КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДЕМЕУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

I ТАРАУ

1.1БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ,
МАҒЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ
ДЕМЕУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

1.3 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университетінің колледжі

Мамандығы: 0703002 “Қаржы салалар” бойынша
Кәсіпорын қаржысы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында бәсекелестікті демеу бойынша іс-
шаралар

Орындаған: ҚарМУ колледжі ФП-30

тобының оқушысы Ботқабаева А.

Қабылдаған:
оқытушы Мағзұмова Л.К

Қарағанды 2007
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысым кәсіпорын қаржысы пәнінен тақырыбым Қазақстан
Республикасында бәсекелестікті дамыту және кәсіпкерлікті демеу бойынша іс-
шаралар.
Нарықтық экономикалық қатынастардың негізгі ерекшелігі бұл таңдаудың
еркіндігінде, өндірушу өндірілетін өнімді таңдауда еркін, тұтынушу тауарды
сатып алуда да еркін жұмысшы орындарын таңдауға еркі біледі. Бәсеке
нарықтық қатынастардың негізгі категориясы. Ол әртүрлі формада жүргізіледі
және әртүрлі әдіспен асады. Бағалар арасындағы бәсеке тауарлармен
қызметтерді төмен бағамен сатуды білдіреді. Бағалардың төмендеуі
шығындардың азайту арқылы немесе пайданы азайту арқылы болады. Бәсекелестік
жетілген (еркін) және жетілмеген болып бөлінеді. Жетілген (еркін)
бәсекелістікке шексіз қатынасушылар саны, материалдық, еңбек, финанс және
басқалай ресурстардың абсолютты қозғалғыштығы, баға және сұраныс жөнінде
әрбір қатынасушының толық хабарлығын т.б. сипаттайды. Жетілмеген
бәсекелестік деген категорияға (түсінікке) таза монополия,
монополиялық бәсекелестік және олигополия кіреді.
Бәсекелестікті іске асырудың екі әдісі бар: баға арқылы және баға
емес әдістемелер.Тауар өндірушілер арасындағы қатал күрес жағдайында
арсыз бәсекелестік орын алады.

1.1 БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ, МАҒЫНАСЫ
Нарықтық экономиканың ең басты принципі - тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл өндірушілср арасындағы күрес немесе
жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру тиімді өткізу
үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне
лайықты орьн алу үшіп күрес. Ол тауардың сапасы мен аразандағына
байланысты. XIX ғасырдыц орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс
алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен
байланысты болады. Ол тұтынушылардың талабыменмен есптесіп, тауардың
сапасьш жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өнідірісті ұлғайтуға,
өнім бірлігіне шығыңды азайтуға ынталандырады. Бәсекелестіктің негізгі екі
түрі бар.
1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік - бұл бір саланың тауар өндірушілері
арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-тсхниканы
қолданатын кәсіпорын жоғарғы табысқа жетеді, ал артта қалған
кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2) Салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалары аралық
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарыльш, халықтың әл-аухатын жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.

Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа
қатысушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы
және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу,
өзі араласып кәсіп жасайды, екінішісі - жұмысшылар жалдайды, үшіншісі -
акция, облигация сатьш алады, төртіншісі,ақшасьш банкке салады, кейбіреу
өндірісті қаржылапдырады (инвестициялайды) т.б. Әрбір кәсіпкер
немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда
тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда
арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда
ұсьныс псн сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып
дағдарысқа ұшыраса, екіншісі салада тауар жстіспейді. Бір фирманың
табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал
шоғырланып орталықтанады ол монополия құрылуына әкеледі, яғни нарықты
басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы моно-жалғыз,
полия- сату. Жетілмеген бәсекелестің нарығы-бұл таза монополия,
монополиялық бәсеке, олитополия.
1.Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі
жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма,
2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ, 3)
монополиси нарықбы билейді, бағаны бақылайды, 4) нарыққа
кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары,
сумен қамту,байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары,
метрополитен т.б.жатады.Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде
болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
Монополиялық бәсеке- нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар
ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен рөл атқ
арады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
Олигополия - мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп
болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу
жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шсктелген.
Олигополия сөзінің мәні: Олиго- көп емес, азғантай; полия - сату.

Нарықтың негізгі 4 моделінің ерекше белгілері

Ерекше Еркін бәсеке Таза Монополиялық Олигополия
белгілер монополия бәсеке
1.Фирмалақ Өте көп Біреу Көп Бірнеше
саны
2 Өнімнің СтандартталғанӨте сирек ДифференцилденСтандартты немесе жіктелген
типі -ген
3Бағаға Жоқ Едәуір Біршама тар Шектелген немесе едәір құпия
бақылау шеңберде келісім жағдайда
4Салаға Өте жеңіл Мүмкіндік жоқЖеңіл Қиындықтар баршылық
кіру
жағдайы
5Баға емес Жоқ Жоққа жақын Өнім Өте типті, әсіресе өнім-д
бәсекелесті сапасына,жарнажіктеген жағдайда
к маға, тауар
белгілері

1.Баға бәсекесі - басқа бәсекелестіктерге қарағанда төмен
бағамен тауар сату, төмен тарифпен қызмет көрсеу. Бұл жағдайда бағаның
томендеуі өнім бірлігіне шығындарды азайтқаннан немесе пайда есебінен
болады.Ірі монополисте бағаны төменге түсіріп барлық бәсекелестіктерді
жояды, сонан кейін бағаны өсіріп жіберген зиянын немесе ала алмаған
пайдасын қайтарады.
2 Баға емее бәсеке- нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар,
пайдалану мерзімі ұзақ, жоғары өнімділікті, көп ассортиментті тауар
ұсынады. Өнімнің аса ерекше маңызды параметрі экологиялык, тазалығы,
қуат сиымдылығы, эстетикалық көрсеткіші, қауіпсіздігі т.б.
3 Арсыз бәсекелестік - бұл әдіс бәсекелестіктің нормасын,
ережесін бұзу, демпинг (төмен бағамен сату), нарықта үстемдік
ету, өтірік мәлімет т.б.
Бәсекелестік - нарықтын негізі. Біздің елімізде – бәсекелестік болған
жоқ деуге болады, бір екінші кәсіпорынмен сайыста өкіметтен артық
қор алуға, құрал- жабдықтарға лимит алуға, шетелдік жабдықтар алуға,
мемлекеттік ірі күрделі қаржы алуға, жоспарды кемітуге ат салысты.
Бұрын өндіруші тұтынушы үстемдік жасаған болса, қазір тұтьнушының
талғамы шешуші рөл атқарады.

Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу жүйесі
Монополияға қарсы мемлекеттік рсттеу нарықтық, экономика
елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет
әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар
қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда өндірушілердің нарықты монополияландыруынан
қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік,
экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және
монополиялау деңгейін реттеугс, кәсіпрынның стратегия және тактикасын,
шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады.
Монополияға қарсы комитеттің нсгізгі функциялары:
өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу
үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;
тауар нарығы мен бәсскелестікті өркендету шаралары
жөнінде нұсқау жасақтау;
- шаруашылық субъектілерді құрғанда, кайта құрғанда және
жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара
басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және
сатып алуды бақылау;
монополияға қарсы комитет тауар нарығын жәнс бәсекелестікті жстілдіру
мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;
еркін, реттелгсн, алдын-ала бслгіленген бағалардың қолданылатын ортаны
өзгерту;
шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар
жасақтау;
экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;

Кәсіпкерлік құпия
Фирма, кәсіпорындардың жұмысы жөнінде мәліттерді құпиялауға заңды
правосы бар, оны жариялау олардың ісіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.
Кәсіпорын, кәсіпкерлер өздерінің істері туралы мәліметтерді құпияда
сақтауға праволы, оны жариялау нарықтағы орнына зиян келтіруі мүмкін
Кәсіпкерлік кұпия - бұл өндірістік құпия, ғылыми-зерттеу жұмысынын
қортындысы, жоба-конструкторлык технологиялық зерттеулер және өндірісте
пайда болатын жеке қосалқы міңдеттер шешімі. Бұл сонымен біргн арнайы
техникалық шешімдер, нақты экономикалық үрдісті басқару әдістеріне жататын
жұмыстар.
Кәсіпорындар туралы заңдар бойынша мемлекеттік органдарға мәлімет
бермеуге праволары бар, егер коммерциялық құпия болатын болса. Сонымен
бірге кәсіпорьн мемлекеттік органдарга, мемлекеттік статистикалық
мәліметтер, салық төлеу туралы, жылдық есептерді беруге тиісті.
Өкіметтің қаулысы бойьнша коммерциялык құпияға жатпайтын мәліметтер
тізімі беріледі. Олар: кәсіпорынды тіркеу күжаттары. тіркеу анықтамасы,
патенттер, лицензиялар, бекітілген форма бойынша берілетін ессптер, ол
салықтың дұрыс есептеліп төленуі бақылау үшін және бюджетке тусетін
түсімдер туралы мәліметтер, кызметкерлер саны мен құрамы, олардың жалақы
қоры, еңбек жағдайы, бос жұмыс орны туралы және қоршаған ортаны сыныптау,
т.б. мәліметтер жатады.
1.2 КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДЕМЕУ.
Жосықсыз бәсеке туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 маусымдағы N 232.
Осы Заң жосықсыз бәсеке деп танылатын iс-әрекеттердi айқындайды,
жосықсыз бәсекенi болғызбаудың және оның зардаптарын жоюдың тетiгiн, сондай-
ақ жосықсыз бәсеке iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiктi белгiлейдi.
1-9 бап.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
беделiн түсiру - бәсекелесiне деген сенiмдi жоюға, оның беделiне, оның
тауарларының, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiнiң беделiне нұқсан
келтiруге, абыройын түсiруге бағытталып қасақана жасалған iс-әрекет;
бәсекелес (нарықта) қызмет көлемiнiң өзгеруi нарықтық қатынастардың
басқа субъектiсiнiң нарықтық үлесiнiң кемуiне немесе өсуiне әкеп соғатын
нарықтық қатынастар субъектiсi:
контрафактық өнiм - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң
жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған
өнiмi;
жосықсыз бәсеке - заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ
мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi
жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға
бағытталған кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi); келiсiм - тараптардың
бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар
алуға бағытталған (тiк, көлбеу немесе аралас) кез келген шарттық қатынасы;
нарықтық қатынастардың субъектiсi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын
және тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет айналымына қатысушы болатын заңды
немесе жеке тұлға;
монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган - бәсекеге
жәрдемдесу мен оны дамыту және терiс пиғылды бәсекенiң алдын алу, оны
шектеу және тыю жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу үшiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейтiн орган.
2-бап. Жосықсыз бәсеке туралы заңдар
1. Жосықсыз бәсеке туралы заңдар Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексiнiң, осы Заңның нормаларынан және Қазақстан Республикасының соларға
сәйкес шығарылатын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жосықсыз
бәсеке туралы заңдарда барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына,
мемлекеттiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-
ақ iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн
қызметтер) нарықта еркiн бәсекенi шектейтiн және жоятын шетелдiк жеке және
заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Бәсекенi шектеуге немесе жоюға жол берiлмеуi
1. Басқа кәсiпкерлердiң еркiн бәсекеге құқықтарын бұзу арқылы бәсекенi
шектеуге немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн бұзатын кез келген қызметке жол берiлмейдi.
2. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының,
егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нарықтық қатынастардың жекелеген
субъектiлерiнiң немесе олардың топтарының қызметi үшiн қолайлы немесе
кемсiтетiн жағдайлар жасауға, бәсекенi жоюға немесе шектеуге, сондай-ақ
тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн бұзуға бағытталған нормативтiк
құқықтық және өзге де актiлер қабылдауына және (немесе) iс-әрекеттер
жасауына тыйым салынады.
3. Нарықтық қатынастар субъектiлерiне бәсекенi жоюға немесе шектеуге,
сондай-ақ ұқсас қызмет түрлерiмен айналысатын нарықтық қатынастар
субъектiлерiнiң қызметiне кемсiтушiлiк жағдайлар туғызуға бағытталған iс-
әрекеттер жасауға тыйым салынады.
5-бап. Жосықсыз бәсеке түрлерi
Жосықсыз бәсеке түрлерi мыналар:
1) кәсiпкердiң фирмалық атауын, тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн
және (немесе) өзге де коммерциялық белгiлеуiн тауар өндiрушi (жұмыс
орындаушы, қызмет көрсетушi) немесе оларды сатушы жөнiнде тұтынушыларды
жаңылыстыратын немесе жаңылыстыруы мүмкiн заңсыз пайдалану;
2) бәсекелесi тауарының сыртқы безендiрiлуiн, оның фирмалық атауын,
тауарының таңбалануын, тауар таңбаларын, басқа да коммерциялық белгiленуiн,
сондай-ақ жарнамалық материалдарын, фирмалық буып-түйiлуiн, нысанын және
тауардың өзге де сыртқы безендiрiлуiн тауар өндiрушi (жұмыс орындаушы,
қызмет көрсетушi) жөнiнде тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн етiп тiкелей қайта
жасау арқылы көшiрiп алу;
3) тауарлар (жұмыс, көрсетiлген қызмет) жөнiнде, соның iшiнде
тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) шығу тегi, дайындаушысы,
сатушысы, сондай-ақ сапасы, тұтыну қасиеттерi, мақсаты, дайындалған әдiсi
мен жерi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер мен пiкiрлердi және бәсекелесiнiң
тауарларына (жұмысына, көрсеткен қызметiне) кiр келтiретiн, оның абыройы
мен беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтердi тарату;
4) бәсекелесi жоқ сатушының сатып алушыға өзiнiң сипаты немесе
коммерциялық мақсаты бойынша шарт нысанасына жатпайтын қосымша сату
жағдайларын тануы;
5) басқа бәсекелестiң тауарларымен (жұмысымен, көрсететiн қызметiмен)
немесе қызметiмен әдепке жатпайтын салыстырмасы бар жарнама және өзге де
ақпарат тарату;
6) жарнамалық ақпаратта тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң)
шын қасиеттерi, сапасы және бағалары туралы мәлiметтердi қасақана бұрмалау
немесе жасыру;
7) бәсекелестер арасындағы баға, нарықтарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi
шеттету туралы және бәсекенi жоюға немесе едәуiр шектеуге бағытталған өзге
де қызмет жағдайлары туралы кез келген келiсiмдердi жасасу мен орындау;
8) нарықтық қатынастар субъектiлерiнiң бәсекенi едәуiр шектеуге немесе
жоюға әкеп соғатын көлденеңiнен қосылуы;
9) ғылыми-техникалық, өндiрiстiк ақпарат пен коммерциялық және қызметтiк
құпия болып табылатын өзге де ақпаратты оның иесiнiң келiсiмiнсiз алу,
пайдалану немесе жария ету;
9-1) демпингтiк бағаларды пайдалану арқылы бәсекеде артықшылыққа қол
жеткiзу;
10) бәсекенi жоюға немесе шектеуге, негiзсiз артықшылықтар беруге және
(немесе) алуға әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер.
5-1-бап. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының
сақталуына тексеру жүргiзу
1. Нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi -
тексерiлетiн субъектiлер) Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы
заңнамасын сақтауы монополияға қарсы орган жүргiзетiн тексерудiң нысанасы
болып табылады.
2. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және
жоспардан тыс болып бөлiнуi мүмкiн.
Жоспарлы тексерулер тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан
Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауына байланысты
мәселелердiң барлық кешенiн қамтиды және жылына бiр реттен жиi
жүргiзiлмейдi. Жоспарлы тексерулер тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi
бойынша немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi бойынша
жүргiзiлуi мүмкiн. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекiтетiн
органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып табылады.
Жоспарда тексеру жүргiзiлуi мүмкiн субъектiлердiң тiзбесi және тексеру
жүргiзiлетiн кезең қамтылуға тиiс. Жоспардан тыс тексеру - монополияға
қарсы органның жоспарында көзделмеген тексеру және Қазақстан
Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы
монополияға қарсы органға келiп түскен не жеке анықталған ақпаратты растау
үшiн жүргiзiледi.
3. Жоспардан тыс тексеру жүргiзуге мыналар негiз болып табылады:
жеке және заңды тұлғалардың жосықсыз бәсекенiң нәтижесiнде өздерiнiң
құқықтары бұзылғандығы туралы өтiнiшi;
Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы
туралы басқа да мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
монополияға қарсы органның тауар нарығын талдау, бұқаралық ақпарат
құралдарының хабарламалары және өзге де мәлiметтер негiзiндегi жеке
бастамасы;
монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке
туралы заңнамасының бұзылуы мәселелерi бойынша зерттеу жүргiзуiнiң
нәтижесi.
4. Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган монополияға қарсы
органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырған және Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық статистика және
арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде
жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркелген қатаң есептiлiк бланкiсiндегi
нұсқаманы қабылдап, тексерудi тағайындау туралы бұйрық шығарады және
тексеру жүргiзу бағдарламасын бекiтедi.
Тексеру жүргiзу туралы нұсқама екi данада жасалып, олар тiркеу үшiн
құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық
есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органға табыс
етiледi. Тiркеу туралы белгiсi бар бiр данасы iстiң материалдарына
тiркеледi.
Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi
органда тiркелгенi туралы белгiсi бар көшiрмесi, сондай-ақ тексеру
бағдарламасы тексеру жүргiзiлетiн күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына
тапсырылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық
есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда
тiркелгенi туралы белгiсi жоқ тексерiлетiн субъектiге тапсырылатын тексеру
жүргiзiлгенi туралы нұсқаманың көшiрмесi жарамсыз болып табылады.
Тексеру тағайындау туралы нұсқамада көрсетiлген лауазымды адам (адамдар)
ғана тексеру жүргiзе алады.
5. Тексеру жүргiзудiң бағдарламасы мен мерзiмдерi
тексеру жүргiзудiң мерзiмдерiн;
тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттарын, оларды iске
асырудың рәсiмiн;
тексеру барысында анықталуға тиiстi мәселелердiң тiзбесi мен мән-
жайлардың ауқымын;
тексеру жүргiзу кестесiн;
тексерiлетiн субъектiнiң ерекшелiгiне сәйкес өзге де ақпаратты қамтуға
тиiс.
6. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi алда тұрған жұмыстардың ауқымы мен
қойылған мiндеттер ескерiле отырып белгiленедi және ол тексеру жүргiзу
туралы нұсқаманы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi
органда тiркеген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Тексерiлетiн субъект қызметiнiң ерекшелiктерiне және тексеру жұмысының
ауқымдылығына байланысты тексеру заңда белгiленген мерзiмде аяқталмайтын
жағдайларда, монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды
адамы монополияға қарсы органның басшысына жасалған жұмыстың нәтижелерi
жазылған қызметтiк жазбаны және тексерудi ұзарту қажеттiгi туралы
негiздеменi ұсынады.
Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту
туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру
жүргiзу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексерудi ұзарту
туралы белгi қояды.
Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы бұйрықтың көшiрмесi тiркелген
күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.
Тексеру нәтижелерi туралы анықтаманы тексерiлетiн субъектiге тапсырған
күн тексеру жүргiзудiң мерзiмi аяқталған күн деп есептеледi, бiрақ ол
тексеру жүргiзу туралы нұсқамада көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен
кешiктiрiлмеуге тиiс.
7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргiзген
кезде:
1) тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;
2) тексеру нысанына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң автоматтандырылған
деректер базасына (ақпараттық жүйесiне) қол жеткiзуге;
3) тексерiлетiн субъектiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және
басқа да қызметкерлерiнен тексеруге қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттар мен
олардың көшiрмелерiн, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша
және жазбаша түрде түсiнiктемелердi сұратуға және алуға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә
адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсiнiктемелер
алуға құқығы бар.
Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы және лауазымды адамдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Заңсыз банктік қызмет
Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу
Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Пәндер