Меншік теориясының экономикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Халықаралық Бизнес Академиясы

Экономика, менеджмент және кәсіпкерлік факультеті

Қаржы және аудит кафедрасы

Экономикалық теория пәнінен курстық жұмыс
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселесі.

Орындаған:Есеналиева Айғаным
1-курс
Мамандық: Қаржы және несие
Ғылыми жетекші:э.ғ.к. Куренкеева Г. Т.

Алматы 2005

ЖОСПАР

КІРІСПЕ.
I МЕНШІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншік теориясының экономикалық негіздері.
1.2 Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикадағы ролі.
II Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу ерекшеліктері.
2.1 Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері.
2.2 Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің ролі
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Кіріспе.

Адамзат тарихында экономиканы ұйымдастырудың негізгі үш әдісі
анықталған: нарықтың, әміршілдік және аралас экономика. Бұл әдістердің
әрқайсысына тән артықшылық және кемшілік қасиеттері бар. Алайда, қоғамдық
өндірушілер мен тұтынушыларды тиімді байланыстыратын ең қолайлы тәсіл
ретінде нарық механизмі танылып отыр. Нарық механизмі экономиканың ең
басты үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?)
өте қарапайым және ыңғайлы түрде шешеді.
1991 жылға дейін шаруашылығы әкішілдік - әміршілдік формада
ұйымдастырылып келген ТМД елдері, оның ішінде Қазақтан да әлемдік
қауымдастықтың көптеген елдерінде қолданылатын нарық механизміне
ынғайланды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, нарық күрделі экономикалық
категория ретінде белгілі бір әлеуметтік – экономикалық жағдайда, тиісті
шарттар орындалғанда ғана дұрыс қалыптасып, өмір сүреді. Нарықтың ең
негізгі шарттарының бірі – меншік қатынастарының алуан түрлі нысандарының
болуы және олардың тең құқылығы. Осы шартты қанағаттандыру мәселелерін
талқылау барысында таңдап алған тақрыптың өте маңызды әрі өзекті екендігі
айқын көрінеді. Өйткені, республика экономикасының перспективалық болашағы
көбіне меншік қатынатарының саналуандығы және тең құқықтың дамуы жағдайында
шаруашылықтың қаншалықты дәйекті жүргізілетіндігіне байланысты.
Ізденіс барысында аталмыш тақырыптың толық мазмұнда ашылуы үшін бірнеше
сұрақ – мәселелер қарастырылды. Бұл мәселелер республика экономикасындағы
жеке меншік қатынастарының алатын орны, даму жағдайлары, қажеттілігі және
оның кәсіпкерлікті жетілдірудегі ролі және тағы басқалары – жекелеген
тарауларға бөлініп талқыланды.
Қарастырылып отырған тақырыптың күрделілігі және сан қырлылығы, шешімін
күтіп тұрған көптеген мәселелердің болуы және оларды кешенді түрде
зерттеудің қажеттілігі осы жұмыстың алға қойған мақсаты мен міндетің
айқындайды.
Жұмыстың териториялық мақсаты – Қазақстан Республикасында көптүрлі
меншік қатынастарының, соның ішінде жеке меншіктің қалыптасу кезеңдерің
және өсіп-өркендеуінің бағыттары мен нәтижелерін жүйелі түрде, зерттеу
еңбектеріне сүйене отырып суреттеу. Ал, практикалық мақсаттың негізін
Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында жеке
меншік қатынастарының кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытудағы
орны мен ролі жөніңдегі пікірлермен тұжырымдар құрайды .

1.1. Меншік теориясының экономикалық негіздері

“Меншік” ұғымы әрбір экономикалық жүйесінің іргетасы болып табылады. Ол
тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік
деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын
өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына
қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын
иеленуші ретінде көрінеді (жер –қоғамдық өндірістің басты құралы). Өндіріс
нәтижелерін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар шеңберіне материалдық
игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады.
К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде
адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс
құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу,
айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес – құралдар, заттар
және т.б. меншіктің заттық мазмұның құрайды. Алайда “меншік” ұғымы тек қана
заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана қоймайды.
Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін
өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәсені – қоғамнан тыс, басқа
адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның
өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды.
Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі – экономикалық
категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық
қасиеті.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны
байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани
игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі
әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

1.2. Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикалық ролі

Қазақстан экономикасын терең қаржылық және құрлымдық дағдарыстан алып
шығу үшін бөліп үлестіру әдістемесіне негізделген шаруашылық жүйесінен бас
тарту экономиканы ұйымдастыру әдістерінің мазмұның жаңа бағытқа өзгертті.
Нарықты құру – бұл жаңа экономикалық қатынастарға көшу тікелей басқару
құрылымдарын көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді. Нарықтық
экономикаға көшу – ең алдымен, меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді
талап етеді. Осы орайда меншік дегеніміздің өзі не деген заңды сұрақ
туындайды. Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген
өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтың қоғамдық
қатынастар. Меншік қатнастары иемдену, материалдық ресурстарды тиімді
пайдалану және оларды жүзеге асыруды экономикалық сипатын анықтаудың
барысындағы қарым-қатынастарды қамтиды. Меншікпен адамдардың өте қуатты
экономикалық, кәсіпкерлік әрекеттері, мақсатты қозғалыс жүйесі, тағы да
басқа әр түрлі экономикалық мүдделері, шаруашылық жүргізу формалары мен
тәсілдері тығыз байланысты.
Сонымен қатар, жұмыстық орындалу барысында жиі қолданылатын бірқатар
ұғымдардың мағынасын түсіндіре кеткен жөн.
Мемлекет иелігінен алу- мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару
міндетін және тиісті өкілеттіктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге
субьектілерге беру арқылы қайта құру;
Жеке меншік – жеке адамдардың өндірістің заттық факторларына және оның
нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы;
Жекешелендіру – мемлекеттік меншік обьектілерін азаматтардың және басқа
да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру (сату);
Нарыққа көшу барысындағы аса маңызды мәселелердің бірі – жоғарыда
аталып өткен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып табылады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің арасында ең негізгі бір
айырмашылық бар, яғни, жекешелендіру кезінде меншік обьектісі мемлекеттен
біржола бөлініп, меншік құқығына да, шаруашылықты басқару құқығына да иелік
өзгереді. Ал, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекет мемлекеттік мүліктің
толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізу
субьектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді.
Жеке меншік дамуы XIX-шы ғасырдың екіші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX-шы ғасырдың екінші
жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік
немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық
меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі “жеке” термині ретінде кез-
келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық
реформалардың негізі ретінде мемлекеттік және муниципалдық меншікті
жекешелендіру өзінің мақсаттары мен міндеттері бойынша экономиканы
тұрақтандыру және оның одан әрі қарқынды түрде дамуын жүзеге асыратын
тиімді шаруашылық жүйесін жасаудың негізгі шарты ретінде анықталған.
Дүниежүзілік тәжірибеден анық болғандай, нарықты қалыптастыру кезеңінде
меншіктің әр түрлі форалары пайда болып, заңды түрде мойындады. Кеңетік
кезеңде мемлекеттік және колхозды – кооперативтік меншік формалары ғана
мойындалған қазіргі Қазақстанның нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында
жоғарыда аталған үрдістер анық байқалды. Бұл әселенің заңдық – құқықтың
негізі Қазақстан Республикасының контитуцисынан баталады. Онда Қазақтан
Республикасының экономикасының сан алуан меншік түрлеріне негізделетіні
жөнінде, сондай-ақ жалпы ережелердің 6-бабының 1-тармағында “Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады”,-деп атап көрсетілген. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар осы екеуіне
негізделген алуан түрлі еншік форалары заңды деп есептелінеді. Атап айтар
болсақ, акционерлік қоғамның меншігі, арендалық кәсіпорынның меншігі,
қоғадық ұйымдар мен қорлардың, меншігі, діни ұйымдардың меншігі және тағы
басқа. Бұл ретте ҚР-ның “Меншік туралы заңының” респуликадағы меншік
қатынастарына қатысты жайттарды реттеудегі басты құжаттарының бірі
екендігің ескеру қажет.
Меншіктің әр түрлі формалары - бұл олардың динамикалық бір тұтастығы
сондай-ақ олардың бір-бірімен тығыз диалектикалық өзара байланыстылығы.
Меншік формаларының плурализмі-бұл шаруашылық жүргізу жүйесінің, бүкіл
қоғамдық организмінің өзін-өзі ұйымдастыру және реттеуінің қажетті шарты
болып табылады.
Жеке меншіктің экономикалық роліне келетің болсақ, жеке және қоғамдық
меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми
пікірлер К. Маркстің еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті.
Өйткені жеке меншік мәселесіне К. Маркс еңбектерінде қатаң үміт шығарылып
бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін болсақ, К. Маркс
“Капиталында” бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді пікірлер айтқанын
ескерген абзал.
Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс
прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен
байланысты обьективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар
өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан
бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік, онымен байланысты экономикалық
оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда) тауарлы, рыноктық
шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты. “Адамның жеке дара
оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі жеке дара
оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны
ыдыратады”. Алғашқы қауымдық құрылыстың өндірістік қатынастарының шектеулі
сипаты туралы айта келе К. Маркс, бұл қоғамда “...қоғамның, не жеке бастың
еркін және “толық мағынада дамуы мүмкін емес” деп жазды.
Сонымен, жеке меншік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен
алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал
жасады. Солай бола тұрса да, “Капитал” мен “Коммунистік партияның манифесі”
жеке меншікке мүлдем қарсы. Буржуазиялық қоғамның бүкіл қайшылықтары мен
қарама-қарсылықтары пролетариаттың қанауда болуы, қайыршылануы, оның тұрмыс
жағдайының абсолютті және салыстырмалы нашарлануының барлық салдарын осы
жеке меншікпен байланыстырды.
Экспроприаторларды экспроприациялау деген әйгілі ұранан басқа, К.
Маркстің мына бір пікірін де еске түсірелік, яғни жеке меншікті жою
әлеуметтік революция және пролетариат диктатурасының үстемдігін орнату
жолымен шектелмейді. Экономикалық дамудың обьективті жолы жеке меншіктің
жойылуына әкеліп тірейді. К. Маркстің акционерлік қоғам туралы
сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі
шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсеткен.
Әрине жеке меншіктің қанаушылықты жоққа шығармайтыны да белгілі
(әсіресе капитализмнің қалыптасу кезеңінде). Дегенмен қанаушылық мәселесіне
тәптіштеп талдау жасамай-ақ, оның экономикалық категория ретінде мәніне
теориялық тұрғыдан қарау қажеттігі де жоқ емес. Олай дейтініміз қанау
процесі тек жеке меншікке ғана байланысты деу көңілге сенімсіз. Бұрынғы
КСРО-ның бүкілхалықтық меншік кезеңіне халықтың мемлекет тарапынан қанауға
ұшырағанын ашып айтпасқа болмас. Оған мына бір деректің өзі дәлел бола
алады. 80-жылдардың орта шенінде жалақының ұлттық табыстағы үлесі КСРО-да –
35 процент, ал батыс елдерінде – 65 процент болды. Жеке меншіктің өзі әр
қилы формаларда болады: жеке, өз басының еңбегіне негізделген жеке меншік;
жалдамалы еңбекке негізделген капиталистік жеке меншік; ұжымдық формадағы
жеке меншік (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік кәсіпорындар).
Сонымен, 1985 жылғы қайта құрудан басталып, ұзаққа созылған әкімшілдік-
әміршілдік жүиеден нарықтық шаруашылыққа көшуде “Меншіктің барлық түрінің
теңдігімен, құқығына қалыпты жағдай жасайтың” бірден-бір процесс –
жекешелендіру болып табылады. Сондықтан да, “жекешелендіру саласындағы
мемлекет саясатының мақсаты – тұтастай алғанда барлық халық шаруашылығы
кешенінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру болып табылады”. Осыған
байланысты қоғамдық мүлікті жекешелендіруді оны талан-таражға түсіру емес,
керісінше оны тиымды пайдаландырудың, еңбек өнімділігін арттырудың негізгі
көзі ретінде түсіну қажет.
Қорыта айтқанда, мемлекет меншігін жекешелендіру процессі мемлекет
иелігінен алу бағдарламасының құрамдас бір бөлігі болып, табыла отырып,
жеке меншіктің сан алуан нысандарының пайда болуына, бәсекелестік пен
кәсіпкерліктің, жалгерлік қатынастар мен нарықтық экономикадағы жұмыстардың
дамуына әкеледі. Сондықтан, жеке меншіктің қажеттілігі неде деген сұраққа
берілер жауап мынандай болмақ:
1) Ол шындығында да нақты меншік иесін, кәсіпкерді дүниеге әкеледі;
2) Мемлекеттен, саяси өкіметтен тәуелсіз, дербес меншік суьектісін
қалыптастырады. Осыған сәйкес, оның демократиялық, азаматтық қоғамды
қалыптастыруда маңызды құрал ретінде ролі бар.
Жекешелендіру экономиканың қайта құрудың түпкі мақсаты болып
табылмайды, алайда, ол меншік қатынастарын қайта құрудық тәсілі, жаңа
экономикалық жүиеге көшу бағдарламасының құрамдас бір бөлігі болып
саналады.

2.1 Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері..

Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жеке
меншіктің пайда болып, дамып-жетілуі жекешелендіру процесімен тығыз
байланысты құбылыс болып табылады. Сондықтан, республикадағы жеке меншіктің
даму жағдайларын талдау үшін, алдымен жекешелендіру процесінің бағыттарын,
мақсаттары мен міндеттерін, шарттарын анықтау қажет.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңнен тұратын бағдарлама арқылы
жүзеге асырылды.1992 жылғы 22 шілдеде қабылданған Мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, осының негізінде
қабылданған нормативтік актілер мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
бірінші кезеңінің негізін салды. (1991-1992) Мемлекеттік меншікке билік ету
құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекттік меншік жөніндегі комитетінің
құзырында болды. Ұлттық бағдарламаның 1-ші кезеңінің мақсаты - мемлекеттік
меншік нысанын басқа меншік нысаны түрінде қайта құру, заңды тұлғалардың
мемлекеттік кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуы бойынша
айқындалды. Алғашқы кезеңде шағын кәсіпорындарды, орта және ірі, әсіресе,
рентабельділігі төмен және зиянды кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу
процесі мемлекеттік, ұжымдық және жекеменшік нысандарының пайда болуына
әкелді. Жекешелендіру нысандары болып еңбек ұжымы мүшесінің сатып алуы ,АҚ
және басқа да серіктестіктер етіп қайта құру, концессияға беру, мемлекеттік
емес заңды тұлғаларға және азаматтарға сату танылып, заңды төлем құралдары
және жекешелендіру купондарын төлеу арқылы сату-сатып алу жүргізілді.
Негізінен, жекешелендіруге өндіріс және бюджеттік шаруашылықтар жатады.
Тек, жекешелендіруге жататын шаруашылықтарға.
• тұрмыстық қызмет көрсететін шаруашылықтар;
• тұрғын үйлер және коммуналды объектілер;
• қоғамдық тамақтандыру және мемлекеттік сауда;
• агроөндіріс және құрылыс объектілері кіреді;

Ал, жекешелендіруге жатпайтын шаруашылықтар ретінде,
▪ халыққа білім беру;
▪ денсаулық сақтау;
▪ денешынықтыру және спорт саласында: Медеу комплексі, спорт сарайы,
стадиондар;
▪ мәдениет және өнер саласында: театрлар, музейлер, консерваториялар,
филармониялар, кітапхана, цирк;
▪ ауылшаруашылығы саласында: мемлекеттік асылтұқым зауыты, мемлекеттік
ат зауыты, ғылыми-зерттеу институты;
▪ байланыс саласында: радиоорталық, қалалық, аудандық байланыс, т.б.
▪ әртүрлі шаруашылықтар саласы бойынша: телевидения, баспахана,
теміржол басқармасы, азаматтық авиация, су құбыры, т.б. танылады.

Нақты анықталынып, бекітілген осындай талаптарға сәйкес 1993 жылы
аяқталған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңінде
шағын және өнеркәсіптік кәсіпорындар жекешелендірілді. Шағын кәсіпорындар
(жұмыс істейтіндер саны 200 адамға дейін) алдын ала акционерлік қоғамдарға
айландырылмай тұрып жекешелендірілді. Сауда және қызмет көрсету,
материалдық - техникалық жабдықтау салаларының бірқатар ұйымдары бірінші
кезеңнің меншік объектілері ретінде саудаға қойылды. “Мемлекет иелігінен
алу және жекешелендіру нысаны бойынша қайта құрылған кәсіпорындар былайша
бөлінді: 5-пайызы жалгерлік, 1-пайызы ұжымдық, 24-пайызы
жекеменшіктік, 9-пайызы акционерлік қоғамдар, кәсіпорындардың 11-пайызы
мемлекеттік емес заңды және тұлғаларға сатылды”.
Осы кезеңде жекешелендірудің нысандарының ішінде мемлекеттік мүлікті
еңбек ұжымдарына беру деп аталған нысан өзінің тиімсіздігімен көзге түсті.
Бұл жағдай, біріншіден, еңбек ұжымдарында еңбек нәтижесі үшін экономикалық
жауапкершіліктің төмендеуіне әкелсе, екіншіден, көптеген жағымсыз
әлеуметтік салдарлары болды.
Республикадағы жекешелендіруді жүзеге асыру бағдарламасының бірінші
кезеңі меншік нысандарын қайта құру қарқынын арттыру, мемлекет тарапынан
жекешелендіру процесіне жасалатын басшылықтың тиімділігін арттыру, т.б.
секілді қажетті жайттарды ескерту қажеттігін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5-наурыздағы,
“Қазақстан Республикасында 1993-1995 ж.ж. арналған мемлекет иелігін алудың
және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы туралы” №1135 Жарлығы
жекешелендірудің екінші кезеңінің басталғанынан хабардар етті. Мемлекет
иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының екінші кезеңінің
мақсаты – мемлекетке тиімді өндірістік объектілерді, басқа да материалдық
және материалдық активтерді өтеусіз беру арқылы... нарық экономикасына
көшуге қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Екінші кезеңнің (1993 – 1995 ж.ж.) ерекшілігі – меншік нысандары
ретінде мемлекеттік және жеке меншік нысандарын құру мақсат етілді.
Жекешелендіру нысандары төмендегіше анықталды,
▪ барлық мемлекеттік кәсіпорындарды ашық үлгідегі АҚ –ға және
мемлекеттік үлесі 0 пайыздан астам жабық үлгідегі АҚ –ға қайта
құру,
▪ конкурс және аукцион бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғаларды
сатып алуы,
▪ кәсіпорындарды жекешелендіру,
Осы кезеңде сату – сатып алу процесіндегі төлем құралдары ретінде заңды
төлем құралдары,тұрғын үй және инвестициялық купондар танылды.
Республикадағы жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі міндеті – ҚР
азаматтарының арасында мемлекеттік меншіктің белгілі бір бөлігін бөлу
еді.Осы міндеттің орындалу барысында купондық аукциондар басталды.(1994 ж.
29 сәуірден бастап). Өз кезегінде бұл жағдай жаппай жекешелендірудің
бастамасы болды. Бұл процесс негізгі үш кезеңді қамтыды:
1)мемлекеттік меншіктің тиесілі бөлігін алу үшін инвестициялық
купондарды тұрғындарға беру;
2)купондарды жинақтау үшін инвестициялық жекешелендіру қорларын құруҮ
3)мемлекет мүлкін иемденуден немесе акцияларды сатудан түсетін
табыстардың 90 пайызын купон салымшыларына, 10 пайызын ИЖҚ –н ұстауға
беру.

Ресми емес дерек көздеріне қарағанда, жаппай жекешелендіруге барлығы
11 млн-нан астам, яғни ел халқының 70 пайызы дерлік қатысқан. “Бұл
процестің кезеңінде 22 аукционда инвестициялық купондары үшін сатуға 2000
кәсіпорынның акциясы шығарылды. Мұнда купондарды өтеу 66 -68 пайызды
құрады”.
Жаппай жекешелендірудің 1994 -1995 ж.ж. қорытындылары бойынша
кәсіпорындардың жалпы санына шаққанда жекеменшілік капиталының үлесі 50
пайызынан астамы - 43 пайыз, жекеменшік капиталының үлесі 80пайызынан
астамы – 2 пайыз, ал толық жекеменшіктегі кәсіпорындар 32 пайызды құрайды.
1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік
меншікті жекешелендіру және қайта құрылымдау Бағдарламасының негізгі
мақсаты – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Экономикалық жүйе
Экономикалық жүйелердің мінездемесі мен оның ерекшеліктері
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Аралас экономика мәні, маңызы
Жаңа институционалдық Экономикалық теория
Институционалдық экономика
Пәндер