Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
І
Бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5
ІІ Бөлім
Зейнетақы жүйесінің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..9
2.1. Ұлыбританиядағы зейнетақы
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .11
2.2. Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік
моделі ... ... ... ... ... ..15
ІІІ Бөлім
Қазақстандағы зейнетақы жүйесі
3.1. Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау нәтижесі мен оның
негізгі
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қосымша
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...24
Қосымша
2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25
Қосымша
3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 27
Кіріспе
Мемлекет тарапынан төленетін қарттық бойынша зейнетақы – бұл
индустриализацияның өнімі (индустриалдыққа дейінгі кезеңде қарттарды үлкен
отбасыларда жастар қарайтын) болып табылады. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана
Германияда жалдамалы жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігінен айрылуы туралы
сұрақ қарастырыла бастады. Ең алғашқы зейнетақылық сақтандыру Германияда
пайда болған және оның ұзақ тарихы бар: ең бірінші зейнетақы қоры 1825 жылы
Пруссияда ашылса (бірақ та жұмысшыларға емес, шенеуніктерге арналған), 1889
жылы Отто фон Бисмарктың басшылығымен алғаш рет мемлекеттік зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесі құрылады.
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Рспубликасының зейнетақы жүйесі
қазіргі кезде қоғамда орын алып отырған мәселелердің бір деп айтуға болады.
Сондықтан да бұл жүйенің қалыптасуы берік экономикалық жағдайда мемлектпен
тығыз байланыста болуы тиіс. Өйткені зейнетақы жүйесі қоғамдағы құт-
брекеге, халықты әлеуметтік қорғау кепілінің жүйесі ретінде адамның құқығы
мен болашақ қартығын қамтамасыз етуін жариялауда маңызды орын алды.
Нарықтық экономикаға көшу шарттарында зейнеткерлік – еңбекке
қабілетсіз жастағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі формасы түбірлі
өзгеріп, нарықтық негізде құрылуы керек болатын [6]. Өйткені, қоғамдағы
экономикалық қатынас тікелей оның жеке мүшелерінің әлеуметтік өміріне
ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, дүние жүзі бойынша қарттар санының өсуі де
өз әсерін тигізбей қоймады. Ол әсіресе, еңбекке қабілетті халық пен
зейнетақы жасындағы халықтың арасындағы сәйкессіздік болып, бір жұмысшыға
әлеуметтік, экономикалық ауырлықтың артуына әкеп соқты. Осының салдарынан
мемлекеттік зейнетақы жүйесіне қосымша қаражат құйып отыруға тура келді.
Нәтижесінде, ынтымақтық принциптегі зейнетақы жүйесі өзін-өзі қамтамасыз
ете алмады. Міне осы себептер, Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесін реформалауға алып келді. Ендігі кезекте зейнетақы жүйесін
приватизациялау, яғни ұрпақтардың ынтымақтық принципінен жеке зейнетақы
жарналарына, мемлекеттіктен мемлекеттік емес зейнетақы жүйесіне өту
басталды.
Бұл реформалардың мәні - әр бір азамат болашақта қарттығын қамтамасыз
ететін зейнетақысын өзі тағайындайтын болады деге мәнде болды. Ал мемлекет
өз тарапынан барлығына тең минимуммен қамтамасыз етіп отыруға кепілдік
беретін.
Бірақ та, әр жүйенің өзінің кемшіліктері болады. Әрине, жинақтаушы
жүйе әр түрлі қаржылай қауіптерге төзімсіз. Ұлттық валютаның девальвациясы
немесе қандай да бір қаржылай дағдарыста зейнетақы жинақтары құнсызданып,
жоғалып кетуі әбден мүмкін, ал мұндай жағдай ынтымақтық жүйеде болуы мүмкін
емес. Негізінен жинақтаушы зейнетақы жүйесі Америка, Жапония, Канада,
Ұлыбритания сияқты дамыған елдердің экономикасына тән жүйе болып табылады.
Бірақ та жинақтаушы жүйе қауіптерін жеке зейнетақы қорларының
құқықтық қорғаудың сенімді институционалды механизмдерін құру арқылы
азайтуға болады.
Бүгінгі таңда ешбір зейнетақылы келісім-шартта қордың қаржылық
міндеттемелері көрсетілмеген. Салымшы зейнеткерлікке шыққанда қандай
көлемде зейнетақы немесе жалақысының қанша пайызын алатының білмейді.
Зейнетақылық келісім-шарт жасасқанда салымшыға қаржының жылдық минималды
өсіміне жазбаша түрде кепілдік берілмейді. Ешбір қазақстандық азамат өзінің
қартығын кездестіретін болашақ зейнетақысын есептей алмауы, мүлдем ойға
қонбайтын жағдай.
Қазақстадағы зейнетақы жүйесінің тағы бір кемшілігі – зейнетақы
активтерін инвестициялау болып табылады. Қазақстандағы азаматтардың
жинақтарының жалпы соммасы – 6миллиард долларға жетсе де, олар ешқандай
табыс бермей жатыр. Бұның өзі Қазақстандағы инвестиция құралдарының
әлсіздігін көрсетуде. Зейнетақы активтерін инвестициялауда түсетін табыс
инфляцияның артынан жете алмай, азаматтардың жинақтары құнсыздануда.
Сондықта да, зейнетақы жинақтарын экономиканың тиімді секторына пайдалану
идеясы маңызды болып отыр.
Зерттеудің пәні – зейнетақылық сақтандыру.
Зерттеудің объектісі – Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зейнетақы
реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау болып табылады.
Көрсетілген мақсаттан келесідей міндеттерді анықтауға болады:
1. Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуын
зерттеу;
2. Зейнетақы жүйесінің шетелдік тәжірибесімен, соның ішінде
Ұлыбритания мен Чилидің зейнетақы моделдерімен танысып, оларды
Қазақстандық зейнетақы жүйесімен салыстыру;
3. Қазақстандағы зейнетақы реформасының нәтижелерін сараптау.
1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
қалыптасуы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы азаматтарды
зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1991 жылдың 17 мамырдағы Заңы толығымен
КСРО-дағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тән белгілерді сақтап қалды.
Нарықтық қатынасты дамытуға бағытталған стратегиялық бағытты таңдауға
байланысты сол кездегі жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарының
есебінде зейнеткерлерге төленетін төлемдерге негізделген зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесі мүлдем жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалды. Міндетті
түрдегі зейнетақы салымдарына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудағы
мемлекеттік монополия жоспарлы директивтік экономика жағдайында, еңбекке
қабілетті халықтың толығымен жұмыспен қамтылу жағдайында, мемлекеттік
аппарат жағынан қатаң бақылау мен зейнеткерлер мен жұмысшылар арасындағы
қатынастың сәйкес келу жағдайында ғана тиімді болады [4].
Экономикалық жағдайдың өзгеруі қалыптасқан зейнетақы жүйесі жұмысының
бұзылуына алып келіп, келесідей оған тән кемшіліктерді нақты айқындады:
- салымдар көлемі мен зейнетақы төлемдер көлемінің арасындағы
тікелей байланыстың болмауы;
- зейнетақы салымдарының жоғарғы ставкасы (25,5% еңбекақы
мөлшерінен) экономика үшін қауіпті болды;
- зейнетақы тағайындаудағы көптеген жеңілдіктер мемлекеттік
Зейнетақы қорына үлкен қысым түсірді;
- жұмысшылардың зейнетақы салымдарының жеке есеп шоттарының
болмауы салымдардың өсуін бақыламады;
- зейнетақымен қамсыздандыруды басқару жүйесі, зейнетақы
қаражаттарын жинау мен оны шығындау функциялары эффективсіз
болып, оны белгілі бір мақсатсыз пайдалануға алып келді;
- экономикалық себептер мен сақтандыру салымдарының түсуін
бақылайтын арнайы механизмнің жоқтығына негізделген зейнетақы
жарналарының жиналуының төмен дәрежесі жұмысшыларды
мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қолдауға
қызықпады.
Міне, осылай сол кездері жұмыс істеп тұрған зейнетақы жүйесі
зейнеткерлердің көбіне минималды қажеттіліктерін қамтамасыз етуде өзінің
қабілетсіздігін көрсетіп, мемлекетіміздің экономикасы үшін барған сайын
пайдасыз жүйеге айнала бастады.
Осы шарттарда пайда болған проблеманы шешудің жаңа жолдарын ісдестіру
басталып, нәтижесінде зейнетақы жүйесін түбірімен реформалау ұсынысы
қабылданады. Ұсыныстың мән-мағынасы зейнетақының бұрынғы ұрпақтар
арасындағы ынтымақтық принципі түрінен бас тартып, әр қайсысы өзіне өзінің
болашақ зейнетақысын анықтайтын принципіне өтуге негізделген.
1997 жылдың 19 наурызында ҚР-ның Президентімен зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін реформалаудың үкіметтік концепциясының жобасы
мақұлданады. Ерікті және міндетті сақтандыру принциптері мен сақтандыру
жарналарының персоналдырылған есепке тұрғызу жүйесінің қалыптасуына
негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің негізі 1998 жылы үкімет
қызметінің орта мерзімді бағдарламасында қаланады. Бұл шаралардың орындалуы
сол кездегі мемлекеттік Зейнетақы қоры (ЗҚ) мен түгел әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесіндегі қалыптасқан кризистік жағдайға байланысты
болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, 90-шы жылдары зейнеткерлер контингенті
жыл сайын өсіп отырып, 1996 жылдың өзінде 2млн.819 мың адамға жеткен. Егер
де зейнетақы жүйесінің реформасына дейін бір зейнеткерге 3 жұмысшыдан
келсе, 1997 жылда 1,8 жұмысшыдан келетін болған.
Барлық осы факторлар ұрпақтардың ынтымақтық принципінен жеке зейнетақы
жарналарына, мемлекеттіктен басымырақ мемлекеттік емес зейнетақы жүйесіне
өтуді негіздеді. Зейнетақы жүйесінің реформасы келесілерді қарастырды:
- зейнетақы жүйесін мемлекеттік бақылау;
- зейнетақы қорын қалыптастыруға 30 жылдан кем емес қатысқан
азаматтарға тағайындалған өмір сүру минимумын қамтамасыз ету
бойынша тікелей мемлекеттік кепілдіктер беру;
- зейнетақы мен басқа да мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың
формаларына шектеулер қою;
- әрбір еңбекке қабілетті жастағы азаматқа, соның ішінде құқық
қорғау органдары мен әскери қызметкерлерге зейнетақы
жинақтарын қалыптастыруға міндетті түрдегі қатысуы;
- еңбекке қабілетті азаматтардың өздерінің қартайғандағы
зейнетақымен қамсыздандырылуына жеке жауапкершілігінің болуы;
- әрбір жұмыскердің зейнетақылық сақтандырудың міндетті түрдегі
жеке есепке тұруын еңгізу;
- жинақталған зейнетақы қаражатының қауіпсіздігімен сәйкестенген
тиімді инвестициялау;
- азаматтардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесін жинақтауға
мұраға алу құқығын қамтамасыз ету;
- ерікті зейнетақылық сақтандырудың дамуы;
- азаматтардың зейнетақы жинақтарын инвестициялау арқылы
экономикаға пайда алып келу[4].
Өтпелі кезеңде реформаға дейін зейнеткерлікке шығып кеткендер мен
мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақы жинақтарын
жинауға мүмкіндігі жоқ зейнеткерлік жасқа келіп қалған азаматтардың
құқықтарын орындау үшін мемлекетпен Мемлекеттік Зейнетақы Қорынан алып
отырған зейнетақысының көлемінің сақталуы кепілденеді. Азаматтардың
мемлекеттік емес зейнетақы қорларына міндетті салымдар есебімен жинақталған
жарналар есебінде төленетін зейнетақы жарналары негізгі болуы керек
болатын. Осылайша, әрбір жұмыс жасайтын азамат өзінің болашақ
зейнетақысының көлемінін анықтап отырады, ал оның зейнетақысының үлкендігі
толығымен оның зейнетақы салымдарының ұзақтығы мен көлемі, сонымен бірге
зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін қосымша кіріске (дивиденттер)
байланысты.
Жаңа зейнетақы жүйесін қалыптастыру үшін келесідей шараларды орындау
керек болатын:
- зейнетақы жеңілдіктерін тағайындау, еңбек өтілі мен
зейнетақыны есептеу саясатын қайта қарастыру;
- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты
және жасына байланысты зейнетақылар, яғни әлеуметтік
жәрдемақыларды төлеу мемлекеттік Зейнетақы Қорынан мемлекеттік
бюджетпен жұмыскерлерді жұмыс берушілермен міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне ауыстыру;
- түгел мемлекеттік қамсыздандыру функциялары мемлекеттік
зейнетақы қорында орталықтандырылады;
- әйелдер мен ерлердің зейнеткерлікке шығу жастарының ақырындап
өсуі мен теңестірілуі;
- мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметтерін мемлекет
жағынан бақылау мен басқаруды қамтамасыз етумен зейнетақы
төлеуді қамтамысыз ету үшін қорлар мен сақтандыру
компаниялардың зейнетақы активтерін басқару бойынша ұйымның
жұмыс істеуіне жағдайлар жасау [5].
Мемлекеттік зейнетақы қорларын қалыптастырушы негізгі көздер:
- азаматтардың міндетті зейнетақы салымдары;
- республикалық бюджеттегі ресми трансферттер.
Ресми трансферттер дегеніміз – бюджетке өтеусіз және қайтарылмайтын
түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығындар [1]. Зейнетақымен қамсыздандыру
реформасынын осы сияқты идеяларының заңнамалық жүзеге асуы 1997 жылы 20
мамырда Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Заңының қабылдануына алып келді.
Осы заңға сәйкес зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
құрылады (Орталық) – көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет
туралы заңымен бекітілетін республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге
бөлінетін қаржы есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар
азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын, міндетті зейнетақы
жарналарын есепке алатын және оларды төлеушілерден жинақтаушы зейнетақы
қорларына аударатын, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар
тағайындайтын заңды тұлға. Орталық оперативті басқаруға негізделген,
мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады [1].
Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды
зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөлшерін сақтай отырып, зейнетақымен
қамсыздандыруға кепілдік береді.
Орталықтан зейнетақы төлемдері келесі азаматтар санаттарына төленеді:
- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатындар;
- Нағыз заңның 9 бабына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және
1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты кемінде алты ай
еңбек өтілі бар – еңбек өтіліне пропорционалды мөлшерде
төленеді, - зейнеткерлер.
2001 жылғы 1 шілдеден бастап еркектерге - 63 жас толғанда, әйелдерге –
58 жас толғанда, жалпы жұмыс өтілі еркектер мен әйелдерге сәйкесінше 20-25
жылдардан кем емес болған жағдайда тағайындалады [4].
Ерекше айтып кететін жағдай, заң бойынша жұмыс істейтін зейнеткерлер
толық көлемде зейнетақы алуға құқығы бар.
Ерікті зейнетақы жарналарын тағайындау салымшы арқылы жүзеге асады.
Ерікті зейнетақы салымдары үшінші адамдар пайдасына тағайындалуы мүмкін, ал
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары үшінші адамдар
пайдасына төленбейді [1].
Жинақтаушы қорларына жиналған зейнетақы салымдарының пайдасына
жиналған зейнетақы қаражатының алымшысының өліміне байланысты, оның жинағы
заңдық ереже бойынша мұрагерлікке қалады.
Мемелекетімізде жинақтаушы жүйенің төрт жыл жұмыс істеуі аралығында
4,3млн. астам адам оның мүшесі болып, олардың зейнетақы жинақтарынын көлемі
182,42млрд. теңге болып, ал салымшылардың зейнетақы есеп шоттарына
49,5млрд. теңге көлемінде инвестициялық кіріс тағайындалды.
2002 жылдың 1 қаңтарында бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет
алуға лицензияны 11 банк алды. Соның ішінде тек 8 банк қана кастодиандық
қызмет көрсетеді (Ұлттық банк – ГНПФ, екінші дәрежелі банктер – ННПФ).
Зейнетақы жинақтары мен салымшылар санының өсуі толығымен заңды және
зейнетақы салымдарының міндеттілігі, номиналды жалақының өсуі, жаңа
салымшыларды тарту мен салымдардың аз мөлшерлігімен түсіндіріледі, бірақ
та, сонымен бірге еңбекке қабілетті халықтың толық қамтылмауы, жұмыс
берушілердің зейнетақы салымдары бойынша қарыздануы, зейнетақы активтерін
тиімсіз пайдалану сияқты мемлекеттің қатысуын талап ететін проблемалар да
айқын көрінуде. Біздегі жұмыс істейтін нақты салымдардың көлемі анықталған
зейнетақы жоспарының ерекше қасиеті – қауіп-қатерлер оның қатысушылары
арасында ғана бөлінеді және барлық жағдайда жинақтаушы жүйенің проблемалары
мемлекетке ғана тәуелді емес болып табылады [11].
ІІ Бөлім
Зейнетақы жүйесінің шетелдік тәжірибесі
Зейнетақылық сақтандыру тәжірибесін зерттеу зейнетақы жүйесінің үш
моделін – мемлекеттік, аралас (мемлекеттік-жеке) және жеке – бөліп
қарастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік модель зейнетақының көлемі жалақы мөлшеріне пропорционалды
болып келіп, жалпы және міндетті зейнетақы жүйесіне негізделеді. Кейбір
жағдайда ол халықтың аз ғана бөлігін қамтитын жеке сектордың әлсіз дамуымен
сәйкес келеді. Тек аз ғана мемлекеттер бұл моделді басшылыққа алған –
Белгия, Люксембург, Португалия мен Испания.
Мемлекеттік-жеке модель – тең пропорцияда мемлекет пен жеке сектордың
кірісіне негізделеді. Көбінесе мұндай моделде жеке сектор жүйесі мемлекет
тарапынан қатаң бақылауға алынады. Ол мазмұны бойынша ерікті болып,
халықтың 50%-ын қамтиды. Бұл модель көптеген мемлекеттер үшін тән:
Германия, Италия, Голландия, Ирландия, Ұлыбритания және АҚШ. Бірақ та
қазіргі кездегі демографиялық қысымның әсерінен осындай моделді басшылыққа
алатын мемлекеттер жеке зейнетақылардың ықпалын кеңейтіп жатқаны белгілі.
Жеке модель жеке сектордың көмекті қатты қажет ететіндерге төлемдер
төлеуді өзіне қосса да, ол толығымен кешенді нормалар жүйесіне негізделген
міндетті түрдегі жеке жүйеге бағынышты, сонымен бірге зейнетақының көлемі
толығымен кірістің дәрежесіне байланысты. Бұл моделдің пионерлері – Чили,
Аргентина мен Австралия. Бұл моделді негізінде Чилилік модель деп те
атайды.
Зейнетақы саласындағы халықаралық динамиканың дамуын таңдау барлық
мемлекеттердің мемлекеттік моделден аралас моделге қарай, ал араластан
жекеге қарай қозғалысын көруге болады.
Мұндай тенденция мемлекеттік моделдің зейнетақы төлемдерін
қаржыландыру үшін қаражат табудың қиындауы, осы мақсатқа керекті қаржының
көбеюі мен бюджет дефицитінің өсуі сияқты проблемаларға кездескендігімен
түсіндіріледі.
Сонымен қоса, мамандар жеке зейнетақы жүйесінде идеалдандыруға
болмайтындығын ескертеді, өйткені ол да өздерінің астарында көптеген
проблемаларды жасыруда. Оларға жинақталған қаражатты басқарудағы
қиындықтар, жеке зейнетақылық қаржыландыруды кіші және орта бизнестің
әлсіздігі, төмен фискалды мотивация және т.б.
Көптеген Батыс Европа елдерінің тәжірибесі азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандырудың үш дәрежесін көрсетуде. Бірінші дәрежеге – мемлекеттік
зейнетақымен қамсыздандыру – онда зейнетақының екі түрі бар – негізгі
қарттығы бойынша және қосымша (кірісінің көлеміне байланысты зейнеткерлікке
шыққан азамат алатын зейнетақы).
Негізгі зейнетақы алуға еңбек өтіліне тәуелсіз бұрынғы жалақысының 20%-
ға жуық немесе нақты көлемде барлық азаматтардың алуға құқығы бар. Ал
қосымша зейнетақы алу үшін зейнетақы кірісін қамтамасыз ететін ұзақ жұмыс
кезеңі болса жеткілікті.
Зейнетақымен қамсыздандырудың екінші дәрежесі – мемлекеттік емес
немесе жеке жинақтаушы қорлары. Негізінде мұндай коммерциялық емес
институттар жеке профсоюздер немесе ірі кәсіпорындар мен ұйымдар көлемінде
құрылған шектеулі сақтандырылған тұлғалар үшін арналған. Мемелекеттік емес
зейнетақы қорлары негізінен жұмыс берушілердің, кейде сақтанушылардың
өздерінің салымдарының есебінде құрылады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың үшінші дәрежесі – жеке сақтандырудың бір
түрі ретіндегі зейнетақымен сақтандыру (индивидуалды және топтық) жүйесі.
Қазіргі таңда мемлекеттік қамсыздандырудың шығындарын қаржыландырудың
екі жүйесі қолданылады. Біріншісі – зейнетақы төлемдері бойынша ағымдағы
шығындарды зейнетақылық сақтандыру бойынша ағымдағы салымдар арқылы жабу.
Бұл дегеніміз - жұмыс істейтін халықтың зейнеткерлерді қамсыздандырып отыр
дегенді білдіреді. Бұл схеманы орындаудың нақты мәселесі - демографиялық
жағдайдың күшті әсер етуі: дамыған елдердегі жалпы халықтың қартаюы,
нәтижесінде бір жұмыскерге шаққандағы зейнеткерлер санының өсуіне алып
келді. Мұндай моделді қолданатын мемлекеттерде зейнетақы қорларының
қаражатын қалыптастырудағы негізгі қысым жұмыс берушілерге жүктеледі.
Зейнетақы шығындарын қаржыландырудың екінші формасы – арнайы қордың
құрылуы, ол қор керекті қаржының инвестициясын қамтамасыз етіп отырып,
қазіргі және болашақта тиісті зейнетақы төлемдерін қаржыландырып отырады.
Мұндай схема көбінесе мемелекеттік емес зейнетақы қорларында, кейбір
жағдайларда мемлекеттік зейнетақы жүйелерінде қолданылып отырады. Бұл АҚШ,
Канада, Швеция, Швейцарияда көп қолданылады.
Жинақтаушы негізде қызмет ететін зейнетақы қорлары қаржы нарығы үшін
қосымша инвестициялық және несиелік ресурстар жасайды.
2.1. Ұлыбританиядағы зейнетақы реформасы
Батыстағы зейнетақы жүйесінің аралас моделін қарастырғанда ұзақ тарихы
бар – Ұлыбританияны мысалға алуға болады.
Алғаш рет жарнассыз зейнетақы төлемдері Ұлыбританияда заңды түрде 1908
жылы еңгізілді, содан 1925 жылы мемлекеттік зейнетақы жүйесінің жарнаға
негізделгені еңгізіледі. 1948 жылы - бұл жүйе кеңейіп, дамытылды. 1948
жылдан 1978 жылға дейін жарнаның ставкасы минималды еңбекақыдан жоғары
алатын барлық жұмысшыларға біртекті фиксалданған болды. 1961-1978 жылдары
қосымша жарналардан қаржыландырылған зейнетақы көлемі аз
диференциацияланды.
Мемлекеттік зейнетақы жүйесі эволюциялы дамыды. Ақырғы екі он жылдықта
нақты екі реформа өткізіліп, біріншісі – жұмыс берушінің жеке зейнетақымен
қамтамасыз етілуіне кірмейтін, 1978 жылғы еңбекақының көлеміне негізделген
мемлекеттік зейнетақы жүйесін қамтамасыз ету еңгізілді. Содан 1988 жылы
соңғы 30-40 жылдарда мемлекеттік бағдарламаларға қаржылай қысым көрсетуді
төмендету мақсатында үкімет зейнетақы төлеуді қайта қарастырды.
Ұлыбританияда басқа Батыс Европаның елдері сияқты соңғы кездері
демографиялық өзгерістердің перспективалары алаңдата бастады, бірінші
кезекте абсолютті көрсеткіштерде де, еңбекпен қамтылған халыққа қатысты
пайыздық көрсеткіште зейнетақы жасындағы халықтың санының өсуі. 1911 жылы
халықтың тек 6% құрайтын 3млн. зейнеткерлер болсы, 1981 жылы бұл сандар
10млн.-ға өсіп, Ұлыбритания халқының 18%-ын құрады.
2000 жылдан 2020 жылға дейін зейнетақ жасындағы халық саны 2млн.-ға
жуық адамға өссе, еңбекке қабілетті халықтың саны 0,5 млн. болады деп
жорамалданды, нәтижесінде еңбекке қабілеті халық пен зейнетақы жасындағы
халықтар арасында сәйкессіздік болып, бір жұмыскерге әлеуметтік ауырлық
арта түседі.
1988 жылғы реформалар осы мәселені шешеуге бағытталған болатын. Егер
де кіріс көлеміне негізделген мемлекеттік зейнетақы жүйесі өзгеріссіз
қалса, оның құны жұмысшы халық асырай алмайтындай дәрежеге дейін өсуші еді.
1978 жылдан 1988 жылға дейін мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
адамның соңғы 20 жылдық еңбек өтіліне еңбек ақысының орташа 25% есебіннен
жүргізілді. Заңнама өзгертіледі, енді бұдан былай болашақ шығындар адамның
бүкіл еңбек өмірінің орташа еңбекақысынан 20% мемлекеттік зейнетақы
ставкасынның төмендетілуінің арқасында шектеледі.
Екіншіден мемлекеттік жүйеге қысымды азайту үшін жеке зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін дамыту шаралары жасалынады. Жеке зейнетақы жүйесіне
ынталандыру – мемлекеттік зейнетақы жүйесіне шығатындарға сақтандыру
жарналарының ұлттық ставкасынын азайту мен жеке зейнетақысын өздігімен
жинайтындарға қаржылай қолдау көрсету формасында болды.
Ұлыбританияда әйелдерге зейнетақы жасы - 60 жас, ал еркектерге - 65
жас. Әйелдер еңбегін қолдау негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінде
зейнетақы жасының айырмашылығы 1940 жылы тағайындалды және қазіргі уақытқа
дейін сақталуда. Ұлыбританияда әйелдер мен еркектердің зейнетақы жасын
теңестіруді жақтайтындар да бар. Олар қазіргі таңда үкіметке әйелдердің де
жасын 65 жасқа көтеру ұсынысын қозғауда.
1988 жылға дейін зейнетақы жүйесінің негізгі шарты – бұл зейнетақы
жасына жетумен бірге, жұмыстың толығымен тоқтатылуын талап ететін.
Шындығына келсек бұл – жұмыстың тоқтатылуы бойынша төленетін зейнетақы
болатын. Ал қазір Ұлыбританияда зейнетақы кәрілігіне байланысты төленеді.
Бірақ бұрынғымен салыстырғанда, қазіргі кезде сен зейнетақыңды алып,
жұмысынды жалғастыра беруіне болады. Бұл жағдайда жұмысыңнан толық кеткенге
дейін саған қосымша үстемақы зейнетақының орнына жүріп отырады. Үстемақы
көлемі қосымша жұмысқа берілген премия емес, экономдалған зейнетақының
сомасы болады.
Ұлыбританияның зейнетақы жүйесінің негізгі белгілері:
- сақтандыру жүйесімен тығыз байланысты;
- жұмыс беруші мен жұмысшының тең дәрежеде жарналар төлеуі;
- Ұлыбританияда мемлекеттік зейнетақы қоры жоқ, ол ағымдағы
кірістерге негізделген мемлекеттік зейнетақы жүйесі;
- жұмысшы халықтың кіріс дәрежесімен салыстырғанда базалық
мемлекеттік зейнетақы көлемінің төмендігі;
- халықты зейнетақымен қамту саласында мемлекетік және жеке
секторлардың бірлестігі;
- зейнетақы кірісі жетіспейтін тұлғалар үшін – қажеттілікті
тексеруге негізделген әлеуметтік көмек ережесіне сай зейнетақы
төлеу жүйесі.
Зейнетақы жүйесі келесі үш көзден төленетін зейнетақы түрлерін
ұсынады:
- базалық мемлекеттік зейнетақы – белгіленген, төмен ставкалы,
ұлттық сақтандыру қорымен қаржыланады;
- қосымша зейнетақы – табыс, жалақы көлеміне байланысты,
мемлекет атынан беріліп, ұлттық сақтандыру қорымен
қаржыландырылады немесе жеке зейнетақы қорынан беріліп, жеке
көздерден қаржыланады;
- әлеуметтік көмекке негізделген зейнетақы – жоғарғы екі
бағдарлама бойынша зейнетақы алу үшін табысы төмен азаматтарға
қажеттіліктерін тексеру негізіде төленетін мемлекеттік
зейнетақы, жалпы, ортақ салық салу есебінен қаржыландырылады.
Негізгі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысу апталық кірісі
белгілі минимумнан жоғары түгел жұмысшылар міндетті түрде
қамсыздандырылады. Барлық жұмысшылар соның ішінде ауылшаруашылық еңбегі мен
жеке еңбек қызметімен айналысатындар да бірдей жарна ставкасы мен бірдей
зейнетақы мөлшері бар зейнетақы жүйесіне түседі. Еңбек етуге қабілеті бар,
бірақ жұмыс орны жоқ адамдар, аурулар мен бала немесе мүгедек-
туысқандарының күтімімен айналысатындар зейнетақы жарналарын төлемеген
уақытқа, кезеңге зейнетақы алуға құқықтары сақталынады. Өз ықыластарымен
жұмыс істемейтін азаматтар тек ерікті жарналар төлеген кезде ғана зейнетақы
алуға құқығын сақтайды.
Негізгі зейнетақы бағдарламасы міндетті сипатта болғанымен, жұмысшы
табысының көлеміне байланысты мемлекеттік зейнетақы жүйесіне жарналарды
төлемеуге құқығы бар. Мұндай құқыққа тек жеке тұлға немесе оның жұмыс
берушісі мемлекеттік емес зейнетақы қорына міндетті мемлекеттіктен кем емес
жарналар ставкасын төлеп отырған жағдайда ғана ие бола алады. Бұл
мемлекеттік зейнетақы жүйесі есебіне жарна ставкасының төмендетілуіне
құқық береді, бірақ мемлекеттік зейнетақы жүйесіне минималды жарна негізгі
зейнетақымен қамсыздандырудың шығындарын өтеуге әрбір жұмыс берушіден
сақталады.
Кәрілік бойынша зейнетақы екі бөліктен тұрады:
- негізгі зейнетақы – табыстың көлеміне байланысты емес, белгіленген
ставка бойынша төленеді. Бұл зейнетақыны алу шарты – белсенді еңбек
өмірінің 90% ішінде жарналар төлеу болып табылады. Соңғы жылдары бұл
зейнетақыны алу шарттары әлсіреп, жұмсарды, сондықтан да бұл
зейнетақыны әрбір азаматтың алуға құқығы бар. Қазіргі ставка 1980
жылдан бері жыл сайын бағаның өсімімен өсіп отырады, оған
еңбекақының ешқандай әсері жоқ. Сонымен қоса, өзінің жарналар
негізінде зейнетақы алуғы үміттенуге құқығы жоқ әйел, күйеуінің
жарналары негізінде айына 150 фунт стерлинг көлемінде алуға
үміттене алады;
- заңнамамен белгіленген зейнетақының екінші бөлігі - еңбекақының
көлемімен байланысты – мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесі табыстың көлеміне негізделген деп аталады. Ол 1978 жылы
табыстың көлеміне негізделген зейнетақылық жарналық жүйемен бір
уақытта ендіріледі, бірақ қазіргі уақытта негізгі зейнетақыға орташа
еңбекақының 20% үстемақы төлеуге бағытталған. Қазіргі кезде толық
үстемақы 20 жылдық еңбек өтілі бар адамдарға ғана төленеді,
сондықтан да ең алғашқы зейнеткерлер бұл зейнетақыны толық көлемде
тек 1998 жылы ғана алды.
Жоғарыда көрсетілгендей, Ұлыбританиядағы зейнетақы жүйесінің негізгі
белгілерінің бірі – халықты зейнетақымен қамтамасыз ету саласында мемлекет
пен жеке сектордың ынтымақтастығы болып табылады. Мемлекетік зейнетақы
жүйесінде негізгі мемлекеттік зейнетақының көлемінің төмен болуы негізгі
зейнетақы азаматтың зейнетақы жасына шыққан кездегі кірісінің жартысы ғана
болуымен түсіндіріледі.
Жеке зейнетақылар ғасырдың басынан бері көптеген жағдайларда
жұмысшыларға мүмкін болып келді. Ірі жұмыс берушілер квалификацияланған
кадрларды қызықтыру үшін ылғи жеке зейнетақы қызметін көрсету керек деп
санайтын. Кіріс көлеміне байланысты мемлекеттік зейнетақы жүйесі 1978 жылы
кімнің жұмыс берушілері жеке зейнетақыны өздерінің қызметкерлеріне
төлегілері келмеген немесе төлей алмаған жағдайларда міндетті зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесі еңгізіледі. Сондықтан да, 1978 жылдан бастап түгел
жұмысшылар жеке зейнетақы жүйесіне ерікті жарналар төлейді немесе кіріс
көлеміне негізделген мемлекеттік зейнетақы жүйесіне міндетті жарналар
төлейді.
Ұлыбританияда бүгінгі кездегі зейнеткерлікке шығушылардың 65% жұмыс
орны бойынша мемлекеттік емес зейнетақы алады. Бұл зейнетақы жарналары
жұмыс беруші мен жұмысшыға бөлінетін, жұмыс берушімен жасалынатын зейнетақы
қорларымен төленеді. Жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар жұмыс
берушілердің зейнетақы қорларына қатыса алмайды.
Жұмыс берушіден алатын зейнетақының маңыздылығын келесі мысал көрсетуі
мүмкін. Жеке зейнетақының орташа мөлшері жақында шыққан зейнеткерге 400
фунт стерлинг айына құраса, мемлекеттік зейнетақы жүйесіндегі
зейнеткерлердің барлық санатына төленетін орташа зейнетақы 322 фунтты
құрайды.
Ұлыбританияда жеке зейнетақылардың маңызы өседі деп күтілуде. Оның
негізгі себебі 1988 жылғы реформалар болып саналады. Ұлыбританияда
өздігімен зейнетақымен қамсыздандыру жоспарын құрайтын адамдар саны өсуде.
Ұлыбританияда бұл жүйе жеке зейнетақылардеген атқа ие болды. Ол зейнетақы
ұйымымен – ол көбінесе, сақтандыру компаниясы болып табылады – жеке адам
арасындағы келісім-шарттан тұрады.
Бұл механизмдер, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz