруашылығының экономикалық өсу және құлдырау жағдайында да
болатындығын білдіреді.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі
табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске анализ жасалмай, экономикалық өсу
мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу – бұл экономиканың дамуының оң
динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға,
өндіріс, т.б.) даму тенденциясы. Мысалы, жай экономикалық өсу емес, тұрақты
экономикалық өсу. Сонымен қатар экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты
ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының
негізі. Сондықтан экономикалық өсу – мемлекеттің экономикалық саясатының
басты мәселесі.
Ал нақты экономикалық өсу – ол экономикадағы негізгі қайшылықты
(шектеулі ресурс мен қоғамдық қажеттіліктің өсуі арасындағы) жаңа деңгейде
шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:
1) Өндісіртік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстрды,
өндіріс процесіндегі жаңа мүмкіншіліктерді тарту).
2) Қолда бар өндірістік мүмкіншілктерді тиімді пайдалау және
қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашоқорлыққа
қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту).
Тағы бір көңіл бөлетін ұғым – қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі
экономикалық өсу - өндірістің ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының
өсу қарқынан тұрақты түрде артуы кезіндегі экономикалық даму. Қазіргі
экономикалық өсуге тән белгілері:
1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі. Жоғары дамыған елдерде – 25000$,
Қазақстанда - 1481,3$.
2. Экономикаға мемлекеттік ЖІӨ 11-13%, жоғары дамыған елдерде 30%-ке
дейін. Біздің елде 20% күш салмағы.
3. Халықтың білім деңгейі жоғарлайды.
4. Аграрлық сектор үлесі азаяды.
5. Урбанизация процесі жүреді.
6. ЖІӨ-нің экспорт үлесі өседі.
7. ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
8. Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс
туындайды (демократизация процесі).
Экономикалық теорияда әлеуметтік бағыттылық пен байланысты экономиалық
өсу сапасы деген ұғым бар [23].
Экономикалық өсу сапасының негізгі қураушылары төмендегілері:
• халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту;
• тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытты көбейту;
• әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін көтеру;
• адам капиталына инвестицияны өсіру;
• адамдардың өмірі мен еңбек етуінiң қауіпсіздік жағдайын
қамтамасыз ету;
• жұмыссыздар мен жұмысқа қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау;
• еңбек рыногында ұсыныс көлемінің артуына сәйкес толық еңбекпен
қамтылуы қолдау.
Айта кету керек, экономикалық өсу қарқыны мен сапаның жоғарлауы
арасында белгілі қайшылық бар. Жоғарғы қарқын өсудің сапасының төмендеуі
арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, жұмыс күшінің ұзақтығы немесе еңбек
интенсивтілігінің өсуі, яғни еңбек шығындарының артуына экелетін және
экономикалық өсу қарқынын өсіретін, өз кезегінде экономикалық өсу сапасына
негативті әсер етеді, яғни бос уақыт азаяды. Керісінше, төмен және теріс
экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынушылықты
қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтанда көп экономистердің ойы
бойынша, өсу аса жоғары қарқынды (2-3%) болса да, экономикалық өсудің
тұрақты қарқыны болу керек.
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей және
жанама болып бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физи-калық
қабілеттілікті тікелей анықтайды. Жанама осы қабілеттің іске асу
мүмкіншілігіне әсер етеді. Тікелейдің құрамына бес негізгі фактор енеді,
яғни жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын тікелей анықтайды:
1) еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру;
2) негізгі капиталдың сапалы құрамын жақсарту және көлемін өсіру;
3) өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру;
4) шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және
сапасын жоғарлату;
5) қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру.
Ал жанама фактор құрамына рынокты монополизациялау деңгейін төмендету,
өндіріс ресурстарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін
азайту, несие алу мүмкіншілктерді кеңейту сияқты факторлар жатады.
Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты
өсудің тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және
интенсивті (1.2 сурет).

1.2-сурет

Экономикада таза экстенсивті және таза интенсивті экономикалық өсу
типтері болмайды. Өсу факторларын ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде сапалы
жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына немесе жұмыс күшіне инвестиция салуды
талап етеді, сондықтан нақты экономикалық өсуге талдау жасау кезінде
басымырақ экстенсивті немесе интенсивті өсу қарқыны деп бөлінеді. Қазіргі
уақытта экономикалық өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байланысты
екі типтің бірін жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы
арқылы алынған үлесі 50%-тен жоғары болса, онда экономикаға интенсивті
басым өсу типі тән және керісінше.

1.2 Өндiрiстiң тиiмдi көлемiнiң анықтыудың негiзгi факторы

Экономикалық өсу тиімділігі өндіріс тиімділігі түсінігінің барлық
құраушыларын жақсарту қарастырылады. Оған жататындар:
• тауар мен қызмет сапасын жақсарту, олардың отандық және әлемдік
рыноктағы бәсеке қабілеттігін арттыру;
• қанағатталынмаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
• халқаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылықтарын есепке ала отырып, өндірісті мамандандыру мен
қауымдастыруды тереңдету;
• өндіріс ресурстарының сала және аймақ бойынша аллокациясын
жаңарту;
• белгілі бір өнім шығару үшін шектеуші ресурстардың шығындарын
жаңа технологияларды игеру арқылы минималдау, т.б.
Экономикалық өсудің кезкелген түрі, мейлі ол өндiрiс масштабын ұлғайту
немесе оның сапалы сипаттамаларын жаңарту болсын, қосымша инвестицияны
талап ету мүмкіндігі экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы мен реттеушісі
болып табылады. Инвестициялық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар
объективті алғышарттар жасауын талап етеді. Олар:
- жинақтың жеткілікті деңгейі. Егер рыноктық экономика
жұмысшыларды жинақтауға мүмкіндік беретін табыспен қамтамасыз
ете алмаса, онда ол инвестициялық процесті іске асыруға
қабілетсіз болады. Себебі қажетті қаржылық ресурстары
жеткіліксіз;
- дамыған қаржы рыногы, жинақтардың инвесторларға келуін
қамтамасыз ететін. Егер рынок осы міндетті іске асыра алмаса,
онда жинақтар халықты қолында жинақталып, инвестициялық процеске
қосылмайды;
- инвестицияның жоғары табыстығы, үлкен коммерциялық тәуекелге
байланысты болатын жоғалтулардың орнын жабуы.
Инвестицияны рационалды орналастыру жәе оның тиімділігін көтеру
экономикалық өсуді тездетеді.
Кейнстік теория бойынша, экономикалық өсу қорлану (жинақ) нормасы мен
инвестиция тиімділігіне тікелей тәуелді.
Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар
төрт топқа бөлінеді:
1. Экономиканың дамуының бастапқы деңгейi: (мысалы, жан басына
шапқандағы табыспен өлшенетін);
2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі.
3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс.
4. Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары яғни әлемдік экономика
конъюнктурасы [15].
Экономикалық өсудің шаруашылық және әлеуметтік мәелелерді шешудегі
маңыздылығы оның мемлекеттік реттелуін талап етеді.
Экономикалық өсуді реттеудегі мемелкеттің негізгі бес бағытын
көрсетейік:
1) Мемлекет рынок шеше алмайтын мәселелрді шешеді: қоғамдық игілік
өндірісi, негізгі ғылыми зерттеулерді қолдау, қоршаған ортаны
қорғау т.б.
2) Антициклдық реттеуді жүргізу, яғни бюджет пен ақша айналымына
мемлекет бақылау жасайды. Мемлекет төлем қабілеті сұранысты
қамтамасыз ету үшін рыноктық тепе-теңдікті қалыпты деңгейде
ұстауға тырысады.
3) Экономикалық өсудің жаңа сапасы өндірісті құралымдық қайта
құруға әкеледі: ҒТП енгізу, капитал салымдарының тәукелен
төмендету, экономиканың жаңа секторын игерудегі бизнесті қолдау,
экспорттық салаларды қолдау, импортты алмастырушы өндірісті
қолдау т.б.
4) Инвестициялық сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты сақтау,
яғни жинақтардың ағымдық тұтынудан өндірістік тұтынуға ауысуы.
5) Салық саясаты. Мұнда Лаффер әсерін көрсетуге болады.

%
ст.

tA A

қолма-кол
түсiмдер

1.3-сурет

tА – мемлекеттің шығыстардың уақытша төмендеуі, келешекте қаржылық
жағдайы жақсартатын, жинақтардың өсуіне әкеледі.
Мемлекет жиынтық сұраныс пен ұсынысты ынталандыра отырып, экономикалық
өсуді жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуына
себепші болады.

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨНДIРIСТIҢ ӨСУІ – ҚОҒАМДЫҚ ИГIЛIКТЕРДIҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТIЛУI

2.1 Өндіріс тиімділігі – экономикалық өсу мен қоғамның дамуының негізі

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-
ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде
келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:
1. Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа
қол жеткізу өз көрінісін жан басына шаққандағы ұлттық
табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан табады.
2. Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ
көрсеткiштерiнде көрiнбейдi, бiрақ қажеттi игiлiктiң бiрi
болып табылады. Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде
жұмыс күнінің немесе аптаның белгілі бір қарастырылып
отырған уақытта қысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметтің
ұзақтығын ескеру қажет.
3. Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін
жақсарту. Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда
экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз
болар еді, себебі олардың әл-ауқаты бір қалпында қалады
немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық
даму процесінде әлеуметтік қорғаушылық принципі ұсталынуы
керек.
4. Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту
және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіш те нақты ҰТ-ға тікелей
көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы және
дифференцияцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктердің
қанағаттандырылу деңгейін жоғарлатады, ол өз кезегінде
тауарлар мен қызметтерге шығыстауды көбейтеді, ал олардың
жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемiн сипаттайды.
Экономикалық өсу мақсаттары өндірушілер мен тұтынушылардың мінез-
құлықтың мотивтерін сипаттайды. Өндіруші үшін ұзақ мерзімде экономикалық
пайда алу болса, үй шаруашылығы үшін өз әл-ауқатын көтеру. Осы мақсатқа
жету үшін олар, біріншіден, табыстарының бір бөлігін жинақтайды, екіншіден,
өндіріс факторларының сапасын жақсарту үшін табыстарының бір бөлігін
инвестицияға жұмсайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін, яғни
халықтың әл-ауқатын көтеру үшін, алдымен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу
қажет.
Кезкелген қоғамда өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру үшін қызмет
етеді. Қажеттіліктер белсенді өндірістің даму бағыттылығын анықтайды.
Халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін жақсарту ең алдымен материалдық
қажеттіліктерін (киім, тамақ, баспана, еңбек жағдайы, т.б.)
қанағаттандырудан, яғни материалдық өндірістің дамуынан көрінеді.
Өндірістің маңызды сипаты – бұл тиімділік. Жалпы түрде тиімділікті
алынған нәтиже мен шығындар қатынасы арқылы анықтауға болады. Егер
кәсіпорын өз қызметін барлық өндіріс факторларының минималды шығынымен
жүргізетін болса, онда өсу шаруашылық субъектінің өндірісі тиімді деуге
болады.
Өндіріс тиімділігі көбіне өндірістің технологиялық таңдауына тәуелді.
Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әсерді, сонымен
қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған, адамның өндіріс
құралдарының механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген
еңбек затына әсер ету тәселдерін көрсетеді.
Өндіріс тиімділігінің өсуі ресурстың шектеулі кезіндегі экономикалық
прогресін сипаттайды. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды
қозғаушысы болып табылады, мысалы, АҚШ-та ол нақты ұлттық табыстың өсімінің
үштен бір бөлігін анықтайды. Техникалық прогресс өз құрамына өндірістің
жаңа әдістерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен
ұйымдастырудың жаңа формаларын да қосады. Техникалық прогресс деп соңғы
өнім шығару үшін ресурстардың тиімді жаңа комбинациясын жасайтын жаңа
білімдерді ашу түсініледі.
Тәжірибеде техникалық прогресс пен инвестиция тығыз байланысты:
техникалық прогресс жаңа машиналар мен құралдары үнемі инвестиция тартады.
Техникалық прогреспен қатар экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да
атап өтуге болады: табиғи ресурс, еңбек ресурсы, мемлекеттің саясаты,
елдегі әлеуметтік, мәдени және саяси атмосфера т.б. Сонымен, өндіріс
құрылымының тиімділік деңгейі де көптеген факторларға тәуелді: өндірісті
монополизациялау деңгейімен және еңбектің қоғамдық белгісінің дамуынан,
ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне елуіне,
кәсіпорынның ҒТП жетістіктерін қабылдауына, мемелекеттің саясатының
құрылымына т.б.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін зерттеуде ең маңызды көзқарастардың
бірі болып факторлы талдау табылады. Мұнда ұлттық табыс қоғамдық өнімнің
ұдайы өндіріс процесі кезіндегі өзара байланысы өндірістің нәтижесін
факторлары бойынша сандық бөлу негізінде қарастырылады. Факторлы талдауда
еңбек өнімділігі және өзіндік құн сияқты жеке экономикалық көрсеткіштерде
қолдану жоспарлы және статистикалық тәжірибеде дәстүрлі болып кеткен. Осы
көрсеткіштердің базистік немесе келешектi кезеңдегі өзгерістері ең алдымен
өндірістің техникалық деңгейінің жоғарлауымен, өндірісті басқарудың және
ұйымдастырудың жетілдірілуімен, өндірістің құрылымы мен көлемiнің
өзгерісімен, сонымен қатар салалық және басқада факторлармен шартталады.
Ұлттық табысты еңбек өнімділігі мен еңбекпен қамтылғандар саны арқылы
анықтайық:

, мұнда
(1)

– ұлттық табыс;
– еңбек өнімділігі;
– материалдық өндірісте еңбекпен қамтылғандар.
ҰТ-ң ресурстардың көлемі мен оларды пайдалану тиімділігіне тәуелділігі
бірнеше айнымалылы функция түрінде де көрінеді. Өндіріс нәтижесі осылайша,
бірнеше факторларға тәуелді болады. Жалпы алғанда факторлар екі топқа
бөлінеді – шығындар көлемі немесе ресурстар көлемі және ресурстардың ұдайы
өндірісінің тиімділгі. Өндіріс ресурстары ретінде адам еңбегі, негізгі
қорлар, шикізат, материалдар, энергия, т.б. табылады. Шығындар өндіріс
циклында шығындалынатын ресурстардың белгілі бір бөлігі.
(1) теңдеуде ресурс материалдық өндірісте еңбекпен қамтылғандар
көрсеткіші арқылы, ал тиімділік еңбек өнімділігі арқылы өлшенеді.
ҰТ динамикасына факторлардың әсерiн анықтау үшін келесі өспелі
өлшемдерге көшу қажет,

Осыдан

(2)
– өсім белгісі
ҰТ-ң жалпы өсімі еңбек өнімділігінің өсімімен – интенсивті фактор,
еңбекпен қамтылғандар санының – экстенсивті фактор қосындысынан шығады.
(2) теңдеу мүшелерін ҰТ мөлшеріне () бөлген кезде оның өсім
қарқынның және өсім қарқындылықтарынан тәуелділігін байқаймыз:

(3)

Өндірілген ұлттық табыстың көлемін анықтау үшін тағы екі фактор
қосылады – негізгі өндірістік қорлар және материалдық шығындар. Осы
мақсатта келесі тәуелділік қолданылады:

; (4)

- қор қайтарымдылығы;
- негізгі өндірістік қорлар;
- материал қайтарымдылығы (ұлттық табыс бойынша есептелінген
материал сиымдылығына қарама-қарсы көрсеткіш)
- материалдық шығын.
Егер өсімді келесідей жазатын болсақ, онда:

(5)

Негізінде ұлттық табыстың өсу қарқынына көптеген әртүрлі факторлар әсер
етеді, бірі оның өсуіне, келесі біреуі өсу қарқынын баяулатуға әсер етеді,
ҰТ динамикасын факторлардың көптігі анықтайды деп, талдауға неғұрлым көп
фактор енгізілсе, соғұрлым ол дәлірек болады деген пікір қате. Ол керісінше
қортындының нақтылығына кері әсер етуi мүмкін [12].
Кәсіпорын қызметінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға
ҒТП үлкен әсер етеді. Бұл күрделі процесс тек бір ғана көрсеткішпен емес,
бірқатар көрсеткіштер жиынымен сипатталады. Келесі көрсеткіштермен
шектелейiк:
- еңбектің техникалық қарулығы (вооруженность) (негізгі өндіріс
қорларының белсенді бөлігінің құнының өнеркәсіптік-өндірістік персоналдық
жұмысшылар санына қатынасы) яғни ҒТП-ң маңызды критериінің бірі. Жоғарғы
техника негізінде өндірістің өсуі мен жетілдірілуі кәсiпорынның тиімді
жұмыс істеуінің, оның рентабельділігін жоғарлатудың объективті алғышарты
болып табылады;
- өнімнің қорсыйымдылық көрсеткіші, ол бір бірлік өнімге қанша негізгі
капитал мөлшері жұмсалғандығын көрсетеді: . Қор қайтарымдылығы бір
бірлік негізгі капитал құнына қанша өнім өндірілетіндігін көрсетеді: .
Бұл көрсеткішті қолдану өндірістің рентабельділігіне жаңа техниканың,
технологияның, өндіріс интенсификациясы мен ұйымдастырудың әдістері мен
формаларының әсерін бағалауға мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Экономикалық өсу, әсер етуші факторлар
Ұлттық валюталар
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру
Валюталық бағамның экономикадағы орны және оны экономикалық реттеу
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Пәндер