Нарықтық экономиканың үлгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
НАРЫҚ МЕХАНИЗМІ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 2
І НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ 2
1.1 Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері 2
1.2 Нарықтық механизмнің экономикалық элементтері және қызмет ету
принциптері 7
ІІ НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕГМЕНТАЦИЯСЫ 12
2.1 Нарықтық қатынастардың шеңбері 12
2.2 Нарықтық экономиканың үлгілері 17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ

І НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ

1.1 Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-
бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық
қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуынын, эконо-микалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді жөне оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұрақка
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардын. сатушы және сатып
алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
әдебиетте жиі қолданыла-тын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801— 1877 жж.) мен экономист А.Маршалл (1842—1924 жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда — бірдей тауарлардың бағасы
көп ұзамай тез арада теңеледі (Маршалл А. Принципы политической экономии.-
М., 1984. Т. 2. С. 6.). Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның
белгіленуі нарықтьщ басты критериі деп корсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835-1882 жж.) нарықтың критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың
тығыздығына назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа
түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез
келген адамдардың тобы, нарық болады.
Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас
сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін аныктағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен
бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада
откізу деген түсінік, Бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екіншіден, нарық — өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға
негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизімі.
Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
• екі субъектін өзара байланыстары нарық негізінде болғанда,
косіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты
қатынастар;
• еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
• шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
• белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
• тауар, кор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын,
нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.
Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін
Қазақстанда нарық қатынастарынын, дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның
себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған
копсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық
процестердің тым қатал реттелуі; микродорежедегі шаруашьиіык өмірде
экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық. құрылымдарды
материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа
шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып
сатарлыққа жол ашу, криминалдық өркениеттердің жандануы — рекет,
мемлекеттік-коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбейуі, т.б.
Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-
қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің
экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап
отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі нарықтық
байланыстарды камтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен
байланысты:
• меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке, кооперативтік,
акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте
(құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол
беру керек;
• мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті
демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі
реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана беретін жүйе емес;
• үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын,
өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретін нарықтық
инфрақұрылым жасау.
Факторлардың екінші тобына құқықтық зандарды жасаумен байланысты
шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы
экономикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық
жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде,
талан-тараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың
болуы қажет. Екіншіден, экономиканың. жетекші салаларында құрылымдық
өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының
қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық
жүйеге айналдыру қажет.
Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық
мынадай маңызды функциялар атқарады:
• тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы
көрінеді: тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін
көбейтіл бағаны жоғарылатады; нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
• ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді
азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек
ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;
• өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын
айқындау кызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында
жүзеге аса алады: сатып алушылардың тандауы бар болғанда, өндірісте
монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес
болғанда;
• реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және
айырбастағы негізгі микро және макропропорциялар белгіленеді;
• шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін
жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден артылып отырады, және осының
арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни
дифференцияланады.

1.2 Нарықтық механизмнің экономикалық элементтері және қызмет ету
принциптері

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады —
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып
табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады.
Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы,
әрқайсының өрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады.
Нарық, шаруашылығында Бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасынын, үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші — осы
география." ауданда өндірген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын
баға анықтайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны — екі құры-лымнан,
сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудін ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өңдірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарық механизмшің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің —
бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрыльш, қызмет
етуін талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдауға;
• балама тандау шығындарына,
• экономикалық рационалдық.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-
қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық. қамту,
нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген
нарық. жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырады.
Балама тсщдау шыгыпдарыиың припциптері. Балама тандау шығындарына,
тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік
орекеттердің осыдан басқа, озгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
экономикасы-ның ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа
жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама тандау шығындары принципі
өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып
отыруға непзделеді. Рационалдык, тандау озгеріп тұратын варианггардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде
болса да, күмонсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.
Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма
неғүрлым озінін, пайдасын көбейтуді коздейді, ал тұтынушылар — капиталды
шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді.
Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік
болмысына жетуді камтамасыз етеді. Осы бол-мыс нарық механизмінің орталық
проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді —
бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады.
Сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал,
әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті
пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі және ешкандай
түсіндірме тілемейтін, физикалық ақикат болып табылады. Сиректік
моселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын
дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің окілдері Д.Рикардо, А.Смит сиректік түсінігін
құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен
қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы
нарықтық қатынастар теориясында сиректіктің түсінігі белгілі
трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік
факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету
мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және
толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт
мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің
қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек..

ІІ НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕГМЕНТАЦИЯСЫ

2.1 Нарықтық қатынастардың шеңбері

Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық
сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық, құрылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді:
• меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
• шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік,
ареңдалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
• тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
• шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және
жекешелендіру дәрежесімен;
• осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен.
Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан
нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі
бойынша:
- игіліктер мен қызметтер нарығы;
- өндіріс құралдарының нарығы;
- ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
- құнды қағаздар нарығы;
- жұмыс күші нарығы.
Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық
жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардын, өткізілуін
тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу
сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы
серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына
тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар,
көтерме сауда орындары, т.б. жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
- өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
- халық тұтынатын тауарлар; азық-түлік тауарлар нарығы;
- шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.
Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық
шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер
қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың
өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық, сұранысты
қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кен пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің
көбейуін тілейді.
3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:
- аймақтар ішіндегі;
- аймақаралық;
- республикалық;
- республикааралық;
- халықаралық, (әлемдік) нарықтар.
Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін
қамтамасыз етеді.
4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойыныша мынадай нарықтар болады:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық нарықтар.
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
- көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып
кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
- бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар — жеке азаматтар.
- ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда
сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей
өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер, т.б.
Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы
(жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек
кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін
комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар) Бұндай байланыстарда
келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады.
Көтерме сауданың екінші түрі — коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр
өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын
алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметтік жағдайларда
мүмкін болады.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жагынан мынадай нарық-тар болады:
- заңды, ресми нарықтар;
- занды емес, көлеңкеленген нарықтар, т.б. Нарықтардың құрылымын
зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді.
Тауарлар мен қызметпіер нарыгы. Бұл топқа жататын нарықтар:
- тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес
тауарлар нарығы;
- қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардьщ нарығы. Өндіріс
факторларының нарыгы. Бұған жататындар:
- жылжымайтын мүліктер нарығы;
- еңбек құралдарының;
- шикізат пен материалдардың;
- қуат ресурстарының;
- пайдалы қазбалардың нарықтары, Қаржылар нарыгы:
- капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
- несие нарықтары;
- құнды қағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар,
вариаштар, және фьючерстік контрактардың тб.;
- валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер парыгы — инновациялардың, ойлап табулардың,
информациялық қызметтердің, әдебиет жөне өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарыгы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық
формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция
жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық
нарықтар.
Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға,
нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу — тауарларға бірдей емес
талаптар қоятын осы тауардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға болу болып
табылады. Нарықтың сегменті — Бұл нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ
көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, онімдер, немесе,
кәсіпорындардың тобы болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі
факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың
негізгілері:
1. Географиялық:
- аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;
- әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;
- тұрғындардың тығыздығы бойынша: қала, ауыл, қала маңы.
- климат бойынша: теңіз, континенталдық, орташа, ыстық, т.б.
2. Демографиялық:
- адамдардың жасына сәйкес топтау;
- жыныстық топтау;
- отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;
- табыстар дәрежесіне қарай;
- кәсіби құрамына сәйкес — ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік
кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер, т.б.
- білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;
- ұлттық құрамға сәйкес топтаулар;
3. Психографиялық:
- халықты әлеуметтік құрамына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Нарықтық экономика жайында
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Экономикалық жүйенің дамуына алғышарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйелердің типтері
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу концепциялары
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Пәндер