Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен
экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4
1.1.Өнеркәсіптік кәсіпкерліктің мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 4
1.2.Кәсіпкерлік қызмет түрлері мен оларға әсер ететін
факторлар ... ... ... ... 6
1.3.Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...8
1.4.Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .11
2. “Интер-Астана” ЖШС-ң кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1“Интер-Астана” ЖШС-ң жалпы сипаттамасы және техника-экономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. “Интер-Астана” ЖШС-гі кәсіпкерлік қызметін талдау ... ... ... ... ... .18
3.Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік даму жолдары мен мемлекеттік
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту
жағдайында әр түрлі меншік нысандарының қалыптасуы мен қызмет етуі
нәтижесінде елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері
жандана түсті. Әсіресе, соңғы жылдары кәсіпкерлік қызметті қолдау мен
дамытуға баса назар аударылып отыр. Себебі бүгінгі таңда кәсіпкерлік
қызметтің қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында маңызды орынға ие болады
және өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы
болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасының гүлденуі мен
оның даму деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да, олардың қосар
үлесі қомақты екені белгілі. Сонымен қатар нарықтың өркендеп өрлеуі жеке
кәсіпкерліктің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Астана қаласында өткізілген Қазақстан
кәсіпкерлерінің конгресінде Президент Н. Ә. Назарбаев экономикамыздың,
мемлекетіміздің дамуының қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту
алдымызда тұрған ең үлкен міндеттерінің бірі, деп атап өтті. Сондай-ақ, ел
экономикасының бүгінгі бағыты кәсіпкерлікті барынша дамытуға барлық
мүмкіндіктер туғызуды талап етеді. Алдымызға қойған мақсаттар,
экономикамызды әрі қарай индустриялық жағынан дамыту мәселесінде де
кәспкерліктің маңызы зор.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
ахуалды жете тексеріп, онымен танысу. Бұл мақсат мынадай міндеттерді
жүктейді:
• Кәсіпкерікпен айналысатын кәсіпорындардың қызметімен танысу;
• Кәсіпкерлікті теориялық жағынан қарастыру;
• “Интер-Астана” ЖШС-нің кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру және
талдау;
• ҚР дағы кәсіпкерлік жағдаймен танысу, т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Менің жұмысым кіріспе, нігізгі бөлім,
қорытынды, қоданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде
Қазақстан Республикасында өнеркісіптік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен
экономикадағы рөлі қарастырылады. Бөлім үш тараудан тұрады. Осы үш тарау
негізгі бөлімнің мазмұнын ашады. Екінші бөлім “Интер-Астана” ЖШС-нің
кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру және талдауға арналған. Аталмыш тарау екі
бөлімнен тұрады. Бұл тарауда “Интер-Астана” ЖШС-нің кәсіпкерлік қызметі
толық зерттелген. Үшінші бөлім Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік
кәсіпкерліктің даму жолдары мен мемлекеттік қолдау тетіктері деп аталады.
Аты айтып тұрғандай ҚР ғы кәсіпкерліктің қызметің ахуалы қарастырылады.
Жалпы курстық жұмыс 27 беттен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
1. Өнеркәсіптік кәсіпкерліктің мәні мен маңызы
Кәсіпкерлік – бұл өзінің меншікті, қарыздық және басқа да
қаражаттары мен мүлкі есебінен тәуекелге бара отырып жүзеге асырылатын,
табыс табуға бағытталған инициативалы қызметі.
Шет елде де, біздің елде де кәсіпкерліктің жалпы қабылданған
экономикалық теорисы әлі де жасалынбаған. Кәсіпкерлік функциясының даму
теориясы үшке бөлінеді.
“Біріншісі” – 18 ғасырда пайда болған, бұл кәсіпкердің ерекше қасиеті
ретінде тәуекелдікке баруына аса мән беруімен байланысты.
“Екіншісі” – ғылыми негізінде инновацияны қолданумен байланысты.
“Үшіншісі” – кәсіпкердің жекеленген ерекше сапалық қасиеттеріне және
бірқалыпты экономикалық жүйені реттеуші кәсіпорындағы рөліне ерекше көңіл
бөлінеді.
Қазіргі уақытта теориялық зерттеулер тәуеліз негізде, ерікті қызмет
жүргізу әдісі ретіндегі кәсіпкерлікке ғана емес, сонымен қатар фирма ішілік
кәсіпкерлікке немесе интерпренерстваға көңіл бөлінуде. Интерпренерс
термині, кейінірек интеркапитал терминін енгізген американдық зерттеуші ең
алғаш қолданған. 6, 49б
Интерпренерстваның пайда болуы көптеген ірі өндірістік құрылымдардың
өндірісті ұйымдастыру көшуімен байланысты. Кәсіпкерлік міндетті
творчестволық еріктің болуын жорамалдаса, онда өндірістік құрылымның толық
мәнді бөлімшесі интракапиталдың, яғни фирма ішілік кәсіпкерлік негізінде
жатқан идеяларды іске асыруға қажетті капиталдың болуын білдіреді.
Кәсіпкерлік – инновациялы кәсіпкерлік идеяға, жауапкершілікке, ерікті
инициативаға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі.
Экономикалық белсенділік индивидтің қоғамдық өндіріске қатысу түрін және
өзі мен жанұясының өмірін қамтамасыз етуге қаражат алу тәсілін білдіреді.
Индивидтің бұндай қоғамдық өндіріске қатысуы қоғамдық функционалдық міндет
немесе оның комбинациясы болып табылады. Бұл кезде ол өзіне үнемі табыс
әкелетін кез-келген объектінің, өзінің еңбегін сатушы болса, индивидуалды
өндіруші, мемлекеттік немесе жергілікті қызметкер болып табылады.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі объектісі кәсіпкер болып табылады.
Бірақ кәсіпкер негізгі контрагант ретінде тұтынушымен, сонымен қатар түрлі
жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде болатын мемлекетпен байланыста
болуы керек. Тұтынушы да, мемлекет те, жалдамалы жұмысшы мен бизнестегі
серігі сияқты кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады.
Алдымен батыс елдердің кәсіпкерліктің маңызын анықтау жолдары туралы
айтайық. Мысалы, американ ғалымдарының түсінігінше, ол батыл, қиын мәнді
жобаларды іске асыру қызметінің түрі. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз
тәуекелділіктерімен және өз жауапкершіліктерімен атқарылатын тәуекелді
істері. Кәсіпкерлік – жаңа бір нәрсені ойлап табу және қолда барды
жақсартуға ұмтылысымен дәріптеледі. Ол “динализм”, “инициатива”,
“батылдық” сияқты түсініктерімен өте тығыз байланысты, қоғамда көптеген
идеяларды шындыққа айналдыратын потенциалға жол ашады. 6, 75б
Батыс елдерінде осы заманғы кәсіпкерлік ерекше, новаторлық,
антибюрократиялық шаруашылық стилі ретінде сипатталады, өйткені ол әрқашан
жаңа мүмкіндіктерді іздестіру, иновацияларға үйрену, қызықтыра және алға
қойған мақсаттарды шешуде түрлі ресурс көздерін пайдалана білу негізінде
жасалады. Біздікінше, мұндай шешім біздің еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына
маңызды орын алады. Бірақ кәсіпкер өз ісін ашып, оны дамытуда ресурс
көздерін іздестіруді заңды түрде болуын айта кеткен жөн.
Американ ғалымы Р.С.Ронстадтың пайымдауынша, кәсіпкерлік – ол байлықты
өсірудің дамымалы үрдісі. Байлық өз қаражатымен, мүлкімен, карьерасымен
тәуекелділікке баратын, өз ісін ашуда уақыт аямайтын, тұтынушыға жаңа тауар
мен қызмет ұсынатын адамдармен жасалынады. Бұл тауар немесе қызмет міндетті
түрде жаңа, бастысы кәсіпкер керегінше күш-жігер, қаражат жұмсап, ол
тауарға жаңа сапа беріп, оның құндылығын көтеру керек. Өз кезектерінде
американ ғалымдары Р. Хизрич пен М. Питерс кәсіпкерліктің бар типін
қамтитын, ең кең анықтамасын берді:
Кәсіпкерлік – ол бағалы қасиеті бар жаңа бір нәрсені жасау процессі:
ол өзіне қаржылық, моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті алып, күш пен
уақыт сыйымды процесс, көздеген мақсат орындалған жағдайда өзіндік
қанағаттандырушылық пен ақшалай табыс әкелетін процесс. Авторлар оны әрі
қарай былай деп жалғастырады: “Өз ісін бастауды шешкен адам өмірі үміт пен
реніш, қажымас қайрат пен еңбек сүйгіштік қасиеттері бар”.
Бұдан былай көптеген экономист ғалымдары көптеген әдебиеттерді
кәсіпкерлікке түрлі анықатамалар беріп, оның құбылыстары мен қасиеттерін
зерттеуде.
Біздікінше, “кәсіпкерлік – ол шаруашылық етуші субъектілердің бюджет
алдында қаржылық міндеттерді өтеу мен жекеменшік істің өзіндік дамуын
қанағаттандыру үшін түрлі қызмет аясында еркін экономикалық шаруашылық ету,
нарықтық қатынас субъектілерімен қоғамның нақты тұтынушыларының
сұраныстарын тауармен қанағаттандыру және пайда табу мақсатындағы іс-
әрекеті”.
Кәсіпкерлік – ол иеленушілердің инновациялық мінез құлқына
негізділген, жаңа идеяларды табу және оларды қолдану, оларды нақты
кәсіпкерлік жобаларға сіңіруге шаруашылық етудің принциптерінің жаңа түрі.
Бұл негізінен тәуекелді іс, бірақ тәуекел етпеген адам ірі жетістіктерге
жете алмайды. Кәсіпкер өз ісін ашпай тұрып, өз интуициясына беріліп,
бәсеке нарығын өте жақсы игеріп, нақты есептеулер жүргізуі керек.
2. Кәсіпкерлік қызмет түрлері мен оларға әсер ететін факторлар
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады.
Олар: өндірістік, коммерциялық және қаржылық. Өндірістік кәсіпкерлікте
кәсіпкер өнім өндіру, қызмет көрсетумен (жұмыс орындаумен) тікелей
айналысады. Яғни, өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін негізгі болып
табылады. Коммерциялық кәсіпкерлікте тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары
анықтаушы роль атқарады. Ал, қаржылық кәсіпкерлікте бағалы қағаздарды
өндіруші ретінде орын алады, яғни, белгілі бір жағдайлар мен шарттарда
қаржылық тауар ретінде оларды сатады, орналастырады.
Кәсіпкерлік қызметіне әсер ететін факторлар ретінде мыналарды атап
өтуге болады:
- қоғамдағы саяси жағдай;
- ел экономикасының ахуалы;
- салық пен қаржы-несие саясатын жүзеге асыру механизмдері;
- кәсіпкерлікті қолдаудаң шаралары;
- халықтың өмір сүру деңгейі;
- кәсіпкерліктің өркениеттілік дәрежесі.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар
ұстауының кепілі, оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы
емес, оның тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін 3 факторлық жағдайды
ескеру қажет:
- кәсіпкерліктің құқығын қорғайтын жүйе жасау;
- тексеруші орындардың санын азайту;
- рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік
ресурстардың алудың қиындығы. Себебі, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік,
бизнес жоспар жоқ. Осы себептерден банктерде шағын бизнестерді
қаржыландыруға асықпайды. 5, 43б
Кәсіпкерлердң банктерден несие алудан бас тарту себептері:
- пайыздық өсімнің жоғары болуы,
- кепілдік талаптың тым қатал болуы;
- ақпараттың жетіспеушілігі;
- несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;
- банктердің кәсіпкерлерден аумақтық алшақтығы.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке тоқталар болсақ, банктік
нормативтер де бұл бизнесті қаржыландыруға ынталандырмайды. Банк
коммерциялық құрылым болғандықтан, оның басты мақсаты – табыс табу
болғандықтан, ол кіші жобалармен жұмыс істеуге бейімделмеген. Қазіргі кезде
аймақтарда: ұсақ сауда орын, кафе ашу, тазалау орындарын ашу сияқты өте
қарапайым жобалар ғана ұсынылады.
Жалпы кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін несиелердің жаңа схемаларына
көшіп, инвистициялық климатты дамыта отырып, шағын бизенспен тікелей
қызмет ететін, оның мұқтаждарын түсіндіретін қаржы институт құру мәселелері
қарастырылса деген ұсыныстар бар.
Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізетін факторлар
да бар. Бұндай неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілардің
өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін
жергілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметін
әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ
теория мен практикада келесі белгілер бойынша түрлері қалыптасқан: меншік
формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы,
құрылтайшылар құрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстық деңгейі мен
өсу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі. 14, 39б
Меншік формасына келетін болсақ, нарықтық экономикада кәсіпкерлік
негізінен 2 формада:
- мемлекеттік;
- жеке меншік формаларында дамып келеді.
Жеке меншік:
- индивидуалды;
- ұжымдық формаларында көрініс табады.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
- заңды;
- заңсыз;
- алдамшы болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы
кәсіпкерлікке анықтама беріп көрейік. Бұл кәсіпкерлік түрі азаматтарға,
ұйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен
айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа мүліктік
пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін құрылған коммерциялық
ұйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:
- жергілікті;
- ұлттық;
- халықаралық;
- әлемдік;
- аймақтық болып бөлінеді.
Құрылтайшылар құрамы бойынша:
- әйелдер;
- жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына
қолдау көрсетумен айналысатын ассоцияциялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде
“Ресей кәсіпкер-әйелдер ассоцияциясы” құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша
кәсіпкерлік ұйымдары:
- қарқыны өспелі ;
- даму қарқыны бәсең;
- жоғары табысты;
- рентабельділігі төмен ұйымдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды,
жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жұмыстарды
атқару,қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын
жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы
прогрессивті маркетингтік инновациялық менеджментін қолдануға кәсіпкерлік
қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі
еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т. б. болады.
Жалпы персоналдық тізімі, жарғылық капиталдағы басқа да субъектілер
үлесі бойынша: шағын кәсіпкерлік. Егер кәсіпкерлер ұйымды құруда
Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай
кәсіпкерлік “біріккен” деп аталады. 14, 76б
Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару
процессіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдар деп аталынады.
3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті
заңды тұлға құру арқылы және заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыруға болады.
Демек кәсіпкерлікті қатысушы меншік иелерінің санына байланысты жеке және
ұжымдық формаларға бөлінеді. Кәсіпкерліктің бұл формалары Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексімен реттелетін кәсіпорынның белгілі-бір
ұйымдық-құқықтық формалары шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерліктің
ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты
болады. Атап айтсақ, меншікті капиталының болуы, кәсіпкерлік қызмет
ерекшелігі, кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мерзімі, нарық жағдайы мен
бизнес ерекшеліктері т. б. Әрбір ұйымдық-құқықтық нысанның артықшылықтары
мен кемшіліктерін ескере отырып ең ұтымды және қолайлы нысанды таңдау
қажет.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы кәсіпорындағы
серіктестіктер арасындағы ішкі қарым-қатынасты, мемлекеттік органдармен
қарым-қатынасты және басқа да кәсіпорындармен қарым-қатынасты енгізген
нақты нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастырылу-құқықтық формасын таңдауға келесі
факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Өзіндік капиталдың болуы немесе оны
тарту мүмкіншілігінің болуы, кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен көлемі, жеке
тәжірибесі және нарық жағдайында кәсіпкердің ұйымдастырушылық әрекеті,
сонымен қатар басқа кәсіпорындардан ерекшелігі. Ұйымдастыру-құқықтық
формасын таңдау кәсіпкерлік жобаны іске асыру мүмкіншілігін қамтамасыз етуі
керек.
Ең бірінші кәсіпорын меншік түріне байланысты:қоғамдық және жеке болып
бөлінеді.
Қоғамдық, өз кезегінде, мемлекеттік және муниципалды кәсіпорын болып
бөлінеді. Олардың жиынтығы экономиканың қоғамдық секторын құрайды.
Жеке меншік шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, аралас
кәсіпорын, кооператив болып бөлінеді. Бұлар экономиканың жеке меншік
секторын құрайды.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорын оның иесінің санына
байланысты бөлінеді. Олар жауапкершілігі шектелген және шектелмеген болады.
Жауапкершілігі шектелген кәсіпорынға қорын салған тұлға кәсіпорын
міндеттемесі бойынша өз салымының шегінде ғана жауапкершілік алатындығын
білдіреді.
Шектелмеген жауапкершілігі бар кәсіпорынға қорын салған тұлға
кәсіпорын міндеттемесімен бірге, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте
болатындығын білдіреді.
Жеке меншік сектордағы кәсіпорындардың ұйымдастырылу формалары көп.
Жеке кәсіпорын азаматтардың жеке меншігіне негізделген. Оның иесі
барлық табысты алушы жіне шаруашылық қызмет нәтижесіндегі барлық
тәуекелділікті көтеруші бір жанұя немесе бір тұлға болып табылады.
Артықшылығы: табысты бөлу мәселесі туындамайды, салық салу жүйесі жай
және салықтық жеңілдіктер болуы мүмкін.
Кемшілігі: алғашқы капитал көлемінің аздығы, банктік несие алудағы
қиыншылықтар, үлкен іс бастау қиын.
Толық серіктестік мүшелерінің үлестік, пайық меншігіне негізделген,
заңдық тұлға болмайды. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызмет
нәтижесінде өзінің бар жеке мүлкімен толық жауапкершілікте болады.
Серіктестіктегі қаржылық жыл нәтижесінде салымдарына сәйкес құрылтайшылар
арсында бөлінеді. 7, 54б
Артықшылығы: қысқа мерзімде белгілі қорды шоғырландыру мүмкіндігі,
экономиканың түрлі саласына салым салуда әртараптандыруды қолдану.
Кемшілігі: серіктестіктің құрылтайшылар арсында пайданы бөлу
қиындығы, салық салуды жеңілдіктердің жоқтығы.
Аралас серіктестік үлестік меншікке негізделген. Аралас серіктестік
заңды тұлға болып табылады. Оның мүшелері өздерінің салым қорларының
шегінде жауапкершілікте болады.
Жауапкершілігі шектелген серіктестік – бұның жарғылық қоры тек
құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады. Әр қатысушы өз салымының
шегінде ғана өз міндеттемесіне жауап береді. Құрылтайшылардың салымы оның
пайн құрайды, жарғылық капиталдағы пай үлесіқатысушының пайдадағы үлесін
айқындайды.
Негізгі ерекшелігі құрылтайшылардың өз пайын ашық нарықта сатуына
тыйым салынады.
Акционерлердің кәсіпорын шығындары және міндеттемелері бойынша қаржы
экономикалық жауапкершілігі оларың қоғамдық капиталға салған салымдармен
шектеледі.
Акционерлік қоғамның қызметісің сипаттамасы мен бағыты әр түрлі болуы
мүмкін, жалпы мақсаты – табыс табу болып табылады.
Біріккен кәсіпорын – кәсіпорындармен келісімге негізделген ерікті
бірігуі. Олар: ассоцияция, концерн, одақ формаларында бола алады.
Артықшылығы: қауіптің және қаржылық шығын көлемінің азаюы, шикізат
көздерін немесе өндірістік базаны сатып алу, өндіріс шығындарын азайту.
Кемшілігі: бюрократиялық төбе-топтың пайда болуы, икемділікті жоғалту,
ішкі құрылымның қайшылығы.
Еңбек ұжымының мүлікті жалға беру және сатып алу негізінде құрылған
кәсіпорын. Бұл кәсіпорын бұрын мемлекеттік болған, содан соң жоғарғы
тұрған басқару органдарымен жал туралы келісім жасап, жал төлемін төлеп
және пайдасын қорландырады. Қазіргі кезде бұндай кәсіпорын мемлекеттен
мүлкін сатып алуға және серіктестік немесе акционерлік қоғам құруға құқылы.
Нарықтық қатынасқа өту жағдайында кәсіпкерліктің кооперативтік түрі
болды. Кооператив – бұл тұлғалардың бірлескен өндіріс және тауар өткізу,
сатып алу және тауар немесе қызметті тұтыну, құрылыс және тұрғын үйлерді
пайдалану мақсатында бірігуі.
Кәсіпкерліктің бұл түрінің кемшілігі кооператив мүшелерінің міндеттеме
бойынша шектелмеген жауапкершілігі болып табылады.
Жауапкершілікті шектеуге ұмтылу бірлестікке кіретіндердің экономикалық
қауіпсіздігіне кепілдік беретін кәсіпкерлер бірлестігін құруға алып келеді.
Корпорация – пайда табу мақсатында кәсіпкерлердің нақты шаруашылық қызмет
жүргізу үшін меншік капиталдарын бір үлкен капиталға жинақтау жолымен
бірігуі. Кәсіпкерлікті жүргізудің корпоративтік формасы екі түрде жүзеге
асырылады:жауапкершілігі шектелеген серіктестік және акционерлік қоғам.
Негізінде бұл екеуі де акционерлік қоғам ретінде болады, ал айырмашылығы
жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорын акцияларын шығаруға және
сатуға құқығы жоқ, ал акционерлік қоғам болса, міндетті түрде акция
шығарады, акциялар ерікті түрде сатылады және сатып алынады.
Кәсіпкерліктің тағы да бір түрі холдинг болып табылады. Ол күрделі
ұйымдастырушылық құрылымы бар алуан түрлі акционерлік қоғам сияқты болады.
Холдинг бақылау, басқару, несие-қаржылық және басқа да функцияларды жүзеге
асыруды алдына мақсат етіп қояды. Басты холдингтік компания рөлінде ылғи да
инвестициялық компаниялар болып табылады.
Кәсіпорындардың негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары осындай.
Экономика тек аз инициативаға негізделе алмайды. Қазіргі өндірістің
толағай масшабы шағын бизнестің дамуына, көтерілуіне ықпал жасайтын үлкен
көлемді кәсіпкерліктің барлығымен шарттастырылған. Кәсіпкерлік қызметіне
әсер ететін фоктарлар.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін 3 факторлық жағдайда

қаржыландыруға асықпайды.

болғандықтан, ол кіші жобалармен жұмыс істеге бейімдалмеген. Қазіргі кезде

қарапайым жобалар ғана ұсынылады. 6, 81б

қарастырылсы деген ұсыныстар бар.

өзінің инвистициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін
жергілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру барысында жүргізілетін тексерулердің өте көп болуы және
қабылданған заңнамалардың орындалу дәрежесінің төмендігі мен шикілігі.
4. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы Батыс елдерінде бәсекенің дамуы
әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі –
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым роль
атқарады:
- сауда
- автосервис
- құрылыс
- қызмет көрсету.
Қазір шағын кәсіпорындар жоғарғы технологиялық сфераларға: машина
құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық
қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына
әртараптандырылып жатыр. (1-кесте).
Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі кәсіпорындармен қатар қызмет
көрсетуі – дамыған елдер экономикасына тән белгі. Бұл тұрғыда нарықтық
экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-дағы шағын бизнесті дамыту
тәжірибесінің үлкен маңызы бар. Себебі, АҚШ-ғы тіркелген кәсіпорындардың 97
%-на жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар Жалпы Ұлттық Өнімнің
53%-не, көтерме сауданың 64%-не, бөлшек сауданың 72%-не, қызмет саласының
57%-не ие болып отыр.5, 18б
АҚШ-да кәсіпкерлік тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Ондағы шағын
бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
• бюджеттен тікелей дотациялау;
• мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда орналастыру;
• шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
• шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беріледі.
Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен
тәжірибеге ие болып отыр. Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады.
Себебі, шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары
технологиялы дамыған елге айналды. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз
жанында бірнеше шағын кәсіпорындар құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға
тәуелсіз және өздерінің ұйымдық құрылымын жасап, жаңа өнімдерін шығара
бастайды. Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне өндірістік өнімнің 55%,
көтерме сауданың 60%, бөлшек сауданың 80% тиеді. Жапонияның шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі – басымды бағыттарды
дамытудағы уақыт мерзімі. Сондай-ақ бұл елде кәсіпкерлікті мақсатты түрде
бюджеттен қаржыландырады.15, 48б
Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту – маңызды
мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында
бірқатар экономикалық шаралар жасалып, жүзеге асырылды.
1-кесте - Шағын бизнеске қатысушылардың жалпы жұмысқа қамтылғандар
санындағы әр елдегі үлесі.
Ел атаулары Үлесі %
Италия 80
Ұлыбритания 76
Жапония 73
Бельгия 72
Франция 69
Германия 64
АҚШ 53
Румыния 27
Венгрия 24
Словакия 23
Польша 23
Ресей 10
Белорусия 6
Хорватия 22
1995 жылы Ресей Федерациясында “Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
туралы” Заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі
жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады.
1994-1995 жылдары “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мелекеттік
программасы” жүзеге асырылды. Бұдан кейін Ресейде шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге РФ-ның шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлары
мен орталықтары кіреді. Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен
орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және
жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша
әр түрлі жеңілдіктерге ие.
1999 жылдың басына есептегенде Ресейде 900000-нан аса шағын
кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны
7 адамнан тұрды.6, 47б
Ұлыбританияда да шағын бизнеске көп көңіл бөлінеді. Онда шағын бизнес
субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 млн. фунт стерлингтен аспайтын,
активтер сомасы 1 млн. фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен
қамтитын кәсіпорындар жатады. Бұл елде мемлекеттік консультациялық қызмет
енді бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді.
Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде
мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты маңызды
қызметтер орта және шағын кәсіпкерлік салаларында. Францияда шағын
кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар кіреді.Ресми
деректер бойынша бұл елде шағын және орта кәсіпорындарда – 16500000 адам
жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істейді.
Францияда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайыздық өсімді мемлекет
бонификациялайды. Бонификация – бұл жеңілдету. Мұнда орталық бюджет арқылы
шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да қаржыландырады. Яғни, еңбек
пен әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Елде жұмыссыздар өз
кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.15, 67б
Шетелдік тәжірибеге қарап, елімізде атқарылатын іс-шаралардың әлі де
көп екенін байқауға болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz