РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Макро-микро кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ

Орындаған:
2 курс студентi Сахипова Г.М.
Тобы: Э3К3.
( қолы )
Ғылыми жетекшi:
э.ғ.к ., доцент Дуламбаева Р.Т.

( қолы, күнi )

Алматы, 2004

ЖОСПАР

КIРIСПЕ 3
1 РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК 5
1.1 Рынок құрылымы және оның түрлерi 5
1.2 Монополиялы рынок және оның түрлерi мен ерекшелiктерi 9
2 ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС-ӘРЕКЕТI 12
2.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетi 12
2.1 Табиғи монополияны реттеу шаралары 17
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГIЗЕР ОҢ ЖӘНЕ
ТЕРIС ЖАҚТАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл
мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық
бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап
көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына
қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi
жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол
үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк
бағдарламалар немесе тиiмдi экономикалық дамуды қолдайтын iс-шаралар керек.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро
және макро деңгейдегi нарықтық қатынастар күрделенiп, экономикамызға әр
түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана рыноктың элементтерi сұраныс пен ұсыныс, баға бәсеке деп төтесiнен
айту қиын. Өйткенi бүгiнгi таңда фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi
бәсеке жағдайында жеке белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн
жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз 1,
318 бет .
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны,
оның түлерi, соның iшiнде қоғамда мiндеттi түде орын алатын табиғи
монополия жағдайының әлеуметтiк және экономикалық салаларға ықпалының оң
және терiс әсерлерiн қарастыру.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Табиғи монополия және оларды реттеу” деп алдым.
Экономикалық шаруашылықтар өте күрделi және жан-жақты болғандықтан
өмiрде табиғи монополиялық жағдайдың қызмет етуiн талдаудың орны ерекше.
Мұндай табиғи монополияларға жалпы келесiдей мысалдар келтiруге болады.
Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң бiрден-
бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның компьютерлiк
бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда табуда 1,
316 бет .
Бiздiң елiмiз экономикасына келетiн болсақ әлi күнге дейiн мұндай
әлемдiк рынокта жетекшi өнiм шығаратын компанияларымыз жоқтын қасы, ал
мұндай фирмалардың болуы әлемдiк рынокта елiмiздiң бәсеке қабiлетiн
арттырып, өндiрiс факторларын тиiмдi қолдануға жол ашады. Сондай-ақ
елiмiзде табиғи монополиялар электрлiк салаларда, халықты сумен және
жылумен қамтамасыз ету тораптарында орын алуда.
Сонымен, табиғи монополия дегенiмiз рынокта қандай да бiр тауарлар
мен қызметтердi өндiруде бiр фирманың аз ғана шығындармен өндiруi және оны
халыққа ұсынуы болып табылады. Яғни, мұнда бiр фирма өзiнiң жекелеген
ерекшелiктерiне байланысты өндiрiстiң тиiмдi технологиясы арқылы сол салаға
жоғары дәрежеде мамандануын айтамыз.

1 РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК

1.1 Рынок құрылымы және оның түрлерi

Рынок құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң
бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн
сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады.
Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға
құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiн келесi суреттен көруге болады:
1, 350 бет .

Жалғыз Бiрнеше
фирма фирма Көптеген фирмалар

Сурет-1 – Рынок құрылымының төрт түрi

Бұл суреттегi жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет
жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын
нарық:
1. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн;
2. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан,
оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал
етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
3. Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
4. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ
4, 253 бет .
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны
сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген
өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс
абсалюттi икемдi болып келедi 3, 279 бет .

Р

Р0 D = MR

Q

Сурет- 2- Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты
бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR
нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке
жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D)
сәйкес келедi 3, 283 бет .
Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға
көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q
(1)
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Бәсекелесу деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және ұтынушының
таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер
тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 3-суретте бейнеленген 4, 303 бет .

Сурет-3 – Монополияның басқа рынок құрылымдарынан ерекшелiктерi

Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың
қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы
монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып
табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм
нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет
нарығында көрiнiс табады.
Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа
сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып
алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық
бәсеке деп атайды 5, 175 бет .
Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша
шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған
өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.
Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,
олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай
монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды
және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-
әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған.
Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ
өнеркәсiбiнде дамыған 5, 176 бет .
Жетiлген бәсекелi және монополиялық рыногта өндiрушi фирма өз
тауарының бағасын және тиiмдi өнiм көлемiн анықтаған кезде тек қана
тұтынушының реакциясымен өзiнiң жеке өндiрiстiк мүмкiндiктерiн ғана
ескерiп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың жоғары деңгейге
жеткiзу, тек қана, орташа шығын, шектi шығын қисықтарын және сұраныс
қисығын шектеу арқылы iске асырылады.
Ал олигополия дегенiмiз тауардың көпшiлiгi бiрнеше iрi фирма арқылы
өндiрiледi. Ол фирмалардың рынокқа әр қайсысының әсерi айтарлықтай болып
табылады. Кейбiр олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуi мүмкiн.
Мысалы, бiр класты автокөлiк нарығы 1, 370 бет .
Олигополия нарығы төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:
1) Нарықтағы көлемдi сату үлесi бар және бiр – бiрiмен бәсекелес бiрнеше
фирмалар болады;
2) Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбiнесе басым (лидер) фирмалар деп
атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемiнiң
өзгеруiне едәуiр ықпал етедi;
3) Олигополиялық фирманың өндiрiс шешiмдерi тек қана тұтынушы iс-
әрекетiне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың
стратегиялық шешiмдерiне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнiм шығару көлемi туралы
шешiм қабылдағанда өзiмен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкiндiктерiн
ескерiп, талдап отырады 1, 349 бет.
Олигополияның бiрнеше моделi бар. Оларға: Курно дуаполиясы, қарама –
қарсы мақсаттары бар екi жақтың ойыны, нарықта үстемдiк жүргiзiп тұрған
фирманың моделi және картель.

1.2 Монополиялы рынок және оның түрлерi мен ерекшелiктерi

Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз 4, 303 бет .
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
1) Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
2) Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың
жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн
үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
3) Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрісте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi
тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi
төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi –
жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн
шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл
жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi
кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ
болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады 6, 26 бет .
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын
бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе
алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада
белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған
монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде iрi өндiрушi-монополистер бар.

2 ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС-ӘРЕКЕТI

2.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетi

Жалпы монополияның қызмет етуiнiң негiзi бұл табиғи монополия болып
табылады. Табиғи монополия дегенiмiз рынокта қандай да бiр тауарлар мен
қызметтердi өндiруде бiр фирманың аз ғана шығындармен өндiруi және оны
халыққа ұсынуы болып табылады. Яғни, мұнда бiр фирма өзiнiң жекелеген
ерекшелiктерiне байланысты өндiрiстiң тиiмдi технологиясы арқылы сол салаға
жоғары дәрежеде мамандануын айтамыз.
Рынокта монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге келесi жағдайларды атап
өтсек болады. 2, 16 бет .
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық
құқықтар жатады.
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде
мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем
бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз өндiрiсiнiң 80-
85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers”
компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен
монополист компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе
алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып,
оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын
сақтауға тырысады 2, 318 бет .
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы
соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет
етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның
жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды.
Осы iрi өндiрiстiң басымдылығы болуы рынок құрылымындағы монополияның
ерекше түрi болып табылатын табиғи монополияны қалыптастырады. Табиғи
монополия көбiнесе ауқымнан үнемдеу арқылы пайда болады. Оны 4-шi суреттен
көре аламыз 5, 173 бет .

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-4 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Бұл жағдайда қандай өнiм болмасын және оны қанша мөлшерде
өндiрмесiн оны бiр ғана фирмада өндiру тиiмдi болып келедi. Егер бұл
рынокқа басқа бәсекелес фирмалардың енуi өнiм көлемiн азайтып, орташа
жиынтық шығындарды көбейтедi. Монополия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке нарығы
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-ӘРЕКЕТI
Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Жетiлген бәсеке мен монополия – нарықтық экономиканың қарсы түрлерi
Рынок құрылымы және рыноктағы монополия табиғаты
Бәсеке – рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Шаруашылық саладағы жетілген және жетілмеген бәсекелік жағдайлар
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдiң шаруашылық өмiрiндегi атқаратын рөлi
Пәндер