ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Макро-микроэкономика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Монополиялық бәсеке нарығы

Орындаған:
2 курс студентi Исабек Г.Қ
( қолы )
Ғылыми жетекшi:
аға оқытушы Рахматуллаева
Д.Ж
( қолы, күні)

Алматы, 2005

Мазмұны

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАНЫҢ IС-ӘРЕКЕТIНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелiгi
... ... ... .5
1.2 Фирманың монополиялық бәсеке жағдайындағы қысқа және ұзақ мерзiмді iс-
әрекетi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 10
1.3 Монополиялық бәсеке нарығындағы баға құру саясаты ... ... ... ... ... ... .16
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Елiмiздiң экономикасындағы монополиялық бәсекенiң маңыздылығы ...19
2.2 Отандық өнеркәсiп салаларындағы жеңiл өнеркәсiп саласының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..23

КIРIСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Монополиялық бәсеке нарығымен
танысу, оның Қазақстан Республикасындағы даму беталысымен таныс болу және
аталмыш нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау – курстық
жұмысымыздың мақсаты болып табылады. Көрсетілген мақсат мынадай міндеттерді
жүктейді:
❖ Монополиялық бәсеке нарығына теориялық талдау жасау;
❖ Монополиялық бәсеке нарығының ҚР-да алатын орны;
❖ Монополиялық бәсеке нарығының басқа нарықтардан айырмашылығын
анықтау;
❖ ҚР-дағы монополиялық бәсеке нарығының жағдайын анықтау.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Рынок құрылымы бәрiмiзге
белгiлi, ол өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет
етуiнiң өзi осы рынок құрылымына байланысты.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елiмiздiң рыноктық
қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болып, рынок
құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi
күрделене түстi.
Нарық құрылымының күнделiктi өмiрде жиi кездесетiн түрi – бұл
монополиялық бәсеке нарығы. Бұл рыноктың ерекшелiгi жетiлген бәсеке нарығы
мен монополияға тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келедi.
Мысалы, монополиялық бәсеке нарығы жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде,
яғни күнделiктi тұтынатын қарапайым сүт өнiмдерiн алатын болсақ, олардың
сапасының, орамының, пайдалылығының және олар туралы жарнама көлемiнiң де
әр түрлi болатынын бiлемiз. Айта кетсек елiмiзде сүт өнiмдерiн шығаратын
көптеген фирмалар бар, бiрақ солардың iшiнде бiзге белгiлерi және халық көп
тұтынатыны бүгiнгi таңда “Фуд Мастер”, “Айналайын” компанияларының өнiмдерi
болып отыр. Яғни, осы компаниялар өзiнiң тауарының ерекшелiктерiне
байланысты олар рынокта монополиялық рынок сияқты аз да болса билiкке ие
болып, бағаның өзгеруiне әсер ете алады.
Сонымен, монополиялық бәсеке нарығы дегенiмiз – нарықта көп фирмалар
әрекет ететiн, фирма өз тәуекелiмен қызмет етiп және баға саясатын өзi
анықтайтын рынокты айтамыз. Бұл рыноктың қызмет етуi өзiнiң бойына жетiлген
бәсекелi және монополиялы рыноктың қасиеттерiн сiңiре бiледi, сондай-ақ
өзiндiк ерекшелiктерi де бар.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс үш бөлімнен
тұрады.
Бірінші бөлім – кіріспеден тұрады. Кіріспе үш бөліктен тұрады. 1)
тақырыптың өзектілігі; 2) жұмыстың мақсаты мен міндеттері; 3) жұмыстың
құрылымы мен көлемдері.
Екінші бөлім – негізгі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан
тұрады. Бірінші тарауда монополиялық бәсеке жағдайындағы фирма іс-
әрекетінің ерекшеліктеріне және фирманың қысқа және ұзақ мерзімді іс-
әрекеті мен баға құру саясаты теориялық талдау жасалынған. Бұл тарау үш
тармақтан тұрады. Екінші тарауда Қазақстандағы монополиялық бәсеке
нарығының жағдайы, оның маңыздылығы жан-жақты талқыланып, қарастырылады.
Бұл тарау екі тармақтан тұрады.
Үшінші бөлім – қорытынды. Қорытындыда тақырыптың өзекті мәселелері
қысқаша түрде беріледі.
Курстық жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Осы
әдебиеттер тізімі бойынша жұмыста сілтемелер де көрсетілген.
Жалпы алғанда курстық жұмыс 23 беттен тұрады.

1 МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМА ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелігі

Монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз 3, 317 бет .
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты–
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды
жатқызсақ болады:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғыз фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен
авторлық құқықтар жатады.
Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsоft” деген компьютерлiк
бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика
мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан
мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап
отырады.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы
соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте
қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен
болуы, сапаның жоғарылығы. 4,257 бет
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 1-
шi суреттен көре аламыз .

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-1 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D”
нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып
тұрғын халықты коммуналды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.
Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала
тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу
беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополист болып, халықты
жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол
өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма
болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай
салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

3. Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп
жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер
шығару, бұл бiр ғана мемлекеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де
шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш рет шығарылса, оған
мемлекет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз
өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.6,17 бет
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты
экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет
тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады
5, 305 бет .
Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың
қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы
монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып
табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм
нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет
нарығында көрiнiс табады.
Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа
сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып
алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық
бәсеке нарығы деп атайды 7, 175 бет .
Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша
шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған
өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.
Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,
олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай
монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды
және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-
әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған.
Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ
өнеркәсiбiнде дамыған.
Мұндағы тауарлар түрлерi көп, сапасы әр қалай, қызмет көрсету деңгейi
әр түрлi. Демек тауарлардың саралануы баға факторына негiзделген. Ал
монополиялық бәсеке рыногында бейбағалық факторларға келесiлердi жатқызуға
болады:
• тауардың орамы;
• жарнаманың әсерi;
• қызмет көрсетудiң көп түрлiлiгi;
• жөндеуге кепiлдiк беру және жөндеу мерзiмiне қарай 5,259б
Монополистiк бәсеке жағдайында рынокқа ену кедергiлерi онша үлкен емес,
бiрақ баршылық. Оларға:
• лицензия;
• патент;
• фирма және кәсiпорын белгiлерi;
• сауда белгiсi.
Монополиялық бәсеке рыногы қызмет етуi үшiн төмендегiдей
ерекшелiктерiмен сипатталады:

1. нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп.
2. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті
ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ
фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді;
3. өнiмдердiң дифференциясы. Әрбiр фирма өз өнiмдерiнiң бәсекелестерiнен
аз да болса ерекше қасиеттерiнiң болуына ұмтылады, бұл тауарлар бiр-
бiрiн ауыстыра алады; Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге
тырысады. Мысалы, тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының
өзгешеліктері және т.б. сонымен қатар фирмалардың сату маркалары,
тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына
өзгешелік қасиет береді;
4. еркiн рынокқа кiрiп-шығу. Яғни, монополиялық бәсеке рыногына кiруге
тосқауыл оншалықты көп емес және бұл саладан шығып кету де оңай.
Мысалы, ұлттық киiмдер тiгетiн шағын фирма ашуға көп қаражат қажет
емес, сондықтан мұндай кәсiпкерлiкпен кез келген фирма айналысуы
мүмкiн
5. нарықтағы өнiм көлемi, баға және басқа да жағдайлар түралы деректер
белгiлi болуы керек. 2, 374 .
Ендi монополиялық бәсекенiң басқа да рынок құрылымындарынан
айырмашылығы және ұқсастығына тоқталып өтсек:
1. Монополиялық бәсеке рыногының монополиялы рынокпен ұқсастығы жеке
фирманың өз тауарына өзгерту енгiзе алуы мүмкiндiгi. Ал айырмашылығы
рынокта көптеген ұсақ фирмалардың қызмет етуi және ол фирмалардың
тауары бiрiн-бiрi алмастыра алуы;
2. Монополиялық бәсеке рыногының жетiлген бәсекелi рынокқа ұқсастығы
әрбiр тауар көптеген фирмаларда өндiрiледi және рынокқа кiрiп-шығу
еркiн болады, ал айырмашылығы – олар өнiмнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң
болуы себебiнен бағаға әсер ете алады және сұраныс қисығы жетiлген
бәсекелi рыноктағыдай абсолюттi икемдi емес, қайта монополиялы
рыноктағыдай ылдилы болып келедi. Оны келесi суреттен көре аламыз.
3. Олигополия мен монополиялық бәсеке бiр-бiрiне қарама-қайшы рынок
құрылымдары болып табылады. Олигополия жағдайындағы рынокта бiрнеше
iрi фирмалар болып, яғни өндiрушiлердiң аздығы бәсекелестiктi кемiтедi
және олардың арасында өзара ымырастық болады 4, 45 бет .
Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:
1. бір фирманың қолында нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы;
2. ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысы.

Баға Баға

Сұраныс
Сұраныс

Өнiм көлемi
Өнiм көлемi

Сурет-2 – (а) – Жетiлген бәсекелi рыноктағы фирма тауарына сұраныс қисығы,
(ә) – Бәсекелiк монополия тауарына сұраныс қисығы

Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке
жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері.
Монополияға қарсы саясатшылдардың көзқарасымен қарағанда ең негізгі
көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай
бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың
нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады.
Соның бірі – Херфиндаль-Хиршман индексі (Ihh)

Мұнда, түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі.
Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі
жоғары болады.5,323б

1.2 Фирманың монополиялық бәсеке жағдайындағы қысқа және ұзақ мерзімді іс-
әрекеті

Монополистiк бәсеке нарығында рынокқа кiрiс ашық болғандықтан кезең
ұзақтығының мәнi зор болып табылады. Сондықтан, фирмалардың монополиялық
бәсеке рыногындағы iс-әрекетiн зертеу үшiн оларды қысқа және ұзақ мерзiмде
жеке-жеке қарастыруымыз керек.
Монополиялық бәсеке нарығында тауарлардың өзiндiк ерекшелiгiнiң
болуы, фирманың сұраныс қисығы монополиялық рынокқа ұқсас ылдилы болып
келетiндiгiн жоғарыда атап өткенбiз. Яғни, бұл рынокта пайданы барынша
максималдау және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн монополиялы
рыоктағыдай шектi түсiм шектi шығындарға тең болғанға сәйкестендiрiп, өнiм
мөлшерiн шығарады. Бұл шарт төмендегi формуламен көрсетiледi:
MC = MR (1)

Мұндағы, MC – шектi шығын;
MR – шектi түсiм.
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi монополиялық бәсекелес фирманың жұмысын
талдаған кезде екi жағдай орын алады, ол монополиялы бәсекелес фирманың
өнiм көлемiн шығаруда максималды пайда табу және фирманың шығынын төмендету
жағдайлары 8, 375 бет .
Бiрiншi жағдайда фирманың шектi шығындары мен шектi түсiмiнiң теңесуi
және сұраныстың жалпы орташа шығындардан жоғары болуы, соған орай тауар
бағасы да орташа шығындардан жоғары болады. Бұл жағдайда фирма максималды
пайда табады деп айтуға болады. Оны келесi 3-шi суреттен көре аламыз .
Баға

MC

ATC
А
3

В D

2 MR

0 2000 литр Өнiм көлемi

Сурет-3 – Монополиялы фирманың пайдасын максималдау шарты

Суреттен көрiп отырғанымыздай, фирманың максималды пайда табу
үшiн тиiмдi өнiм шығару көлемi 2000 литр болып отыр. Бұл шығару көлемi (1)
формуладағы MR=MC теңдеуiне сәйкес келедi. Осы өнiм көлемiн сату үшiн фирма
баға деңгейiн өнiм көлемiнiң сұраныс қисығымен қиылысқан А нүктесiне орай 3
$ деп белгiлейдi. Яғни, 2000 литр өнiмдi 3$ сату фирманың пайдасын барынша
көбейту жағдайы деп айтсақ болады 4, 302 бет .
Екiншi жағдайда монополиялы бәсекелес фирманың бағасының орташа жалпы
шығындардан төмен болған кезде фирма максималды пайда ала алмайды, ендiгi
жерде оның бiрден-бiр iс-әрекетi шығындарды минимизациялау болып табылады.
Оны келесi 4-шi суреттен көре аламыз.

Баға MC ATC

АС

Р0

MR

Сұраныс

Зиянды минималдау Өнiм көлемi

Сурет-4 – Монополия бәсекелес фирманың зиянын төмендету жағдайы

4-шi суреттен көретiнiмiз фирманың шектi шығындары мен шектi
түсiмдерi қиылысу нүктесiнде бағаны белгiлегенмен, өнiм көлемiн азайтамыз.
Яғни, фирма өнiмiне деген сұраныстан осы өнiмдi өндiруге кеткен жалпы
орташа шығынның үлесi артып отыр. Мұнда шығындар баға деңгейiнен жоғары
болып, суреттегi қара түстес аумақ фирма зияны болып табылады 5, 375 бет
.
Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңін талдағанда ,
бұл нарықтық құрылымның ерекшеліктері айқын көрінеді.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде әрбiр монополиялы бәсекелес рыноктағы фирма
өзiнiң даму барысында қуатты iрi құрылымдар салуы мүмкiн. Ұзақ мерзiмде
жаңа фирмалар көптеп пайда болады. Алдыңғы бөлiмде бiз қысқа мерзiмде
фирманың пайда табуын көрсеттiк, бұл пайда рынокқа жаңа сатушыларды
шақырады. Бұл кезде фирма болашақ шектi түсiм мен ұзақ мерзiмдi шектi
шығынды бағалау арқылы MR = LRMC шартын орындайды 10, 149 бет .
Сондықтан бұл кезде фирмалар жаңа өнiмдер шығарып, өзге тауарларды
ерекшелендiруге тырысады. Мысалы, сусындық шығаратын компания өз өнiмдерiн
кофейнсiз шығарып, рынокта көп сұранысқа ие болса, онда оның бақталастары
да тез арада осыны iстейдi. Осылайша рынокта бәсекелес фирмалар көбеюiне
байланысты ұзақ мерзiмде қысқа мерзiмге қарағанда, бiздiң мысалымыз бойынша
сусындықтың әрбiр литрiне сатушы төмен баға деңгейiн белгiлейдi, бiрақ ол
сұраныс пен жалпы орташа шығынның қиылысу нүктесiне дейiн болады. Бұл
дегенiмiз фирманың күтiлген пайдасы ұзақ мерзiмде тауар ұсынушы фирмалардың
көбеюiнен төмендейдi дегендi бiлдiредi, өйткенi тұтынушылардың кейбiр
бөлiгi жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықтан ескi фирманың
нарықтағы үлесi азаяды. Оны келесi 5-ші суреттен көре аламыз 5, 355 бет
.

P

0
P1 AC
PC

D1

D2

D3

Q1 QC Q

Сурет-5 – Монополиялық бәсекелес фирманың ұзақ мерзiмдегi тепе-теңдiгi

Материалды түсіндіруге ыңғайлы болу үшін шығындар қисығы өзгермейді
деп жорамалдайық. Сұраныс қисығы D1 АС қисығының ең төменгі деңгейінен
жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экононмикалық пайда алады деп
жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист
басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермей, осы жағдайды ұзақ
мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.
Ал монополиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан
фирмалардың алатын эконономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа
фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар саладағы бұрынғы
фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре
бастайды.
Бұның нәтижесінде ескі фирмалардың сұраныс қисықтары төмендейді,
өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды,
сондықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық
пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды
жанап өткенге дейін жалғасады.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі
монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нөлге тең болады
(суретте О нүктесі).9,156 бет
Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмаладың бұл салаға жеңіл
кіріп, одан шыға алатындығының нәтижесінде болып отыр.
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің (О нүктесі) тағы бір ерекшелігі ол
АС ең төменгі нүктесінен бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының
айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екі нүкте бір-біріне дәл келмейді?
Өйткені АС ең төменгі нүктесін жанап өту үшін горизантальды болуы
кепек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалмайды. Себебі монополиялық
бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес. Егер сұраныс қисығы орташа
шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетеін
болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары
орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 5-суретте
орташа шығын қисығының ең төменгі нүктесін қиып өтетін D2 сұраныс қисығы
көрсетілген. Бұл қисықты сұраныстың D1–ден D3–ке дейін, яғни тұрақты
жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сыздым.
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі
нүктесімен дәл түспеуі негізгі себептің шығуына алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополиялық бәсеке нарығы
Монополиялық бәсеке туралы
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Монополиялар
Жетілмеген бәсеке және оның түрлері
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Қазақстандағы монополист- фирма және олардың әрекеттері
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер