Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

К І Р І С П Е 3
І-БӨЛІМ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 7
1.1. НАРЫҚТЫҢ МӘНІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ, ТҮРЛЕРІ 7
1.2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 14
1.3. НАРЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 15
ІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ҚҰРЫЛЫМЫ 17
2.1. НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КӨРІНІСТЕРІ, ӘЛСІЗДІГІ 17
2.2. НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ, КОНЬЮКТУРАСЫ 19
Қ О Р ЫТ Ы Н Д Ы 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

К І Р І С П Е

Адам әуелі бір істі, тіпті, жәй бір ғана нәрсенің өзін қолға аларда
осыны қалай бастасам болар екен деген ойға қалады. Бұл, әрине, заңды
пайым. Өйткені, тындыруға тиіс ісіңнің дұрыс та нәтижелі аяқталуы үшін;
оның әуелі ішкі, сыртқы болмыс, мәнін жете білмей, оны көкірегіңде пісіріп
алмай тұрып қалай жүзеге асырарсың. Ал егер сенің тындырайын деген шаруаң
тым күрделі, ақшамен сабақтас болса ше?! Әрине, онда біраз бас қатыруға
тура келетіні белгілі.
Бұны айтып отырған себебіміз; еліміз өміріне нарықтық қатынас алғаш
келіп кіргенде, экономикалық қиындықтан, тығырықтан шығудың жолдарын
қарастырған жұртшылық талай бас қатырудың әлегіне түскенін көріп те, естіп
те білген едік.
Иә, ол жанталаста бастаған ісінен нәтиже шығара алмай, біреулерден
алған қарызын қайтара алмай, тығырыққа түсіп, қайғылы жайға тап болғандар
да аз болмаған көрінеді. Ал шаруасына сауаттылықпен; экономикалық, нарықтық
қатынастың не екенін, оның ішкі құрылым-жүйесінен мол хабары бар, оны қалай
бастап, қалай жүргізудің жүйесін білгендер жұмысында кездескен
кедергілердің өзіне төтеп беріп, әрі қарай жалғастыруға күш тапқан. Оған
дәлел бүгінгі аты шулы бутиктер, Рамстор, Жанна үйі (белгілі сауда
орындары), алып компанияларға айналған Сеймар, Фудмастер фирмаларын,
жеке меншік оқу орындарын айтсақ та жеткілікті болар.
Яғни, бүгінгі айналамызда күннен күнге жеке меншік ұйымдардың,
фирмалардың санының өсуі, олардан алынатын салықтың ел мүддесіне тұрақты
түрде жаратыла бастауы – мемлекетіміздің орта шаруашылықты жүргізу
саясатына адамдардың ілесе алғанының айғағы деп түсіну керек.
Демек, нарықтық механизмді – ең жалпы түрде экономиканың негізгі
мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы
өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп айтуға болады.
Нарық дегеніміз не? Алғашқыда нарықты әр түрлі тауарларды сатумен
байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірген. Ал қоғам дамып, оның
экономикалық құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгере бастапты.
Қазіргі дамыған қоғамда – нарық деген – міндетті түрде сатушылар мен сатып
алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Себебі, бүгінгі заманда
саудагер теледидар арқылы жарнама беріп, сатып алушылармен тікелей
байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың тізімін телефонмен жинап және
тауарларды почта арқылы жібере алу мүмкіндігіне ие. Нарық – қоғамдық еңбек
бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші
және анықтаушы байланыс арқылы көрінеді.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық
қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың
құрамына – өз жұмысын сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы
тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б.
кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір
жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы
қағаздардың, валюталық нарық және т.б. нарықтардың әр түрлі салалары
толықтай басқа бөлімде қаралады. Алайда қандай нарық болса да, оның нақты
түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа,
бәсекеге негізделеді. Нарықтық механизмнің осы негізгі элементтерін талдап
көрейік.
Жоғарыда аталғандай әрбір экономикалық жүйе – негізгі үш сұрақтың
шешілу қажеттігін көздейді. 1. Не өндіру керек? 2. Қалай өндіру керек? 3.
Кім үшін өндіру керек?
Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмегімен ғана
шешіледі (баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсеке механизмі арқылы). Оның
қалай жүзеге асыратынын жалпы түрде, нақты мысал арқылы көрейік.
Айталық, табыс көзінің артып, әл-ауқаттың жақсаруы нәтижесінде
адамдардың ішіп-жемі дұрысталып, тек су-суанмен күн көрістің орнын, қуаты
мол ет алмастырды дейік. Бірақ осы алмастырудың нәтижесі қалай нақты
істерге айналды? Мысалы, тұтынушы картоп сатып алуды азайтады да, ет сатып
алуды көбейтеді. Бұл жағдай еттің бағасын өсіріп, картоптың бағасын
төмендетеді. Мұның нәтижесінде картоп өндірушілер зиян шегеді де, ал
малшылар қосымша табыс табады. Малшылардың көп табысы; оларға өндіріске
бұрынғыдан көп мөлшерде қаржы жұмсауға, қосымша жұмысшылар жалдауға,
өнімділігі төмен малдарды немесе құнарсыз жайылымдарды пайдалануға
мүмкіндік береді. Етке деген жоғары бағаның пайда болуы – бұл салаға жаңа
кәсіпкерлер мен жаңа капиталдарды тартады. Ал бұл тұста, картоп
өсірушілердің көбісі өздерінің бұрынғы жұмыстарын тастап, басқа жерлерден
өз еңбектеріне жоғары төлем іздеуге кіріседі. Содна картоп өндіру ет
өндірумен салыстырғанда тиімсіз болып шығады.
Бұдан, уақыт өткен сайын бағаның қалыптасқан жаңа қатынасы ет өндіруді
ұлғайтып, ал картоп өндіруді қысқартуды қамтамасыз етеді. Осыдан келіп
еттің түрлі сорттары – жұртшылықтың әр түрлі топтарының табыстарына қарай
сәйкестелініп сатылатын болады. Міне, осы қарапайым мысалдан-ақ, нарықтағы
тепе-теңдікті орнататын қандай экономикалық құралдар екенін көруге болады.

Біріншіден, бұлар бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі -
өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау қызметін атқарады.
Бағалардың өзгеруі өндіріс технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар
ақыр соңында, табыстардың берілген бір деңгейіндегі өнімді кімдер
тұтынатынын да алдын-ала анықтайды.

Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар
қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша
сомасы. Ұсыныс дегеніміз – берілген бағада сатуға арналған тауардың саны.
Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгеруі – бағаның құн төңірегіндегі
айналмалылығын тудырады. Осы айналмалылық арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-
теңдігі, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін
деңгей қалыптасады.

Үшіншіден, бұл бәсеке. Мұнда әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша
көбейту, сондықтан да шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту болып табылады.
Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара
күресіне әкеліп соғады да, олардың бір-біріне деген қатынасы қарсыластар
немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да бір тауардың ұсынысы
сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелестік күресі
арта түседі. Мұндайда олардың әр қайсысы өз тауарын қалай да өткізу үшін,
заттың бағасын түсіруге жиі барады да, оның есесіне осы тауарды өндіруді
азайтуға мәжбүр болады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда сатып
алушылар бір-бірімен бәсекеге түседі. Онда тапшы тауарды алу мүмкіндігіне
ие болу үшін, әрбір тұтынушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға
тырысады. Бұл бағаны өсіріп, осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Бәсеке нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ оның сипаты әр түрлі
болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді.
Нарықтық механизм еркін немесе нағыз жетілген бәсеке жағдайында, яғни
нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын
өнімдердің бір тектілігімен, фирмалдардың нарыққа еркін кіруімен
сипатталғанда ғана барынша тиімді әрекет ете алады. Нағыз жетілген бәсеке
кезінде сатушылар мен сатып алушылардың ешқайсысы да, бағаға әсер ете
алмайды. Егер дұрысын айтсақ нағыз жетілген бәсекенің шарықтағаны ешқашан
да және еш жерде болған емес. Оны тек ғылыми абстракция деп ұққан дұрыс,
соған қарамай нарықтық механизмінің қызмет істеуінің негізгі принциптерін
түсіну үшін талдау аса қажет. Жалпы мыналарды атап өту жөн болар: 1.
Нарықтық құрылымдардың типіне қарамай олардың қарапайым қызмет етуінің
қажетті шарттарына; экономикалық еркіндік, дербестік, экономикалық
қатынастар субъектілерінің тәуелсіздігі жатады. Нарықтық механизмнің қызмет
істеу заңдылықтарын ары қарай баяндағанда бұл маңызды тұжырымдама
нақтыланады.

І-БӨЛІМ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1. НАРЫҚТЫҢ МӘНІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ, ТҮРЛЕРІ

Қоғамдық өндіріс процесінде – қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендер (территориялық комплекстер), халық
шаруашылығының экономикалық механизмі деуге болады, осы байланыстар арқылы
өндірістің бар тармағы іске қосылып, жүзеге асады. Яғни, қоғамдық өнімнің
осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине оның өміршеңдігі
өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты десек
те, сонда да нарықтардың біраз өз дербестілігі бар. Сондықтан да болар,
олар үнемі өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне
айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар
бір толастамай келеді. Сондықтан экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде
нарық деген терминнің мәні қазірге дейін толық ашылған емес. Кейбір
түсіндірулерде; нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін дұрыс
ұйымдастарылмаған у-шулы кәдімгі көп базарға теңесе, ал енді біразы нарықты
экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет дәрі деп немесе осы
салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттегіш керемет
күш деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада, нарықты айырбас қатынасын білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол - экономикалық қатынастар жүйесінде
ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы – айырбасты сипаттайды. Сонымен,
нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті; тауарлы өндіріс пен айналыстың
заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы
қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт
бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі
нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне
көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық
қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес.
Бұрынғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғаюы - шаруашылық
механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988
жылдың өзінде, экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына
көтерме сауданы енгізу арқылы, нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір
өндіріс әдісіндегі нарық; меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл
жүйесінде әрекет етеді. Біздің елімізде де нарықтық қатынас өндірістің
тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында
қызмет істей бастады.
Соңғы кездерде, теориялық айтыс-талдауларда нарық пен жоспар бір-
біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы
ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін
арттыруға пайдаланылуы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық – ұдайы
өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу
ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі болғандықтан,
онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған абзал.
Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне; өндіріс пен тұтынудың ара
қатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында – халық шаруашылығы құрылымдары
өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп,
өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал
мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс
пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді.
Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды роль
атқарады. Өйткені, ол өндірілген өнімнің, оған жұмсалған еңбектің қоғамдық
қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі – өндіріс
шығындарын азайту. Бұл қызметін ол; бағаның қоғамдық қажетті еңбек
шағындарын нақты сипаттаумен байланысты атқарады. Тек қана бағалар нарықтық
өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Көп уақыт бойы біздің шаруашылығымыздың бұрынғы социалистік елдердегі
сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика тапшылық жағдайында болып келді.
Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілер де аз болған жоқ. Сөйтіп,
социализм тұсында - сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек – деген
формула пайда болды. Нарық құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны -
өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысы – материалдық-техникалық жабдықтау
түрінде жүзеге асты. Материалды-техникалық жабдықтау – орталықтан
ресурстарды жоспарлы түрде өндірушілер мен тұтынушыларға бөліп отыру. Бұл
басқарудың әкімшілдік-әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда
материалдық-техникалық жабдықтау сатып алу, сату арқылы жүргізіледі, бірақ
бұл формалды түрде болып келді. Нарықтың ұдайы өндірістегі ролін көтеру
үшін өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық
роль атқаратын көтерме базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамыту бүгінгі
өмір талабы. Материалдық-техникалық ресурстарды орталықтан бөлуден өндіріс
құрал-жабдықтарын нарық арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарын өзін-өзі
басқару мен экономикалық дербестігін күшейтіп, іскерлігін көрсетуге жол
ашты.
Көтерме сауданың бірінші көрінісі – өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы келісім шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің
көлемдерін, оның сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме
сауда шаруашылық есептегі базалар мен магазиндер арқылы да ұйымдастырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату – алдын ала
экономикалық және ұйымдастыру шарттарын қажет етеді. Бұл – сұраныс пен
ұсыныстың ара қатынасын ескертетін бағалар жүйесіне, нақтылы шаруашылық
есепке көшу, дамыған инфрақұрылымын жасау (қоймалар мен базалар,
транспорттық қызмет көрсету және т.б.) болып табылады. Тек шаруашылық
коммерциялық есепті нығайту арқылы; ресурстарды үнемдейтін экономикалық
тұтқаларды жасауға болады. Бұған көтерме сауда нарығына көшудің басты
жағдайына ресурстар мен қажеттіліктің сәйкестілігін сақтау да жатады.
Жалпы тауар айналысы, ақша айналысымен тығыз байланысты. Сондықтан
өндіріс құрал-жабдықтары нарығының дамуы, кәсіпорындардың коммерциялық
сауда қызметінің кеңеюі; ақша ресурстарының қарыз қорын және бағалы
ақшалардың жеке нарығының құрылуын, олардың қозғалысының икемділігін
жарастыруды талап етеді. Сөйтіп, нарықтың құрамында бағалы ақшалардың
облигациялар мен акциялардың коммерциялық айналымы орын алуы мүмкін.
Әзірше, бұрынғы социалистік елдерде мемлекеттік облигациялар механизмі ғана
жолға қойылған. Ал Венгрия мен Қытайда, сонымен қатар, акциялар нарығы да
орын алуда. Нарықтың дамыған формасы биржалардың ұйымдасуын талап етуі
сөзсіз.
Болашақта нақты жүйенің қалануына ұлттық ақшаның төлем қабілетінің,
айналым қызметінің өсуіне қарай теңгенің белгіленген курсқа сәйкес шетелдік
валюталарға еркін айырбастау нарығының да құрылуы, объективті құбылыс.
Өндіріс құрал-жабдықтары айналысының ерекше бір формасы, ауыл
шаруашылық өнімдерін сатып алу. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік
бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін, мемлекеттік заказ ретінде аудандық
агроөнеркәсіп бірлестіктеріне жібереді. Жекелеген шаруашылықтарға сатып алу
заказдары берілмейді, оның көлемі белгіленген баға бойынша келісімшарт
негізінде анықталады.
Ұдайы өндіріс процесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығының
да маңызы зор. Тек осының негізінде өндірісті ұлғайту мен тауарлардың
сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырылады. Осы проблеманың
маңыздылығын былай анықтап көруге болады. Егер біз нарықты алуан түрлі
тауарлармен және көрсетілген қызмет түрлерімен толтыра алмасақ, бөліс
қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш-жігерлеріміздің тиімділігі
мардымсыз болып шығады да, мұндайда халықтың әл-ауқатын арттыруға тиісті
міндетіміз орындалмай қалады. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет
көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы, міне, нақ осыған бағытталуы
керек. Қазіргі кезеңдегі тұтыну тауарлары нарығының тиімді негізінің бірі
– тұтынушылар сұранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс
пен жарыс өткізу. Мұндай көтерме сауда жәрмеңкелерін өткізудің маңызы
ерекше. Әсіресе ТМД елдерінің, аймақтардың арасында осындай жақсы тауарлар
сату жарысын ұйымдастыру өндірушілер үшін үлкен сын болары сөзсіз. Бұл
алдағы уақытта халықаралық экономикалық қатынасқа кәсіпорындардың өз
еркімен қатынасуына да үлкен әсер ықпал етері анық.
Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен басқа
кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылығында өндірген өнімдерді
өткізетін нарық көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысында,
колхоздар жоспардан тыс 30 пайызға дейінгі жоспарлы өнімді, қалаларға
апарып келісім бағалармен сатуға құқылы.
Нарықты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді
жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың көкейтесті міндетінің бірі. Мұнда
үнемі қадағалайтын нәрсе – реттелген әлеуметтік нарықты дамыту мен
алыпсатарлармен күрес. Ол – көлеңкелі экономиканы жоюдың алғы шарттары.
ТМД елдерінің ұлттық нарықтары бір-бірімен тығыз байланыста және олар
дүниежүзілік нарықпен де қарым-қатынасты ұлғайтуға тырысып келеді. Бұл
қатынастарды дамытудың материалдық негізі – ол елдер арасындағы еңбек
бөлінісін тереңдету, тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту.
Тауар айналысы мен нарық сатушы мен сатып алушылардың арасындағы
қатынастың көріну формасы болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен
тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың қайшылықтарын нақты көрсетеді.

Сұраныс пен ұсыныс – халықтың тауарларға деген төлем қабілеті бар
сұранысы (сатып алу қабілеті) мен ол тауарларлы ұсынудың (сатуға шығарудың)
арасындағы қатынас. Тауарды сатып өткізу процесі қалыпты жүзеге асуы үшін,
сатуға шығарылған тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай келуге
тиіс. Алайда өкінішке орай, тұрмысымызда бәрі дәл солай бола бермейді.
Өйткені, сұраныс қоғамның бар қажеттерін көрсетпейді, ол тек ақша
қаржысымен қамтамасыз етілген өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына
деген сұранысты қанағаттандыруды ғана қамтиды.

Сұраныс сияқты ұсыныс та елдегі өнім өндірудің бүкіл көлемін
сипаттайды. Мысалы, ол тауар айналысы саласынан тыс өндірістік және жеке
тұтынуға түсетін өнімдерді өндіру резервтері мен көлемін қамтымайды. Халық
тұтынатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік тұтыну
заттарының көлеміне, қорлану қорын ұтымды пайдаланып, өндірістің
тиімділігін арттыруымен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың арқасына
қоғамдық өндірістің екі бөлімінің – өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну
заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етті.
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек
өнімділігінің өсу қарқынының арақатынасы да ықпал етеді. Осы арақатынасты
реттеуде бағаның да атқаратын маңызы зор. Егер, жекелеген тауарлар ұсынысы
сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының
салдарынан нарық сыйымдылығы артып, тауарлар тез өткізіледі. Ал егер ұсыныс
сұраныстан артта қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарын өндіруді
ұлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды
едәуір ұлғайту мүмкіндігі болмаған сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс
пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр
болады. Бірақ мұндай кезде тауардың бөлшек сауда бағасын көтеру, әдетте,
басқа тауарлардың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын тауарлар
бойынша нарықтық тепе-теңдікті орнатудың және оны бірқалыпты сақтаудың
қажетті алғы шарты; халықтың сұранысын үнемі зерттеп есепке алу болып
табылады. Нарықтық тепе-теңдік; халық шаруашылығының үйлесімді дамуының бір
белгісі болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің қалыпты болмауы
– экономикалық сәйкестілікті бұзып, өндірістің дамуына кедергі келтіріп,
әлеуметтік мәселелерді шешуді қиындатады.
Сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өзгермелілігі тек бағаларды өсіріп
қоймайды. Ұсыныстың сұраныстан өне бойы артта қалуы нарықтың қалыпты
жұмысын бұзып, экономикалық айналымды бүркемелеп, өндірістің құрылымына да
әсер етеді. Нәтижесінде өнімді жаңартып отыру баяулап, ғылыми-техникалық
прогресс тежеліп, тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы нашарлап,
экономиканың финанстық тұрақтылығы да бұзылады. Мұндай жағымсыз
құбылыстарға орын бермеу үшін, нарықты оның заңдары негізінде басқара
отырып, экономиканың реттеу механизміне енгізу керек. Жалпы сұраныс пен
ұсынысты реттеу – нарықты басқарудың басты қызметі, шаруашылық механизмінің
құрамды бөлігі болып саналады. Мұндай реттеу әр түрлі әдістермен, атап
айтқанда, тікелей (айталық мемлекеттік заказдарды стратегиялық, әлеуметтік
басымдылығы басым өнімдерге беру) және жанама жолмен (бағалар, финанс-
кредит тұтқалары, салық, жарнама және т.б.) жүргізіледі. Соңғы уақытта
нарықты реттеп, сұраныс пен ұсынысты үйлестіру мақсатымен маркетинг жүйесі
енгізілуде.
Қазіргі кезеңдегі нарықты реттеудің бір ерекшелігі – орталық
экономикалық органдар сұраныс пен ұсыныстың макропропорцияларын реттеуді өз
жауапкершілігіне алып отыр. Ал микропропорцияларды, яғни кейбір тауар
түрлерін қызмет көрсетуді нақтылы тұтынушылар мен жабдықтаушылардың
арақатынасын реттеуге кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге, былайша айтқанда,
барлық еңбекшілерге кең құқықтар берілген.
Еңбек нарығы – өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық
прогресті жетелдетуге, осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі
көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы – жұмыс орны мен кәсіпті (профессияны)
таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін
қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы – асқан жауапкершілікті,
жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын
дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын
таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті – еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне
қолайлы жағдай жасаумен қатар, уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік
жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Еңбек нарығының құрамдас бөлігі – жұмысшы күшінің сипатына да
анықтама беру керек. Бұрын, осы кезге дейін, кеңестік экономикалық ой-
пікірде, жұмыс күші біздің елімізде тауар емес, өйткені, жұмысшылар өз
мемлекетінің, қоғамдық қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды,
сондықтан жұмысшы өз еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын
алды. Ал енді, бұл қағиданың дұрыс еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Себебі, жоғарыда аталған тұжырым бүгінге шындыққа сай келмейді. Керісінше,
жұмысшылар өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірісті басқарудан тыс қалды,
олардың еңбекке деген белсенділігі де кеміді. Яғни, теорияда және
практикада жұмысшы күшін қайта даярлау, ұдайы өндіру, оның нақтылы құнын
анықтау мәселесі жете зерттелмегені көрінді.
Енді жұмыспен қамтамасыз етуді рационалдауға байланысты,
қызметкерлерді контракт (шартқа отыру) жүйесімен жұмысқа алу енгізілуде.
Өйткені, тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы сияқты, еңбек нарығында да
ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздігі өте қиын жағдайлар қалыптастыруда.
Жұмыссыз қалғандардың бәрі – еңбек биржасына бара бермейді. Былайша
айтқанда, өзіне сенетіндерді еңбек биржасы ұсынған мардымсыз жалақы
қанағаттандырмайды да, олар көбіне айлығы жоғары жұмысқа орналасуды
көздейді. Ал мемлекет көмегіне, көбіне, жұмысқа орналасуды өз бетінше шеше
алмайтын жандар жүгінетіні белгілі болып отыр.
Сонымен, нарықтық экономика – әр түрлі талғам мен таңдау экономикасы.
Нарықтық экономикаға апаратын жол бірдей емес. Нарыққа қай жол апарады? Бұл
сұраудың жауабы нарыққа апаратын саяси және экономикалық қадамдардың өзара
әрекеттесуінен көрініс береді.

1.2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Нарықты экономика негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы,
фирмалар (кәсіпорындар) және үкімет жатады. Бұл субъектілердің барлығы
ресурстар, қаржы және тұтыну нарығында бір-бірімен әрекет етеді.
Үй шаруашылығы, материалдық (жер және капитал) және адам (еңбек және
іскерлік) ресурстарын өткізе отырып, оларға фирмаларға ресурстар нарығы
арқылы ұсынады. Фирмалар тауарлар өндіру үшін қажетті ресурстарға сұранымды
қояды. Сұраным мен ұсынымның өзара әсері ресурстардың әрбір түріне нарықтық
бағаны орнықтырады. Тұтыну нарығы үй шаруашылығы тауарларға сұраным
жариялайды және ресурстарды сатудан түскен табысын қажетті өнімдер мен
қызметтерді сатып алу үшін жұмсайды, ал фирмалар өздерінің өнімін өткізе
отырып ақшалай табыс табады. Үй шаруашылығы өнім сатып алу үшін барлық
табысын пайдаланбайды, оның белгілі бір бөлігін қор жасауға, сонымен бірге
салық төлеуге және ресурстарды өтеуге жұмсайды. Фирмалар, өндірістік
ресурстарды қосып және қимылға келтіре отырып өнім шығарады, қызмет
көрсетеді, сөйтіп тауарларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Фирмалар, үй
шаруашылығы сияқты тапқан табыстарын толығымен ресурстар үшін ақы төлеуге
пайдаланбайды, оның бір бөлігін салық төлеуге, қарыз процентін өтеуге,
басқа бөлігін инвестициялық мақсатқа жұмсайды. Табыстар мен шығындардың
айналып жүруіне жалпы мемлекеттік деңгейден аймақтық деңгейге дейін елді
басқару және экономикалық реттеу қызметін атқаратын үкімет елеулі түрде
әсер етеді. Үкімет фирмалардан салық алады, жекелеген кәсіпорындарға жәрдем
қаржы, жәрдем ақша береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып
алады. Сонымен бірге үкімет еңбекпен қамту саясатын жүргізеді, ұлттық
өнімнің динамикасына және құрылымына, инфляция деңгейіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар өндіріснің түрлері мен үлгілері
Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы моделдері
Нарықтың мәні, түрлері
Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Нарық түсінігі
Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні
Рынок - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Пәндер