Ақша айналымының құрылысы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. Ақшаның мәні, қажеттілігі мен қызметтері және даму кезеңдері 4
1.1 Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері 4
1.2 Ақшаның түрлері 6
1.3 Ақшаның атқаратын қызметтері 14
1.4 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызы 18
2. Ақша айналымын ұйымдастыру және ақша белгілерінің түрлері 20
2.1 Ақша айналымы, оның маңызы мен құрылымы. 20
2.2 Қолма - қол ақша айналымы және қолма - қол емес ақша айналымы 21
2.3 Ақша белгілері 23
2.4 Ақша айналымының құрылысы 24
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Кіріспе
“Ақша, несие, банк және валюта қатынастары” пәнінен курс жұмысының
тақырыбы “Ақшаның түрлері мен формалары” атты тақырыпта жазылған. Бұл
тақырыптың мазмұнын аша келер болсақ, ақшаның даму тарихын, оның маңызымен
ең негізгі қызметтерін, ақшаның экономикалық қажеттігі, оның түрлері мен
формалары және айналыс заңдылықтарына жете түсініктеме беруге тырысамыз.
Ақша теориясын зерттеудің әдістеме негізі диалектикалық материализм
болып табылады. Сондықтан, адамзаттың даму жолындағы әрбір кезеңдер орын
алған өндірістік қарым-қатынастардың, оның ішінде ақшаға байланысты
қатынастардың бәрі объективтік құбылыс деп, экономикалық қозғаушы күштердің
әрекетінің салдары деп, шаруашылық құрылыста құн санаттарын пайдаланудың
заңдылығымен тікелей байланысты деп түсіну керек. Осындай қозғаушы
күштердің қатарына тауарларды өндіру, олардың алып сату, қоғамдық тұтас
өнімдердің қозғалысы мен кәсіпорындардың өндірістік қорларының айналымы
қосылады. Осының салдарында ақша кез келген қоғамның ақиқат қасиеті болып
есептеледі.
Осыған байланысты, тақырыптың бірінші бөлімінде ақшаның қалай пайда
болғандығын және оның даму жолдары және ақшаның кез келген қоғамда неге
қажет екендігі дәлелденеді. Сонымен қатар, ақша деген не, оныыың
экономикалық мазмұны және ақшаның негізгі қызметтері мен ақша түрлерін,
ұдайы өндірістің әртүрлі экономикалық үлгісіндегі атқарымы мен оның маңызы
туралы зерттелген болатын.
Тақырыптың екінші бөлімі түгелімен ақша айналысына байланысты сауалдарды
қамтиды. Ақша айналымын ұйымдастыру және ақша белгілерінің түрлері. Ақша
айналымы, оның маңызы мен құрылымы және қолма-қол ақша айналымы және қолма-
қол емес ақша айналымы. Ақша белгілерінің түрлері мен ақша айналымы
құрылысы қаралды.
Ал үшінші бөлімде қарастырылған сұрақтарға келетін болсақ, онда ақша
жүйесі және инфляция. Және де, ақша жүйесінің негізгі элементтері мен
инфляция, оның пайда болу себептері және экономикалық зардаптары.
1. Ақшаның мәні, қажеттілігі мен қызметтері және даму кезеңдері
1.1 Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
объективтік алғышарттарын туғызады. Бірақ кез келген зат тауар бола
алмайды. Егер тұтыну құны өзі сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан
мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың бекер болғаны; мұндай
зат тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан
да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің
өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
"Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша"[1]. Осының нәтижесінде "айырбастау"
деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің "тауар" деп
аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда
болды.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және тағы да басқа заттарға айырбастауға мүмкін болды,
яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты
өлшенуін талап етеді.
Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір - біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы қажет.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің салдарынан
өнім өндірушілер өздерін бір түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал,
өздеріне керекті басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып
алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай әсер
етеді.
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Яғни,
натуралдық шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
- пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге
мамандану туды.
Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бір қатар
қиыншылықтары болды.
- бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің
іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы қажет. Және, сол екінші өндірушіге
бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Басқаша айтқанда
тауар ауыстыру екі жақтыңда қолында өзара керекті тауарлар
болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік
өмірде көп кездесе бермейді.
- тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың құнын ескеру
қажет. Яғни ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт.
Сондықтан, тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты, баламалық
негізінде, айырбастау операциясының да дамуы, көптеген түрлі тауардың
ішінен бір тауарды бөліп алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және
сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс.
Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын
болған.
Сонымен, айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі
сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Бірақта, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі
жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Құн дегеніміз - тауар өндіргенде жұмсалатын
еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген
қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан еңбек шығындары
өздігінен өнімді құн ете алмайды. Өнімнің құнының болуы үшін белгілі - бір
қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни өндірістік
қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар
өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді.
Ақша - бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша
бір - бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да
болуы мүмкін емес. Ақща тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар
ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға
жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең
бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты; біріншіден, алтынның табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы;
екіншіден, құны өте жоғары, сондай - ақ, оның қорының сиректігі мен
өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Яғни,
жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы
затқа айырбасталатынын сипаттайды.
1.2 Ақшаның түрлері
Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл
өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді. ішкі мағынасы өзгерген жоқ.
Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен,
яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда
айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның
(ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған (оның ішіне мал да кіреді).
Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға
бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда
бұзылмайтын, тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының
салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді.
Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына,
металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар.
Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің
аты, ел таңбасы, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі
ақшаның жетілдірілген түрі болды.
Ақшаның өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және
алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болады.
Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы –
аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.
"Монета" сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы
Юнона – Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай
қаражаттың көмегімен Римнің Эпир патшасы Пиррмен соғыста (біздің эрамызға
дейінгі 275 жылдары ) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар.
"Монета" сөзі латынша "moneo" – “кеңес берілсін, көңіліңнен шығамын”
дегенді білдіреді[2].
Алтын айналысына бірқатар елдер де 19 ғасырдың екінші жартысында өтті.
Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орында, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы
ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
Алтын стандарт, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Сонымен, алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан ол ешуақытта,
тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз
бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады.
Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар
айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын
ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа
енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін
анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.
Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар.
Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын
шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау
операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбейуін керек етеді, ал ол үшін,
алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын
ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке
құны жоқ, толық құнсыз ақшалар пайда болды.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан,
яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін
ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий тағы басқа монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері. құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды.
қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай[3]:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын
төмендету барысында бүлінуі;
бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа
түсуі;
эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты
құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар біздің эрамыздың 12 ғасырында Қытайда, 1690 жылы
Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769
жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар
барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер
түрінде он елде ( АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және тағы басқа елдерде )
ғана сақталған. Кешегі КСРО- да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде
қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет
айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991 – 1992 жылдардағы және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша
реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай – ақ мемлекет белгілеген
өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің
төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар : вексель, банкнота және чек.
“Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Вексельдің түрлеріне “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы
туралы ” (28.04.97) Қазақстан Республикасы заңында[4] мынадай
түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісім бергеннен бастап, борышқор болып
табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге
аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың
көбеюіне байланысы вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы
әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге
бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздыық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапышылығын жабу мақсатында мемлекет
тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет
борышқор болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірін –
біріне беріледі.
Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиеттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті
шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент)
төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де
вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Қазкоммерцбанк
тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ
доллларындағы “астық” вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы
ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқа
астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлік компаниясы 5000 АҚШ
долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің
жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде “ Қазақстан
темір жолы ” ҰҚ - ның 200,0 млн теңгеге бағаланған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге
асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағылшын сөзінде “ Bank-note ” аударғанда “ банк билеті”)
– орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-
6 айлық ), ал банкнота- мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның
жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі орталық банк шығаратындықтан,
оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және
жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшадан өзіндік айырмашылығы бар:
жаратылысына қарай - қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретінде
қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда
болған;
эмиссиялау әдісі бойынша - қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса,
ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына
байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни
олар айналыста қала береді;
ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты
алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар ауыстырылмайтын
болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылу тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен
қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт
нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфельі көбірек
қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ
олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған,
сондай – ақ олар қағаз - ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің жай
банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:
Шаруашылықты несиелеу жолымен;
Мемлекеттік несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына
банкнттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған
жылдардың басында экономикалдағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998
жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бюджет
тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық
бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банктің Үкіметке берген несиелері
есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды,
оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;
ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы
қарыздарын өтеу үшін мемлекеттің айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты
несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
Ақшалай чек – банктен қолма - қол ақша алуға арналған төлем құралы;
Атаулы чек – аударуғ құқықсыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
Ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша
басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
Мәлімдеуші чек - чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
Есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма - қолсыз есеп
айырысуларда қолданылады;
Жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
Кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге
кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде
өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы.
1.3 Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақша экономикадағы рөлін атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
құн өлшемі және баға масштабы;
айналыс (айырбас) құралы;
төлем құралы;
қорлану және қор жинау құралы;
дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: “мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру”5 қызметін атқарады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызметететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.Құн
өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты негізделеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтық бағаға айналады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша а-таур
айналысы процесінде делдалдық қызмет атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz