Монометаллизм және бейметаллизм
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігі
Банк ісі кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні : Ақша Несие Банктер
Тақырыбы : Ақша қызметтері және тарихи даму үрдісіндегі олардың эволюциясы.
Орындаған : қаржы және несие бөлімі,
ІІ – курс студенті Дюзгенбекова М.
Ғылыми жетекшісі : аға оқытушы Гумар Н. А.
ЖОСПАР
1 тару. Ақшаның даму тарихы 3
Ақшаның шығу тегі. 3
2. Монометаллизм және бейметаллизм. 5
Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар. 11
тарау. Дүниежүзілік ақша эвалюциясы. 12
Әлемдік ақшалар 12
Еуро айналымы 16
1 тару. Ақшаның даму тарихы.
Ақшаның шығу тегі.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның пайда болғаны туралы құпия-
сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы
шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен
өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық
болып есептелінетіні белгілі. Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне
байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы,
бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мал өсіру пайдалы, ал басқа
жерде балық аулау пайдалы.) адамдардың шығарған өнідерінің саны олардың
жеке басының керегіне жарататын саннан артық болатын жағдай туды. Сөйтіп,
адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына
мүмкіндік алды. Оның нәтижесінде “айырбастау” деп аталатын процесс шықты.
Айырбастау үшін өндірілген өнімнің “тауар” деп аталатын болған соң,
натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің (факторлары)
салдарынан өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім
шығаруға бейімделетін болған. Ал өздеріне керек басқа өнімдерді өздері
шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай
туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған
байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
- Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленүшілік пайда
болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге
мамандандырушылық туды.
Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар
қиыншылықтары болды. Олар :
- бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің
іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы керек. Және, сол екінші
өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Ал
мұндай сәйкестік өмірде кездесе бермейді.
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың құнын ескеру
керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны
баламалы болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға
болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық.
Сондықтан бір қап бидайға, оның құнына баламалы тауар іздеу керек. Бұл
да оңай іс емес.
Міне, сондықтан да, бара-бара тауар өндіру молайған сайын, соған
байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы,
көптеген түрлі-түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп алуды керек етті.
Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға
өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен
баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның құны екі кило бидай
болса, бір өгіздің құны – бес қап бидай т. с.с. Бұл мысалда, ақшаның
міндетін бидай атқарады.
Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның
үстіне әр түрлі тайпаларда, ақшаның міндетін атқарған тауарлар әр түрлі.
Мысалы : Ежелгі Гректер, Римдіктер, Славяндар ақша орнына мал пайдаланған.
Скандинав елдерінде, Ежелгі Орыстар – аңның, болмаса малдың терісін
пайдаланған. Қытайда – тұз, Монғолияда - шай т.с.с. Бірақ осының өзінде де
көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір
жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген сияқты қияметтері көп
болды. Міне осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің
өсуі, ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай
бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын
талап етті. Ал мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана
тәлім болатын.
“Ақша“ сөзі ежелгі римдіктердің Джуно Монета шіркеуінде монета
шығаруларымен байланысты шықты. Уақыт келе монета шығаратын барлық жерлерді
“монета” деп атайтын болған. Французша нұсқауы – “моне”, осы сөзден
ағылшындардың “мани” – ақша сөзі шыққан. Монета 2500 жылға жуық өмір
сүруде, Бірақ оның даму барысында әр түрлі өзгерістерге ұшырағаны белгілі.
Ал ең алғашқы қағаз банкноталарды 18 ғасырда Қытай банкирлері шығарды.
Еуропада қағаз ақшалардың пайда болуын 1716-1722жылғы Францияның
тәжірибесімен байланыстырады.
Бірақ, ақшаның даму тарихын негізгі үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші
кезең – кездейсоқ тауарлардың пайда болуына байланысты. Екінші кезең –
алтынның эквивалент ретінде пайда болуы. Үшінші кезең – қағаз немесе несие
ақшаларға ауысуы.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама
айрықша тауар.
2. Монометаллизм және бейметаллизм.
Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Жалпы
эквивалент болып әр түрлі металдар қолданылды : темір, қалайы, мыс,
қорғасын, күміс, алтын. Металл ақшалардың артықшылығы – олардың
біртектестігі, мықтылығы, әрі оңай бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл
ақшалардың формалары әр алуан болды. Уақыт өте келе жалпы эквивалент рөлін
күміс пен алтын ақша атқара бастады.
Тарихи металл ақша айналымының бейметаллизм және монометаллизм деген
түлері қалыптасты.
Бейметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен
күміске) негізделген ақша жүйесі.
Бейметаллизмнің үш түрі болған :
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті
қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген.
- Қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет
тарапынан белгіленген.
- Ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды
төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі
күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды
жасауға еркін берілді
Бейметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде 16-19 ғасырларда
батыс Еуропа елдерінде пайда болды. 19 ғасырда күміс өндірісі жағдайларының
өзгеруіне сәйкес, ол құнсызданып, алтынмен ара салмағы өзгерді. Күміс
монеталарының көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп, бейметаллизм
монометаллизмге ауысты.
Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының
негізі ретінде бір ғана металл ( алтын немесе күміс ) қызмет ететін ақша
жүйесі.
Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде
17 ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді.
Көптеген елдерде ол 19 ғасырдың аяғына қарай енгізілді, айталық :
Германияда – 1871-1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда – 1873
жылы, Францияда – 1876-1878 жылдары, Австрияда – 1892 жылы, Ресейде және
Жапонияда – 1897 жылы, АҚШ- та – 1900 жылы.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын
монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: 1) алтын монета стандарты, 2)
алтын құйма стандарты, 3) алтын девиздік (алтын валюта ) стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің
тараптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің,
дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл
стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілермен сипатталады:
- алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін
бірдей атқарады.
- Алтын монеталарды құюға рқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында)
- Толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз
мөлшерде алтын монетаға ауыстырылады.
- Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке
алып келуге болатын болды.
Алтын құйма стандартының – алтын монетадан айырмашылығы, мұнда
айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға
тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты
алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілгенда ғана айырбасталады.
Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз
(алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және
алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға
ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын
девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру
арасында жанама байланыс сақталды.
Сонымен, 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып
тасталынып, оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.
1. тарау. Ақшаның қызметтері мен экономикадағы маңызы.
2.1.Ақшаның қызметтері.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын
тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1) Құн өлшемі және баға масштабы.
2) Айналыс (айырбас) құралы.
3) Төлем құралы.
4) Қорлану және қор жинауқұралы.
5) Дүнижүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшем қызметі.
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді.
Ақша құн өлшемі ретінде: “мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға
келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру “
қызметін атқарады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан
олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей
алатын.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Қүн
өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құнзаңына байланысты анықталады.
Баға масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету
үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық
заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп, баға
масштабы арқылы ойша белгіленетін тацуарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі
көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі.
Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық
рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату,
яғнионың ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға
айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады.
Т (тауар) – А(ақша) – Т(тауар)
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы – ақша тауарларды
біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзіайналыста үнемі қалып отырады.
Ақшаның айналыс құралы ретінде қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметтеі толық бағалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz