Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Макроэкономикалық тұрақсыздық 4
1.1 Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері 4
1.2 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы 7
1.3 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу 13
2-тарау. Жұмыссыздық және инфляция 16
2.1 Жұмыссыздық және еңбек рыногын реттеу 16
2.2 Инфляция және оның зардаптары 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27

Кіріспе

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың
ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен
экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған
рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын
иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен
аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын
құбылысқа алып келді. Артық өндірудің мұны белгілі бір тауардың ұсынысы
сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп
кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан
зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚШ-та, Германия,
Англия экономикасында, бұрын-соңды кездеспеген бағалардың төмендеуі,
пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933
жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл
апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан
мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала
кетейік:
а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап
қалу;
б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің
көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;
д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны
соншалық, XІX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл
мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың
байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін
мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі
пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.

1-тарау. Макроэкономикалық тұрақсыздық

1.1 Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері

Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі — А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы
экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы
саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А. Шпитгоф
эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп,
циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай
зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес, нақты тұрақты түрде
қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін
дәлелдеді.
Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және
әлеуметтік себептерін түсіндірді.
Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді А. Шпитгоф. Ол экономикалық
цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе
тек, еркін сауда дәуіріндегі рыногтық экономикаға тән қасиет деп
түсіндіреді. А. Шпитгоф творчествосын зерттегендер, соның ішінде Б.
Селигмен, оның циклдық даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисі Туган-
Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді. (А. Шпитгоф Туган-Барановскийді
экономикалық цикл проблемасын байыпты түрде қарастырған алғашқы
зерттеушілердің бірі деп есептеді). Циклдық даму туралы А. Шпитгоф
идеясының ең басты ерекшеліктері бірін-бірі ауыстырып отыратын цикл
фазаларын экономикалық, әлеуметтік тіпті психологиялық факторлармен
түсіндіруге талпынуда жатыр. А. Шпитгоф идеяларын оны қолдаушылар өз
еңбектерінде одан әрі дамытты.
Мысалы, белгілі швед ғалымы Г. Кассель экономикалық циклдарды
саясаттағы өзгерістерден, ақша айналымындағы берекесіздіктерден, тарифтегі
тәртіпсіздіктерден және экономикалық процеске мемлекеттің араласуы
қажеттігінен тыс қарастыруға болмайтындығын көрсетті. Т. Вебленнің
еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше
құбылыс деп бағаланады. Ол экономикалық циклды өндірістен тыс пайда мен
баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық
экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.
Экономикалық циклды зертеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысты, Т.
Вебленнің шәкірті американдық У. Митчелл болды. Ол экономикалық циклды
жасанды конструкция, жеке-дара деректерді бір кестеге біріктіру деп
қарастырды. Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға
тек қысқа мерзімді (40 ай) циклдар тән, ал қалған толқулар ретсіз, ешқандай
заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар
экономикалық циклдарға жатпайды деген қорытындыға келді.
Дж. М. Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана
зерттеп қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты. У.
Митчелдің нақты деректерін пайдалана отырып Дж.М. Кларк "Экономикалық
циклдағы факторлар" деген кітабында бұл процестің ішкі заңдылықтарын
анықтап және түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми-техникалық
прогресс толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың
экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретіндігін көрсетті. Дж.М. Кларктың
ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар
экономикалық жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бұл жаңалық цикл
фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді. 1929—1933 жылдардағы жойқын
дағдарыс оны алдын ала болжауды місе тұтпай, сонымен қатар дағдарысты
реттеу тұжырымдамасын жасауды күн тәртібіне қойды. Белгілі ағылшын
экономисі Дж. М. Кейнс 1936 жылы жарық көрген "Жұмыспен қамту, процент және
ақшанын жалпы теориясы" атты кітабында экономикалық циклдың басты
белгілерін анықтады. Ол: ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып
отырады және олар капиталдың шекті тиімділігін ауытқу механизмімен
байланысты деген қорытындыға келді. Дж. М. Кейнстің пікірінше циклдық даму
— экономикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін-бірі
күшейтуі. Бірақ олар бірте-бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып,
қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Өз кезегінде қарсы әрекет ететін күштер
белгілі уақыт ішінде нығайып, олардың әсері күшейді, бірақ олар да өз
тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама-қарсылықтарға орын береді. Экономикалық
дамуды жоғарылататын немесе төмендететін тенденциялардың Ұзақтығы мен
ауысуының реттілігін көрсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға
тырысты, сөйте тұра оны субъективті фактордың жемісі деп те есептеген жоқ.
Оксфорд университетінің профессоры Дж. Хикс "Экономикалық цикл
теориясына кіріспе" деген еңбегінде Кейнс теориясын едәуір толықтырды.
Кейнс тұтыну мен инвестиция байланысын мультипликаторлар арқылы ашып,
экономиканың циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы
мен акселерация принципі тұрғысынан талдау жасады. Дж. Хикстің экономикалық
циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдау
негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды Дж. Хикс циклдың
ауытқулары мен дүмпуінің алғышарттары деп көрсетті.
Т. Вебленге қарағанда Дж. Хикс экономикалық циклды талдау барысында
ақша айналымы мен несие сияқты факторларды ескермеді. Дж. Хикстің
экономикалық циклды түсіндірудегі ең басты кемшілігі — экономикалық дамудың
маңызды факторларының бірі адам факторын есепке алмады, жоққа шығарды. Осы
кемшілік экономикалық циклдарды зерттеуші бағыттардың бірі болған марксизм
өкілдеріне де тән. К. Маркс рыноктық капиталистік экономиканың циклдық
дамуының объективтік сипатын зерттеді. Циклдың материалдық негізі деп ұдайы
өндіріс процесіндегі негізгі капиталдың қызмет атқару кезеңін атап
көрсетті. Циклдың және оның фазаларын материалистік тұрғыдан түсіндіру
капитализмнің монополистік сатыға дейінгі кезеңін талдауда нанымды болы.
Алайда рыноктық экономикасы дамыған елдердегі экономикалық процестерді тек
қана өндірістің материалдық негізінің әсері арқылы түсіндіру жеткіліксіз.
Швед мектебінің белгілі өкілдерінің бірі К. Векселдің пікірі бойынша
циклдердің пайда болуын қажетсінетін экономиканың өзіне тән ерекше
қасиеттері бар. Векселдің ойынша өндіріс жылдан-жылға бірқалыпты ұлғайып
отырмайды, өйткені халық санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы
бірқалыпты емес.
Техникалық прогреспен адамдар мүддесінің арасындаы алшақтық
экономикалық жүйеге көптеген окыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының
ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.
Гарвард университетінен шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған
Э. Хансен "Экономикалық циклдар теориясы" деген кітабында циклды күрделі
экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі
экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның
құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден артып кетуі,
бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағылшының кешеуілдеуі деп
түсіндіреді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И. Шумпетер
мен П. Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес.
Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі, ол оны
экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И. Шумпетердің
ойынша экономикалық циклдың терең тамыры — циклдық қозғалыстың
ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналысқа үш циклды кесте енгізді,
бұл рыноктық экономикадагы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін
көзқарас деп есептеледі. И. Шумпетер бүл циклдарды Н. Д. Кондратьев, К.
Жуглар мен Дж. Китчийа сияқты ғалымдардың есімдерімен атады. Ал, ол
ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55, 102 жыл және төрт айға бөлді. Шумпетер
экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
керінеді деп есептеді.
П. Самуэльсон "Экономика" атты кітабында экономикалық циклды жалпы
рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды. Экономикалық
циклдың объективті сипатын мойындай келе, П. Самуэльсон бұл құбылысты оған
әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы, оның ұзақтығын әр
фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді, ұсынады.
Шетел экономистерінің циклдық дамудың табиғаты туралы көзқарастарымен
тереңірек танысқысы келетіндерге Селигменнің "Основные направления
современной экономической мысли" және Жамстың "История экономической мысли
XX века" 1968, 1969 жылдарда орысша шыққан басылымдарды ұсынамыз.
Бұрынғы кеңес экономистерінің ішінен экономикалық циклдар мен
дағдарыстар теориясы туралы Л. Мендельсон мен Е. Варга еңбектері белгілі.
Жалпы бұл авторларды экономика ғылымының ірі зерттеушілері қатарына
жатқызуга болады.

1.2 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы

Өнеркәсіп циклының ең айрықша белгісі — дағдарыстың фазалары,
сатылары. Өнеркәсіп дағдарысының артық өңдіруден айырмашылығы белгілі
тауарға, өндіріс өніміне деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің
бүзылуында жатыр.
Енді монополистік капитализмге дейінгі дәуірдегі өнеркәсіп
дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік. Барлық өңдірістік тауарларды өзіне
тартқан рынок белгілі бір уақытта лық толады, ал тауарлардың келуі
толастамайды, бірақ сұраныс азаяды да, соңынан мүлдем тоқталады. Бұл
жайсыздық бүкіл рынокқа таралады. Сұраныс жоғалады, бірақ барлық жерде
тауарлар қоры бар, көптеген кәсіпорындар бұрынғыдай рынокқа тағы да жаңа
тауарларды жөнелтіп жатады. Бағалар күрт төмендей бастайды. Жағдайды түзету
үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрі бір нәтиже бермейді. Көптеген
кәсіпорындар бағаның күрт төмендеуіне төзе алмайды. Олардың тоқтап немесе
жабылып қалуы басталады. Алдымен банктік және несие беретін мекемелер
жойылады. Рынок шаруашылығы субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де
кемиді.,
Барлығы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды талап етеді. Кеше ғана күдік
туғызбаған вексельдер бүгін жай, ешкімге керегі аз қағаз болып қалады.
Қарыз проценті өседі. Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап, машиналар
тоқтап, фабрикалар жабылады. Көшелерде көптеген жұмыссыздар қаптап жүреді.
Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді. XІX ғасырда болған
дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті. Алғашқы дағдарыс 1825 жылы
Англияда басталады. Содан кейін ол 1841 жылы АҚШ-та, 1847 жылы АҚШ, Англия
мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік
циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін, ол 1873, 1882, 1990 жылдарда
қайталанды. Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын дағдарыстар 1900—1901
жылдары болды. Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ-та басталып алдымен
металлургия өнеркәсібін қамтыды. Американың металл рыногын қиратқан
дағдарыс әуелі Англия, содан кейін Еуропаны шарпыды. Алғаш тоқыма
өнеркәсібі тоқтады, іле-шала құрылыс, химия, машина, электр салалары жабыла
бастады. Көзді ашып-жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады.
Франция, Австралия, Германия, Италия, Бельгия, сөйтіп ол бүкіл дүниежүзілік
дағдарысқа ұласты.
Бағалардың күрт төмендеуі мықты деген кәсіпорындарды банкротқа
ұшыратты, ал кәсіпорындардың күйзелісі өз кезегінде жұмыссыздардың санын
көбейтті.
Алайда XІX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы дағдарыстар сонымен қатар
одан шығудың жолын да тапты. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың
бірте-бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта
дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері
экономикасын сілкілеп тұрды. Алайда оның сипаты 1929—1933 жылдарда басқа
еді.
Мемлекеттің экономиканы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы
реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Міне жарты ғасыр бойы рыноктық
экономика 1900—1901 жылдардағы немесе 1929—1933 жылдардағы катаклизмге,
астаң-кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келеді.
Алайда өнеркәсіптік дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік
ставкаға, пайдаға, өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келді.
Дағдарыс кезінде тек ірі капиталы және үлкен қаржы-қаражаты бар
кәсіпорындар ғана өндіріс шығындарын азайту жолымен пайда тапты. Осымен
байланысты ірі кәсіпорындар дағдарыс жағдайында да жалпы пайда нормасының
төмендеуін тоқтатып, болмаса баяулатты. Орта және ұсақ кәсіпорындар,
әсіресе жоғары өнімді құралдары мен технологиясы бар ұйымдар экономикалық
жағдайының нашарлауын тұрақтандыра алмай, көбіне банкротқа ұшырады.
Техникалық жағынан нашар кәсіпорындардың ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп
үшін оң процесс, өйткені ол жалпы өндіргіш күштер деңгейін көтеруге ықпал
етті. Еңбек өнімділігінің жалпы деңгейін көтерудің мақсаты — тауар құнын
азайту мен пайда нормасының төмендеуін тоқтату. Тоқырау фазасы —
дағдарыстан кейін болады, ол ұзаққа созылуы мүмкін. Өндіріс деңгейі
тұрақты, бірақ дағдарыс алдындағы кезден әлдеқайда төмен болады. Бірақ
жұмыссыздық жоғары. Бірақ бағаның төмендеуі тоқталады, қарыз проценті
азаяды, тауар қорлары тұрақты күйде қалады.
Келесі фаза жандану өндіріс деңгейі аздап өседі, жұмыссыздық та
қысқарады. Бірте-бірте бағалар көтеріле бастайды, қарыз проценті де өседі.
Тауар рыногында жаңа өнеркәсіп жабдықтарына сұраныс артады. Көріне бастаған
жандану барысында маңызды салалар өзіне жаңа капитал тартып, тың икемділік
көрсетеді. Өрлеу көбіне жанталасқан әрі қарбалас сипатта жүреді. Өндіріс
деңгейі циклдың бастапқы кезінен асып түседі. Жұмыссыздықтың азаюы
жалақының айтарлықтай өсуімен қатар жүреді. Әсіресе ғылыми-техникалық
прогресті анықтайтын салалардың өніміне сұраныс күрт өседі. Өндіріс
көлемінің ұлғаюымен байланысты бірінші кезекте шикізат ресурстарына сұраныс
артып, олардың бағасы көтеріледі. Өрлеу фазасында, жандану кезінде
байқалған диспропорциялар, яғни сәтсіздіктер күшейеді. Сөйтіп экономика
кезекті сатыға жақындайды.
Рыноктық экономикадагы дағдарыстың абстрактілі ойша мүмкіндігі жай
тауар айналысында жатыр және ол ақшаның айналыс құралы қызметімен
байланысты. Сатып алу мен сатудың орны мен мезгілінің сәйкес келмеуі сату
және сатып алу тізбегіндегі үзілістерге әкеледі.
Дағдарыстың тууының екінші бір себебі, ақшаның төлем құралы қызметінен
шығып қалуы. Кез келген тауар өндіруші оның өнімін сатып алушының төлеу
қабілетінің барлығына күмәнданады. Сөйтіп бір міндеттеме бойынша төлемнің
болмауы басқа да үзілістерге жол ашып, айналыс жүйесінің бұзылуына, ең
ақырында, өндіріс процесінің қожырауына әкеліп соқтырады.
XX ғасырдың бірінші жартысы бүгінгі рыноктық шаруашылықтың дамуына
жаңа катаклизмдер әкелді. Қазіргі капиталистік дүниені түгел қамтыған
мұндай дағдарысы бұрқ етті. Циклдық дағдарыстан мұның ерекшелігі мұнай және
мұнай өнімдеріне деген дүниежүзілік бағаны көтеріп, оған деген сұранысты
көбейтіп, тұтыну рыногында сұйық отынға деген ұсынысты сұранысынан азайтып
жіберді. Отынға деген бағаның күрт өзгеруі АҚШ-та және басқа да Батыс
елдеріндегі көптеген шағын, орташа кәсіпорындарды банкротқа ұшыратты,
өйткені олар сұйық отынға негізделген арзан энергияны пайдалануға үйренген
еді. Сонымен қатар, негізгі өндірісте мұнай және мұнайдан жасалған
өнімдерді тұтынатын кәсіпорындар да күйзеліске душар болды. Өндіріс
шығындарының күтпеген жерден өсуі өнеркәсіп өндірісінде мыңдаған
кәсіпорындардың кедейленуіне әкелді.
Құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалар дамуындағы сәйкессіздіктен
туындап, әдетте, ұзақ мерзімге сағыздай созылып және көбіне циклдық
дағдарыстың басталуымен тұспа-тұс келмейді.
Мұнай, азық-түлік, энергетикалық және шикізат дағдарыстары соңғы
онжылдықта валюта жүйесі және экологиялық дағдарыстарымен шеңбері ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы жағдайына тікелей әсер ете отырып олар циклдық
дамудың келбетіне айтарлықтай өзгерістер енгізді, циклдық дағдарыстардың
көптеген көріністерінің қайсыбірін ұшықтырып, ал кейбірінің тігін жазады.
Қазіргі рыноктық шаруашылығы дамуының жалпы бағыты әдеттегі кестеге сәйкес
келмейді. Айталық 70-жылдардың ортасында өнеркәсіптік дағдарыс мұнай
дағдарысымен қатар жүрді, бірақ ол тек мұнай тұтынатын елдерді қамтыды. Ал
өздерінде энергия көздері бар (мұнай, көмір, газ, жанатын сланецтер) елдер
екі дағдарыстан да аман-сау қалып қана қоймай, тіпті біраз даму
тенденциясын керсетті. Екінші жағынан, өрлеу фазасында көптеген елдердің
өнеркәсібі айтарлықтай күшті дамымайды, ейткені экологиялық дағдарыстың
салдарынан олардың жағдайлары күрт шиеленіседі.
Түрлі елдер мен аймақтардағы өнеркәсіп циклдары сатыларының рыноктық
экономиканың күрделі жағдайларынан туындаған құрылымдық дағдарыстармен
сәйкес келмеу тенденциясы ғалымдарды бүл экономикалық құбылыстың себептерін
іздеуге мәжбүр етті. Тағы да ұмытыла бастаған 20—30-жылдардағы зерттеулерге
көңіл аударылды. Олардың ішінде үлкен экономикалық циклдар тұжырымдамасы
ерекше орын алды. 1926 жылы 6 ақпанда қоғамдық ғылымдар ғылыми-зерттеу
институтының Ресей ассоциациясының экономика иснтитутында 34 жастағы
профессоры Николай Дмитриевич Кондратьев "Экономикалық конъюнктураның үлкен
циклдары" деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндама оқылып тұрған кезде
төрағаға көтерілген мәселе бойынша басқа тұжырымдама негізінде Д.И.
Опаринның қарсы баяндамасы тыңдалсын деген ұсыныс түседі. 1926 жылдың 13
ақпанында Д.И.Опаринның баяндамасы тыңдалады. Ранцион баспаханасы
Н.Д.Кондратьев пен Д.И. Опаринның баяндамаларын басып шығарады. Бұл кітапқа
баяндама, жарыссөздер және баяндама авторларының соңғы сөздері де
енгізілді. Кітап 1928 жылы "Н.Д.Кондратьев пен Д.И. Опарин конъюнктурасының
үлкен циклдары" деген атпен шығып, кеңес ғалымдарының біраз ұрпақтарының
арасында аталған тұжырымдаманың авторлары бір пікірлес деген ұғым туғызды.
Ал шынына келгенде қоғам дамуының сипаты мен заңдылықтары туралы Кондратьев
пен Опаринның көзқарастары мүлдем қарама-қарсы еді. Нәтижесі бұл адамдардың
өмірлік тағдырларына әсер етті. Д. И. Опарин ұзақ жылдар өмір сүрді, ал
Н.Д. Кондратьев болса 1938 жылы репрессияға ұшырады, тек 1987 жылы 16
шілдеде әйгілі ғалым толық ақталды.
Экономикалық конъюнктураның үлкен циклдары тұжы-рымдамасының мұнін
Н.Д. Кондратьев былай анықтады: Қазіргі экономикалық теория ұзақтығы 7—11
жылдық циклді ғана біледі. Алайда, шындығында мұнымен қатар ұзақтығы
шамамен 48—55 жылға созылатын, коньюнктураның басқа да циклдары бар. Біз
оны үлкен экономикалық циклдар деп атаймыз. Зерделеудің негізгі нәтижелері
төмендегідей болды. Қолдағы деректердің көбі 48—55 жылга созылатын
циклдық ауытқулардың барлығын көрсетті. Егер есептеуді XVІІІ ғасырдың
аяғынан бастасақ, онда үлкен циклдардың кезеңдері шамамен мынадай болған:
І цикл XVІІІ ғ. 90 жылынан 1844—1857 жылдарға дейін;
ІІ цикл 18,44—1851 жылдардан 1890—1896 жылдарға дейін;
ІІІ цикл 1890—1896 жылдардан 1914—1920 жылдарға (жоғары толқын)
дейін, 1914—1920 жылдардан (төменгі толқын). Байқалған конъюнктураның үлкен
толқындарын кездейсоқ себептермен түсіндіру мүмкін емес. Оларды түсіндіруді
шаруашылықтың капиталистік жүйесіне тән ерекшеліктерден іздеу керек.
Алғашқы болжам ретінде мынадай тұжырымдама ұсынылды:
Өндіргіш күштер мен өндірілген материалдық игіліктердің қызмет
көрсетуі түрліше. Осымен қатар оларды жасауға кететін уақыт әр түрлі, әрі
әр түрлі құратындар қажет. Әдетте өндіргіш күштердің негізгі түрлерінің
қызмет етуі ұзақ мерзімге созылады. Сөйтіп олар көп уақытқа және үлкен
көлемде капиталдың жинақталуын қалайды. Осыдан келіп экономикада әр түрлі
кезеңдерде, уақыттарда қолданылатын тепе-теңдіктің түрлері, көріністері
болады деген түсінік туады. Үлкен циклдар дегеніміз ұзақ кезеңдердегі
экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы және қалпына келуі деп қарау керек.
Оның негізгі себебі қорлану механизмінде, өндіргіш күштерді жасауға қажетті
капиталдың жинақталуы мен жойылуында жатыр. Алайда осы негізгі себептің
күшеюіне екінші қатардағы факторлардың әсері бар. Өрлеудің басталуы
(жоғарылау толқындары) қорланудың жаңа өндірістік құралдар жасауға
капиталды рентабельді жұмсау мүмкіндігімен сәйкес келеді. Өрлеу
енеркәсіптік дағдарыстың орта мөлшердегі факторларының қайшылығына
кездеседі. Экономикалық өрлеу қарқынының төмендеуінің (төмендеу толқындары)
жағымсыз сипаттары экономикалық факторлардың қорлануынан болады. Ал бұлар
жетілген техниканы жасауға және капиталдың өнеркәсіп қаржы топтарының
қолына шоғырлануына, осы бағыттағы ізденіс жұмыстарына жол ашады. Мұның
бәрі жаңа өрлеуге алғы шарт жасайды және бұл жаңа өндіргіш күштерінің өсуін
қамтамасыз етеді. Қызық бір жай, Н. Д. Кондратьев тұжырымдамасына сәйкес
үлкен экономикалық циклдағы жаңа өрлеу 40-жылдардың орта шеніне, ал
келесісі 90-жылдардың орта шеніне сай келді.

1.3 Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу

Бірінші параграфта циклдық толқулардың себептері жөнінде бірнеше
кезқарастар барлығын айтқанбыз. Циклдық толқуларды реттеу проблемасы
жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Алайда олардың сан түрлілігі мен
салмақтарының бірдей еместігі антициклдық саясатты қабылдауға кедергі
болмай, барлық циклдық реттеу тұжырымдамасын екі бағыттың төңірегінде
топтады: неокейнсиандық және неоконсервативтік бағыттардың екеуі де
классикалық мектептің негізінде дамыды. Біріншісі жиынтық сұранысты
реттеуге бағытталса, екіншісі жиынтық ұсынысқа бағыт алды. Көрнекілік үшін
олардың өзгешеліктерін кесте арқылы көрсетуге болады.
1 - к е с т е
Белгілері Неокейсиандық бағыт Неоконсервативтік бағыт
Бағыты Сұранысқа ұсынысқа
Мақсаты Тұтас шаруашылықты Жекеленген фирмалар-
реттеу (макроэкономи- дың кызметін анықтан-
ка) дыру
(микроэкономика)
Реттеудің 1. Салық-бюджет саяса- 1. Несие-ақша саясаты
басым ты 2. Салық-бюджет саяса-
бағыттары 2. Несие-ақша саясаты ты
Мемлекеттің Мадақтау Тежеу
рөлін
бағалау

Бастапқы нұсқау мен болжамға байланысты жоғарыдағы көрсетілген
бағыттар циклдық толқулар проблемасын шешуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін
мемлекет қолындағы құралдарды әр қилы пайдаланады. Мысалы, кейнсиандық
бағытты жақтаушылар бюджеттік саясатқа (мұнда ең басты мемлекеттік
шығындарды азайту немесе көбейту) және салық саясатында экономикалық
жағдайға қарай салық ставкаларымен айлалы әрекет жасау. Ал неконсервативтік
бағыттағылар бар күшті ақша мен несие саясатына жұмсауды ұсынады. Сондықтан
соңғы кезде неконсервативтік саясатты жақтаушылар монетарлық теорияға арқа
сүйеп, ақша көлеміне және оны реттеуге ұмтылуда. Осы процестерге жалпы
экономиканы реттеу саясаты мен циклдық толқуларды бәсеңдетуге мемлекеттің
қатысу мәселесі де түрліше шешілуде. Айтарлықтай айырмашылықтарына
қарамастан бұл тұжырымдардың мына мәселелер бойынша ортақ жақтары бар:
біріншіден, мемлекет циклдық толқуларды бәсеңдете алады, екіншіден,
мемлекет мұны экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етіп және оны баянды етуі
тиіс. Сонымен қатар олардың циклдық толқуларды жоюдағы мемлекеттік қадамы
жөнінде де жалпы ортақ пікірлері бар.
Құлдырау фазасында мемлекеттің шаралары іскерлік әрекеттерді
ынталандыруға бағытталуы тиіс. Салық саясаты саласында ол жаңа инвестицияға
салықтық жеңілдік беруден, жеделдету мен амортизация саясатын жүргізуден
көрінеді. Кейнсиандық көзқарастағылар мемлекеттік шығындарды көбейтуге үміт
артады, өйткені олар қорлануды ынталандырады деп ойлайды. Салық шаралары
бюджетті қосымша толықтырып, бәрін біріктіріп алғанда жиынтық сұранысты
ұлғайтып, ең соңында өндірісті ынталандырады. Мемлекеттің жиынтық сұранысқа
әсері график түрінде былай суреттеледі.
Жалпы мемлекеттің циклдық толқуды бәсеңдету саясаты туралы айтқанда
оны қарама-қарсы әрекет деп сипаттау дұрыс. Циклдық құбылыстарды жұмсартуға
бағытталған шаралар сол кездегі экономикалық конъюнктураны барлық
шаруашылық процестерді жандандыру саясатын, ал экономиканың "қызып" кеткен
кезінде іскерлік белсенділікті тежеуі тиіс. К. Эклунд өзінің "Тиімді
экономика" деген кітабында жоғарыда айтылғанды график түрінде көрсетеді
(Кар Эклунд К. Тиімді экономика, М., 1991, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Банктін қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Экономикалық талдау әдістері туралы
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері жайлы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ. Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі
Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері
Стартегиялық жоспарлау
Басқарудағы жоспарлау функциясы
Рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау, тиімді менеджмент стратегиясы
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Пәндер