Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
«» университеті
«» пәні
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының жинақтау ісін ұйымдастыру және оның даму кезеңдері
Орындаған:
Қабылдаған:
Астана 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . 3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің мазмұны мен мәні және құрлымы . . . 4
1. 2 Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері . . . 6
1. 3 ҚР-ның жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің даму кезеңдері . . . 8
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесін басқарудың
ерекшеліктері . . . 19
2. 2 Қазақстан Республикасының«Халық Банк ЖЗҚ-ның» даму кезеңдері және
қаржылық көрсеткішіне талдау . . . 26
2. 3 Қазақстан Республикасының «Халық Банк ЖЗҚ» қызметімен байланысты
п роблемалары . . . 31
ІІІ. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ . . . 37
ҚОРТЫНДЫ . . . 46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
ҚОСЫМША . . . 49
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -мемелекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан анық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сатысында болып келді және осылай болып қала береді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Жаңа үш жылдық бюджет: тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2, 5 есе, оның ішінде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілуге тиіс;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы маңызды рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік - экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді қажет ететін жүйе деп санаймын.
Курыстық жұмыстың мақсаты зейнетақы қорларын ары қарай дамытуды зерттеу. Өйткені көп аспектілі және талдау, бағалау, зерттеуді қажет ететін жүйе. Зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жағдайларын практикалық талдау және теориялық негіздерді білу негізінде, жинақтаушы зейнетақы жүйесін басқаруды жүзеге асыру бойынша аса оптимальды жолдар әзірлеу және жинақтау болып табылады.
Осы курыстық жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді қойдым: - зейнетақы қорларының қаржы нарығындағы ролін пайымдау.
Зерттеу объектісі «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жинақы зейнетақы жүйесі болып табылады.
Курыстық жұмыстың құрылымы, кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар, жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің мазмұны мен мәні және
құрлымы
Жинақтаушы зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің немесе Ұлттық банкісінің бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды обьектілерге инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрылысына салсақ, олар 20 жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67% мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегеніміз мемлекеттік қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұндай "жиналымдар" болса ерте де кеш қирайды.
Еңбекке қабілеттігі жоқ азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың кажеттігін теориялық тұрғыдан негіздеу XIX ғасырдың соңында - XX ғасырдың басында, яғни өндірістің жедел қарқынмен даму және жалданбалы еңбек қызметкерлерінің санының өсу кезеңінде басым көпшілік елдерде жасалды. Жалданбалы кызметкерлер санының өсуі еңбекке қабілетті халықтың жастық құрылымының өзгеруімен қатар орын алды: оның құрамында әлеуметтік қорғауды қажет ететін қарт адамдардың үлесі жүйелі түрде өсіп отырды.
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың нысанын білдіретін «әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігі заң әдебиетінде кеңестік биліктің алғашқы жылдарында пайда болды. «Әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған Экономикалық әлеуметтік және мәдени кұқықтар туралы халықаралық фактісінде ресми түрде бекітілген. Нақты айтар болсақ, бұл фактіге қатысушы мемлекеттер әрбір адамның әлеуметтік қамсыздандыруға, соның ішінде, әлеуметтік сақтандыруға қатысты құқығын таниды.
Еңбек зейнетақыларын зейнетақылық жасқа жеткен және қажетті енбек стажы бар тұлғалар алатын. Еңбек зейнетақысының мөлшері еңбек стажына және жұмысының соңғы жылдарындағы орташа жалақысының мөлшеріне қарай анықталатын. Мұндай зейнетақылар негізінен мемлекеттік бюджеттен, сонымен қатар заң шығарушылық тұрғыдан белгіленген, жұмыс берушілер, қызметкерлер және кәсіподақтар төлейтін міндетті төлемдер есебінен қаржыландырылатын.
Әлеуметтік зейнетақылар еңбек зейнетақыларына құқықты иеленбеген, көмекке мұқтаж азаматтарға (жетімдерге, мүгедектерге, азаматтардың кейбір өзге де санаттарына) еңбек стажына қарамастан берілетін. Мұндай зейнетақылар толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын. Аталған зейнетақылардың мөлшері өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшеріне тәуелді болмайтын, оларды мемлекет белгілейтін.
Сипатталып отырған зейнетақылық жүйе толыққанды сипатқа ие болды, халықтың жұмыс істемейтін бөлігі - зейнеткерлерге зейнетақы төлеу мүмкіндігін елдің жұмыс істейтін бөлігі беретін. Мұндай зейнетақылық жүйе тек жоспарлы әкімшілік экономика, еңбекке қабілетті халықтың толығымен жұмыспен қамтылуы және зейнеткерлер мен жұмыс істейтін азаматтар санының, оңтайлы арақатынасы жағдайында ғана пайдалы болатын. Мұндай зейнетақьлық жүйенің, ешбір шиелініссіз өмір сүруі мынадай пропорция сақталған жағдайда ғана мүмкін болатыны белгілі: он төлеуші - бір алушы.
Бірақ, Қазақстанда 90-жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе бастады, еңбектің көлеңке нарығы бірден кеңейіп, жалақы мөлшері біршама төмендеді, тіпті қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін болды. Мұндай жағдайда жоғарыда аталған пропорцияның (он төлеуші - бір алушы) сақталуы туралы сөз де болмайтын.
Сондықтан, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап зейнетақылық жүйені әлеуметтік-экономикалық өгерістерге қарай сәйкестендіру талпыныстары жасалды.
1991 жылғы 15 маусымда тәуелсіз Қазақстанның тарихында зейнетақы туралы алғашқы заң «Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты болып зейнетақылардың мөлшерін жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен қатар зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есебінен қаржыландыруды ұйымдастыру табылды. Соған қоса, зейнетақыларды тағайындау және төлеу тәртібі елеулі түрде өзгерді.
Алайда, аталған заң басты мәселені - зейнетақылық жүйені қаржылық қамтамасыз етуді тұрақтандыруды шеше алмады. Мұның өз себептері болды; алдыңғы жылдардың жинақ қорлары болмады, салық төлеушілердің сандары және олардың табыстары төмендеді, мемлекеттік бюджет Зейнетақы қорының шығындарын жеткіліксіз жабатын. Осылардың нәтижесінде құрылған Зейнетақы қоры өзін-өзі қамтамасыз етуді тоқтатты және оның табыстары тіпті ағымдағы төлемдерге де жетпейтін болды.
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі кезең болып 1994 жылы «1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы» заңды қабылдау болды. Бұл заңды қабылдау нәтижесінде зейнетақылық жүйеде біршама өзгерістер орын алды: жасына байланысты зейнетақыларды және мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақышыларды және әлеуметтік зейнетақыларды функционалдық және қаржылық тұрғыдан бөлу жүргізілді, зейнетақылық қор Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына берілді. Осылай, зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылудан алып тасталды, жасына байланысты зейнетақылар жұмыс берушілермен және қызметкерлердің өзімен қаржыландырылатын болды. Адамның қайтыс болуымен немесе оның еңбекке қабілеттігінің жоғалтуымен байланысты жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен тиісті жәрдемақы түрінде төленетін болып қала берді. Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінде 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы занды қабылдауының нәтижесінде біршама өзгерістер орын алды. Бұл заң зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік толыққанды жүйесінен - белгіленген міндетті жарналармен және ерікті косымша жарналармен байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өтуді бекітті.
Жеке зейнетақылық жинақ қорларын қалыптастыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының екі түрі құрылды: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кем дегенде алты айлық еңбек стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де (пропорционалды еңбек стажы бойынша) және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы зейнетақы қордан да алатын болады. Жинақтаушы жүйеге толығымен ауысу Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық төлемдерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек 2045 жылға қарай ғана орын алуы мүмкін.
1. 2 Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін міндеттері
Қордың негізгі міндеті - әрбір салымшының қаржылай байлығына қамқорлық жасау, зейнетақылық жинақтар мәдениетін арттыру, еліміздегі зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ал басты мақсатымызға келетін болсақ, қор қызметі халықтың барлық деңгейіне және еліміздің барлық өңірлеріне ұсынылатын зейнетақы қызметінің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруге, зейнетақы салымдарын сақтауға және салымдардың сенімділігін, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инвестициялық қаржыны қалыптастыруға бағытталған.
Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне тоқталсақ, олар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы
- активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;
- жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;
- зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне мәлімет беруге;
- зейнетақы қорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;
- зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;
- зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа қорға
- аударуға;
- зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы активтерін
- басқаратын компаниялармен келісімге тұру (мемлекеттік жинақтаушы қорынан басқа) ;
- мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге тұрған
азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т. б. міндетті.
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі кезгі жүйесінің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- зейнетақылық төлемдер бұрынғыдай ұрпақтар арасында емес, бір ұрпақтың өз ішінде ғана көзделген, яғни әрбір азамат еңбекке қабылетті жасында өз қаражатынан болашақ зейнетақыға жарналар салады;
- зейнетақы қоры жинақ қорларына, инвестицияларға және зейнетақы төлемдеріне өзі билік жасайды;
- мемлекет әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж тұлғаларға тек әлеуметтік зейнетақыларды береді, бюджет кызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын есептейді және жеке зейнетақы жүйесінің заңды жұмысының кепілдігін камтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында зейнетақының негізгі түрлері болып жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін және заңдарда көзделген өзге де зейнетақылар жатады.
Қазақстандық зейнетақы реформасының негізгі параметрлері болып мыналар табылады:
- барлық артықшылықты зейнетақылар жойылды. Зейнетақыны алуға қойылатын талаптар барлық азаматтар үшін бірдей болды;
- зейнетке шығу жасы еркектер үшін 63 жасқа дейін, әйелдер үшін 58 жасқа дейін өсті;
- жинақтаушы зейнетақы қорында әрбір қызметкерге жеке зейнетақы шот ашылады, бұл шотқа кызметкердің міндетті зейнетақы жарналары және инвестициялық табысы аударылады;
- мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жабық түрдегі акционерлік қоғамдар түрінде құрылады және екі түрде болуы мүмкін - ашық және корпоративтік.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 67-бабында Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының белгілі бір жасқа толғанда еңбек стажына қарамастан зейнетақы алу құқығы бекітілген.
Бұл әлеуметтік зейнетақы - зейнетақымен қамсыздандырудың бірінші деңгейі. Аталған зейнетақы мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшерін кепілдейді және қандай да бір себептермен еңбек зейнетақысына құқықты иеленебеген барлық азаматтарға еңбек стажының бар-жоқ екендігіне және оның-мөлшеріне қарамастан беріледі. Азаматтардың бұл санатына мүгедектер, жетімдер, еңбек стажына ие емес қарт азаматтар жатады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың екінші деңгейі - ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 7-12 баптарымен реттелетін міндетті мемлекеттік зейнетақы. Бұл зейнетақы еңбек стажын және жалақы мөлшерін ескереді, заңды және жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының, сонымен қатар елдің мемлекеттік бюджетінен бөлінетін тікелей қаржылардың (трансферттік төлемдердің) есебінен қаржыландырылады. Заңды тұлғалар жарналарды еңбекке ақы төлеу қорының 15 %-ы мөлшерінде, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар - айлық табысының 5 %-ы мөлшерінде төлейді. Арнайы тізімдегі ұйымдар (мүгедектер қоғамы, Қазақтын зағиптар қоғамы және т. б. ) еңбекке ақы төлеу қорынан 3 % мөлшерінде жарна аударады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың толыққанды жүйесінің қалдықтары елімізде осыған дейін зейнеткерлер атанған тұлғалар және 1998 жылдың 1 қаңтарына кем дегенде 6 айлық еңбек стажын иеленген тұлғалар өмір сүргенге дейін өз күшін сақтап қалады. Олар зейнетақының бір бөлігін Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, ал екінші бөлігін өздерінің жинақтаушы қорынан алады. Мемлекеттік орталықтан төленетін төлемдер шамамен 2045 жылы тоқтатылады.
Үшінші деңгей - бұл азаматтардың өздерінің міндетті және ерікті жарналарының есебінен кұралатын мемлекеттік емес зейнетақылар. Бұл қатынастар зейнетақы туралы заңның 22-59 баптарымен реттеледі. Аталған жарналар адамның белсенді еңбекке қабілетті өмірінің барысында оның өзінің кәрілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік зейнетақы қорына салған жарналары есебінен қалыптасады.
Осылай, Қазақстан Республикасының тұрғындары 3 түрлі зейнетақыны иеленуі мүмкін. Алайда, бізге уәделенген жарқын болашақ әлі алыста сияқты, ал ерікті зейнетақымен қамсыздандыру тоқтатылған. Алайда, басында халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйеге сенімін арттыруға және салымшы-болашақ зейнеткерлердің мемлекетгік емес зейнетақы қорларына ауысуына жағдай жасайтын аралық институтты кұру көзделген болатын. Мұндай аралық буынның рөлі Мемлекеттік жинақтаушы қорға берілген болатын, бұл қорға зейнетақы жинақтарының сақталуының мемлекеттік кепілдіктері таралады және зейнетақы активтерін инвестициялаудың арнайы шектері белгіленген
1. 3 ҚР-ның жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің даму кезеңдері
2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық қызмет көрсету нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасын реттеуші зейнетақы заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырады. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар 1998 жылы 22 желтоқсанда (№328-1 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы 5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізілді. Осыдан кейін жаңартылған "Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы" заңы 4 жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң формасында қабылданып, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы заңы деп аталды. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің негізгі бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағыттылған және дайындалған. Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және барлық зейнетақылық қызмет көрсету нарығы үшін өміршеңділік сипатқа ие болды, олардың заңдылық сүзгіден өтуі оңай болмай 1 жылға дейін созылды.
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ көптеген маңызды өзгертулерден тұрады. Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қоры мәртебесінің алынып тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекеттік қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұрын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылары мен акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11 заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптарды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің немесе толығымен иесі бола алды. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында "мемлекеттік " сөзі егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда ғана қолданылуына болады. Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі мемлекеттік деп атауға құқығы болады. Біздің еліміздегі қаржы нарығының даму тәжірибесі мемлекеттік нарықтың кез келген сегментін жекешелендіре отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсетеді. Егер жақын арада мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры толығымен жекешелендірілсе де, бұл мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру арқылы қайта орала алады.
Жаңартылған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы зейнетақы активтерін басқару түсінігіне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі баспасында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылды. Жаңа өзгерістерге сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деп аталатын болады. Яғни біздің құлағымызға үйреншікті зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания сөзі зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым сөзімен ауыстырылатын болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңның ескі баспасы бойынша 51 бап сәйкес зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің басқарудағы ерекше құқығын қарастырды. Жаңа өзгерістерге зейнетақы нарығы қатысушыларының көптен күткен өзгертуі зейнетақы активтерін басқарудың баламалы құқы енгізілді. Сонымен 2003 жылдан бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялы басқаруды жүзеге асыратын ұйым жинақтаушы зейнетақы қорының өкілетті органмен бекітілген осындай қызметпен айналысуға құқық беретін сәйкесінше лицензиясы болуы кезінде дербес жүзеге асырады.
Бұл жаңа енгізілген өзгерістен мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры ұтысқа шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz