Қазақстанның мұнай мен газы


Жоспар
- Кіріспе . . . 3
- Негізгі бөлім
1. Қазақстанның мұнай мен газы
1. 1 Мұнай . . . 5
1. 2 Табиғи газ . . . 8
1. 3 Мұнай экспорты мен құбырлар . . . 11
1. 4 Басқару мен бюджеттiк есеп беру. . 18
1. 5 Валюта мониторингін ұйымдастыру . . . 18
1. 6 Экологиялық мәселелер . . . 19
1. 7 Құрылымдық реформалар . . . 22
1. 8 Жер қойнауын пайдаланушылардың салық режимі . . . 24
2. ҚР Ұлттық Қор
2. 1 Қордың құрылуы . . . 27
2. 2 Ұлттық қорға түсетін және одан алынатын қаржы ағыны . . . 28
2. 3 Инвестиция . . . 30
2. 4 Есеп беру . . . 32
- Қорытынды . . . 33
- Қолданылған әдебиеттер . . . 35
- Қосымша . . . 36
Кiрiспе
2002 жылы сәуiр айында "Аргументы и факты Казахстан" апталығы үкiметтiң аты аталмаған дерегiне сiлтеме жасап, мақала жариялады. Онда Үкiметтiң дайындалып жатқан жаңа жарлығына сәйкес, мұнай кен орындарын игеруден түсетiн мемлекеттiң барлық табысы Қазақстан халқының ересек азаматтарының арасында тек бөлiнетiнi жөнiнде айтылған "Бұл дегенiмiз - елдiң кәмелетке толған әрбiр азаматы жарлық шыққан сәтте 200 000 долларға қоса, ай сайын дивидендтер алып отыруға тиiс деген сөз!"
Қазақстан халқы елдегi мұнай-газ қорлары ауыл шаруашылығы нашар дамыған, шикiзат қана өндiретiн Қазақстанды тұрмысы шалқыған, дәулетi зор Кувейт сияқты мұнай өндiрушi елдердiң қатарына қосады деп ұзақ жылдар бойы үмiттенiп келгендi. Қазақстан Президентi Н. Назарбаев кезiнде Қазақстанның әлемдегi мұнай өндiрушi бес озық мемлекеттiң бiрi ретiнде ХХI ғасыр табалдырығын аттайтындығын мәлiмдеген болатын. Алайда өмiр шындығы ел үмiтiн ақтамады.
Қазақстан үкiметi макроэкономиканы тұрақтандыру үшiн, жаңыртылмайтын байлықтарды келешек ұрпақтар игiлiгiне айналдыру үшiн көптеген жұмыстар атқарды. Дегенмен Қазақстан халқының көпшiлiгi өз үкiметiнiң жетiстiктерi мен оның мұнай табысын басқару стратегиясы жөнiнде хабардар емес, олар тек өздерiнiң бұрынғыша кедейлiкте ғұмыр кешiп жатқанының куәгерi болып отыр. 1998-1999 жылдары елдiң әлемдегi рыноктарға шығу жолы шектеулi әрi ондағы мұнай бағасының арзан болуынан мұнай мен газдан түскен табыстың салыстырмалы түрде көп болмауы себептi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры шындық пен күткен үмiт арасындағы айырмашылық әлi күрделi мәселеге айнала қойған жоқ-ты. Алайда баға өсiмi ахуалды өзгертiп, 2001 жылы мұнай-газ өндiруден түскен табыс барлық табыстың ширегiне жуығы мен барлық экспорттың жартысын құрады.
Таяу арадағы 5-10 жыл iшiнде көмiрсутек табысының өсуiне қарай, сондай-ақ егерде мұнай бағасы әлi де жоғары деңгейде қала беретiн болса, Қазақстанның миллиондаған азаматтарының тұрмыс деңгейiн жақсартуға деген үмiтi ақталмаса, үкiмет мұнай газ өндiруден түсетiн табыс жөнiнде халық алдында есеп берiп отырмаса, онда бұл жайт кең көлемдегi тұрақсыздыққа әкелiп соқтыруы әбден мүмкiн.
Қазақстанның таяу жылдардағы басты мiндетi - өзiнiң табиғи байлықтарын тиiмдi пайдалана отырып, ұзақ мерзiмдi экономикалық дамудың берiк негiзiн қалау. Ал бұл мұнай-газ секторын бiлiктi басқарумен бiрге, оның ашықтығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз ете отырып, мұнайдан тыс сектордың өсiп-өркендеуiне қолайлы жағдайлар жасауды талап етедi. Оған қол жеткiзу Президент бұрынғыша бүкiл билiктi өз қолында ұстауға әрекет етiп, барлық күш-жiгерiн сын айтушылар мен қарсыластарына жұмсайтын бола ма, мiне, осы жайтқа да байланысты болмақ.
Ұсынылып отырған курстың мақсаты - Қазақстанның көмiрсутек ресурстары арқасында жолы жеткен өзiнiң шағын байлығын қалайда ұтымды пайдаланудың жолын табу. Осы курстық жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде Қазақстанның мұнай-газ саласының қуат-мүмкiншiлiгiне шолу жасалып, мұнайға жатпайтын секторды дамытудың тұрақты негiзiн қалау үшiн, осы елге көмек көрсету мақсатында мұнай өнеркәсiбiнiң Қазақстан экономикасына тигiзетiн ықпалы қаралып, реформаны аса қажет етiп отырған салалар аталады да, екінші бөлiмiнде Қазақстанның қазба байлықтардан түскен табысты басқару мақсатында құрылған Ұлттық Қор қызметi талданып, экономиканың тұрақты дамуы үшiн қор қызметiнiң ашықтығы мен оның iс-әрекетiне қалың жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ете отырып, Ұлттық қорды қалайша пайдалануа болатындығы жөнiнде ұсынылып отыр.
1. Қазақстан мұнай-газы
1. 1 Мұнай
Көп көпiрмелi сөздер ұмытыла бастаған қазiргi шақта Қазақстанның, тұтастай алғанда Каспий аймағының мұнай-газының келешегiне шындық тұрғысынан дұрыс баға беруге болады. Каспий аймағының қуат-мүмкiншiлiгiн көш бастаушы да емес, екiншi Парсы шығанағы да емес, дегенмен, аса маңызды саналатын Солтүстiк теңiзiмен салыстыруға болады. Оған қоса, сырттан тауар жеткiзушiлер ең алдымен жеткiзiп беру өңiрiн таңдай бiлуi арқасында ресурстар қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тырысуда.
Егерде қазiргi жоспарлар жүзеге асып жатса, онда 2010 жылы Қазақстанның әлемдегi мұнай жеткiзiп берудегi үлесi екi проценттен сәл ғана асатын болады. Соған қарамастан өндiру деңгейi жағынан Қазақстан мұнайды өндiрiп, экспортқа шығаратын жетекшiелдер қатарына қосылып отыр және де экспорттан түсетiн табыс егерде орынды жұмсалатын болса, Қазақстан экономикасының өркендеу мүмкiндiгiне жол ашылмақ.
Солтүстiк Каспийде әлi ашылып, анықталмаған едәуiр қорлар бар болса да, Қазақстанның мұнай-газға қатысты келешегi Теңiз, Қарашығанақ, Қашаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1-КЕСТЕ. Қазақстан: 1992-2000 жылдар iшiнде мұнайды өндiру мен тұтыну
Ескерту: өнiм өндiруге конденсат кiредi
сияқты үш кен орнына тiкелей байланысты болып отыр. Теңiз бен Қарашығанақ iске қосылып, пайдаланылу үстiнде. Олар елдiң қазiргi және таяу келешектегi iшкi экономикалық өсуiнiң маңызды бөлiгiн құрайтын болады. Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторында орналасқан Қашаған кен орны 2001 жылдың наурыз айында ашылып, 2002 жылдың маусым айында осы қордығ көлемi 7-9 млрд. баррель деп ресми түрде жарияланды. Теңiз бен Қарашығанақ өндiрiсi өзiнiң шарықтау деңгейiнен өткен кезде, Қашаған экономикалық өсудiң негiзгi қозғаушы күшiне айналмақ.
Жаңа өндiрiс қуаттарының iске қосылуына қарай Теңiзде өнiм өндiру бiртiндеп қарқын алып келедi. 2002 жылы өнiм өндiру 2001 жылмен салыстырғанда күн сайын 249 500 баррельден 263 900 баррельге дейiн артты. Егерде өндiру көлемiнiң жоспары жүзеге асырылатын болса, 2006 жылы Теѓiзде күн сайын 460 000 баррель өнiм өндiрiлетiн болады.
Әлемдегi iрi газконденсат кен орны саналатын Қарашығанақтың өнiм өндiрiсi 2002 жылы кљн сайын 108 300 баррель болса, 2003 жылы ол 140 000 баррель құрауға тиiс. Күн сайын 240 000 баррельге тең болатын өнiм өндiрудiң ең жоғары деңгейiне 2008 жылдан берiде жете қоймайды.
Қашағанда керiсiнше өндiрiс 2005 жылдан ерте басталмайды, оның өзiнде
шағын көлемде ғана. Теңiзбен салыстырғанда оның өндiрiс қарқыны тым баяу болып, 2010 жылы тәулiк бойына орта есеппен 300 000 баррель құрамақ.
өткен ғасырдың 90-шы жылдары қазақстанда мұнай өндiру мен тұтыну
екi үрдiске сәйкес жүрдi (1-кесте) . Мұнай өндiру алғашқы жылдары 1995 жылғы күн сайын 414 000 баррельге дейiн құлдырап, 1996 жылдан бастап Теңiз өнiмiнiң арқасында бiртiндеп арта түстi де, 2000 жылы күн сайын 707 000 баррель құрады.
Мұнайға деген сұраныс керiсiнше бүкiл он жыл бойы төмендей отырып, тек 2000 жылы сәл ғана өстi. Бұл үрдiс Қазақстанға жыл сайынғы экспорттан пайда түсiруге мүмкiндiк туғызды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры Қазақстан басшылары, 2-кестеде көрсетiлгенiндей, мұнай өндiрудiң келешектегi деңгейiне қатысты оптимистiк көзқарасты берiк ұстанып отыр. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы оның елiн Сауд Аравиясымен салыстыруға әбден болады деген мәлiмдемесi жүрекке одан да зор үмiт ұялатады. Десек те, осы болжамды өсiм шындыққа негiзделген бе, Қазақстанның ұлттық мүддесiне сай келе ме, таяу арадағы жылдарда осыншама мұнай өндiру елге қажет пе? деген күмәнды ойлар да туындап отыр. Экономика және бюджеттi жоспарлау министрi Қайрат Келiмбетовтың айтуынша, ойда жоқ жерден пайда болған мұнай табысына үмiт артқанмен ғана шектелiп, Қазақстан өзiнiң бiр жақты экономикасын өзгертуге әрекет етпесе, елдiң ұзаққа созылатын дағдарысқа тап болуы мүмкiндiгiн, оның алдында ауыр кезеңдер тұрғанын жоққа шығармау керек.
2-КЕСТЕ. 2001-2015 жылдар iшiнде Қазақстанда өңделмеген мұнай мен конденсат өндiру
Күн сайын мың баррель
Жылдар
Ескерту: д. ж. - дерек жоқ
Дегенмен алдымен Теңiзде, сонан соң Қашағанда уақытқа сай өнiм өндiру
деңгейi өстi деуге негiз жоқ. Iлеспе газдың құрамында күкiрт болғандықтан, Теңiзде мұнай өндiру шешiмi қиын технологиялық ірi экологиялық мәселеге айналып отыр.
Қашағанда өнiм өндiру деңгейi көптеген кен орындары үшiн нормадан тым төмен саналатын 20 проценттен аспауы мүмкiн, ал бұл жайт өз кезегiнде мџнай өндiрудiң ең жоғары деңгейiне де, осы кен орнын iске қосып, пайдалану мерзiмiне де ықпал етпек.
Бұл проблемаларды тәптеп келгенде шешуге де болар едi, алайда технологиялық мәселелерден тыс қауiп те жоқ емес. Теңiз-Шевройл компаниясы Теңiз кен орнының өнiмiн арттыру жөнiнде құны 13 млрд. доллар тұратын бағдарлама әзiрледi. Осы бағдарламаға сәйкес, өнiм өндiру жылына күн сайын 440 000 баррельге дейiн өсуге, ал бағдарлама экспортқа шығатын мұнай түсiмiнен қаржыландырылуға тиiс едi.
Бюджетке түсетiн салық түсiмдерi азаятындықтан, бұл жайт мемлекет үшiн тиiмсiз Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры болды. 2002 жылғы қарашада осы мәселеге қатысты келiсе алмаушылық жайынан көпшiлiк қауым хабардар болып та үлгердi. Теңiз-Шевройл компаниясы өз айтқанында тұрып, мұнай әрi қарай да өндiрiлгенiмен, өнiм көлемiн ұлғайтуға қатысты барлық жұмыс тоқтатылды. Үкiмет пен Теңiз-Шевройл компаниясы тек 2003 жылдың қаңтар айында ғана екi жақты келiсiмге келдi. Осы келiсiмге сәйкес, бiрлескен кәсiпорын Үкiметке 810 млн. доллар (оның 600 млн. доллары салық) төлеп, төлемақыны 2005 жылға дейiн кезең-кезеңiмен аударып отырумен бiрге, жобадағы Үкiметтiң үлесiн қаржыландыру үшiн несие алатын болды.
Үкiмет бұл теке тiрестен өз ұстанымын нығайтып, инвесторлар үшiн аса қолайлы болып көрiнетiн мәселелер жөнiнде өзге де шетелдiк инвесторлармен келiссөз жүргiзуге қабiлеттi екенiне көзi жетiп шықты. Бұл Теңiз-Шевройл компаниясымен арадағы дау-дамай, Үкiметтiң пiкiрiнше, салық төлеуде орасан жеңiлдiктердi пайдаланып отырған шетелдiк инвесторлармен өзара келiсiм-шарттарды қайта қараудағы Қазақстан Үкiметiнiң тарапынан жасалған көп әрекеттерiнiң тек бiреуi ғана едi.
Қашаған кен орнында да күрделi мәселелер туындап, арада айтыс-тартыс болды. Жоба операторы Аджип ҚКО егер Үкiмет қол қойылѕан келiсiмдердi бiр жақты қайта қарауға әрекет ететiн болса, жұмысты тоқтататыны жөнiнде мәлiмдедi. Дегенмен Теңiздегi жеңiсiмен жiгерленген әрi өз мұнайының мол қуат-мүмкiншiлiгiне иек артып отырған Қазақстанның Қашаған кен орнына қатысты келiсiмдi де өзгертудi талап етуден бас тарта қоюы екiталай.
1. 2. Табиғи газ
Қазақстанның табиғи газ секторы ашылып, анықталу үстiнде. Өнiм өндiру көлемi шағын болғандықтан, шетелден әлi де газ тасымалдануда. Қазақстанның алдында тұрған мәселе аса қиын да мәселе емес, ол - газ секторының бiркелкi дамуына қол жеткiзу. Өйткенi қазiргi және келешектегi сұраныс елдiң шығыс аймағын қамтыса, газ өндiру саласы елдiң батысында шоғырланып отыр. Оның үстiне сұраныс та, ұсыныс та онша көп емес, сол себептi шығысқа газ айдау үшiн, құбыр желiсiн салу - өзiн-өзi ақтауы қиын iс.
Нәтижесiнде ел шығысындағы сұраныс импорт арқылы қана қанағаттандырылуда.
3-КЕСТЕ. 1992-2000 жылдары Қазақстанда газды өндiру мен тұтыну, млрд. текше метр
1997
1998
Дерек көзi: www. eia. doе. gov/ emeu/cabs/kazak
Сонымен бiрге iшкi тұтыну әзiрше тұрақты деңгейде қалып отыр және оның көлемi 2015 жылға қарай 15-16 млрд. текше метрге дейiн жетуге тиiс.
3-кестедегi статистикалық деректер 1992 жылғы 12 млрд. текше метрден
импорт мөлшерiн мүлде азайтқан Қарашығанақтан газ жеткiзiлуi себептi 2000 жылғы небары 5 млрд. текше метрге дейiнгi аралықта ауытқып, импортқа
тәуелдiлiк әлi де сақталып отырғанын көрсетедi. Сондай-ақ 90-шы жылдар бойы импорттың азаюын газ тұтыну қарқынының төмендеуiнiң шамасы оны өндiру қарқынынан асып түскенiмен де түсiндiруге болады. Ташкент-Бiшкек-Алматы құбыры арқылы Шығыс Қазақстаға жеткiзiлетiн газдың едәуiр бөлiгi Өзбекстаннан сатып алынады. Қазақстанның оңтүстiк өңірінде жаңадан бiрнеше кен орындарының ашылуына байланысты газ секторын дамытуға толық мүмкiндiк бар. Егерде осы болжамдар шындыққа айналса, импортқа тәуелдiлiк бiржолата жойылмақ.
Қазақстанда газды тұтыну мөлшерi мұнай секiлдi онша артпауы керек. Ал
бұл жайт көп ұзамай Қазақстанның газды экспорттаушы елдер қатарына қосылуына жол ашады. ҚазМұнайГаз мемлекеттiк мұнай-газ компаниясы осы болжамның шындыққа айналатынына үмiт артып, республиканың газ кен орындарын игеру жөнiнде ұзақ мерзiмдi жоспар әзiрлеу туралы ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Ltd компаниясымен келiсiм-шарт жасасты. 2002 жылғы маусым айында құрылған ҚазРосГаз Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны Ресей арқылы газды
Еуропаға жеткiзбек. 2004 жылы жеткiзу көлемi 7 млрд. текше метр құраса, 2015жылы Еуропа мен ТМД елдерiне шығатын экспорт көлемi 35-40 млрд. текше метр құрайтын болады.
Теңiз, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарының тұрақты игерiлуi
нәтижесiнде өңделмеген мұнаймен бiрге өндiрiлiп отырған газ өндiрiсiнiң едәуiр өсуiне қол жеткiзiлуi әбден мүмкiн. 2015 жылға қарай Қарашығанақ жылына 25млрд. текше метр, Теңiз 8-10 млрд. текше метр газ өндiруге тиiс болса, Қашағанда өндiрiлетiн газдың қоры 1 триллион текше метр құрап отырғандықтан, ол сол кезде аса iрi газ жеткiзушiге айналуы керек деп күтiлуде. 4-кестеде көрсетiлгенiндей, егерде газды қайтадан жер асты қабаттарына айдауды немесе газдан күкiрт бөлiнгеннен кейiн, қысымды ұстап тұру үшiн, оны қайтадан жер асты қабаттарына айдауды iске асыруға мүмкiндiк туып жатса, бұл көлемдi ұлғайтуѕа да болар едi.
Көлемi бiртiндеп көбейiп келе жатқан экспортқа шығатын газ қайда бағытталуы керек, мiне, осы сұрақ жауапсыз қалып отыр. Қазақстан газын сенiмдi тұтынушының бiрi Ресей болмақ. Ресейге Қазақстаннан келетiн газ жергiлiктi тұтынушысын тауып жатса, Ресей газын Еуропаға экспорттау үшiн iшкi тұтынушысынан босатып, әрi Арктикадағы аса қымбат кен орнын игеруден бас тартуға мүмкiндiк берер едi. Осы болжамның бiрнеше нұсқасы бар. Оның қайсысын таңдау Ресей мен Қазақстан арасында келiсiм жасасуға байланысты болмақ.
Орта Азия-Орталық газ құбыры бойынша Ресей мен Украинаға Қазаћстан
арқылы Түркменстан мен Өзбекстан газдары тасымалданады. 2002 жылы оның өткiзу мүмкiндiгi 50 млрд. текше метрге дейiн артса, операторлар 2010 жылға қарай бұл көрсеткiш 63 млрд. текше метрге дейiн көтерiледi деп үмiт артып отыр. Алайда "Осы құбырдың едәуiр бөлiгi табиғи және сапалық жағынан тозған", - деп есептейдi ҚазМұнайГаз компаниясы. Егерде Қазақстан осы құбырға жол ашуды ниет етсе, онда оған құбырды қайта жөндеу мен көлемiн ұлғайту қажет болады.
4-КЕСТЕ. Қазақстанда 2001-2015 жылдар iшiндегi нақты жылдар бойынша газ өндiру
Дерек көзi: Интерфакс-Қазақстан, Алматы, 2003 жыл, 7 ақпан.
1. 3. Мұнай экспорты мен құбырлар
Мұнайға деген iшкi қажеттiлiктi қанағаттандыру мұнай өндiрiсiнiң бұрынғыша азғантай ғана бөлiгiн құрайды, бұл жайт 90-шы жылдары Қазақстанға экспорт көлемiн ұлғайтып, орасан зор табыс алуға мүмкiндiк бердi (5-кестенi қараңыз) . 1992 жылы
Қазақстанда күн сайын 530 000 баррельге тең, iшкi мұнай өндiрiсiнен сәл ғана аз мұнай тұтыну күн сайын 404 000 баррель құраса, арада небары 9 жыл өткен соң, бұл көрсеткiш тұрақты мөлшерде күн сайын 245 000 баррель деңгейiнде болды. Ал мұнай өндiру күн сайын 811 000 баррельге дейiн артты. 2001 жылға қарай мұнай тұтынудың аз мөлшерi мен арта түскен мұнай экспортының көлемi күн сайын 631 000 баррельге тең болған
Қазақстанды мұнай экспорттаушы iргелi елдер қатарына қосып отыр.
5-КЕСТЕ. Қазақстандағы 1992-2001 жылдар iшiндегi мұнайдың таза экспорты
Ескерту: таза экспорттың жалпы импорттан айырмашылығы - Ресейден келетiн импорт есепке алынған.
Дерек к; зi: www. eia. doе. gov/ emeu/cabs/kazaexpo
Болжамға сәйкес, Қазақстанға iшкi қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн күн
сайын 180 000-200 000 баррельге жуық мұнай қажет болатындықтан, таяу жылдары мұнай өндiрiсiнiң артуы мұнай сұранысының өсуiнен едәуiр асып түсетiн болады және мұнайға деген аса көп емес сұраныс экспорт көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi (6-кестенi қараңыз) .
6-КЕСТЕ. Қазақстан: 2001-2010 жылдар iшiндегi нақты жылдар бойынша iшкi өндiрiстегi мүмкiн болатын үлесi ретiнде мұнайдың таза экспорты
Дерек көзi: "2003 жылы Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнайы 21 процентке артады". Интерфакс,
Қазақстанның алдында тұрған маңызды мәселе - оның iшкi рыногының әлсiз дамуы жағдайында экспорттық рыноктарда да мұнайға деген сұранысқа ие болу үшiн мұнай өндiрiсiнiң мүмкiндiктерiн қайткен күнде де орынды пайдалану болып отыр. Әр кез Қазақстанның алдында тұрған кедергiлердiң бiрi оның географиялық жайғасуы дер едiк. Жерорта теңiзi жағалауындағы Түркияның Жейхан айлағына шығатын экспорттық инфрақұрылымды пайдаланып қалу Қазақстан үшiн ең жеңiл ірi арзан жол болар едi. Қуаты жағынан Жейхан айлағына Теңiз кен орнын Қара теңiз жағалауындағы Ресейдiң Новороссийск айлағымен жалғастыратын Каспий құбыр желiсi консорциумының (КҰК) құбыры барабар бола алады (7-кесте) .
Көп кешiкпей бұл құбырдың өткізу мүмкiндiгi күн сайын 560 000 баррельге дейiн жетiп, түпкiлiктi қуаты күн сайын 1. 34 млн. баррель құрама және бұл көрсеткiшке Теңiз кенiшiндегi мұнай өндiрiсiнiң артуына байланысты насос стансаларының құрылысын iске қоса отырып, кезең-кезеңiмен қол жететiн болады. Алайда Теңiз мұнайы өндiрудiң ең жоғары деңгейiне жеткенiнiң өзiнде де, ол құбыр желiсiн толтыра алмайды. Сондықтан Қашаған мұнайы да осы бағытқа қосылуы мүмкiн. Әтсе де, Қазақстан сарапшылары белгiлi бiр кезеңде тағы бiр экспорттық құбыр желiсiн iске қосу қажет болуы мүмкiн дегендi айтады.
7-КЕСТЕ. Қазақстандағы экспорттық мұнай құбыр желiсi
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz