Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі
Жоспар
Кіріспе 2
1-тарау. Қытай қайта түлеуде 4
1.1 Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі 4
1.2 Реформаның бірінші кезеңінен екінші кезеңіне өту 8
1.3 Қытай реформасының нәтижелері 10
2 тарау. Баға саясаты – Қытайдағы рынок экономикасына өту құралы ретінде
11
2.1 жоспардан рынокқа - баға саясатының үш сатысы 11
2.2 Шаруашылық жүйесін жетілдіру 14
2.3 Мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 26
Кіріспе
Өзімнің курстық жұмысымда мен қытайдағы экономикалық реформалардың
жетілу кезеңдерін және оның даму жетістіктерін ашып көрсетуге ұмтылдым.
Бұл үшін мен өзімді қызықтыратын жәйттерге арналған Қытай әлем
экономикасында, Халықаралық өмір, Өнеркәсіп өсімінің сапасы. Пекин,
Қытай елін тану, Қиыр шығыс проблемалары деген сияқты экономикалық
газет-журналдардағы мақалалар мен экономика бойынша оқулықтар және көмекші
оқулықтардың бірнеше бөлімдерімен таныстым, қажетті сұрақтар бойынша
бірнеше монографиялар қарадым. Сонымен қатар өзімнің адамдармен қатынасу
білімім мен тәжірибемді қолдандым.
Бұл жұмыстың тақырыбы мені өте қызықтырды, себебі Қытай біз үшін
қызықты, сол себептен, ол әлем шаруашылығының ажырамас бөлігі, тіптен
глобальды өңдеу фабрикасына айналды. Қытай – бұл біздің жақын және ең ірі
көршіміз ғана емес, бұл жер шары халқының төрттен бір бөлігі. Сондықтан да
ҚХР-ның Қазақстан рыногына кең ауқымды шығуы шынымен-ақ белгілі мағынада
біздің еліміздің әлем экономикасына интеграциялануын қажетті және шешуші
кезеңі болып табылады.
ҚХР территориясының көлемі бойынша әлем жүзінде үшінші орын алады –
орталық және шығыс Азияда орналасқан. Шығыстан батысқа ел 5700 шақырымға,
солтүстіктен оңтүстікке 3650 шақырымға созылып жатыр. Ел 15 мемлекетпен
және территориялармен шектеседі. Ұзындығы бойынша ең үлкен шекара ол
Қытайдың ТМД мемлекеттерімен шектесуі (ҚХР барлық шекарасының 1\3 бөлігін
алып жатыр).
ҚХР-дің теңіз жағалауына орналасу жағдайы өте қолайлы. Теңіз
шекарасының ұзындығы 15 мың шақырым шамасында (7 провинция-теңіз
жағалауында). Янцзыдан 2,7 мың шақырымға созылған өзен жолының игілігімен
елдің терең орналасқан аудандары да теңізге шыға алады. Қытай Сары, Шығыс-
Қытай және Оңтүстік Қытай теңіз суларымен шайылып жатыр. Оларды кеме жүзу
және балық шаруашылығы үшін қолданылады.
Елдің әкімшілік-территориялық бөлінуі де ерекшеленеді: 22 провинция, 5
автономиялық аудан және орталыққа тәуелді 3 қала (Пекин, Шанхай, Тяньцзинь)
бар.
Қытай - әлемдегі ең ірі державалардың бірі. Оның территориясында әлем
халқының 21%-нан астамы тұрып жатыр. ҚХР шаруашылығы даму үрдісінің жоғары
болуының тұрақтылығымен сипатталады. 1980-1998 жылдар аралығында жалпы
ұлттық өнім 4,5 есе өсті, оның орташа жылдық қарқыны 11-12% құрады.
70-ші жылдары ҚХР дамуы экономикалық реформалар және ашық сыртқы
экономикалық саясат жүргізу курсына байланысты 1978 жылы желтоқсанда болған
11-ші шақырылымындағы ККП ОК 3 пленумы партия және үкімет жұмысының барлық
күш-жігері экономикалық мәселелерге көшу туралы шешім қабылдап, елдің
экономикалық модернизациясы міндетін құқықтандырды. қытай жағдайына сай
экономикалық даму жолына түсудің бастамасы сияқты қарастырылады.
Модернизация бағдарламасын орындау мерзімі, экономикалық реформаны іске
асырудың нақты жолдары қайта-қайта қарастырылса да, негізгі мақсаттар
өзгеріссіз қалады және оның мәні Қытайды бай, демократиялық, социалистік
халқының орташа адам басына кірісі жағынан әлемдегі орта дамыған елдер
қатарына жеткізу.
Қойылған мақсаттар жетістігі екі шаруашылық жүйені: жоспарлы-
үйлестіруші және рынокты қолданумен сәйкестелетін Социалистік рынок
экономикасының құрылуымен, рынок элементтерін біртіндеп нығайтумен және
орталықтан бөлудің азаюуымен, меншіктің басқа түрлері формасының бөлігі
үлкейгенде мемлекеттік сектор бөлігінің кішіреюі, жөнге салынатын
мемлекеттік және тәуелсіз рынок бағаларының бар болуымен байланысты.
Шаруашылық механизмінің түрлендірілуі Қытайда уақыттың жүйелік ыңғайын
талап ететін кең ауқымды есеп ретінде қарастырылды, бұл дербес жағдайда
1997 жылдың қыркүйегіндегі КПК 15-съезінде Цзянь Цземин баяндамасында
белгіленген. Қытайдың басқаруы бойынша социалистік рынок экономикасы жүйесі
толық көлемде 20-30 жыл ағымында көптеген қиындықтар мен проблемалардан өту
арқылы құрылуы мүмкін.
Алғашқыда, 70 жылдардың соңында реформалар жоспарлы экономика –
негізгі, рыноктық реттеу – көмекші деген ұран бойынша іске асырылатын,
мұнда негізгі көңіл жеке сектордың дамуына, қатал қадағаланатын
кәсіпорындардың шығуына, мемлекеттік кәсіпорынға жоспардан жоғары өнім
шығаруға құқық беру, жанұялық қатарын енгізу мен халық шаруашылығын
келісімді баға енгізумен жоспарлы бағаның жетілуіне қойылды.
1984-1990 жылдар аралығында түрлендірудің арнайы моделі социалистік
тауар шаруашылығы жүйесін құру болды.
Орталық роль өзгеріс жүйесі – бағасы орталық мемлекет тағайындайтын
тауар номенклатурасының біртіндеп қысқаруы, тұтыну тауарлары бағаларын
еркін ауыстыруға өту реформасына бөлінді.
Баға реформасы бірнеше кезеңде жүргізілді. Алғашқыда әсер ететін
мемлекеттік бағаны жетілдіру олардың шығынының нақты дәрежесіне жақындауы
бойынша шаралар қабылданды.
Екінші кезеңде өндірістік және тұтыну тауарлары шеңберін толықтыра
түскен бағаның біртіндеп либерализациясы іске аса бастады.
1990 жылдың басында реформаның рыноктық бағыты кеңейіп және мақсатты
модель ретінде социалистік рыноктық экономика түсінігін құрай бастады.
Қытай мамандарының ойынша, социалистік рынок экономикасының маңызды
сипаттамасы болып экономикада қоғам меншігімен бірге көп меншіктіліктің
болуы деген пікір бар.
1-тарау. Қытай қайта түлеуде
2003 жылдың желтоқсан айында Қытайда ККП ОК 3-ші пленумының 11-ші
шақырылымының 20 жылдығы атап өтілді, онда партияның барлық жұмысының
негізгі күш-жігері экономиканы құруға көшуді жариялап, осымен Қытай
экономикасының реформасына бастама қойған. Нақтырақ айтсақ, Қытай қоғамының
келбетін өзгертуге бағытталған толығымен реформалау дәуіріне бет бұрған.
Реформа термині қытай тілінде екі иероглифтермен – гай және гэ
қайсының екіншісі біріншісі сияқты өзгеріс және осыған қоса тері деген
мағынаны білдіретіндіктен қытай реформасын түлеу деген сияқты образбен
анықтауға болады. Реформаның арқасында қытай жаңа мыңжылдық табалдырығын
басқаша келбетпен және жалпы әлемдік тарих барысына әсер ететін басқа
мүмкіндіктермен аттады.
1999 жылдың ақпанында Мәскеуге ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері -
экономикалық патша Чжу Жунцзидің ресми түрде баруы нәтижелі болып, оның
Б. Ельцин және Е. Примаковпен келіссөздері ондағы болып жатқан өзгерістерді
көруге қосымша мүмкіндік берді.
Қытай реформасының бүкіл жиырмажылдық циклының ұзақтығы жөнінен бірдей
бағаланатын екі кезеңге – 1989 жылға дейін және одан кейінге бөлуге болады.
1.1 Рыноктық реформалардың алғашқы кезеңі
1958 жылы ККП 8-съезінің 2-сессиясы Мао Цзэдунмен ұсынылған үш қызыл
белгі (үлкен секіріс, жаңа басты сызық, халық коммуналары) саясатын
қабылдады. Ол кезде алдына бес жыл ішінде (1958-1962) өнеркәсіп өндірісін
6,5 есе, ауыл шаруашылық өндірісін 2,5 есе өсіру есебі қойылған болатын.
Шаруалардың жеке меншігімен қоса ауыл шаруашылығын толығымен мемлекеттік
меншікке көшіру жүргізілді. мемлекеттік меншікке көшіру күнделікті өмір
аясын да өзгерткендіктен адамдар ортақ асханадан тамақтанатын болды. Бірақ
Мао Цзэдуннің айтқан үш жыл қажырлы еңбек - он мың жыл бақыт уәдесін
орындаудың орнына елде 1958-1961 жылдарда аштық орнады.[1]
Үлкен секіріс (1958-1962ж.ж.) және мәдени революция (1966-
1977ж.ж.) жылдары 70-жылдардың басында халық шаруашылығының төмендеуіне
және ҚХР-да экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне әкеліп соқты. Өнеркәсіп
және ауылшаруашылық өндірісі біршама құлдырады, мемлекеттік кіріс қысқарды,
транспорт жұмысы ұйымдастырусыз қалды, халық өмірінің деңгейі
төмендеді.[2]
ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының деректері бойынша
жұмысшылар мен қызметшілердің орта айлық жалақысы 1957 жылғы 657 юаннан
1977 жылы 607 юанға түсті, карточкамен таратылатын негізгі тамақ өнімі
азайды.
Социализмнің құрылуы үлкен секіріске дейін репрессия лаңымен бірге
жүрді. Мысалы 1950-1952 жылдары жер реформасы және үлкен дербес жер
иемденуді жою барысында 1 млн.-нан 2 млн.-ға дейін адамдар көз жұмды.
Елдің ішкі жағдайы бұл кезде биліктің ең шыңында болып жатқан
толастамайтын күреспен шиеленісті, Мао Цзэдуннің саясат аренасынан кету
сәтінің жақындауы күрестің өршіуімен ұласа түсті.
Билік шыңындағы күрестің күшеюі 1975 жылдың қарашасындағы оң
пікірлерді қайта қарау тенденциясының құқығына сүйенуге қарсы күресумен
есте қалды. Бірақ та жақын арада мұндай шараның шегі кеңейе түсті және ол
Қытайдың барлық облыстарындағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне
әсерін тигізді. Бұл шараның басты объектілері болып Мәдени революцияның
эксцесстеріне қарсы шыққан ҚХР партиясы мен үкімет кадрлары болып табылды.
Құқық тексерушілік сенімін сынға алушылар бірлестігі Мао Цзедун
өміріндегі синологиялық әдебиетте сол және прагматиктер деп атайтын
Қытай басқармасындағы екі негізгі фракциялар арасындағы билікке күрестің
соңғы эпизоды болды.
1976 жылдың 9 қыркүйегінде Мао қайтыс болды. Осы кезден бастап билікке
күрестің жаңа кезеңі басталды, мұның нәтижесінде 1976 жылдың қазан айының
басында төрт қарақшы деген бірлестік тақтан түсірілді: Джан Чуньцао, Ван
Хуньвэнь, Цзян Цин және Яо Вэньюань. Төрттіктің билік басынан жылдам
кетуі мәдени революция барысында лидерлер тарапынан шыққан, сонымен
қатар, Мемлекеттік кеңес премьері болып отырған және төрт қарақшы
процесін бастаған Хуа Гофэнді әскери округтің беделді басшылары мен
қорғаныс министрі Е. Цзянь-ин қолдап, партияда, армия және халықта
наразылықтың жиналғандығымен сипатталады. 1977 жылдың соңында 10
шақырылымының ҚКП ОК үшінші пленумында Хуа Гофэн ҚКП ОК орынбасары және ҚКП
ОК әскери кеңесінің орынбасары болып тағайындалды. Негізінен, ол
төрттіктің құлдырауынан кейін-ақ партия басшысы болып жарияланған
болатын.
Сол уақыттағы көзқарастарда жаңа күрделі келіспеушіліктер айқындала
бастады және Қытай басқаруындағы фракциялық күрес шиеленісе түседі. Хуа
Гофэн мәдени революция кезеңінің кейбір ұстанымдарын дұрыс деп қарап, Мао
Цзэдуннің барлық дерлік саяси шешімдерін қолдауға және оның барлық
бағыттарына мүлтіксіз бағынуға шақыратын қос абсолюттік саясатты жүргізе
бастады.
Дэн және оның маңайына топталған үлкен ұрпақ жұмысшылары басқа
позицияда болды, өйткені олардың басым көпшілігі Мәдени революция
кезеңінде опық жегендер еді. Ол ескіріп қалған әлеуметтік-экономикалық
ұстанымдарды едәуір радикалды түрде қайта қарауға, Маоның пікір-саясат
мұрасын және мәдени революцияны қайта бағалауға бағытталған еді.
1978 жылдың көктемінде Дэн маңайына топталған күштер қажетті нәтиже
бере алатын және сонымен қатар, елде ушығу болдырмайтын бастаманы
қамтамасыз ететін, талан-таражға түскен маоизмнің саяси ұстанымдарын кең
ауқымды тексеруді бастайтын насихаттың және саяси әсер етудің осындай
нысанын белсенді түрде іздеді.
Маоизм саяси мұрасының қайта бағалануында және жалпылай басқарудың
партиядағы билік үшін жалғасқан күресіндегі маңызды кезеңі 1976 жылғы
Тяньаньмынь алаңындағы сәуір оқиғасын ақтау болды.
Бұл жерде екі лидердің (Хуа Гофэн немесе Дэн Сяопин) қайсысының жеңіп,
қайсысының жеңілгендігі белгілі. 1978 жылдың күзінде Тяньаньмынь оқиғасы
бүтіндей және толығымен ұлы революциялық қозғалыстың революциялық оқиғасы,
Қытай ұлтының мақтанышы, өмірге емес, Қытай тағдыры үшін, өлімге бас тігуі
деп есептелді.
1979 жылы Қытай басшылығы 1980 жылдардан келесі ғасырдың ортасына
дейінгі елдің экономикалық дамуының басты стратегиясын құрды: бірінші қадам
– 1981-1990 жылдардағы ЖІӨ-ді екі есе көтеру, жоспарлы экономиканың рынокқа
көшуі; екінші қадам – 1990 жылдан 2000 жылға дейін – ЖІӨ-ді 4 есеге өсіру,
кедейшілікті жою, социалистік-рыноктық экономиканың негізін салу; үшінші
қадам – 2000 жылдан 2050 жылға дейін – ҚХР-дің ұлттық өмір дәрежесін орта
дамыған елдердің дәрежесіне көтеру және ЖІӨ-ді 2000 жылғы деңгейінен 4
есеге көбейту.
Жаңа әлеуметтік-экономикалық стратегия өсіп бара жатқан дағдарысты
жеңуге, өсімді арттыруды және бір мезгілде теңестіруді, тұрғындардың
өмірлік дәрежесінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталды. Оның негізіне келесі
ұстанымдар қойылды: рыноктық қатынастардың кеңінен орнатуы, социализмді
жоспарлы тауарлы шаруашылық ретінде тануы, жекеменшіктің көп формаларын
және шаруашылық формаларын қолдану, автаркистік дамудан бас тарту және ашық
экономикаға өту. Негізгі бағыт үшін жалпыға бірдей жағдай орталықтандыруды
және әкімшілік қысымды жою, шаруашылық аймақтарды және кәсіпорындарды
жекешелеу, ұжымдық және жеке ұсақ кәсіпорындардың мүмкіндіктерін ұлғайта
түсу, рыноктық қатынастарды біртіндеп іске қосу және директивтік жоспарлау
мен қор үйлесімділік шеңберін қысқарту, жалақы өсімін шектеу алынған
болатын. Шаруашылық механизмін жетілдірудің негізгі бағыты құқықты
төмендегілерге жүктеу, атап айтсақ, меншік жүйесінде түпкілікті өзгеріссіз
орындардағы өзіндіктік шаруашылығының кеңеюі болып табылды.
Реформаның жалпы бағыты бұрынғы жоспарлы жүйеге альтернатива ретінде
және казармалық коммунизм рухындағы қайғылы белгілі әлеуметтік
эксперименттерден бас тарту басынан-ақ айқын болса да, іс-әрекеттің жалпы
бағдарламасын құрудың белгілі бір бөлігі ойдан ала салудан тұрса да өте
қиынға түсті.
Реформистік лидерлер көбінесе өзендегі аяқ астындағы тастарды сезініп
кешіп өту деген халық даналылығына сүйене отырып жағдайды әрқашан да дұрыс
бағалай алмады. Жалпы реформа шаруашылық механизмді ғылыми-техникалық
прогресс талаптарына көтеруге бағытталған модернизацияның жалпы
бағдарламасында кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық эксперимент түрінде
болды.
Қытай реформаторлары шаруалар тілектерінен қолдау таба отырып
коммуналарды таратты. Ауыл шаруашылығының өсуіне ұйымдасқан шаралардан
басқа ауылшаруашылық және өндірістік өнімі бағасының жөнге келуі және
аграрлы салаға капитал салымының өсуіне әсер етті. Селолық өндіруші
рыноктың ынталандырылуы мен бостандыққа жылдам бейімделе алды және осынша
қысқа түрде болса да мемлекет пен деревнялар арасындағы бөлек қатынастардан
рыноктық қатынастарға өтуіннің жетістіктері шапшаң байқала бастады.
Реформаның бірінші онжылдығында құрылған квазирыноктық жүйенің
іргетасы шаруашылық механизмнің дуализміне және өзіндік нормативтік
плюрализмге негізделді: тек әртүрлі ғана емес, сонымен бұйымдардың бірдей
түрлеріне директивтік бағалар рыноктық бағаға жақын болды; айналымда халық
ақшасымен қатар валюталық сертификаттар да жүріп жатты; ресми валюта
курсынан басқа кәсіпорынның бос қаржыларын валютаға айырбастайтын курста
болды; еңбекке ақы төлеудің де алуан түрлі сипаттары болды.
Реформаның бірінші онжылдығының нәтижелерін қортындылай отырып, кейбір
қытай экономистері өткізілген шаралардың шалағайлықтың және
ізденушіліктің шектен шықпағанын және бұрынғы шаруашылық жүйесінің
негізіне нұқсан келтірмегендігін атап айтты.
Реформадан күткен шапшаң дамуға көшуі, өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз
етудің және оның нәтижелі болуының орнына экономикалық өсім үрдісінің
шапшаң үдеуі, мұның артынша капитал салымының артуы, әртүрлі
диспропорцияның тереңдеуі, өнімнің тауар түрінде жиналып қалуы және оның
сапасының төмендеуі орын алды.
1986 жылдан бастап-ақ реформаға наразылық өсе бастады. әсіресе
қорқынышты жағдай 1988 жылы туды, мұнда инфляция әлеуметтік белгіленген
деңгейден асып кетті, ал баға өсімі жалақы өсімінен басып озды. Юанның
құлдырауы және жақын арада болатын қаржы реформасы туралы сыбыстар халық
үрейін туғызды. 1988 жылдың жазында банктерден жаппай ақша салымдарын кері
алу және сұраныстың күрт өсуі байқалды.
Сыбайлас жемқорлық және басқа экономикалық қылмыстар халық наразылығын
өршіте түсті. Рыноктың жалпы мемлекеттік болуы шикізатқа және басқа
материалдық-техникалық ресурстар үшін аймақтық шайқастарға тап болды.
1988 жылдың қыркүйегінде өткен ҚКП ОК 13-ші шақырылымының үшінші пленумы
халық шаруашылығында тәртіп енгізу және экономикалық ортаның дұрысталуы
есебін жариялады, бірақ ұтымды кезеңді өткізіп алды және экономикалық
тұрақсыздық саяси тұрақсыздыққа ауыса бастады.
КСРО демократиясының гүлденгені туралы хабардан өрби түскен қоғам
наразылығы халықтың басым бөлігі қолдаған студенттер манифестациясына
ұласумен көрініс тапты. Көптеген адам құрбан болған Тяньаньмынь алаңындағы
митингіге шыққан студенттерді қатыгез қырып жою көрінісі Қытай басшылығының
дүние жүзіндегі беделін түсіріп елдегі реформаның екі жыл бойына құлдырауға
әкеп соқты.
1.2 Реформаның бірінші кезеңінен екінші кезеңіне өту
Реформаның бірінші онжылдығы оның іске асу жолын таңдаудың қиындығының
өрши түсуімен қортындыланды. Студенттер толқуы кезеңіндегі көзге түскен
реформатор-радикалдар лагерінде рыноктың абсолютті орнығуына арқа
сүйейтіндер, қарапайым дербес меншіктік қатынастар, елдің мемлекеттік және
саяси енгізулері өзгерістеріне сәйкес келетін саяси және экономикалық
демократияның кеңінен дамуы сияқты құбылыстар аз болған жоқ. Капиталистік
бағыттағы талпыныстардың әлеуметтік базасын жаңадан пайда болған
кәсіпкерлер, ғылыми және творчестволық интеллигенция өкілдері және
радикалды көзқарас ұстанған студенттер құрады. Мұндай көзқарасты премьер
Чжао Цзыянның маңайына топтасқан және қазір эмиграцияда өмір сүріп жатқан
көрнекті ғалымдар Чэнь Ицзы мен Су Шаочжи ұстанды. Чжао Цзыянның өзі
наразылыққа ұшырап өзінің орнынан айрылып қалды.
әртүрлі күштердің қарсы күресуіне Дэн Сяопиннің белсенді араласуы өз
нәтижесін берді және ол 1990 жылы рыноктық экономиканың дамуы капиталистік
жолмен тепе-тең емес дегені көзқарасты ұсынды.
Реформаның тереңдеу кезеңінің басты бағыттарының бірі - экономиканың
мемлекеттік сектор реформасы болды. Бұдан бұрын реформаторлардың күші
негізінен мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялануына және олардың жеке
шаруашылығының кеңеюіне бағытталған болатын. Кәсіпорындарға өндірілген
табыстың бір бөлігіне құқық беріліп одан кейін олардың 1987 жылдан
шаруашылық жауапкершіліктің қатарлық жүйесіне көшуі олардың бюджеттік
қаржылануға толықтай тәуелділікке тосқауыл қойды. Әйтсе де кәсіпорындарды
толықтай жеке тауар шығарушы ету, олардың экономикалық тиімділігін көтеру
және ұдайы құлдырауы - бұл шаралар арқылы айыру мүмкін болмады.
1997 жылы өткен қалған ҚКП 15-съезінде ірі корпорацияларды құруды, кең
техникалық реорганизация жасауды және басқарудың ғылыми әдістерін жүргізуді
көздеген мемлекеттік сектор модернизациялаудың бағдарламасы жарық көрген
еді. Қазіргі заманғы кәсіпорын жүйесін құру процесі екі кезеңге бөлінеді.
Орта кезеңі – кәсіпорындардың коммерциялануы деп аталынған, мұнда
олар өзін-өзі өтеудің бастамасына көшеді, кең шаруашылық өзіндік меншікке
ие болатын заңды тұлға рөліне көшіп, бұл заңды және экономикалық меншіктің,
саясат пен экономиканың толық бөлінуі туралы айтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар кәсіпорын меншігі – кәсіпорынның табыс реинвестициясынан
құралған және кәсіпорында мемлекеттік бюджетпен есептескеннен кейін де қала
беретін фонд бөліктеріне толықтай өзіндік құқық берілуі біртіндеп құрыла
бастады.
Осылайша меншік дуалистикалық сипатқа ие болды. Кәсіпорын мүлкінің
бөлігіне толықтай меншік жасай алатын мемлекет олардың қызмет ету кірісінің
бөлігіне құқылы; саяси билік ретінде ол кәсіпорынды фондты қолданғаны үшін
де одан салық алады. Кәсіпорынды қаржыландыру бюджеттен емес кредиторлар
құқығы бар мемлекеттік мүліктің сақталынуы мен көбеюін қадағалайтын
мемлекеттік инвестициялық компаниялар арқылы іске асырылады. Инвестициялық
компаниялар өздерінің ұзақмерзімді қызығушылығымен жеке шаруашылық ұйым
ретінде өмір сүреді.
Қорытынды кезең – мемлекеттік меншікте инфраструктураның едәуір қажет
объектілері (темір жолдар, телефон және телеграф байланысы, электр және
сумен қамтамасыз ету және т.б) және жаңа капиталдық салымдар (мемлекеттік
несие-қаржылық мекемелер табысы негізінде) негізінде құралған кәсіпорындар
қалады. Қалған барлық кәсіпорындар өздерінің мемлекеттен оның бөлігі үшін
алған төлем арқылы құралған мүлкінің толық құқылы меншігі рөлінде болады.
Мыңдаған едәуір ірі және қажетті мемлекеттік кәсіпорындар ең кең көлемді
шаруашылық өзіндікке ие болатын корпорацияларға айналдырылады.
1994 жылдың басында салық жүйесі саласында реформалар қатары арқылы
іске асырылды. Кәсіпорынның барлық түрлеріне бірдей жалпы табыстан бұрынғы
55 пайыздың орнына 33 пайыздық өлшемде табыстық салықтың төмендетілген
ставкасы енгізілді.
Салық реформасының тағы бір қажетті бағыты – орталық және жергілікті
бюджет арасында региондық қаржы тәртібінің салықтың бөліну жүйесіне алмасуы
болып отыр. Орталық салыққа кедендік баж, мемлекеттік кәсіпорындардан және
шаруашылық өңірінің анықталған түрлеріне (банктік және сақтандыру қызметін
қосқанда) табыстық салық кірді; жергіліктіге – жергілікті жерге бағынатын
кәсіпорынға салынған табыс салығы, жеке табыс салығы және т.б. жаңа жүйенің
енгізілуі региондармен жаңа салық құлдырауынан түскен шығындардың орнын
толтыру 5 жылға есептелген.
1992 жылы ортақ мемлекеттік бюджет екі бөлікке бөлінді: қалыпты бюджет
және даму бюджеті. Алғашқысы салықтың негізінде, кейінгісі кәсіпорындардан
түскен салықтық емес кірістен, бюджет қорынан қалыпты бюджеттен оң
сальдомен қоса есептелетін түсімдер негізінде құралады.
Несие-қаржылық жүйесінің реформасы жоспарында коммерциялық және
коммерциялық емес несие-қаржылық операциясының сәйкес қаржы мекемелерінің
функциялар тармағымен шектелуі жүргізілді. Несие-қаржы саласындағы
макрореттеуді іске асыруда басты мемлекеттік институт ретіндегі орталық
банк статусы 1995 жылы Қытай Халық Банкі туралы Заңында бекітілген.[3]
Соңғы онжылдық сыртқы әлемге қатысты ішкі рыноктың шапшаң ашылуымен
сипатталады. 1994 жылы Ішкі сауда туралы қабылданған Заңда экспорттың
және импорттың директивті жоспарлауын, бірқатар тауарлардың экспортын және
импортын квоталау алып тасталынған, ішкі экономикалық даму саласында
кәсіпорындардың дербестігі баса айтылған.
Біртіндеп әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі реформасы ене бастады. 1986
жылы екі жылғы эксперименттен кейін зейнеткерлік қамсыздандырудың
орталықтанған жүйесінің тұрақты енгізілуі туралы шешім қабылданды.
Кәсіпорындар жергілікті органдармен бекітілген әлеуметтік сақтандыру
нормативтеріне сәйкес қалалық және провинциялық зейнетақы қорына қор бөле
бастады.
Қызмет көрсету аясының кеңеюі және тұрғын үймен қамтамасыз етудің
негізінен халықтың өзінің қорын кірістірумен өңделуде болды. Егер бұрын
тұрғын үйді тегін бөлу кезінде өзінің тұрғын жағдайын жақсарту қиынға
соқса, ал қазір тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі пайда болды, бірақ та оның
бағасы жоғары қалпын сақтауда. Тұрғын үйлерді жеңілдік бағамен немесе
қарызға беру арқылы жұмысшыларына сататын кәсіпорындар сатып алады, бірақ
жақын болашақта тұрғын үй рыногын едәуір кеңейту жоспарлануда.[4]
1.3 Қытай реформасының нәтижелері
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе экономика реформасының
негізін құрайтын 1992 жылы Дэн Сяопин шығарған үш мәселені атап көрсеткім
келіп отыр. Бұл елдің өндірістік күшін, оның кешенді экономикалық және
саяси қуатын өсіру, халықтың өмір деңгейін арттыру болатын. Қытайды қуатты
және гүлденген державаға айналдыру мақсаты ұзаққа созылған жалпыұлттық
идеяға айналды.
Экономикалық реформалардың екі онжылдық көлемінде үлкен секіріс және
мәдени революция атты екі әлеуметтік эксперимент түрінде құлдыраған,
көршілерімен әскери қақтығыстарға барған, өзінің шектен тыс көп халқын
жайғастыра алмай тұрған Қытай көз алдымызда халықаралық аренада өз жағдайын
нығайтып алып, өз күшіне сенімді халқы бар және болашаққа үлкен үмітпен
қарай алатын күшті дамушы елге айналды.
2 тарау. Баға саясаты – Қытайдағы рынок экономикасына өту құралы
ретінде
Экономиканың өтпелі түрінің сипаттаушы қасиеті болып баға жүйесіндегі
және баға саясатындағы түпкілікті өзгерістерді атап айтуға болады. Бұрын
басты міндет ретінде есептегіш функциясын атқарған бағалар Қытайда
алғашқыда 70-ж. соңы мен 80-ж. басында орын алған күрделі экономикалық
жағдайды реттеудің көмекші әдісі ретінде, кейінірек – социалистік тауар
экономикасы дамуының қажетті құралы ретінде, ал соңғы уақытта – социалистік
рынок экономикасы жағдайында макроэкономикалық бақылау механизмінің негізгі
элементі ретінде қарастырыла бастады. Нәтижесінде, тауарлар бағасы
негізінен еркін жібертілді, бұдан былай түрлі тауарлардың 90%-іне іс
жүзінде баға деңгейі рыноктағы соңғы ұсыныс пен сұраныстың қатынасымен
реттелінді, ұсыныс пен сұраныс қатынасының әсерімен ауытқып отыратын
бағаның әртүрлілігі, сол және басқа өндірушілердің өндіріс тиімділілігі
сонымен қатар берілген өнімнің сапасы енгізілді; тауарлық аймаққа өндіріс
факторлары (өндіріс құралы, ақпарат, жұмыс күші және қаржы рыногы) қоса
енгізілді.
Бұрын қытайдың ресми экономикалық ғылымы өндіріс факторы құнның бар
екендігін мойындамайтын, сондай-ақ өндіріс факторына тауар түсінігінің
теліну мүмкіндігін ескермейтін. Өндірістік кәсіпорындардағы, астықтың
айналу жүйесіндегі, жылжымайтын мүлік және қаржылық саладағы реформа баға
құрылымы саласындағы саясатты қайта қарастырмайынша мүмкін болмайтын
еді.[5]
20 жыл ішіндегі реформа кезеңінде баға орташа есеппен 3-4 есе өсті.
Егер қайта реформалау уақытындағы халық кірісіне қатысты жеткілікті жоғары
ағындық баға деңгейін ескерсек, онда бұл өсімді экономикаға да, халыққа да
қатысты жеткілікті қысым деуге болады. Постсоветтік (КСРО құлдырағаннан
кейін құрылған елдер) және постсоциалистік (Шығыс Еуропа елдері) кеңістікте
экономикалық жүйелерді реформалаудағы тәжірибе экономикалық дамудың
рыноктық моделіне өту өзгеріссіз жиі қауіпті деңгейге апаратын инфляция
үдеуінен және бағаның өсуінен шығатынын куәландырады.
2.1 жоспардан рынокқа - баға саясатының үш сатысы
Қытай басшылығының саясаты 20 жылғы реформа кезеңінде баға құрылымы
саласында шаруашылық жүйе реформасының мақсатты концепциялары өзгерісінен
және баға құрылымының ондағы орны мен рөлін қайта қарастырудан туындаған
өзгерістерді басынан өткерді. Баға құрылымы реформасын іске асыруда төрт
кезеңді бөліп көрсетуге болады: 1979-1984ж.ж. – дайындық кезеңі, мұнда
негізгі күштер едәуір күшті экономика қарама-қайшылығын жұмсартуға
бағытталды; бұл жылдары реформа облысындағы өзгерістер жоспарлы экономика
– негізгі, рыноктық реттеу - қосымша деген ұранмен өткізілді; 1984-1992жж.
– бірінші кезең, мұнда реформаның негізгі есебі жоспарлы тауар
экономикасын құру ретінде қалыптасты; ол рыноктық баға қолданыс аймағы
кезеңінің кеңеюімен, шаруашылық жүйесінің реформасына жоспарлы және
рыноктық көзқарастары арасындағы күреспен және соңғысының түпкілікті
жеңісімен сипатталды.
Екінші кезеңнің (1992-1996 жж.) ерекшелігі әлеуметтік рыноктық
экономикасының құрылысы курсының іске асуынан және тауар мен қызметтің
барлық түрлерінің бағасының шапшаң өсуінен туындаған бағаның кең көлемді
либерализациясы болды. 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралық – үшінші
кезең, мұнда елдің ішкі сұранысы дағдарысының әсерінен инфляциялық
тенденциялары дефляциялыққа ауысты, өз кезегінде бұл Қытай экономикасын
макро және микродеңгейде реттеу әдістерін өзгертуді талап етті.[6]
Реформаның дайындық кезеңінде (1979-1984) баға құрылымдық механизмінің
өзгерісі бағаны бекіту құқығын орталықтан жергілікті билік органына
ауыстыруға, едәуір сіңіп кеткен орталықтанған жоспарлы жүйелерге тән
құрылымдық диспропорцияның ескіруіне, ауылшаруашылық өніміне, көмір және
саудалылыққа дәстүрлі түрде төмендеген төлем құнының 20-30% кезеңді өсуіне
әкеп соқты.
Баға өзгерістері жанұя жүйесінің енгізілуімен бір мезгілде жүргізілді
және аграрлы сектордың үлгерімді түрлендірілу негізін қалады. Өнім
бағасының жергілікті, мезгілдік және өндірістік ерекшеліктерге байланысты
көптеп енгізілуі баға жүйесін түрлендірудің қажетті сәті – оның рыноктық
қайта құруының бастамасы болды.
Келесі кезеңдегі (1984-1992жж.) баға саласының саясаты Қытай
басқармасы ортасындағы жоспар және рыноктық тараптар күресін бейнеледі,
яғни баға мысалында реформаның басқа мақсаттарын шығаратын процесс және оны
іске асыратын әдістер: баға либерализациясы көлемінің біртіндеп өсуі (1985
және 1988жж.) баға өзгерісіне мемлекеттік бақылау мен жоспарлық бастаманың
күшеюімен алмастырылуы анық бақыланады.
Кейінірек, жетінші бесжылдық (1986-1991) жоспар жобасында жаңа
типтегі социалистік шаруашылық жүйенің жағалаулары анық бейнеленген, өз
кезегінде ол үш өзара тығыз байланысты аспектілерге әкелді: ірі және орта
мемлекеттік кәсіпорындардың өміршеңдігін күшейтті және оларды жеке
шаруашылық, әлеуметтік тауар өндірушілер табысы мен шығынына өзі жауап бере
алатын дәрежеге жеткізді; әлеуметтік тауар рыногының ары қарай дамуына,
рынок өндіріс құралының, капитал және т.б. біртіндеп жетілуіне;
кәсіпорынның шаруашылық жүрісіне мемлекеттік бақылауды әскери бақылауға
ауыстырды. Осы міндеттерді жүзеге асыру жоспарлау және баға орнату
саласындағы, сондай-ақ қаржы және ақша-несие жүйесінде, еңбек және жалақы
төлемі жүйесіндегі реформаларды жүзеге асыруды көздеді. Мұндайда негізгі
роль баға орнату реформасына берілді.
80-жылдардың екінші жартысында көне шаруашылық жүйеден жаңа бағалардың
“екі қадамдық” жүйесін пайдалану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz