Рынок - тауар айналымының сферасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе.

І. Жалпы нарықтың теориялары мен тарихы.

ІІ. Қ.Р-ғы нарықтың негізгі қағидалары мен бағыттары.

ІІІ. Қазақстан Республикасының нарығындағы негізгі ұғымдарға
түсініктемелер.

Қорытынды.

Кіріспе:

Ерте заманнан бері келе жатқан сауданың негізі болып айырбас (бартер)
саналып келді. Айырбастың осы түрі – кез-келген бір затты екінші бір затқа
алмастыру. Айырбас кезінде есептеу жүйесі шектетіліп, тіпті қиын болған.
Осы және тағы басқа кемшіліктерінен бартер уақытында қосымша төлем ақы
төлеу енгізілді. Кейін тіпті зат пен төлем ақының орнына тауар үшін алтын
немесе күміспен төлеу болды. Осы алтын мен күміс – экономикалық
қатынастарының алғашқы валюталары. Ортағасырларда кейбір саяси облыстарда
бірінші депозит квитанциялары пайда болды, ал бірінші банктердің пайда бола
салысымен облигациялар да шыға бастады. Жоғарыда аталғандардың нәтижесінде
қазір әр елде өзінің негізгі және ұлттық валютасы қалыптасты.
1876-жылдан бастап Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін нарық пен тауар
айналымында монетарлық жүйе қалыптасып келген, оны кейін стандартты алтын
заманы деп атап кетті. Ол кездерде барлығы тек алтынмен ғана есептеліп,
ұлттық банктердегі айналымда да оны қабылдаған.
Бірінші ұлттық валюта болып доллар есептеледі, оны 1944-жылы
Бреттон Вудс қол қоюымен ақшаның қағаздай түрі жарық көріп, алтынның
қызметін атқаруға кірісті. Алғашқыда 30 грамм алтын 35 долларға тең болды.
Валюта нарығында ең елеулі орын алған оқиға – евроның айналымға енуі.
Ол Европалық Одақпен 1999-жылы енгізілген болатын. Ал 2002-жылдың 1-
қаңтарында ұлттіқ валюталардың орнына қоданылуға рұқсат берілген.
80-90-жылдары ғылыми-техникалық прогрестің одан әрі дамуының арқасында
(компьютерлік және информациялық жүйелердің дамуы) ақша нарығы тез арада
өзінің шарықтау шегіне жетті деуге болады.
Қазіргі уақытта әр мемлекеттің өзінің ішіндегі сұраныс пен ұсынысты
реттеп отыратын заңдары болады. Ондай заң Қазақстанда да бар.Өйткені
Қазақстандағы саяси-экономикалық қатынастарының кәбісі шет елдермен
байланысты.
Қазақстанның нарықты экономика жолындағы жылдар бойы жасаған
жетістіктеріне қарай отырып, жақын келешекте экономика нарығы дамыған
елдердің тізімінде бірінші орындарында тұратынымызға күмәнданбаймын.
Салыстырмалы түрде алсақ, Қазақстан 90-шы жылдардың басында құлдырау
шегінде тұрып, нарық экономикасы мүлдем жоғалып кете жаздады. Ол жылдары
біздің территориямызды шет елдердің бұқаралық ақпараттар құралдарында
босап кеткен дүние шеті деп атаған. Уақыт өтті, босап кеткен дүние шеті
енді ТМД бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр. Бұл дегеніміз –
мемлекеттің аз уақыт арасында үлкен жетістіктерге жетуінің арқасында.
Қазақстан нарығының әлі де дамитынына сабап болатын жайт – мемлекеттегі
барлық экономикалық нарық орталықтарының 85%-нің заңдастырылуы, яғни
легитимді түрде жұмыс жасауы. Ел ішіндегі реформалардың қазіргі заманға
сәйкес өзгеріліп, айналымға енуі. Және де оның негізгісі – валюта
реформасы.
Нарық – Қазақстанның экономикасын реттеуші және алға қозғаушы күштердің
бірі болғандықтан, мен осы тақырыпқа өзімнің курстық жұмысымды арнағап
отырмын.

І. Нарықтың құрылымдары мен элементтері. Рынок – тауар айналымының
сферасы. Территориялық шекарасымен мен аумағы жағынан жергілікті нарық,
ұлттық (ішкі) нарық және дүние жүзілік (сыртқы) нарық түрлеріне бөлінеді.
Сонымен бірге сауда жүргізілетін белгілі бір орында да нарық – базар деп
атайды. Нарық қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына және өндірушілердің жеке
меншік иелері ретінде оқшауланып шығуына байланысты туған. Нарықтың алғашқы
формасы рулық қауымдар арасындағы тікелей тауар айырбасы болып табылады.
Мұнда тек басыартық тауарлар ғана айырбасталды, айырбас пропорциясы
кездейсоқ сипатта болды. Ақшаның шығуы Нарықтағы сипатты түбірімен
өзгертті, бір тауарды екінші бір тауарға тікелей айырбастаудың орнына ақша
айырбасы енгізілді, айырбас пропорциясы баға формасын қабылдады, нарықтың
шекарасы кеңейіп, сауда айрықша қызмет сферасы ретінде оқшауланып шықты,
тек саудамен ғана шұғылданушы көпестер пайда болды.
Капитализмнің туып, орнығуына байланысты ішкі нарық кең өріс алды.
Ұсақ өндірушілерді күйрете отырып, капитализм, бір жағынан, өндіріс құрал-
жабдықтарының нарығын, екінші жағынан, тұтыну заттардың нарығын тудырады.
Капитализм тұсында тауар айналысымы мейлінше кең ауқымды сипатқа ие болды.
Тауар капиталды (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары), несие капиталы
және жұмыс күші капиталистік нарықта айналысқа түседі. Жұмыс күші нарығының
тууы капитализмнің айрықша белгісі болып табылады.
Өндірістің қоғамдастырылуы және қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей
түсуі жергілікті нарықтың оқшаулануын жойып, оларды бірыңғай ұлттық
Нарыққа, ал кейін түрлі ұлттық Нарықты бірыңғай дүние жүзілік Нарыққа
тартады.
Сол кездерден бастап Нарықтың құны енгізілді. Нарықтың құны –
капиталистік өндіріс саласында өндірілген тауарлардың негізгі массасының
құны, өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында салада өндірілген біртектес
тауарлардың едәуір массасының жеке құны. Саланың әр түрлі жағдайда жұмыс
істеп тұрған және бір-бірімен өзінің өндірістік көлемі, техникалық
жарақтануы, еңбек ұйымдастыру мен еңбек өнімділігінің дәрежесі әр алуан
кәсіпорындарда өнімнің бір өлшемін жасауға түрліше жеке еңбек шығындары
жұмсалады. Мұның өзі тауарлардың жеке құндарының мөлшеріне сөз жоқ әсер
етеді. Бірақ тауардың құны өндірушілердің жеке еңбегімен белгіленбейді,
қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Жеке құндар өзінің мөлшері жағынан әр
түрлі болғанымен, олар сала ішіндегі бәсеке процесінде бірыңғай қоғамдық
немесе нарықтық құнға теңестіріледі. Тауар өндіру үшін жеке жұмыс уақытына
қарағанда қоғамдық қажетті жұмыс уақытын көбірек жұмсаған кәсіпорындар
артық пайда табады.
Капитализм тұсында тауарларды қоғамдық (нарық) құнымен сату
өндірістің әр саласының ішінде пайданың әр түрлі нормасына жеткізеді.
Тауарлардың жеке құны саланың орта (нарық) құнынан төмен капиталистер тек
әдеттегідей пайда ғана емес, сонымен қатар, нарық пен жеке құн арасындағы
айырмашылық көлемінде жоғары пайда алады. Тауарлардың жеке құны саланың
орташа құнынан жоғары капиталистер тауарларын мұндай жеке құннан төмен
сатуға мәжбүр болады. Мұның нәтижесінде олар әдеттегі орта дәрежеден төмен
пайда алады, кейде тіпті зиян да шегеді. Бұл капиталистерді жаңа техниканы
енгізуге және өндіріс шығындарын төмендетуге итермелейді. Монополистік
капитализм қоғамдық (нарық) құнының пайда болу процесін жоймайды.
Осыларды ескере кетсек, тағы бір термин – нарық сыйымдылығы – пайда
болады. Нарық сыйымдылығы – сатып алушылардың төлем қабілеті бар
сұранысының жиынтығы. Тұтыну заттарымен қызметтің нарық сыйымдылығы
негізінен халықтың төлем қабілеті бар сұранысымен, яғни тұтынушылардың
аманат ақшасын шегеріп тастағаннан кейінгі ақшалай табысының мөлшерімен
сипатталады. Өндіріс құрал жабдығының нарықтық сыйымдылығы халық
шаруашылығының еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтарына деген
қажеттеріне байланысты. Халық тұтыну тауарларының нарық сыйымдылығы
қоғамдық қажеттердің дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Халық қажеттерінің
үнемі артуына байланысты, сондай-ақ жалақы мен халықтың ақшалай табысының
өсуіне байланысты тұтыну тауарларының нарығы құрылымдық жағынан да
өзгеріске ұшырайды. Халық табысы өскен сайын оның азық-түлік емес
тауарларына деген сұранысы біршама тез өседі. Табыс мөлшері белгілі бір
дәрежеге жеткеннен кейін халықтың азық-түлік тауарларына деген сұранысы
тұрақтанады.
Социалистік шаруашылықта үздіксіз ұлғайып отырған қоғамдық өндіріс
саласында тек тұтыну тауарларын ғана емес, сондай-ақ өндірістің құрал-
жабдықтарын да нарық сыйымдылығын зерттеудің маңызы зор.
Нарықтық қатынастардың зерттеуін экономикалық теория классикалық
мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смитт пен Давид
Рикардо жатады. Адам Смитт нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет
деп есептеді. Мемлекет өзінше жүре берсін саясатын жүргізгені абзал.
Нарықтың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Нарықтық тепе-теңдік жай адам
эгоизмінің негізінде жүзеге асады, пайдаға (табысқа) мүдделі және еркін
бәсекенің болуы. Адам Смиттің ойынша, адам нарықта өз пайдасын көздей
отырып, жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің
мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды. Еркін
нарыққа бар ниетінің артуының арқасында Адам Смитт либерелизм мектебінің
айтулы идеологы болды.
Карл Маркс экономикалық теорияда рынок тепе-теңдігі мәселесін үш
деңгейде қараған: микродеңгей – көп салалы шаруашылық деңгейін және
қоғамдық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің
деңгейі.
Нарық мәселесіне В. И. Ленин өз еңбектерінде ерекше мән береді. Рынок
жайлы әңгімелеу 1893-жылы және Капитализмнің Россияда дамуы (ішіндегі
шағын айдары Ірі өнеркәсіп үшін ішкі Нарықтың құрылу процесі) 1899-жылы
шыққан жұмыстары дәлел бола алады. Бұл еңбектерінде В. И. Ленин нарықтың
мәнін ,оның тууы мен дамуының экономикалық салдарын, сондай-ақ оның
ұйымдық, бірлестірілу мен ынталандыру қызметтерін аша түскен. Нарықтық
қатынастардың әсерінен тұйықталған, локальды, шектелген жергілікті нарықтар
бұзылып, интернационалды нарық қалыптасады. В. И. Лениннің пайымдауынша,
бұл процесс тауар өндірісі даму процесін байқатып қана қоймай, сонымен
қатар жалпы экономикалық прогресті көрсетеді.
Ресейде 1921-жылы жаңа экономикалық саясатың(ЖЭС - НЭП) енуіне
байланысты В. И. Лениннің Азық-түлік салығы жайлы еңбегі шықты. Онда ұсақ
және орта жеке кәсіпорынға сүйене отырып, еркін нарықтық қатынастарды
қолдану қажеттілігі көтерілген және еркін нарықты түсінуді айтқан. В. И.
Лениннің есептеуінше, нарықтың ұйымдасу мен бірлесу қабілеттілігі –
экономиканың басты фундменті, себебі одан мемлекеттік өкімет барынша сүйеу
табады.
Батыс мемлекеттері шаруашылық саласындағы саясатты анықтайтын, қазіргі
әр түрлі экономикалық теория мен мектептердің шартты түрде екі бағытын
бөліп қарауға болады: біреулері сұранымды ынталандыруды жақтаса, екіншілері
– ұсынымды құптайды.
Бірінші бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс болып
табылады. Оның басты еңбегі – Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы
теориясы(1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру
қабілеттілігі жапай жұмыссыздықтан құтқарады деген тұжырымға келеді.
Жұмыстылық деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж. М. Кейнстің
жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-ші жылына
дейін кейнстіліктің әсерінен нарықты реттеу жүйесі іске асты. Дж. М.
Кейнстің ізбасарларына француз дирижистерін де жатқызамыз. Олардың
ойынша, экономиканың өзін-өзі реттеуі автоматты түрде жүзеге асатынына
сенімін жоғалтқан. Олардың басты жоспарлайтын нәрсесі – макроталдау
(макроанализ) болды. Экономиканың негізін жалпы нәрселер құраған: мысалы,
ұлттық табыс, қолдану мен тұтыну, жиынтық қоғамдық, сұраным мен ұсыным
мәселелері және т.б. Экономиканың тиімді дамуын бұл бағыттағы экономистер
мемлекеттік реттеумен байланыстырады. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың
көптеген бөлігін алып, оны тиімді сұраным мен толық жұмыстылықты
қамтамассыз етуге қолданады: экономикада мемлекеттік сектор ұлғаяды,
қосымша жұмыс орындары дайындалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі
(зейнет ақы, жәрдем ақы, білім мен денсаулық сақтауға қаржылар, т.б.) іске
асады. Осы бағытты қолдайтын экономистердің ойынша, экономикалық дамуына
мемлекет басты бағыттаушы күшке айналып, оның көмегімен рыноктың көлеңсіз
жақтары баяулайды.
ХХ-шы ғасырдың жетпісінші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен
кәсіпкерліктің белсенділіктің бәсеңсуі А. Смиттің мемлекеттік реттеудің
тиімсіздігі идеясына алып келеді. Осы жағдайдың толқыныменэкономикалық
теорияда жаңа бағыттар туа бастайды. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды
ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі,
бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамассыз етіледі немесе сұраным мен
ұсыным арасындағы тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге
дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл неоклассикалық немесе
неолибералдық бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін
төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп,
ұсынымды ынталандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамассыз ету идеясынан бас
тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік
амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқты әлеуметтік кепілдік
жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды
кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бой көтере
бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-
ауқаттың қарқынды өсуіне алып келеді. Ұсынымды ынталандыру теориясы
рейганомика мен тетчеризмнің негізін қалады.
Неолиберализмнің белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес
(1881-1973), Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридмен (1912-ж.т.), ГФР-
сынан – Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964-ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго
мектебін насихаттап жүрген экономикалық теорияның қазіргі нұсқасын осы
бағытқа монетаризмді айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы
ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс
циклін жоюда болып табылады.
Сонымен нағыз рынок дегеніміз не? Ол – диалектикалық бірліктегі өндіріс
саласы мен айналым саласының, яғни тауар өндірушілері мен тауар
тұтынушылары арасындағы қайтарымдылық, баламалық және экономикалық
тайталасқа (бәсекеге) негізделген экономикалық қатынастар мен
байланыстардың ерекше жүйесі.
Нағыз рынокты экономикаға мыналар тән: бір жағынан, заңмен қамтамассыз
етілген тауар өндірушілерінің толық дербестігі, екінші жағынан, олардың бір
рынокты кеңістіктегі бір-біріне тәуелділігі; кәсіпкерлердің шаруашылық
қызметіне қандай да болмасын әкімшілік араласудың бола алмауы; баға
еркіндігі; тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылардың таңдау еркіндігі;
тауар өндірушілердің оңтайлы әріптесі (серіктесі) үшін, ал сатушылардың
сатып өткізу рыногы үшін бәсекелестігі; тауар қатшылығының (дефицит)
болмауы; техникалық, ұйымдық, басқарудағы және басқа да бағыттардағы соңғы
жаңалықтардың тез таралуы; экономикалық икемділік, бейімделгіштік.
Қазіргі өркениеттегі рыноктық шаруашылықтың бәріне ортақ бір-ақ заң
бар. Ол өндірілеттіннің бәрін емес, сатылатынның бәрін өндіру. Рыноктың
негізгі мәселесі – сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, міне, осыдан
келіп шығады.
Сұраныс дегеніміз – тұтынушылар тарапынан тауарлар мен қызмет түрлеріне
деген мұқтаждық пен талаптардың жиынтығы, көлемі.
Ұсыныс дегеніміз – сату үшін рынокқа шығарылатын тауарлар мен қызметтер
түрлері және көлемі.
Сұраныс пен ұсыныс көлемі, өзара қатынасы баға деңгейіне байланысты
және, керісінше, баға деңгейі сұраныс пен ұсыныстың көлеміне тікелей
байланысты. Осы жерден келіп, сұраныс пен ұсыныс заңы, баға заңы
қалыптасады.
Бұл жерде ерекше есте болатын нәрсе, әр тауар өндіруші жұртшылық
сұранысын тап басып, дәл анықтап отыруы қажет. Бұл олар үшін өмірлік маңызы
бар нәрсе. Әйтпесе рынокты экономиканың әзірейлі - банкроттың болып қалуы
мүмкін.
Енді рыноктың негізгі қызметтеріне тоқталып өтелік. Ол, біріншіден,
өндіріс пен тұтынушы, сұраныс пен ұсыныс, сату мен сатып алу арасында
серпінді өзара қатынас орнатады. Бұл өнімнің бәсекелік қабілетіне,
сапасына, бағасына, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен оның
жағдайлылық дәрежесіне қарай орнығады. Осы жерден келіп нақты рынок жағдайы
мен ахуалын анықтайтын рынок нарығы (рыночная конъюнктура) қалыптасады.
Екіншіден, бәсекелік және маркетингілік қызмет механизмі арқылы рынок
өндірістің өсуіне, тауарлардың тұтыну қасиеті мен қызметтер сапасының
жақсаруына, халыққа қызмет көрсету аясының кеңеюіне, сондай-ақ өнім
өндірудің шамадан тыс артық тауар шығарған өндірушіге, жоғарыда айтып
кеткеніміздей, банкрот қаупі туады. Мұндай кезде рынок қатаң да қатал.
Үшіншіден, белгілі бір шамада рынок материалдық, еңбек, қаржылық, ақыл-
ой, рухани, ресурстарды сұранысқа қарай бір саладан екіншісіне ауыстыра
отырып, белгілі бір мөлшерде барлық қоғамдық өндірістің тепе-теңдігінің
сақталуына жол ашады.
Төртіншіден, рынок әр кәсіпорынның, кәсіпкер мен саудагердің бет
пердесін ашып, сырын ақтарып, олардың сатып алушылар мен тұтынушылардың
жоғары талабын қанағаттандыру мақсатын қаншалықты дәрежеде орындап
отырғандығын сарапқа салады, сондай-ақ олардың тауар сатып алуына, түрлі
қызметтерді пайдалануына қолайлы жағдай жасауға итермелейді.
Бесіншіден, рынок аса қуатты да пәрменді құқықтық негізге сүйене
отырып, басқарудың және өзін-өзібасқарудың неғұрлым тиімді принциптері мен
әдістерін жүзеге асыруға, қоғамдық және шаруашылық өмірді
демократияландыруға ұмтылдырады. Бұл түрлі белсенділіктің, тапқырлықтың,
жасампаздықтың және ізденістердің әріптестерді таңдау еркіндігінің, әр
кімнің өз табысын қалауынша жұмсауының экономикалық, ұйымдық, құқықтық
негіздері арқылы мүмкін болады.
Алтыншыдан , рынок мемлекет үшін де, жеке кәсіпкер үшін де аса қажетті
түрлі ақпараттардың аса зор қоржыны болып табылады. Рыноктық
инфрақұрылымдардың бәрінде – биржаларда, коммерциялық орталықтарда,
жәрмеңкелерде, сауда үйлерінде, қаржыханаларда (банктерде), сақтандыру
қорларында, аудиториялық және ақыл-кеңес (консультация) беретін фирмаларда
рынок жөнінде ұшан-теңіз ақпараттар, түрлі мәліметтер жиналып отырады.
Бұларды уақтылы жәнетиімді пайдалана білгенадамның ұтатыныанық. Рыноктық
қатынастар дамыған шетелдерде жарнамаға үлкен көңіл бөлінетіндігі
сондықтан.
Ұйымдастыру сипаты жағынан рыноктың бірнеше тегі (типі) бар. Олар
мыналар:
-классикалық рынок (немесе еркін бәсеке рыногы, жетілген бәсеке
рыногы); оның ең басты ерекшелігі мынада, ол – еркін бәсекелестіктің
үстедігі.
-бейклассикалық (классикалық емес) рынок, яғни жетілмеген бәсеке
рыногы, бұған жататындар: таза монополиялық рынок, монополистік бәсеке
рыногы, олигопориялық рынок. Бұның ең басты ерекшелігі мынада, ол –
монополиялардың (монопсолиялардың) және олигопориялардың
(олигопсониялардың) (бірнеше өндірушілер немесе бірнеше сатушылар мен
бірнеше сатып алушылардың) үстемдігі;
-әлеуметтендірілген рынок (кейде мемлекеттік рынок деп те атайды), яғни
әлеуметтік бағдарлы, адамдар мұқтажына бет бұрған (адам кейпі бар) рынок.
Рыноктық қатынастар объектілерінің экономикалық міндеттеріне байланысты
рынок бірнеше түрге бөлінеді:
-тұтыну тауарлары мен қызметтер рыногы (азық-түлік тауарлар рыногы,
азық-түлік емес тауарлар рыногы, қызметтер рыногы) ;
-өндіріс факторлар рыногы (еңбек немесе жұмыс күші рыногы, өндіріс
құрал-жабдықтар рыногы, шикізат рыногы);
-жылжымайтын дүние рыногы (жер рыношы, тұрғын үй рыногы);
-қаржы рыногы (қор рыногы, валюта рыногы, қымбат металдар (платина,
алтын, күміс) рыногы, келісімшарттар рыногы);
-ақпараттар рыногы немесе ақыл-ой, рухани өнімдер рыногы (лицензия,
патент, ноу-хау - ерекше техника, технологиялық дағды және өндіріс
құпиялары).

ІІ.Қазақстан Республикасындағы нарықтың негізгі ұғымдары мен бағыттары.
Сұраным мен ұсыным. Ал нарықтық баға қалай анықталады? Ол үшін тепе-теңдік
қажет. Тепе-теңдік бағасы – бұл ұсынымның сұранысқа сәйкес болғандағы баға
деңгейі. Нақты рынокта теп-теңдік бағасы сұраным мен ұсыным қисықтары
қиылысқан нүктеде болады. Сұраным мен ұсыным тепе-теңдігіне қарсы екі
кедергіні атап өтелік.
1) Сұраным мен ұсыным қисығын сыза отырып, біз басқа факторларды
өзгеріссіз қалады деп есептейміз.
2) Екінші кедергі қисық сызықтың қозғалысымен эәне қисық бойынша
қозғалыстар арасындағы айырмашылықпен байланысты.
Сұранымның артуын (сұраным қисығының жылжуы) мен сатып алудың артуын
(сұраным қисығы бойымен бағаны төмен қарай түсүімен байланысты қозғалыстың
нәтижесі) жаңылыстырмас үшін үлкен сақтық қажет.
Нарықты бәсеке арқылы жүргізеді. Бәсекенің өзі бағалық және бағалық емес
болып бөлінеді.
Бағалық бәсекеде тұтынушы үшін күрес бағаның көмегімен жүргізіледі.
Бағалық емес бәсекеде күрес өнімнің сапасы, оның жаңашылдығы,
технологияны жетілдіру, сатылғаннан кейінгі көмек көрсету, өткізуді
ұйымдастыру, сатып алушылардың сұраныстарын есепке алу мен оны орындау,
және т.б. айналасында жүреді.
Бағаның қалыптасуын реттелген сатылардың жиынтығы деп қарастыруға
болады. Олар:
1.Мақсатты қою;
2.Сұранымды анықтау;
3.Шығынды бағалау;
4.Баға мен бәсекелестердің тауарларын салыстырмалы талдау;
5.Бағаның қалыптасуының әдістерін талдау;
6.Соңғы бағаны белгілеу.
Бағаның қалыптасу әдістеріне төмендегідей факторлар әсер етеді:
-рынокта қалыптасқан нақты жағдай (монополияландыру дәрежесі, сұраным
икемділігі);
-өткізілетін тауарлардың сипаты (жаңалық дәрежесі, басқа тауарларды
алмастыра алуы, патенттік қорғау деңгейі);
-фирманың өз саласындағы жағдайы (қаржылық жағдайы, басқа өндіріс
түрлерімен байланысы және т.б.).
Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына жағдайлар айқын
болжалып және анықталса:
1.Тауарларды қанша көлемде өндіру керек, қандац қызмет атқару керек.
Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс
барысында пайдалану керек .
2.Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ
қамтамассыз ететін тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
3.Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет атқарылуы тиіс,
яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруды анықтау.
4.Өндірілген өнім кімге арналған, кім оны алу керек, яғни өндірілген
өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
5.Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол
жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса, экономика тез
соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалуы
керек.
Нарықтық қатынас дегеніміз – аталған бес шарттың міндеттерін шешкен
күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы
арасындағы бітістік болып табылады.
Нарықтық қатынас көлеміне келгенде иелік ететін екі жақ та маманданып,
өндіріс технологиясы мен оның өнім өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін
және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық
белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер
тұтынушыға әлде бір өным көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу
үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде
шектеледі. Екінші жағынан, өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу
үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік
туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де
әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық
прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көктеп шығаруға тырысады.
Ал егер өнім пайда бермесе, сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім
шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттеледі.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің
баға көтерушілік ниеттерін тежеу, өнімді сатуға байланысты мәселелермен
маркетингтік сала айналысады.
Нарық дегеніміз – шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі
болғандықтан, бөліс, сұраным, тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп
отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі
қоғамға қажет, ал өндірілген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.
Нарықтық қатынас сұраныс пен ұсынысқа негізделеді. Сұраныс
тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың
басты жетекшісі - өнімнің бағасы, өнімнің бағасы өссе, сұраным төмендейді,
баға арзандаса, сұраным арта түседі. Алайда, нақтылы өмірде болып
жатқанындай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушынң орташа кірісі,
нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына
басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.
Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған тауарының санынан-ақ белгі бермек.
Тауар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, тауар өндіру
көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз беруге
жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан
ұсынысқа әсер ететін басты себеп – пайда. Алайда, пайда қуалап бағаны өсіре
беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек,
өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе
өндіріс шығындарын азайтады.
Тұтынушының сатып алғысы келген тауарының саны өндушінің сатамын деген
тауарының санына дәл келсе, сұраным менұсыныстың тең болғаны.
Нарық адамдар арасындағы сан-салалы экономикалық қарым-қатынас жүйесі
болғандықтан, өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда мынадай
қағидаларға тіреледі:
1. Жеке адамнан бастап, мекеме, бірлестіктерге дейін олардың экономикалық,
шаруашылық және кәсіпкерлік іс-әрекеттеріндегі еркінділік заңдылықты
сақтаса ғана еркіне жіберілмек. Мұның өзінде еркіндіктің екі жағы бар.
Біріншіден, әрбір адамға меншіктену мен кәсіпкерлік құқығы беріледі, яғни
ол кәсіпке кіріседі, өз ойындағысын іске асырады. Сөйтіп жүріп шаруашылық
іс-әрекеттерге байланысты қабылданған ережелер мен нормаларды сақтаса,
экономикалық еркіндікті алады. Екіншіден, мекемелер мен азаматтардың
кәсіптерінің түрі, сипаты және көлеміне қатаң тежеушілік жасау жойылады.
2. Мұның өзінде кәсіпкерге деген жоқтаусыз еркіндік болмайтындығын есте
сақтау керек. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын өркениетті
мемлекеттерде реттеліп отырады. Нарықты және қатынастарды мемлекет
тарапынан реттеп отыру осындайдан туындайды. Мәселе тек мемлекет қандай
амалдар қолдануында. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі ретінде мемлекеттік
бағдарламалар, салық салу, несие қаржы жүйесі, банк жұмысы, еңбек жайлы
заңдар, монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әдеуметтік қорғау сияқтылар
араласады.
3. Тұтынушының үстемдігі, яғни тұтынушының өндірушіге өктемдігі.
Жеткіліксіз дүниеде өндіруші тұтынушыға өз шартын қояды. Өндіріс өнімі сол
қалпыда қалса да немесе тіпті өнім беру азайса да, баға дегеніміз көтеріле
береді, өндіруші ешнәрседен қаймықпай-ақ өнім сапасын төмендетіп, пайда
табады.
4. Экономиканың ашықтығы. Мұның мәні мекеменің белгілі бір шарттарды
сақтай отырып, экономикадан тыс байланыстарда еркін кәсіпкерлікті кеңейте
түсу. Шетел фирмаларына жергілікті мекемелермен бірдей құқықта ішкі нарықта
тауар өндіруші ғана емес меншік иесі ретінде кірісуге мүмкіндік берілген.
5. Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз іскерлікті қоздырудың ықпалды да
тиімді құралы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып, өнім
сапасын арттыру, тұтынушылардың құбылып отыратын мүдделерін қанағаттандыру.
Әрине, бәсеке ең алдымен кәсіпкерлер арасында туындайды.
6. Финанс және қаражат айналымына әсері. Егер орталықтанған экономика
материалдық-заттық орындарды басқаруды қорғау жасау, өндірер заттың көлемін
белгілеу арқылы жүргізеді.
7. Нарықтық баға қою жолдары. Нарықта баға деген сатушы мен алушы
арасында саудаласу, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде
қалыптастырып, ауызша келісім немесе шарт жасасады.
8. Шарт және контракт қатынастардың талаптарын сақтау нәтижесінде
жоғарыдан басқару көлденеңнен басқарумен ауысады, яғни тең құқықты шаруа
иелері өзара келіседі. Нәтижесінде негізінен серіктестік қарым-қатынас
қалыптасады. Жалпы заңдылықты, ережелерді сақтау үшін бағыныштылық
қатынасқа онша мән берілмейді. Толық мағыналы нарықта тауар өндіру мен сату
ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер алу, босату, еңбек төлеу, мекемелерге
несие беру де контрактылық жағдайға көшіріледі.
Нарықты реттеу мәселесі қазіргі жағдайда ең ақтуалды мәселелердің бірі
болып саналады. Реттелетін нарықтық экономика – ерікті нарықты экономика,
экономикалық шаралар жүйесі: салықтар, дотация, несие пайызы, мемлекеттік
тапсырысқа берілетін жеңілдіктер, сонымен қатар прогрессивті заңдардың
көмегімен мемлекеттік экономиканы реттеуі. Мемлекетті реттеудің үш деңгейі
бар.
Біріншісі – рыноктың өзін-өзі реттеуі, яғни өндірушілердің, өндірістік
субъектілердің ерікті іс-әрекеттері, олардың арасындағы қатынастардың еркін
болуы. Экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік теңдік негізі – өндіріс пен
айырбастың еркіндігі, әріптестерінің арасындағы іс-әрекеттердің тәсілдері
(келісім шартқа отыру, бағаны белгілеу және т.б.) жатыр.
Екіншісі – рыноктың қатынастарды азаматтық қоғам институттары мен
құралдары арқылы реттеу. Дамыған рынокта кәсіпкерлер ұйымдастықтарының,
жалдамалы қызметкерлердің, кәсіподақ ұйымдарының, өндірістің өзін-өзі
басқару органдарының, тұтынушылар қоғамдастықтарының, т.б. құрылымдарының
болуын көздейді. Олар көптеген жеке мүдделер арасындағы қақтығыстарды
болдырмау мақсатымен өндіріс пен айырбас процестеріне қатысушылар
арасындағы өзара қатынастардың өркениетті болуын қамтамассыз етуге
ұмтылады.
Қазіргі дамыған елдерде тепе-теңдіктің барлығы сондай-ақ
экономисттердің көпшілігі қанау деген ұғымды мойындамайды. Мұндай
қорытындыға келудің материалдық негізгі рөлді қоғамдық өнімді өндіруде
негізгі қарапайым тіі еңбек емес, іс-әрекетті үйлестіру (комбинациялау)
жатады. Бұл дегеніміз – қазірдің өзінде өндіруші жұмысшылар, ғалымдар,
менеджерлер, кәсіпкерлер бір-бірімен тең. Ұйымдастырушылық идеялар ғылыми
және технологиялық идеяларымен тиімді. Өнім, оның ішінде қосымша өнім
өндірістің барлық агенттері арқасында өндіріледі және де жалпы олардың
барлығын да пайдаланып, жемісін көреді. Бірақ бұл жерде маңыздысы олардың
бір-бірімен іс-әрекеттері. Әлеуметтік-әріптестік – әртүрлі экономикалық
мүдделерді үйлестіріп, сәйкестендіруші күш ең алдымен азаматтық қоғам
деңгейінде қамтамассыз етіледі.
Үшіншісі – мемлекеттік реттеу. Экономикаға мемлекеттің араласуы жөнінде
пікір-талас экономистер мен экономикалық мектеп өкілдері арасында көптен
бері тыйылмай отыр. Рынокты реттеуге үш билік өкілдері – заң, орындаушы
және сот қатысуда.
Қазақстанда астық рыногын қалыптастырудың кейбір проблемалары.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикалық шаруашылық өндірісі үлкен
өзгерістерге ұшырады. Жоспарлау, материалды-техникалық жабдықтау, өндіріс
пен қайта өңдеуді ұйымдастырудағы қалыптасқан байланыстардың үзілуі
өндірістің күрт құлдырауына әкеліп соғады.
Нарықтық экономикада, әдетте сұраным мен ұсыным арасында белгіді бір
сәйкестік құрылады. Оны рыноктық тепе-теңдік деп атайды. Нарыұтық тепе-
теңдік дегеніміз – сатып алушылар мен сатушылардың жоспарлары толығымен
тоқайласып (сәйкелестеніп) шартты бағамен ұсыным көлемі сұраным көлеміне
тең болған жағдай. Сұраным мен ұсыным айналыс сферасына жататын нарықтың
дамуы мен оның болашақтағы жағдайын сипаттайтын ұғымдар. Сұраным мен ұсыныс
арасындағы ара-қатынас әр түрлі болуы мүмкін. Бағасы бірдей тауарлардың
тұтынушылық құны да әр қалай болып келеді. Сонымен әр түрлі тауарларға
сұраным мен ұсыным арасындағы ара-қатынас тұтыну құны мен тауар бағасының
бір-бірімен әсер етуін сипаттайды.
Нарықтық тепе-теңдік негізінде тепе-теңдік баға жатыр. Осы бойынша
рынокта ұсынылған тауар саны сол тауар санына деген сұранымға тең. Нарықтық
тепе-теңдік механизмі 1-ші кестеде көрсетілген:
1-кесте:
1 Апта ішіндегі сұ- Апта ішіндегі Сұраным (+) мен
бушелдің бағасы ранымның жалпы ұсы- нымның жалпыұсыным (-) ар-
(доллар) мөлшері мөлшері тықшылығы
1 1600 1000 -15000
2 11000 4000 -7000
3 7000 7000 0
4 4000 10000 +6000
5 2000 12000 +10000

Кестеден көріп отырғанымыздай тауар бағасы 3 доллар болғанда, өндіруші
тауар өндіру мен нарыққа сатуға шығарылған мөлшері тұтынушылардың сатып
алғысы келетін мөлшеріне тең. Осы бағамен нарықта тауардың артықшылығы
немесе оның жетіспеушілігі жоқ. Егер тауар бағасы 3 доллардан кем болса,
мысалы (будель) бағасы 1 доллар болып, ол 15000долларға тең де,
жетіспеушілік жоқ болады. Ал оның бағасы 3 доллардан жоғары болса, мысалы
(будель) 5 доллар, нарықта артық тауар пайда болады да, оны өткізу мәселесі
туындайды.
Қазіргі Қазақстанның астық нарығына көз жүгірте кетсек, жанағы
айтылған ұғымдарды түсінуге болады. Төменде көрсетілетін кесте Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығының 2006-жылға арналған нормативтері жайлы
баяндалған:
2-кесте:
№ Өнімнің түрі, іс-шаралар. Бірегей тұқымның 1 1 тоннаға
тоннасын өндіруге, арналған
аласа дінді телітушілерсубсидициялар
аналығын салуға нормативі,
жіберілген шығындарды (теңге).
өтеу пайызы.
Көбейту питомниктері мен аналық нысандар.
1 Жүгері мен күріштен басқа дәнді 40 37696
және дәнді бұршақты дақылдар
2 Жүгері 40 227328
3 Күріш 40 52096
4 Қытайбұршақ 40 110592
5 Күнбағыс 40 281600
6 Басқа майлы дақылдар 40 110592
7 Картошка 40 84864
8 Көп жылдық шөптер:
бұршақты 40 390528
дәнді 40 149888
9 Бір жылдық шөптер 40 38912
10 Қант қызылшасы 40 1442959
11 Мақта 40 144896
12 Көшеттер 40 80
13 Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің100 904182,4
көжылдық екпелерін салу
14 Жеміс дақылдарының аласа дінді 100 769158,2
телітушілер аналығын салудың
аяқталмаған өндірісіне қызмет
көрсету
Супер элита дақылдары
1 Жүгері мен күріштен басқа дәнді
және дәнді бұршақты дақылдар 40 8246
2 Жүгері 40 49728
3 Күріш 40 11024
4 Күнбағыс 40 61600
5 Қытайбұршақ 40 24192
6 Басқа майлы дақылдар 40 24192
7 Картошка 40 18564
8 Көп жылдық шөптер:
бұршақты 40 85428
дәнді 40 32788
9 Бір жылдық шөптер 40 8512
10 Қант қызылшасы 40 614664
11 Көкөніс 40 600000

Сатып алу мен сату бағасы деңгейін белгілейтін сұраным мен ұсынымның
бәсекелік күшінің қабілеттілігі бағаның теңдік қызметі деп аталады.
Ұсыным тұрақты болғанда, сұранымның өзгеруі. Осы жағдайда сұраным мен
ұсыным неге ұшырайды? Сұранымның артуы, бағаның өсуі мен өнім көлемінің
артуын туғызады. Ұсынымның өзгеруі осыдан туындайтын тепе-теңдік күш
арасында кері байланыс бар. Бірақта ұсынымның өзгеруі осыдан туындайтын
өнім көлемінің өзгеруі бұрынғы қалыпта, өзгеріссіз қалады.
Ол үшін нарықтық экономиканы қалыптастыра білген жөн, оның
принциптерін есте сақтау керек. 21-ші ғасырдың басында біздің еліміз
реттелетін нарық пен кәсіпкерлік дәуірге өте бастады. Нарықтық экономика
мынадай принциптерді: экономиканы мемлекет меншігінен алу мен толықтай
идеологиясыздандыруды білу және оны сақтауды қажет етеді. мемлекетің
меншігінен алу толыққанды нарықтың пайда болуы мен қалыптасуының басты
шарты. Нарық тек қана тиімді технология мен ұйымдық жүйелерді таңдап қана
қоймай, сонымен қатар меншік формаларын да таңдауды қажетсінеді. Таңдау,
тек меншіктің әр түрлі формалары (жеке, ұжымдық, мемлекеттік) болған
жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай формалар заң арқылы қорғалуы тиіс.
Кәсіпорындарды меншіктің бір формасынан басқа бір формасына өтуі, оларды
өткізудің тиімді механизмі болған жағдайда жүзеге асуы мүмкін.
Нарық сферасында қалыптасқан келесі ұғымдар: шығыс пен кіріс. Кіріс
дегеніміз – мемлекеттің, ұйымның немесе кәсіпорынның белгіленген бір іс-
шаралардың аяқталысымен өзіне ақшалай немесе тауарлау табыс, пайда. Шығыс
дегеніміз – кіріске мүлдем қарама-қарсы ұғым. Ол дегеніміз – қаражаттың
бостан-бос шығып кетуі. Төмендегі кестеде Қазақстан республикасының 2005-
жылғы қаржылық есептелігі. Онда Қазақстанның экономикасындағы шығыс пен
кіріс жайлы баяндалынған:
3-кесте:
Баптардың атауы Есепті Есепті
кезең кезеңнің
ішінде басталу-ына
Комиссиялық сыйақы 51639 17159
Ағымдағы шоттармен салыстырылған салымдар бойынша сыйақы 910
туріндегі табыс
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс 1822 2617
Бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудан түскен табыс 2 193
Сатуға арналған қолда бар және сауда-саттыққа арналған 607 -1031
бағалы қағаздар құнының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы туралы ақпарат
Сервис инфрақұрылымы
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Сервис сферасының ерекшелігі
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы
Тұрғын үй нарығының теориялық-әдістемелік негіздері
Ақша қорларының жиынтығы
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Пәндер