Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің өмір сүруі мен түрлері.
1.1. Жеке және жалпы тепе-теңдік.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Жалпы тепе-теңдік шарттары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік.
... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.4.Кейнс қисығы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
1. 5. Автономды шығындар

мультипликаторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...20
2 тарау. Макроэкономикалық реттеудің үлгілері
2.1 Кейнсиандық үлгі: рыноктық механизм мен мемлекеттік
реттеуді біріктіру арқылы
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Қаржыландыру мен толық жұмыспен қамтуды ынталандыру
несие-ақшалай және қаржы-бюджеттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...36

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.38

Кіріспе
Макродәрежеде өзін-озі реттеудің тиімді механизмін Д.Кейнс ұсынған. Ол
тепе-теңдіктің нарықтық механизмы қаржы тетік-терін қолдаиу арқылы, несие-
ақша мен салық саясатын пайдаланудың тимегімеп тузетіп отыру қажет деп
дәлелдеді. Кейнстің зертеуінде реттеу объектісі сұраныс емес, жиынтық
ұсыныс бол-ды. Кейнс бойынша, инвестициялық процеске бакылауды, бір жақтан,
оның инфляция дәрежесіне әсер ете алатын салада, екінші жақтан, жұмыспен
қамту, жұмыссыздық дәрежесіне әсер ете алатын салада, жүргізу керек.
Сөйтіп, экономика үшін тек осы мәселелер өте маңызды екені және оларға
экономикалық әсер ету арқылы ғана тұрақты даму камтамасыз етілетіні
айрыкшаланады.
Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде
экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған
болатын. Оның өзінде анда-санда туып қалатын сәйкессіздіктер нарықтың
автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең
соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің
тиісті деңгейіне қол жетеді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі 2 тараудан тұрады:
1.Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
2.Макроэкономикалық реттеудің үлгілері
Мұнда негізгі қаралатын мәселелер:
- Кейнс теориясының экономикаға әсері
- Тауар және қызмет нарығындағы теңдік
- Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
-Шығын мультипликаторы
-Макроэкономикалық проблемалар шешу жолдары
Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқамерзімді кезеңде,
болымсыз өзгереді дегенге негізделген.
Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге классикалық теорияның ұсыным өз
сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды.
Кейнсиандық тұжырым нарықтық экономикадағы мемлекет рөлінің жаңа
әдісінің теориялық негіздемесі болып табылады. Экономикадағы мемлекеттің
бейтараптығы туралы классикалық идеяның орнына, инфляциясыз толық
жұмысбастылыққа жету үшін нарықтық экономикаға мемлекеттің үйлестіргіштік
араласуының қажеттілігі деген идея келді.

1929 жылы мен 1933 жылдардың арасында АҚШ-тан жан басына шаққандағы
табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде
сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19 %-дан
астамды құрады. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар
ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халықтың 25%-ы болып саналды.
30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа
мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойларының дұрыстығына күшті
күдік тудырды. Шындығында да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ
монополиялар мен кәсіподақтардың, ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа
факторлардың болуы баға мен жалақының сырғымалығын тоқтатуға қол жеткізді.
Бүгінгі таңда, қандай да бір ел құлдырау немесе инфляция кезеңіне
ілінгендігі байқалған шақта, экономистер мен жұртшылық ең алдымен жағдайды
түзететін мемлекеттік шаралар туралы ойлай бастайды. Сол уақыттан бастап
Кейнсиандық төңкеріс барысында ұсынылған қандай да болмасын идеялар
өзінен өзі түсінікті болып шықты .
Макродәрежеде өзін-озі реттеудің тиімді механизмін Д.Кейнс ұсынған. Ол
тепе-теңдіктің нарықтық механизмы қаржы тетік-терін қолдаиу арқылы, несие-
ақша мен салық саясатын пайдаланудың тимегімеп тузетіп отыру қажет деп
дәлелдеді. Кейнстің зертеуінде реттеу объектісі сұраныс емес, жиынтық
ұсыныс бол-ды. Кейнс бойынша, инвестициялық процеске бакылауды, бір жақтан,
оның инфляция дәрежесіне әсер ете алатын салада, екінші жақтан, жұмыспен
қамту, жұмыссыздық дәрежесіне әсер ете алатын салада, жүргізу керек.
Сөйтіп, экономика үшін тек осы мәселелер өте маңызды екені және оларға
экономикалық әсер ету арқылы ғана тұрақты даму камтамасыз етілетіні
айрыкшаланады.

Қысқартылған сөздер:
ЖҰӨ-Жалпы ұлттық өнім
ЖІӨ-Жалпы ішкі өнім
АД-Жиынтық сұраныс
АS-жиынтық ұсыныс
ТМҚ-Тауарлы материалдық қор
МРС-Тұтынудың шекті бейімділігі
ҒТР-Ғылыми техникалық революция
ІS-тауар нарығындағы тепе теңдік
LM-Ақша нарығындағы тепе-теңдік

1 тарау. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің өмір сүруі мен түрлері

1.1. Жеке және жалпы тепе-теңдік

Макрожүйеде жалпы және жеке тепе-теңдік – бұл екі байланысқан
параметрлер немесе экономика жақтарының сандық теңдігі. Мысалы, жеке тепе-
теңдік өндіріс және сұраныс тепе-теңдігі, тауар массалары, мемлекет
бюджетінің кіріс пен шығыны, сұраныс пен ұсыныс түрінде көрінеді.
Жекеден көрі тепе-теңдік экономика жүйесінің барлық сфераларының
келісімді дамуын білдіреді. Жалпы экономикалық тепе-теңдік негізінде
алдымен сүраныс пен ұсыныс арасындағы келісім жатыр. Сұраныс пен ұсыныс
арасындағы келісім қажеттілігіне ғана емес, сонымен қатар өндіріс
құралында, жұмысшылар күшінде, т.б. Басқаша айтқанда, экономкалық жүйенің
тұрақты және біркелкі дамуының міндеті тауар базарындағы тепе-теңдік қана
емес, сонымен бірге басқа базарларда да болып келеді.
Барлық базарлар бір-бірімен байланысты және барлығы көптеген факторлар
күшімен құрылады, олардың арасындағы басты анықтаушы деп атап кету керек.
Базардың төрт түрі бар: тауар және қызымет, жұмысшылар күші, ақша,
капиталдар. Осы базарлардың бәрі жекеленген емес. Бірақ олар ақыр аяғында
бәсекелестік тепе-теңдігі және тепе-теңдік құрылуына әкелуімен байланысады.
Экономикалық жүйенің негізі параметрлері тепе-теңдікті табысқа себепші
болудағы қозғалмалы және иілмелі фактор болып баға саналады.

1.2. Жалпы тепе-теңдік шарттары

Тепе-теңдік жүйесі базар тепе-теңдігімен ғана қиылыспайды. Біріншіден,
базар факторларын өндірістен айыруға болмайды. Екіншіден, экномикалық
жүйені тек қана теорияда жекеленген деп қарастыруға болады. Шындыққа сай,
экономика базарлық емес факторлар – саясаттық, демографиялық сияқты
басқарлардың ықпалын сезеді. Таза ьазарлық болмайтын мемлекеттік реттеу
әдістері маңызды ықпал көрсетеді.
Жоғарыда айтылғанды қорыта келгенде, экономикадағы жалпы тепе-
теңдіктің керекті шарттарын бөлуге болады.
1. Экономикалық мүмкіншілігі бар және қоғамдық мақсат
сәйкестілігін тепе-теңдік бөліктейді. Қоғамдық мақсат пен
басымдылық өзгереді және де қаржыдағы қажеттілік те
өзгереді, пропорцияда өзгерістер болады, жаңа тепе-теңдік
күйін қамтамассыз ету керектігі пайда болады. Айтатын
болсақ, Германияда экономикалық өрлеудегі пайда болған
"үзіліс" бірлескен процесс "пісуі" керектігімен байланысты.
Бұрынғы ГДР жалпыгермандық ВВП-ның 7% ғана шығарған. Оның
экономикасын салуға және диспропорциясының пайда болуын
меңгеруіне айтарлықтай қор бөліп шығаруға мәжбүр болды.
Приоритеттерді қайта қарау және қайта бағдарлау, яғни тепе-
теңдік міндеттері басқа елдерде де уақыт өткен сайын болады
(саясаттық жағдай, ахуалдық сүргің, ірі реформалар және т.б.
өзгерістері).
2. Экономикалық тепе-теңдік елдегі барлық экономикалы ресурстар
жұмыстық күш пен негізгі қоры жұмсалатын шаруашылық күйді
болжайды. Әрине, күштілік резервтері және кәдімгі деңгейлі
жұмыс сақталу керек. Бірақ, тепе-теңдік экономикада
ресурстарды қолдануда, не мол болатын қуат та, не аса көп
кернеуде де болмау керек. Егер, мысалға, біздің бүгінгі
экономикаға тән күрделі қаржы жұмсалымы жетпесе ескірген
құрал жабдықта аз уақытта ауыстырылмайды, өндірісті қысқарту
болады.
3. Тепе-теңдік, өндірістің жалпы құрылымы тұтыну құрылымына
сәйкес келтіргендігін білдіреді. Айталық, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығы арасындағы қалыпты баға тепе-теңдігінің ұзақ
уақыт бойы болмауы соңғысының жүйелі түрде қалып қоюына
әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар біздің елімізде ауыл шаруашылығының нарық тепе-теңдігіне
әсер етуі маңызды болып отыр, бұл тұтыну мен азық-түлік өнімдеріндегі
тауар айналымының үлесінің өсуімен байланысты.
4. Сонымен, экономикадагы жалпы тепе-теңдіктің шарты, сұраныс
пен ұсыныстың тепе-теңдігі болып барлық негізгі нарықтағы
тепе-теңдік болып табылады.
Осылайша, макроэкономикалық тепе-тендіктің көп мөлшердегі анықтамасы
мен шартына сәйкес, әр түрлі елдің экономистері, европалықтар XVIII
ғасырдың өзінде жұмыс істеудің механизімдері мен жалпы экономикалық тепе-
теңдікті қалыптастыруды анықтауға тырысты.

1.3 Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың
екі түрлі әдісі бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық
көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп
жорамалданады. Мұнда баға деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің
ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар, пайыздық мөлшерлеме,
нақты еңбекақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары
бір-біріне ықпалын тигізбейді.
Екінші белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгертуге бейім
емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы
ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс
атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда
кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенде жол
беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен
қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан,
олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі
графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының
өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен
қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-
әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды
ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық.
Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге
сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа
мерзімді кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке
тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады.
Бірінші кезеңде бұл мынаны білдіреді.
Y1=C1+I1+G1 (1)
Мұндағы:
Y1 - табыс
C1- Тұтыну
I1- Инвестиция
G- мемлекеттік шығын
1-ші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынандай:
G1=C(Ω, Yd) (тұтыну функциясы) (2)
I=I (r1) (инвестиция функциясы)
G1=G (мемлекеттік сатып алулар)
T1=T (таза салықтар)

Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Yd=Y-T оң
тәуекелділікте.
Yd-Қолда бар табыс
Y-табыс
T-салық
Нақты пайыздық мөлшерлемесінің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс
болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз
мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның
тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен – инвестиция
функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты
пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция
тартымдылығын азайтады.
(1) теңдеу – тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты. Сол жағы
шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы – оның сұранысының сипаттамасы
болып табылады. Ұсыныс экономиканың сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс
экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен, жұмысшылардың
бірліктігімен және техникалық даму деңгейімен анықталады.
Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты
қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы
өнім шығару көлемін анықтайды:
Y=F(K, L) (3)
Мұндағы:
Y-табыс
K-Коэфициент
L-еңбек
Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы
теңдеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы
мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:

Y=C (Y-T) + I (r) + G (4)
Мұндағы:
Y1 - табыс
C (Y-T) – Қолда бар табыс
I(r) - Инвестиция
G- мемлекеттік шығын

G және T айналымаларының мәндері экономикалық саясатта берілетін
болғандықтан, ал өндіріс деңгейі берілген өндіріс факторларының қоры мен
өзгермес өндіріс функциясы жағдайында тұрақты болғандықтан, былай жаза
аламыз:
Y = C ( Y – T) + I (r) + G
Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде тұтыну,
инвестиция және мемлекеттік сатып алулар сомасына тең екендігін көрсетеді.
Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың оның
ұсынысына теңдігіне кепіл бере алатындай өзгеруі керек.
Пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек
тауарға сұраныс және ұсыныс та азаяды. C+I+G. Егер пайыз мөлшерлемесі
жоғары болса, инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс ұсыныстан төмен
болады. Егер пайыз мөлшерлемесі төмен болса, инвестициялар жоғары және
сұраныс ұсыныстан асып кетеді. Пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік жағдайында
тауарларға және қызмет көрсетуге сұраныс олардың ұсынысына теңеледі. [1]
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді.
Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген өнімді сатып алу үшін
жиынтық шығын деңгейі Y = C+I+G+Xn (яғни AD ≠ AS жағдай болуы мүмкін
еместігіне сенімділік білдіреді).
Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы, баға және
нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың
төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің
құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарының
теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи
деңгейдегі ерікті жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл AD және AS тепе-теңдік
нүктесінде, өндіріс көлемі Y мен әлуетті Y* теңдігін білдіреді.
Кейнстік экономикалық теория бұл өзін-өзі реттеу механизмінің болуын
сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен
әдетте, сәйкес келмейді: А нүктесінде AD=AS теңдігі орнайды, бірақ тепе-
теңдік өндіріс көлемі Y0 Y*.

Бұл

1- сурет Кейнстің қалыпты жағдайындағы AD=AS моделі

сәйкес келмеушіліктің себептерінің бірі - әр түрлі мотивтермен, әр
түрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинағы
жоспарларының сәйкес келмеуі.
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың
динамикасын анықтайтын фактор – пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол
өссе, онда үй шаруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы
түрде көбірек қор жинап, азырақ тұтына бастайды.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын
негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар
табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор
болып табылады.
Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс
бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың
тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рөл атқарады.
Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз
мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және
инвестициялар функцияларында бейнеленеді.
С = a+b (Y-T) (5)
Мұндағы:
С – тұтыну шығыны
a – автономды тұтыну
b – тұтынуды шекті бейімділігі
Y - табыс
T - салықтық аударымдар
(Y-T) - қолда бар табыс (Yd немесе DI)

MPC = (6)
Мұндағы:
MPC – тұтынудың шекті нормасы
- тұтыну шығындарының өсімшесі
Yd - қолда бар табыстың өсімшесі

АPC = (7)
Мұндағы:
APC – тұтынудың орташа бейімділігі
C – тұтыну шығындарының көлемі
Yd – қолда бар табыс көлемі
Қор жинағының қарапайым функциясы:

S = -a + (1-B) (Y-T) (8)
Мұндағы:
S - жеке меншік сектордағы қор жинағы.
(1-B) –тұтынудың шекті бейімділігі функциясы

MPC = (9)
MPS – қор жинағының шекті бейімділігі
S – қор жинағының өсімшесі

АPC =
(10)
APS –қор жинағының орташа бейімділігі.
S – қор жинағының көлемі.
Yd – қолда бар табыс.
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді,
ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі
салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ
мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну
шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен
қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс
көлемі де әсерін тигізеді.

1.4. Дж.М. Кейнс қисығы
Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындарды болдырмау үшін, жиынтық
сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік
экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Іс жүзінде инвестициялар құрылымына жоспарланған және жоспарланбаған
инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ)
инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы
жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың іс
жүзіндегі көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе-теңдікті
орнататын тетік сияқты жұмыс істейді.
Жоспарланған шығындар - үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет
тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы болып
табылады. Нақты шығындар кеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлық
материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған
кезде ерекшеленеді.
Жоспарланған шығындар функциясы E = C + I + G + X n графикалық түрде
жоағры қарай I + G + X n көлеміне ығыстырылған тұтыну функциясы С = a+b
(Y-T) ретінде бейнеледі.
Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі
жиынтық табыс Y – тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт
толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді (а+I + G + X n ).
Автономды шығындар көлемі (а + I + G+ g) таза экспорт функциясын ескере
отырып мынаған тең болады:

X n = g – m’ Y (11)
Мұндағы:
g- автономды таза экспорт
m’ – импорттаудың шекті бейімділігі
V – табыс
X n - таза экспорт

Импорттаудың шекті бейімділігі:
m’ = (12)
Мұндағы:
M - имортқа шығындардың өзгерісі
табыс өзгерісі

2-Сурет Кейнс кресінде тепе-теңдік жағдайына жылжу
Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылар және
инвесторлар отандық тауарларға сияқты импорттық тауарларға да шығындарын
өсіреді. Ал экспорт берілген елден тікелей оның жиынтық табыс Y көлеміне
тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетулерді кіргізетін елдің
жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс
Y динамикасы мен оның таза экспорттының Хn динамикасы арасындағы тәуелділік
теріс, бұл таза экспорт функциясында минус таңбасымен көрсетіледі.
Жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген
сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Y=E сызығын).
Келтірілген сызба Кейнс қисығы атауын алған. Y=E сызығында әрқашан іс
жүзіндегі инвестициялар мен қор жинақтар теңдігі сақталады. А нүктесінде
табыс жоспарланған шығындарға теңестіріледі, яғни макроэкономикалық тепе-
теңдік орнайды.
Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі Y1 тепе-теңдік көлемінен Y0 артса,
онда ол сатып алушылар тауарды фирмалардың өндіргенінен аз сатып
алатындығын, яғни ADAS білдіреді.
Өткізілмеген өнім ТМҚ формасын алады, ол өспелі. Қорлардың өсуі
фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді, ал ол
соңында ЖҰӨ-ді азайтады. Біртіндеп Y1 Y0 –дейін төмендейді, яғни табыс және
жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныстың тепе-теңдігі орнайды. (яғни AD=AS)
Керісінше, іс жүзіндегі өнім көлемі Y2 тепе-теңдік көлемінен Y0 кіші,
фирмалардың тұтынушылар сатып алуға дайын көлемнен төмен шығаратынын, яғни
ADAS білдіреді. Көтерілген сұраныс фирма қорларының жоспарланбаған
қысқаруы есебінен қанағаттандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің өсуіне
ынталандыруды қалыптастырады. Соңында ЖҰӨ біртіндеп Y2 –ден Y0-ге дейін
өседі және қайтадан тепе-теңдік AD=AS орнайды.
1.5.Автономды шығындар мультипликаторы
Өнімнің тепе-теңдік деңгейі Y0 жиынтық шығындардың кез келген құрауышы:
тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт көлемінің
өзгерісіне сәйкес тербеле алады. Осы құрауыштардың кез келгенін өсірсе,
жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды және өнімнің тепе-теңдік
деңгейінің өсуіне көмектеседі. Жиынтық сұраныстың кез келген құрауышының
төмендеуі жұмысбастылық пен тепе-теңдік өнімнің құлдырауымен бірге жүреді.
Автономды шығындар құрауыштарының кез келген өсімі:

A = (a+ I + G + X n)
(13)
Мұндағы:
а- автономды шығын
I- Инвестиция
G- мемлекеттік шығын
X n - таза экспорт

Мультипликатор әсеріне байланысты жиынтық табыстың өсімі біршама
үлкенірек болады.
Автономды шығындар мультипликаторы – тепе-теңдік ЖҰӨ өзгерісінің
автономды шығындардың кез келген құраушының өзгерісіне қатысы.

m - автономды шығындар мультипликаторы.
Y – тепе-теңдік шығындар мультипликаторы.
A – Y - динамикасынан тәуелсіз автономды өнімдердің өзгерісі.

Мультипликатор жиынтық табыстың сомалық өзгерісі (қысқаруы) автономды
шығындардың алғашқы өзгерісінен (қысқаруынан) қанша есе асатынын көрсетеді.
Автономды шығындардың кез келген құрауышының бір рет өзгеруі, ЖҰӨ-ң рет
өзгеруін тудыратын ескеру қажет.
Егер, мысалы, автономды тұтыну белгілі бір СА көлеміне өссе, онда
бұл жиынтық шығындарды және табысты Y дәл сол көлемге өсіреді, бұл өз
кезегінде (табысты өсіргендіктен) тұтынудың туынды өсімін тудырады, бірақ
енді MPCxCA көлеміне өседі және ары қарай табыс-шығын айналым
сызбасымен өседі.
Тізбе пайда болады:

СА ↑ → AD↑ → Y↑ → C↑ → AD↑ → Y↑ → AD↑ → Y↑ және т.б.

Осы қарапайым сызбадан жиынтық табыс Y алғашқы импульске СА ↑ көп
дүркін әсерлесетінін көруге болады, бұл автономды шығындар мультипликаторы
көлемінде бейнеленеді. Бұл С, I, G немесе Xn көлемдеріндегі салыстырмалы
кіші өзгерістер жұмысбастылық және шығарылым деңгейінде үлкен өзгерістерді
тудыратынын білдіреді. Мультипликатор, осылайша, автономды шығындардағы
өзгерістер тудырған іскер белсенділік тербелісін күшейтетін экономикалық
тұрақсыздықтың факторы болып табылады. Сондықтан үкіметтің бюджет-салық
саясатының негізгі міндеттерінің бірі тұтынудың шекті бейімділігі (MPC)
салыстырмалы төмендету арқылы мультипликация әсерін әлсіретуге мүмкіндік
беретін экономиканың енгізілген тұрақтандырушылар жүйесін құру болып
табылады. Бұл мәселе ынталандырылған инвестициялар жағдайында күрделене
түседі, өйткені өнідірістің келесі циклінде өскен жиынтық табыс Y –тан
жоғары тұтынушылық қана емес, сонымен қатар өсіп келе жатқан инвестициялық
шығындар қаржыланады және супермультипликатор әсері пайда болады.

3-сурет Кейнс қисығындағы тепе-теңдікте рецессиялық үзіліс

Рецессиялық үзіліс – тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықпен
инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық
шығындардың) өсуіне қажетті көлем.
Егер іс жүзіндегі өнім шығару тепе-теңдік көлемі Y0 әлеуетті У*
көлемінен төмен болса, бұл онда жиынтық сұраныс тиімсіз екенін білдіреді,
яғни жиынтық шығындар AD=AS тепе-теңдікте болғанымен ресурстардың толық
жұмсалуын қамтамасыз етуге жеткіліксіздігі экономикаға күйзелісті әсерін
тигізеді.
Рецессиялық үзілісті жеңіп шығу үшін және ресурстардың толық жұмсалуын
қамтамасыз ету үшін, жиынтық сұранысты ынталандыру және тепе-теңдікті А
нүктесінен В нүктесіне ығыстыру қажет. Сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар нарығындағы макроэкономиалық тепе-теңдік. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналасындағы тербеліс автономды шығындар мультипликаторы
Тауар нарығындағы макроэкономиалық тепе-теңдік
Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Игіліктер мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
«Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялық сұраныс және тауарлы нарықтағы бағалар теңдігі
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік туралы
Микроэкономика пәнін зерделеу
Пәндер