Сыртқы сауданы талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері4

2. Қазақстанның сыртқы саудасы8

3. Сыртқы сауданы талдау11

4. Ұлттық экономикадағы сыртқы сауда ролінің көрсеткіштерін талдау20

5. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына Қазақстан Республикасының мүше болуының проблемалары21

Қорытынды27

Әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

Соңғы 50 жыл ішінде әлем түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

Ұлттық экономикалар ғаламдық экономикалық жүйеге анағұрлым көбірек интеграциялана бастады. Бұл жүйенің ақырғы өнім шығаруға немесе қызмет көрсетуге (жобалауға, құрастыруға, басқаруға, өнім өткізуді, инвестицияларды ұйымдастыруға) бағытталған барлық тетіктері қуатты коммуникациялық және ақпараттық жүйе арқылы әлемнің кез келген түкпірінен қажетті ресурс ала алады. Ғаламдасуға бағыт алуға бір жағынан жаңа технологиялардың пайда болуы, екінші жағынан халықаралық сауда-саттық пен инвестициялардын, жолындағы кедергілердің азаюы түрткі болды. Нәтижесінде ғаламдық экономикадағы халықаралық сауданың үлес-салмағы біртіндеп арта бастады: соңғы 50 жылда ғаламдық экономика бес есеге, әлемдік сауда айналымы 14 есеге өсті.

Міне осындай өскелең заманда Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы және оның маңызды салаларының бірі сыртқы саудасы қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі. Менің курстық жұмысым «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саудасы» деп аталады. Бұл тақырып қызық та күрделі.

Менің көбінесе статистикалық мәліметтермен жұмыс істеуіме тура келді. Әлі де болса бұл саладағы әдебиеттер тым аз екені байқалып тұрады. Қазіргі таңда Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелікке енуі жөнінде жұмыстар атқарылуда, ал бұл мәселе жағдайды күрт өзгертеді деген ойдамын. Сондықтан осы тұрғыдан шағын кітапшалар шығарылса құба-құп болар еді. Өйткені бұл әрбір қазақстандықтың тағдырына әсер ететін жәйт болмақ.

1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері

1992 ж. наурыз айында Қазақстанның Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшiн орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейiн елiмiзге халықаралық басқа да ұйымдарға мүше болып кiруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негiзгi валюта-қаржы ұйымдарына - Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзiлiк қайта құру және даму банкiне, Еуропа және Азия даму банкiне мүше болып ендi. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Мұның өзi Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында игi нәтижелерiн беруде. Нәтижесінде соңғы бес-алты жылда Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түстi, оған берiлетiн инвестициялық қаржылардың көлемi артты. Мәселен, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институттарының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшерi 2 миллиард АҚШ долларынан асып түстi. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiм-шарттарға қол қойылды. Осы жылдары бiрқатар елдер - Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания т. б. - Қазақстанға экономикалық көмек ретiнде несие бердi. Сондай-ақ, Жапония, АҚШ секiлдi және басқада донор елдердiң үкiметтерi Қазақстанмен қаржылық ынтымақтастықты жылдан-жылға дамытып келедi. Мұның өзi Қазақстандағы нарықтық экономика бойынша жүргiзiлiп жатқан реформаларға көмектесу мүмкiндiгiн және республика экономикасына шет ел инвестицияларын көптеп тартуда зор ықпалын тигiзуде. Оған шетел бiрлескен кәсiпорындары да өз үлесін қосып отыр. Олардың жалпы саны 1996 ж. 746 болса, 2002 ж. 1, 5 мыңнан асты.

Қазақстанға тiкелей инвестиция берушілердің тiзiмiнiң басында АҚШ орналасқан, одан кейiн Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстiк Корея мемлекеттерi бар.

Қазақстан өзiнiң экономикалық мәселелерiн шешуде Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасқа ерекше көңiл бөледi. Бұл бағыттағы алғашқы байсалды қадам американдық "Шеврон" компаниясы мен Теңiз мұнай көздерiн игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылуы еді. Бұл келісім Америка капиталының Қазақстан экономикасына iрi көлемде тартылуының бастамасы болды. "Теңiзшевройл" жобасы бойынша 2010 ж. тәулiгiне 700 мың баррелден (100 млн тоннадай) асатын мұнай өндiруге қол жеткiзу көзделген. Бiрлескен кәсiпорын жұмысына қатыса отырып, "Шеврон" сонымен бiрге Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетiлдiруге, мәселен, аурухана, мектеп, жол құрылыстарын салуға көмектесiп, әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларға да қатысатын болады. Осы бағытта соңғы жылдары республикада бiрнеше ондаған американ компаниялары мен банктерiнiң өкiлдерi және бiрлескен кәсiпорындар құрылып, жұмыс iстеуде.

1997 ж. қыркүйектiң 12-ші жұлдызында Президент Н. Назарбаев АҚШ-тың Халықаралық қатынастар жөнiндегi кеңесiнiң төрағасы Питер Питерсон мен осы ұйымның құрметтi төрағасы, белгiлi қаржыгер Дэвид Рокфеллер бастаған осы кеңестiң делегациясын қабылдады. Н. Назарбаев АҚШ делегациясын бiздiң экономикамыздың ерекшелiктерiмен, оны тұрақтандырудағы белгiлi бiр табыстарымен, Қазақстан рыногын одан әрi ырықтандыру және шетел инвестицияларын тарту жөнiндегi шаралармен таныстырды. Кездесу барысында Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарының жекелеген қағидалары, Қазақстанның дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруiнiң келешегi, елiмiздiң Иран аумағы арқылы Парсы шығанағына шығып әлемдiк рыноққа қосылу мүмкiндiгi талқыланды. Бiзде қолданылып отырған экономикалық заңдардың Еуропалық стандарттарға бейiмделе түсу қажеттiлігi АҚШ делегациясы тарапынан түсiнiстiк тапты.

Қазiргi кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әрiптестерiнiң бiрi болып табылады. Бiздiң елiмiзде 350-ден астам Қазақстан-Американ бiрлескен кәсiпорыны жұмыс iстейдi, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкiлдiктерi тiркелген. Олардың Қазақстан Республикасының экономикасына салған инвестициясының көлемi елiмiзге тартылған шетелдiк инвестициялар көлемiнiң үштен бiрiн құрайды және Орталық Азия аймағындағы аса iрi көлем болып табылады.

Қазақстан экономикасына инвестицияларды көптеп тартуда 1997 жылғы қыркүйекте Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен "Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктер" атты халықаралық конференцияның маңызы зор болды. Онда сол кездегi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары - Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң төрағасы Ахметжан Есiмов, Премьер-министрдiң орынбасары, қаржы министрi Александр Павлов, Қазақстан Ұлттық банкісінің бастығы Ораз Жандосов т. б. баяндама жасады. Конференция жұмысына өз өкiметi атынан Ұлыбританияның сауда министрi Лорд Стэнли Клинтон-Дэвис қатынасып құттықтады. Ол өз сөзiнде Қазақстанның нарықтық экономика жолындағы алғашқы қадамдарына жоғары баға бере келiп, бiздiң елiмiзде шетелдiк инвесторлардың еркiн жұмыс iстеуiне қажеттi құқықтық және iскерлiк жағдай жасалғандығына ерекше назар аударды.

Инвестициялардың артуы қазiргi уақытта ең алдымен шетелдiк инвестицияларды тiкелей тартумен байланысты екенiн ашып айту керек. Егер өтпелі кезеңнің алғашқы жылдары Үкiмет кепiлдемесі арқылы алынған шетелдiк банкiлердiң несиелерi басым болса, бүгiнгi таңда тiкелей инвестициялар көлемi өсiп келедi. 1996 ж. бiздiң елге тiкелей инвестициялар көлемi 1, 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Халықаралық салыстыру (рейтинг) агентстволарының бағалауы бойынша Қазақстан қазiр Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерiнің арасында тiкелей инвестициялардың мемлекеттегі әр адам басына шаққандағы көлемi жағынан Мадьярлар елiнен кейiнгi екiншi орынға көтерiлген. Осымен байланысты 1997 ж. 28 ақпанында Қазақстан Республикасының "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңы қабылданды. Заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитет құрылып, ол бұл бағыттағы алға қойылған жұмыстарды iске асыруға кiрiстi. Осының нәтижесiнде Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемi бүгінде 24 млрд. АҚШ долларына жеттi.

2. Қазақстанның сыртқы саудасы

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. Егемендiк алған жылдардан берi Қазақстан дүние жүзiнiң 180-нен астам елiмен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесiнде Қазақстанның сыртқа шығаратын және сырттан бiзге алып келетiн тауарлардың (қаржы түрiндегi) көлемi жылдан-жылға өсiп келедi. Бiр қуанарлық нәрсе, республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 ж. экспорт импорттан 1 млрд. 250 млн. доллар көлемiнде асып түскен, немесе 64 пайызға өскен. Сол жылы оның алдындағы 1994 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсiп кешенi өнiмiнiң экспортын 2, 5 есе арттырды. Сөйтiп, ол импорттан алғаш рет 1, 7 есе асып түстi. Ал 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемi 14 млрд. АҚШ долларынан асты.

Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 пайызы ТМД елдерiнiң үлесiне, 23-24 % Еуропа елдерiнiң (35 ел), 13 % Азия аймағы елдерiнiң үлесiне тиедi. Ескере кететiн бiр нәрсе - сауда көлемi Батыс Еуропа елдерiнде арта түсiп, Шығыс Еуропа (бұрынғы социалистiк мемлекеттер) елдерiнде едәуiр кемiп бара жатқаны байқалады. Батыс Еуропаның қалтасы қалың инвесторлары үшiн Қазақстан кәсiпорындарының есiгi барған сайын айқара ашылып келедi. Алдағы кезде Еуропа Сыртқы сауда бiрлестiгiне мүшелiкке өтетiн болады. Мiне, сол кезде Еуропа Одағына кiретiн елдермен екi арадағы сауданың бұдан да кең өрiс алуына қолайлы жағдайлар туатыны сөзсiз.

Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларының басты түрi металл (34%), мұнай, газ, көмiр, минералдық тыңайтқыш (35%), азық-түлiк тағамдары (12%) қалғандары химия тауарлары (9%), транспорт құралдары, приборлар және аппараттар (5%) . Оның басым көпшiлiгiн бұрынғы одақтас республикалар сатып алады.

Қазақстан басқа елдерден отын-энергетика ресурстарын (27%), машиналар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, приборлар және аппарат құралдары (26%), химиялық тауарлар (10%), азық-түлiк (11%) алады. Сырттан алынатын тауарлардың 75 %. ТМД елдерiнен келедi. Бiзбен негiзiнен сауда iстейтiн елдер Ресей (57%), Түрiкменстан (7%), Белоруссия, Германия, Қытай, Түркия (3%), Украина, Моңғолия, Финляндия (әрқайсысы 2 %-дан) . Бұл көрсеткiштердiң әрине жыл сайын өзгерiп отыратынын айтқан жөн.

Тағы бiр көңiл аударатын мәселе - Қазақстанның жағрафиялық жағынан әлемнiң негiзгi экономикалық аудандары аралығында орналасқандығы. Сондықтан мұның өзi де Азия-Тынық мұхит аралығындағы елдер мен сыртқы экономикалық байланыстар орнатуға тиiмдi болып, кең мүмкiндiктер ашып отыр. Бұған ерте кездегi Ұлы Жiбек жолы жүрген жерлерде ендi темiр жол қатынасының дамуы үлкен әсерiн тигiзуде. Бұл жолдың ұзындығы болашақта 13, 5 мың шақырымға жеткiзiлуi тиiс. Қазақстан жерiнен өтетiн темір жолдың ұзындығы - 1, 8 мың шақырым, соның iшiнде - Дружба-Алашанькоу темiр жолы 1991 ж. салынды, ал 1996 ж. май айында Иран мемлекетiнiң күшiмен Теджен-Серахс-Мешхед, (ұзындығы 290 шақырым) темiр жол торабы iске қосылды. Болашақта жол Ақтоғайдан-Алматы-Шеңгелдi, одан әрi Ташкент-Теджент-Серахс-Мешхед-Тегеран-Анкара-Стамбул арқылы өтедi. Бұл жолдың тек Қазақстан үшiн ғана емес, сондай-ақ халықаралық маңызы өте зор. Атап айтқанда, бұл темiр жол магистралi арқылы егер 1997 жылдың аяғы 1998 жылдың басында Қытайға Батыс Қазақстаннан 100 мың тонна мұнай әкелiнген болса, 1999 жылы бұл көрсеткiш бес есеге жуық өсiп, 500 мың тоннаға жеткен. Тек Достық-Алашанькоу стансасы жыл сайын 5 млн. тоннадан астам жүк өткiзедi. Ал болашақта оны 12 млн. тоннаға жеткiзу көзделiп отыр. Сондай-ақ, екi ел арасындағы автомобиль жолы арқылы жүргiзiлетiн жүк тасымалының үлесi де артып келедi.

3. Сыртқы сауданы талдау

Сыртқы сауда статистикасының маңызды міндеті - сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштерінің уақыт ішіндегі өзгерістерін есептеу. Бұл өзгерістерді зерттеу үшін уақыттың бірқатар сәттерінде көрсеткіштердің белгіленген шеңбері көрсеткіштер мәндерін хроникалық ретпен орналасу қатары динамикалық қатар деп аталады. Динамикалар қатарын зерттеу мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: кезеңнен кезеңге дейінгі қатарлар деңгейіндегі жекелеген өзгерістердің интенсивтілігін сипаттау, белгілі бір кезеңдегі уақыт қатарының ораташа көрсеткіштерін анықтау, жекелеген этапта немесе жалпы қарастырылатын кезеңде зерттелетін құбылыс динамиканың негізгі заңдылықтарын айқындау, зерттелетін объектінің уақыт ішіндегі өзгерісін туындататын факторларды айқындау, құбылыстың болашақтағы дамуын болжау.

Динамика қатарлары деңгейін салыстыру нәтижесінде динамиканың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерінің жүйесі алынады, олардың көмегімен зерттелетін объектіні сипаттауға болады.

1-кесте

ҚР-ның сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсет-кіштер: Көрсет-кіштер
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
Көрсет-кіштер: А
1995: 1
1996: 2
1997: 3
1998: 4
1999: 5
6
7
8
9
10
Көрсет-кіштер: Сыртқы сауда айналымы
1995: 12803, 8
1996: 100, 0
1997: 13844, 0
1998: 100, 0
1999: 15004, 6
100, 0
13785, 2
100, 0
11306, 7
100, 0
Көрсет-кіштер: Экспорт
1995: 5912, 7
1996: 46, 2
1997: 6720, 3
1998: 48, 5
1999: 7188, 7
47, 9
6046, 5
43, 9
5755, 3
50, 9
Көрсет-кіштер: Импорт
1995: 6891, 1
1996: 53, 8
1997: 7123, 7
1998: 51, 5
1999: 7815, 9
52, 1
7738, 7
56, 1
5551, 4
49, 1
Көрсет-кіштер: Сальдо
1995: -978, 40
1996: 7, 6
1997: -403, 4
1998: 2, 9
1999: -627, 2
4, 2
-1692, 2
12, 3
203, 9
1, 8

ҚР сыртқы сауда айналымының жалпы сомасы 1995 жыл мен 1999 жыл аралығында 66744, 3 млн. долларды құрады. Оның орташа жылдық көрсеткіші 13348, 9 млн. долларға тең болған, соның ішінде экспорттың орташа жылдың шамасы 6324, 7 млн. доллар, ал импорттың орташа жылдық шамасы 7024, 2 млн. доллар болған. Зерттелетін кезеңде сыртқы сауда айналымының орташа жылдық төмендегі 374, 3 млн. долларды құрады, соның ішінде экспорттың төмендегі әсерін - 39, 4 млн. доллар, ал импорт әсерінен - 334, 9 млн. доллар жыл сайын. Сыртқы сауда айналымының орташа жылдық деңгейі 0, 031%-ке төмендеген.

1996 жыл мен 1999 жыл аралығында сыртқы сауда айналымының 1%-өсімшесінің абсолюттік мәні 1996 жылы 128 млн. долларға тең болған болса, ал 1998 жылы ол мән 150 млн. долларға жеткен. Сыртқы сауда айналымы деңгейінің өте күшті ұлғаюы, яғни 9, 1 пайызға көтерілуі, 1997 жылы байқалған.

Экспорт пен импорт динамикасы дамудың бір мәнді дамуында болмаған. 1995-1997 жылы аралығында экспорттың да, импорттың да көлемдері ұлғайған, ал 1998 жылдан бастап кері тенденция орын алған (1-диаграмманы көріңіз) .

1-диаграмма

1997-1998 жылдары азиялық және ресейлік қаржы дағдарыстары Қазақстан экономикасына өзінің кері әсерін тигізді. Аталмыш кері әсер шет елдік инвестициялар ағымының тоқтатылуынан және ҚР нарығынан көптеген шетелдік инвестеорларының кетуінен байқалды. Сонымен қатар, Достастықтың көптеген елдерінің, соның ішінде Қазақстанның, сыртқы саудасы - отын ресурстарының әлемдік бағаларының курсы төмендеуі әсерінен зиян шекті. Шикі мұнай мен металдың әлемдік бағаларының төмендегі - Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бағасының, 1997 жылмен салыстарғанда, 1999 жылғы 20%-ке төмендеуіне әкеліп соқты.

Азияның елдер нарығындағы сұраныстың азаюы Қазақстандық экономикаға әлсіз түрде әсер етті. Ресейлік нарықтың тарылуы басқаша салдарды туындатты, өйткені 1997 жылы Қазақстан экспортының 1/3 бөлікке жуығы Ресейге шығарылатын еді.

Ресейлік дағдарыс әсерінен ТМД-ның бірқатар басқа елдерінде Қазақстаннан әкелінген тауарларға деген сұраныс төмендеді. Сонымен қатар, теңгенің долларға және рубльге қатысты айырбас курстары арасындағы тепе-теңсіздік (дисбаланс) жағдайды шиеленістіріп жіберді.

Республиканың сыртқы сауда айналымы (кедендік статистика негізінде) 1999 жылы, 1998 жылмен салыстырғанда, 18%-ке төмендеді, соның ішінде экспорт - 5%-ке, ал импорт 28%-ке төмендеген.

Республиканың сыртқы сауда айналымы (кедендік статистика негізінде) 1999 жылы, 1998 жылмен салыстырғанда, 18%-ке төмендегі, соның ішінде экспорт - 5%-ке, ал импорт 28%-ке төмендеген.

Кедендік статистика мәліметтері бойынша ҚР-да 1999 жылы 203, 9 млн. доллар көлемінде сауда балансының оң сальдосы құрылды.

Республикадан шығарылатын өнімдердің тауарлық құрылымын салыстырмалы түрде талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді, яғни Қазақстан экспортындағы минералды ресурстар, отын, түсті және қара металлургия өнімдерінің үлесі тұрақты түрде ұлғайып отырады, осы сәттегі әлемдік экспорт үшін кері тенденция тән болады.

1995 жылдан бастап, 1998 жылға дейінгі орталықта республика экспортындағы минералды өнімдер үлесі 29%-тен 44%-ке дейін ұлғайды, ал 1998 жылдың көлемімен салыстарғанда 1999 жылы ғана 6%-ке төмендеді, минералдық өнім экспортының 24%-і ТМД елдерінің үлесінде. Бағалы емес металдар және олардан жасалған бұйымдар да республика экспортының негізгі бабы болып табылады, олардың барлық экспорт көлеміндегі үлесі 30%-тен кем емес. 1999 жылы экспортталатын бағалы емес металдардың үлес салмағы 1998 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5%-ке ұлғайған, яғни 38%-ке тең болған, олардың ТМД елдерінде экспорты, әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда, 12, 5 есе аз.

Бағалы және жартылай бағалы металдар, негізінен, ТМД-нан тыс елдерге шығарылады - 99, 2%-ке тең, машиналардың, құрал-жабдықтар мен механизмдердің экспорты 1999 жылы 58 млн. долларды (1, 4%) құрады, ол 1998 жылдың деңгейінен 2, 5 есеге аз. Машиналар мен құрал-жабдықтардың көп бөлігі, яғни 75, 2%-і, ТМД елдерінде экспортталады. Қазақстан алыс шет елдерге шикі мұнайды шығару көлемін - 1, 7 есеге, ал өңделмеген қорғасын көлемін - 1, 3 есеге ұлғайтты. Отандық өңдеу өнеркәсібінің жетілмеуі салдарынан, республиканың экспортталатын өнімдерінің едәуір бөлігі бірінші реттік өңдеуден де өтпейді.

Талданатын кезеңдегі импорттың тауарлық құрылымында маңызды өзгерістер болған жоқ. Импорттың дәстүрлі баптары мыналар болып отыр: машиналар, құрал-жабдықтар мен механизмдер - 24%, минералды өнімдер - 13, 3% (1998 жылдың деңгейімен салыстарғанда, 1999 жылы олардың мәні 2 есеге төмендеген жігіне қарамастан) жер, әуе және су транспорты құралдары - 14, 5% (1995 жылдың деңгейіне қатысты 1999 жылғы импорт 2 есеге ұлғайған), химия және онымен байланысқан салалардың өнімдері - 9, 5%, тұтынушылық пайдаланудағы тауарлар - 17, 5%.

Жалпы алғанда, экспорт пен импорт құрылымында маңызды өзгерістер байқалмаған, бұрынғысынша экспортта - мұнай және оны өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер, түсті металдар басым болып кетеді, ал импортта - машиналар мен құрал-жабдықтар, халық тұтыну тауарлары, тамақтық-дәмдік тауарлар.

Таяу және алыс шет ел аймақтары бойынша сыртқы сауданы бөлудің өзіне тән ерешелігі оның біртексіздігінде болған, негізінен республиканың тауар айналымының 60%-ке астамы ТМД елдерінен сауда жасау арқылы құрылады.

1997 жылдан бастап бұл жағдай түбегейлі түрде өзгереді. Қазіргі таңда Қазақстанның алыс шет елдермен тауар айналымы 64%-ті құрайды. Мұның себебі мынада, яғни бұрынғы жылдармен салыстырғанда, Қазақстан өзінің сыртқы сауда байланыстарын шет ел нарықтарында қайта бағыталуы тиіс. Егеменді мемлекеттіміздің сыртқы экономикалық байланыстарының жетілмегендігі - ТМД шеңберіндегі сауданың шектен тыс тұйықтылығына себепші болды.

ТМД елдерінің ҚР экспортындағы үлесі 1999 жылы 26, 1%-ті құрады. Ең көп үлес салмағы критериі бойынша, өнімнің 84%-і ТМД елдерінің ішіндегі Кедендік Одақ елдеріне шығарылды, атап айтқанда Ресей Федерациясына - 75%-і, Қырғызстан - 5%-, Тәжікстан - 4%-і, Кедендік Одақтан тыс елдер ішіндегі Украина негізгі сауда серіктесіміз болып қалады.

2-кесте

Елдер тобы шегіндегі сыртқы сауда көрсеткіштерінің динамикасы

(млн. АҚШ доллары)

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
Көрсеткіштер: А
1995: 1
1996: 2
1997: 3
1998: 4
1999: 5
Көрсеткіштер: Тауар айналымы, барлығы соның ішінде:
1995: 12803. 8
1996: 13844
1997: 15004. 6
1998: 13785. 2
1999: 11306. 7
Көрсеткіштер: - ТМД елдеріне
1995: 7753. 6
1996: 8426. 1
1997: 7327
1998: 6287. 7
1999: 4057. 8
Көрсеткіштер: - ТМД-дан тыс елдерге
1995: 5050. 2
1996: 5417. 9
1997: 7677. 6
1998: 7497. 5
1999: 7248. 9
Көрсеткіштер: Экспорт, барлығы соның ішінде
1995: 5912. 7
1996: 6720. 3
1997: 7188. 7
1998: 6046. 5
1999: 5755. 3
Көрсеткіштер: - ТМД елдеріне
1995: 3378. 1
1996: 3796. 2
1997: 3469. 3
1998: 2591
1999: 1619. 2
Көрсеткіштер: - ТМД-дан тыс елдерге
1995: 2534. 6
1996: 2824. 1
1997: 3719. 4
1998: 3455. 5
1999: 4136. 1
Көрсеткіштер: Импорт, барлығы соның ішінде
1995: 6891. 1
1996: 7123. 7
1997: 7815. 9
1998: 7738. 7
1999: 5551. 4
Көрсеткіштер: - ТМД елдеріне
1995: 4375. 5
1996: 4629. 9
1997: 3857. 7
1998: 3696. 7
1999: 2438. 6
Көрсеткіштер: - ТМД-дан тыс елдерге
1995: 2515. 6
1996: 2493. 8
1997: 3958. 2
1998: 4042
1999: 3112. 8
Көрсеткіштер: Сальдо, барлығы соның ішінде:
1995: -978. 4
1996: -403. 3
1997: -627. 2
1998: -1692. 2
1999: 203. 9
Көрсеткіштер: - ТМД елдеріне
1995: -997. 4
1996: -833. 7
1997: -388. 4
1998: -1105. 7
1999: -819. 4
Көрсеткіштер: - ТМД-дан тыс елдерге
1995: 19
1996: 430. 3
1997: -238. 8
1998: -586. 5
1999: 1023. 3

Кедендік Одақтан тыс елдерге ҚР-ның экспортының 49%-і Украинаның үлесінде, ал екінші орында - Өзбекстан, оның үлес салмағы - 28%. Достастық шеңберіндегі сауда ынтымақтастығы 1999 жылы, 1998 жылмен салыстырғанда, экспорттық-импорттық операциялардың төмендеуімен сипатталады. Достастық елдеріне Қазақстанның экспорттық операциялары көлемдерінің қысқаруы - физикалық көлемдерінің азаюы салдарынан да, экспорттық тауарлардың көп бөлігінің бағаларының қысқаруы әсерінен болып отыр.

Қазіргі таңда ҚР-сының әлемнің басқа елдеріне шығаратын экспорты ТМД елдеріне шығар экспорттан 3 есеге көбірек, яғни ол экспроттың бүкіл көлемінің 73, 9%-ін құрайды. Алыс шет елдер ішіндегі Қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушысы - Еуропа болып табылады, атап айтқанда, Еуропалық Одақ (ЕО) -22%: Италия - 8, 4%, Германия - 5, 7%, Ұлыбритания - 2, 9%. ЕО-тан тыс елдерг ҚР-сы экспортының 17%-і тиесілі: Швейцария - 8, 2%, Эстония - 4, 7%, басқа елдер - 4, 1%.

ҚР-ның азиялық нарықтағы өнімді экспорттауы - 19%-ті алады, бұрынғысынша, негізгі сауда серіктесі - Қытай болып табылады - 12, 6%. ҚР-ның Америкаға экспорты 13%-ті құрайды.

Географиялық бағытталуы бойынша импорттың 43, 3%-і ТМД елдеріне тиесілі, олардың 38, 5%-ін КО алады, атап айтқанды РФ - 36, 7%. Ресей Федерациясынан Қазақстанға әкелетін кейбір тауарларды енгізуге шектеулер енгізуге байланысты, Ресейден келетін импорт, 1997 жылмен салыстырғанда, 1999 жылы 10%-ке қысқарды. ҚР импортының 4, 8%-і Кедендік Одақтан тыс елдердің үлесінде, тура жартысы, яғни тауарлардың 2, 4%-і - Өзбекстаннан әкелінуі.

Әлемнің қалған елдерінен ҚР-на келетін импорт, экспорт сияқты, ТМД елдерінен келетін импорттан асады және 56, 7%-ті құрайды. Экспортталатын өнімнің ең көп көлемі Еуропа елдерінің үлесінде - 31, 3%, соның ішінде ЕО - 25%, Ұлыбритания - 7, 6%, Германия - 6, 8%, Нидерланды - 2, 8%. ЕО-тан тыс елдер ішінен Польшаны бөліп көрсетуге болады, яғни Қазақстан Республикасы импортының 1, 7%-і - Польшаның үлесінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшек тауар айналымы
Қазақстан Республикасының протекционизм саясаты және әлемдік сауда ұйымы (дсұ)
Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі
Сауда шығындар есебі
Сыртқы сауда статистикасы
Сыртқы сауда саясаты
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Сыртқы сауда саясатының мақсаттары
Сауда желілерінің жалпы ұғымы
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz