Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің
теориялық негіздері
1.1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері,
инфрақұрылымы ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық
талдау
2.1 Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3. Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Инновациялық қызметтің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру
жолдары ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
2
Тәуелсіздк алғаннан бері еліміз бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға
қол жеткізді. Минералды- шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға
қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің
жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім
сапасы қанағаттандырарлық емес, себебі ол жоғарғы технологиялар есебінен
жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды шикізатты экспорттау ондаған жыл сақтала
бермейді.
Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш
күштердің деиндустриализациясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы
экономиканың шикізаттық бағытталуы болып табылады. Соңғы жылдардағы
көрсеткіштер бойынша Қазақстан технологиялық артта қалушылығын байқатуда,
стратегиялық маңызы бар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыс нәтижелері және жалпы алғанда интеллектуалды меншік елдің ұлттық
байлығы ретінде тиімді қолданылмай жатыр.Негізінен Қазақстанның егемендік
алуымен байланысты отандық ғылымның миссиясы да өзгерді.
Әлемдік экономиканың түрленуі және қазақстандық экономиканың ашық
жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен
капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда.
Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің
тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның қүрылымдық жағынан қайта құрылуы,
отандық экономиканың ұдайы өндіріс үрдісін қайта құру мен оның бәсеке
қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму
Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға
аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық
даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы
мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі
қозғаушы күші- жоғарғы технология- лармен қаншалықты қамтамасыз
етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан
бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар
қолданылады және сол арқылы көрініс табады., яғни технология ғылыми-
техникалық прогресстің қозғаушы күші болып саналады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық
жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен
шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдары ерекше
рөл атқарады. Қазақстан табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын
емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге
айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілк бәсеке ғылыми-техникалық
жобалардың өте жедел (2-3 жыл) жүзеге асуын талап етеді.Сыртқы әлемдік
ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің
елімізде орнын белгілейді, сондықтан инновациялық қызмет өмір сүрудің және
дамудың маңызды
3
факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт-
инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономиканың
құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып
табылады. Инновациялық қызмет- бұл ғылыми-техникалық идеяларды,
ұсыныстарды, өнертабыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын
деңгейге жеткізу қызметі.
Жасалынып отырған жұмыстың мақсаты-инновациялық қызметтің аясында
кәсіпкерліктің қалыптасу және даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және
тәжірибелік тұрғыдан талдау және Қазақстан Республикасы деректерінің
негізінде оны дамытудың нарықтақ тетіктерін, басымдықтарын, ірі, орта және
шағын бизнес стратегиясын анықтау.
Осыған сәйкес міндеттері:
-Қазақстан Республикасы экономикасының 2015 жылға дейінгі кезеңінде тұрақты
дамуының негізі ретінде инновациялық қызметті талдау;
-Республиканың кәсіпорындардағы инновациялық қызметті талдау;
-Қазақстаннның инновациялық дамуының жүзеге асуының алғышарты ретіндегі
елдің минералды-шикізаттық, ғылыми-техникалық қорларын, қалыптасқан
инфрақұрылымын, инновациялық ортасын талдау;
-инновациялық басқаруға қатысты мәселелерді көрсету және оған қойылатын
талаптарды үйлестіру;
-шағын инновациялық кәсіпорындардың дамуына кедергі болып табылатын
тетіктерін айқындай, және соның негізінде инновациялық кәсіпкерлік қызметті
белсенді жүргізу, калыптасып жатқан нарықтық қатынастар шеңберінде оларды
жүзеге асыру мүмкіндіктерін жасау бағыттарын айқындау.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері Қазақстан Республикасы заңнамалық
актілері, Президентінің жарғылары, Республиканың статистика жөніндегі
Агенттігінің жинақтары, отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектеріндегі
материалдар негізінде қалыптасқан.
4
1.1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы Инновация
ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-жылдарында И. Шумпетер
енгізді.Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде инновацияға әртүрлі анықтамалар
берілген:
-инновация дегеніміз- жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет
түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
-инновация- практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық процесс;
-инновация-әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл.
Жалпы алғанда инновация дегеніміз- әкелетін ғылыми-техникалық,
ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.
Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер,
Н.Г.Менкью,Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев және т.б. өндірістік сферадағы
кәсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың
қазіргі заманғы теориясын дамытты.
Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта
жазылған немесе мәселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған.Қазіргі
уақытта инновациялық өнім ді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын
сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал, бұл
өзіне тән арнайы мамандырылған қызмет субъектілері,инфрақұрылым
институтттары,өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық
потенциалының дамуын талап етеді.Индустриалды-инновациялық қызметтердің
өндірістің тиімділігі мен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттырудың пәрменді
тәсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру,
инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мәселелеріне дұрыс
қарауды талап етеді.Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық
потенциалының орнын ,рөлін,қызметін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан талдау
инновациялық қызметттің сан қырлы мәселелерін зерттеудің танымдық маңызын
арттырып қана қоймайды, сондай-ақ дәстүрлі салалық талдауды жалпыұлттық
және аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мәселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны
қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар.Алайда шетелдік тәжірибені
қазақстандық болмысқа дәлме-дәл тікелей көшіру мүмкін емес және ол шет
елдегідей тез және оң нәтиже бере алмайды.Осы мақсатта экономикалық
құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің
қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кәсіпкерліктің айрықша секторын жан-
жақты зерттеу қажет.
Экономикалық әдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық
және технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Әлеуметтік
жаңалықтар, басқару формалары мен әдістерінде болатын өзгерістер мен тағы
басқаларды техникалық емес инновацияға
5
жатқызамыз.Ал технологиялық инновация- жаңа немесе жақсартылған
тауарлар мен техникалық процестерді әзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем әртүрлі
ұғым. Жаңалық- бұл тек идея немесе жаңа технологиялық процесс пен жаңа
өнімнің жобасы.Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды.Нарықтық
экономиакда ғылыми зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға немесе процеске
айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше технологиялық инновациялар өнімдік және процестік
инновацияларға айналуы мүмкін.Өнімдік инновация дегеніміз-жаңа материалдар
мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе
технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және
енгізу болып табылады.Ал процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе
өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген
өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа
өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін
немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен
әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай
инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар
өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кәдімгі өндірістік
тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін
технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге
арналуы мүмкін.Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер
жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т.б.) эстетикалық өзгерістер;
оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа
өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін
елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін
материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына
байланысты: салааралық, салаішілік, кәсіпорын ішіндегі инновация деп
бөлінеді.
Салаарлық ішіндегі инновация- екі немесе одан да көп сала арасындағы
байланыстың нәтижесінен пайда болған инновация.
Салаішілік инновация- белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық.
Кәсіпорын ішіндегі инновация- кәсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық,
яғни кәсіпорын жұмысының сапасына тиімді әсер ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:
1) Базистік инновациялар.Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын
болмаған жаңа тауарлар, қызметтер,машиналар, технологиялар келеді.Олар
күрделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді және аса ірі сомадағы капитал
салымдарын қажет етеді.
2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен
қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге
бағытталған.
6
3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар әлемдік тәжірибеден өткен
және екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен
қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4) Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе
ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді.[6]
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бәсекелестік болып
табылады.Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дәрежеде
технологялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Ол мына бұйымдарды қамтиды:
1)жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;
2) жетілдірілген бұйымдар;
3)жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған
бұйымдар- өзге де инновациялық өнімдер.
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің өмірге келу процесін 7 элементке
жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін
арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын
төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тәсілдерді
қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновациялық өнім
ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі
туындайды.
Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар
және инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз- ғылымды, білімді және өндірісті территориялық
жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде
кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың және
жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін
тигізеді.Жақсы жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған
және білікті кадрлар жоғары дәрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін
ғылыми, конструкторлық және өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болп
табылады.
Технологиялық инкубатор- ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсіпорындардың,
жоғары оқу орындары және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуетін бір
ортағабіріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық- конструкторлық- технологиялық жаңалықтарды жетілдіру
мен өндірістерді дайындауға , бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін
өнімдерді және жоғары технологияларды әзірлеу кезінде инновациялық
кәсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға және бұл
7
құрылымдардың ғылыми- техникалық әзірленімдерді және маркетингті,
жарнамалық және көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты және
интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті және шетелдік
нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған
инфрақұрылымдар.
Сонымен инновация – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды
өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық,
консалтингтік, әлеуметтік және басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің
нәтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық және ұйымдық жаңалықтарды
құрастыру мен тәжірибелік меңгеру сферасы.
Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды.Инновациялық жүйе әр алуан
қатынастардың- фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық және
аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі.
Осы орайда зерттеудің негізін қалаушы ретінде өткен ғасырдың 80-ші
жылдарының соңында жаңа заманға сай білімдерді жасауға, сақтауға, таратуға,
оларды халық тұтынатын жаңа технологияларға, өнімдерге, қызметтерге
түрлендіруге қатысушы экономикалық субъектілер мен қоғамдық ұйымдардың
күрделі жүйесі ретінде инновациялық жүйе ұғымын енгізуші ретінде
К.Фридманды айтуға болады.Лундвал мен Нельсонның классикалық анықтамаларына
сәйкес инновациялар дегеніміз- бір-бірімен көптеген күрделі байланыстар
арқылы біріккен жүйе болып табылады.
Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен
институционалдық формаларды әзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау
Қазақстанның әлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру
мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Алайда ҚР-ның Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жырдарға арналған стратегиясында [3]
қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым субъектілері қажетті деңгейде
жұмыстарын атқармайтыны және Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) қатысушылары
үшін керекті қызметті көрсетпейтініне баса назар аударылып отыр.
Бұл жерде ең негізгі кемшілік- инновациялық инфрақұрылымда жүйеліліктің
және негізгі элементтерінің құрылымдығының болмауы. Отандық ғылымда
инновациялық инфрақұрылымның экономиканың дамуына әсер ету деңгейін
зерттеу жөніндегі материалдар тапшы.Негізінен көптеген зерттеушілер келесі
жағдайларды тісіндіре алмайды: ҰИЖ-нің құрылуына және тұрақтануына қандай
факторлар жағымды әсер етеді,Ал қандайлары жағымсыз әсер етеді.
ҚР-ның 2006 жылдың 23 наурызындағы №135-ІІІ-ҚР3 Инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы Заңының 15 бабына сәйкес инновациялық
инфрақұрылым дегеніміз- ҚР инновациялық қызметінің маманданған
субъектілерінің өзара іс-әрекет жүйесі. Инфрақұрылым ұғымын [латынның
infra- асты,structura -құрылым] ғалымдар өткен ғасырдың 40-шы жылдарында
қалданыла бастады,яғни ол нарық субъектілерінің тиімді жұмыс жасауына
қолайлы орта туғызу дегенді білдіреді.Заңда көрсетілгендей, инновациялық
қызметтің мамандандырылған субъектілері-
8
технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор.
Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатыснда инновациялық
кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі елімізде
технологиялық бизнес-инкубаторлар жүйесін құру болып табылады.
Технологиялық бизнес-инкубатор өз бетінше дербес бірлік ретінде, сондай-ақ
технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істей алады.Яғни технологиялық бизнес-
инкубатор дегеніміз- инновацияларды құру, қорғау құжаттарын алуға
өтініштерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындауүшін жеке және заңды
тұлғаларға ұйымдық-құқықтық ақпараттың және өзге де қызметтерді ұсынуды
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инновациялық қор – инновациялық жобалар мен инфрақұрылымдарды және
инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық
қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Сонымен қатар ҚР-ның 09.07.2001 №225-2 Ғылым туралы Заңының 1 бабында[2]
инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама берілген:
Технопарк дегеніміз- нгізгі қызметі инновациялық жобаларды іске асыру үшін
қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық
–техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.Технопарктер әлемдік
тәжірибеге сәйкес 3 түрге бөлінеді: 1) американдық; 2) жапондық ; 3)
аралас.
Технополис бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін
технопарктер, инкубаторлар және құрылымдар кешені.Яғни, басқаша айтқанда,
технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған және сол аймақтың
өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми
өндірістік кешенді білдіреді.
ҚР-ның Индустриялық-инновациялық стратегиясында мамандандырылған
субъектілердің өзгеше тізімі берілген:
- ұлттық технологиялық парктер;
- аймақтық технологиялық парктер;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
-ғылыми қалашықтар.
Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады( 1-сурет).Олардың ең
маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып тыбылыды.Өз алдына қаржы инфрақұрылымы
келесі элементтерден тұрады:
-мемлекеттік даму институттары;
-венчурлық қорлар;
-кәсіпорындар;
-жеке кәсіпкерлер;
-екінші деңгейдегі банктер.
9
Сурет 1- Инновациялық инфрақұрылым элементтері
Инновациялық инфрақұрылымның құрылымы келесідей:
- инновациялық дамудың мемлекеттік институттары;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
- ғылыми қалашықтар;
- инновациялық-технологиялық қалашықтар;
- технологиялар трансферті орталығы (жоғарғы оқу орындары, салалық
ғылыми-зерттеу институттары,оқу орталықтары,мамандандырылған
консалтингтік кәсіпорындар);
- инновациялық кәсіпорындар;
- инновациялық қызметпен айналысаиын жеке кәсіпкерлер;
- венчурлық қорлар;
- инновациялық жобаларды қаржыландыратын банктер;
- ақпараттық инфрақұрылым;
- мамандандырылған көрмелер.
Технологиялар трансферті орталығының негізгі міндеті -ғылыми-техникалық
нәтиижелерді тездету, шағын инновациялық кәсіпорындарды құруға
көмектесу.
Технологиялар трансферті орталығына Республикадағы Қазына тұрақты даму
қоры негізінде құрылған Инжиниринг және технологиялар трансферті
акционерлік қоғамының қызметі мысал бола алады. Оның мақсаты- ҚР-дағы
инновациялық қызмет пен белсенділікті арттыру.Ол ҚР экономикасының 23
саласын қамтиды. Олардың ішінде:
1) Ақпараттық технологиялар(ICT);
10
2) Өмір туралы ғылымдардың технологиясы ( Life Sciences Technology);
3) Нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;
4) Көмірсутек саласының технологиялары;
5) Энергияның жаңартылған жолдарының технологиясы.
Сонымен инновация дегеніміз- өндірісті және қоғамды басқарудың түрлі
салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік,
экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай-ақ зияткерлік меншік
объектісі ретінде танылған ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің
нәтижесі.
11
1.2Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке
құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл
елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты ҚР
Үкіметі әзірлейді және жүзеге асырады. Қазақстандағы инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар:
- ұйымдастырушылық және экономикалық шарттарын құру, соның ішінде
мемлекеттік инновациялық қызметті ынталандыру;
- инновациялық дамудың негізгі басымдықтарын анықтау;
- инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
- инновацияларды құру мен енгізуде мемлекеттің қатысуы;
- сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды шығару мен өткізу;
- технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет сферасында
халықаралық қарым-қатынасты орнату.
Мемлекет қолдауымен ҚР-да ұлттық инновациялық жүйенің белсенді құрылуы
байқалып отыр. Оның құрамды элементтері: ғылыми әлеует, инновациялық
кәсіпкерлік, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым. ҚР Үкіметінің 6
қазан 2003 жылдағы №1027 ҚР Үкіметінің 20 қаңтар 2003 жылғы №54
қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысына сәйкес сауда және индустрия
Министрлігі инновациялық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты
жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленді. Мемлекеттің
инновациялық дамуын тиімді басқару үшін уәкілетті органдар, яғни
инновациялық қызметті дамыту мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын сауда
және ндустрия Министрлігі және ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті
жүзеге асыратын білім және ғылым Министрлігі бірігіп, келесі функцияларды
жүзеге асыруда:
- мемлекет экономикасының инновациялық дамуын ғылыми-техникалық жағынан
қамтамасыз ету үшін ғылымның басымды бағыттарын анықтау,ғылыми-
техникалық өнім нарығын құру, іргелі және қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды
қаржыландыратын бюджеттік бағдарламаларға бақылау орнату;
- басқару, ғылыми, инженерлік,кәсіптік дайындау мен біліктілігін
көтеретін орта және жоғары оқу орындарын қоса алғанда, инновациялық
қызмет үшін кадрларды дайындау және біліктілігін көтеру жүйесін құру;
- инновациялық өнімді өндіретін кәсіпорындар, инновациялық кәсіпорындар
мен өндірістерді құруға көмектесетін мекемелер, технологиялық парктер,
бизнес-инкубаторлар, арнайы конструкторлық -технологиялық бюролар
және тағы басқа инфрақұрылым субъектілерін тізбектеп құру;
- отандық жоғары технологиялы өнімдерді ішкі және сыртқы
12
- нарықтарға шығару жүйесін құру және осындай өнімдерді өндіруші
кәсіпорындар үшін жеңілдіктер мен жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар
туғызу;
- инновациялық жобалар мен бағдарламаларды жасайтын әзірлеушілер мен
жаңалық ашушылардың зияткерлік және интеллектуалдық меншігін
қорғайтын заң жүйесін құру.
Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерінің инновациялық
белсенділігін арттыру үшін заңдық және нормативтік-құқықтық негізі
құрылған және жетілдіріліп келеді. [Қосымша1]
Республикамызда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру үшін
даму институттары құрылды.Олар Қазына тұрақты даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz