Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі - басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мемлекеттің құрылымдық– инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері

Жоспар

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатын қалыптастыру
негіздері
б) Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды
мәселелері
в) Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу
г) ҚР-ғы инвестициялық климат тартымдылығын сақтаудағы ролі

3. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден,
халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете
алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;
екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз
байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік –экономикалық тиімділігін
арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ,
болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі-
әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер
қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.
Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі
мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен
болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі
нақтылы микроэкономикалық, салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық
саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.
Кәсіпөрынның инвестициялық әрекетінің бағытымен формалары, оның
құрамын инвестициялық есебінен асырылады . Кәсіпорынның инвестициялық
ресурстары нақты және қаржылық инвестиция обьектілеріне салымдарды асыру
үшін тартатын капиталдық барлық формаларын сипаттайды. Инвестициялы0
әрекет барысында құралатын инвестициялық ресурстарын бір қатар рекшеліктері
бар:
1.Инвестициялық ресурстарды құру,инвестициялық процесті асырудың
бастапқы және негізгі шарты болып таблады;
2.Инвестициялық ресурстардың құрылу процесі копиталдың бастапқы
жинақталу процесімен байланысты. Капитал жиынтығы кәсіпорынның
инвестициялық жиынтығын ресурстардың сыртқы қайнарлар құру базасы
болып таблады;
3.Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын құру базасы ретінде оның
меншікті капиталында қызмет атқарады;
4.Инвестициялық ресурстарды құру үзздіксіз процес, бұл көбінесе
инвестициялық ресустарды құрудың кәсіпорын меншікті қайнарларына тән;

Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері
Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыу
негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар
мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық
және дайын өнім, өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі (“А” тобы),
ұлттық табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес
күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына
шығын жұмсау араларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол
жеткізу дегеніміз- қоғамның табиғи-шикізат, материалдық- техникалық және
интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық және мәдени
қажеттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған
мәселені шешуді тездетудің негізгі әрдайым аз шығын жұмсап көп нәтижеге қол
жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.
Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының
салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге
асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін
салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады. Республикамыздың
жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау- экономиканың
шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз
байланысты.
Болашақтағы салалық өзгерістерді негіздеуде ескерілетін маңызды
фактор- жиынтық сұраныс құрылымы жайлы болжамды мәліметтер. Олар ішкі
қорлар мен импортты алмастыратын өндірісті ұйымдастыру есебінен тиісті
жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді. Әлемдік тәжірибе, басқа елдерден
алынатын ресурстар экономикалық егмендікті нығайтуға септігін
тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр. Ал, егерде мәселе азық- түлік өнімдеріне
деген сұранысты өтеу жөнінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық-
түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады.
Дағдарысты жағдайдан шығу және экономиканы дамыту- ұлттық табыстағы
өндірістік қор жинау үлесін арттыруға байланысты. Ал, бұл өз кезегінде,
әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда
өндірістің өсу қарқынын арттыруды қажететеді. Мұнда да шетелдік
технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген
жаңсақ пікірлер бар. Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай
бағытталу , біріншіден, отандық машина жасау және өндіріс процесін
механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың
мүддесіне шек келтіруі мүмкін. Бұл екі жағдайда да өндірісте
интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады, ал оны болдырмау үшін мемлекеттің
құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының инфрақұрылымдық
және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану
тиімділігін арттыру мүдделері көзделуі тиіс.
Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре
отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізділеді.
Бұл, республиканың экспорттық әлеуетін арттыру- шетелдерге барлық жағынан
әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі
қажет. Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын
жою мүмкін болар еді.
Егер әлемдік шаруашылық байланыстарда өз орнымызды таппасақ, сондай-
ақ халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселесі назарға алынбаса, онда
құрылымдық саясат ғылыми негізделген болмайды. Аталған жағдайда “өз
орнымызды табу” дегеніміз экспортқа бағытталған салаларды дамыту, ал “еңбек
бөлінісіне қатысу” – маманданған салалардың пайда болуы мен дамуын
білдіреді.
Бұл жерде біз халық шаруашылығы салалық құрылымының тиімділігін
саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі факторларына ғана
тоқталдық. Сондай-ақ, ең алдымен елдің өндіргіш күштерін орналастыруды
оңтайландыру мәселесін қамтитын халық шаруашылығының аймақтық құрылымын
тиімді ету ісі де маңызды екендігін атп көрсету керек. Бұл тұста,
экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын оңтайландыруда шешуші рөл
атқаратын екі факторды бөліп қарастыруға болады. Мәселе табиғи қорларды
тиімді игеруде және қоғамдық өндіріс пен халықтың өмір сүру деңгейінің
тиімділігін арттыруға қол жеткізуде болып отыр.
Алайда, халық шаруашылығының аймақтық құрылымын ғылыми негіздеуде
ерекше сипаттағы факорлар да ескеріледі. Атап айтқанда, әр түрлі
аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейңін теңестіру қажеттігі жөнінде
өйткені, егерде аймақаралық ауытқулар деңгейі жоғары болса, әлеуметтік
шиеленісу мәселелері күшейе түседі.
Аталған жағдайдан аймақтық құрылымды қалыптастырудың келесі факторы–
жергілікті халықтың жұмыспен қамтылу коэффициентінің мөлшерін арттыру
арқылы экономикалық және әлеуметтік қол жеткізудің жалпы мемлекеттік
мүдделілігі туындайды. Аймақтық жұмыспен қамтылудың әртүрлілігін талдау
және есепке алу әрқашанда мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда
бастапқы негіз болуы шарт. Бұл мәселе біздің республикамыздың жағдайында
өте өзекті болып отыр. Себебі, материалдық өндірістің аса маңызды
салаларында аймақтық ерекшеліктерді ескерместен әкімшілік әдістермен
жекешелендіру шараларын жүзеге асыру түптеп келгенде жұмыссыздықтың
өсуіне, халықтың ауылдан қалаға көшуін күшейтіп, экономиканың аграрлық
секторының материалдық- техникалық және ғылыми- интеллектуалдық базасының
құлдырауына алып келді.
Халық шаруашылығы аймақтық құрылымымының өзгерісі көбінесе
республиканың әкімшілік аумақтары мен ірілендірілген аудандарының
әлеуметтік- экономикалық дамуының кешенділік қағидасына байланысты. Аталған
қағида аймақтық құрылымды қалыптастырудың маңызды факторларының бірі.
Жоғарыда, мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен
макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру
арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз
байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
❖ Мемлекетік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
❖ Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын
тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
❖ Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.
Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың
үйлесімі қамтамасыз ету– мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін
құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекітетін күрделі ұлтық
бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.
Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің
құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық
жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.
Ал бұл өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер, объекті
мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың, аймақтар мен
тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында
көрініс табатындығын білдіреді. Мысалыға, нарықтық қатынастар саласы
дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық
байқалады.

Жоғарыдағы өзарабайланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады.
Ондаоның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық-математикалық
есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны
қарапайым кесте түрінде, бухгалтерлік қосарланған жазуәдісі арқылы
толтыруға болады.

Өндіріс Тұтыну Күделі Басқа Ұлттық
қаржы елдер санақ
жұмсау жүйесі
Өндіру
Тұтыну
Күрделі
қаржы жұмсау
Басқа елдер
Ұлттыық
санақ жүйесі

Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалық және
аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық моделдердің мәліметтерін талдау –
халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің
негізін құрайды. Осы тұрғыдан ғана экономикалық салалық және аймақтық
құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін
қарастыруға болады. Өз тәжірибемізді өзге елдердің экономикалық
реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағдайда механизмдер
құрамы мен басымдығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы
жағдайының тәуелді екенін байқатты. Егер де бұл бағыттар мақсатты
міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және
әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін “бағытты” шамалы ғана өзгертуді талап
ететін болса жақсы. Мұндай жағдайда халық шаруашылығының төменгі
бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды
болар еді.
Ал егер, ел экономикасында құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық
өзгерістердің тиімсіз уақыт табуы қалыптасатын болса – бұл мүлдем басқа
жағдай. Қазақстанда бүгін екі түрлі жағдай да орын алып отыр. Ол жөнінде
кестедегі келтірілген республика өнеркәсібінің салалық құрылымы дәлелдейді.
Осылайша, қазіргі кезеңде республика экономикасындағы құрылымдық
дағдарысты жою үшін тұтастай мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық
саясатының бағытын айтарлықтай өзгеру қажет және оны ауыл шаруашылығы мен
аграрлық өнеркәсіптік инфрақұрылымның элеуметтік-экономикалық рөлін қалпына
келтіруге бағыттау керек. Құрылыс кешеніне де осындай көзқарас қажет.
Осыдан келіп экономикадағы құрылымдық өзгерістерді реттеудің механизмдері
арасында бюджеттік қаржыландыру, несие бөлу және салық салу басымды болып
табылады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша
келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:
❖ Дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлеуметті арттыратын салалар
дамуына басымдық беру;
❖ Ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын
өнім өндірісін кеңейту;
❖ Негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық
салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;
❖ Халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын
қамтамасыз ету;
❖ Экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы
және несие қорларын арттыру және т.б.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым
жасауға болады:мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын алдын-ала
ғылыми негіздемейінше және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге
асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті
бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес. Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің
нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капиталмен өзге де қорлардың бір
саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік
мәселелерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігі арттыруға мүмкіндік
бермейтіндігін түпкілікті ұғыну қажет. Ал, олардың шешімі- тұтастай алғанда
мемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты
жүзеге асырудың басты мақсаты. Енді осы саясатты іске асырудың негізгі
механизмдері қандай? - деген сауалға жауап беріп көрейік.
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі –
басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары. Онда әлеуметтік
–экономикалық, ғылыми –техникалық, ұйымдық-құқықтық сипаттағы шаралар
жеткілікті түрде нақтыланады. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті
орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасымен техникалық
деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бағдарламалық көрсеткіштер басымды
салалар мен аймақардың барынша қарқынды дамуы үшін тиісті жағдайлар жасау
жөніндегі барлық шараларды қормен қамтамасыз ету барысында қамтиды. Бұл
жерде мәселе ең алдымен қаржы ресурстары болып отыр. Өйткені оларды анықтау
кезінде сала ішіндегі (аймақтық) резервтері ескеріледі.
Құрылымдық– инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды
механизмдерінің бірі – басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын
белгілеу – бұл жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл
істе қарастырылп отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын
салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), сондай-ақ инновациялық қызметке,
әсіресе жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда
бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады.
Мұндай қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі мен салықтық несие бөлу
арқылы да ынталандыруы шарт. Бірақ, бұл механизм егер де басымды салалар
бойынша таңдап алынған инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие бөлінсе
ғана тиімді нәтиже береді. Осыған байланысты, қарастырылған инвестициялық
жобаларды жеңілдікпен несиелеу қызметін атқаратын банктер (әсіресе
коммерциялық) моральдық және материалдық қолдау табатындай жағдай жасалса –
бұл аса маңызды шара болар еді.
Егер отандық және шетелдік инвесторлар басымды салалар объектілеріне
көңіл бөлсе ғана салықтық жеңілдіктер жасалуы керек.Бірінші кезекте ішкі
(отандық) несие қорларын қолануға көңіл бөлуі қажет, өйткені шетелдік
несиелер, жоғарыда атап өтілгеніндей, нәтижесінде мемлекетке 2-3 есе
қымбатқа түседі. Ерекше атап өтетін тағы да бір мәселе, жеңілдікпен салық
салу қалдықсыз және экономикалық жағынан тиімді технологияларды қолдануға
негізделген инвестициялық жобаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін
инвесторларға қолданылуы тиіс.
Егер кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды шикізатпен, техникамен,
құрал-жабдықтармен және т.б. импорт есебінен қамтамасыз ету көзделген
болса, онда басымды салалардың (аймақтар) барынша қарқынды дамуы үшін
жеңілдікпен кедендік алымдар алуды ұйымдастырудың да маңызы бар.Алайда
импортты алмастыратын отандық өнім өндірісі көп жағдайда өте тиімді екенін
тағы да атап өткен жөн. Нақтылы осы мақсатта басымды салалар мен өндірістер
жүйесінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру
механизмдерін барынша батыл түрде қолдану керек.
Қорыта келе, айтарымыз, жоғарыда аталған механиздер ұзақ мерзімге
бағытталған тиісті заңды-құқықтық негізін жасаған жағдайда ғана тиімді
ықпал ете алады. Осы негіздің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізу
(қазақстандағыдай) инвестициялық процестердің баяулауына және құрылымды
құрайтын салалар инвестициялық жобаларының іске аспауына алып келетіндігін
өмір көрсетіп отыр. Бұл әсіресе, әріпстестерімен шаруашылық мәселелерін
шешу кезінде өте сақтықпен қарау қағидасын ұстанатын шетелдік инвесторларға
қатысты.

Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның
маңызды мәселелері
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп
талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және
әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларында барлық нысандарына,
кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық
құндықтардың барлық түрі енеді. Инвестиция құралы ақша қаражаттарына,
мақсатты банк несиелеріне, үлестік жарналарда, акциялар мен басқа да
бағалар қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден
(ғимараттар, қондырғылар, материалдар және т.б.) жерді пайдалану құқығына,
табиғи қорлардың т.б. тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде
инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер
инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса,
онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретіндеқарастырады.
Мұндай қателіктің себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының
анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы
өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс монтаждау
жұмыстарының керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды.
Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен,
инвестициялық қызмет дегеніміз “Заңды тұлғалардың, азаматтардың және
мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-
әрекеттерінің жиынтығы” болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық
сфераларды жүзеге асырылады:
а) күрделі құрылыс;
ә) инновациялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды
жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса
есептегенде).
Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы олар
материалдық емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты
пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық
құқықта, тауалық белгілер, сауда маркалары, лицензиялар және т.б.) ұлғайту
үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды
қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер,
таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің ссудалары, қор нарығынан
түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициялар әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым
активтеріне де жұмсалынады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс
сферасындағы (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер
шығындары т.б.), айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б.)
айналым қорларынан тұрады.
Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі мәселе- инвестициялық
жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз
жалпы экономикалық меқсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде
жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың
тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық,
өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және
келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны
бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек.
Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген
табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен
қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төменгі
формула бойынша жүргізіледі:

Sd = mt(1+α)n

бұл жерде: Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі
құны;
mt- ақшаның келешектегі құны;
α – пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі
құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген
шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельділік деңгейін есептеп
шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім
қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш
жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді.
Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу
үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа
жауап береді.
Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және
жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала
дайындауды талап етеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы
қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық (мемлекеттік) деңгейде де
қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегідей

Стратегиялық жоспарлау
Идеяны Жобаларды Қаржылық Жобаны жүзегеМониторинг және
іздестіру анықтау және талдау және асыру Инвестициялық
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері туралы
Мемлекеттiң құрылымдық - инвестициялық саясатын қалыптастыру негiздерi
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері туралы ақпарат
ҚР-да экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің ерекшеліктері
Инвестициялық саясат жайлы
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау
Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары
Компанияның инвестициялық портфелін ұйымдастыру
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Пәндер