Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Еңбекті қорғаудың негіздері
1. Еңбек құқығы мен еңбектік тұлғааралық қатынастар
түсінігі ... ... ... ... ... ...5
2. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы
заңңамасы ... ... ... ... ... ...7
3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІ. Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы
1. Әйелдер еңбегін
қоргау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 16
2. Жасы кәмелетке толмағандардың еңбегін
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..19
3. Қабілеттілігі шектеулі адамдардың еңбегінің
қорғалуы ... ... ... ... ... ... ..2 1

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылуы
1. Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғаудың қазіргі кездегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2. Еңбекті қорғаудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31

Кіріспе

Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек
сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да
көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың
жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау
нысаны болып табылады.
Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз
жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс
тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және
өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп
жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-
қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына
үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын
реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі - еңбекті қорғаудың тиімді
басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.
Жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелерінің жасаудағы маңызды
талаптардың бірі – бұл адмның еңбек етудегі салауатты және кауіпсіз
шарттарды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерртеу және
белгілі бір шешімдерді қабылдау. Өндірісте жазатайым оқиғалардың,
кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін
анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-
шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз
шарттарды жасауға мүмкіндік береді.
Жасалған жұмыстың негізі мақсаты - еңбекті қорғауға қатысты
барлық негізгі мәселерді мен сұрақтарды қарастыру. Бұл аталған мақсатқа
жету үшін келесідей талаптарды орындау қажет:

• еңбекті қорғауға түсінік беру;
• еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар
көздерін көрсету;
• еңбекті қорғауға қатысты еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары
және міндеттерін қарастыру;
• еңбек құқығының заңнамасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны
үшін жауапкершілік жағдайларын анықтау;
• қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын бақылау
(әйелдер, жасы кәмелеткет толмағандар, еңбек қабілеттілігі шектеулі
тұлғалар).

1. Еңбекті қорғаудың негіздері
1. . Еңбек құқығы мен еңбектік тұлғааралық қатынастар түсінігі

Еңбек - адам мен қоғамның өмiрiне және қажеттiлiктерiн
қанағаттандыруға қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды
жасауға бағыттал-ған адам қызметi.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы - жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек қатынастарын және еңбекті қолдануға байланысты
басқа да қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
ҚР еңбек кодексіне сәйкес, еңбек құқығының келесідей принциптері
бар:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол
бермеу;
      2) еңбек бостандығы;
      3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар
түрлерiне тыйым салу;
      4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек
жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
      5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi
мен денсаулығының басымдығы;
      6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi
сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
      8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
      9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен
мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;
      10) әлеуметтiк әрiптестiк;
      11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк
реттеу;
      12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында,
еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге
асыру үшiн қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында туындайтын қатынастар.
    Еңбек қатынастарына тiкелей байланысты қатынастар - еңбектi ұйымдастыру
мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсiптiк даярлауға, қызметкерлердi
қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға, әлеуметтiк
әрiптестiкке, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, еңбек жағдайларын
белгiлеуге қызметкерлердiң қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын
қатынастар.
Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшiн тиiстi бiлiктiлiгi
бойынша жұмысты атқарады және еңбек тәртiптемесiн сақтайды, ал жұмыс берушi
еңбек жағдайларын қамтамасыз етедi, қызметкерге Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келiсiмiнде
көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемiнде төлейдi және өзге де
төлемдердi жүзеге асырады.
 Еңбек шартын:
      1) медициналық қорытынды негiзiнде адамның денсаулық жағдайы бойын-ша
қайшы келетiн жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi
жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкi мен басқа да құндылықтарының
сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкердiң толық материалдық
жауапкершiлiгi көзделетiн лауазымдар мен жұмыстарға, он сегiз жасқа
толмаған азаматтармен; 3) соттың заңды күшiне енген үкiмiне
сәйкес белгiлi бiр лауазымға тұру немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану
құқығынан айырылған азаматтармен еңбек қатынастарын жасауға шектеулер
қойылған.

2. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы заңңамасы

Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-
техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және
өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде
қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңынан; Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінен және өзге де нормативтік құқықтық
актiлерiнен тұрады.
      Заңңамалар ережелері Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек
қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей
байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары
мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең
төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек қатынастары
тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол жеткiзуге,
өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажеттi
құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару. Еңбек қауiпсіздігі
және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен
қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның
аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Еңбекті қорғаудағы мемлекет қолданатын саясаттың мәні
келесіде: Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды,
ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдайды;
саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды
әзірлейді; еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу
мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу,
еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару
жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске
асырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті
жүзеге асырады; ғылыми-зерттеулер жүргізеді; өндірістегі жазатайым
оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілейді,
сонымен бірге одан қызметкерлердің, отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін
қорғайды және сол үшін өтемақылар белгілейді, басқа да маңызды қызметтерді
атқарады.    
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі
принциптер мыналар болып табылады:
  1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі
мен денсаулығының басымдығы;
2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың
зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің
кепілдік беруі;
      4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
      5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік
реттеу;
      6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер
мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
      7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы
ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
      8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық
актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында
ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
      9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі
және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi
әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы
Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға
қатысуы.
Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды
қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты мен Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым cалынбаған басқа да көздердің eceбінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсатқа шығыстаp шығармайды. Сонымен бірге  жұмыс беруші
жыл сайын еңбек қауiпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат
бөледi,бұл жеке және ұжымдық шарттарда белгіленедi.
Еңбекті қорғауда маңызды орынды қызметкердің және жұмыс
берушінің құқықтары мен міндеттері алады.
Қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке
еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға;
оның өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары
және қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де жеке және заңды тұлғалар.
Қызметкердің құқықтары:
- еңбек қауiпсiздiгiне және еңбекті қорғауға;
- жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек
жағдайлары, еңбек қауіпсіздігi мен еңбектi қорғаудың жай-күйі туралы,
өмiрге және денсаулыққа төнетiн қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және
(немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен оны қорғау жөніндeгi
шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;
- өндiрiстік жарақаттануға, кәсiби ауруға немесе жұмыс қабiлетiн
төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк
факторлардың әсерiнен қорғалған жұмыс oрнына;
жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз
етілуге;
- өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсiздігіне және еңбектi
қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілеттi органға және оның аумақтық
бөлiмшелерiне өтiніш жасауға;
- еңбек жағдайларын, қауіпсiздiгін және еңбектi қорғауды жақсартуға
байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкіл ретiнде қатысуға;
- өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қатер төндіретін жағдай туындаған
кезде бұл туралы тiкелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкiлiне хабарлай
отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;
- еңбек мiндеттерiн қауіпсіз атқару үшiн қажетті білім алуға және кәсiби
даярлыққа;
- шарттық міндеттемелерді, еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi
мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заң
актілерiне сәйкес өтетуге;
- ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi
талаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының
сақталуына;
- жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.
Осындай құқықтарды иелене отырып, қызметкер заң бойынша мынадай
міндеттерді атқарады:
- еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер
мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты
қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға;
- арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында
пайдалануға;
- өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың
белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер
төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
- мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық
куәландырудан өтуге міндетті.

Жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе
заңды тұлға; жұмыс берушiлердiң өкiлдерi ретінде құрылтай құжаттары немесе
сенiмхат негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының
мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi жеке және заңды тұлғалар бола алады.
     Жұмыс берушінің құқықтары:
- өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
жөнінде актілер шығаруға;
- қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;
- жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі,
қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін
қызметкерлерді көтермелеуге;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған
қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Сонымен бірге жұмыс беруші келесідей міндеттерді атқарады:
- қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
- еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге
асырады;
- қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін
зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етеді;
- өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу,
оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және
технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар
қабылдайды;
- соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу
кезінде оқытудан және даярлықтан өткізеді;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге
және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөледі;
- өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен
және зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке
қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етеді, жеке
ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын
бақылауды жүзеге асырады;
- өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық
өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен,
ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етеді;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін
тексеруден өтуге және уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес
ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге
жауапты басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастырады;
- қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде)
медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз
қаражаты есебiнен өткізеді;
- өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық
жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу және
залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрi-дәрмек қобдишаларымен,
сүтпен, уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормалардан кем болмайтын емдеу-
профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киiмдi және аяқ киiмдi
жөндеумен қамтамасыз етеді;
- уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын,
қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғaу жөнiндегi қоғамдық инспекторларды
ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiне, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың
жай-күйiне және заңдардың сақталуына тексерулер жүргiзуi үшiн, сондай-ақ
өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды зерттеуi үшiн
кедергiсiз өткiзеді; қажеттi ақпарат береді; мемлекеттiк еңбек
инспекторларының нұсқамаларын қабылдайды және орындайды;
- уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң
қатысуымен, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайларының жай-күйi бойынша
мезгiл-мезгiл, кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзуге, сондай-
ақ, қайта құрудан, жаңғыртудан өтiп, жаңа техника немесе технология
орнатқаннан кейiн мiндеттi аттестаттаудан өткiзеді;
- қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өтейді; өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды
белгiленген тәртiппен тергеудi қамтамасыз етуге;
-   қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмiрi мен денсаулығына
зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырады; еңбек жағдайлары
зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар мен мамандарды
гигиеналық оқытуды (жалпы және кәсiби аурулардың алдын алу мәселелерi
бойынша санитарлық минимумды) қамтамасыз етеді; авариялық жағдайдың
өрiстеп кетуiн және зақым келтiретін факторлардың басқа адамдарға әсерiн
болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдайды;     өндiрiсте болған топтық
жазатайым оқиға, жазатайым ауыр оқиға не кiсi өлiмiне әкеп соқтырған
жазатайым оқиға туралы бiр тәулiк iшінде тиiстi мемлекеттiк органдарға
хабарлауға; қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi
аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.

1.3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн
құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң
мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi.
 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған
жағдайда ғана таратылады. Ал қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын
ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның
лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн
ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
       Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер
ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық,
физикалық және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен
денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер
мен өлшемдердi белгiлейдi және бұларды әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi
уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген
тәртiппен жүзеге асырады. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi уәкiлеттi орган бекiткен
тәртiппен жұмыс берушi жүзеге асырады.
     Өндiрiстiк объектiлер мен өндiріс құралдарын жобалау, салу және
пайдалану кезiнде қойылатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
жөніндегі талаптардың негізгілері келесідей: мемлекеттiк стандарттардың
еңбектi қорғау жөнiндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс
ережелерi мен нормаларының талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк
ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға,
технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетiктердi,
жабдықтарды және басқа да бұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға;  егер
жаңадан салынған немесе қайта жаңғыртылатын өндiрiстік объектілер, өндiрiс
құралдары немесе өнiмнің басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi
қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелерi мен
нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылдануға және пайдалануға жол
берiлмейдi. Еңбек нарығының өндірістік объектілері уәкілетті орган
белгiлеген тәртiпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мезгiл-
мезгiл аттестаттаудан өтуге тиiс.Ал өндiрiстік мақсатта салынған объектіні
пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы мiндеттi түрде мемлекеттік
еңбек инспекторының қатысуымен жүргiзедi.
      Еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыруда -
мемлекеттiк сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан
өткiзiлмеген, бекiтiлген үлгiге сәйкес келмейтiн өлшеу құралдарын
қолдануға;
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес
келмейтiн тауарларды, материалдарды, шикiзаттарды қолдануға тыйым салынады.

2. Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы
2.1. Әйелдер еңбегін қоргау

Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес ер адам және әйел
адам бірдей құқықтар мен бостандықтарға ие. Бірақ әйелдердің
физиологиялық ерекшеліктері, бала туу қабілеті еңбек іс-әрекеттерін
жүзеге асырудағы құқықтарына елеулі ықпалын тигізеді.
Ауыр жұмыстарды орындауды шектеу, баланы тамақтандыру үшін
берілетін үзілістердің берілуі, оған қамқорлық жасау үшін қосымша
демалыстардың берілуі және басқа да еңбектік пен әлеуметтік
заңнамалармен белгіленген басқа да жеңілдіктер қоғамда әйел мен ер
адамдарға шын мәнісінде тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін
жасалған.
Осыған байланысты барлық нормаларды екі топқа бөлуге болады:
▪ барлық әйелдерді қамтитын;
▪ тек жүкті және жасы кіші балалары бар аналарды қамтитын.
Бірінші топ құрамына әйел еңбегін ауыр және жер астындағы жұмыстар
үшін пайдалануға, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыстардың арнайы тізіміне
сәйкес еңбегіне тыйым салынатын нормалар жатқызылады. Жер астында
жүргізілетін жұмыстарда әйелдер тек физикалық емес, санитарлык пен
тұрмыстық жұмыстарды атқара алады.
Ережелерге сәйкес әйелдердің ауыр жүкті көтеру мен алып жүруінің
шекті нормалары белгіленген. Ауыр жүкті көтеру мен алып жүруді басқа
жұмыспен алмастырған жағдайда (сағатына екі рет) нормасы 10 келі. Ал жұмыс
кезегі бойы жалғасатын жағдайда – 7 келі. Салмағына көтерілетін және
апарылатын заттың сырты мен іші де қосылады.
Тракторист-әйелдер мен жүк автокөліктеріндегі әйелдер үшін еңбекті
қорғаудың арнайы ережелері бекітілген. Әйел адамдардың еңбегін көп
пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындарда оларды санитарлық-тұрмыстық
қызметін көрсету үшін жағдайлар жасалынуы керек.(жеке гигиена бөлмелері,
душ бөлмелері, т.б).
Түнгі уақытта әйелдер еңбегі шектелген. Қажеттілігі аса жоғары
болатын салаларда ғана ол уақытша жұмыс ретінде қабылдануы мүмкін.
Екінші нормалар тобына – келесідей жеңілдіктер мен кепілдіктер
берілген:
▪ еңбек шартын жасасқанда және бұзғанда;
▪ жұмыс уақыты және демалыс уақыты кезінде (түнгі, мерзімнен тыс
жұмыстарға тыйым салу, қосымша демалыстар, тамақтандыруға
үзілістердің берілуі);
▪ жүкті және асыраушы аналарға берілетін ерекше кепілдіктер
(еңбек тәжірибелігінің сақталуы, балаға қамқорлық жасау үшін
демалыс алу);
▪ еңбек режимін өзггерту мүмкіндігі, мысалы оңай жұмысқа көшу;
▪ сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру саласындағы.
Жүктi әйелдерге, баланы туған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап
алған әйелдерге баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:
1) жүктiлiкке және босануға байланысты ақылы демалыс;
2) жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге ақылы демалыс;
3) бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс берiледi.
    Баланы тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыстар беру
асырап алған әйелдерге берiлетiн демалысқа ақы төлеу үшiн орташа жалақыны
есептеу тәртiбi кодекске сәйкес айқындалады.
      Әйелдердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және
қауiптi жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Әйелдердiң өздерi үшiн
белгiленген шектi нормалардан асатын жүктi қолмен көтеруiне және жылжытуына
тыйым салынады. Олардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың
тiзiмiн, әйелдердiң жүктердi қолмен көтеруiнiң және қозғалтуының шектi
нормаларын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды.
Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстерден, ауысымiшiлiк және
арнайы үзiлiстерден басқа, бiр жарым жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге,
баланы тамақтандыру үшiн жұмыстың кемiнде әрбiр үш сағаты сайын:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары
Еңбек қорғау жөніндегі заңдар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбек қорғауды басқару жүйесі
ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау
Пәндер