Ақша және тауар формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
1.Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мазмұны:
1.1 Әлем экономикасында капитал қозғалысы;
1.2 Әлем экономикасында инвестиция орны мен
сипаты;
2. Шетелдік инвестиция Қазақстанда;
2.1.ҚР-на шетелдік инвестицияларын тарту және пайдалану;
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Осы курстық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияны тарту және пайдалану деп аталады.
Инвестицияның екі түрі болады:портфельдік және тура инвестиция.Тура
инвестиция дегеніміз шетелдік капитал оның егесігімен тәуелсәздігімен пайда
алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы.Порфельдік инвестициялар –
қаражаттарды жалған капиталға - басқа елдің заңи және жеке тұлғалалры
шығаратын бағалы қағаздарды жұмсау.Шетелдік инвестиция тарту үшін қажетті
жағдайлар жасалу тиіс:
1) шетелдік инвестицияларды қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді
ықшамдау;жұмыс істеу құқығына,ел ішінде жүріп тұруға,кедендік және
шекаралық бақылаудан өтуге рұқсат беру,рұқсаттама беру және т.б.
2) Елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру(жеңілдітілген мөлшемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салақтақ шегерімдер, жеңілдеткен
баждар жеделдетілген амортизация(өтелім) және басқалары);
3) Жерді,жылжымайтын мүлікті пайдалануды құқығын қамтамасыз
етуді,қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкелетінімне үкімет кепілдіктеріне немесе оны қайта
капиталадандырудың жеңілдетілген шарттарын беру;

Жаңа қоғам өзінің соны өзінің өзгерістерінің бірге ала келетіні
белгілі.
Солсияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ала келеді.Бұл
өркениетті әлемде әлде-қашан қарым қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады.Әу баста елімізге келген шетеледік
инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы кұйғаны мәлім.Қазіргі
уақытта инвестицияның басым бөлігі кен қазба байлықтарын құрайды.Өз
екзегіндегі Қазақстанның сыртқа саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі
істер елімізгі шетелдік инвестицияның көптеген көлемінің келуіне жол
ашты.Оның сыртында елдің ікші саяси тұрақтылығы,экономикадағы реформаның
бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан ,сырттан еклетін қаржының
тұрақтылығына мүмкіндік береді.1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде
Қазақстан экономикасына 25,8 миллиард астам АҚШ доллары көлемінде тура
шетел инвестиция тартылды.Сараптамалық бағалау бойныша Орталық Азияға
келген тура инвестицияның 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып
отыр.Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвесициялар әкелуге өте қолайлы
20 елдің қатарына қосты.Халықаралық “Moody’s Investor Iervice “ рейтинг
агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа өте жоғары
рейтинг берді. Бұл қаржы министірлігіне төмен пайызбен ,бірінше
кредиттер алуға мүмкіндік береді.Екіншіден, екініш деңгейлі банктердің
тисіті рейтингтері жоғарлайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық
экономика мемлекеті танылғанын қоссақ,бүкіл дүниежүзі біздің еліміздегі
тұрақтылығы,саяси тұралылықты,экономика артуы мен реформала ен біз
қалаған бағытта даиып келе жатқанын дамып отырғаны тұлғалары шығады.

1.Инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мазмұны:

1.1 Әлем экономикасында капитал қозғалысы;

Осы дәуірде әлемдік экономиканың дамуы әрбір ұлттық экономиканың
дамуы мен тікелей байланысты болса,онда әрбір елдің әлемдік деңгейде
әлемдік интегреция негізінде күрделі қаржыны пайдалану,жалпы инвестициялық
процесті дамытумен тікелей байланысты болып келеді.Жалпы алғанда ұлттық
және әлемдік капитал әр-түрлі салаға салалық негізде байланысты
жүргізіледі.Оның негізгі ақша қаржы-қаражат ,яғни банкі капиталы бірінші
өнеркәсіп капиталы,сауда капиталы болып құралыд.Капиталдғы жаңа формасы
қалыптасып жалпы алғанды әлемдік қаржы капиталы болады.Қорытындылап
айтқанда, инвестициялық процестің әлемдік күрделі қаржы пайдалану
функциялары ол көптеген миллиондаған мемлекет тұрғыдан ең жоғарғы аса
күрделі және кең дүңкейлі қаржыландыруда,қаржы пайдалануда басқару немесе
менджерлік жұмысты орындау болып келеді.Ең басты проблема,ол өндірістік
немесе банклік капиталды шоғырлндыру болады,ол:
1. Өнеркәсіптік монополия,яғни алуан көлемді тауарлардың көлемін шығару;
2. Рантие қабатын дамыту,яғни өз капиталыңды басқалардың капитладары
арқылы дамытып көбейту;
3. Халықтың табыс –кірісін дамыту;
4. Қаржыландыру істерін әелмдік деңгейде пайдалану және банкирлер
бәсекелесін пайдалану;
5. Капиталдың ақшаның өтімді болуы,әлемде жүру,жүргізу және негізгі және
оның ықшамды, ұтымды деңгейде болуы;

Инвестициялық процесті дамытуда әлемдік экономика қарамағында олардың
міндет бағыты,функциясы негізіндебайланысты.Әлемде сегіз типтес банк
мекемелері бар.Олар инвестициялық процестің ең басты негізі болып
келеді.Атап айтсақ:
1. Имиссия банктері,яғни ынталы оперативтік активті жұмыс істейтін
мемлекетке және комерциялы банктерге қаржы-қаржыландыру қабілеті бар
банк болып келеді.Ол банк банкнот шығарады немесе валюта,ақша шығарады
және мемлекеттік құнды қағаздарды сатады.Осыған байланысты қабілеті
бар банк болып келеді.
2. Комерциялық банктер олардың бәрі демек акционерлік қоғам ретінде
құрылады және жабық немесе ашық акционерлік қоғам банкісі ретінде
қызмет істейді.Олардың негізгі міндеті мен функциясы ақша қорын
жинау, барлық мекемелер бойынша ақша қоорын қалыптастыру.Олармен
көптеген түрлі операциялық жұмыс жасау.Осы кешенді жұмыстардың толық
түрлерін тікелей ақшалай ағым негізінде барлық қызмет түрін
анықтай.
3. Инвестициялық банктер олардың басты міндеттеме қызметтері.Акцияларды
және тарату түрлі қаржы қаржыландыру операциясында қосымша жұмыс
істеу.Сонымен қатар,түрлі банк несиелерін ұсыну жұмыстарын орындай.
4. Клинирх банкісін оның басты жұмыс бағыты құжат негізінде түрлі есеп
жасап, есептеу банк аралық,осындай есепті орындай ваксельдік
жұмыстарды орындап басқа банктерге құжат арқылы қатынас жасап
жұмыстарын орындау.
5. Инвестициялық компанияларды ең басты көлемді оның жұмысы басқа
банктерден не болмаса басқа компаниялардан облигация,акциялар сатып
алу тікелей өзінің акцияларымен халыққа сауда жасау осы банктің
негізгі қызметінің негізгі бағыты болып келеді.
6. Жинақтай кассілері немес банкі олардың негізгі мақсаты ,қызметі банкі
операцияларының барлық түрін орындау халықтық ақша жинақтау халыққа
ақшалай қызмет көрсету.
7. Қамсыздандыру компанияларының негізгіқызметтері:қамсыздандыру,бан ктік
депозиттер,көп жылдық қаржы – қаржыландыру жұмыстарын
орындау,қамсыздандыру,ынталандыру қорын жинақтаубарлық фирма түрін
немесе халық ақша қоры.
8. Пенсия қоры:қаржы,ақша ұсыну акциялар мен облигацияларды,сатып алу
халықтың жинақтаған ақшасын және фирманың ақша қорынан зейнетақы қорын
қалыптастыру.
Капиталдың шетелге шығарылуы,елдер арасындағы оның белсенді миграциясы –
қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық
қатынастардың өте маңызды белгілерінің бірі.
Капиталдың шетке шығаруылуы тауарлардың шетке шығаруылуы монополиясын
шетке қарай ығыстырады.Негізінен,ол тауарлардың шетке шығарылуын толықтырды
және де сыртқы нарықтарды жеңіп алу құралы ретінде қолданылды.Тауарлардың
шетке шығарылуы қарқынымен салыстырғанда,капиталдың шетке шығарылу қарқыны
5 есе көп болды.
Капитал миграциясындағы капитал термині өндіріс факторы ретінде
ғана емес,еңбек,жер, кәсіпкерлік қабілеттілік және басқа да мағынада
қарастырылады.
Капиталдың шетке шығарылуы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында
жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша
формасында енгізу процесі.
Капитал қандай себептерге байланысты шетке шығарылады және шеттен
әкелінеді? Бұл сұраққа әлемнің көптеген экономистері жауап беруге тырысты.
Капитал миграциясының ең басты себебі – белгілі бір елде капитал
мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы,яғни оның шектен көп жинақталуы.
Осы артық капитал кәсіпкерлік пайда немесе процент алу мақсатында
шетке шығарылады:
1.Капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі,яғни тең
болмауы(мысалы,дамушы елдерде капиталға деген сұраныстың өте
көп болуы,яғни ол елдерге капиталды енгізу өте тиімді іс болып
табылады).
2.Жергілікті нарықты монополизациялауға мүмкіндік
ашылады(мысалы,белгілі бір елге капиталды сату арқылы инвестор
ел өз талабын,өз шартын орындатуға мүмкіндік табады).
3.Капитал енгізілетін елде шикізат пен жұмысшы күшінің арзан
болуы.
4.Тұрақты саяси жағдайдың және жалпы алғанда ыңғайлы
инвестициялық климаттың болуы.
Біз жоғарыда капиталдың шетке шығарылуының басты себептерін атап
көрсеттік.Дж.А.Гибсон,Дж.Кейнс,Ж.Б. Сэян,К.Менгер,У.Джевонс,
Е.Бембаверг,Э.Хекшер,Б.Олин,Р.Нуркс е және К.Иверсон сияқты ғалымдар капитал
миграциясын зерттеуге зор үлес қосты.
Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі-капиталға
деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпта болмауы.
Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері
көп елдерде шығарылады.
Негізінен,капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес,ұсынысы көп
елдер шығарады.
Неоклассиктердің бірі Б.Олин өзінің сауда концепсиясында былай
деген:”Өндіріс факторларының қозғалысы әрбір елдегі оған деген сұраныспен
анықталады,демек, олар шектеулі өнімділігі аз жерден көп жерлерге қарай
көшеді ”.
Р.Нурксенің тұжырымы бойынша тауарды сыртқа көп тасымалдаушы дамыған
елде капиталға деген сұраныс тез өседі,осыған сәйкес олар капиталды ішке
енгізе бастайды(немесе керісінше).
Неоклассиктермен бірге бұл сұраққа Неокейнсиандықтарда жауап беруге
тырысты.Неокейнсиандық теория негізінен капитал қозғалысы мен төлем
балансының арақатынасын анықтайды.
Кейнстің айтуы бойынша,”Капитал миграциясының бірден-бір себебі-бұл
әрбір елдің төлем баланстарына бір қалыпты болмауы”.Кейнстің осы көзқарасын
Ф.Махлуп пен Р.Ф.Харрод дамытты.
Ф.Махлуп осы арақатынасты үш тұрғыда қарастырды:
1. Белгілі бір елдің төлем балансының сальдосы+ таңбалы
болса,онда капиталды шетке шығарушы ел сатып алушы
елге өз тауарын көбірек сата отырып,ішке капитал
енгізу арқылы экспорт пен импортты теңестіреді.Осының
нәтижесінде капиталды шетке шығарушы елдің ұлттық
табысы ұлғаяды;
2. Белгілі бір елдің инвестициясы көбеймесе,бірақ қаржы
жинау қабілеті зор болса,онда капиталды шетке шығару
экспортер елдің ұлттық табысын ұлғайтады және жұмыстың
белсенділігін күшейтеді.
3. Капиталдың шеттен әкелінуі импортер елдің ішкі
экономикалық жағдайына әсер етеді,яғни шеттен
әкелінетін капитал формаларының ішінде портфельдік
инвестициядан гөрі,тікелей төте инвестицияны енгізу
әлдеқайда тиімді болып табылады.
Р.Ф.Харродтың”Экономикалық динамика” моделі бойынша капиталды мол
елдердің экономикалық өсу қарқыны неғұрлым төмен болған сайын олардың
капиталды шетке шығару тенденциясы да соғұрлым күшейе түседі.
Капиталдың әр алуан түрлері мен формалары болады,соған сәйкес капитал
миграциясының да бірнеше формалары болады.
Капиталдың сыртқа шығарылуы,ішке тартылуы және оның шетелде жұмыс
істеуі төмендегі формалар бойынша іске асады:
1.Жеке меншік және мемлекеттік капитал формалары.Ол көбінесе жекелеген
елдегі мемлекеттік ұйымдар мен компаниялардың капиталды тасымалдауына
негізделеді.1989 жылы АҚШ-тың капиталды шетке шығаруы жуық шамамен 155
млрд.долларға жеткен,оның ішінде:
-жеке меншік капитал-122 млрд.$;
-мемлекеттік капитал-33 млрд.$.
2.Ақша және тауар формалары.Сыртқа шығарылатын капитал ақша формасында
шығарылмайды,сонымен бірге,ол машина,құрал-жабдық,”ноу-хау”,патен ттер және
тауарлық несиелер формасында да шығарылады..
3.Қысқа мерзімдік (бір жылға дейінгі) және ұзаұ мерзімдік формада.1989
жылы АҚШ 92 млрд.$ көлемінде қысқа мерзімдік және 63 млрд.$
мөлшерінде ұзақ мерзімдік капиталды шетке шығарған.
4.Қарыз және кәсіпкерлік формада.1989 жылы қарыз капиталы 96 млрд.$-
ға, ал кәсіпкерлік капитал 59 млрд.$-ға тең болды.
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан,заемнан,несиеден түсетін процент
көлемінде табыс әкеледі.Ал кәсіпкерлік формада капитал көп жағдайда кіріс
ретінде табыс әкеледі.
Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару- бұл басқа елдердің
территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау.Бұның негізгі
жолдары:
1. шетелде жеке меншік кәсіпорындарды салу;
2. шетелде аралас кәсіпорын құру;
3. істеп тұрған жергілікті кәсіпорындарды сатып алу;
4. заңды түрде тәуелсіз кәсіпорындардың бөлімдерін ашу;
5. жергілікті компаниялардың үстінен бақылау жүргізу;
Жоғарыда аталғандар барлық жағдайда инвестицияланған капиталды
қолданушы және оны тікелей бақылаушы шетелдік инвестор болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал тікелей және портфельдік инвестиция болып екіге
бөлінеді
Тікелей инвестициялар арқылы кәсіпорындар шетелдік инвесторлардың
толық меншігінде болады немесе оның қолында кәсіпорынның акцияларының
бақылау пакеті болады.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша,тікелей инвестиция
дегеніміз-инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның
қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.
Портфельдік инвестциялар – акцияларына,облигацияларына және т.б.құнды
қағаздарға капиталдың жұмсалуы.Оны енгізу мақсаты-жоғарғы дивидент алу.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша,акционерлік капиталдың
25%-нен астамы инвестор меншігінде болса,онда салынған инвестиция тікелей
төте инвестициялар болып табылады.
Осы екі инвестция мөлшері әр елде әр алуан болып келеді.
Мысалы,АҚШ-та 10%(жеке меншік капитал).
1989 жылы АҚШ-тағы тікелей инвестция экспорты-27 млрд.$,портфельдік
инвестиция экспорты-27 млрд.$ болды.
Тікелей инвестицияны шығару арқылы формалар екінші елде жаңа фирмалар
ашады,сол елдегі кейбір ірі фирмалардың бір бөлігін немесе түгелдей сатып
алады.Шетелде ондай фирмаларда бас компанияның шетел филиалдары деп
атайды.Осы филиалдар бөлімшелерге,еншілес(дочерняя)
компанияларға,ассоциацияланған компанияларға бөлінеді.
Бөлімше - 100% көлемде бас фирманың қарамағында болады,заңды ұйымға
жатпайды.
Төл компания –шетелдегі дербес компания болып саналады.Оның өзіндік
балансы бар.Оны бас компания басқарып отырады.Соған сәйкес,бас компания
оның акцияларының көп бөлігінің немесе тігелдей осы компанияның иесі болып
табылады.
Ассоцияцияланған компания – кейде аралас компания деп те атайды.Оның
төл компаниялардан айырмашылығы мынада:
Бас компания оның акция пакетінің бір бөлігіне ғана йелік етеді.
Ассоцияцияланған компания түрлеріне біріккен компанияларды жатқызуға
болады,сонымен қатар,2 немесе одан да көп фирмалардың біріккен
кәсіпорындары және т.б. түрлері бар.Мысалы,”Экономикалық мүдде
бойынша,Еуропалық бірлестік” трансұлттық трест ретінде құралған.Ол Батыс
Еуропаның ұсақ ірі компанияларынан құрылған.Әр қайсысыеда 50 адам жұмыс
істейді.Кей жағдайда бас компания кейбір компаниялардың бірде-бір акциясына
(пай) ие болмауы мүмкін.Мұндай кәсіпорындар шетел филиалдары болып
табылады.Осындай кәсіпорындар мен бас компаниялар басқару мен бақылауды
өзара келіссөздер арқылы жүргізеді.
Мысалы,осы кәсіпорындарды басқару кәсіпорындарды басқару келісім
арқылы (көбінесе,қонақ үйлер) жергілікті кәсіпорын иелерімен біріге

отырып өндіру (олар шикізат,технологияны әкеліп береді),бірігіп
қорлар,шикізат табу және т.б.
Бұл жағдайда олардың меншікті иелігін емес, қайта іс әрекеттерін
бақылау өте маңызды.Бұндай бас компаниялар мен оның филиалдарының
арақатынасын меншіктің акционерлік емес формасы деп атайды.

Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе заем(қарыз) беру арқылы
жүзеге асырылады.
Несие берудегі мақсат – жоғары қарыз процентін алу.Қарыз капиталының
шетке шығарылуы – қазіргі заманғы халықаралық несиенің негізі болып
табылады.
Ол елдер арасындағы тауар айырбасының өсуіне мүмкіндік
жасайды,олардың арасындағы есеп айырысуларды жеңілдетеді,экономиканы дамыту
мақсатында сыртқы қаржыларды тартуға мүмкіндік береді.Халықаралық несие
қарыз алған елдің шаруашылығының жылдам дамуына жәрдемдеседі.
Мемлекеттер арасындағы несиелік қатынастар жоғарғы қарқынмен кеңейіп
келе жатыр,олардың көлемі әлемдік сауда қарқынынан және тікелей шетел
инвестицияларының ұлғаюынан әлдеқайда артық деп есептелген.
Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық,жеделдік және процент төлеу
шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі.
Несие берушілер мен оны алушыларға банктер,компаниялар,жекелеген
кәсіпкерлер,мемлекеттік ұйымдар,үкіметтік және де халықаралық,аймақтық
ұйымдар жатады.
Халықаралық несие әртүрлі формада болады.
Өзінің мақсатты пайдалануына байланысты халықаралық несие екіге
бөлінеді:
• Байланысқан несие;
• қаржылық несие.
Байланысқан-қаржылық несиелердің несиелік келісімде бекітілген қатаң
түрдегі мақсатты сипаты болады.
Оларға жататындар:
• коммерциялық несиелер – олар тауарларды сатып алу немесе
қызметтерге ақы төлеу кезінде беріледі;
• инвестициялық несиелер – нақты бір объектіні сату кезінде
беріледі.
Бұл несиелермен салыстырғанда,қаржылақ несиелер қатаң түрдегі
мақсатта берілмейді.
Қаржылық несиелер қарыз алушының кезкелген мақсатына сәйкес
беріледі.Мысалы,тауар сатып алу,инвестициялар,қаржылық операцияларды
жүргізу,төлем балансының тапшылығын жою және тағы басқа мақсаттарда.
Несие берушінің кім екендігіне байланысты үшке бөлінеді:
1. жекеше (фирмалар,банктер) несие;
2. үкіметтік несие;
3. халықаралық ұйымдар несиесі.
Ұсынылу формасы бойынша екіге бөлінеді:
• тауарлық несиелер;
• валюталық несиелер.
Тауарлар фирмасындағы несиелерге коммерциялық несиелер жатады,ал
ақшалай несиелерге қаржылық несиелер жатады.
Валюталық несиелер мынадай валюталарда беріледі:
• қарыз алушы елдің валютасымен;
• қарыз беруші елдің валютасымен;
• басқа ұлттық валютамен;
• халықаралық есеп айырысу бірлігімен.
Берілу мерзімі бойынша да үшке бөлінеді:
1. қысқа мерзімдік(1 жылға дейін);
2. орташа мерзімдік(1 жылдан 5 жылға дейін);
3. ұзақ мерзімдік(5 жылдан жоғары).
Қысқа мерзімдік несие дәстүр бойынша сыртқы саудада
(шикізаттық тауарлар саудасында) және қызметтер мен халықаралық
айырбас жасалу салаларында қолданылады.
Орта мерзімдік несиелер арқылы машиналар мен құрал
жабдықтардың экспорты қаржыланады.
Ұзақ мерзімдік несиелер негізінен инфрақұрылым мен
өндірістегі инвестицияларды қаржыландыру үшін қолданылады.
Жоғарыда айтып кеткен несиелердің өзндік құны да
болады.Солардың ішіндегі фирмалық несиелер өте қымбат
несиелер,ал мемлекеттік және халықаралық қаржы институттарының
несиелері ең арзан несиелер болып табылады.Өйткені мұндай
несиелер мемлекеттік бюджет арқылы немесе айрықша резервтер
арқылы беріледі.
Қарыз алған елдердің экономикасының жылдам дамуына жағдай
жжасап отырып,халықаралық несие маңызды экономикалық күйзелістер
мен шиеленіскен қайшылықтарды да туындатуы ықтимал.
70-80-жылдары дамушы елдердің қарызы күрт өсіп
кетті,олардың жиынтық қарызы 1960 жылы 14 млрд.$ болса,ал 1989
жылы оның шамасы 1,165 млрд.$-ға тең болды.Бұл қарыздың азғана
бөлігі шаруашылық объектілерін салуға жұмсалды.

80-жылдары дамушы елдер қарыздарын төлеуді тоқтатуға амалсыз мәжбүр
болды,осының нәтижесінде оларға жаңа несиелерді беруге шек қойылды.
Дамыған елдер көп жағдайда мемлекеттің қаржыларын
Азияның,Африканың,Латын Америкасы дамушы елдеріне және ТМД елдеріне салады.
1.2 Әлем экономикасында инвестиция орны мен сипаты;

Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел
инвестицияларының тез өсуі тенденциясы айқындала түсті.1985 жылы тікелей
инвестициялардың жалпы көлемі 713,5 млрд.$ болды.Оның ішінде 41,2%-ті АҚШ-
тың,46,2%-Батыс Еуропаның,12,6%-Жапонияның үлесінде болды.
Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде (XIX ғасырдың аяғы XX
ғасырдың ортасына дейін)капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден
алынып,отарланған,тәуелді елдерге шығарылды.
Ал қазіргі уақытта миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында
жүреді,яғни тікелей шетелдік инвестициялардың 70-75%-ті өнеркәсібі дамыған
елдердің үлеснде болып тұр.
80-жылдардың басында тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің 25,8%-і Батыс
Еуропаның басқа елдеріне,10%-і Канадаға,9,5%-і әлемнің басқа елдеріне
салынады.
Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің бірден-
бір себебі – дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін,жоғары білімді
мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін өндіру өте қиын.
Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдерде өте ірі қаржылар мен
сыйымды ішкі нарықтар бар.
60-жылдардың ортасынан бастап,ГФР мен Жапонияның шетелдерге
қаржы бөлуі жылдамдатылды.Олардың тікелей инвестицияларының өсу
қарқыны АҚШ-пен салыстырғанда,2 еседей көп болды.Капиталдарды салу
сфераларына бәсекелестік күшейді.Мемлекеттің капитал экспортеры
ретіндегі рөлі кенеттен өсіп кетті.
Қазіргі уақытта елдер арасындағы капиталдың қарама – қарсы
қозғалысы кең дамуда,яғни олардың әрқайсысы бір мезетте әрі
экспортер,әрі импортер рөлін атқарды,яғни капиталдың айқасқан
айырбасы деген қозғалыс пайда болды.

Сонымен бірге,елдің ішінде капиталдың жетіспеуінен экспорттың
жүзеге асырылуына,ал имплорттың шетелдік капиталдың ұлттық капиталды
бірнеше рет ығыстыруына әкеліп соғуы мүмкін.
Капитал миграциясы пайда болған кезеңнен бастап,70-жылдардың
аяғында Батыс Еуропа капиталдалдарының байланысқан айырбасының ең
үлкен аймағы болып саналды.Бұл ең алдымен экономикалық одақтастықтың
Еуропалық одақ (ЕО) ішіндегі интеграциялық процестердің дамуы
салдарынан пайда болған.
70-жылдың аяғынан бастап,Батыс Еуропаның ішіндегі қаржыларының
үлесі азая бастады,сонымен бір мезгілде АҚШ-та капитал экспорты өсе
бастады.
80-жылдары бұл ұлттық экономиканың ішіне жұмсалған (салынған)
шетелдік капиталдың көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алды.
Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы бір ерекшелігі –
дамушы елдерде,атап айтқанда,мұнай табатын ОПЕК-ке кіретін елдерде
капитал экспортының пайда болуы.ОПЕК-мұнай экспорттаушы елдердің
ұйымы.
Капитал нарығында ОПЕК елдері белсенді рөл атқаруда.
Мысалы,Кувейттің жеке меншік секторының шетелдегі мөлшері
(1995 ж) 100 млрд.доллар,ал мемлекеттік секторының
инвестициялары- 30 млрд.доллар болды.
1.3Мемлекеттің капитал қозғалысын реттеу шаралары;

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи
формалар алған: сауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формалары
Дүниежүзілік ақша қызметі
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Ақшаның маңызы мен қызметі
Экономикалық теория пәні бойынша қысқаша анықтамалық
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі
Экономика негіздері
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Пәндер