Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
УНИВЕРСИТЕТІ

Есеп және қаржы пәндері кафедрасы
2 - курс студенті Кульпеисов Дидар

АҚША. НЕСИЕ. БАНКТЕРпәнінен

Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары
тақырыбы бойынша

КУРС ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекшісі: оқытушы
Умирзакова Т.А.

Алматы, 2005

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
I НЕСИЕ АҚШАЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 3
1.1 Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы 3
1.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен формалары 6
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
19
2.1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның экономикадағы
маңызы 19
2.2 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің
даму барысы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие ақшалары банк жүйесінде маңызды рөл
атқарады. Несие ықшаларының экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне
ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге
болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының
жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің
қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және
заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз
капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен
түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік
несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген
мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда
болған ақшалар.
Негізінен несиелік ақшалардың негізгі түрлеріне вексель, чектер және
банкноталар жатады. Бұл несиелік ақшалардың дамуы мемлекетіміз үшін өте
маңызды болып отыр және олар осы жұмысты орындаудың өзектілін көрсетеді

I НЕСИЕ АҚШАЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық
және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің
пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал,
қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл
бөлініп отыр, өйткені нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы
рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық
және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр
түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі түсіндіріледі.
Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме
төленетін процент жөнінде), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді,
нарықтық экономикаға тән қарама–қайшылықтарды шиеленістіре түседі,
сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған
тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие
экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай
қарама–қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен
несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет. Ақшадан
кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені
пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу
уақыты қысқарады[1].
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп
ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып
бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,
екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Несие берушілер –
көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни
ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен
феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге
ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады.
Сөйтіп, несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде
пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына
жетті.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементі болып табылады. Оның барлық шаруашылық
субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да
пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау-бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде
несиегебайланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік
қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын
жатқызуға болады.
Көбінесе несиені ақша түрінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз
де бар сияқты. Себебі, қазір шаруашылықта қарыз ақша түрінде берілуде.
Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі
қатынастарды түсіндіретіндігін естен шығаруға болмайды.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда
болған ақшалар.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз
ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық
капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылықтар бар.
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ
олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік
қатынастардың ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасында несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады.
Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады.
Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және
қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы.
Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де,
олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың
коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін,
бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана
экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын
сипаттайды. Борыш – бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда
болған кезінен іздеу керек. Тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір
қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге
болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып
және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен
ауыспалы айналымы құрайды.
Өндіріс құрал – жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процесінде, олар бір нысанна екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:
І – саты: құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни
ақшаға өндіріс құрал – жабдықтары сатылып алынады.
ІІ – саты: адамның, өндіріс құрал – жабдықтарды пайдаланып істеген
әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің
нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының
құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
ІІІ – саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның
тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны – ақша нысанына ауысады,
тек бұрыңғыдан өскен мөлшерде (өндірушінің таза пайдасы қосылады)[2].

1.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен формалары

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр
уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың
жиынтығын білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді.
Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі
қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз
алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін
ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол
күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді.
Несиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі
формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін
несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл
екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі,
динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну,
мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады. Олар
осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен
айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда
нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс
құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін
куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның
иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген
ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі
ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік
капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және
белгілі – бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар
өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған
басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде
тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің
шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің
резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы
коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген:
оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды
тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс
кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады,
ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере
алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал-жабдығы бола
алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс
пайызының және таурларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып,
несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын төлемді
кейінге қалдыра отырып, сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта
фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен,
банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық
кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен
міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30 % -ға жетеді, француз фирмаларынікі
20-25 %. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық
компаниялар. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі
ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатаркредитор және қарыз алушы
ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі
компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының себептерінің бірі – тауарлардың
ұдайы жеткізілуін талп ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының
үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық
несиенің рөлі мен оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан
қысқарып кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде “коммерциялық несие” терминімен
банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс
істеп жатқан капиталисттердің бір–біріне таурларды төлемді кейінге қардыру
шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. Жекелеген
кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие төлеуді кейінге қалдыру
шартымен, сатып алушыларға қоылған тауарлар және осындай шартпен
жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға
болады. Кейбір экономисттер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін таурларды
жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп
есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар
мақсат емес, ол сатып алу – сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз
келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру
мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған
уақытта анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90
күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа
факторларға ( мысалы, азық – түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде
жүзеге асырылады ) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып
алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының
төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде
мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ анағұрлым
жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің
басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының
байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар
өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы
несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы
жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің
көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі
жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне
ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу
механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды
ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс
нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы
артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты рөл атқаруда,
өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері
көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдер, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі – бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып
алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі – бір тәуекел туғызады.
Төлемді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді
(атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты
есептете алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық
несиенің рөлін төмендетеді.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады.
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі.
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты
- коммерциялық несиенің орташа қүны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады.
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңдық түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы
тауар бағасының құнына қосылады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға
- банктерге
- қаржы – несиелік мекемелеріне
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына
- ауыл шаруашылығына
- саудаға
дайындау ұйымдарына
жабдықтау – сату ұйымдарына
кооперативтерге
жеке кәсіпкерлерге
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін )
- ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары )
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай
- негізгі қорға жұмсалатын
- айналым қаражатына жұмсалатын

IV. Қамтамасыз дәрежесіне қарай:
Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және
банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу
ережесіне сәйкес [3], күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1 – санатты
күмәнді, 2 – санатты күмәнді, 3 – санатты күмәнді, 4 – санатты күмәнді, 5 –
санатты күмәнді.
Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
V. Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен
шетел валютасымен
VI. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен
- кепілдемемен
- кепілдікпен
Сақтандырылған.

Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие.
Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға
қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан –
тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға
болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды
несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік,
әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру, оның дамуының әр түрлі
деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының
қатынасы осы елдердің ЖІӨ - не 10 % деңгейінде, ГФР және Францияда 30 %, ал
Ұлыбритания мен АҚШ – та 60 % астам. Тұтыну несиесі негізінен, қымбат
тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық
құралдарды, жихаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар бағасы қымбат болған
сайын, тұтыну несиесі де жиі қолданылады. Капиталисттік елдерде несие
көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған
тауарлар көбінесе қолма – қол төлеу шартымен сатылады.
70 жылдардан бастап, бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер
ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе, тауарларды сырттай
каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар
туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді
жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше
фирманың сауда айналымын ұлғайту.
КСРО – да тұтыну несиесі 60 – 70 жылдары дамыды. Несие ұзақ
қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1 – 2 % жылдық
мөлшерлемемен 6 – 24 айға берілді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында
тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін
мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
азаматтарға қызмет көрсету үшін Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкінде
қарыз – жинақ шоттары ашылады. Қарыз – жинақ шоттарын құрылысты бастауға,
аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып
алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.

Ипотекалық несие

Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең
тиімді тәсілдерінің бірі. Дәл осы ипотека, халықтың тұрғын үй жағдайларын
жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу, құрылыс кешенінің
өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық несие беруді кең
қолдануға жәрдемдесетін экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін
үйлестіруге мүмкіндік береді.
Азаматтарға ипотекалық несиелер беруді екінші деңгейдегі банктер 1998
жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелер бойынша сыйақының
бастапқы ставкасы жылына 20 %, бастапқы жарна мөлшері 40 - 50 %- ға жуықты
құрады, несие 5 – 10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.
Алайда, ипотекалық несие беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде
қызметтер көрсетудің бұл түрі ҚР азаматтарының аз санатына ғана қол
жетімді болды. Негізгі себептердің бірі халықта сыйақы төлеу мен бастапқы
жарна үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты
Қазақстандық Ипотекалық Компания ЖАҚ (бұдан әрі – ҚИК) құрылды. Қазіргі
кезде ҚИК-тің жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгені құрайды.
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие беру көлемін ұлғайту
үшін ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екінші
деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру ҚИК қызметінің мақсаты болып
табылады.
ҚИК – тің қатысуымен ипотекалық несие беру жүйесінде 7 банк және
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс
істейді. ҚИК – тің бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру жөніндегі өз
қызметін жүзеге асыратын Каспий, Астана – Қаржы банкі, Центр – Кредит
банкі, АСҚ, БТА – Ипотека банкі, Нұрбанк, Техака банк, Альянс
банкі, Цесна банк сияқты екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары
ҚИК–тің серіктестері болып табылады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі
банктердің бірқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық несие беруді дербес
жүзеге асырады.
2001 жылғы 1 – наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екінші деңгейдегі
банктерден 10 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық несиелер бойынша талап
ету құқықтарын сатып алды.
Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі айтарлықтай
рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру
(сақтандыру) жүйесі екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық несиелерді
сақтандырушы ұйымдар арасындағы несие бойынша несиелік тәуекелдерді бөлу
жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы
жағдайлар жасауға бағытталған.

Осыған байланысты ҚР – да 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық несиелерге
кепілдік беру қоры ( ҚИНБҚ ) құрылды. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру
( сақтандыру ) жүйесін құру ҚР – на ипотекалық несиелер рыногын
оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкіндік береді[4].
Сонымен, ипотекалық несиелер үшін қайтарым мерзімі бүгінгі 10 жылдан
20 жылға дейін арттырылады. Алғашқы төлемақы жарнасы үй бағасының 20% - дан
10 %- ға дейін төмендетіледі, бұл жағдайда несие ставкасы 13 – тен 10 %- ға
дейін азайтылады. Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесі туралы айтсақ, онда
алғашқы төлемақы жарнасы 50–ден 25 %-ға дейін төмендетіледі. Несиені
қайтару мерзімі қалған сома бойынша 15–тен 25–ке дейін ұлғайтылады. Бұл
жағдайда үлкен қалалардағы аз мөлшердегі өрлеу жұмыстарымен жақсартылған
жобадағы тұрғын жайдың бір шаршы метрінің құны бүгінгі әр шаршы метрі үшін
700 доллардан 350 долларға дейін төмендетіледі. Тұрғын үй құрылысы
бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде еліміз бойынша жобаланып отырған ЖІӨ
өсімі 2 %- ға жуық өседі деп күтілуде...[5].

Мемлекеттік несие

Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе қарыз беруші ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары
болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен
қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ
кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемеле
(вексельдер және де т.б. несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі
уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына
байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап
қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіледі.

Халықаралық несие

Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық
және пайздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар,
кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және
аймақтық ұйымдар қатынасады.
ҚР–ң жетекші халықаралық қаржылық ұымдарға мүше болуы, экономикалық
реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік
берді.
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылғы
құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180
млн. АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның
экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл
шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38
млн. АҚШ доллары сомасында тезникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге
қол қойылды.
Еуропалық Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанда шағын
және орта кәсіпорындарды дамыту бағдарламасына 100 млн. ЭКЮ сомасында
несие бөлді. Бұл бағдарлама экономиканың төмендегідей секторларындағы
жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу,
диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы
жобалар.
Азияның даму банкі мен ҚР арасында 1994 жылы 40 млн. АҚШ доллары
сомасында арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де
белсенді қолдануда.

Лизинг несиесі

Ол – тауар түрінде берілетін несие.Лизинг деп маманданған қаржы
компниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын
мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ
мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады. Тауар өндірушіге немесе сатушыға
лизинг компаниясы оның құнын төлеп, мүлікті меншіктеу құқына ие болады.
Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез келген
экономикалық дербес объектіні алуға болады. Экспортты және импортты
қаржыландыру тұтқасы болып табылады халықаралық лизингте келісімге қатысушы
субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Банктік несие

Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие
коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез –
келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген
бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай
капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс
кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең.
Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие
қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға
айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарлайды және
олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және
сұраныс жоғарлайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары
әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды
төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып,
жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі өндірістік мақсаттар үшін
банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы
өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар
қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін
пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің
қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы
өндіріс тұрғысынан алғанда бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне
байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін
көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя
отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан
бұл – ақша қарызы. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы
қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларындақолданыс
табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз
мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Несие ақшалары: олардың негізгі түрлері және айналыс заңдылықтары
Ақшаның түрлері
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері
Ақшаның формалары мен түрлері
Несиелік ақшалар және олардың сипаттамасы
Дүниежүзілік ақша қызметі
Пәндер