Қазақстанның халықаралық экономикаға кіруі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Қыздар Мемлекеттік педагогикалық институты
“Тарих және экономика” факультеті
“Экономика және менеджмент” кафедрасы
“Кәсіпорын экономикасы” пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайдағы құрылымдық
саясаты”
Орындаған: Суйменова Айна 3-курс
“экономика” мамандығы
Ғылыми жетекші: Каримова Мадина аға
оқытушы
Алматы-2007ж
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
I Қазақстанның халықаралық экономикаға кіруі
1. Қазақстан ашық қоғам құрудың сенімді жолында және оның қарқынды
қадамдары
2. Қазақстан дамыған елдердің қатарынан орын алады
II Қазақстан экономикасын ілгерілетудің жаңа жолында
1. Демократияландырудың жаңа кезеңі
2. Сыртқы саясат – тәуелсіздіктің бір тұғыры
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
“Біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз. Біз ешкімді
қайталап көшіруге тырыспаймыз, біздің елімізге және біздің халқымызға керек
нәрсені істеудеміз.”
(Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Парламент
палаталарының
2007жылғы 16-мамырдағы бірлескен отырысында
сөйлеген сөзінен.)
Қазақстандағы нарықтың даму жолы қазіргі кезде әлем шаруашылығының
шарттарына байланысты болып отыр. Соңғы 30 жылда экономикалық өсімді
қамтамасыз етіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыруда.
Экономиканы қайта құру көптеген бағдарламалар мен Үкіметтің, атқарушы
және қаржы органдарының күлделі мәселені шешуімен ерекшеленеді. Өндірістік
және инвестициялық қызметтерді дамыту барысында аталмыш реформалар
қабылданып, жылдамдатылып жүргізілуде. Экономикалық реформалардың
тиімділігі толығымен қаржы ресурстары мен оның көздеріне тікелей
байланысты. Экономикалық реформаларды жүргізу барысында қаржы құралдарын
басқару мен реттеу қаржы-несие жүйесі бағытында іске асырылады. Қазақстанда
қаржы-несие жүйесін ғылыми әдістемелік деңгейде, сонымен қатар елдегі қаржы
секторының жағдайы, реформа жүзінде өзгертілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамыту сапалы жаңа
деңгейде ойластырылуда, жан-жақты бағытта яғнй несие-қаржы қатынастарының
мәселесі және оның қызметі басты орын алуда.
2000 жылдан бастап Қазақстанның экономикалық өсіміндегі басты ролді
қаржы-несие жүйесі алып отыр. Ұйымдық-құқықтық реформалар бойынша қаржы-
несие ресурстарының негізгі көзі болып барлық қаржы, несие-банктік
секторлар аталуда.
Қазақстандағы қаржы-несие ресурстарының жеткіліктілігі ағымды және
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге өз үлесін қосты. Елдегі қаржы
секторы неғүрлым төзімді болған сайын елдегі күрделі мәселелер мен халықтың
әлеуметтік тұрғылықты жағдайы жақсара түседі.
Елдің экономикалық потенциалының тапсыпмалары нақты шешім табу үшін
барлық даму институттары және Индустриялдық- инновациялық даму
стратегияларын жүзеге асыруда қаржы мәселесі орын алады.
Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тұрақталуы, әлеуметтік
мүмкіншілігінің ұлғаюы, жалпы ішкі өнімі және жалақының көбеюі, екінші
деңгейлі банктердің қызметтерінің табыстылығы Қазақстанның қаржы-несие
сферасының жиынтық нәтижесін көрсетеді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық даму
жаһандық мәселе ретінде қаржы және несие мүмкіндігін құрастыруды талап
етуде.
Әлем шаруашылығында қаржы ресурстарын қолдану, қоғамның дамуында қаржы-
несие механизмінің әртүрлі этаптарда қолданылуы және оның экономикаға әсері
жан-жақты қаралып, талқыланды. Қазақстандағы қаржы-несие жүйесін теория
және іс-жүзінде оқыту проблемасы кеңінен қаралып, талданып, нарықтық
экономикадағы ролі және елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі
зор.
Әлеуметтік-экономикалық даму барысында еңбек, өндірісінің материалдары,
оларды бағалау және бөлу өмір сүруді қамтамасыз етудің элементтері, сондай-
ақ ақша және басқа да экономикалық категориялар, құн, баға, жалақы, табыс,
пайда, қаржы, несие табылады. Бұл категориялар экономика ғылымының көптеген
периодттарымен сәйкес келеді, ақшаның көмегімен жүзеге асырылады, сондықтан
да ақша эквивалент болып табылады.
Ақша мінездейтін болсақ, ол өзін-өзі реттеуші, стихиялық процесс. Ақша
күрделі ұғым, өндірісте, еңбекпен қатынасы, бағалау, жинақтау
обьектілерімен байланысты. Сондықтан да жоғары категориялы мәні бар-құн,
баға, жалақы табыс пайда, қаржы және несие ұғымдарымен тығыз байланысты.
Бір категория келісімен қатынаста, мысалы құн бағаға, табыс пайдаға.
Қазақстан Республикасының дамуының экономика мен әлеуметтің тұрақтануына
байланысты. Шаруашылықтың нарықтық моделі еліміздегі ақша мәселесі мен
барлық бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз етуге сәйкестенеді. Экономикалық
өсім қоғамның және саясаттың басқа мақсаты, яғни қаржы саясаты макро және
микро деңгейге байланысты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік индустриялды- инновациялық
бағдарламасын 2015 жылға дейін жоспарлады. Нақты бағдарлама көптеген
бағытта қарастырылған, іске асу, нәтижесі де көрсетілген.
Қаржы және несие-анықталған дәрежеде өзара қатысты, қатынас субъектілері.
Екі категорияда бөлу процесі болып табылады; ақша қозғалысы арқылы нақты
ақша қоры құрылады; қаржы және несие-құнды категория, яғнй қайнар көзі-
өндіріс, құн түзіледі; қаржы және несие ежелгі тарихи категория, ел
экономикасының дамуын қамтамасыз етеді, мемлекетті және нарықты ресурс
қажеттіліктерімен қамтиды.
Жалпы “туыстық” қатынаста қаржы және несие өзара байланысты. Отандық
және шетелдік экономистердің зерттеуі бойынша белгілі теориялар, ғылыми
тәжірибелі еңбек және әдістемелік нұсқаулар сипатталады. Қазіргі таңдағы
экономистер қаржы және несиенің байланысын былай ашып көрсетеді: “қаржы
мен несие арасындағы шекара үлкен қозғалыста, нақты акт бойынша ақша
формасының қозғалыс құны; Бір-біріне қатысы тығыз, бірін-бірі толықтырып
тұрады”.
Қаржы және несие обьектілері нақты жағдай, экономикалық процесі күрделі,
әр уақытта жаңа қаржы саясатын талап етеді және де экономикалық, нарықтық,
қоғамдық процестерде өзара тығыз байланыста.
Көп ғасырлық дәстүр бойынша қаржы және несие қатынастары халықаралық
тәжірбиеде дәлелденген.
I. Қазақстанның халықаралық экономикаға кіруі
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса
алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді
ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті
қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі,
Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса
назар аудару керек.
Қазақстанның Біріккен Сауда Ұйымына кіруі жолындағы келіссөз үдерісі
тоқтасып жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін
заңдылықтардың едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес
келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.
Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның
дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең
мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз. Дегенмен осы мүмкіндіктерлі ұтымды әрі
тиімді пайдалана білу керек.
Біз әлі қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының
құрылтайшылық қатысу деңгейіндегі экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайтын
шектеулерді алып тастауымыз керек.
Қазақстанға өзінің ғылыми әлеуетіне қоса жоғары технологиялардың
халықаралық бизнесіне қатысатын және оған бастапқы құрылтайшылық деңгейінде
қатысу жөнінде бастамашылық танытатын уақыт жетті деп білеміз.Бұл жерде осы
жұмыс үшін жауап беретін Инновациялық қордың атқаратын рөлі өте маңызды.
Біздің осы орайда экономикалық дамудың барынша серпілісті бағыттарындағы
озық технологиялық идеяларды игеру үшін күллі дүниежүзіндегі жаңа немесе
енді қалыптаса бастаған жоғары технологиялық компаниялар акцияларының
пакеттерін сатып алатын басқа елдердің өнегесіне ден қойғанымыз абзал.
Осы арқылы біз тиісті авторлық құқық пен зияткерлік меншіктің иесі бола
аламыз. Мұндай жобалар үшін бізге өзге елдердегі құрметті консулдар
институтын кеңінен пайдалану керек.
Біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымының
тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жалғастыра
бермек.
Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын,
сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін
үйлесімді ескеруіміз қажет.
Былтырғы жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысын сайлау кезінде
қазақстандықтар көрсеткен ауызбірлік біздің қоғамның топтасқандығына күмән
туғызбаса керек. Біздің азаматтар мұның өз еліміздің түрақты дамуының
қажетті шарты болып табылатынын айқын түсінеді. Біз сайлауалды науқанның
барысында тұңғыш рет қазақстандықтардың елдің тұрақсыздануы мүмкін деген
алаңдаушылығы, ал кейбір тұстарда, тіпті үрейге бой алдыруы сияқты ерекше
құбылыс пен де ұшырастық, оның үстіне, әлдекімдер бәлкім солай дәмеленген
болуы керек.
Сайлаудан кейін азаматтарымыздың көңілдері орнына түскен кездер де
біздің есімізде.
Біздің демократиялық мәліметтің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті
ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы,
біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді
алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек. Бұл
біздің өткен президенттік додадан алған сабағымыз.
Біздің қателесу себептеріміздің бірі биліктің леберализмін оның
әлсіздігі және бетімен кеткен бейпіл даңғойлардың тиым салуға дәрменсіздігі
ретінде қарадүрсін қабылдауда жатыр. Бізге аңдастық пен адасушылықтан арылу
керек. Сондықтан елдің ішіндегі және сырттан айтылған сынға қарайлай
бермей, біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен бірге оны қорғаудың
жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керек. Заңды бұзғаны үшін қатал
талап етуді жүзеге асырып, жалақорлық, ақшамен сатып алушылық пен зорлық-
зомбылық үшін жауапкершілік шаралары айқындалуы тиіс, ал қажет болса,
тиісті заңдарды қайта қарауымыз керек.
Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету-
құқық қорғау органдарының міндеті.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы
көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді. Осы
уақыт ішіеде еліміз бен халқымыз үшін маңызды шешімдер қабылдаған кезде,
біздің Ассамблеяны назардан тыс қалдырған немесе оның ұстанымын есепке
алмаған оқиға менің есімде жоқ. Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру
қажет деп ойлаймын. Бұл мәселелердін бәрін Демократияландыру мәселелері
жөніндегі мемкомиссия қарайтын болады.
Нарықтық шаруашылық молелі дамыған Қазақстанда экономистердің ой-
пікірімен санасуда “нарықтық қатынастарға өту экономика ғылымының алдында
өзекті мәселе, ақша теориясының дамуымен шешіледі, қаржы және несие құнды
категория ретінде”.
Қаржы және несие құнды категория ретінде екі позициядан тұрады: бір
жағынан өндіріске байланысты және экономика деңгейінде, екінші жағынан
экономикаға өндірістің әсері.
Бірінші жағдайда қаржы және несиенің қызметтері белгілі шарттармен, яғни
тұрақты қызметтермен қамтамасыз етіп, қаржы және және несиені дамыту
көздерін өндіріспен байланыстыру қажет.
Тұрақсыз экономикада өндіріс темпі төмендейді, шығарылатын өнім көлемі
қысқарылады, кәсіпорын табысы төмендейді, алынған пайда, мемлекет табысы,
банкте несие ресурстары қысқарып, несие даму мүмкіндігі төмендейді.
Екінші жағдайда қоғамдық ой-пікірлер қабылданады, қаржы және несие
экономика өсімінің қайнар көзі, яғни “дайын ақша ресурстары”, бұл елдегі
өндірістің материалдарына байланысты, экономиканың ақшаға қажеттілігін
қамтамасыз етеді. Қаржы және несие ұғымдары екінші тұрғыға сай, шаруашылық
қатынастар және мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты.
1.1 Қазақстан ашық қоғам құрудың
сенімді жолында және оның
қарқынды қадамдары
Біздің заман- бұл еркіндік заманы және әлемнің барлық жерінде адамдар
биліктің өкілдері органы мен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын
үкіметті қалыптастыруға ұмтылады.
Адамзат өзінің тарихи даму барысында қоғамдық қатынастардың және
адамдарға қалыпты тіршілік жағдайларын жасаудың құқықтан басқа тиімді
тетігін лйлап тапқан емес.Адамдардың жазылмаған әдеттегі құқық бойынша өмір
сүрген кездері болады, мемлекет деп билеуші танылады, оның айтқаны заң
саналады, ал жасалған әрекеттері мен іс-шаралары нормативтік ережелермен
байланысты болған жоқ.
Мемлекеттік заң негізіндебасқару қажеттігі туралы ойдың орнығуы
тоталитарлық мемлекетті буржуазиялық құқықтық мемлекетке айналдырудың
алғышартына айналды. Құқықтық мемлекеттің қажетті негізі конституциялық
мемлекеттің қажетті негізі конституциялық мемлекет болып табылады, онда
халық өкілдігі Мемлекеттік билікті жүзеге асыру кезінде заң шығарушылық
жұмысқа қатысады және мемлекеттік қызметтің қандайынан болса да заң үстем
болуы тиіс. Құқықтық мемлекеттің мән-мағынасын осылайша түсіну сол
құқықтық мемлекеттің түпкілікті жүйесін құруға мүмкірдік жасады.
Кеңестен кейінгі кеңістіктегі мемлекеттік басқару жүйесі ұзақ мерзім
бойында қалыптасты. БҰҰ Бас Ассамблеясының 50 -сессиясына әзірленген
мемлекеттік басқаруды дамыту туралы ұлттық баяндама атап көрсетілгендей,
бұл үрдіс 1917жылғы Әлеуметтік күйзелістердің әсерінен бұзылды,соның
нәтижесінде идеологиялық және саяси үстемдікке негізделген басқару жүйесі
пайда болды.
Кеңес кезінің барлық конституциялары деиократиялық централизм принципіне
негізделді, яғни заң шығарушы және атқарушы биліктер іс жүзінде дербестік
пен тәуелсіздіктен айырылып, биліктің аражігін ажырату принципі жоққа
шығарылды. Тарих мемлекеттік биліктің бұлай ұйымдастырылуының тиімсіз әрі
демократиялықтан алшақ екендігін көрсетті.
1991 жылы барлық кеңестен кейінгі кеңістіктте шынайы демократиялық
мемлекет орнатудың алғашқы кезеңі басталды.
Көпұлтты және көпконфессиялық Қазақстанның тарихында тұңғыш рет
батыс демократиясының тәжірибесі ескеріле отырып, демократиялық қоғам және
құқықтық мемлекет принциптеріне негізделген тәуелсіз мемлекет құрылды.
Қазақстан тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде заңнамалар елеулі
реформалауға ұшырады және бұл біздің елімізде заңдылық режимін бұдан әрі
мықты етіп бекітуді талап етті. Сол жылдардағы қабылданған шешімдер
Қазақстандағы демократиялық реформаның негізі болып табылады.
Сындарлы қайта құрудан қазақстандық қоғамға заңнамалық тұрғыдағы соған
сай жаңа қажеттіліктер керек еді. Алайда, жоғарғы кеңестердің сол кездегі
құқықтық мәртебесі осы өткір мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік бермеді. Ол
уақыттағы оғарғы кеңкстердің тағдыры бізге белгілі.
Тәуелсіздікке ие болудың бастапқы кезеңінде ТМД-ның көптеген елдері
президент пен үкімет бір жақты,екеуара тайталасқа тап болды.
Ол кезде ТМД-ның кейбір елдері өз мемлекеттеріндегі өзгертулерді саяси
реформалардан бастаған жөн деп есептеді.Уақыт мұндай қайта құрулардың
тиімсіздігін көрсетті.
Осыған байланысты құқықтық экономикадан жоғары бола алмайтынын атап
көрсеткен жөн, өйткені осы сәттте құқықтың қандай нормалары қажет екендігін
нақ экономиканың өзі көрсетіп отырды.Осы тұрғыдан, экономикалық
реформаларға басымдық берген Қазақстан таңдауы өзін толық ақтады және
бүгінде елде ойдағыдай жұмыс істейтін нарықтық экономиканың құрылғанын нақ
сеніммен айтуға болады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған реформалар бірінші
кезекте мемлекеттің экономикалық қуатын күшейтуге бағытталды. Тарих
өлшеммен алғанда қысқа уақытта Қазақстанда нарықтық үлкен өзгерістер жүзеге
асырылды
1995 жылы Қазақстан Конституциясының қабылдануы қоғамды одан ары
демократияландыруда мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін дамытудың негізін
қалады. Ол 1995 жылғы бұрынғы Конституциямен салыстырғанда, мемлекеттік
органдар билігінің шегін белгілеуді қоса алғанда, осы заманғы либералдық-
демократиялық құндылықтарды толық бекітумен ерекшеленді.
Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен демократизімге билікті бөлу
қағидаты арқылы қол жеткізілетіні белгілі,ол бүгінде барлық демократиялық
мемлекеттердін негізгі конституциялық қағидаты болып табылады.
Билікті бөлу қағидатын конституциялық тұрғыдан орнықтыру-мемлекет пен
қоғамның тарихи ұзақ дамуының нәтижесі.
Мемлекеттік билік функцияларын дербес және тәуелсіз мемлекеттік
органдар арасында бөлу бүгінде құқықтық мемлекет және демократиялық саяси
құрылыс құрудың міндетті шарты болып табылады.
Қазіргі кезде билікті бөлу Қазақстанның конституциялық құрылысының
негізгі қағидаттарының бірі болып отыр.
1995 жылғы Конституция қос палатаны Парламенттің заңнамалық қызметті
шоғырландыруды көздейтін функциясын нақты айқындай отырып, оның берік
негізін қалады.
Қос палаталы жүйесі барПарламент өзінің заң шығару қызметімен билікті
айналысуға, ымыралы шешімдер табуға қабілетті екенін көрсетті.
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық саласы көптеген құбылыстар
мен үдерістерге толы. Биліктің күш-жігері көбіне заңдарды қабылдау мен
заңдылықтың сақталуына бағытталады. Сонымен бірге мемлекетсіз және
мемлекеттік пәрменді биліксіз құқық ештеңе де емес.
Қазіргі кезде біз қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет
ретінде Қазақстан мемлекеттілігі нығаюының келесі кезеңіне қадам жасап
отырмыз.
Біздің ұғымымызда демократияландыру өте ұзақ процес және оны бір сәтте
енгізуге болмайтыны мәлім. Сонымен бірге, демократияны қандай бір
тұрақтылық деп немесе оған қол жеткізіп алып, одан әрі бұл бағытта ештеңе
істеуге болмайтын құбылыс ретінде қарастыруға болмайды. Демократия, менің
ойымша, ұдайы жетілдіруді қажет атетін үрдіс. Қоғамды демократияландырудың
ғасырлық дәстүрін иелене отырып, әлемнің көптеген мемлекеттері оның
кемелденуіне қол жеткізе алған жоқ.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қабылданған республика
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қоғамды одан әрі саяси және
демократиялық жаңғыртудың негізін салды, мұның өзі Қазақстан
мемлекеттілігінің заңды түрдегі эволюциялық дамуының, сондай-ақ қоғамда
демократиялық үдерістерді одан әрі тереңдетудің айқын айғағы болып
табылады.
Осы процеске ықпал ететін басқа фактор Парламенттің және мәслихаттардың
өкілеттіліктерін кеңейту, саяси партиялардың рөлін күшейту, сот жүйесі мен
жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру болып табылады.
Қазіргі жағдайларда қоғамды саяси жаңғыртудың қажеттілігі Парламенттің
рөлін күшейтуді қажет етеді. Біздің Конституциямыз бойынша заң шығарушы
және атқарушы билік дербес және бір-бірін алмастыруға тиіс емес.Сонымен
биліктің атқарушы тармағының дербестігі биліктің өкілді органдарына белгілі
шектерді есеп беріп отыруын жоққа шығармайды. Парламент палаталарының
Конституциямен белгіленген жаңа өкілеттіктері өкілді органдардың ықпал ету
және оларды бақылау дәрежесін жаңа деңгейге шығаратыны күмәнсіз.
Демократияның толыққанды болуы, ең алдымен, топтық қоғамдық мүдделерді
білдіру бостандығы дәрежесіне байланысты. Саяси-ұиымдық көзқарас тұрғысынан
бұл мұдделер азаматтардың өңірлік, кәсіптік, діни, қоғамдық және басқа да
ұйымдарға, соның ішінде саяси партияларға да бірігу арқылы көрінеді.
Саяси партияларды құру негізінде халықтың әртүрлі жіктерінің мүдделері
жатыр. Саяси партиялар олардың мүдделерін танытуға, қалыптастыруға және
оларды практикалық мемлекеттік басқарушылық жұмысқа мейлінше маңызды ықпал
ететін саясат деңгейіне шығаруға арналған.
Бұл ретте мәселе басқарушылық мемлекеттік қызметтің стратегиясын,
тактикасы мен практикасын әзірлеуге саяси партиялардың ықпалы туралы болып
отыр. Парламент пен мәслихаттардағы орындарды жеңіп ала отырып, саяси
партиялар республикалық және өңірлік деңгейде атқарушылық билік оргпндарын
қалыптастыруға нақты әсерін тигізеді.
Саяси партиялардың атқарушылық билік органдарын қалыптастыруға және
мемлекеттік басқару саласында аса маңызды практикалық шешімдерді қабылдауға
қатысуы қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің маңызды демократиялық қағидасы
болып табылыды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы идеологиялық және саяси сан
алуандылықты, көппартиялылықты орнықтырады. Егер кеңес конституциялары
қағидат ретінде КОКП-ның басшылық ролін орнатса, қолданыстағы конституция
елде коппартиялылық жүйесін бекіте отырып, саяси партияның атқарушы билікке
ықпалы туралы ғана айтуға мүмкіндік береді.
Бүгін де толыққанды және қалыпты жұмыс істейтін көппартиялық жүйе
қалыптасты деп сеніммен айтуға болады. Көппартиялылық-бұл партиялардың жай
ғана көп болуы емес, оның белгілі бір түрде ұйымдасқан күш екенлігі айқын
білініп отыр.
Бұл мәселелер бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар саяси партиялардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруға неғұрлым
ауқымды қатысуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоғамда олардың ролінің
нығайып, осуіне жәрдемдесетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару-демократияның нысандарының бірі, яғни
мемлекетте халықтың еркін білдіру арқылы билікті қалыптастыру тәсілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен танылған және кепілдік берілген
жергілікті өзін-өзі басқару халықтың мұддесін, оның тарихы және өзге де
жергілікті дәстүрлерін негізге ала отырып, тікелей немесе жергілікті өзін-
өзі басқару оргпндары арқылы жергілікті мәні бар мәселелерді шешу жөніндегі
дербес қызмет ретінде айқындалады.
Жергілікті өзін-өзі басқару-халық билігін білдіру ретінде
Қазақстанның конституциялық құрылысы негіздерінің бірі. Осыған байланысты
жергілікті өзін-өзі басқару мейлінше демократиялық институт болып
табылатындығын атап өтуіміз керек, ол азаматтарды қоғам істерін басқаруға,
қатысуға тартады, әрі олардың саяси құқығын елеулі түрде қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктердің неғұрлым толық есебі
қамтамасыз етілетін мәселелерді шешу қоғам мен мемлекетті басқарудың
тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Біз ұзақ уақыт бойы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қандай
болуы керектігін тұжырымдамалық тұрғыдан айқындай алмадық. Енді халық
сайлаған, жергілікті жерлердегі міндеттерді шешуге арналған жергілікті
өкілді органдар-мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады.
Әкімдерді тағайындауға келісім беру жөніндегі өкілеттіктерді
мәслихаттарға беру біздің елімізде демократияның негіздерін одвн әрі
нығайта түседі.
Қазақстан өз дамуының қазіргі жағдайында еркін, байыпты және жоғары
моральді зор мүмкіндіктері бар қоғам құру мақсатына жету жолында маңызды
қадам жасады.
1.2 Қазақстан дамыған елдердің қатарынан
орын алады
Қазақстан бүгін де қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне қол
жеткізіп, егемен ел болудың ауыр да, сындарлы белесінен өтті. Кейінгі 80
жылда біздің қоғамымызда үш формация ауысып, үш даму өркениетінде болдық.
Бір адамның ғұмырына мөлшерленген мерзімде феодализмнен социализмге секіріп
шығып, міне, енді өркениетті әлем мойындап, қалап алған әлеуметтік бағдарды
ұстанған азаматтық қоғамға бет бұрдық. Батыс мемлекеттері осы жолды сан
ғасырлар бойе, жіберген қателіктерін бірте-бірте жеңе отырып, бүгінгі
демократиялық жетістіктеріне қол жеткізді. Өйткені, демократия жарлықпен
орнатылмайды. Жақсылыққа ұмтылыс ұрпақтан-ұрпаққа ұлағат өнегесіндей
жалғасын таппақ. Бұл тұста қазақстан демократиясының негізі-саяси,
әлеуметтік және ұлтаралық келісім екенін атап өткен жөн. Бұгінгі күні
қазақстан халқы Ассамблеясына біріккен 130-дан аса ұл ыстар мен 45-тен
астам түрлі конфессиялар өкілдері үшін Қазақстан шын мәніндегі Отанына
айналды.
Біздің еліміздегі реформалардың бәрі де кезең-кезеңімен, жөнімен,
жолымен, қоғамдық дамудың деңгейі жан-жақты ескеріле отырылып жүргізілді.
Ең бастысы-ел өмірін демократияландыру эволюциялық жолмен жүзеге асырылды.
Еліміз тәуелсіздік алған 16жылдың ішінде Қазақстан индустрияландыруы
есептегенде ғана 2015жылға дейін экономикамыздың көлемі 3.5есе ұлғаяды.
Соңғы үш жылда индустриялық даму бағдарламасы бойынша 615жаңа кәсіп
орын іске іске қосылды. Тек еркін де демократиялық қоғам ғана біздің таяу
болашақтағы тұрақтылығымыз бен бақытты өміріміздің кепілі бола алыды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан үнемі демократиялық
жолмен жүретін болады. Бұл нық сенім және берік ұстаным. Бұл жол әлемдегі
өркениетті елдердің таңдауы яғни, біздің де таңдауымыз.
Елдік, мемлекеттік және халықтық мұддеден туындайтын мәртебелә
міндеттерді жүзеге асыруда Парламент Сенаты да тиісті конституциялық
міндеттерді лайықты атқарып келеді. Елімізде конституциялық реформалар
бойынша Сенат соңғы кезде Парламенттің заң шығару қызметін бір өзі
атқарады. Еліміздің қоғамды демократияландырудағы маңызды қадам жасаған
тұста жүктеліп отырған осынау мәртебелі міндетті Парламент Сенаты
абыроймен орындап шықты.
Парламент қабылдаған заңдар өмірдің барлық салаларын қамтитыны сөзсіз.
Елбасының “алдымен экономика, одан кейін саясат ” деген қағыдасына сәйкес
Парламент экономика саласына қатысты бірқатар маңызды заңдар қабылдағанын
атап өткен жөн.
Депудаттар “2007 жылқа арналған республикалық бюджет туралы ”
Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
заңды қабылдай отырып, ел экономикасының өсін-өркендеуіне байланысты басты
қаржы құжатына тиісінше түзетулер енгізді. Сенатта заң жобасы бойынша жұмыс
топтары мен комитеттің кеңейтілген отырыстарында уәкілетті орган
мамандарының қатысуымен бірге еліміздің макоэкономикалық және бюджеттің
кіріс бөлігінің көрсеткіштері жан-жақты пысықталады. Республикалық
бюджеттің шығыс бөлігін талқвлау барысында депудаттар тарапынан бірқатар
бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың ұлғаюының бюджеттік
негіздемелеріне байланысты мәселелер көтерілді. Сенаторлар республикалық
бюджнттің басым бағыттырын орындау барысындағы шығындарды 48миллиард
теңгеге ұлғайту туралы 77түзету енгізу туралы ұсыныстарын білдірді. Елдің,
халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің басым көпшілігі
қабылданды.
Жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстан мемлекеттік құрылысының
өзіндік шыңы деуге болатын жаңа кезең басталды. Бұл еліміздің жүйелі және
сындарлы дамуының заңды нәтижесі. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт
Тоқаев палатаның жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Ата заңға қатысты
қабылданған өзгепрістер мен толықтырулардың жекелеген сипатына қарамастан,
жаңа Конституцияның дүниеге келгенін атап өтті. Оған сәйкес, жалпыға
бірдей мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғарғы
құндылықтар деп бекітілді. Сондықтан бұл оқиға дәуірлік сипатқа ие, шын
мәнінде тариха болып табылады.
Сенат атқарған ауқымды істердің бір парасы халықаралық,
парламентаралық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге бағытталған.
Жоғарғы палата Сенат пен халықаралық беделді ұйымдар аясында өткізіліп
жүрген халықаралық және парламентаралық шараларға белсенді қатысып келеді.
ТМД, ЕурАзЭҚ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Еуроодақ, Еуропа Кеңесі және басқа да халықаралық
ұйымдар мен қалыптасқан екіжақты қарым-қатынастар заң шығару ісінде
тәжірибе алмасуда, ұлттық заңнамаларды халықаралық ережелермен үйлестіруде
маңызды рөл атқарады. Әсіресе, Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздің және
ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастықты осы ұйымға
қатысушы мемлекеттер мен парламентаралық қарым-қатынастарды кеңейтудің
маңызды мүмкіндігі ретінде қарастыратынын атап айтқан жөн. Сенат пен
Мәжіліс депутаттарынан құралған Қазақстанның парламенттік делегациясы ЕҚЫҰ
Парламенттік Ассамблеясыының қауіпсіздік, экономика, демократия және адам
құқы жөніндегі үш жалпы комитетінің, сондай-ақ Ассамблеяның жыл сайынға
форумдары мен конференцияларына жүелі түрде қатысып келеді.
21-23 ақпан аралығында Австрия астанасы Вена қаласында Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қысқы сессиясы өткен болатын. Бұл
беделді халықаралық ұйымның жұмысына Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев
бастаған Парламент депутаттары да қатысты. Сапар барысында Еуропадағы
Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
Парламенттік Ассамблеясының Презеденті Г.Леннмаркермен, Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы М.П.Де Бришамбомен,
Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі Төрағасымен
кездесулер барысында ЕҚЫҰ-ның кезекті 17 сессиясын Қазақстанда өткізу
туралы шешім қабылданды. Оны Қазақстан Парламентінің Сенаты ұйымдастыратын
болып келісілді.
Конституциялық реформа, Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуіне
бағытталған деп толық сеніммен айтуға болады. Презеденттің күш-жігері
арқасында Қазақстан өркениетті қоғамдалайықты орын алады реформалар
локамативі және аймақтық лидер атанды. Енді бұған Қазақстан тек қана
экономикалық саладағы литдер лидер емес, саяси реформалар бойынша да
көшбастаушы екенін нық сеніммен айтуға әбден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz