Республикалық бюджетке түсетін түсімдер


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ.
1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және құрлымы.
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы.
2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РОЛІ
2. 1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
2. 2 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет -бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан басталады, ал бақылау - тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы - экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама - қайшы көзқарастардан туындайды.
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін «мемлекет қалтасы» жағдайына жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып - мемлекеттік бюджеттің экономикадағы маңызы, оның қаржы жүйесіндегі рөлі, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т. б. табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән - жайларға аударылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономидағы алатын орны;
- мемлекеттік бюджеттің құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары және нысандары.
I. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны.
1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және құрлымы.
Біздің бәріміз мемлекетте өмір сүріп отырғандықтан, мемлекеттік бюджет көбінесе біздің әл-ауқатымыз тәуелді болатын ең басты бюджет болып табылады.
Қаржы жүйесінің негізгі элементі-мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет-бұл мемлекеттің өзіне тиісті функцияларды орындау үшін орталықтанған ақша қорын жинақтауы түрінде көрінеді. Былайша айтқанда, бұл мемлекеттік мекемелердің кірісі мен шығысы жөніндегі қаражат жоспары. Мемлекеттік бюджетті құрайтын кіріс бөлімі және оны пайдаланудың негізгі бағыттары болады. Мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі салықтан түседі. Тек аз бөлігі ғана кеден салығынан әр-түрлі төлем төлеуден құралады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет-бұл мемлекеттің аппараты, қарулы күштерді қаржыландыруға қажетті әлеуметтік экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ол үкіметтің қармағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады.
Бюджет, сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көп салалы қызметтерін бейнелейтін күрделі құжат деуге болады. Ол-мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығарылатын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде, немесе мунипалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннең соң атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау үшін, туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді.
Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу туралы, орталық үкімет жағынан жергілікті
бюджеттерді қаржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-териториялық үкіметтерінің жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар бюджетте мемлекеттің шығыстары мен табыстарының құрылымы көрсетіледі.
Біз кез келген бюджеттің неден құралатының айттық, олар;
1. түсімдер (биыл қанша ақша жиналды)
2. шығыстар ( биыл қанша ақша жұмсалды)
Түсімдер, бюджеттік ниені өтеу, қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер және мемлекеттік қарыздар бюджетке түскен түсімдер болып табылады. Бюджет деңгейлері бойынша бюджетке-мемлекеттік бюджетке түсетін барлық түсімдер - Бюджет кодексі бойынша бөлінеді. (Бюджеттік кодекстің 46 бабы)
І. Кірістер:
- Салықтық түсімдер
- Бейсалықтық түсімдер
- Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
- Ресми трансферт түсімдері
Барлық кірістер бейнысаналы болып табылады, яғни нысаналы ресми трансфертті қоспағанда, оларға бюджеттің белгілі бір шығындары бекітілмеген
ІІ. Бюджеттік несиелерді өтеу.
ІІІ. Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер- мемлекет меншігінде тұрған заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешен түріндегі қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылықты жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлкін сатуға байланысты бюджетке түскен түсімдер.
ІV. мемлекеттік қарыздар.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер.
І. Кірістер:
Салықтық және бейсалықтық түсімдер.
Қандай салықтық және бейсалықтық түсімдердің республикалық бюджеттің кірістеріне не жатады: негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдерге мыналарды сатудан алынған қаражат жатады:
• Мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мүлікті сатудан алынған қаражат.
• Мемлекеттік сақтық қордан тауарлар сатудан алынған қаражат;
• Мемлекетке тиесілі бейматериалдық активтерді сатудан алынған қаражат.
• ҚР-ң Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілген нысаналы трансферттер.
ІІ. Республикалық бюджеттен берілген несиені өтеу.
ІІІ. мемлекетік республикалық меншіктегі қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер.
IV. мемлекеттік қарыздан түскен түсімдер.
Шығындар:
• мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар.
• уақытша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалатын шығындар.
• мемлекеттік тапсырысқа жұмсалатын шығындар.
• заңды тұлғаларға төленетін ақшалай еөлемдер яғни берілетін жәрдемақы қаражат.
• бір деңгейдегі бюджеттен екінші деңгейдегі бюджетке, сондай-ақ ұлттық қорға бөлінетін трансферттер.
• өзге де шығындар.
Бюджет шығындарының бірінші орнына ие болушы әлеуметтік баптар: әлеуметтік жірдемдер, білім; денсаулық сақтау және басқалар. Бұл мемлекеттік экономикалық саясаттық басты мақсаттың дәлелдейді- әлеуметтік-экономикалық құрылысты тұрақтандыр, нығайту және оны өзгермелі жағдайлармен үйлестіру. Осы шығындар нарық шаруашылығына тән болатын әлеуметтік топтардың жіктелі зардаптарын жеңілдету, әл-ауқаты төмен топтардың лайықты білім алуын және медициналық қызметімен етілуін көздейді. олар тұрғындарға белгілі бір тіршілік дәрежесін қамтамасыз етуге тиісті.
Шаруашылық қажеттеріне жұмсалатын шығындар, әдетте, аграрлық сектор үшін жасалатын шығындар жеке еөрсетіледі, өйткені олардың әлеуметтік-саяси маңызы бар.
Қарулануға сыртқы саясатты материалды қамтуға және әкімшілік басқаруға жұмсалатын шығындар көлемі жағынан елеулі болады.
Ішкі мемлекеттік қарыздарды өтеуге жұмсалытын шығындар бюджетті реттеуді көздейді. Мысалы: қарыздың кейбір бөлігін мерзімнен бұрын өтеуге, жеке және мемлекеттік кәсіпрындар үшін неше мен субсидиялар шығындардың көлемі, ауыл шаруашылығына, инфрақұрылым обьектілерін
Жасауға және оларды жетілдіруге, қару-жарақ сатып алуға және әскери құрылыстарға қажетті.
Осы шығындардың көлемі сұраныс пен инвестициялар мөлшерінде елеулі әсер етеді. Дағдарыс және тоқырау кезінде шаруашылық жағдайларына жасалатын мемлекеттік бюджеттің шығындары, әдетте өсіп отырады, ол коньюфактура қыза түскен болса-төмендейді.
Мемлекеттік бюджеттің шығындарының құрылымы сұранысқа және капиталдар салымының көлеміне реттеушілік сипатта әсер етеді. Осындай ықпал экономикалық салалық және аймақтық құрамына, әлем нарықтарында ұлттық бәсекелестіктің қабілетіне жасалады.
Экспортты несиелендіру, бюджеттен қаржыландыратын экспорттық несиелер мен сыртқа шығарылатын капиталды сақтандыру экспорты ынталандырады және ұзақ мерзімді аспектіде төлем балансын жақсартады, ол экономикасы үшін жаңа шетел нарықтарын ашады, ұлттық валютаның нығаюын, шетелден ішкі нарыққа қажет тауарлардың келуін қамтамасыз етеді, бұлар бюджеттік шығындар саясатының сыртқы экономикалық аспектілері болып табылады.
Бюджеттік шығындар арқылы жүргізілетін мемлекеттік ретеудің әсерлігі мынадай жағдайларға тәуелді болады: біріншіден, жұмсалатын сомманың салыстырмалы көлеміне (Ж. І. Ө-дегі олардың үлес салмағына) ; екіншіден, осы шығындардың құрамына; үшіншіден, қаражаттардың әр бірлігінің пайдалануының тиімділігіне. Экономиканы мемлекетті реттеу дәрежесінің, оның нақты мақсаттарының әр елдерге бірдей болмағандығынан, мемлекеттік меншіктің үлесін бағдарлаудың ұлттық тәжірибесі бірдей болмағандықтан, халық шаруашылығындағы бюджеттің шығындарының рөлі де бірдей болмайды.
Шығыстардың, табыстардың артып кетуі, ішкі және сыртқы мемлекеттік заемдар мен өтілетін бюджеттік тапшылықты тудырады. Мемлекеттік заемдар мемлекеттік құнды қағаздарды сату бюджеттен тыс қорлардан заем алу(мысалы, жұмыссыздықтан сақтандыру қорынан немесе зейнетақы қорынан) және банктерден несие алу (бюджеттік тапшылықты қаржыландырудың осы нысанын көбінесе жергілікті үкіметтер жиі қолданады) арқылы қамтамасыз етіледі. Шығыстарды талқылай келе ҚР-ның 2000-2006 жылғы республикалық бюджеттің шығыстарын кесте жүзінде қарастырайық:
4-кесте
2000-2004 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шығыстары
2000
жыл
2001
жыл
2002
жыл
2003
жыл
2004
жыл
5. Денсаулық
сақтау
Жоғарыда келтірілген кестеден қай саланың белгілі бір жылға арналған басым бағыты болып табылатыны айқын көрінеді. 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде «Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік кодекс»- мемлекеттің негізгі басым бағыты болған.
Сонан соң ресми трансферттер және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік келеді. Білім беруге жыл сайын жалпы шығын баптарының орта есеппен 3%-ынан 4%-дейін, денсаулық сақтауға 2%-ынан 3%ына дейін жұмсалған.
Қазақстан мемлекеттік бюджетінен мына шығыстар да қаржыландырады:
• Мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бұған қоса мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар;
• Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалар, халықаралық ынтымақтастық және қолданбаы ғылым зерттеулер (тек республикалық бюджеттен) ;
• Тиісті бюджет деңгейіндегі және аумақтық бірліктің мемлекеттік басқару органдарының ҚР-ның заңдарынд көрсетілген атқарымдары.
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы
Мемлекеттік бюджет құрылымы, алдымен сол елдің мемлекеттік құрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жүйесі екі қабаттан тұратын құрылым түрін алады - мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федералдық мемлекеттік құрылымы бар елдерге (АҚШ, ФРГ) арабуын болады - штаттардың, жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
республикалық бюджет;
жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.
Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
- Республикалық бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- жергілікті бюджеттердің кірістеріне есептелуге тиісті сомаларды шегеріп тастағаннан кейінгі, жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарымен белгіленген салық және кеден түсімдері, бұл орайда жалпы мемлекеттік салықтар бойынша түсімдердің нормативтері мен олардың облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша алғандағы жоғары шегі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді;
- заңдар және өзіне берілген өкілеттік шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін салықтық емес түсімдер;
- мемлекеттік капиталымен жасалатын операциялардан түсетін кірістер;
- Қазақтсан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де түсімдер;
- Ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан тұрады:
- ішкі трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан алынатын трансферттер;
- халықаралық ұйымдармен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми трансферттер;
- Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын Үкімет қарыздары;
- Бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік меншік акцияларының мемлекеттік бумасын сатудан түскен түсімдерді біріктіреді1.
Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің жобасын әзірлеуі және алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан, жергілікті бюджеттерге қаржы аудару нормативтерінің және республикалық бюджетпен жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезінде негізіне алынатын іріктірілген параметрлерін айқындау үшін негіз болып табылады.
Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бюджеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.
Республикалық бюджет туралы заң жобасында түсімдердің барлық түрінің жиынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері, сондай-ақ бюджетте жіктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу көздері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер, кіші қызметтер мен мекемелер бойынша шығыстардың шекті мөлшері, сондай-ақ ресми трансферттердің жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.
Жергілікті бюджеттерде жергілікті бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті қаржы қоғамдық өнімнің ақша формасындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттеріне сәйкес жинайды, бөледі және пайдаланады. Жергілікті қаржы-мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Жергілікті қаржының құрылымы мен бағыттарын жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген қызметтеріне сәйкес анықтайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
- Жергілікті бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, төменгі бюджеттерді реттеу тәртібімен жалпы мемлекеттік салықтардан бөлінетін қаржы сомалары;
- жергілікті бюджеттерге республикалық заң актілерімен белгіленген салықтық емес түсімдер;
- Алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады:
- жергілікті атқарушы органдар өз бюджеттерінің теңестірілуін қамтамасыз ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алатын ішкі ресми трансферттер;
- Тоқсан сайынғы кассалық үзілісті жабу үшін төменгі бюджеттердің қарызға алған қаражатының түсімдері.
- Бұрын берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайында жергілікті органдардың қызмет ауқымы кеңейді, олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселерді шешуде дербестікке ие болды.
Жергілікті басқару органдары мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер орындайды, халыққа қызмет көрсету шараларын қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым салалары халыққа қоғамдық тұтыну қорлары есебінен тегін қызмет көрсетеді, олар негізінен бюджет қаржысы есебінен қалыптасады.
Басқарудың жергілікті органдары қаржысында жергілікті бюджеттер маңызды рөл атқарады, ол жергілікті әкімшіліктер мен маслихаттардың көп қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылады.
Бюджет жобасын әзірлеу бюджетті атқаруды жергілікті әкімшілік жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдардың бюджетті әзірлеу, бекіту және атқару процесіне араласуына жол берілмейді. Мәслихат пен жергілікті әкімшілік бюджетті теңестіріліп атқарылуы үшін өз құзіреті шегінде жауаптылықты мойнына алады. Бекітілген бюджеттер жоғары органдарға тиісті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының жалпы сомасына қосу үшін ақпарат ретінде жіберіледі.
Жергілікті бюджеттердің кірістері Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілген көздер және жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістер аударымдары есебінен қалыптасады.
Жергілікті (облыс, қала, аудан) бюджеттердің шығындары, олардың кірістік, сондай - ақ жоғары тұрған аумақтық деңгейдегі бюджеттерден алынған демеу қаржы, субвенсиялар есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті басқару органдары жергілікті бюджеттердің шығыстар бөлігінде мынадай құқықтарға ие:
қаржыны өз беттерімен пайдаланып, жұмсауға;
қолында бар қаржы шеңберінде халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, табиғатты қорғау, мекемелерді ұстауға шығындар мөлшерін көбейтіп, халықтың жеке топтарына қосымша жеңілдіктер беріп, жәрдемақы төлеу;
меншікті табыс есебінен және кірістердің шығыстардан асқан бөлігінен резерв қорларын құру.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және күрделі проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейлердегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, барлық деңгейлер бюджеттері арасында қарсы қаржылық ағындардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі - осылардың барлығы жергілікті билік органдарын халықтың өмірлік маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігіне айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық - бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды. Бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша салық әлеуетін таратуды үйлестіру сияқты бюджетаралық қатынастардың маңызды сұрағы әлі шешілген жоқ2.
Аймақаралық деңгейде, бюджетаралық реттеудің тиімсіз әдістерін қолдану, аймақтардың өздерінің салықтық түсімдерін жоғарлатуға мүддесіздігімен шартталады. Салықтардың жиналу деңгейінің төмендігі аймақтық бюджеттердің трансферттердегі қажеттілігін жоғарылатады және оның тапшылығының өсуіне әкеледі. Аймақтардың өз күштерімен тапшылықты қысқартуға тырысуы меншікті кіріс жетіспеушілігі мен сипатталады. Осы жерде бюджеттік жүйенің тігінен баланстану деңгейі туралы сұрақ туады. Егер әрбір деңгейде тағайындалған шығыс өкілеттіліктері жалпы бюджеттік ресурстарға жауап берсе, бюджеттік жүйе тігінен баланстандырылған болып табылады. Тігінен баланстанбаумен күресуге мүмкіндік беретін, әдістер бар. Үлестік негізде бюджеттік жүйе деңгейлері арасында кірістерді тарату функциясын және трансферттерді таратуды саяси көзқарастан және экономикалық тиімділік тұрғысынан жергілікті өкіметке берген жөн.
Кейбір аумақтардың реттеуші салықтарының салық әлеуеті ол бюджеттерге бөлулер нормативін шамалы жоғарылату жағдайында орталық бюджеттен мүлдем қаржылық көмек сұрамауға мүмкіндік жасайды. Мұндай шешім көптеген аймақтардың дотациялану деңгейін елеулі төмендетуі мүмкін. 1998 жылдың күзінде енгізілген субвенциялар және бюджеттік алып қоюлар жүйесін енгізу жолымен бюджеттік бөлулер нормативтері тұрақтандырылады. Бірақ қабылданған шара аяғына дейін жеткізілмеді. Нормативтер ұзақ уақытқа тіркелді, ал субвенциялар және алып қоюлар бойынша бұл жасалмады. Нәтижесінде жергілікті бюджеттердің тұрақтылығы өзгермейді. «Бюджет жүйесі туралы» заң қабылданды. 1992-1998 жылдар ағымында реттеуші салықтардан бөлулер нормативтері сәйкес жылдың «Республикалық бюджет туралы» заңында жыл сайын қабылданатын, 1999 жылы тұрақты нормативтер қабылданып, ол ұзақ мерзім ағымында өзгертілмейтіні шешіліп, «Бюджет жүйесі туралы» заңмен бекітілді. Жеке тұлғалардан табыс салығы және әлеуметтік салықтар 100% жергілікті бюджеттерге бекітілді. Реттеуші салықтар ретінде 50% республикалық, 50% жергілікті бюджетке түсетін заңды тұлғалардан табыс салығы және 50% республикалық, 50% жергілікті бюджетке түсетін арақ өнімдері бойынша акциздер пайдаланылды. Ойын бизнесіне акциздер жергілікті бюджетке толығымен түсті, ал акциздердің қалған түрлері бойынша түсімдер республикалық бюджетке түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz