Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Беттер:

Кіріспе ___________________________________ ________ 2 – 3

1 Бөлім. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес
ақша айналымы
___________________________________ 4 – 11

2 Бөлім. Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы
2.1. Металл, қағаз ақша және ақшаның
номиналдық теориясы; ____________________________ 12 - 16
2.2. Несие ақшаларының эволюциясы, олардың заңдылықтары;
___________________________________ ______________ 17 –21

3 Бөлім. Ақша айналысының заңы ________________ 22 – 26

Қорытынды ___________________________________ ___ 27 – 29

Қолданылынған әдебиеттер тізімі ___________________ 30 – 31

Кіріспе

Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы деген
ұғымдары арасында айырмашылық болмаған. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-
ға мүше елдердің басылымдарында осы ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-
бірінен ажырытылған.Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы болып
танылады. Ал ақша айналымы деген ұғым алдыңғыдан кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналым мағынасын білдіреді. Бұл
жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табыстарының бөлінуін
қарастырса, ал қолма-қол емес ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін
қарастырады. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол
ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қол
емес ақша – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі. Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика
жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың
қолындва қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада
сатылатыны белгілі болған [6; 26].

Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналыманың
ерекшеліктері:
• қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын
өнімдерін алдын ала бөлу қызметін атқаратын. Барлық қоғамдық өнім
өндіру құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда
материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда
қоғам мүшелерінің табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы
бөлінеді;
• мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес
ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет
атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың
ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қолсыз ақша қозғалысы
өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
• ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттелді;
• ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет
көрсетеді;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте
шоғырланып, оған мем-банк бақылау жүргізді;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мем-банк
монополды құқықпен шығарды;
• мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және
көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды [5; 30-
31].
КСРО-ның таралуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет иелігінен
алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы айырмашылық жойылған. Осыдан
келе тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны
жүзеге асырукезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-
несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша
айналысы деп аталады.

1 Бөлім. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналысы

Ақша айналысының объктивті негізі – таур өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ ақша айналысы тауар
айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп
жүреді. Тауарлар, оларды сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және
тұтынылады. Ал ақша айналыста әрдайым жүреді. Айналыста жүре отырып ақша
әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,
тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде,
қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсету тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, степендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктан қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп
айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шектеледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты
өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 ж.ж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына
республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру басқарудың
экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынады.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-
27 %-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б.
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге
болмайды. Ақша айналымының қолма-қол және қолма-қол емес деп қатан түрде
шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қол емес ақшаға (және керісінше)
өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банке түскеннен
соң оның есеп айырысуы шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да,
ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аудару мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қол емес ақшалар
болып бөлінеді. Содай-ақ:
• өнімді өндіру және сату процесін, яғнм тауарлы сипаттағы есеп
айырысуларымен байланысты ақша айналымы;
• тауарлы емес сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы;
• ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз,
несие ақшалары көмегімен жүзеге асырылды [6; 27-28].
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады [19; 62]. Бұл анықтама
ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша
белгілері жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың
құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның өз құны өзінде көрсетілген
құнына сәйкес келнкедіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының
қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы, тауар айналымы мен
ақша айналымын біріктірді.
"Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп –
қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген
құнымен салыстырғанды өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек, қазір құн
айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар" [5; 31-32].
Ақша айналымын жоспарлау – мамлекеттің айналымға керекті нақты ақша
мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы
өндірістің қажетіне сәйкес реттеу. Экономиканың үздіксіз дамып отыру үшін
айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек.
Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай
қаржыларын банкте ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады.
Ақша айналымын жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық
банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі.
Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік
сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді.
Ақша айналымын жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл
түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты
ақшаның қозғалысы есепке алынуытиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы
рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын
болдырмауға, ақша айналымын жылдамдатуға жол ашылды.
Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды.
Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері ( банкноталар,
қазыналық билеттер қағаз ақшалар және ұсақ монеталар ) айналыста жүреді.
Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның
маңызы үлкен. өйткені қолма-қол ақша халықтың табысының басым көп бөлігін
алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота
түрінде эмиссиялайды (ҚР-ның ақша өлшемі – теңге), екінші деңгейдегі
банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады. Комерциялық
банктердің операциялық кассасынан қолма-қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге
беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша кәсіпорындар мен
ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға болса, ақша тікелей
халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасындағы ақшаның аз
бөлігі олардың өзара есептесуіне жұмсалса өзара есептесу, негізінен, қолма-
қол емес ақша белгілерімен жүргізіледі, ал басым бөлігі халыққа әр түрлі
ақшалы табыс түрінде (яғни жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, сақтандыру
қайтарымы, дивидендтер төлеу мен бағалы қағаздан түскен түсім және с.с.
түрінде) беріледі.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан
түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, пәтер
ақысы мен коммуникалдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен
көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға,
жалгерлік ақы, айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық
бөлімдерінен клиенттер арқылы түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін
клиенттердің (негізінен сауда орындары және халыққа қызмет көрсететін
орындардың) кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның
қайталама айналасы аяқталады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот иесінің
жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның
төлем құралы ретіндегі қызмет атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым
бөлігін (90%-ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып
алушылардың бактегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара
талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады.
Олардың арасында кең тарғандары: ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары.
Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы
міндеттемелері бойынша болып 2 топқа бөлінеді:
1) тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
2) бюджеттен бөлінетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы
және жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа міндетті
төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие
үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Айналыстағы ақша қас-қағым сәтте бірсе айналыс құралы, бірсе төлем
құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге
жұмсалуы мүмкін, өз кезегінің қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға
жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара
тығыз байланысты және бір біріне тәуелді. Банктегі шотқа қаржының аударылуы
– қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Содықтан қолма-қол ақшасы төлем
айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырымас құрылым және екеуі бірігіп
мемлекеттің біріңғай ақша айналымын құрайды.
Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредетив болып
бөлінеді.
Инкассо - әр түрлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы
бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға
чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша
Үйлестірілген (унифицированный) біріңғай Ереже қолданылады. Онда икассоның
мәні және түрлері анықталған: вексельдерді, чектерді, инкассалық
тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо
түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған. Инкассалық операцияның 2 түрі
бар:
1) Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған
төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға мідеттеген
операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылады.
2) Құжатты (документарное) инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған
құжатты (негізінен тауарды реттеуші) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол
алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін
операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі-бір соманы
көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны
жүргізгені үшін банк комиссиялық ақы алады.
Аккредитив (латын сөзі – сенемін) - бір банктен екінші банке
аккредитивке көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі-бір саманы немесе
заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы. Аккредитивтің
негізгі 2 түрі бар: ақшалай және құжаттай.
Ақшалы аккркдитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде
аккркдитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге
төлеу жөнінде корриспондент-банкке берген тапсырма жазылған. Құжаттай
аккредитив – келісім, ол бойнша эмитент-банк клиенттің нұсқауымен және
тоның өтініші бойыншаүшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша
төлеу немесе ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі
немесе стаып алуы керек.
Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын
автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде ХХ ғасырдың 70-
жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік
туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы электронды сигнал
жіберу арқылы ақша сомасын аудару банктік шоттардың жағдайын бақылау,
несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.
Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлеу жүйесіне:
• автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
• банктік автоматтар;
• сауда ұйымдарындағы терминалдар;
• үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.
Автоматтандырылған есептесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды автоматтандырылған тәртіппен жүргізеді және төлемдер жөнінде
барлық хабарлар электронды есептегіш машиналарға енгізу үшін магнитті
лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсіретін формада болады. Алғашқы АЕП
1972 ж. АҚШ-та жұмыс істей бастаса, қазіргі кезде оны Жапония, Ұлыбритания
және Батыстың өнеркәсібі дамыған мемлекеттері қолдануда.
Банктік автоматтар (БА) - ол клиентке банк қызметкелерінсіз банктік
электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізуге
мүмкіндік беретін құрылғы. Алғашқы БА банк ғимаратында орналастырылып, тек
қолма-қол ақша беруге қолданылады.
Терминалдар – сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда
ұйымдарындағы есеп айырысатын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялар
туралы хабар беруге және оны ол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының
төлем қабілеттілігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Терминалдарды енгізудің мақсаты – қолма-қол ақша айналысын қысқарту.
Үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы
пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефое
аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге
асады. Оның ең жай түрі – телефомен тікелей байланысу арқылы – жеке
клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал
жеке компьютерді немесе монитордың экранын пайдаланып, клиент банктың
компьютеріне қосылып, кең коммерциялық хабар алуға; өзінің ағыдағы шотын,
салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы
білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы
қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды
жүргізуге мүмкіндігі бар.
Қорыта айтқанда, электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын
желдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып
келгенде айналыстағы қолма-қол ақшаны азайтуға кең жол ашады [5; 32-37].
2 Бөлім. Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы

2.1. Металл, қағаз ақша және ақшаның номиналдық теориясы.
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер болып 2-ге бөлінеді. Екінші ірі қоғамдық еңбек
бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына
байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа
айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады.
Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу
жүйесі де пайда болды. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін ХІІІ ғ. Кейбір елдерде
массасы көрсетілген металл құмалар айналыста болған. Осыған байланысты
қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей,
мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка – “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт –
қадақ – орыстың бұрынғы 40 грамдық өлшеміне тең екен [5; 38].
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы да әр түрлі
болған, мысалы, шыбық, сым, табақша және т.б. Салмақты металл құймалары
айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Сөйтіп, металл
ақшаның формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі
тауар-ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы сатысында металдан монета
түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
тауар сатушылардың арасынан көпкстер бөлініп шығып, олар тауар айырбасында
тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң жүзінде
құрамындағы белгілі бір металдық салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды
формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын, массасын, типін,
ремедиумын, эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын –
аверс, сыртын – реверс, жиегін – гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып бөлінеді.
Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монета соғуға жұмсалған
металдық құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан
бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды.
Толық құны жоқ ақша деп монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған
металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері
ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады.
Оны билондық монета деп те атайды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе
және қазір металдар қоспасынан және алюминиден соғылады.
Металл ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немесе оданда көп
металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар қолданылады.
Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі
қолданылатын ақша жүйесі.
Капиталисттік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда
бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша
айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз
ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар
металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминидің құймаларынан жасайды.

Қағаз ақшалар.
Ақшаның номиналисттік теориясы меркантилистердің метализмге қарсы іс-
әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымның өсуіне байланысты
металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына
жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың
арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналисттер құн
белгілерінің жүруқұқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын
белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережелері:
• ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен
таурдың айырбас құны анықталады;
• бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
ХІХ ғ. Аяғында және ХХ ғ. Басында саяси экономияда номинализм үстемдік
ете бастады. Бірақ бұрығы номинализмнен айырмашылығы оның объектісіне қағаз
ақшалар жатады.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнаптың (“Государственная теория
денег”, 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері:
• ақша – құқыөтық тәртіптің өнімі, мемлекетік билеттің туындысы;
• ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің
төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;
• ақшаның неегізгі қызметі – төлем құралы.
Кнап ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану
барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады [6; 31-32].
Алғашқы қағаз ақшалар ХІІ ғ. Қытайда пайда болса, оның кең тарауы ХVІІ
ғ. Аяғында капиталисттік тауар өндірісінің дамуынан бастау алды. 1690 ж.
Солтүстік Америкада, 1716 ж. Австрияда, 1795 ж. АҚШ-та қағаз ақша шыға
бастады. Ресейде қағаз ақша асигнациясы Екатирина ІІ-нің басқаруы тұсында
1769 ж. жүргізілді. Ақша императоршаның бейнесімен өрнектелген [5; 41].
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақша барлық елдерде жүре
бастады.
Сырт көзбен қарағанда қағңаз ақша толық құнды ақшаның мемлекет шығарған
орынбасары болып көрінеді. Шын мәнінде ол толық құнды ақша айналысының
объективті заңдарына байланысты металл ақша айналысы процесінде ақшадағы
көрсетілген құнның іс-жүзінде нақты құннан ауытқуы нәтижесінде пайда болды.
Мемлекет осы объективті мүмкіндікті пайдаланып, тек қағаз ақша шығарумен
және оның курсын бнлгілеуменшұғылданады. Қағаз ақша – құн белгісінің ең бір
нақтыланған ақырғы түрі.
Сөйтіп, қағаз ақша - ол толық құнды ақшаның орнына айналым және
төлемқұралы қызметін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығарған,
және ықтиарсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша
белгісі. Тарихта ол алтын мен күмістің өкілі ретінде орнына пайда болды.
Қағаз ақшаның өз құны жоқ, себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек
жұмсалады. Ол толық құны жоқ ақша. Заңды төлем құралы болып бекітідген
кезде ақшаның сатып алу мүмкіндігі болады, яғни ол айналысқа жарамды.
Айналыстан тыс қағаз ақша – керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша өз құнымен
айналысқа қызмет етсе, ал қағаз ақша тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метал ақша айналысы
Ақша жүйесі және оның тарихи типтік дамуы
Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақша жүүесінің мәні, түрлері және даму тенденциялары
Электронды ақшалар
Ақша туралы дәріс
Ақша түрлері және оның қызметтері
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Ақшаның маңызы
Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі
Пәндер