Кіші кәсіпкерлікті басқарудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1 – тарау. ҚР кіші кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамыту шарттары
1.1. ҚР кіші кәсіпкерліктің дамуы
1.2. Кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шарттары
1.3. Кіші кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды бөлігі

2 – тарау. Кіші кәсіпкерлік - шаруашылық қызметінің ерекше сатысы
2.1. Кіші кәсіпкерлікті басқарудың тиімділігі
2.2. Кіші кәсіпкерлікті дамыта отырып, бәсекелесті елдердің қатарынан
көрінуі

3 – тарау. Ақтөбе облысы бойынша кіші кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
3.1. Кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселесі
3.2. Облысымыз бойынша кіші кәсіпкерліктің негізгі міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да,
міне он бес жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік – экономикалық мәні
аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде
тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып
қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз
керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың
басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік –
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл – ауқатын түбегейлі
жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар,
зауыттар мен фабрикалар жекелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке
негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын
тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік
кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеу де. Ауылдық елді
мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа
қожалықтар құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді
тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға
алынды.
Курстық жұмыс мақсаты:
- кіші кәсіпкерлік түсінігін және кәсіпорын қызметінің экономикалық
маңыздылығын ашу;
- кіші кәсіпкерлік қызметінің мәні, негізгі ерекшеліктерін ажырату;
- кәсіпорын нысандары, экономикалық ортаға қатынасы және кәсіпорын
шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін салыстыру;
- шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды бөлігі дей
отырып, кәсіпорын стратегиясының кәсіпорын дамуы үшін үлесін дәлелдеу
болып табылады.
Кіші кәсіпкерлік - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың
жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп – шоттары,
ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары
(патенттер, лицензия т.б.), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген
қызметтерден түскен табыстар мен пайда.
1 – тарау. ҚР кіші кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамыту шарттары
1.1. ҚР кіші кәсіпкерліктің дамуы
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетіне кіші кәсіпкерлікті өсу
үстіндегі бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда кіші кәсіпкерлік – бұл
өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала
алмайды. Ол үлкен мекен – жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен
бел шешіп айналысуы қажет.
Кіші кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей ең алдымен капитал
тезірек айналатын салаларда атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру
және қызметтер салаларында туады. Бірақ нарықтық экономиканы реформалау
бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына
жіберуден және осымен байланысты өскелең инфлияциямен басталды, бұл пайыз
өсімінің күрт өсуіненжәне халықтың жинағының құнсындануынан шағын бизнестің
қаржы базасының жойылуына әкеледі, бұл өз кезегінде шағын бизнестің
қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды.
Кіші кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулармен үлкен салықтардың астында қалды.
Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдай кәсіпкерлік қызметке ынта
үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі дамуы жағдайында ірі
компаниялардың айбынының артуы ғылыми – техникалық ревалюцияның болуымен
шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа
өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда шағын және орта
компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы
орын үшін тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі
қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын
фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі ғылыми зерттеу мен
конструкторлық жұмыстарға шығындар ірі компаниялардың осындай шығындарынан
жүйе асып түсуі кездейсоқ емес.

Шағын және орта кәсіпкерліктің болуы және де ірі компаниялардың
мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әртүрлі
деталдар қажет. Мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы
жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын
құратын құрал деп қарады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері
тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған
орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке- тұтынушылардың кейіннен сатып
алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау,
өндеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған
қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше
және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар
көп мөлшерде қажет болады. өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесі мол
өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар – ақша қатынастары, тауар- айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда
өнім өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажыттілігі
тумайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені
қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске
асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып
алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі,
солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б ), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік
- бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар – қаржы активі болып саналады.
Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық
дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі
дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге
болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде әрбір азаматтың
өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға жалпы жағдай туғызады.
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер жылдамдығы,
сондай – ақ өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі.
Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу
мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді
қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені
көздейтін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын
анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын
ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету
ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын
анықтау барысында мынадай мәселерді шешкені жөн:
1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның нарықтағы іс - әрекетінің негізгі үш бағыты бар:
- өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз
болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда
төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің нарықтағы үлесі
артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және
жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің
өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады:
- өнім өндіруге мамандандыруды жоғарлату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты
- өндіріс өнімінің сапасын өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты
таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарлатуды
көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі
болуы керек;
- кәсіпорын өз қызметін нарықтық белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл
бағытты тыңдаған кәсіпорын нарықтағы бір өнім түріне деген сұранысты
зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік
құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын
жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл нарыққа ғана емес, тек оның бір
бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін
стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді.
Бірінші топтағы стратегиялар:
- өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
- жаңа өнім өндіруді бастау;
- нарықта өзінің артықшылығын көрсету;
Екінші топқа – стратегияның интеграицялық дамуы, яғни жаңа құрылымды
қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер
ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді
тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.
Үшінші топ – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер
кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол
құлдырай бастаса, нарықтағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда
кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.
а) жою стратегиясы – егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын
болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады.
ә) ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа
мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;
б) қысқарту стратегиясы – кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе
сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын
болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.
Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар
орындалуы керек:
- кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық
қызметкерлеріне түсінікті болуы керек;
- стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет.
Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары
мен міндеттерін нақты орындар отырған жөн;
- басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау. Қабылданған
стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме жоқ па,
осыған аса көңіл бөлінуі қажет.
Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу
мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін
экономиканың дербес шаруашылық субъектісі.
Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып
саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің
шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін
өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені
нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе
қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілу қажет. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші –
бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын
арзандатуды, ынталандырады, ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріске
толық енгізуді, отандық техникалық, технологияны, өндірісті және еңбекті
ұйымдастыруды үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді.
Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі
артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғарғы серпінділік, ықшамдылық,
өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландыруларды тән. Кіші
кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін жалғастырады,
кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.
1.2. Кіші кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шарттары
Қазақстан Республикасында кіші кәсіпкерлік саласында қазірде оң
өзгерістер байқалады. Кіші кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімдер көлемі
және бюджетіне төлемдерінің тұрақты өсуінің динамикасы қалыптасты 2006
жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнімдер көлемі 2005 жылға қарағанда
14,7 пайызға артып 38,7 млрд теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік
секторынан түсетін салықтар көлемі 27,9 пайызға өсті және 9,5 млрд теңге
құрады. Бұл салада жұмыс істейтіндер саны 2,3 пайызға өсіп, 92,4 мың адамға
жетті.
Бұл көрсеткіштерге жертуге кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдардың
дамыту ықпал етіп отыр.
Қазіргі таңда облыста 12 ауданда бизнес – инкубатор құрылып жұмыс
істеуге, олардың материалдық – техникалық базасымен қамтамасыз етуге
облыстың бюджетінен грант түрінде 22 млн теңге бөлінді. 2005 жылы шағын
кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру
шеңберінде жергілікті бюджеттен 98,7 млн теңге бөлінді, оның 73,6 млн
теңгесі шағын бизнесті жеңілдікпен несиелеуге пайдаланылды. 25,1 млн
теңгесі шағын бизнесті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамытуға жұмсалады.
Шағын кәсіпкерліктің перспективалы жобаларын несиелеуге облыстың
бюджеттен банк оператор арқылы 51,1 млн теңге бөлінеді. Бұдан басқа банктің
жеке өз қоры есебінен несиелеу қаржысының көлемі 81,1 млн теңгеге дейін
артылды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ЖАҚ аймақтық филиалы жалпы саласы
108 млн теңге болатын 32 несие береді. 2005 жылы облыстың бюджетінен шағын
несие үкіметтік емес ұйымның филиал арқылы ауыл тұрғындарына жалпы саласы
17,3 млн теңге болатын 347 шағын несие берілді. Бұл ауылда жұмыс
орындарының санын арттыруға кәсіпкерлікті дамытуға тұрмыстық қызмет көрсету
саласын кеңейтуге және жақсартуға ықпал етті. 2005 жылы екінші деңгейдегі
банктер 4200 – ден астам жобаға 21,2 млрд теңге несие берді. Бұл 2004
жылмен салыстырғанда 25,1 пайызға көп.
Дегенмен, мұндай көмекті де аз деп есептеймін себебі, біздің
мүмкіндігіміз бұдан әлде қайда үлкен. Бұл үшін ауылдық округтер мен
аудандардың Ақтөбе қаласының әкімдері кәсіпкерлік және өнеркәсіп
департаменті банкілердің шағын және орта бизнесті несиелеуді ынталандыруын
қамтамасыз ететіндей мақсатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің даму жолдары
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын кәсіпкерлікті басқару
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Пәндер