Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы - тын
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтар мен күрделі мәселелер 3
2. Республика өнеркәсібінің дамуындағы ахуал 12
3. Қазақстан ауыл шаруашылығының жағдайы 19
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі,
нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде -
бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету
үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық
қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмысымның тақырыбы Қазақтан
Республикасындағы нарықтың қалыптастырылу заңдылықтары мен ерекшеліктері
деп аталады. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын
қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптардың бірі болып отыр.
1. Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтар мен күрделі мәселелер
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап
алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен
бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып
жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі
белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995
жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдараламасы Жоғарғы
Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші
кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген
жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар
қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа
мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға
қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б.
Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері:
биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар
мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі
корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.
Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас
экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.
Бірінші. Реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де,
оларға жетер жолы да, әдіс-айласы да толық анықталмады.
Екінші. Барлық елге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі
болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне,
нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз
моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық",
"Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан
көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қордың ұсынған
"есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсіп, Ресейдің соңынан ерді. Ол
Ресейден бөлек дербес экономикалық саясат жүргізу қиын деген желеумен
жасалды.
Үшінші. Экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен
жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанға қажетті заң жүйесі жасалып
бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы
қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау көптеген
экономистердің айтуына қарағанда қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру
өкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты.
Төртінші. Қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол
заңдардың жұзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Реформаны жүзеге асыру
үшiн оған қажет механизмдердi жасау керек едi.
Бесінші. Инфляцияны (құнсыздандыруды) ауыздықтамаса ешбір істе береке
болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша
жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі
және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие
ресрустарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары пайызбен сатып, пайда табумен
әуестенді.
Алтыншы. Қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейгені соншалық, ол
қоғамның қатерлі ісік сияқты ең қауіпті ауруына айналды. Оған жаппай
тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жасауда,
қоғамды дұрыс дамытуда өздерінің кеселдерін тигізді.
Жетінші. Мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп,
жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын
білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан
бір-ақ жылда шығару саясаты жүргізілді. Бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла
бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру
еді. Нарықтандырудың барысын, оның неден басталғанын, қалай басталғанын
халық жете түсінбеді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан
шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін
жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер,
әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті,
елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті, оны
көтеру мүмкін болмай қалды.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Ол
жайында көп айтылды, көп жазылды. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін
жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел
байып, бәрі де орнына келеді деп ойланды. Тәжірибе жүзінде олай болмай
шықты. Жекешелендiру барысында елiмiзде үш бағыттағы (шағын, жаппай және
жеке жобамен) кәсiпорындар құрылған. Ауылдағы жеке шаруа, басқа құрылымдар,
сондай-ақ, қаладағы жеке және қауымдастық түрiндегi кәсiпорындар саны
есепке алынған. Алайда, осыған қарамастан, ең бастысы - мемлекет
меншігіндегі мүлік инфляцияны дұрыс ескерумен сатылды ма, оның қандай
бөлігі текке берілді, қандай бөлігi қанша пайдамен немесе қанша зиянмен
сатылды? Кейінгі мерізімде төлеуге берілген мүліктің мөлшері қандай?
Жекешелендіруден не ұттық: өнімнің көлемi артты ма, баға арзандады ма,
пайда көбейді ме? Бұл істегi нәтиже есептелген жоқ, талдау жасалған жоқ.
Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі
кезеңінде де (1991-92 жж және 1993-95 жж) мүліктің үлкен талан-таражға
түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып,
экономиканың күйреген, таяу жылдарда шыға алмайтын терең дағдарысқа
ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім
шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-
эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан
250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД
елдеріне, су тегін кеткен болып шықты. Сондықтан бұл жағдай үкiметпен
барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін
қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Тек осындай талдаудың
қортындысына сүйене отырып, Үкiметке алдағы уақытта нендей істерді
жүргізуді анықтау керек болды.
Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны
жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады.
Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995
жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстандағы
жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері,
өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елдегі
7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. Бұдан басқа бағдарламада
энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің
құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет
екені айтылды. 1995 жылдың қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз
ақшасы –теңге еңгізілді.
1994ж. наурызда Президент Жарлығымен ауыл кәсіпорындарының өтей алмаған
2,2 млрд. сомдық несиесінің мерізімі екі жылға ұзартылды. Бірақ сол жылдың
сәуірінен бастап энергияға, энергия көздеріне баға жоғарлады. Осыдан келіп
инфляция тағы өстi, деңгейі 1260 пайызға жетті.
Реформаның барысында Қазақстанда 1994 жылдың күзінен үкімет
макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп,
инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің
несиеге алатын проценті де қауырт азайды. Ақша-қаражат саласында да осындай
түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды.
Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі
- экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде
реформаны ойластырып, алға бастыратын орталық болмады. Экономика
министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994-1995 жылдары
дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы негізінен
орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және құнсыздануды
тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей
болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын
өршіткені болмаса разы етпеді.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате - ол үкімет
басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бұған
дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа
көшудің жолдарын, түрлі тетіктерін білмейді деп есептелді. Осымен
байланысты нарықтык экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-
ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды.
Бірақ сол мемлекеттерден шақырылған экономист-кеңесшілер өз елінде, өз
топырағында маман болғанмен, олар біздiң жағдайды, халықтың менталитетін,
психологиялық ерекшеліктерін ескермедi, тiптi бiлмедi де. Олардың білетіні
Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД
елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән классикалық артық
өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы–тын. Екіншіден, ол елдерде
баяғы заманнан тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал
бізде бұлар болған жоқ.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс
бар. Ол сонау Столыпин реформасынан, одан бері Қазан төңкерісінен кейінгі
индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі
өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске
үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл
шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында
бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, олардың көпшілігі
өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесiнде 1993-1995 жылдарға арналған
бағдарламаларда инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және
өндірістің ұлғаюы үшiн жағдайлар жасау жоспарынан ешнәрсе шықпады.
Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама
қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айтуға болады, бірақ
өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1992 жылы өндірістің
құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%, 1993 жылы
- 28%, 1994 жылы - 48%, ал 1995 жылы - 45 % жетті.
Қазақстан Үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа
бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу
маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау,
бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерліктерді қолдау, ауыл
шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік
шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына
"Қазақстан-2030"-деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан
шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын"
қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси,
әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ
мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің
ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша
пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске
асыру көзделген. Олар: ұлттық қауіпсіздікті сақтау, ішкі саяси тұрақтылық
пен қоғамның топтасуын нығайту, нарықтық қатынастар негізінде экономикалық
өсу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру,
энергетика ресурстарын жете пайдалану, инфрақұрылым, көлік және байланысты
дамыту, демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне
сенім білдірілді.
"Қазақстан-2030" Бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары
елiмiздiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiн нығайту, әлемдiк стандарттарға сай
түзiлген заңнамалық-құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде орасан зор жұмыстар
жүргiзiлдi. Атап айтқанда, билiктiң, сот және құқық қорғау органдарын қоса
алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметiнiң қағидаттары
едәуiр жетiлдiрiлдi. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам институттары
даму жолына түстi.
Қазақстан геосаяси кеңiстiкте әлемдiк қоғамдастықтың тең құқылы мүшесi
ретiнде лайықты орын алды. Қалыптасқан әрiптестiк саяси және экономикалық
қатынастар мемлекетiмiздi барлық дүние жүзi елдерiмен байланыстыруға
мүмкiндiк бердi. Қазақстан жетекшi халықаралық ұйымдарда, соның iшiнде, БҰҰ-
да белсендi жұмыс жүргiзiп, антиядролық қозғалысқа жаппай қарусыздануға,
бiтiмгершiлiк және терроризмге қарсы күрес iсiне лайықты үлесiн қосып
келедi.
"Қазақстан-2030" стратегиясында көрсетiлгендей, әсiресе, соңғы жылдары
республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндiрiс ауқымының өсуi байқалып
отыр. Тек 2000-2002 жылдары жалпы iшкi өнiмнiң жиынтық өсiмi 35,5 пайызды
құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат елiмiздiң халықаралық беделiн
едәуiр көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерiнiң арасында
жан басына шаққанда шетелдiк инвестициялар тарту жөнiнен көш бастады.
Осының нәтижесiнде республика экономикасының барлық дерлiк салаларында,
әсiресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке
меншiк секторы басым бола түстi.
"Қазақстан-2030" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсiз
елiмiздiң басты табыстары мен жетiстiктерi – мемлекеттiң қауiпсiздiгiн
нығайту және экономикалық өрлеу болғанын айтқан жөн. Бұл барлық
қазақстандықтардың өсiп-өркендеуiне, әл-ауқатының артуына кең өрiс ашты.
Қазiр бiздiң республикада нарықтық экономика мен демократиялық мемлекеттiң
iргесi қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың
игiлiгi үшiн кәделi, әрi әлеуетi жоғары, әрi iшкi ресурстары мол әлеуметтiк-
экономикалық дамудың кемел үлгiсiнiң нақты нышандары қалыптасты. Оған
дәлел ретiнде бүкiл әлемдегi ең күштi мемлекет – АҚШ-тың Қазақстанға
нарықтық экономикасы бар ел мәртебесiн беру туралы шешiмiн ерекше атап
көрсеткен жөн. Бұл АҚШ басшылығының, американдық iскер топтар мен
сарапшыларының қазақстандық реформалардағы жетiстiктерiн мойындауы болып
табылады. Сөйтiп, Қазақстанның ТМД елдерi арасында осы мәртебенi бiрiншi
болып алуы кездейсоқтық емес. Бұл шешiм Қазақстанға қатысты АҚШ және тағы
басқада дамыған елдер тарапынан экономикалық шектеулер мен түзетулердi алып
тастаудан өзiнiң көрiнiсiн тапты. Ол болашақта республиканың нарық
қатынасына көшкен ел ретiнде Дүниежiзiлiк Сауда Ұйымына кiруiнiң оңтайлы
алғышарты болып табылады.
2. Республика өнеркәсібінің дамуындағы ахуал
Нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол аша
қоймады. Қайта өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр идустрия, халыққа аса
қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың
көпшілігі бірқатар себептер бойынша: қажетті материалдық ресурстардың
жоқтығынан немесе тұрақсыз қаржы жағдайына байланысты өз қуаттарын толық
пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсерін
тигізді. Инвестициялық процестің төмендеуі қоғамдық өндірістің тоқырауына
соқтырды. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы
кесірін тигізді. Мемлекет бюджетінің тапшылығы - бір жағынан, кәсіпорындар
мен мекемелер корының өсуі, халықтың бар ақшасын "шұлық iшiнде" немесе
банкте жинақтауы - екінші жағынан, инфляцияны одан әрі жоғарылатты. Егер
1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 24,7
есе артты. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда
өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін
салаларда алаңдатарлық жағдай қалыптасты. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп
өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991
жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Осы уақыт ішінде, әсіресе, Жамбыл,
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Семей облыстарының кәсіпорындары едәуiр
құлдырады. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды, электр
қуатын өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық өсті. Жыл бойында металлургия
өнеркәсібіндегі жағдай күрделі қалпында қалды: шойын, болат, прокат құю
азайды. Түсті металдар - магний, тазартылған мыс, қорғасын, титан, цинк
өндірісі қысқарды. Металлургия және химия саласындағы өнеркәсіп
жұмыстарының нашарлауымен байланысты құрылыс және ауыл шаруашылығы
техникаларын шығару едәуір кеміді. Тракторлар, экскаваторлар және
бульдозерлер шығару екі есе, металл кесетін станоктар - үштің біріндей
қысқарды. Орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің
кәсіпорындары өз жұмыстарын айтарлықтай нашарлатты.
Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 %-дан астам қысқарды,
нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32
өндірістік қуаттар мен объектілердің тек екеуі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы
1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1 % азайды. Оның ішінде электр
қуатын өндіру 13 %-ға, мұнай өндіру 9 %-ға, көмір өндіру 17 %-ға төмендеді.
Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39 %,
халық тұтынатын тауарлар 41 % кеміді. Дегенмен 1995 жылы республикада
тұтастай алғанда, өнеркәсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның
жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда: газ өнеркәсібінде - 29,3
%, қара металлургия - 17,4, химия және мұнай-химия өнеркәсібінде - 3,4,
түсті металлургия өнеркәсібінде - 1,9 % өсім байқалды. Бірақ инвестициялық
мақсаттағы өнімдер және тұтыну тауарларын шығаруға бағытталған салаларда
өндірістің едәуір құлдырауына жол берілді. Өнім өндіру жеңіл өнеркәсіпте
59,8 %-ға, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде 45, тамақ
өнеркәсібінде 20,7 %-ға артта қалды. 1995 ж. Республика бойынша түгелдей
алғанда кәсіпорындардың 44 % (4743 -тің 2088-і) 1994 жылғы өндіріс
көлемінің деңгейіне жете алмады. Өндіріс көлемін төмендеткен
кәсіпорындардың басым көпшілігі Торғай, Талдықорған, Алматы, Атырау,
Көкшетау және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді. Соның нәтижесінде
Қазақстан кәсіпорындары 166,5 млрд. теңгенің өнімдерін кем берді. Бұл
республикада шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 26 %-ын құрады. Бір ескертіп
айтатын жайт 1995 жылы 1994 жылмен салыстырғанда электр қуатын, газ
конденсатын, табиғи газ, темір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz