Меншіктің акционерлік формасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай
сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе
адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл
биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті
меншік қатынастары болып табылады.
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық
бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар
қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік
қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр
түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады.
Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы
мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Меншік қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс
қалыптаспайды. Олар осы екі формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен,
меншіктің категория ретінде қоғамдық процесте сипаттайтын принциптерінің
ерекшелігі осында.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет
мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл
капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық
экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы
қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін
емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды
мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру.
Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік
қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет
етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік
құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік
формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен
қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде
қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болғалы отырғаны меншіктің
акционерлік формасы, яғни акционерлік қоғамдар туралы болмақ.
Біз акционерлік қоғамдардың меншік формасын ретінде басқа меншік
формаларына қарағанда артықшылықтары қандай және нендей кемшіліктері бар
деген сұраққа жауап іздейміз.
Сонымен қатар қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың
аяқ алысын, олардың қалыптасуы мен даму үрдісіне зер салып саралаймыз.

1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы

1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік

Меншіктің экономикалық, мазмұнын заттың, материалдық игіліктің
біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз
айтамыз: мына жер аумағы — менің меншігімде. Міне, осы әңгіме меншіктің
экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай
түсіндіріледі? Жер бетінде банк өз бетімен жұмыс істей ме? Әлде сол жерде.
Басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды
жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше
табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір
сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол
қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру
мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын
қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей
өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды.
Меншік формасы – бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің
сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және
шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.
Меншік түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің
әдістерімен сипатталады.
Кестеде көріп отырғандай, қазіргі экономикалық жүйе меншіктің
көптеген формаларымен ерекшеленеді.

МеншіҚоға Жеке
к мдық
түрі

Аралас
МеншіМемлҰжымдық ИндивидЖалдамалы
к екет уалды еңбек ету
форматік еңбек
сы ету
Меншік түрі Муниципалды Кооперативтік
Толық серіктестік Әр қатысушы бір дауысқа Шешімдер жалпы келісім
ие; егер құрылтай арқылы қабылданады
құжаттарында басқаша
көрсетілмесе
Сенім серіктестігі Толық серіктестер дауыс Салымшылар толық
береді, салымшылар серіктестер шешімін
қатыспайды. талқыламайды.
Жауапкершілігі шектеулі Әр қатысушы үлесіне қарайЗаң өкілеттілік шеңберін
серіктестік дауысқа ие болады, егер айқындайды, бірақ ол
заңда басқаша құрылтай құжаттары
көрсетілмесе, заң дауыс бойынша өзгертілуі
беру тәртібін мүмкін.
қарастырады, бірақ,ол
құрылтай құжаттары арқылы
өзгертіледі.
Қосымша жауапкершілігі Әр қатысушы үлесіне қарайЗаң өкілеттілік шеңберін
бар серіктестік дауысқа ие болады, егер айқындайды, бірақ ол
заңда басқаша құрылтай құжаттары
көрсетілмесе, заң дауыс бойынша өзгертілуі
беру тәртібін мүмкін.
қарастырады, бірақ,ол
құрылтай құжаттары арқылы
өзгертіледі.
Акционерлік қоғам Бір акция - бір дауыс; Заң өкілеттілік шеңберін
заң дауыс беру тәртібін айқындайды, бірақ ол
императивті түрде құрылтай құжаттары
анықтайды; ерекше бойынша өзгертілуі
акциялар дауыс бермейді, мүмкін.
егер құрылтай
құжаттарында басқаша
көрсетілмесе.

Атқарушы және басқа да органдар Кесте 2

Толық серіктестік Қалыптасу түрлері, тәртібі,
өкілеттілігі құрылтай құжаттарымен
белгіленеді.
Сенім серіктестігі Қалыптасу түрлері, тәртібі,
өкілеттілігі құрылтай құжаттарымен
белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Атқарушы орган (коллегиалды, жалғыз
басқару) ағымды басқаруды жүргізеді
және жалпы кеңеске есеп береді.
Атқарушы органға бақылау жасайтын,
құрамына атқарушы орган мүшесі
кірмейтін ревизиялық комиссия құрылуы
мүмкін.
Қосымша жауапкершілігі бар Атқарушы орган коллегиалды, жалғыз
серіктестік басқару ағымды басқаруды жүргізеді
және жалпы кеңеске есеп береді.
Атқарушы органға бақылау жасайтын,
құрамына атқарушы орган мүшесі
кірмейтін ревизиялық комиссия құрылуы
мүмкін.
Акционерлік қоғам Акционерлік қоғамның атқарушы
органының құқықтық негізі, ЖШС-не
ұқсас; заңмен белгіленген кейбір
сұрақтар болмаса, ашық акционерлік
қоғамда бақылау кеңесінің мүшелері
500-н кем болмауы тиіс. Оның
функциялары: атқарушы органдарды
бақылау, маңызды келісім шарттарды
жасауға рұқсат беру, мүше ретінде
арнайы мамандар шақырылуы мүмкін.
Ревизиялы комиссияның мүшесі болып,
тек акционерлер бола алады.

2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері

2.1 Акциялар

Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын
бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің
бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс
істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде
акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына
болады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға
және оны инфляциядан қорғауға жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден
бір түрі. Акция - компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі.
Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра
елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол
акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын
болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір
акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа
біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және
артықшылықты акция деп те - екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің
жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
а) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде
тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы
туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
ә) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны
ғана көрсетіледі.
Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер
қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың
қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында
шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға
мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе,
қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны
қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта
еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға
болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау
туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әр түрлі:
Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция
дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық
нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір
бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған
қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер
етуі кездейсоқ жәйт емес.
Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) меншік туралы ерекше
сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген
мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді.
Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған
байланысты артықшылықтар дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция
бойынша да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте -
атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы
мүмкін. Әрбір сериясының әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр
сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын
құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда — директорлық квоталы акция деп
аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны,
әлбетте, барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында
олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация
ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында
дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал
тартуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның
нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша
корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала
жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты
төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін
өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де
мүмкін.

2.2 Облигациялар

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген
жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады.
Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.
Облигация шығару қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы
шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық
шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып
эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік - эмитенттің банкротқа
ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде - корпорация мүлігінің бір
бөлігін иеменденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты
корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы
қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды
айтады. Онда сыйақы (мүдде) мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына
облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін "купондарды
қырқу" деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы,
купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі,
рейтингі.
Қамтамасыз етілмегеи облигациялар - жалпы кепілдігі бар, басқаша
айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік түрінің эволюциясы
Меншіктің қазіргі формалары
Меншіктің мәні мен мазмұны
Қазіргі таңдағы меншік формаларының дамуының тенденциялары
Меншік субъектілері мен объектілерінің өзара байланысы
Меншік формаларының әр алуандығы - нарықтық экономиканың негізі
НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Жекешелендіру меншік қатынастарын қайта құру формасы ретінде
Акционерлік қоғам
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Пәндер