Нарықтың пайда болу шарттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
1-тарау. Нарық мәні, түрлері 4
1.1 Нарық түсінігі 4
1.2 Нарықтың түрлері 5
1.3 Нарықтың пайда болу шарттары 10
1.4 Нарықтың қызметтері 11
1.5 Нарық инфрақұрылымы 12
2-тарау. Қазақстан Республикасында нарыққа көшу жолындағы мәселелер 14
2.1 Қазақстан экономикасының ерекшеліктері 14
2.2 қазақстан экономикасының дағдарыс таңындағы жағдайы 17
2.3 Нарыққа өту 19
2.4 Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру 20
2.5 Жеке кәсіпкерлік 21
2.6 Экономикалық өсу 22
қорытынды 24
қолданылған әдебиет 26

Кіріспе

Нарық жүйесі жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі мен ақша арқылы
жүзеге асырылатын кең дамыған айырбас қатынастарымен сипатталады. Бұл жүйе
экономикалық мақсатқа лайықтылығымен түсіндіріледі: минималды аз шығынмен
максималды пайда алу.
Нарықтық экономика дегеніміз - өндірушілер мен тұтынушылардың нарық
арқылы бір-бірімен қатынаста болатын шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.
Осыған сәйкес нарық – бұл нарықты жүйені жүзеге асыру механизмі. Бұл – “не-
қалай-кім үшін өндіру керек” деген мәселелерге баға, сұраныс пен ұсыныс
арқылы жауап беретін экономикалық қатынастардың жүйесі. Сатуға арналған
тауар өндіретін әр жерде нарық болады.
Нарықты экономиканың басқа белгілі экономикалық жүйелерден айырықша
белгілері бар:
Жеке меншік. Бұл жерде мүліктік сипаттағы меншік құқығы елеулі роль
атқарады.
Жеке қызығушылық. өзінің “Халықтардың байлығы” атты еңбегінде, ұлы
шотланд Адам Смит, 1776 жылы “көрінбейтін қол” принципін түсіндіреді. Оған
сәйкес әр адам, егер оны мемлекет шектеулерінен босатса, ең жоғарғы
игіліктерге қарай ерінбейтін қолмен бағытталады. Нарықты жүйедегі осы
ұмтылыс нарықтық баға жүйесі арқылы жүзеге асырылады: тұтынушылар тауарды
ең төмен бағамен сатып алады; кәсіпкерлер бағаны максимумға бағыттайды;
шикізат иелері бағаны жоғарлатады. Соңында алынған нәтиже көп жағдайларда
қоғам үшін максималды пайда әкеледі.
Таңдау еркіндігі. Оның кепілі - жеке меншік. Ол ең тиімді ресурстарды
өз ісі үшін еркін таңдауда және өнімді нарықта сатуда(фирмалар); сан алуан
тауарларды сатып алуға және жұмыс орнын еркін таңдауда көрінеді (шикізат
иелері).
Бәсеке.
Бағаның еркін құрылу жүйесі. Бағада жеке тұлға мен фирмалар таңдауы
тұрақтанады.
Мемлекеттің шектеулігі араласуы.
Нарық шаруашылық субъектілері:
1. ұй шаруашылықтары – бұл бір немесе бірнеше тұлғалардан құралатын
экономикалық бірлік немесе тұтынушылар.
2. Фирма - дербес шешім қабылдайтын, кірісті мейлінше көп алуға
бағытталатын, өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланылатын
экономикалық бірлік.
1. Мемлекет – мемлекетті мекемелер.
Нарықтың экономикалық осы субъектілері әр кезде сатушы мен сатып алушы
болып келеді. Нәтижесінде нарық түрлі ағымдар қиылысында болады: ақшалай –
сатып алынған тауар үшін ақы түрінде сатып алушыдан – сатушыға; материалды
ағымдар сатушыдан – сатып алушыға ресурс, қызмет, өнім түрінде. Осындай
жағдай қайтарма байланыстар жүйесін қалыптастырады. Ал ол өз бетінше
нарықтың ең маңызды қызметі болып, әр экономиканың тұрақтылық пен тиімділік
шарты болып келеді.
Әр экономикалық жүйенің негізгі мақсаты әр мақсатқа арнап жасалынған
өнімдерді тұтыну болғандықтан, нарықтың ең маңызды жіктелуі – экономикалық
мақасатқа арналған экономикалық объектілер болып табылады.
Әйгілі Л.Эрхард былай деген: “Нарықты экономикадан жоспарлы
экономикаға өту өте оңай, ал, керісінше, нарықты экономикаға жоспарлы
экономикадан өту, өте қиын”.
Орындалған жұмыстың мақсаты - нарықтың не екенін, оның қандай қызмет
атқаратындығын және оның негізгі түрлері мен инфрақұрылымын анықтап,
қазіргі кезеңде Қазақстанда нарықтың тұрақтану бағыттарын қарастыру болып
табылады.

1-тарау. Нарық мәні, түрлері

1.1 Нарық түсінігі

Нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы
көп.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.1
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.2
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар мен
қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.3
Нарық тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.4
Нарық - бұл тауарды өткізуге байланысты айырбас саласында қалыптасатын
экономикалық қатынастардың жиынтығы.5
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін
тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде
туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты
ұйымдастыру формасы.
Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды
объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды
сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық
қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс
ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс
экономикалық жүйеге (немесе экономикаға) айналады. Осылайша нарық өз
шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі
өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары
арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.6

1.2 Нарықтың түрлері

Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Оның
құрылымын әр-түрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрге
бөлінеді.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынадай түрлерге бөлінеді:
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар
мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік
шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-
несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше
формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқан, бірнеше
мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағы мен шектелген
жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері
мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар,
нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын
тауарақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық – бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика,
облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық – кейбір елді пункттердің жиынтығы болып
табылатын нарық. “Жергілікті оқшауланған” нарық деп, негізінен, халық
тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай нарықты: дамыған нарық,
қалыптасу үстіндегі нарық және әртүрлі дәрежеде бәсекені шектеу нарығы
(олигополиялық, монополиялық т.б.) деп айырады.
Олигополиялық нарық, баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей
немесе дифференциалданған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады.
Сатушылардың аздығын, үміткерлердің бұл нарыққа енуінің қиындығымен, әрбір
сатушының бәсекелестерінің стратегиясы мен әрекетіне қарай шапшаң шешім
қабылдауымен түсіндіруге болады. Егер бір компания өз өнімінің бағасын 10
процент төмендетсе, онда сатып алушылар тез соған ауып кетеді. Сондай өнім
шығаратын басқа өндірушілерге не бағаны төмендетуге, не сол өнімді
пайдалануға байланысты көптеген қызмет түрлерін ұсынуға тура келеді.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне
қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген
сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты
“сатушылар нарығы” және “сатып алушылар” нарығы деп те бөледі. “Сатушылар
нарығында” сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың
“нарықтың белсенді” қайраткерлері болуға тура келеді. Бұл өндірушілердің
монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән. Ал “сатып алушылар
нарығында” экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында
болады, мұнда сатушыларға “нарықтың белсенді қайраткері” болуға тура келеді
(Тұтынушылардың талап-тілегіне, нақты сұранысына бағытталған дамыған елдер
нарығы).
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі және ресми
нарық деп айтады.
Нарықтың дамуының сәйкестігіне байланысты теңдестірілген және
теңдестірілмеген нарық деп бөлу көзделген. Сұраным мен ұсынымның арасында
толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды.
Теңдестірілмеген нарықта сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік
болмайды, сәйкестіктің бір немесе бірнеше шарттарының орындалуына
байланысты. Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық- салалық және сала ішіндегі
нарық болып бөлінуі мүмкін. Өткізу объектісі, халық шаруашылығының бір
дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді.
Қоғамдық өндірістің бір саласының ішіндегі өнім өткізу нарығын сала
ішіндегі нарық деп атайды.
Нарықты көлемді тауар топтары (азық-түлік және өндіріс тауарлары),
бөлек тауарлар (көкөніс, мата, аяқ-киім т.б.) нарығы деп бөледі. Тауар
топтары нарығына нан-бөлке, макарон өнімдері т.б. нарығы жатады. Киім
нарығына да тігін заттары, тоқыма тауарлары, бас киім және шұлық-носки
бұйымдары нарықтары бөлініп көрінеді. Дегенмен, қандай жағдайда да болмасын
ішкі нарық, оның барлық тармақтарының қызмет жасауы мен дамуы өзара
байланысты және бір-біріне тәуелді. Сонымен бірге ішкі нарық тұйық та емес,
ол сыртқы нарықпен тығыз байланыста болады.
Адамдардың әрекет ету ортасына және сатып алу-сату ортасына қарай
жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар
біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды, бір-
бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады. Мәселен өндірістік
және өндірістік емес салалар-өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс
күші нарықтарын құрайды. Дегенмен нарық түрлерін саралап көрсететін терең
құрылым жасау факторы – нарық қатынастары объетілерінің экономикалық
бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,
тұтыну және қызмет көрсету, қаржы, еңбек, ғылыми-техникалық, ақпарат,
астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.7 (1-сурет)

1-сурет

1.3 Нарықтың пайда болу шарттары

Бірінші шарт – еңбек бөлінісі. Ол айырбас пен мамандырылуға алып
келеді.
Алғашында айырбас қарапайым түрде жүретін. Қазіргі Малайзия жерінде,
Калимантан аралында этнографтар пікірінше айырбас былай жүзеге асатын.
“Сатушылар”, өз тауарын “сатып алушының” көруі үшін қалдырып кетеді. Егер
де “сатып алушы” тауарды алғысы келсе, ол бұл тауардың орнына өзінің
заттарын ұсынады. Сонда “сатушылар” қайтып келіп, қалдырылған затты ұнатса
– алып кетеді, ал керісінше – қалдырады.
Бұл жерде біз бартердің алғаш формасын көре аламыз. Әрине, оның
шынайы нарықпен алшақтығы зор. Себебі сатып алушы мен сатушы талаптары
сәйкес келмеуі де мүмкін еді.
Айырбас дамуы ақшаның пайда болуына алып келеді. Ал ақша болса,
өндіріске сатуға деген мақсатпен шығарылған өнімді шығаруға ниетті тудырды.
Сонымен, нарыққа бағытталған өндіріс пайда болды: басқа экономикалық
агенттердің мұқтаждықтарын өтеу үшін.
Екінші шарт – шаруашылықты жүргізетін субъектілердің бөлектенуі. Тауар
айырбасы әр жақтың пайдалылығын қамтиды. Бұл тәуелсіздік жеке меншік
есебінен пайда болады. Сосын ол қоғамдық меншікке арқа сүйей бастады
(кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік
кәсіпорындар, т.с.с.).
Нарықты шаруашылықтың тиімді жұмыс істеуі үшін үшінші шарт қажет -
кәсіпкерлілік еркіндігі. Нарықты емес басқару әр жүйеге тән. Нарықты
институционалды жүйе толықтырады. Институттар бұл – заңдар, әдет-ғұрыптар,
ұйымдастыру құрылымдары. Нарықтың істеуін институттар қамтамасыз етеді.
Және тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Бірақ, неғұрлым тауар өндіруші еркін
болса, соғұрлым нарық дамуына кең жол ашылады.8

1.4 Нарықтың қызметтері

Нарықтың маңызды атқаратын қызметтерінің бірі – оның ұдайы өндіріс
процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі.
Нарықтың реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық
жүйенің тоқырауына, өндіріс құралдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда
болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің
жоғалуына алып келеді.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінң өзгеріп отыруы
арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар
мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық
қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады – және
керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан кем түспейтін нарықтың атқаратын
қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау;
өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру;

1.5 Нарық инфрақұрылымы

Нарықтық экономикаға қажетті элементтерiнiң бірі – оның инфрақұрылымы.
Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін
институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар, шикізат, қор, еңбек
биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер,
коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер
жатады.9 (3-сурет)
Нарықтың инфрақұрылымы
Аукциондар Консультациялық-делдалдық фирмалар
Биржалар және брокерлік кеңселер Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Салық және аудиторлық компаниялар
Коммерциялық орталықтар және Жарнама-ақпараттық қызмет
компаниялар
Мемлекеттік резервті және сақтық Қойма, элеватор, тоңазытқыш,
қорлары ыдыс-қап және транспорт
шаруашылықтары, ауыл шаруашылық
өнімдерді сақтау органдары
Мемлекеттік салық инспекциясы Сауда үйлері
Бағалы қағаздарға бақылау жасайтын Маркетингтік зерттеу орталықтары
инспекция
құқтық қорғау органдары Кадрларды даярлау орталықтары
Лизингілік компаниялар Жәрмеңкелер
Кедендік қызмет өндірушілердің әртүрлі
бірлестіктері(ассоциациялар)
Бағалар мен стандарттарға бақылау Және басқалары
жасайтын мемлекеттік инспекция
Тұтынушыларды қорғау қоғамдары

2-тарау. Қазақстан Республикасында нарыққа көшу жолындағы мәселелер

2.1 Қазақстан экономикасының ерекшеліктері

Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық
ерекшеліктері бар. Республикамызда әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер
қойнауының геологиялық құрамы біркелкі емес.
Қазақстанның әр түрлі аудандары мен аймақтарындағы халық
шаруашылығында қалыптасқан құрылымдардың негізігі ерекшеліетері қандай?
Өндіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан өнеркәсіп пен ауылшаруашылық
өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар.
Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті,
қара металлургия, машина құрылысы және металл өндеу, химия өнеркәсібі
дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай келмейді.
Өндірілетін жалпы өнімнің 7 проценті ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі.
Шығыс аймақтары өздерінің табиғат – ауа райы ерекшеліктеріне
байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және
т.б. салалар басым. Шығыс Қазақстан облысында түсті метеллургия,
энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше
көзге түседі.
Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ
киімнің 60 проценті, тері өндірсінің 40 проценті орналасқан. Аймақтың
негізгі кәсіпорындары Жамбыл облысы мен Алматы қаласында шоғырланған.
Ауыл шаруашылығы. Қазақстанда егін және мал шаруашылығын дамыту үшін
барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар – құнарлы қара топырақ (солтүстікте),
сұр топырақты (оңтүстікте) жер алаңдары.
Республикамыз бидай өндіру мен оны сатуда бұрынғы КСРО-да екінші орын
алатын. Бидай өндіретін ірі аймақтар – республикамыздың солтүстік
облыстары. Бүкіл егіс алқабының 62 проценті осы облыстардың үлесіне тиеді.
Қазақстан қой мен ешкінің саны бойынша бұрынғы одақтас
республикалардың ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын
алатын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
Нарықты реттеудің мәні
Нарықтық механизм және жетілген бәсеке
Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Тұтыну құнының ерекшеліктері
Көрінбейтін қолдын рыноктағы рөлі
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Нарық
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
Пәндер